ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексі ҚР ҚР 25.12.2017 № 121-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, оған 31.12.2018 дейін қолданыста болатын 317 – 324-баптарды;31.12.2022 дейін қолданыста болатын 20-баптың 1-тармағы 22) тармақшасының төртінші абзацын, 571-баптың 4-тармағының 4) тармақшасын, 573-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын, 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацын, 9-тармағы 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырмасыншы абзацын, 638-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасын;
31.12.2022 дейін қолданыста болатын, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бейрезидентке ашылған және салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шарт бойынша – 46-баптың 8-тармағын, 193-баптың 5-тармағының 9) тармақшасын, 216, 217, 218, 219-баптарын, 610-баптың 4-тармағын, 627-баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші және он жетінші абзацтарын, 9-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он сегізінші, жиырма үшінші абзацтарын, 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасын, 635-1-бапты қоспағанда, күшін жойды.
Ескерту: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңын қараңыз. 1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ |
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеуші (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға; 23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға; 24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға; 25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға; 25-1) осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізуге міндетті. Осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар туралы мәліметтер дерекқорға енгізіледі. Дерекқорды жүргізу тәртібін, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтерді және орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды; 26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға; РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақты 26-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 26-2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қарауға; 27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті. 2. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді. 3. Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды. Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 04.07.2013 № 130-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.21-бап. Мүдделер қақтығысыСалық органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса, мұндай лауазымды адамға қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады. 22-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөніндегі өкілеттігіЕскерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 23-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді. 3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер: 1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды; 2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді; 3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады; 4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын; 5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді. Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылыЕскерту. 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі). 1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. 2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдемдесуге міндетті. РҚАО-ның ескертпесі!24-бапты 2-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 3. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз). 4. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 23-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. 5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлігінде айқындалады. 6. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. 6-1. Салық органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді. 6-2. Салық органдары өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады. Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі! 3-тарауды 24-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 25-бап. Салық органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау1. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады. 2. Салық органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық органдары лауазымды адамының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. 4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсіптік қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді. 5. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне): 1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді; 2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. 6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі. 2-БӨЛІМ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ |
8. Бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағымын қарау немесе бейрезиденттің осы тармақта көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезиденттің шағымын қарау кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
9. Уәкілетті органның осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін ұзартылады. 10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс. Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті |
рет |
топ |
Тіркелген активтердің атауы |
1 |
2 |
3 |
1. |
І |
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар |
2. |
ІІ |
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық |
3. |
ІІІ |
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар |
4. |
ІV |
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық |
І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер:
1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.
5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы
қосу
салық кезеңінде түскен тіркелген активтер
алу
салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер
қосу
осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.118-бап. Тіркелген активтердің түсімі
1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және тауарлық-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.
Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген актив пайдалануға берілген күннен бастап салық төлеуші шеккен шығындар тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылады. Мұндай шығындарға:
осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
бухгалтерлік есепте туындайтын және осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.
Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған, осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
4-1. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын нақты шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
6. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бірігу жолымен құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 119-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына ұлғайтылады.
7. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:
1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
8. Сенімгерлікпен басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлікпен басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:
1) сенімгерлікпен басқарушының осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған, осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын, тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасын негізге ала отырып, есептеледі.
9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
10. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны салықтарды есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысу күніне, құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған арнаулы салық режімінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.
Осы тармақтың ережелерін осы баптың 11-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер қолданбайды.
11-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде салық кезеңдерінің кез келгенінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны осындай ауысу күніне тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, арнаулы салық режімінде қолданылған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;
негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;
негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
Бұл ретте активтің нарықтық құны жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
Амортизацияны есептеу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнын,
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына
көбейту
осындай салық төлеушінің активті толық пайдаланған жылының санына
көбейту керек.
Бұл ретте амортизацияны есептеу сомасы активті сатып алу сомасынан аспауға тиіс.
11-2. халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта бағалауды және осындай күнге құнсыздануды есепке алмай айқындалған, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны 2012 жылғы 1 қаңтарда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының тіркелген активтерінің бастапқы құны болып табылады.
12. Табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған І топтың тіркелген активтері табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін мұндай тіркелген активтерді пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде тіркелген активтердің I тобының құндық балансына осы Кодекстің 122-бабына сәйкес мұндай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, шығып қалу құны бойынша енгізілуге жатады.
13. Преференцияларының күші жойылған активтер осы Кодекстің 125-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады.
14. Преференциялар объектісі осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден басқа, осы Кодекстің 125-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.
Ескерту. 118-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04. N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, тіркелген активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату, сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру осындай активтердің шығып қалуы болып табылады.
Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
3. Тіркелген активтерді, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша оларды тауар-материалдық қорлардың құрамына ауыстырусыз өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.
Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтер объектілері бойынша анықталмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы өткізу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:
1) I топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.
7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша анықталған құнға азайтылады.
8. Тіркелген активтерді жоғалту, жою, бүлдіру, ысырап ету кезінде:
1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.
9. Лизинг алушы қаржы лизингінің затын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасына азайтылған, қаржы лизингінің затын сатып алу құны мен лизинг затын алған күннен бастап қайтару күніне дейін кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.
10. Тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құндық балансы:
1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.
11. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:
1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:
топтың барлық активтерін беру кезінде – осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасына;
қалған жағдайларда - осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалған, берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алынып, есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін есептеледі.
12. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.
13. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендентке тіркелген активтерді беру кезінде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.
14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша – шығып қалу көрсетілмейді;
2) І топтың өзге тіркелген активтері бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
Осы тармақтың мақсатында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:
мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;
күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;
есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер.
Ескерту. 119-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.120-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен анықталады:
рет |
топ |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
І |
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар |
10 |
2 |
ІІ |
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық |
25 |
3 |
ІІІ |
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар |
40 |
4 |
ІV |
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары |
15 |
2-1. Осы Кодекстің 117-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану жолымен айқындалады.
3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 123-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 116-122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе
преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 123-125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.
7. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер амортизацияның мына нормаларын:
инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшеріндегі нормаларын;
өзге де салық төлеушілер – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді.
Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.121-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.
Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
2. Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
4. Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.122-бап. Келесі шығыстар шегерімі
1. Келесі шығыстар деп осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтерді пайдалану, жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
2. Осы баптың 3 және 6-тармақтарында көрсетілгенде
рін сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесі шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Мынадай активтерге:
1) тіркелген активтерге және (немесе)
2) мыналарда:
осы тармақтың 1) тармақшасында;
коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;
осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілетін және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі құралдарға, жылжымайтын мүлікке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге;
3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.
3. Осы бапта өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 125-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:
1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;
2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.
Осы Кодекстің 118-бабының 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе осы Кодекстің 123-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
6. Осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап шеккен келесі шығыстардың бухгалтерлік есепте мұндай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңінің соңында, оның ішінде мұндай сома салық кезеңінің соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 4. Инвестициялық салық преференциялары
123-бап. Инвестициялық салық преференциялары
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124 , 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.
Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;
2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;
3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса;
5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмаса;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.
3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;
2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;
3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;
4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;
негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;
реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.
4. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:
сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.
Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыстар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатады.
5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:
1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін құрылыс жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;
2) қалған жағдайларда – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.
6. Мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:
1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;
2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.
Ескерту. 123-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.124-бап. Преференцияларды қолдану
1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:
1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;
2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.
2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 125-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.
3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.
4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:
1) салық төлеуші осы Кодекстің 123-бабының 2-4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;
2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 123-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.
5. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер осы Кодекстің 123-бабының 2-тармағында белгіленген преференциялар объектілерін пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану туралы талап осындай қайта ұйымдастыру салдарынан орындалмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылған тұлғада преференцияларды жою жүргізілмейді.
Осы тармақ мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса;
2) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға преференциялар қолданылған объектілерді қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берсе;
3) преференция объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.
Ескерту. 124-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).125-бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференция объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды есепке алуды солар бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.
Преференция объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңартуға жұмсалған келесі шығыстар преференциялар қолданылған әрбір объект бойынша ескеріледі.
2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға берілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ:
осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және салық осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
3. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актив болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құны осы Кодекстің 118-бабының 9-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.
4. Солар бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға берілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен ескеріледі.
6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі өткен соң осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай объект түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
Ескерту. 125-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 5. Туынды қаржы құралдары
126-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:
1) хеджирлеу мақсатында;
2) базалық активті жеткізу мақсатында;
3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына және 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралын салықтық есепке алу осы Кодекстің 129 және 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127 және 128-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы
алу
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы
алу
туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар.
Ескерту. 126-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Ол бойынша табыс осы Кодекстің 128-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, олардың мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күніне, олардың сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.
2. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төленуге жататын (төленген) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
Ескерту. 127-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаты үшін осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы тармақта көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.
3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.
Ескерту. 129-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.130-бап. Салықтық есепке алудың базалық активті беру жолымен орындалған кездегі ерекшеліктері
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шеккен) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан түскен түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсатында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
Ескерту. 130-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
Ескерту. 11-тарау 5-1-параграфпен толықтырылды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
130-1-бап. Жалпы ережелер
1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған салық кезеңі шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100 – 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.
Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.
4. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жүргізіледі.
130-2-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс іс жүзіндегі әдісті қолдану кезіндегі есепті салық кезеңінде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып табылады.
2. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы аяқталатын салық кезеңінен басқа, ұзақ мерзімді келісімшарт басталатын салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңіндегі осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстардың сомасынан асатын болса;
2) алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыстан асатын болса, осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған) табыстың мына мәндердің:
1) алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыс арасындағы оң айырманың;
2) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылатын осындай келісімшарт бойынша шығыстардың сомасы арасындағы оң айырманың ең азына кемітілген мөлшерде айқындалады.
4. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстан асатын болса, онда ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осы Кодекстің 132-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес осындай асып түсу мөлшерінде түзету жүргізіледі.
130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салық кезеңіндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы келісімшарт бойынша оның қолданылатын барлық кезеңі үшін алынуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен ағымдағы салық кезеңінде осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі минус алдыңғы салық кезеңдерінде салық салу мақсаттары үшін осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
А/(А+Б), мұнда:
А – алдыңғы және есепті салық кезеңдері үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар;
Б – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуі тиіс, ұзақ мерзімді келісімшартты қолданудың кейінгі салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылуға тиіс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.
§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету
131-бап. Жалпы ережелер
Түзету – осы Кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.
132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа енгізілген өзгеріс 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;
3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;
5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;
6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда;
7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.
2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:
заңды тұлғадан:
дара кәсіпкерден;
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Осы тармақта көзделген табысты түзету:
1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;
2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.
Ескерту. 132-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 12-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ САЛЫҚ
ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ
133-бап. Салық салынатын табысты азайту
1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:
1) салық кезеңінде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілер – салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым;
осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында айқындалған заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі қайырымдылық көмекті;
1-1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілер – салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) кірістерден асып түскен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым;
осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында айқындалған заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі қайырымдылық көмекті;
2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;
3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.
Осы тармақшаның ережелері:
жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайларда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 112-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.
4) алушысы осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
5) өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сомасының елу пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда салық кезеңінде қолданылады.
6) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын табысты айқындау кезінде осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылуға тиіс жұмыскердің табыстары бойынша жұмыс берушінің есепті салық кезеңінде есепке жазылған шығыстарының бір еселік мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көзделген азайту осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын табысқа қатысты жүргізіледі және оны, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар қолданады.
Осы тармақтың мақсаттарында өтеусіз берілген мүліктің құны:
ақша беру кезінде – берілген ақшаның мөлшерімен;
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде – осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстардың мөлшерімен;
өзге де мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;
3-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
7) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістерге азайтуға құқығы бар.
8) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);9) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 133-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (13.10.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 382-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;
тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;
үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстар жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушiнiң таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдiс бойынша айқындалады.
6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.
7. Салық төлеушi бөлек әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
8. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Ескерту. 134-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2014 бастап 01.04.2017 дейін қолданылды) Заңдарымен.135-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:
1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
4) кiтапхана қызметi жатады.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетiн:
1) салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайтын;
2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.
4. Қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
6. Осы тармақтың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.
Ескерту. 135-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.135-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
мынадай:
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
жылдық жиынтық кірісінде алған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістер, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:
iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құраса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және жұмсалған, құрылтайшыдан түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады;
осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ол ғылым саласындағы мынадай:
ғылыми-техникалық;
инновациялық;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
Егер ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса оларға осы тармақша қолданылмайды;
6) егер ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді көрсетсе:
кітапханалық қорды уақытша пайдалануға берсе, оның ішінде электрондық нысанда берсе;
ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етілімдер мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе;
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек қана мынадай ұйымдарға:
осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымдарға ғана көрсетсе, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.
2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
Ескерту. 12-тарау 135-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым корпоративтік табыс салығының бюджетке төлеуге жататын сомасын айқындау кезінде мынадай қызмет түрлерінен түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген сомасын 100 пайызға азайтады:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген қызметті қаржыландыру үшін облигациялар шығару;
2) өзінің орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алу;
3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасын бағалау;
4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;
5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасын бағалау;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;
7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;
8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалану, оны сенімгерлік басқаруға беру;
9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізу;
10) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, күтіп-ұстау, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;
11) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банктерде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру;
12) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыру.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
Ескерту. 12-тарау 135-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (11.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көзделген тиісті қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталатын күні тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.
Ескерту. 12-тарау 135-3-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу
1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен кірістер бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.
Ескерту. 12-тарау 135-4-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).13-тарау. ЗАЛАЛДАР
136-бап. Залал ұғымы
1. Кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерiмдердiң жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;
2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады.
Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 137-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
Хеджирлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес есепке алынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залал осындай активтерді өткiзу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.
Ескерту. 136-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.137-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейiнгi он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.
1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залалдар осындай активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер бұл залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмаса, онда олар келесі қоса алғандағы он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтелуі мүмкін.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түсетін табыстарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, онда олар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.
3. Заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдар заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
4. Өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
4-1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
4-2. Агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
5. Егер осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетілген залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
6. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде секьюритилендіру мәмілелерінде ауыстырылуы мүмкін.
7. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шеңберінде шеккен залалдар келесi салық кезеңдерiне ауыстырылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!7-1-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады.
7-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.
8. Осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтеледі.
Егер осындай залалдар туындаған кезеңде оларды өтеу мүмкін болмаса, онда осы залалдар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.
9. Осы баптың 10-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодексте осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
10. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым шеккен залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
Ескерту. 137-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру
1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.
Ескерту. 138-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 14-тарау. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
139-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу
1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 147-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi,
алу
корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,
алу
салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы, бұл салықты төлем көзі ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.
Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).140-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді осы
Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.141-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.
2. Мыналар:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2) егер осы баптың 11-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
4) осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушiлер;
5) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер;
6) осы Кодекстің 135-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;
7) осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталу күніне тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
2-1. Жылдық жиынтық табысты айқындау кезінде осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері ескерілмейді.
3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін теңдей үлестермен төленеді.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары ішінде теңдей үлестермен төленеді.
Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің түзетілген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айларына тең бөлінеді.
4. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеушi орналасқан жердегі салық органына табыс етіледi.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есепке жазуды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есептеуде көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.
4-1. Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемесе, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.
5. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеушi оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етедi.
6. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.
7. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген міндеттілік қолданылатын, алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.
8. Салық төлеушілер есепті салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есепті салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негізге ала отырып жасалады және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айлары үшін табыс етіледі.
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.
9. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімін ұзарту кезіңде:
1) алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезең үшін есептеледі;
2) салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын аванстық төлемнің болжамды сомасын негізге ала отырып, көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемнің сомасын төлейді.
Көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемдердің алдыңғы салық кезеңіне арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебімен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.
10. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығын есептеген жағдайда, келесі екі салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептейді.
Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ келесі екі салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі және одан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып есептейді.
12. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 51-2-бабында көрсетілген салық төлеуші сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асыратын салық кезеңі ішінде осындай салық төлеушіге қолданылмайды.
Ескерту. 141-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.
3. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңi үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар
1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
2-1) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, бейрезиденттің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;
3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;
4) осы Кодекстің 99-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген дивидендтер жатады.
2. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
2-1) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;
3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4) лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
РҚАО-ның ескертпесі!7) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
7) резидент банкке, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;
9) репо операциялары бойынша сыйақы;
10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
12) мыналарға:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға төленетін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
РҚАО-ның ескертпесі!Осы абзац 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2027.01.01 дейін қолданыста болады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
Ескерту. 143-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 № 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (03.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (11.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына осы Кодекстiң 147-бабының 3-тармағында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен айқындайды.
2. Салық агентi осы Кодекстiң 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.
3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. Кодекс 144-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртiбi
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргiзедi.
146-бап. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөнiндегi есеп-қисап
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
16-тарау. Салық мөлшерлемелері, салық кезеңі және салық
декларациясы
147-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату.
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
3. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 1) – 8), 10) – 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Ескерту. 147-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.148-бап. Салық кезеңi
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.
Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).149-бап. Салық декларациясы
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
Ескерту. 149-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 5-БӨЛІМ. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін
жүзеге асыратын ұйымдарға және басым инвестициялық
жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА
ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
150-бап. Жалпы ережелер
1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органында салық төлеуші ретінде тіркелсе немесе оны арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болған кезде – ондай салық органында жер салығы, мүлік салығы немесе жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы салынатын объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою жүзеге асырылса, не заңды тұлға арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болмаған кезде – құзыретіне арнайы экономикалық аймақ аумағы кіретін салық органының аумақтық бөлімшесінде орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса;
5) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол осы баптың қолданылу мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы Кодекстің 151-1 – 151-10-баптарында көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесін және құрылысы қызметтің осы түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілердің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілерін көрсетілген тізбелерге енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына және экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 2008.12.10 № 100-IVЗаңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 57-б. қараңыз).3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
4) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;
4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.
4. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 362-V (01.01.205 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен кейін салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, мұндай ұйым, егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына осындай өзгерістер мен толықтырулар:
жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеген кезде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді;
корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, осы тармақта көрсетілген күні қолданыста болған осы Кодекстің 17-тарауының ережелерін қолданады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ талап қою мерзімінен аспайтын мерзімде қолданылады.
Ескерту. 150-бап жаңа редакцияда – ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
Ескерту. 151-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
151-1-бап. Қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;
4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-2-бап. Қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-3-бап. Қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-4-бап. Қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасын қолдану мақсатында "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
тоқыма бұйымдарын өндіруді;
киім шығаруды;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруді;
металлургия өнеркәсібін;
жиһаз шығаруды;
автокөлік құралдарын шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) ақпарат және байланыс;
3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 2008.12.10 № 100-IV Заңымен.3. Қызметiн "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1 – 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:
жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі – заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын Қазақстан Республикасы резидент қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің кірістері түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:
1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.
Ескерту. 17-тарау 151-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 208-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-5-бап. Қызметiн "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-6-бап. Қызметiн "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) туристік қызметтер көрсету;
2) мынадай талаптарды сақтаған:
салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;
салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.
2. Қызметiн "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
Ескерту. 17-тарау 151-6-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.151-7-бап. Қызметін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-7-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-8-бап. Қызметін "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметін "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-8-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.151-9-бап. Қызметін "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметін "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-9-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.151-10-бап. Қызметiн "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Тараз химиялық паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-10-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.152-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн берудің тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
Ескерту. Кодекс 17-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
152-1-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) жаңадан құрылған заңды тұлға инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшартты Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасаса және инвестициялық басым жобаны іске асырса;
2) жүзеге асырылатын қызмет түрлері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне толық көлемде сәйкес келсе;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салық, алым және төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салық міндеттемелерін осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Ескерту. 152-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
2. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
3. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларында қолданылмайды.
Ескерту. 152-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын
ұйымға салық салу
Ескерту. 5-бөлім 17-2-тараумен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
152-3-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға:
инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшартты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін;
салықтар бойынша преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаса;
2) заңды тұлғаның инвестициялық стратегиялық жоба бойынша жүзеге асырылатын қызметі инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келсе;
3) заңды тұлға осы Кодексте көзделген бөлек салықтық есеп жүргізу қағидаттарына сәйкес, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінен тыс алған (шеккен) кірістері мен шығыстарынан бөлек, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде берілген объектілерді пайдалану кезінде алған (шеккен) кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізсе, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оның бұзылған күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен түсетін, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдаланылатын тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген, амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімде корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
2. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін, немесе оның бөліктерін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға), өзге де негіздерде пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш рет берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынатын және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.
6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
18-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
153-бап. Төлеушiлер
1. Осы Кодекстiң 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!154-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді.
Осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.
2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстiң 178-бабында және 27-тарауында белгiленген тәртіппен салық салуға жатады.
Ескерту. 154-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
154-1-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
154-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. Кодекс 154-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
18-тарауды 154-2-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
155-бап. Салық салу объектiлерi
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жеке тұлғаның:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
РҚАО-ның ескертпесі!2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
8) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;
10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үй жалдау бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;
11) қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
РҚАО-ның ескертпесі!13) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
13) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруымен байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде жұмыс берушімен жасалған аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
РҚАО-ның ескертпесі!14) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалған сомасы;
РҚАО-ның ескертпесі!15) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
РҚАО-ның ескертпесі!17) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
РҚАО-ның ескертпесі!18) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
РҚАО-ның ескертпесі!19) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
19) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
РҚАО-ның ескертпесі!20) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
20) меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
РҚАО-ның ескертпесі!21) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
РҚАО-ның ескертпесі!22) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
РҚАО-ның ескертпесі!23) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
28) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде қызметкердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі қарыз, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!29-1) тармақша 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізілді және 31.12.2016 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен.
29-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым төлейтін, еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (тенге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша біржолғы өтемақы түріндегі кіріс;
29-2) 01.01.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
29-3) тармақша 01.07.2016 бастап 01.01.2027 дейін қолданылады - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен.
29-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;
РҚАО-ның ескертпесі!29-4) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен.
29-4) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;
29-5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым талап ету құқығын сатып алған кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуы кезінде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түрінде түзілген кіріс;
30) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақты 31-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
31-2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақты 33), 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
37) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;
38) операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақты 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) және 46) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 155-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2014 № 214-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
156-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады:
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
2) жеке тұлғалардың лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;
4-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;
4-2) агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;
5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
7) бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын бір жүз пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлғадан алынған дивидендтер бойынша, осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін мұндай дивидендтер есепке жазылған жағдайда қолданылмайды;
8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты табыстары;
8-1) алынып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;
9) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 пайызы шегiндегі лотерея бойынша ұтыстар;
10) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер;
10-1) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
11) 01.01.2016 дейін қолданыста болды (ҚР 2010.03.19 N 258-IV Заңының 2-бабын қараңыз).11-1) 01.01.2016 дейін қолданыста болды (ҚР 2010.03.19 N 258-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн төлемдер;
13) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
I, II, III топтардағы мүгедек;
мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
13-1) 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді және 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз).13-2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
"мүгедек бала" санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
"бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды;
14) алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
15-1) 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен.16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетін табыстар;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:
инфляция деңгейі ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының іс жүзінде енгізілген сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;
мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың, мұрагерлері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оларды алуға құқығы бар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кездегі;
РҚАО-ның ескертпесі!17) тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;
дүлей зілзалаларға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты шығындарды өтеу түріндегі;
еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде төленетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері түріндегі;
халықаралық жарыстарға жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі;
зейнеткерлік жасқа толған, орнынан түскен судьяларға төленетін өмір бойы ай сайынғы қамтылым түріндегі төлемдер;
18) күнтізбелік жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.
Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;
19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
20) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдiктердің ресми табыстары;
21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
22) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);
23-1) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары;
РҚАО-ның ескертпесі!24) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң шығыстары:
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде – жұмыс берушінің қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
қызметтік іссапарды ресімдемей:
қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушiнің:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
24-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;
26) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
26-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі табыстар.
Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, осы тармақшаның ережелері қолданылады;
27) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк стипендиялар үшін белгiленген мөлшерде төленетiн стипендиялар;
27-1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;
27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;
27-3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер;
27-4) мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;
28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;
29) қайырымдылық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
РҚАО-ның ескертпесі!30) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
30) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерьлерiне жолдамалардың құны;
31) осы Кодекстiң 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;
32) жұмыс берушi өз қызметкерлерiне мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықақылары;
33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi;
34) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
35) алып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;
РҚАО-ның ескертпесі!37) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген пайызсыз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
РҚАО-ның ескертпесі!38) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;
39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген бейрезидент заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер;
40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
РҚАО-ның ескертпесі!41) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
РҚАО-ның ескертпесі!42) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымының:
оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;
РҚАО-ның ескертпесі!43) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;
мынадай:
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны).
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері бойынша:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
РҚАО-ның ескертпесі!44) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
РҚАО-ның ескертпесі!45) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.
46) 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақты 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген кірістер жеке тұлға мынадай құжаттарды:
жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға осы бапта белгіленген шектерде түзету мөлшері көрсетілген өтінішін;
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға негіз туындаған, тоқтатылған немесе бар болған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылы салық салуға жататын кірістерден алып тасталады.
3. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.
4. 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді және 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз).5. 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді және 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз).
Ескерту. 156-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз), 2013.01.14 N 68-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 21.07.2015 № 337-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiлдi); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
18-тарауды 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 және 156-12-баптармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
157-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.158-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
РҚАО-ның ескертпесі!159-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
159-бап. Салық кезеңі
1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
РҚАО-ның ескертпесі!18-тарауды 159-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
РҚАО-ның ескертпесі!
160-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға олардың мынадай түрлері жатады:
1) қызметкердің табысы;
2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).РҚАО-ның ескертпесі!
19-тарауды 160-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
161-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізедi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
Заңды тұлға өз шешімімен оның құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.
Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енеді.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.
4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу мерзiмдерi осы Кодекстiң 438 және 446-баптарында белгiленген.
Ескерту. 161-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері
1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.
Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі.
2. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 161, 163-167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
3. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.
Ескерту. Кодекс 161-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация салық төленетін жердегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1-1. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.
2-1. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтік салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.
Ескерту. 162-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
19-тарауды 162-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
§ 1. Қызметкердiң табысы
РҚАО-ның ескертпесі!
163-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
163-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
163-бап. Қызметкердiң табысы
1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкердің мына табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;
2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;
3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары қызметкерлердің жұмыс беруші есепке жазған, салық салынуға жататын табыстары болып табылады.
3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;
6) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 163-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы
Қызметкердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы табысы мыналар болып табылады:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Қызметкер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң қызметкерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы
Қызметкердiң салық салынуға жататын материалдық пайда түріндегі табысы:
1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;
4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде – қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.
Ескерту. 165-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).РҚАО-ның ескертпесі!
19-тарауды 165-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
166-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
166-бап. Салық шегерiмдерi
1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн мынадай салық шегерімдері қолданылады:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есепке жазу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшеріндегі, табыс есебіне жазылатын тиісті айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінің жалпы сомасынан аспауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшердегі мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) сомасы;
5) Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;
6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
7) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы.
2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.
Салық кезеңi iшiнде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.
3. Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық шегерiмі жүргiзiлмейдi.
4. Осы баптың 1-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларына сәйкес салық шегерiмі құқығы салық төлеушiге өзi берген өтiнiштің негiзiнде, жұмыс берушiлердің бiреуiнен ғана алатын табыстары бойынша берiледi.
5. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында белгіленген салық шегерiмі құқығы тиісті құжаттар:
1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;
2) сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат;
3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат;
4) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың төленгенін растайтын құжаттар болған кезде беріледі.
6. Егер:
1) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерімінің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы, жиынтығында күнтiзбелiк бiр жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;
2) қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе, салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.
3) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Ескерту. 166-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
167-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
167-бап. Салықты есептеу және ұстау
Қызметкердiң төлем көзінен салық салынатын табысына жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледi.
§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
РҚАО-ның ескертпесі!
168-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
168-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын кірісі осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер және осы Кодекстің 166-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімі ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын кірісі ретінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;
2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:
жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;
берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
борышты кешіру;
мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;
репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.
2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:
1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;
3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;
4) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 168-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
169-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
169-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
РҚАО-ның ескертпесі!
170-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
170-бап. Зейнетақы төлемдері
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс мыналарды:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді;
2) мынадай мөлшерлердегі:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшерінде;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде салық шегерiмдерiн қоспағанда, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
Ескерту. 170-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).РҚАО-ның ескертпесі!
171-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
171-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
РҚАО-ның ескертпесі!
172-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар
1. Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салынуға жататын табыс – төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.
2. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі есепке жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
3. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
19-тарауды 172-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
§ 5. Стипендиялар
РҚАО-ның ескертпесі!
173-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
173-бап. Стипендиялар
Төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс ретінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агенті:
білім беру ұйымдарында оқитындарға;
мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс болып табылады.
Осы Кодекстің 160-бабының 1)-4) және 6) тармақшаларында көзделген табыстар салық салуға жататын стипендия түріндегі табыстар болып табылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!174-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
174-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
РҚАО-ның ескертпесі!
175-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, төлем көзінен салық салынатын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс пен осы бапта көзделген жағдайларда және мөлшерде салық шегерімі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс:
1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен. Осындай төлемдер бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;
2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын төлеп сатып алу сомалары;
3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі болып табылады.
Ескерту. 175-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
176-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
176-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
РҚАО-ның ескертпесі!20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
20-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ТАБЫСТАР
РҚАО-ның ескертпесі!
177-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
177-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жатады:
1) мүліктік табыс;
2) дара кәсіпкердің табысы;
3) жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы;
4) басқа да табыстар.
Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттың табысы мүліктік табыс болып табылмайды.
Мүліктік табыс дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы болып табылмайды.
Ескерту. 177-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі)2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
20-тарауды 177-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
178-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
178-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Егер осы Кодекстің осы бабы мен 182 және 184-баптарында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.
Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
Төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын бірнеше табыс түрлері болған кезде салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерінен басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
Ескерту. 178-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.179-бап. Салық төлеу мерзімдері
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша дербес жүзеге асырады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.
Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.§ 1. Мүліктік табыс
180-бап. Мүліктік табыс
1. Жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:
1) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-1-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
2) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-2-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кірісі;
РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақты 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-3-бабында көрсетілген өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.
2. Жеке тұлғаның шетел валютасымен алған (алуына жататын) мүліктік кірісі мүлікті өткізу бойынша мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
Ескерту. 180-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 18.11.2015 № 412-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
РҚАО-ның ескертпесі!2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
РҚАО-ның ескертпесі!3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) инвестициялық алтынды;
6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлікті қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
РҚАО-ның ескертпесі!7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
2. Егер осы баптың 3 – 7-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұдан бұрын ол бойынша осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген, өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
7-1. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына осындай тұлға бұдан бұрын әкелген мүлікті өткізген жағдайда:
1) Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша – Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және тауарлар декларациясында көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша – Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясында көрсетілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы оны сатып алу бағасы (құны) болып табылады.
8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда – өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
Осы баптың және осы Кодекстің 180-2-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
Ескерту. 20-тарау 180-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
РҚАО-ның ескертпесі!2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
РҚАО-ның ескертпесі!3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) инвестициялық алтынды;
6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
РҚАО-ның ескертпесі!7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
2. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін табыс осы баптың 3 – 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
6-1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып, айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.
8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін табыс:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.
9. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Ескерту. 20-тарау 180-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады:
1) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Мынадай жағдайларда:
1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде;
2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады.
Ескерту. 20-тарау 180-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
20-тарауды 180-4-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
§2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының,
адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
181-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы тиісінше заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомалары болып табылады.
Ескерту. 181-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).РҚАО-ның ескертпесі!
182-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
182-бап. Салықты есептеу және төлеу
1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 166-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімі алып тастала отырып, алынған кіріс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әрбір айдың қорытындылары бойынша, бір айда алынған кірістер бойынша есептеледі.
2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
Ескерту. 182-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
2-параграфты 182-1, 182-2 және 182-3-баптармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2020 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
§ 3. Дара кәсіпкердің табысы
РҚАО-ның ескертпесі!
183-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
183-бап. Дара кәсіпкердің табысы
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы осы Кодекстiң 83 - 133, 136, 137 және 224-баптарына сәйкес корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып және осы Кодекстің 166-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдермен айқындалады.
1-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын айқындау кезінде осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
2. Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысын осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметпен қамтылған қызметкерлердің салық салынуға жататын, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылатын табыстары бойынша салық кезеңінде есепке жазылған жұмыс беруші шығыстарының бір еселенген мөлшеріне азайтады.
Ескерту. 183-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 4. Басқа табыстар 184-бап. Басқа табыстар
1. Мыналар салық төлеушінің салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын, шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;
3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;
3-1) Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;
РҚАО-ның ескертпесі!4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыстар;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасылған еңбек шарттары (келісімшарттар) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;
РҚАО-ның ескертпесі!6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
6) салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған медиаторлардың табыстары.
7) 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді және 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз).РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақты 8) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген табыстарға салық салу осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
2-1. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңінің ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
Осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.
Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!2-1-тармақтың сегізінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
20-тарауды 184-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
21-тараудың тақырыбын алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
21-тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ
РҚАО-ның ескертпесі!
185-баптың тақырыбын алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;
3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;
4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
6) меншік құқығында:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер) мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкі;
эмитенттері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар тапсырады.
РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2016 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.
Ескерту. 185-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-баптан қараңыз); 13.11.2015 № 400-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
186-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2016 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.
2. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.
Ескерту. 186-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-баптан қараңыз) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
187-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
187-бап. Салық төлемінің расталмауы
Осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етуші салық төлеушілер жеке табыс салығын төлегенін растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке табыс салығының төленгені расталмаған табыс сомасына қолдану жолымен жүргізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!6-бөлімді 21-1-тараумен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
7-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
22-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
188-бап. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері
1. Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстарынан салықтар төлейді.
2. Қазақстан Республикасында бейрезиденттер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табыстардан салық төлейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстардан да салық төлейді.
3. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.
Ескерту. 188-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.189-бап. Резиденттер
1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.
3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:
1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;
2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;
5) оқу немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген студенттер, тағылымдамадан өтушілер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде;
6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде;
7) емделу немесе сауықтырудан өту, профилактикалық ем алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.
5. Осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.
Ескерту. 189-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.190-бап. Бейрезиденттер
1. Осы Кодекстің мақсатында мыналар:
1) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезиденттер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезиденттер деп танылады.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 190-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.191-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесі
1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:
1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) кез келген басқару орны;
3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;
4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;
5) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;
7) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу орны;
8) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;
9) осы баптың 4-тармағында аталған қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;
10) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бейрезиденттің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері;
11) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейрезидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері.
2. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін бейрезидент жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін олар бойынша келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты немесе өзара тәуелді болып табылатын жобалар байланысты жобалар деп танылады.
Бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы қандай да бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына бірдей немесе біртектес қызметтер (жұмыстар) көрсететін (орындайтын);
2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі келесі он екі айдан аспайтын келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп танылады.
Бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасаған келісімшарттар (шарттар) өзара тәуелді деп танылады, бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының олардың біреуі бойынша міндеттемелерін орындамауы мұндай бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етеді.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген көрмелерде және жәрмеңкелерде өткізу кезінде, егер мұндай өткізу күнтізбелік он күннен астамға созылса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
4. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттiң негiзгi қызметiнен ерекшеленетiн дайындық және көмекшi сипаттағы қызметтi жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайды. Бұл ретте дайындық және көмекшi сипаттағы қызмет үшінші бір тұлғалар үшiн емес, резиденттiң өзi үшiн жүзеге асырылуға тиiс. Дайындық және көмекшi сипаттағы қызметке:
1) кез келген орынды бейрезидентке тиесiлi тауарды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;
2) тауарларды өткізбей, оларды сатып алу мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;
3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы бейрезиденттiң негiзгi қызметi болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, бейрезиденттiң өткізетін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай бейрезидент, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар бейрезидент ретiнде қарастырылатын болады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін тұлға тәуелді агент деп танылады:
1) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге, бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңды іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік беріледі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметті ол кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметі және өзге де брокерлік қызмет (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) шеңберінде жүзеге асырмайды;
3) оның қызметі осы баптың 4-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмейді.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен бейрезидент заңды тұлға арасында осы баптың 5-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады. Өзге жағдайларда бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын бейрезидентке Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент бiр мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:
1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшін жауапты болмаса;
3) бейрезиденттiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден салық кезеңінде алатын табысы бейрезиденттiң осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетілген кезеңдегі шығындарының жалпы сомасының он пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн бейрезидент көрсетілетін қызметтерді алушыға бастапқы құжаттарының көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi. Осы тармақта белгіленген талаптарды орындау кезінде, шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсететін бейрезиденттiң табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін бейрезиденттiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде көрсетілген қызметтер болып танылады.
8. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттің мұндай тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.
Егер бейрезиденттің осы баптың 2, 3, 4, 5 немесе 7-тармақтарында көзделген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыратын тіркелген тұрақты мекемесі болса және ұқсас немесе осындай қызметті мұндай тұрақты мекеме тіркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеп соғады және ұқсас немесе осындай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап тіркелуге тиіс.
Егер бейрезидент қызметін мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесін салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастағаннан кейін келесі он екі айлық кезең ішінде қайта бастаса, онда мұндай бейрезидент тұрақты мекеме құрған деп танылады және мұндай қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Осы бөліктің ережелері, егер бейрезидент салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алынып тасталған мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесінің сондай немесе соған ұқсас қызметі болып табылатын, осы баптың 2, 3 немесе 4-тармақтарында аталған қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырған жағдайда, қолданылады.
9. Бейрезиденттер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырған жағдайда:
1) мұндай шартқа әрбір қатысушының қызметі осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес келген кезде тұрақты мекеме құрады;
2) салық міндеттемесін орындауды мұндай шартқа әрбір қатысушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады.
10. Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, бейрезиденттiң қызметi осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
11. Осы Кодекстi қолдану мақсатында бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;
өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;
Қазақстан Республикасында бiрлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) бiрiн жасасу;
2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күнi не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келген күнi танылады. Бұл ретте бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi осы тармақшада көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiнен бұрын бола алмайды;
3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға бейрезиденттің құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні танылады.
Осы тармақтың бiрнеше талаптары болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
12. Егер бейрезидент қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкiлдiк арқылы қызметiн жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттiң мұндай филиалына немесе өкiлдiгiне осы Кодекстiң бейрезиденттiң тұрақты мекемесi үшiн көзделген ережелерi қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай филиалдың немесе өкiлдiктің осы Кодекстің 217-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқықтары бар.
Ескерту. 191-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.192-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары
1. Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Осы бөлімнің мақсатында:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі;
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды;
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
егер бейрезидент заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
6) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидентке борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
8) бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері;
9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;
10) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
11) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
12) роялти нысанындағы табыстар;
13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыстар;
14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;
16) халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар.
Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
пайдалы қазбаларды құбыржолдармен тасымалдау халықаралық тасымалдар болып танылмайды;
16-1) теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;
17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
18) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;
18-1) бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;
19) өздеріне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер;
20) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезиденттің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;
21) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
бейрезидент жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
21-1) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі табыстары.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
бейрезидент жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
22) резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
23) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе бейрезидент төлейтін ұтыстар;
25) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;
26) бейрезидент жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары.
Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күнгі мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
Өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын бухгалтерлік есеп деректерінен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осындай мүлік алынған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына белгілеген құн негізінде;
көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы негізінде белгіленеді.
Өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын осы тармақшада белгіленген тәртіппен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;
27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
28) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;
28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
29) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызмет нәтижесінде пайда болған басқа да табыстар.
Бұл ретте осы баптың 3), 4), 10) – 12), 21-1) және 24) тармақшаларының ережелері:
резиденттің;
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің;
егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, бейрезиденттің филиалының, өкілдігінің табыстарды есептеуі және (немесе) төлеуі шартымен қолданылады.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарларда болған мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуге тиіс.
3) бейрезидент заңды тұлғаның:
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістері;
4) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірістері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды.
Ескерту. 192-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (13.10.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-тарау. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
193-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
1. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстарына шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті осы Кодекстің 192-бабында көрсетілген, төлем көзінен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:
1) есептелген және төленген табыстар бойынша – бейрезидент заңды тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей;
2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.
1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын бейрезидент заңды тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
3. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға;
3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне;
5) осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.
3-1. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.
4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.
Осы бөлімнің мақсатында салық салу объектілерін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде кірісті төлеу деп осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау түсініледі. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.
4-1. Бейрезиденттермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша бейрезиденттің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға бейрезиденттің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан бейрезиденттің табысын негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де бейрезиденттің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.
5. Мыналар:
1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;
2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
3) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;
3-1) 01.01.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 10.12.2008 N 100-IV Заңымен.4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген бейрезидент заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер; 11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы; 12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар; 13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар; РҚАО-ның ескертпесі!14) тармақша 2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2010.03.19 N 258-IV Заңының 2-бабын қараңыз). 14) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; 15) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 16) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; РҚАО-ның ескертпесі!17) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2014.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен. 17) банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген міндеттемелерін бейрезидент кешірген жағдайларда, осындай міндеттемелер бойынша шегерімге жатқызылған, есепке жазылған және төленбеген сыйақылар түріндегі табыстар; Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылмайды. РҚАО-ның ескертпесі!18) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). 18) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы; РҚАО-ның ескертпесі!19) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен. 19) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды. 6. Бейрезидент заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы бейрезиденттің табыстарына төлем көзінен салық салынады. Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 71-баптан қараңыз) ;2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.194-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелеріҚызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады: 1) осы баптың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар - 20 пайыз; 2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 пайыз; 3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 пайыз; 4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 пайыз; 5) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар – 5 пайыз; 6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 пайыз. Ескерту. 194-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.195-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аударудың тәртібі мен мерзімдері1. Бейрезидент заңды тұлғаның кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке: 1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша; 2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңіндегі соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс. Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады; 3) алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс. 2. Егер бейрезиденттің табысының есептелген сомасы осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай табысты төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс. 3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезиденттің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді. Ескерту. 195-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.196-бап. Салық есептілігін табыс етуСалық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде: 1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін – бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей; 2) төртінші тоқсан үшін – бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге мiндеттi. Ескерту. 196-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктеріТабыс салығын осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді. Ескерту. 23-тарау 196-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу, ұстау және аударуЕскерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Осы бап мыналарды: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті; 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті; 3) резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; 4) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн; 5) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент заңды тұлға шығарған акцияларды және бейрезидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады. Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен: 1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде - мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде; 2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады. Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды. 1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады. Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны: 1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің; 2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады. Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады. Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген: 1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің; 2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде – дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады. 2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады. 2-1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды: 1) сәйкестендіру нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда); 2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын; 3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күнін; 4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді; 5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның үлестестігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді. 2-2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді. 3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті. 4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады. 5. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады. 5-1. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын бейрезидент осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді. 6. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. 7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидентке табысты төлеу кезінде ұстайды. 8. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi. Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді. Табыс салығын осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 196-1 және 205-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді. 9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Бейрезиденттiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды. 10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бейрезидент үшiн құн өсiмiнен түсетін табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар. Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге міндетті. Бұл ретте бейрезидент үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды. 11. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі. 12. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 197-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-тарау. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі198-бап. Салық салынатын табысты анықтау1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 200-бабында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және 83-149-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 1-1. Алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісін тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай кіріс түрлері: 1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар; 2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар; 3) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар; 4) бейрезидент заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісіне осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер қосылмайды. 3. Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі. Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады. 4. Қазақстан Республикасындағы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс бейрезидент заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі. Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады. 5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады. 6. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемеге: 1) осы бейрезидент заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер; 2) бейрезидент заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар; 3) осы бейрезидент заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар; 4) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар; 5) құжатпен расталмаған шығыстар; 6) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ. Ескерту. 198-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі1. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады. Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады: осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс алу осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы. 2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі. 3. Бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті. Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі1. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі біреуден артық болған жағдайда бейрезидент корпоративтік табыс салығын осы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы оның тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға есепті салық кезеңінің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей: 1) уәкілетті органды - тұрақты мекемелердің қайсысы корпоративтік табыс салығын есептеуді және төлеуді жүргізетіні туралы; 2) тұрақты мекемелері орналасқан жердегі салық органдарын — таңдап алынған тұрақты мекеме өзінің барлық тұрақты мекемелері бойынша бюджетке салық төлеуді жүргізетіні туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледі. Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзінің орналасқан жері бойынша бейрезидент заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерінің бүкіл тобы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиіс. 2. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті бір мезгілде: 1) бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғамен жасалған келісімшарт болмаған; 2) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша филиал, өкілдік ашпай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетілген табыстардан корпоративтік табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді. Салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұстаған корпоративтік табыс салығы аталған бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу шотына есепке алуға жатқызылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективті тәртіппен есептейді және тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына көрсетілген табыстарды қоса отырып, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс етеді. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай бейрезидент заңды тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентінің салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі. Осы тармаққа сәйкес бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесі он салық кезеңіне ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын біртіндеп азайтады. 3. Осы Кодекстің 562-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алатын табыстарына осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады. Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті. Бұл ретте тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай бейрезидент заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі. Ескерту. 200-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.25-тарау. Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі! 200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары1. Бейрезидент жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша бейрезидент жеке тұлғаларға төленетін сыйақылар; 2) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер; 3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары; 4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай: дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер. Осы тармақшаның ережелері: акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс; заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі; құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады. Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды; Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды; 5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегі табыстар; 6) осындай дивидендтер мен сыйақылар есебіне жатқызу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар; 7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар; 8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай: акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткізу күніне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер. Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды; 9) өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар; 10) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар; 11) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс; 12) Қазақстан Республикасында табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер; 13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген: осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері; осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын; осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын бейрезидент жеке тұлға алған материалдық пайда. РҚАО-ның ескертпесі!13-1) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен. 13-1) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы; РҚАО-ның ескертпесі!14) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). 14) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы. Ескерту. 25-тарау 200-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.201-бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі! 1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай салынады. Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып теңгемен қайта есептеледі. Бюджетке бейрезидент жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді. 1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады. 2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі. РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабы 2-тармағында айқындалған табыстарды қоса алғанда, төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларында айқындалған табыстар сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді. Төлем көзінен жеке табыс салығын салық агенті осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, бейрезидент жеке тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей ұстайды. Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті. 4. Салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды. 5. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте бейрезидент жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады. Егер ұсынылған персоналға табысты бейрезидент төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағына сәйкес бейрезидент табыс ететін құжаттар негізінде салық агенті айқындайды. Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті бейрезидент заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді. Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті. 6. Төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға: 1) дара кәсіпкерге; 2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға; 3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады; Осы тараудың мақсаттары үшін резидент заңды тұлға өз шешімімен осы Кодекстің 161-бабында белгіленген тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өз құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы; 4) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезидент оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке; 5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне; 6) осы баптың 6-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптар орындалмаған кезде бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі. 7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 9. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады. Ескерту. 201-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.202-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент заңды тұлғаның шетелдік қызметкерлерінің табыстарына салық салу тәртібі1. Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 201-бабының 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 163-бабында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында айқындалған Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент заңды тұлғаның қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың табыстарына салық салуға қолданылады. Бұл ретте осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде: 1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері болып табылса; 2) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 189-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылса, қолданылады. Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда осы Кодекстің 163-бабында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, мұндай тұлғаның осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген табыстары салық салуға жатпайды. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістерінен төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады. 3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мен бейрезидент заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісімшартта) көрсетілген бейрезидент жеке тұлғаның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісімшарттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті. 4. Салық агентi табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидент заңды тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстайды. 5. Бюджетке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді. Ескерту. 202-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.203-бап. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны табыс етуЕскерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны салық агенті есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына табыс етеді. Ескерту. 203-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.204-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі1. Осы баптың ережелерi бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады. 2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен жүргiзiледi. 3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент жеке тұлға салық кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi. 4. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер төлеуді жүргізеді. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнде бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді. Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстардың сомасы ретінде айқындалады. Салық кезеңі ішінде бюджетке бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады. Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды. Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 205-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады. Ескерту. 204-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).РҚАО-ның ескертпесі! 205-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуЕгер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. Бұл ретте осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі. Ескерту. 205-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі! 25-тарауды 205-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР206-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы1. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі осы тараудың және осы Кодекстің 27-тарауының мақсатында - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады. 2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды. 207-бап. Халықаралық шарттарды қолдану тәртібіХалықаралық шарттардың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу әдістері1. Егер Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелері бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі – бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берген болса, мұндай шығыстардың сомасы, мынадай: 1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің; 2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде іс жүзінде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары осы Кодекстің осы бабының және 209 – 211-баптарының мақсаттары үшін бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары болып танылады. Бұл ретте мыналар: қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген бейрезидент заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі немесе бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 100 – 111, 111-1, 112–122-баптарына сәйкес шегерімге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары); бейрезидент заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары); бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізілуге жатпайды. 2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар – ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар. 3. Бейрезидент заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің біреуін ғана қолданады. Бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі бейрезидент заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның қосымшасында көрсетіледі. 4. Бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме халықаралық шарттың талаптары сақталған және өзінде мынадай растайтын құжаттар: 1) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжат; 2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі; 3) бейрезидент заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, бейрезидент заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызады. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидентзаңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс; 4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын: шығыстардың түрлері бойынша бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын; Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын көрсете отырып таратып жазу; 5) бейрезидент заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне қарай мынадай деректер: 1) тұтастай алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы; 2) тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы; 3) тұтастай алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс. Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілде жасалса, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті. 5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру кезінде белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді. 6. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге қабылдамайды. Ескерту. 208-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.209-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісі1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 2. Есептік көрсеткіш бейрезидент заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі: 1) бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы; 2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау: бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы (К); Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының бейрезидент заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ); Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының бейрезидент заңды тұлға тұтас алғанда осындай салық кезеңінде персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ). Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады: ОШ = (Т + НҚ + ЕТ) . 3 Ескерту. 209-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.210-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісін жекелеген жағдайларда қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеудің ерекшеліктері1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес келмеген не салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын, бейрезидент заңды тұлғаның резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзетуге міндетті. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді. 2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады. Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады. 3. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі: К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2, мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3, бұл ретте: СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны; СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны; СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны; ҚЕ (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі; ҚЕ (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі. 211-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі1. Бейрезидент заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығындарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады. 2. Егер бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей шегілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 208-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады. 3. Аталған шығыстар растайтын құжаттар және олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болған кезде ғана тұрақты мекеме шегерімге жатқызады. 4) Мыналар: 1) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары; 2) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері; 3) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де шеккен бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салық тіркелімдері растайтын құжаттар болып табылады. Салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі. Ескерту. 211-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.212-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарын салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар. 2. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 212-1, 212-2, 213, 214 және 215-баптарында халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі белгіленген табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 197-бабында айқындалған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында көзделген бейрезиденттің табыстарына салық салуға қатысты қолданылады. 3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады. Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен: 1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан; 2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспарлы салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, бейрезидентке табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізудің басталуынан; 3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, бейрезидентке табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізу аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Жоспардан тыс салықтық тексерудің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады. 4. Егер бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент заңды тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжатпен бірге салық агентіне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді. Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент салық агентіне бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) табыс етеді. Салық агенті табыс етілген құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келісімшарттың) негізінде бейрезиденттің осындай шарттың (келісімшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құру фактісін айқындайды. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің табыстарын салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес. 5. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда осындай шартқа қатысушы болып табылатын бейрезидент заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжатпен қатар салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етеді. Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табысына бірлескен қызмет туралы шартта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне барабар халықаралық шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың ережелерін қолдануға құқылы. 6. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті. Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады. 7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл мемлекеттік бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.212-1-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе)роялти түрінде алған табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе шегерімге сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезиденттің төленбеген табыстарын жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы болып табылатын және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылатын жағдайда салық агенті тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық мөлшерлемелерін дербес қолдануға құқылы. Осы бөлімнің мақсатында табыстарды иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай табысқа қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) табыстарды алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек. 2. Егер сыйақы төлеу түпкілікті (нақты) табысты алушыға (иеленушіге) делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда, салық агентінің бір мезгілде мынадай: 1) шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген; 2) салық агентіне осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжат ұсынылған талаптар сақталған кезде осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен жасасқан тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар. Бұл ретте, резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі. 3. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті. Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің – кірісті түпкілікті (нақты) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады. 4. Салық агенті осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен бейрезидентке делдал арқылы сыйақы түрінде табыс төлеу кезінде халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті. Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде аударылуға жатады. 5. Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) табысының төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар. Бұл ретте түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезидент салық агентіне: 1) делдалмен жасасқан, мұндай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын, болған кезде инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты) көрсете отырып, мұндай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін; 2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, мұндай бейрезидентке кіріс сыйақы түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді. Бұл ретте, бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді. 6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындау кезінде салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) сыйақы түрінде табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы. Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ескерту. Кодекс 212-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.212-2-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған: 1) мыналарды: базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауын; депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты; жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы. Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар: егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым; немесе егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды; 2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар. Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі. 2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті. Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады. 3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде бейрезидентке табыстар төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті. Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады. 4. Салық агенті бейрезиденттің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар. Бұл ретте бейрезидент салық агентіне: 1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді. Бұл ретте бейрезидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді. 5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы. Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 6. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ескерту. Кодекс 212-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.213-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы бейрезиденттiң халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі1. Егер бейрезидент табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстарға салық салудан босату бөлігінде оның халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар. Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі. Салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді. 2. Бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда салық сомасын, мөлшерлемені және соның негізінде мұндай мөлшерлеме қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті. 3. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салынуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) жөніндегі қызметтер көрсетуден (салық салынуға жататын) түсетін табыстар сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті. 4. Халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың сомасы тікелей немесе барабар әдіспен айқындалады. Бұл ретте салық төлеуші өз таңдауы бойынша шығыстарды есептеудің көрсетілген әдістерінің бірін қолдануға құқылы. Таңдап алынған әдіс жыл сайын пайдаланылады және салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін. 5. Тікелей әдіс халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерін көрсетумен (салық салуға жататын) байланысты шығыстардың бөлек есебін жүргізу негізінде тиісті шығыстарды айқындауды көздейді. 6. Барабар әдіс көрсетілген шығыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты бейрезиденттің шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындауды көздейді. Үлес халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар сомасының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады. 7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ескерту. 213-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.214-бап. Халықаралық шартты бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысқа салық салудан ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза табысына салық салудың осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы таза табысына оның тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар. Төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі. Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді. 2. Бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда таза табысқа салық сомасын, мөлшерлемені және оның негізінде мұндай мөлшерлеме қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті. 3. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде бейрезидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ескерту. 214-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.215-бап. Халықаралық шартты салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан бейрезидент жеке тұлғаның алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі1. Егер бейрезидент жеке тұлға табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, осы Кодекстің 204-бабында көрсетілген оның халықаралық шарттың ережелерін табыстарға салық салудан босату бөлігінде қолдануға құқығы бар. Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі. Бейрезидент салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты жеке табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді. 2. Халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес есебіне жазылған (алынған) табыстардың және төленген (төлеуден босатылған) салықтардың сомасын және халықаралық шарттың атауын бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетеді. 3. Бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің 204-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар бейрезидент жеке тұлға бюджетке Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан түсетін табыс салығын төлеген жағдайда, осындай бейрезиденттің осы Кодекстің 217-бабында белгіленген тәртіппен төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар. Ескерту. 215-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. |
216-бап. Бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі
1. Салық агенті осы Кодекстің 212, 212-1 және 212-2-баптарында белгіленген тәртіпті қолданбаған жағдайда, салық агенті бейрезидентке табысты төлеу кезінде осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында немесе 194-бабында айқындалған мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға және ұсталған табыс салығының сомасын осы Кодекстің 161, 195-баптарында белгіленген мерзімдерде бюджетке немесе бейрезидентке ашылған шартты банк салымына аударуға міндетті.
Табыс салығын шартты банк салымына аудару тәртібі бейрезиденттің тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табысынан ұсталған табыс салығына ғана қолданылады.
2. Табыс алатын бейрезидент, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент банк салық агентінің бейрезиденттің табысынан табыс салығын аударуының белгіленген мерзіміне дейін шартқа қатысушылармен келісілген нысан бойынша бейрезиденттің шартты банк салымын ашу туралы шарт жасасады.
3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда, бюджетке табыс салығының және банктік сыйақылардың сомалары бюджетке салық аударылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада аударылады.
4. Шотында шартты түрдегі банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Есеп шартты түрдегі банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға ұсынылады.
Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына:
1) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шартты банк салымы туралы шартты (мұндай шарттың көшірмесі аталған салық органында сақталады);
2) шартты банк салымына аударылған табыс салығының сомалары көрсетілетін, осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс етуге міндетті.
6. Салық агенті орналасқан жердегі салық органы шартты банк салымы туралы шартты салық агенті табыс еткен кезден бастап күнтізбелік екі күн ішінде тіркеуге немесе оны тіркеуден бас тартуға міндетті. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін шартты банк салымы туралы шарт қана тіркелуге тиіс. Шартты банк салымы туралы шарт талаптарының осы баптың ережелеріне сәйкес келмеуі оны тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
7. Салық органы бейрезиденттің пайдасына шешім қабылдағанға дейін бейрезиденттің және салық агентінің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасына билік етуге құқығы жоқ.
8. Осы баптың ережелері салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шартқа ғана қолданылады.
9. Осы Кодекстің 195-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығын аудару күніне шартты банк салымы туралы шарт салық органында тіркелмеген жағдайда, бюджетке табыс салығын аудару белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
10. Салық агенті салық органына табыс етілетін есеп-қисапта есептелген (төленген) табыстардың және ұсталған салықтардың сомаларын, сондай-ақ солар бойынша табыс салығы есептелген мөлшерлемелерді көрсетуге міндетті.
11. Салық органы:
шартты банк салымдарына орналастырылған;
халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар бейрезидентке қайтарылған;
бюджетке аударылған табыс салығы сомаларының есебін жүргізуге міндетті.
Ескерту. 216-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi
1. Бейрезиденттiң мынадай жағдайларда:
1) салық агентi бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарынан табыс салығын шартты банк салымына немесе бюджетке аударғанда;
2) бейрезидент халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын қызметін филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырғанда;
3) салық төлеушi осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық төлегенде, осы бапта белгiленген тәртiппен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте бейрезидент осы Кодекстiң 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтарып алуға салықтық өтiнiштi (бұдан әрi осы Кодекстiң осы бабының және 218-бабының мақсатында – өтiнiш) салық органына табыс етуге мiндеттi.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент өтiнiштi салық агентiнің орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына екі данада табыс етедi.
Егер салық агентi орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкiлеттi органға тікелей сатылы бағыныстағы салық органында тiркелген жағдайда, өтiнiштi осындай салық органына табыс етеді.
Өтінішті табыс ету тәсіліне қарай, салық органына оны ұсынған күн:
1) келу тәртібімен – салық органы өтінішті қабылдаған күн;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен – салық органы өтінішті алған күн болып табылады.
3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде, ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi қоспағанда, бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейiн өтiнiштi ұсынады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт оны жасасқан күннен бастап он екі ай кезең ішінде аяқталмаған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт болып табылады.
4. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтінішті салық органына табыс салығының сомаларын шартты банк салымына соңғы орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын бюджетке соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша өтiнiштi салық органына осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiнен кешiктiрмей, келiсiмшарттың iс жүзiнде орындалуына қарай табыс етеді.
5. Салық органы мынадай:
1) бейрезидент өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткен соң берген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартады. Бұл ретте бейрезидент салық органына өтінішті қайта беруге құқылы емес;
2) резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) бейрезидент осы Кодекстің 219-бабында айқындалған құжаттарды бермеген;
4) бейрезидент осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамаған жағдайларда, өтінішті қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тартуы туралы шешімі өтініш пен табыс етілген құжаттар қоса тіркеле отырып, салық органы оларды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып, бейрезидентке қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, бейрезидент өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан өтініш беруге құқылы.
6. Салық органы өтiнiштi бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы тармақта көзделген өтінішті қарау мерзімі мынадай:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізу;
2) салық органы осы баптың 7, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген сұрау салуды жіберген күннен бастап мұндай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
7. Бейрезиденттің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша бейрезидентке сұрау салу жіберуге құқылы.
8. Бейрезиденттің өтінішін қарау кезінде салық органы, осы баптың 10-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 89-тарауында көзделген тәртіппен бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізеді.
9. Егер бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында өкiлдiгi немесе филиалы болған жағдайда, өтiнiштi қарайтын салық органы бейрезиденттi оның осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнің өтуі кезеңiнде салық мiндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы нысанасында жоспардан тыс кешендi салықтық тексеру жүргiзуге арналған сұрау салуды өкiлдiктiң немесе филиалдың орналасқан жерi бойынша салық органына жiберуге мiндеттi.
10. Салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда, салық органы өтініші қаралып жатқан бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен бейрезиденттiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру жөнінде сұрау салу жiберуге құқылы.
Бұл ретте осы баптың 11-тармағында көрсетілген шешім салық органдарының сұрау салуына бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем көзінен ұсталған табыс салығы бойынша салық есептілігінің деректері негізінде қабылданады.
Шет мемлекеттің құзыретті органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе кемінде екі жылдан астам мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салық төлеуші осы Кодекстің 226-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.
11. Бейрезиденттің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.
Салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтаруға арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органының шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шешім қабылдаған салық органының атауы;
3) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;
4) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – бюджеттен немесе шартты банк салымынан бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
6) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуге тиіс.
12. Жоғары тұрған салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешімнің және бейрезиденттің өтінішінің көшірмелерін осындай салық органы бейрезиденттің табыстарынан төленген төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
13. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органы бейрезидентке осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 602-бабында көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды жүргізеді.
14. Табыс салығын шартты банк салымына аударған және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк бейрезидентке шартты банк салымынан төленетін табыс салығының өтiнiште көрсетiлген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте салық органы куәландырған өтінішті банкке бейрезидент өз бетінше табыс етеді.
15. Салық органының шешімі бейрезиденттің өтінішінің бір данасы қоса тіркеле отырып, бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні салық органының шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.
16. Бейрезидент осы баптың 11-тармағында көрсетілген салық органының шешімімен келіспеген жағдайда, оған салық органының шешімін алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
Бұл ретте бейрезидент:
1) уәкілетті органға – өтінішті қоспағанда, салық органы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысандағы шағымды;
2) бейрезидент шешіміне шағымданған салық органына – уәкілетті органға жіберілген шағымның көшірмесін жіберуге тиіс.
Шағымда:
1) бейрезиденттің шағымға қол қойған күні;
2) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не шағым беруші тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
3) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) шешіміне бейрезидент шағымданған салық органының атауы;
5) шағым беруші бейрезидент өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
17. Уәкілетті орган бейрезидентке мынадай:
1) бейрезидент осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзім өткен соң шағымды берген;
2) шағымның мазмұны осы баптың 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) бейрезидент осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды ұсынбаған;
5) бейрезидент осы баптың 11-тармағында көрсетілген салық органының шешіміне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда, шағым ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бейрезиденттің шағымын қараудан бас тартуы туралы шешім жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда бейрезидент өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, шағымды қараудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде қайта беруге құқылы.
18. Уәкілетті орган шағымды бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
19. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ бейрезидентке оның өтінішін қарауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жіберген жағдайда, бейрезиденттің шағымын қарау мерзімі осындай ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
20. Бейрезиденттің шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Уәкілетті органның шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды және бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні салық органының шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар:
1) шешім қабылданған күн;
2) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;
3) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – мемлекеттік бюджеттен немесе шартты банк салымынан бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
5) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуге тиіс.
21. Уәкілетті орган шешімінің көшірмесі шешіміне бейрезидент шағымданған салық органына жіберіледі.
Уәкілетті орган төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешіміне бейрезидент шағымданған салық органы бейрезиденттің осындай салық органына бұрын ұсынған өтінішінде халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетеді. Осындай салық органының уәкілетті орган шешімінің көшірмесін алған күні өтінішті куәландыру күні болып табылады. Бұл ретте өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрімен куәландырылады және бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы немесе келу тәртібімен жіберіледі.
Шешіміне бейрезидент шағымданған жоғары тұрған салық органы көрсетілген шешімнің көшірмесін және осындай бейрезиденттің куәландырылған өтінішін бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
22. Бейрезидент осы баптың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетілген шешімге осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде сотқа шағым (арыз) берген жағдайда, шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке жіберу сот шағымды (арызды) іске алған күннен бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Ескерту. 217-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.218-бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі
1. Салық органы шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке мынадай мерзімде:
1) бейрезиденттен осы Кодекстің 217-бабының 16-тармағында көрсетілген шағымның көшірмесін алмаған жағдайда – бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
2) бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімге уәкілетті органға шағымданған жағдайда - бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 20-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
3) сот осы Кодекстің 217-бабының 22-тармағында көрсетілген шағымды (арызды) толық не бір бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда – осындай шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жіберуге міндетті.
Бұл ретте салық органдары немесе сот төлем көзінен ұсталған табыс салығын ішінара қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, инкассалық өкім бейрезидентке бас тартылған талаптар бөлігіне сәйкес келетін шартты банк салымында орналастырылған салық сомасына жіберіледі.
2. Бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 4-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін салық органына өтінішті табыс етпеген жағдайда, салық органы жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банкке шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді жіберуге міндетті.
3. Салық органы инкассолық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы бейрезиденттің шартты түрдегі банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша банкке жібереді.
4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оларды ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Салық органы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін күнтізбелік екі күн ішінде банк сыйақылары сомаларын бюджетке өндіріп алуға арналған инкассалық өкімді банкке жіберуге міндетті.
6. Банк инкассалық өкімді алған күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын және есебіне жазылған банк сыйақыларын бюджетке аударуға міндетті.
7. Банктің кінәсінен шартты банк салымы туралы шарттың талаптары бұзылған және табыс салығының ұсталған сомалары бюджетке уақтылы аударылмаған кезде банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Банктің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған жағдайда, төлем көзінен табыс салығын, банк сыйақыларын және бюджетке салықты уақтылы аудармағаны үшін айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі міндеттеме салық агентіне жүктеледі.
Ескерту. 218-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.219-бап. Резиденттікті растайтын құжатқа және төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішке қойылатын талаптар
1. Осы Кодекстің 217-бабы қолданылған жағдайда, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті бейрезидент салық органына мыналарды қоса тіркей отырып, табыс етеді:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
2) бейрезидент заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелері не сауда тізілімінен (акционерлердің тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелер;
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) қоса береді;
3) алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтар сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;
4) осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжат;
5) бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал болып табылатын бейрезидент жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде қабылдайды.
2. Егер бейрезидент депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті берсе, өтінішке мынадай құжаттар:
1) мыналарды:
бейрезиденттің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған шоттың көшірме үзіндісі;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;
3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан көшірме үзінділер;
4) осындай бейрезиденттің резиденттігін растайтын, осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжат қоса беріледі.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, бейрезидент олардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариаттық куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.
4. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кіріс алушы бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді, бұл:
осындай құжаттың түпнұсқасы;
осындай құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесі;
шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде табыс етілуі мүмкін.
Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта бейрезиденттің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (ресімделген) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылғанды қоспағанда, бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты кіріс алушы бейрезидент резиденті болып табылатын осындай құзыретті орган куәландырады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға:
1) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған лауазымды адамның қолтаңбасы және органның мөрі;
2) резиденттікті растайтын құжаттың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі жатады.
Егер:
1) резиденттікті растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылса;
2) резиденттікті растайтын құжаттарды өзара танудың өзгеше тәртібі:
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;
Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленсе, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Ескерту. 219-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.220-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама1. Резиденттік елінде Қазақстан Республикасында төленген салықтарды есепке жатқызуды немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар шегерімін алу мақсатында бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы салық органынан алуға құқығы бар. 2. Бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алу үшін салықтық өтінішті төменде көрсетілген салық органына: 1) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - салық агенті орналасқан жер бойынша; 2) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша; 3) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - салық агенті орналасқан жер бойынша; 4) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстардан салықтарды дербес төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасында болатын (тұрғылықты) жері бойынша табыс етуге міндетті. 3. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы салық органы мынадай күндерден неғұрлым кеш: салықтық өтініш берілген күннен; бейрезиденттің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын бейрезидент салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді. 4. Бейрезиденттің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні бейрезиденттердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы бейрезидентке анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді. 5. Бейрезидент салық органына салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама берілмейді. 6. Бейрезидентке құжаттарды беру журналына қол қойғызып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беріледі. Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 27-тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН |
Р/с № | КО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
2 | 3 | 4 | |
1. | 2207-ден | 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 100 % спирт 750 теңге/литр |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 0 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100 % спирт 75 теңге/литр |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 100 % спирт 500 теңге/литр |
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа) | 100 % спирт 2275 теңге/литр |
8. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
9. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 48 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 7500 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 7500 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 6225 теңге/ 1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигаралар | 750 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 7345 теңге/килограмм |
19. | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/тонна |
20. | 8702-ден | микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары | 100 теңге/текше см |
8703-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) | ||
8704-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) | ||
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) | 0 теңге/1 кг |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
Ескерту. 280-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен. 39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН,
ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
281-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналар:
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетiн тауарларды алыс-берістік негiзде қайта өңдеуге беруi;
алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
өндiрушiнің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;
5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
3. Мыналар:
1) егер осы Кодекстiң 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:
тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;
өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.
Ескерту. 281-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.282-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.
Ескерту. 282-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.283-бап. Салық базасы
Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы берілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Ескерту. 283-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі).284-бап. Әртүрлi мөлшерлемелер белгiленген жағдайда спирттің барлық түрiне және шарап материалына салық салу ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстiң 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз мөлшерлемелері белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмiн өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеудi спирт пен шарап материалын алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтiк препараттарды шығарушылар мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.
285-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі;
2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсініледі.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.286-бап. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған, бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.
2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар мен есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай жағдайларда:
1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.
3. Отандық өндірілген темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
Ескерту. 286-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдері
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
1-1) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында алған мұнай беруші;
2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда, аталған тауарларды өткiзу көтерме сауда арқылы өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.
Ескерту. 287-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.288-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күнi ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарлар декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.
Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар, тауарлардың толық декларациясы экспортты растау ретінде болады;
3) Кеден одағының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлардың экспорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарлар импортының елінде ресiмделген тауарлар декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етіледі.
2-1. Акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.
2-2. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы да акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.
4. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 288-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.289-бап. Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
290-бап. Салық базасын түзету
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.
Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 276-23-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.
Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.
Ескерту. 290-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.291-бап. Салықтан шегерім жасау
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге азайтуға құқығы бар.
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
3. Мыналар:
1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.
4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негізінде есептелген акциз сомасына шегерiм жасалады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;
3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;
4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;
5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
6. Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған тауарлар декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:
1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;
2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.
9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.
Ескерту. 291-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.292-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi.
4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.
5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 292-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.293-бап. Акциз төленетiн жер
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетін объектінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.294-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.
3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледi.
4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.
295-бап. Салық кезеңi
Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
296-бап. Салық декларациясы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
297-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.
Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.298-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
1. Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.
2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн осы Кодекстің 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төленедi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге де тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 280, 297-баптарында және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздердің мөлшерлемелері бойынша акциздер салуға жатады.
Ескерту. 298-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.299-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты
1. Жеке тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.
2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
2) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 10-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
41-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
РҚАО-ның ескертпесі!
300-бап ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданылады.
300-бап. Төлеушілер
Мыналар:
1) осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындаған көлемде және кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған шикі мұнайға экспорттың кедендік рәсімін қолданған, тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлғаларды қоспағанда:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 субпозициясында сыныпталатын тауарлар танылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін заңды тұлға тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өндеу өнімдерін Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, мұндай заңды тұлға осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлық көлемі бойынша экспортқа рента салығын төлеуші болып табылады;
2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.
Ескерту. 300-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.301-бап. Салық салу объектiсi
Жер қойнауын пайдаланушылық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы бөлімнің мақсаты үшін экспорт деп:
Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағына өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағынан тыс жерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.
Ескерту. 301-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.302-бап. Есептеу тәртібі
1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.
Шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұндағы:
К барр. орт. – орташа-өлшемді баррельдеу коэффициенті;
V1, V2, …Vn – салық кезеңінде экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + К барр.n – Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;
n – салық кезеңінде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы өткізу – салық кезеңінде шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы өткізілу көлемі.
Экспортқа нақты өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
Ескерту. 302-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).303-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері
Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
Рет N | Әлемдік баға | Мөлшерлеме, %-пен |
1 | 2 | 3 |
1. | бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда | 0 |
2. | бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 0 |
3. | бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 0 |
4. | бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 7 |
5. | бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 11 |
6. | бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 14 |
7. | бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 16 |
8. | бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 17 |
9. | бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 19 |
10. | бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 21 |
11. | бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 22 |
12. | бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 23 |
13. | бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 25 |
14. | бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 26 |
15. | бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 27 |
16. | бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 29 |
17. | бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 30 |
18. | бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 32 |
19. | бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары | 32 |
Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).304-бап. Салық кезеңі
Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
Егер тауарларға арналған уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салық кезеңінде туындайды.
Ескерту. 304-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.305-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
306-бап. Салық декларациясы
Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етіледі.
11-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
42-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртiбiн, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн;
а) қол қойылатын бонусты;
б) коммерциялық табу бонусын;
в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
3) үстеме пайда салығын қамтиды.
Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.
4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.308-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 – 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келiсiмшарт шеңберiндегi кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келiсiмшарт шеңберiндегi осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөнiндегi келiсiмшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.
5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.
Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.
Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта айқындалған салық режимi мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер үшiн сақталады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртiбiн реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.
2. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келiсiм (келiсiмшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.
3. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:
1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде – жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;
2) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.
4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салық міндеттемелері пайда болса, онда мұндай салық міндеттемелерін оператор дербес орындайды.
Ескерту. 42-тарау 308-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі
1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;
2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:
1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;
2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді;
3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;
4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.
3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.
Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде күнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.
4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.
6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:
1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.
Осы Кодекстің 69-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;
2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша декларацияларды тапсырмайды.
7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.
Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.
Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.
8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады. Мұндай төлеу осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютамен жүзеге асырылады.
Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.
10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.
11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.
Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.
Ескерту. 42-тарау 308-2-баппен толықтырылды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайтын қызметке салық салу
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
310-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзірлеген кезде келісімшарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
2. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:
1) тікелей табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
2) жанама табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;
3) жалпы табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
4) жалпы тіркелген активтер – келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;
5) жанама тіркелген активтер – пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;
6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, қарыздар бойынша шығындарды, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді.
3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.
Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекітілген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) көшірмесін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бөлігіне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы тармақ ережелері сол сияқты осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.
4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
1) корпорациялық табыс салығы;
2) қол қойылатын бонус;
3) коммерциялық табу бонусы;
4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
5) үстеме пайда салығы;
6) осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.
5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;
2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеуді;
3) корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;
4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;
5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.
6-1. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан болатын кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.
7. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.
Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.
Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.
Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.
Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.
Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 8-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.
Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.
Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.
Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.
9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:
1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;
2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;
3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
4) мына баптардың бірі бойынша – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тiзiмдiк санына келісімшарт қызметіне қатысатын қызметкерлердің орташа тiзiмдiк санының үлес салмағы бойынша;
6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.
Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01 %) айқындайды.
10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе), бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен кіріс, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ұлттық оператор газды осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген орган бекіткен баға бойынша мемлекеттің басым құқығы шеңберінде сатып алса, онда мұндай газды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 86-бабына сәйкес айқындалады.
Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша кірісті өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:
(Gр1 х 0,857)
C00р2424 = Сs24F х -------------------- х r , мұндағы:
O00р2424 + (Gs24р1 х 0,857)
____________________________________
GP1
СP – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
СF – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын мұнай өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
GP1 – ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау көзделетін, ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
OP – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
0,857 – шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r – мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:
GP2 х AEPG
r = -----------------, мұндағы:
OP х AEPO
GP2 – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
Op – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
AEPG – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлы газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлы газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, мың текше метріне теңге;
AEPO – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, тоннасына теңге.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін шахта, кеніш, карьер, ұсату зауыты (қондырғысы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.
11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;
2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;
4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.
12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 310-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.43-тарау. БОНУСТАР
311-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
1) қол қойылатын бонус;
2) коммерциялық табу бонусы.
§ 1. Қол қойылатын бонус
312-бап. Жалпы ережелер
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.
Ескерту. 312-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.313-бап. Төлеушілер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірін:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты;
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.
Осы баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тиісті келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге құқық алуға айрықша құқығының негізінде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізатты барлауға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;
2) өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған К2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісім шарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім шарттар үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін - (Қ х 0,01%) ) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы Кодекстің 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген табиғи газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табиғи газ үшін мына формула бойынша:
Қ = V1 * Б1 + V2 * Б2,
мұнда:
V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
V2 – V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
Қа = V1 * Б1 + V2 * Б2,
мұнда:
V1 – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
V2 – V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиісті түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген ең төменгі мөлшерде белгіленеді.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізіледі.
5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе:
мұнайға арналған келісімшарттар үшін – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде айқындайды;
минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.
Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) белгіленген соманың елу пайызы – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу пайызы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
2. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
Ескерту. 315-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.316-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
317-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді.
Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.318-бап. Төлеушiлер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.
Осы Кодекстің мақсаты үшін коммерциялық табу туралы хабарлау тиісті келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның пайдалы қазба қорларын бекітуін білдіреді.
Ескерту. 318-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).319-бап. Салық салу объектiсi
1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу кезінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
4. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы хабарлаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары – алынатын пайдалы қазбалар қорларын білдіреді.
Ескерту. 319-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтін күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондон металдар биржасында бағамдалатын немесе бағамдалуы Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында хабарланатын және жарияланатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар үшін қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.
Ескерту. 320-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі
Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.
322-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі
Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленедi.
323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімдері
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзімдерде:
1) осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде – осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазба қорларының қосымша көлемдерiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
Ескерту. 323-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.324-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.
44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ325-бап. Жалпы ережелерЖер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады. Ескерту. 325-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.326-бап. ТөлеушiлерКелісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады. Ескерту. 326-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді және бюджетке: 1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде; 2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде төлем түрінде төлеуге жатады. 2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бюджетке төлеу жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиіс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерін айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды. Ескерту. 327-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді: 1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді. Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем 2010 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмей төленеді; 2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді. Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді. 2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы шетел валютасында бекіткен болса, онда: 1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген сома 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi; 2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi. 3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді. Ескерту. 328-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.329-бап. Салық декларациясы1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей тапсырады. 2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады. Ескерту. 329-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.45-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ330-бап. Жалпы ережелер1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді. 2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді. 3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген. 4. Өндiрiлетiн минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндiру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, мөлшерлемелер бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіппен төленеді. 5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін ұлттық стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс. Ескерту. 330-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.331-бап. ТөлеушілерЖер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде мемлекеттік меншік болып табылатын техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады. Ескерту. 331-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).§ 1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы332-бап. Салық салу объектісі1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады. 2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемі: 1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне; 2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге берілген шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне; РҚАО-ның ескертпесі!2-1) тармақша ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданыста болды. 2-1) кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайға – салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың көлеміне бөлінеді. Осы тармақшаның мақсаттары үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнайды беруді не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелінбеген жағдайда, кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлығы пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады. 3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлеміне; 4) осы Кодекстің 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикі мұнай мен газ конденсатына; 5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға бөлінеді. Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде: жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындауда отын ретінде; технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін; ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін; осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін; мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады. Өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған табиғи газ да танылады; 5-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады. 5-2) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газға; РҚАО-ның ескертпесі!6) тармақша ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданыста болды. 6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 5-1) және 5-2) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi. 2-1. Осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады. 3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда шикі мұнай мен газ конденсатының нақты көлемін және олардың тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшірмелері болуға міндетті. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда шикі мұнай мен газ конденсатының тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты ретінде қаралады. РҚАО-ның ескертпесі!3-1-тармақ ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданыста болды. 3-1. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеу үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына бергенін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізгенін растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда тауарлардың және олардың өңдеу өнімдерінің нақты көлемі және оларды тиісті кедендік рәсіммен орналастыру фактісін растайтын мынадай құжаттардың: тауарларды және олардың өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсіммен орналастыруды растайтын, тауарларға арналған декларациялардың; тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжаттың; нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілуге жататын шикі мұнай көлемі туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар бөлігінде шикі мұнайды өңдеу үшін әкетуге жататын, көрсетілген көлемнен алынатын өңдеу өнімдерінің көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының; кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің; тауарлар мен өңдеу өнімдеріне арналған коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттардың және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерінің; нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнай көлемінен алынған өңдеу өнімдерінің нақты әкелінген көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері болуға міндетті. Құжаттардың осындай түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда, шикі мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады. 4. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде табиғи газ бойынша төленбейді. 5. Бұл тармақ 01.01.2011 дейін қолданылды.Ескерту. 332-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 333-бап. Салық базасыСалық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. 334-бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген шикі мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртіппен: 1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде; 2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде; РҚАО-ның ескертпесі!2-1) тармақша ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданыста болды. 2-1) жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнай берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде – жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу ретінде берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейіндісі ретінде; 3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне шикі мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне шикі мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндірілген тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды. 3. Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады. Осы тармақтың мақсаты үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөзінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайының стандартты сортының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы шикі мұнай бағасын бағамдауды білдіреді. Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар: "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus Crude" дереккөзінің деректері бойынша; жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады. Бұл ретте, шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген шикі мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі. Шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы мынадай формула бойынша айқындалады: Р1+Р2+...+Рn S = ------------- х Е, мұнда: n S - салық кезеңіндегі шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы; Р1 Р2..., Рn - салық кезеңі ішінде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы; Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны. Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады: Cn1 +Cn2 Рn =--------- ,мұнда: 2 Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы; Сn1 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының төменгі мәні (min); Сn2 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max). Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайының белгілі бір стандартты сортына шикі мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикі мұнайды беруге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Беруге арналған шартта шикі мұнайдың стандартты сорты көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикі мұнайдың сорты көрсетілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берілген шикі мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салық кезеңі ішінде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға міндетті. 4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады. Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының салық кезеңі ішінде шетел валютасындағы бағамдалуын білдіреді. Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға: 1) "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөзінің деректері бойынша; 2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады. Табиғи газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша анықталады: Р1+Р2+...+Рn S = ------------- х Е, мұнда: n S - табиғи газдың салық кезеңіндегі әлемдік бағасы; Р1 Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы; Е – тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны. Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады: Cn1 +Cn2 Рn = --------- ,мұнда: 2 Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы; Сn1 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгі мәні (mіn); Сn2 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max). 5. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртіппен: 1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген кезде - осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде; 2) осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген табиғи газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде – нақты көлемін шығару ретінде: сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының; жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде; 3) Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды пайдаланған кезде – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде: табиғи газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады. 6. Шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдік бағасын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. Ескерту. 334-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.335-бап. Салықты есептеу тәртібі1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады. 2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады. Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті. Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс. 3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерінің өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі. Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады. Ескерту. 335-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелеріШикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:
Шикі мұнайды және газ конденсатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 332-бабының 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. РҚАО-ның ескертпесі!Абзац ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 01.01.2017 дейін қолданыста болды. Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасына нақты әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, осы бапта көзделген төмендету коэффициенті осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды. Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды. Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:
Ескерту. 336-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. § 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды |
Рет № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, %-бен | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi | Хром кенi (концентраты) | 16,2 |
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) | 2,5 | ||
Темір кенi (концентраты) | 2,8 | ||
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) | 18,5 | ||
2. | Металдар | Мыс | 5,7 |
Мырыш | 7,0 | ||
Қорғасын | 8,0 | ||
Алтын, күміс, платина, палладий | 5,0 | ||
Алюминий | 0,25 | ||
Қалайы, никель | 6,0 | ||
3. | Құрамында металдар бар минералды шикізат | Ванадий | 4,0 |
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар | 6,0 | ||
4. | Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат | Ниобий, лантан, церий, цирконий | 7,7 |
Галлий | 1,0 | ||
5. | Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат | Селен, теллур, молибден | 7,0 |
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий | 6,0 | ||
6. | Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат | Радий, торий | 5,0 |
7. | Құрамында металл еместер бар минералды шикізат | Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар | 0 |
Фосфориттер | 4,0 | ||
Бор ангидриті | 3,5 | ||
Барит | 4,5 | ||
Тальк | 2,0 | ||
Флюориттер | 3,0 | ||
Воластонит | 3,5 | ||
Шунгит | 2,0 | ||
Графит және басқалар | 3,5 | ||
Жарқырауық тас шикізаты: | |||
8. | Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат | Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар | 12,0 |
9. | Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар | 3,5 |
10. | Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар | 2,0 |
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.
Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 339-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. § 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен
емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
340-бап. Салық салу объектісі
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;
3) өзiнiң шаруашылық мұқтаждары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар көлемінің құны кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген жерасты суларының көлемі жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө. … + Vn ө.п. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:
V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. – салық кезеңінде өткізілетін кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың әрбір партиясының көлемдері;
Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. – салық кезеңінде әрбір партия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің нақты бағалары;
n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар партиясының саны;
V жалпы өткізу – салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.
3. Кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар өткізілмеген жағдайда, есепті салық кезеңінде олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізу мүлдем болмаған кезде, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің нақты өлшемді орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзетуді жүргізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасын айқындау тәртібіне қолданылмайды.
Ескерту. 341-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Р/с № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, %-бен |
1 | 2 | 3 |
1. | Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас | 2,5 |
2. | Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы | 4,7 |
3. | Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас | 5,6 |
4. | Емдік балшықтар | 10,6 |
2. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:
Р/с № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, АЕК-пен |
1 | 2 | 3 |
1. | Осы кестенің 2-12-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы | 1,000 |
2. | Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы | 0,001 |
3. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы | 0,001 |
4. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол: | |
4.1. | пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
4.2. | жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
5. | Өндірістік-техникалық жерасты сулары | 0,003 |
6. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 97-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
7. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
8. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
9. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
10. | Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
11. | Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы | 0,003 |
12. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда) | 0,250 |
3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең үлкен мөлшері қолданылады.
Ескерту. 342-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
343-бап. Салық кезеңі
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
344-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.345-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.
Ескерту. 345-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi
1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде онда:
1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;
2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.
5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.
7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.
8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерлері және оларды заттай нысанда төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімдерде және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша табыс етеді.
Ескерту. 346-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).46-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ
Ескерту. 46-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
347-бап. Жалпы ережелер
1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңінде есептеледі.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектілерді:
1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты;
2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табысты;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты;
4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерді;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.
347-1-бап. Төлеушілер
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген;
2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге;
3) барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгіленген үстеме салығын төлеушілер болып табылмайды.
Ескерту. 347-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.348-бап. Салық салу объектісі
Осы Кодекстің 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстің 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс пен осы Кодекстің 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменің таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.
348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс
Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстің 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:
1) осы Кодекстің 100 – 108, 109 – 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;
2) мынадай шығыстар шегінде:
тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңі ішінде нақты шеккен шығыстардың;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген қолданыстағы тіркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерінде үстеме пайда салығы мақсаты үшін шегерімге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегінде;
тіркелген активтердің бухгалтерлік есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі салық кезеңі ішінде шеккен шығыстарының;
жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерімге жатқызылатын шығыстарының;
3) осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесі салық кезеңінде ішінара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Есепті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызуға жатпайды.
3. Тиісті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу кезінде осы баптың 2-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті.
4. Егер белгілі бір шығыстар осы баптың 1-тармағында белгіленген шығыстардың бірнеше түрінде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезінде аталған шығыстар бір рет қана шегеріледі.
Ескерту. 348-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 208-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстің 139-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады.
349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы
Осы тараудың мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде осы Кодекстің 147-бабының 5-тармағында белгіленген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектісінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
350-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектілерді айқындайды;
2) осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:
1 - 6-деңгейлер үшін - осы Кодекстің 351-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыздың және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;
7-деңгей үшін:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретінде айқындайды;
3) осы Кодекстің 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық кезеңінде алынған нақты таза табысты мынадай тәртіппен бөледі:
1-деңгей үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасына тең болады.
Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлер үшін жүргізілмейді;
2 - 7-деңгейлер үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлерге арналып жүргізілмейді.
Таза табыс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиіс;
4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейі бойынша бөлінген бөлігіне қолданады;
5) осы Кодекстің 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңі үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
351-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыздардың деңгейлері мен мөлшері
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шкаласы бойынша төлейді:
Деңгей N | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының пайызы | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыз | Мөлшерлеме (%-пен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | 25 пайыздан кем немесе соған тең | 25 | белгіленбейді |
2 | 25 пайыздан 30 пайызға дейін қоса алғанда | 5 | 10 |
3 | 30 пайыздан 40 пайызға дейін қоса алғанда | 10 | 20 |
4 | 40 пайыздан 50 пайызға дейін қоса алғанда | 10 | 30 |
5 | 50 пайыздан 60 пайызға дейін қоса алғанда | 10 | 40 |
6 | 60 пайыздан 70 пайызға дейін қоса алғанда | 10 | 50 |
7 | 70 пайыздан жоғары | Осы Кодекстің 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес | 60 |
352-бап. Салық кезеңі
1. Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
353-бап. Салықты төлеу мерзімі
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
354-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
47-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
355-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар;
5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
3. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін төленуге жататын әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Осы бапта белгіленген тәртіппен әлеуметтік салық төлеушілер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
Ескерту. 355-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.356-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;
2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес;
3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 429-432-баптарына сәйкес;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.
Ескерту. 356-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV(2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.357-бап. Салық салу объектiсi
1. Шағын бизнес субъектілеріне және ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағында аталған төлеушілер, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент жұмыскерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған кірістер түрінде бейрезидент жұмыскерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері салық салу объектісі болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 26-1), 27), 29) – 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
1) гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықтар, стипендиялар;
3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақы төлемдері;
5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес күнтізбелік ай үшін айқындалған салық салу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, әлеуметтік салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
4. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасының ережелері қолданылады.
Ескерту. 357-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.358-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
2. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.
Осы тармақтың ережесі:
1) салық төлеушінің осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;
2) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;
3) осы баптың 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтiк салықты есептейді.
3-1. Тек қана осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыратын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық мөлшерлемелері осы Кодекстiң 445-бабында белгiленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.
Ескерту. 358-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
359-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi
1. Осы Кодекстің 358-бабының 3 және 3-1-тармақтарында аталған тұлғаларды қоспағанда, осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған төлеушілер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2. Осы Кодекстің 358-бабының 3-тармағында аталған төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
4. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
6. "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк салықты осы Кодекстiң 151-4-бабының 5-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
Ескерту. 359-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).360-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 362-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Ескерту. 360-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.361-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Салық кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады.
3. Төлеуші осы Кодекстің 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептеуді осы Кодекстің 359 және 360-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
4. Төлеуші жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 364-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.
Ескерту. 361-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.362-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi.
2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
РҚАО-ның ескертпесі!
363-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
363-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация
1. Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
1-1. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.
Ескерту. 364-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
365-бап. Салық төлеушiлер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері;
2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;
3) мемлекеттік мекемелер;
3-1) қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша – осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
6) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларына қолданылмайды.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған адамдар, көрсетілген тармақшаларда тізбеленген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, бiр көлiк құралы бойынша ғана (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, салық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.
7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.
8. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
Ескерту. 365-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.366-бап. Салық салу объектiлерi
1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер салық салу объектiлерi болып табылмайды.
Ескерту. 366-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.51-тарау. Салық мөлшерлемелері, салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
367-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
Рет |
Салық салу объектісі |
Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Двигателінің көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.): | |
1100-ге дейін қоса алғанда |
1 | |
1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда |
2 | |
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда |
3 | |
2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда |
6 | |
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда |
9 | |
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда |
15 | |
4000-нан жоғары |
117 | |
2. |
Мүлік салығын салу объектілері болып табылатындарды қоспағанда, жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): | |
1 тоннаға дейін қоса алғанда |
3 | |
1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса алғанда |
5 | |
1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса алғанда |
7 | |
5 тоннадан жоғары |
9 | |
3. |
Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары |
3 |
4. |
Автобустар: | |
отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда |
9 | |
отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда |
14 | |
отыратын 25 орыннан жоғары |
20 | |
5. |
Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, қозғалтқышының қуаты: | |
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшiне тең) |
1 | |
55 кВт-дан асатын (75 ат күшiне тең) |
10 | |
6. |
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшіне тең): | |
160-қа дейін қоса алғанда |
6 | |
160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда |
18 | |
500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда |
32 | |
1000-нан жоғары |
55 | |
7. |
Ұшу аппараттары |
әрбір киловатт қуаттан айлық есептік көрсеткіштің 4 пайызы |
8. |
Мыналар: |
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары |
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:
Р/с № |
Салық салу объектісі |
Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.): | |
3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда |
35 | |
3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда |
46 | |
3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда |
66 | |
4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда |
130 | |
5 000-нан жоғары |
200 |
Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) жеңiл автомобильдерге:
В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;
4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.
2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
2-1. Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 1 500-ден жоғары 2 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 000-нан жоғары 2 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 500-ден жоғары 3 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда текше сантиметр, қырық алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, алпыс алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 5 000-нан жоғары текше сантиметр болған кезде қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.
2-2. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.
3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық мөлшерлемелеріне мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0;
2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3.
4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі.
5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Ескерту. 367-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.368-бап. Салықты есептеу тәртiбi
1. Салық төлеушi салық салу объектiсіне осы Кодекстің 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдана отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
1-1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
1-2. Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
1) беруші тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.
5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Заңды тұлғалар салық кезеңінің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
1) көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
2) салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда – салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап мұндай көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Заңды тұлғалар салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын табыс етпейді. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.
7. Есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.
Ескерту. 368-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі
Ескерту. 369-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.
3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
4. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Ескерту. 369-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.52-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
370-бап. Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 370-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.371-бап. Салық есептiлiгi
Төлеушілер - заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.
14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
53-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
372-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) босалқы жерлерге тиесiлiгiне қарай қарастырылады.
2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (босалқы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 385-бабында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Жер салығы:
1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
Ескерту. 372-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.373-бап. Төлеушілер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
5) "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 373-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.374-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушi болып табылады.
2. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;
2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.
Ескерту. 374-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.375-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;
4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;
5) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері.
Ескерту. 375-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау
1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
377-бап. Салық базасы
Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
54-тарау. Салық мөлшерлемелері
378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:
Рет № | Бонитет балы | Базалық салық мөлшерлемесі (теңге) |
1 | 2 | 3 |
1. | 1 | 2,4 |
2. | 2 | 3,35 |
3. | 3 | 4,35 |
4. | 4 | 5,3 |
5. | 5 | 6,25 |
6. | 6 | 7,25 |
7. | 7 | 8,4 |
8. | 8 | 9,65 |
9. | 9 | 10,8 |
10. | 10 | 12,05 |
11. | 11 | 14,45 |
12. | 12 | 15,45 |
13. | 13 | 16,4 |
14. | 14 | 17,35 |
15. | 15 | 18,35 |
16. | 16 | 19,3 |
17. | 17 | 20,45 |
18. | 18 | 21,7 |
19. | 19 | 22,85 |
20. | 20 | 24,1 |
21. | 21 | 26,55 |
22. | 22 | 28,95 |
23. | 23 | 31,35 |
24. | 24 | 33,75 |
25. | 25 | 36,2 |
26. | 26 | 38,6 |
27. | 27 | 41 |
28. | 28 | 43,4 |
29. | 29 | 45,85 |
30. | 30 | 48,25 |
31. | 31 | 72,35 |
32. | 32 | 77,7 |
33. | 33 | 82,95 |
34. | 34 | 90,4 |
35. | 35 | 93,8 |
36. | 36 | 99,1 |
37. | 37 | 104,4 |
38. | 38 | 110 |
39. | 39 | 115,3 |
40. | 40 | 120,6 |
41. | 41 | 144,75 |
42. | 42 | 150,05 |
43. | 43 | 155,35 |
44. | 44 | 160,85 |
45. | 45 | 166,15 |
46. | 46 | 171,45 |
47. | 47 | 176,8 |
48. | 48 | 182,4 |
49. | 49 | 187,7 |
50. | 50 | 193 |
51. | 51 | 217,1 |
52. | 52 | 222,45 |
53. | 53 | 227,75 |
54. | 54 | 233,25 |
55. | 55 | 238,55 |
56. | 56 | 243,85 |
57. | 57 | 249,15 |
58. | 58 | 254,75 |
59. | 59 | 260,05 |
60. | 60 | 265,35 |
61. | 61 | 289,5 |
62. | 62 | 303,15 |
63. | 63 | 316,3 |
64. | 64 | 329,75 |
65. | 65 | 343,05 |
66. | 66 | 356,55 |
67. | 67 | 369,8 |
68. | 68 | 383,3 |
69. | 69 | 396,6 |
70. | 70 | 410,1 |
71. | 71 | 434,25 |
72. | 72 | 447,75 |
73. | 73 | 460,95 |
74. | 74 | 474,45 |
75. | 75 | 487,8 |
76. | 76 | 501,3 |
77. | 77 | 514,55 |
78. | 78 | 528,05 |
79. | 79 | 541,35 |
80. | 80 | 554,85 |
81. | 81 | 579 |
82. | 82 | 595,1 |
83. | 83 | 611,05 |
84. | 84 | 627,25 |
85. | 85 | 643,35 |
86. | 86 | 659,3 |
87. | 87 | 675,5 |
88. | 88 | 691,6 |
89. | 89 | 707,55 |
90. | 90 | 723,75 |
91. | 91 | 747,85 |
92. | 92 | 772 |
93. | 93 | 796,1 |
94. | 94 | 820,25 |
95. | 95 | 844,35 |
96. | 96 | 868,5 |
97. | 97 | 892,6 |
98. | 98 | 916,75 |
99. | 99 | 940,85 |
100. | 100 | 965 |
101. | 100-ден жоғары | 1013,3 |
3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:
Рет № | Бонитет балы | Базалық салық мөлшерлемесі (теңге) |
1 | 2 | 3 |
1. | 1 | 2,4 |
2. | 2 | 2,7 |
3. | 3 | 2,9 |
4. | 4 | 3,1 |
5. | 5 | 3,35 |
6. | 6 | 3,65 |
7. | 7 | 3,85 |
8. | 8 | 4,05 |
9. | 9 | 4,35 |
10. | 10 | 4,8 |
11. | 11 | 7,25 |
12. | 12 | 9,15 |
13. | 13 | 11,1 |
14. | 14 | 12,75 |
15. | 15 | 14,65 |
16. | 16 | 16,6 |
17. | 17 | 18,55 |
18. | 18 | 20,25 |
19. | 19 | 22,2 |
20. | 20 | 24,1 |
21. | 21 | 26,55 |
22. | 22 | 28,95 |
23. | 23 | 31,35 |
24. | 24 | 33,75 |
25. | 25 | 36,2 |
26. | 26 | 38,6 |
27. | 27 | 41 |
28. | 28 | 43,4 |
29. | 29 | 45,85 |
30. | 30 | 48,25 |
31. | 31 | 50,65 |
32. | 32 | 53,05 |
33. | 33 | 55,45 |
34. | 34 | 57,9 |
35. | 35 | 60,3 |
36. | 36 | 62,7 |
37. | 37 | 65,15 |
38. | 38 | 67,55 |
39. | 39 | 69,95 |
40. | 40 | 72,35 |
41. | 41 | 74,8 |
42. | 42 | 77,2 |
43. | 43 | 79,6 |
44. | 44 | 82 |
45. | 45 | 84,45 |
46. | 46 | 86,85 |
47. | 47 | 89,25 |
48. | 48 | 91,65 |
49. | 49 | 94,1 |
50. | 50 | 96,5 |
51. | 51 | 98,9 |
52. | 52 | 101,3 |
53. | 53 | 103,75 |
54. | 54 | 106,15 |
55. | 55 | 108,55 |
56. | 56 | 110,95 |
57. | 57 | 113,4 |
58. | 58 | 115,8 |
59. | 59 | 118,2 |
60. | 60 | 120,6 |
61. | 61 | 123,05 |
62. | 62 | 126,4 |
63. | 63 | 129,1 |
64. | 64 | 132,2 |
65. | 65 | 135,1 |
66. | 66 | 138,2 |
67. | 67 | 141,1 |
68. | 68 | 144,25 |
69. | 69 | 147,45 |
70. | 70 | 150,35 |
71. | 71 | 153,45 |
72. | 72 | 156,35 |
73. | 73 | 159,4 |
74. | 74 | 162,3 |
75. | 75 | 165,45 |
76. | 76 | 168,4 |
77. | 77 | 171,55 |
78. | 78 | 174,65 |
79. | 79 | 177,55 |
80. | 80 | 180,75 |
81. | 81 | 183,55 |
82. | 82 | 186,7 |
83. | 83 | 189,6 |
84. | 84 | 192,8 |
85. | 85 | 195,9 |
86. | 86 | 198,8 |
87. | 87 | 201,9 |
88. | 88 | 204,75 |
89. | 89 | 207,95 |
90. | 90 | 210,85 |
91. | 91 | 210,9 |
92. | 92 | 216,95 |
93. | 93 | 220 |
94. | 94 | 223,1 |
95. | 95 | 226 |
96. | 96 | 229,2 |
97. | 97 | 231,9 |
98. | 98 | 235,15 |
99. | 99 | 238,05 |
100. | 100 | 241,25 |
101. | 100-ден жоғары | 250,9 |
Ескерту. 378-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
379-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгiленедi:
1) көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
2) көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн пайдаланылатын жерлерге салынатын салық мөлшерлемелері
Елдi мекендер, өнеркәсiп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінің құрамына кiретiн, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы Кодекстiң 387-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қалалар: | |||
1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
2. | Астана | 19,30 | 0,96 |
3. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
4. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
5. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
6. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
7. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
8. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
9. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
10. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
11. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
12. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
13. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
14. | Орал | 5,79 | 0,58 |
15. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
16. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
17. | Алматы облысы: | ||
18. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
19. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
20. | Ақмола облысы: | ||
21. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
22. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
23. | Облыстық маңызы бар басқа қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
24. | Аудандық маңызы бар басқа қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
25. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
26. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 381-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.382-бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) қалған елдi мекендер үшiн:
көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
Ескерту. 382-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.383-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет |
Бонитет балы |
Базалық салық мөлшерлемесі (теңге) |
Рет |
Бонитет балы |
Базалық салық мөлшерлемесі (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
0 |
48,25 |
52. |
51 |
2634,45 |
2. |
1 |
91,67 |
53. |
52 |
2690,23 |
3. |
2 |
135,10 |
54. |
53 |
2745,95 |
4. |
3 |
178,52 |
55. |
54 |
2801,72 |
5. |
4 |
221,95 |
56. |
55 |
2857,46 |
6. |
5 |
265,37 |
57. |
56 |
2913,24 |
7. |
6 |
308,80 |
58. |
57 |
2968,96 |
8. |
7 |
352,22 |
59. |
58 |
3024,73 |
9. |
8 |
395,65 |
60. |
59 |
3080,47 |
10. |
9 |
439,07 |
61. |
60 |
3136,25 |
11. |
10 |
482,50 |
62. |
61 |
3188,36 |
12. |
11 |
530,75 |
63. |
62 |
3247,75 |
13. |
12 |
592,41 |
64. |
63 |
3325,49 |
14. |
13 |
654,08 |
65. |
64 |
3364,61 |
15. |
14 |
715,68 |
66. |
65 |
3423,05 |
16. |
15 |
777,35 |
67. |
66 |
3489,25 |
17. |
16 |
839,01 |
68. |
67 |
3539,95 |
18. |
17 |
900,67 |
69. |
68 |
3598,39 |
19. |
18 |
962,29 |
70. |
69 |
3656,81 |
20. |
19 |
1023,96 |
71. |
70 |
3715,25 |
21. |
20 |
1084,66 |
72. |
71 |
3769,29 |
22. |
21 |
1138,70 |
73. |
72 |
3829,64 |
23. |
22 |
1189,07 |
74. |
73 |
3890,53 |
24. |
23 |
1239,35 |
75. |
74 |
3951,67 |
25. |
24 |
1287,73 |
76. |
75 |
4012,79 |
26. |
25 |
1340,29 |
77. |
76 |
4073,88 |
27. |
26 |
1390,66 |
78. |
77 |
4135,02 |
28. |
27 |
1441,07 |
79. |
78 |
4196,15 |
29. |
28 |
1491,45 |
80. |
79 |
4257,23 |
30. |
29 |
1541,88 |
81. |
80 |
4319,34 |
31. |
30 |
1592,25 |
82. |
81 |
4371,45 |
32. |
31 |
1646,29 |
83. |
82 |
4432,57 |
33. |
32 |
1693,03 |
84. |
83 |
4493,66 |
34. |
33 |
1740,76 |
85. |
84 |
4554,80 |
35. |
34 |
1788,47 |
86. |
85 |
4615,92 |
36. |
35 |
1836,20 |
87. |
86 |
4677,01 |
37. |
36 |
1883,87 |
88. |
87 |
4738,15 |
38. |
37 |
1931,58 |
89. |
88 |
4799,27 |
39. |
38 |
1979,31 |
90. |
89 |
4860,36 |
40. |
39 |
2027,02 |
91. |
90 |
4921,50 |
41. |
40 |
2074,75 |
92. |
91 |
4975,54 |
42. |
41 |
2126,86 |
93. |
92 |
5054,48 |
43. |
42 |
2178,19 |
94. |
93 |
5134,32 |
44. |
43 |
2228,61 |
95. |
94 |
5214,22 |
45. |
44 |
2278,98 |
96. |
95 |
5294,09 |
46. |
45 |
2329,41 |
97. |
96 |
5373,99 |
47. |
46 |
2379,79 |
98. |
97 |
5453,83 |
48. |
47 |
2340,22 |
99. |
98 |
5533,73 |
49. |
48 |
2480,57 |
100. |
99 |
5613,59 |
50. |
49 |
2531,00 |
101. |
100 |
5693,50 |
51. |
50 |
2582,34 |
102. |
100-ден жоғары |
5790,00 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
4. Магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
384-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсініледі.
Ескерту. 384-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық мөлшерлемелері
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерi осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері
Ескерту. 386-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 81-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердің жерлерi үшiн осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемесі төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген мөлшерлемелерді ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.
4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабының кестесіндегі 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.
Ескерту. 386-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.387-бап. Базалық салық мөлшерлемелерін түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
1-1. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелерi;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
3. Осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады.
3-1. Алып тасталды - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бiрге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.
4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалға алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
6. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 387-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
388-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін жеке қолдану арқылы жүргiзіледi.
2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.
9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.
Бұл ретте:
1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс;
2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс.
Ескерту. 388-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде меншік құқығын беретін тұлғаның осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы мұндай тіркеу жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгiзілуге тиіс.
9. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.
Ескерту. 389-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық есептілігін табыс етудің ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 390-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңымен.391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасы негiзінде, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.
Осы тармақтың ережелері:
дара кәсіпкерлерге;
осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
4. Алып тасталды – ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіліледі) Заңымен.5. Дара кәсiпкерлер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейді.
6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңі үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешiктiрілмей төленуге жатады.
7. Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
8. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар мұндай құқық туындаған айдың бiрiншi күнінен бастап салық кезеңi аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды.
Ескерту. 391-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
392-бап. Салық кезеңi
Жер салығын есептеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 392-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.393-бап. Салық есептілігі
1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Ескерту. 393-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз) Заңдарымен. 15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ
57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ
394-бап. Салық төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) осы Кодекстің 395-бабында аталған тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiк салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ салық салынатын табыстарына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар.
Осы тармақшада көрсетілген салық төлеуші өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен мүлік салығын төлейді;
2) мемлекеттiк мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 395-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
4. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
5. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
6. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.
7. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың мемлекеттік тіркелуі болмаған жағдайда:
1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (беру) актісі;
2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер негізінде осы объектіні нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып табылады.
Ескерту. 395-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.396-бап. Салық салу объектiсi
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
1-1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;
2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;
3) осы Кодекстiң 111-1-бабында көрсетілген активтер;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесiнде меншiкке өткен, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
5) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.
1-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
4) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында, 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;
6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы иеленген ғимараттар, құрылыстар;
7) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері;
8) концессия объектiлерінің құны 50 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен жағдайда, иелік ету, пайдалану құқықтары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды.
Ескерту. 396-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.397-бап. Салық базасы
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған құны салық базасы болып табылады.
1-1. Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.
РҚАО-ның ескертпесі!397-бапты 1-2-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.
Егер "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.
Егер энергия беруші ұйым өз балансына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін қабылдаса, онда мұндай желілердің құны "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлік салығының сомасы есепке алынғанға дейін объектілердің салық базасына кірмейді.
3. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып айқындалады.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға жұмсалған шығындардың, сондай-ақ реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған, бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған кезде:
1) осы активке меншік құқығы туындаған күнгі салық салу объектісінің;
2) осындай объектілер бойынша төлеуші деп тану күніне осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында аталған төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.
Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.
Ескерту. 397-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 № 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.398-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.
2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша мына салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.
8) тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, бес салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары;
9) Алматы және Астана қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларындағы терминалдарды қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардағы терминалдар бойынша заңды тұлғалар.
3-1. Осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептейдi.
4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша есептейді және төлейді.
4-1. Осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлікті пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде осындай мүлік бойынша салықты есептеуді және төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізеді.
Осы тармақтың ережелері пайдаланылғаны, сенімгерлiк басқарылғаны немесе жалға берілгені үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін, пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген мүлік бойынша қолданылады.
5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
6. Алып тасталды - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
7. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
8. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері, салық салу объектілерін осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес халықаралық мамандандырылған көрме қатысушыларына өтеусіз негізде пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларын қоспағанда, салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру щеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша, осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.
Ескерту. 398-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгiленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
1-1. Осы Кодекстің 398-бабының 9-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын әрбір объект бойынша:
салық салу объектілері сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 397-бабының 1-тармағына сәйкес;
салық салу объектілері сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 397-бабының 1-1-тармағына сәйкес жеке айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
2. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшін мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен енгізеді.
Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.
Бұл ретте мыналар:
келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;
салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны - басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.
Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және оны төлейді.
8. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын төлейді.
9. Осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы:
1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін нақты иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың бірінші күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін;
2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объекті қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың бiрiншi күнінен басталған кезең үшін есептеледі;
Ескерту. 399-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.
Ескерту. 400-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).401-бап. Салық кезеңi
1. Мүлiк салығын есептеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.
Ескерту. 401-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілe тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңдарымен.402-бап. Салық есептілігi
1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны тапсыруға міндетті.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация тапсыруға міндетті.
Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.
Ескерту. 402-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.58-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
403-бап. Салық төлеушiлер
1. Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер;
4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
6) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.
Ескерту. 403-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Бұл ретте 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтінішінде көрсеткен, осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).405-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
Ескерту. 405-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).406-бап. Салықтық базасы
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен белгілейтін, салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек өзг.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
Қ – салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;
Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ – физикалық тозу коэффициенті;
К функц – функционалдық тозу коэффициенті;
К айм – аймақтарға бөлу коэффициенті;
К аек өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерлерде айқындалады:
Р/с | Елді мекеннің санаты | Базалық құны, теңгемен |
Қалалар | ||
1. | Алматы | 60 000 |
2. | Астана | 60 000 |
3. | Ақтау | 36 000 |
4. | Ақтөбе | 36 000 |
5. | Атырау | 36 000 |
6. | Қарағанды | 36 000 |
7. | Қызылорда | 36 000 |
8. | Көкшетау | 36 000 |
9. | Қостанай | 36 000 |
10. | Павлодар | 36 000 |
11. | Петропавл | 36 000 |
12. | Талдықорған | 36 000 |
13. | Тараз | 36 000 |
14. | Орал | 36 000 |
15. | Өскемен | 36 000 |
16. | Шымкент | 36 000 |
17. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
18. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
19. | Кенттер | 4 200 |
20. | Ауылдар | 2 700 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады.
3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы белгілейтін, есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салықтық база болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг х K айм.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
Қ – салық салу мақсаттары үшін құн;
Қ б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,
гараж бойынша – 15 пайыз;
S – тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы;
К физ – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті;
К аек өзг – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;
К айм – осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтарға бөлу коэффициенті.
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және тиімді жасы ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
К физ = 1 – Т физ, мұнда:
Т физ – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:
Т физ = (Т баз – Т п.б.) х Н аморт/100, мұнда:
Т баз – салық есепке жазылған жыл;
Т п.б. – салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл;
Н аморт – амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындау кезінде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Р/с | Күрделілік тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт, % | Қызмет ету мерзімі, жыл |
1. | 1. | Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темір-бетон немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; iрi панельдi қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон ғимараттар | 0,7 | 143 |
2. | 2. | Қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіш болатын кірпіштен қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; ірі блокты қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон ғимараттар | 0,8 | 125 |
3. | 3. | Кірпіштен, тұтасқұймалы қожбетоннан, жеңіл қожблоктардан, ұлутастардан жеңілдетіліп қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, тұтасқұймалы қожбетоннан, ұсақ қожблоктардан жеңілдетіліп қаланған қабырғалары бар ғимараттар | 1,0 | 100 |
4. | 4. | Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар | 2,0 | 50 |
5. | 5. | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
6. | 6. | Қамыс қаңқалы және басқа да жеңідетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тастан қаланған немесе тасымалды панельді тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы – 70 пайыздан, өзге материалдардан салынғандардың физикалық тозуы 65 пайыздан жоғары болса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін есепке алатын функционалдық тозу коэффициенті (К функц) мынадай формула бойынша есептеледі:
К функц = К қабат х К бұр х К қаб. мат х К абат х К жыл, мұнда:
К қабат – тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін есепке алатын коэффициент;
К бұр – тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын есепке алатын коэффициент;
К қаб. мат – қабырғалардың материалын есепке алатын коэффициент;
К абат – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылу және оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейiн есепке алатын коэффициент;
К жыл – жылыту түрін есепке алатын коэффициент.
Қабатына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):
Р/с | Қабат | К қабат |
1. | Бірінші | 0,95 |
2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабаттылық коэффициенті 1-ге тең деп қабылданады.
Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К бұр):
Р/с | Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелерінде орналасуы | К бұр |
1. | Бұрышта | 0,95 |
2. | Бұрышта емес немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырғалардың материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қаб. мат):
Р/с | Қабырғалардың материалы | Коэффициент |
1. | Кірпіштен | 1,1 |
2. | Керамзит-бетон блоктардан құрастырылған | 1,0 |
3. | Керамзит-бетон блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған | 1,05 |
4. | Темір-бетон панельдер | 1,0 |
5. | Кірпішпен қапталған темір-бетон панельдерден | 1,05 |
6. | Саманды-балшықты | 0,5 |
7. | Саманды, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған | 0,6 |
8. | Тұтасқұймалы қожбетон | 0,7 |
9. | Темір-бетон блоктардан | 1,0 |
10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған | 0,75 |
12. | Кесілген ағаштан | 0,85 |
13. | Шпалдан | 0,75 |
14. | Шпалдан, кірпішпен қапталған | 0,95 |
15. | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
16. | Өзге де | 1,0 |
Тұрғынжай, саяжай құрылысы барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілген кезде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп қабылданады.
Адамдардың тұруы (тұрмысы), болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда, К абат 0,8-ге тең деп қабылданады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К жыл):
Р/с | Жылыту түрлері | К жыл |
1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
2. | Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту | 0,98 |
3. | Қатты отын арқылы сумен жергілікті жылыту | 0,95 |
4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасқан жерін есепке алатын аймақтарға бөлу коэффициентiн (К айм.) жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймақтарға бөлу коэффициенттері ресми жариялауға жатады.
Аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар арасынан айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі – К аек өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек өзг = а.ж. аек / алд. ж. аек, мұнда:
а.ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
алд. ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.
8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы салықтық базаны осы бапқа сәйкес есептелетін, осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындайды.
9. Бірнеше салық салу объектісі бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болған жағдайда, салықтық база әрбір объект бойынша жеке есептеледі.
Ескерту. 406-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимараттардың бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін ұсынады.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 407-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.408-бап. Салық мөлшерлемелері
Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1 |
2 |
3 |
1. |
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
2. |
2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы |
3. |
4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда |
2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы |
4. |
6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы |
5. |
8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы |
6. |
10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы |
7. |
12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы |
8. |
14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы |
9. |
16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы |
10. |
18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы |
11. |
20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы |
12. |
75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы |
13. |
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы |
14. |
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы |
15. |
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы |
16. |
450 000 000 теңгеден жоғары |
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы |
Ескерту. 408-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Егер салық кезеңі ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың бірінші күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) айқындалады.
3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
4. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңымен.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
6. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын беретін тұлғаның салық салу объектісін иеленуінің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
9. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңымен.
10. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен болған шекарадағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.
Ескерту. 409-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.410-бап. Салық кезеңi
1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
411-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 310-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).412-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
413-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі:
1) ойын үстеліне – айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатордың кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Ескерту. 413-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.414-бап. Салық кезеңі
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Ескерту. 415-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
416-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
416-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі
1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:
1) казино қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматтары залы қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерін;
4) букмекер кеңсесі қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.
Ескерту. 416-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
417-бапты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі бойынша салық органына табыс етіледі.
Ескерту. 418-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
17-бөлімді алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.
Ескерту. 419-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.420-бап. Төлеушілер
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
421-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
422-бап. Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
12 |
2. |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
18 |
3. |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
83 |
5. |
Карт |
2 |
12 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |
25 |
1-1. Салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
2. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.
Ескерту. 422-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.423-бап. Салық кезеңі
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектiлерi айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық белгіленген мөлшерлемесінің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Ескерту. 424-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органына табыс етіледі.
Ескерту. 425-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.18-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері
1. Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мыналарды:
патент негізінде арнаулы салық режимін;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бiрдей белгiленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.
РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар;
2) осы баптың 5-тармағында аталғандарды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушілер ұсынатын, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) – бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсырады.
4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау;
3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі.
5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.
6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
7. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 426-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен. 61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ
САЛЫҚ РЕЖИМІ
§ 1. Жалпы ережелер
427-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.
2. Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта көрсетілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық агентінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесін осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің осы тарауға сәйкес салық салынатын кірісіне кірістердің мынадай түрлері қосылады:
1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыс;
2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;
7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;
8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық көмекті қоспағанда);
9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;
10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.
5. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға:
осы Кодекстің 4-бөліміне және осы баптың 7 – 10-тармақтарына сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілген;
осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген кірістердің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша салық есептілігін ұсыну:
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістер бойынша;
осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген кірістер бойынша жүргізіледі.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:
1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарына сәйкес – мүліктік кірістің;
2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес – осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, басқа да кірістердің;
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген:
осы Кодекстің 427-1-бабының 1-тармағында аталған дара кәсіпкер – осы баптың 7 – 10-тармақтарына және осы Кодекстің 427-1-бабына сәйкес;
осы Кодекстің 427-1-бабының 1-тармағында аталмаған дара кәсіпкер – 85 – 98-баптарға және осы баптың 7 – 10-тармақтарына сәйкес кірістердің;
4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес – осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген кірістердің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша салық есептілігін ұсыну:
1) осы Кодекстің 20 және 21-тарауларына сәйкес – осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша жүргізіледі;
2) мыналар:
осы Кодекстің 431 және 432-баптарына сәйкес, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер;
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша жүргізеді.
7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:
1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін – осындай берілген мүліктің құны;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу;
3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өзіне берілген, дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны;
4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде, егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлеміне кірмейтін болса, мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған шығыстары;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы қарастырылмайды.
8. Осы тараудың мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстар:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) бағалар өзгерген, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақылар;
4) баға шегерістері, сату шегерістері;
5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаған қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшада көзделген табысты түзету:
1) салық төлеуші – дебитор таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне салық төлеуші – кредитор талап қоймаған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына қарай түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын табыс түзетуге жатады деп танылған салық кезеңінде жүргізіледі.
9. Егер бір ғана табыс табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.
Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
10. Осы тараудың мақсатында егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.
Ескерту. 427-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.427-1-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуды тану ерекшеліктері
1. Осы баптың ережелерін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде де айқындалады.
3. Тауарларды өткізуден түсетін табыс төменде аталған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде:
1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсуі ықтимал болса;
5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, танылады.
4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
1) кредит берушінің салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы;
2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредит беруші талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған;
2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредит беруші міндеттемені есептен шығарған;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына таратудың салықтық есептілігі тапсырылған;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қою мерзімі өткен;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есептілік кезеңде танылады.
6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстандағы қолданыстағы бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды.
7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер деп таныған салық кезеңінде танылады.
8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетуі басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетуіне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.
9. Салық кезеңі үшін алуға жататын (алынған) табыс есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып танылады.
10. Талап ету құқығын беруден түсетін табыс:
1) талап ету құқығын сатып алатын дара кәсіпкер үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы берілген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс сатып алынған талапты борышкер өтеген салық кезеңінің табысы болып табылады;
2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс беру жүргізілген салық кезеңінің табысы болып табылады.
11. Заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылатын дара кәсіпкер осы Кодекстің 80-бабының ережелерін ескере отырып, салық есебін жүргізеді.
12. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салық кезеңінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс болып табылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлік алынған салық кезеңінде танылады.
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.
13. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі табыс мұндай өтем алынған салық кезеңінде танылады.
Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің табысы мұндай есепке жатқызу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Ескерту. 61-тарау 427-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).428-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары
1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.
3. Арнаулы салық режимiн:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің;
3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің;
4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалардың;
5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;
6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен, не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді;
7) коммерциялық емес ұйымдардың;
8) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
9) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
4. Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн:
1) акцизделетін тауарларды өндiруге;
2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
3) мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
4) лотереялар өткізуге;
РҚАО-ның ескертпесі!4-тармақты 4-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
5) жер қойнауын пайдалануға;
6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
7) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
9) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметке;
10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;
11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке қолдануға құқығы жоқ.
5. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарының мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті табысы:
1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізуге және жарғылық капиталға беруге байланысты туындайтын, осы Кодекстің 180-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі табыстардан;
3) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын табыстан тұрады.
6. Осы Кодекстің 433-бабының мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті табысы:
1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын жылдық жиынтық табыстан тұрады.
Ескерту. 428-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
429-бап. Қолдану шарттары
Патент негізінде арнаулы салық режімін осы Кодекстің 428-бабы және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін:
1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
РҚАО-ның ескертпесі!429-бапты 4) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 429-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
430-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
431-бап. Қолдану тәртібі
1. Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) ұсынады.
Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін;
3) кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн болып табылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін есеп-қисап тапсырылған айдан кейінгі айдың бірінші күні патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану мерзімі басталатын күн және патенттің қолданылу мерзімінің басталатын күні болып табылады.
2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.
Патент құны осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.
Патент құны банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, төлем құжатының деректемелері сұрау салуда көрсетілген кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталында қалыптастырылатын "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің хабарламасы электрондық нысанда табыс етілетін есеп-қисапқа қоса беріледі.
Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс етіледі.
Электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салықтар және төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді.
Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.
Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады.
3. Патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруы үшін осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салық өтінішін орналасқан жері бойынша салық органына тапсырады.
4. Патенттің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкерлер патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етедi.
Бұл ретте:
1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күн салық төлеушi таңдаған жалпыға бірдей белгiленген тәртiпті немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастайтын күн болып табылады.
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, оның ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні салық төлеушi таңдаған жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
6. Патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкерлер шарттармен сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне көшу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.
Бұл ретте:
1) мұндай шарттар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) мұндай шарттар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
7. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 429-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі фактiсiн анықталған кезде, мұндай салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында осындай сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейін салық төлеушіге осы Кодекстің 607 және 608-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді.
Бұл ретте:
1) мұндай сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдындағы болып табылатын айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) мұндай сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
Ескерту. 431-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.432-бап. Патент құнын есептеу
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Патент құнына дара кәсіпкердің жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының төленуге жататын сомалары қосылады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Патент құнына қосылатын дара кәсіпкердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
3. Егер осы Кодекстің 431-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Ескерту. 432-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
433-бап. Қолдану шарттары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:
1) дара кәсіпкерлер үшiн:
дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.
Ескерту. 433-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.434-бап. Салық кезеңi
Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.
Ескерту. 434-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.435-бап. Қолдану тәртібі
1. Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны:
1) жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының бірінші күніне дейін;
3) патент негізінде арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:
патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
өзге жағдайларда – патенттің қолданылу немесе салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
4) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:
осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен кейінгі күн;
осы Кодекстің 431-бабының 5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
осы Кодекстің 431-бабының 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні болып табылады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, оның ішінде салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер шарттарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге салық режіміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
Ескерту. 435-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу
1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.
3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 436-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері
1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
РҚАО-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары көрсетіледі.
Ескерту. 437-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 25.12.2017 № 122-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
438-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) тәртібі
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргiзiледi.
Ескерту. 438-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 62-тарау. ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ
439-бап. Жалпы ережелер
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
4) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ – 5 000 га;
2-аумақтық аймақ – 3 500 га;
3-аумақтық аймақ – 1 500 га;
4-аумақтық аймақ – 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймаққа бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Атырау, Маңғыстау облыстарының жері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жері.
Шаруа немесе фермер қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әртүрлі аумақтық аймақтарда болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерлерінен аспауға тиіс;
2) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетін тауарларды өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
Ескерту. 439-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.440-бап. Салық кезеңі
Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
441-бап. Қолдану тәртібі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.
Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін таңдауды осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл ретте:
жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;
салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режімін қолдануды бастау күні болып табылады.
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайларда дара кәсіпкерлер сәйкессiздiк шарттары туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген шарттарға сәйкессіздік фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiбередi.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
Ескерту. 441-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.442-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;
2) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
2-1) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды;
3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны;
4) осы Кодекстің 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында аталған салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын;
5) осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті.
4. Осы Кодекстің 441-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушінің жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
Ескерту. 442-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.443-бап. Салық салу объектiсі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.
Ескерту. 443-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.444-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі:
Ррет № |
Жер учаскелерінің алаңы (гектар) |
Салық мөлшерлемесі |
1 |
2 |
3 |
1. |
500-ге дейін |
0,15 % |
2. |
501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда |
500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3 % |
3. |
1001-ден 1500-ге дейін қоса алғанда |
1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,45 % |
4. |
1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда |
1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,6 % |
5. |
3000-нан жоғары |
3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,75 % |
Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2% мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын жер учаскесін жер пайдалану құқығында иеленудің нақты кезеңі үшін есептейді.
Жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалау құны жер учаскесін бағалау құнын он екіге бөлу және жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен айқындалады.
Шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін иеленудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.
Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
Жалға берушінің бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.
Ескерту. 444-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.445-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшелiктерi
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.
Ескерту. 445-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі!
446-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттiтөлемдердiң жекелеген түрлерiн төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мерзiмдерi
Ескерту. 446-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мынадай тәртіппен:
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;
2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.
2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 446-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.447-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын табыс ету мерзімдері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
447-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары көрсетіледі.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Ескерту. 447-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы
кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
Ескерту. 63-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
448-бап. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер болып табылатын шаруа немесе фермер қожалықтары және заңды тұлғалар (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер), сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі — арнаулы салық режимі);
2) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері осы режимді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режим кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданылады.
Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралы салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:
ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;
өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;
осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, сондай-ақ осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді дайындау, сақтау және өткізу;
осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;
агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);
агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруі мемлекеттік кірістер органдарына корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылатын тізбеде көрсетіледі.
1-1. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және омарта шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
2. Осы тараудың мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының төртінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын ауыл шаруашылығы кооперативтері жатады.
Осы баптың мақсатында қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
Егер осы арнаулы салық режимін қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттар орындалмаса, салық төлеуші:
1) корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
3. Мыналардың:
1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
2) еншілес ұйымдары бар заңды тұлғаның;
3) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);4) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережесі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды.
4. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетін тауарларды өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылмайды.
Салық төлеушілер осы арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
Ескерту. 448-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз) Заңдарымен.449-бап. Салық кезеңi
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралы салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 159, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 449-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).450-бап. Қолдану шарттары
1. 01.12.2017 бастап 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № № 122-VI Заңымен.
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеушi қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны ұсынуға міндеттi.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама тапсырылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
3. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, салық төлеушi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына ұсынады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
4. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде осы салық төлеушіні жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте, сәйкес келмеу фактiсi камералдық бақылау барысында анықталған жағдайда, салық органдары салық төлеушiге жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануды бастау күні болып табылады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушiнiң жалпыға бірдей белгіленген тәртіп немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастаған күннен бері алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
Ескерту. 450-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз) Заңдарымен.451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі
Ескерту. 451-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.
2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту сондай-ақ:
1) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде;
2) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылады.
3. Осы бапты қолдану кезінде бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында:
1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып түсуi) болмаған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсуі болған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсу сомасынан асып түсуі 70 пайызға азайтылуға жатады.
Ескерту. 451-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.452-бап. Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмдерi
Осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу және олар бойынша салық есептiлiгін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 452-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 19-БӨЛІМ. БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР
64-тарау. ТІРКЕУ АЛЫМДАРЫ
453-бап. Жалпы ережелер
1. Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 455-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
2. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
3. Осы Кодекстің 583-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Ескерту. 453-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.454-бап. Алым төлеушілер
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер тіркеуші органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезінде алымдарды дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
Ескерту. 454-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.455-бап. Салық салу объектісі
Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:
1) мыналарды:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды;
жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды;
көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені;
теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);
2) осы баптың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.
Ескерту. 455-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.456-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
Рет |
Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері |
Мөлшерлемелер (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
1.1 |
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
1.1.1. |
заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін |
6,5 |
1.1.2. |
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін |
2 |
1.1.3. |
саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін |
14 |
1.2 |
бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
1.2.1. |
мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін |
1 |
1.2.2. |
қайта тіркегені үшін |
0,5 |
1.3 |
балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
1.3.1. |
мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) |
2 |
1.3.2. |
қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін: |
1 |
1.4 |
Алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. | |
2. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
2.1. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
2.2. |
Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
3. |
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
3.1 |
мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін: | |
3.1.1. |
пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға |
0,5* |
3.1.2. |
көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа |
8* |
3.1.3. |
гараждарға |
0,5* |
3.1.4. |
мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар): | |
3.1.4.1. |
бір объект |
10* |
3.1.4.2. |
екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер |
15* |
3.1.4.3. |
алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер |
20* |
3.1.4.4. |
оннан көп жеке тұрған объектілер |
25* |
3.2 |
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін: | |
3.2.1. |
көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін |
1 |
3.3. |
жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін |
0,5* |
3.4. |
сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін |
0,5 |
3.5. |
кондоминиум объектісін тіркегені үшін |
1 |
3.6. |
ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін |
0,25* |
3.7. |
құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін |
0,25* |
3.8. |
жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін |
0,25* |
3.9. |
құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін |
0,25* |
3.10. |
міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін |
0,25* |
3.11. |
құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін |
0,25* |
3.12. |
жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін |
0,5* |
3.13. |
құқықтық талап етуді тіркегені үшін |
0,25 |
3.14. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (туындататын) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені (ауыртпалығын тоқтатқаны) үшін |
0 |
3.14-1. |
осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқық ауыртпалығын (ауыртпалықты тоқтатуды) тіркегені үшін |
0 |
3.15. |
мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін |
0 |
3.15-1. |
осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқықты тіркегені үшін |
0 |
3.16. |
жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін |
0 |
3.17 |
мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін |
0 |
3.18 |
жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін |
0,25 |
4. |
жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін |
- |
4.1. |
жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарылып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін: |
- |
4.1.1. |
жеке тұлғалардан |
1 |
4.1.2. |
заңды тұлғалардан |
5 |
4.2. |
жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін |
0,5 |
5. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
5.1. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
5.2. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
5.3. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
5.4. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
5.4.1. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
5.4.2. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
6. |
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
6.1. |
мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
6.1.1. |
механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені |
0,25 |
6.1.2. |
теңіз кемелерін |
60 |
6.1.3. |
өзен кемелерін |
15 |
6.1.4. |
шағын флот кемелерін: | |
6.1.4.1. |
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді |
3 |
6.1.4.2. |
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді |
2 |
6.1.4.3. |
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді |
1,5 |
6.1.5. |
азаматтық әуе кемелерін |
7 |
6.1.6. |
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды |
14 |
6.1.7. |
қалалық рельстік көлік |
0,25 |
6.1.8 |
теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам |
0,25 |
6.2. |
мыналарды: | |
6.2.1. |
механикалық көлік құралын немесе тіркемені |
0,25 |
6.2.2. |
теңіз кемелерін |
30 |
6.2.3. |
өзен кемелерін |
7,5 |
6.2.4. |
шағын флот кемелерін: | |
6.2.4.1. |
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді |
1,5 |
6.2.4.2. |
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді |
1 |
6.2.4.3. |
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді |
0,75 |
6.2.5. |
азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін |
7 |
6.2.6. |
қалалық рельстік көлік |
0,25 |
6.2.7. |
теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам |
0,25 |
6.3. |
мыналардың: | |
6.3.1. |
механикалық көлік құралының немесе тіркеменің |
0,25 |
6.3.2. |
теңіз кемелерінің |
15 |
6.3.3. |
өзен кемелерінің |
3,75 |
6.3.4. |
шағын флот кемелерінің: | |
6.3.4.1. |
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді |
0,75 |
6.3.4.2. |
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді |
0,5 |
6.3.4.3. |
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді |
0,38 |
6.3.5. |
азаматтық әуе кемелерінің |
3,5 |
6.3.6. |
ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін |
3,5 |
6.3.7. |
қалалық рельстік көлік |
0,25 |
6.3.8. |
теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам |
0,25 |
6.4. |
механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін: | |
6.4.1. |
гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары үшін: | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін |
0,25 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін |
25 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары |
250 | |
6.4.2. |
электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары үшін: | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін |
0,25 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін |
50 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары |
500 | |
6.4.3. |
М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары үшін: | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін |
0,25 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін |
240 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін |
350 | |
шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары |
2500 | |
7. |
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
7.1. |
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркегені үшін |
11 |
7.2. |
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркегені үшін |
5 |
7.3. |
мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: |
0,7 |
8. |
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегені үшін: | |
8.1. |
авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркегені үшін |
3 |
8.2. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
8.2.1. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
8.2.2. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
8.3. |
мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін |
2 |
9. |
Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қойғаны үшiн: | |
9.1. |
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы |
2 |
9.2. |
өзге тақырыптағы |
5 |
9.3. |
мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | |
9.3.1. |
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы |
1,6 |
9.3.2. |
өзге тақырыптағы |
4 |
Ескерту:
* Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жылдамдатылған тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 456-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 N 356-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.457-бап. Алымдарды төлеуден босату
Алымдарды төлеуден мыналар:
1) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
1-1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу кезінде;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
бөлек тұратын зейнеткерлер;
оралмандар;
кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым;
3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
оралмандар;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым;
4) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі);
5) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
оралмандар;
кәмелетке толмағандар босатылады.
Ескерту. 457-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (11.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.458-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбі
1. Алымдардың сомалары белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымдардың төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды тапсырмағанын растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Ескерту. 458-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 65-тарау. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУМАҒЫМЕН ЖҮРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
459-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;
3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады.
4) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру тәртібін көлік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Ескерту. 459-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.460-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстiң 459-бабында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
461-бап. Алым мөлшерлемелері
1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша — АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшін - АЕК-тің 20 еселенген мөлшері;
4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым мөлшерлемесі мынаны қамтиды:
автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының жол берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есеп-қисапты, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргiзiледi;
автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есеп-қисап, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
1-кесте
Рет N | Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-пен | Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 5,0%-ке дейін қоса алғанда | 0,011 |
2. | 5,0%-тен 10,0%-ке дейін қоса алғанда | 0,014 |
3. | 10,0%-тен 20,0%-ке дейін қоса алғанда | 0,190 |
4. | 20,0%-тен 30,0%-ке дейін қоса алғанда | 0,380 |
5. | 30,0%-тен 50%-ке дейін қоса алғанда | 0,500 |
6. | 50%-тен жоғары | 1,0 |
автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің жол берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есеп-қисап, бұл автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
2-кесте
Рет N | Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен | Жол берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Биіктігі: | |
1.2. | 4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда | 0,009 |
1.3. | 4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда | 0,018 |
1.4. | 5-тен жоғары | 0,036 |
2. | Ені: | |
2.1. | 2,55-тен (изометрикалық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда | 0,009 |
2.2. | 3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда | 0,019 |
2.3. | 3,75-тен жоғары | 0,038 |
3. | Ұзындығы: | |
3.1. | жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда) | 0,004 |
2. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 461-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.462-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін бюджетке төленеді.
Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаты алынғанға дейін рұқсат құжаты алынған жер бойынша бюджетке төленеді.
Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
3. Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерiнде не өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргізіледi.
4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкiлерiне көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның сәйкестендіру нөмірі қойылады.
6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
7. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 462-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.66-тарау. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
463-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.
Ескерту. 463-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.464-бап. Алым төлеушiлер
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
465-бап. Алым алу объектiсi
1. Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
2. Мыналардан:
1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан;
3) мыналарды:
салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;
кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу;
салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;
соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;
5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;
6) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;
8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан;
9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.
Ескерту. 465-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.466-бап. Алым мөлшерлемесі
Алым мөлшерлемесі 3 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 466-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.467-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне мөлшерлеме қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 467-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.468-бап. Салық декларациясы
1. Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, өзі орналасқан жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етеді.
2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешіктірмей өзі орналасқан жердегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
Ескерту. 468-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі). 67-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫ
ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ
469-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.
2. Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.
3. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
470-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстің 472-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алатын, сондай-ақ лицензия алған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Ескерту. 470-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.471-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және мыналарды құрайды:
Рет |
Лицензияланатын қызмет түрлері |
Алым мөлшерлемелері, АЕК-пен |
1 |
2 |
3 |
1. |
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері: | |
1.1. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.2. |
Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін (технологиялық) жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін (технологиялық) жобалау, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану |
10 |
1.3. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.4. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.5. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.6. |
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу |
10 |
1.7. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.8. |
Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
1.9. |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау |
100 |
1.10. |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу |
50 |
1.11. |
Радиоактивті заттармен, радиоактивті заттары бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
10 |
1.12. |
Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
5 |
1.13. |
Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
5 |
1.14. |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу |
50 |
1.15. |
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау |
50 |
1.16. |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет |
10 |
1.17. |
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау |
10 |
1.18. |
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау |
5 |
1.19. |
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою |
10 |
1.20. |
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану |
10 |
1.21. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.22. |
Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау |
3 |
1.22-1. |
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет |
6 |
1.23. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.24. |
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
20 |
1.25. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.26. |
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) |
9 |
1.27. |
Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу |
20 |
1.28. |
Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету |
20 |
1.29. |
Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу |
22 |
1.30. |
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу |
22 |
1.31. |
Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу |
22 |
1.32. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.33. |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау |
10 |
1.33-1. |
Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
1.34. |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану |
10 |
1.34-1. |
Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
1.35. |
Ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызмет |
186 |
1.36. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.37. |
Байланыс саласында қызмет көрсету |
6 |
1.38. |
Білім беру қызметі |
10 |
1.39. |
Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет |
6 |
1.40. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.41. |
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету |
10 |
1.42. |
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.43. |
Медициналық қызмет |
10 |
1.44. |
Фармацевтикалық қызмет |
10 |
1.45. - 1.45-5. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.46. |
Адвокаттық қызмет |
6 |
1.47. |
Нотариат қызметі |
6 |
1.47-1. |
Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет |
6 |
1.48. |
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) |
6 |
1.49. |
Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау |
6 |
1.50. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.51. |
Аудиторлық қызмет |
10 |
1.52. |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету |
50 |
1.53. |
Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 496-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
1.54. |
Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы |
6 |
1.55. - 1.57. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.58. |
Туроператорлық қызмет |
10 |
1.59. |
Ветеринария саласындағы қызмет |
6 |
1.60. |
Сот-сараптама қызметі |
6 |
1.61. |
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру |
10 |
1.62. |
Банк операциялары |
80(40)* |
1.63. |
Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар |
80 |
1.64. |
Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет |
50 |
1.65. |
Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет |
50 |
1.66. |
Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет |
20 |
1.67. |
Сақтандыру брокерінің қызметі |
30 |
1.68. |
Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет |
5 |
1.69. |
Брокерлік қызмет |
30 |
1.70. |
Дилерлік қызмет |
30 |
1.71. |
Алынып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз). | |
1.72. |
Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет |
30 |
1.73. |
Алынып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз). | |
1.74. |
Кастодиан қызметі |
30 |
1.75. |
Трансфер-агенттік қызмет |
10 |
1.76. |
Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
10 |
1.77. |
Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі |
40 |
1.78. |
Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
1.79. |
Іздестіру қызметі |
10 |
1.80. |
Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
10 |
1.81. |
Жобалау қызметі |
10 |
1.82. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.83. |
Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
10 |
1.84. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау |
10 |
1.85. |
Этил спиртінің өндірісі |
3000 |
1.86. |
Сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі |
3000 |
1.87. |
Сыра және сыра сусынының өндірісі |
2000 |
1.88. |
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін |
200 |
1.88-1. |
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін: |
|
1.89. |
Темекі бұйымдарын өндіру |
500 |
1.90. | Алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV Заңымен. | |
1.91. |
Тауарлардың экспорты мен импорты |
10 |
1.92. |
Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету |
10 |
1.93. |
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | |
1.94. |
Ойын бизнесі саласындағы қызмет: | |
казино мен ойын автоматтары залы үшін жылына |
3 845 | |
тотализатор мен букмекерлік кеңсе үшін жылына |
640 | |
1.95. |
Тауар биржалары саласындағы қызмет: | |
тауар биржасы үшін |
10 | |
биржа брокері үшін |
5 | |
биржа дилері үшін |
5 | |
1.96. |
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның |
22 |
2. |
Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: | |
2.1. |
тауарлардың экспорты мен импортына лицензияның телнұсқасын беруді қоспағанда, барлық қызмет түрлері үшін |
лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-і |
2.2. |
тауарлардың экспорты мен импортына |
1 |
3. |
Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер: | |
3.1. |
тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензиялардың барлық түрлері үшін |
лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-і, бірақ 4 АЕК-тен артық емес |
3.2. |
тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін |
1 |
Ескерту:
* банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері:
екінші деңгейдегі банктер үшін – АЕК-тің 80 еселенген мөлшері;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЕК-тің 40 еселенген мөлшері.
Ескерту. 471-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.16 N 186-IV, 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - өздерінің орналасқан жері бойынша және жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша тиiстi құжаттарды лицензиарға бергенге дейiн бюджетке төленедi.
2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
3. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 қаңтарға дейін төлейді.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді.
4. Мынадай:
1) алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды аталған тұлғаның лицензия алуға құжаттарды табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша олар төленген жердегі салық органы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2) алым осы Кодекстің 471-бабы кестесінің 1.88 және 1.88-1-жолдарында көрсетілген қызметпен айналысу құқығы үшiн қате немесе артық төленген жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте қате немесе артық төленген алым сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төленген жердегі салық органы осы Кодекстің 599, 601 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Ескерту. 472-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 68-тарау. ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ҰЙЫМДАРЫНА
РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
473-бап. Жалпы ережелер
1. Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi – рұқсат) берген кезде ұқсас сигнал арқылы қызметті жүзеге асыратын телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) алынады.
Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртiбiн байланыс саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің белдеулері (номиналдары) конкурс өткізбей бөлінеді.
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын алымның есебiне жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Ескеру. 473-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.474-бап. Алым төлеушiлер
1. Осы Кодекстiң 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.
2. Өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.
475-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:
Рет |
Қолдану/радиожиілік өрісі |
Халық саны (мың адам) |
Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) |
Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін: |
| ||
1.1. |
Телевизия/метрлiк |
| ||
1.1.2. |
10-ға дейiн қоса алғанда |
100-гe дейiн қоса алғанда |
20 | |
1.1.3. |
10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда |
500-ге дейiн қоса алғанда |
41 | |
1.1.4. |
10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда |
500-ден астам |
83 | |
1.1.5. |
50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда |
1000-ғa дейiн қоса алғанда |
124 | |
1.1.6. |
50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда |
1000-нан астам |
249 | |
1.1.7. |
100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда |
1000-ғa дейiн қоса алғанда |
290 | |
1.1.8. |
100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда |
1000-нан астам |
435 | |
1.1.9. |
200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда |
2000-ғa дейiн қоса алғанда |
828 | |
1.1.10. |
200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда |
2000-нан астам |
1243 | |
1.1.11. |
500-ден астам |
5000-ға дейін қоса алғанда |
2367 | |
1.1.12. |
500-ден астам |
5000-нан астам |
3550 | |
1.2. |
Телевизия/дециметрлiк | |||
1.2.1. |
10-ға дейiн қоса алғанда |
100-гe дейiн қоса алғанда |
13 | |
1.2.2. |
10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда |
500-ге дейiн қоса алғанда |
26 | |
1.2.3. |
10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда |
500-ден астам |
52 | |
1.2.4. |
50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда |
1000-ғa дейiн қоса алғанда |
78 | |
1.2.5. |
50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда |
1000-нан астам |
155 | |
1.2.6. |
100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда |
1000-ғa дейiн қоса алғанда |
181 | |
1.2.7. |
100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда |
1000-нан астам |
272 | |
1.2.8. |
200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда |
2000-ғa дейiн қоса алғанда |
518 | |
1.2.9. |
200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда |
2000-нан астам |
777 | |
1.2.10. |
500-ден астам |
5000-ға дейін қоса алғанда |
1479 | |
1.2.11. |
500-ден астам |
5000-нан астам |
2219 | |
1.3. |
Радио хабарларын тарату/УҚT ЧМ(FМ) | |||
1.3.1. |
10-ға дейiн қоса алғанда |
100-гe дейiн |
5 | |
1.3.2. |
10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда |
500-ге дейiн қоса алғанда |
9 | |
1.3.3. |
10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда |
500-ден астам |
18 | |
1.3.4. |
50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда |
1000-ғa дейiн қоса алғанда |
27 | |
1.3.5. |
50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда |
1000-нан астам |
53 | |
1.3.6. |
100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда |
1000-ғa дейiн қоса алғанда |
62 | |
1.3.7. |
100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда |
1000-нан астам |
93 | |
1.3.8. |
200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда |
2000-ғa дейiн қоса алғанда |
178 | |
1.3.9. |
200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда |
2000-нан астам |
266 | |
1.3.10. |
500-ден астам |
5000-ға дейін қоса алғанда |
488 | |
1.3.11. |
500-ден астам |
5000-нан астам |
732 | |
1.4. |
Радио хабарларын тарату/ҚТ, ОТ, ҰТ | |||
1.4.1. |
500-ден астам |
100-гe дейiн қоса алғанда |
5 | |
1.4.2. |
500-ден астам |
100-ден 1000-ға дейін қоса алғанда |
15 | |
1.4.3. |
500-ден астам |
1000-нан 10000-ға дейін қоса алғанда |
30 | |
1.4.4. |
500-ден астам |
10000-нан 100000-ға дейін қоса алғанда |
45 | |
1.4.5. |
500-ден астам |
100000-нан бастап |
89 | |
2. |
Рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемесі |
|
2 |
Ескерту. 475-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
476-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленедi.
2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.
Ескерту. 476-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 68-1-тарау. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін
алым
Ескерту. Кодекс 68-1-тараумен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
476-1-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алымды (бұдан әрі – алым) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақтың жарамдылығын, тікұшақ айлағының жарамдылығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган алады.
2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық органдарына өзінің орналасқан жері бойынша алым төлеушілер туралы және салық салынатын объектілер туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
Ескерту. 476-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).476-2-бап. Алым төлеушілер
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің мүдделеріне орай азаматтық авиация саласында сертификаттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер осындай құрылымдық бөлімшенің мүдделерінде азаматтық авиация саласында сертификаттауды жасаған кезде дербес алым төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
476-3-бап. Алым мөлшерлемелері
1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, бос әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.
2. Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с№ |
Сертификаттау түрі |
Пайдаланушының штат (адам) саны |
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін: | ||
1.1. |
қоса алғанда 50 адамға дейін |
1144 | |
1.2. |
51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін |
1232 | |
1.3. |
201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін |
1272 | |
1.4. |
401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін |
1319 | |
1.5. |
601 адамнан қоса алғанда |
1363 | |
1.6. |
1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін |
1407 | |
1.7. |
2001 адамнан астам |
1458 | |
2. |
Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін: | ||
2.1. |
қоса алғанда 50 адамға дейін |
78 | |
2.2. |
51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін |
831 | |
2.3. |
201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін |
871 | |
2.4. |
401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін |
918 | |
2.5. |
601 адамнан қоса алғанда |
962 | |
2.6. |
1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін |
1006 | |
2.7. |
2001 адамнан астам |
1057 |
3. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с |
Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы) |
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) | |
1 |
2 |
3 | |
1. |
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін: | ||
1.1. |
ұшақтың ұшуға жарамдылығы | ||
1.1.1. |
136000 килограмнан астам |
450 | |
1.1.2. |
75000 килограмнан астам, қоса алғанда 136000 килограмға дейін |
437 | |
1.1.3. |
2 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін |
328 | |
1.1.4. |
3 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін |
364 | |
1.1.5. |
4 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін |
401 | |
1.1.6. |
2 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін |
291 | |
1.1.7. |
3 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін |
328 | |
1.1.8. |
4 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін |
364 | |
1.1.9. |
5700 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін |
54 | |
1.1.10. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.1.11. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.1.12. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.2. |
тікұшақтың ұшуға жарамдылығы | ||
1.2.1. |
10000 килограмнан астам |
145 | |
1.2.2. |
1 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін |
91 | |
1.2.3. |
2 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін |
127 | |
1.2.4. |
1 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін |
54 | |
1.2.5. |
2 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін |
72 | |
1.2.6. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.2.7. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.2.8. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.2.9. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.2.10. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
1.2.11. |
Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. | ||
2. |
Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін: | ||
2.1. |
ұшақ |
10 000 | |
2.2. |
тікұшақ |
5 000 | |
2.3. |
басқа да ұшу аппараттары |
1 000 | |
3. |
Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау: | ||
3.1. |
ұшақ |
10 | |
3.2. |
тікұшақ |
20 | |
3.3. |
басқа да ұшу аппараттары |
5 |
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с |
Қолданылу саласы |
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны |
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі | |
1 |
2 |
3 |
4 | |
1. |
Жекелеген типтегі әуе кемелеріне шұғыл техникалық қызмет көрсету, оның ішінде ағымдағы жөндеу, ақауларды жою, агрегаттар мен жабдықтаушы бұйымдарды ауыстыру: | |||
1.1. |
10 адамға дейін |
346 | ||
1.2. |
11 адамнан 40 адамға дейін |
364 | ||
1.3. |
41 адамнан 70 адамға дейін |
382 | ||
1.4. |
71 адамнан 100 адамға дейін |
400 | ||
1.5. |
101 адамнан 150 адамға дейін |
419 | ||
1.6. |
151 адамнан 200 адамға дейін |
437 | ||
1.7. |
201 адамнан астам |
455 | ||
2. |
Жекелеген типтегі әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету, оның ішінде авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарын ауыстыру, оларды ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы қызмет көрсету, авиациялық техникаға сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету: | |||
2.1. |
10 адамға дейін |
418 | ||
2.2. |
11 адамнан 40 адамға дейін |
436 | ||
2.3. |
41 адамнан 70 адамға дейін |
454 | ||
2.4. |
71 адамнан 100 адамға дейін |
472 | ||
2.5. |
101 адамнан 150 адамға дейін |
491 | ||
2.6. |
151 адамнан 200 адамға дейін |
509 | ||
2.7. |
201 адамнан астам |
527 | ||
3. |
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, зертхана жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету |
218 | ||
4. |
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелері және олардың агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұлжытпай бақылау әдістерін қолдану |
145 | ||
5. |
Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары): | |||
5.1. |
10 адамға дейін |
47 | ||
5.2. |
11 адамнан 40 адамға дейін |
69 | ||
5.3. |
41 адамнан 70 адамға дейін |
272 | ||
5.4. |
71 адамнан 100 адамға дейін |
290 | ||
5.5. |
101 адамнан 150 адамға дейін |
309 | ||
5.6. |
151 адамнан 200 адамға дейін |
327 | ||
5.7. |
201 адамнан астам |
345 | ||
6. |
Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) |
145 | ||
7. |
Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау |
218 | ||
8. |
Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу: | |||
8.1. |
10 адамға дейін |
528 | ||
8.2. |
11 адамнан 40 адамға дейін |
546 | ||
8.3. |
41 адамнан 70 адамға дейін |
564 | ||
8.4. |
71 адамнан 100 адамға дейін |
582 | ||
8.5. |
101 адамнан 150 адамға дейін |
601 | ||
8.6. |
151 адамнан 200 адамға дейін |
619 | ||
8.7. |
201 адамнан астам |
637 |
5. Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Әуеайлақ сыныбы (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған | 1349 |
2. | А немесе Б немесе В сыныбы /І санат | 1604 |
3. | А немесе Б немесе В сыныбы /ІІ немесе ІІІ санат | 2078 |
6. Тікұшақ айлағының жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Тікұшақ айлағының типі | Тікұшақ айлағының сыныбы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жер беті деңгейінде орналасқан | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 364 |
2. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 419 | |
3. | Жабдықталған I, II, III сынып | 510 | |
4. | Жерден сәл биікте | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 328 |
5. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 382 | |
6. | Жабдықталған I, II, III сынып | 437 | |
7. | Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 255 |
8. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 309 | |
9. | Жабдықталған I, II, III сынып | 328 |
7. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с |
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің тексеріп қарау бөлімшесінің штат саны |
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі(АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
251 және одан көп адам |
235 |
2. |
201 адамнан 250 адамға дейін |
224 |
3. |
151 адамнан 200 адамға дейін |
213 |
4. |
101 адамнан 150 адамға дейін |
202 |
5. |
51 адамнан 100 адамға дейін |
191 |
6. |
50 адамға дейін |
180 |
9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 201 және одан көп адам | 12 600 |
2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
6. | 10 адамға дейін | 180 |
Ескертпе: сертификаттың қызмет саласы кеңейтілген кезде | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінің 10%-ы |
10. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 476-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
476-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі
1. Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган сертификаттаудан өткізгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті өтінім бергенге дейін сертификаттаудан өтуден алымдарды төлеген адамдар бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды салық органы сертификаттауды жүргізуге аталған тұлғаның өтінім бермегенін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжатты оларға ұсынғаннан кейін алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оларды төлеу орны бойынша жүргізеді.
68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым
Ескерту. Кодекс 68-2-тараумен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым (бұдан әрі – алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту (бұдан әрі – рұқсат) туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, рұқсатты алған және ұзартқан жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алатын немесе ұзартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды.
476-7-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
476-8-бап. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында рұқсат алынғанға немесе ұзартылғанға дейін жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Алым төлеген тұлғалар рұқсатты алудан немесе ұзартудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды оларды төлеген жердегі салық органы рұқсаттарды беруден және (немесе) ұзартудан бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген құжатты алымды төлеуші ұсынғаннан кейін оның салықтық өтініші бойынша осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
69-тарау. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
477-бап. Жалпы ережелер
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.
2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленедi.
3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.
478-бап. Төлемақы төлеушiлер
1. Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша орналасқан салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Мыналар:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Ескерту. 478-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.479-бап. Салық салу объектісі
Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.
480-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстiң 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелердi есептемегенде, төлемақы мөлшерлемелері жер салығы мөлшерлемелерінің мөлшерiнен кем белгiленбейдi.
481-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
2. Салық кезеңiнде төленуге жататын төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы мөлшерлемелеріне және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негізге ала отырып айқындалады.
3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгiленбейдi.
4. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен төлейдi.
Мемлекет жер учаскелерiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 25-і бюджетке төлеу мерзiмi болып есептеледi.
6. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.
Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрілмей жүргізіледі.
7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.
8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленеді.
9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
Ескерту. 481-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.482-бап. Салық кезеңi
Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
483-бап. Салық есептiлiгi
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 20-cынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бiрге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi табыс етiледi.
Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Ескерту. 483-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 70-тарау. ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН
ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
484-бап. Жалпы ережелер
1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
4. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Ескерту. 484-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.485-бап. Төлемақы төлеушiлер
Мынадай:
1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
4) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 485-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.486-бап. Салық салу объектiлерi
1. Мыналар салық салу объектiлері болып табылады:
1) мыналарды:
бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған су шығындарын;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2. Төлемақы кеме тiркемесiнсiз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.
Ескерту. 485-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.487-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.
2. Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелері осындай асып кеткен бөлiгінде бес есе ұлғайтылады.
Ескерту. 487-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.488-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып, төлеушiлер дербес есептейді.
2. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешiктiрмей бюджетке төлейді.
3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.
Ескерту. 488-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.489-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшелiктерi
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.
2. Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтiн құрылыстары бар су объектілерінде су көліктерімен тасымалдау көлеміне жүк тасымалының тонна/километрі үшiн төлемақы төлейдi.
3. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттеріне жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге су алу лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп кәсіпорындары үшiн белгiленген мөлшерлемелер бойынша айқындалады.
490-бап. Салық кезеңi
Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
491-бап. Салық есептiлiгi
1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.
2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей декларация табыс етедi.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейдi.
4. Декларациялар салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.
71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
492-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.
2. Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, орналастырудың нақты кезеңі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады.
Ескерту. 492-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.493-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссия бойынша – бірыңғай жер салығын төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 493-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.494-бап. Салық салу объектiсi
Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластаушы заттар шығарындыларының;
2) ластаушы заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;
4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Ескерту. 494-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.495-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет |
Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Күкірт тотықтары |
10 | |
2. |
Азот тотықтары |
10 | |
3. |
Шаң және күл |
5 | |
4. |
Қорғасын және оның қосындылары |
1993 | |
5. |
Күкіртсутек |
62 | |
6. |
Фенолдар |
166 | |
7. |
Көмірсутектер |
0,16 | |
8. |
Формальдегид |
166 | |
9. |
Көміртегі тотықтары |
0,16 | |
10. |
Метан |
0,01 | |
11. |
Күйе |
12 | |
12. |
Темір тотықтары |
15 | |
13. |
Аммиак |
12 | |
14. |
Алты валентті хром |
399 | |
15. |
Мыс тотықтары |
299 | |
16. |
Бенз(а)пирен |
498,3 |
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет |
Отын түрлері |
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Этилденбеген бензин үшін |
0,33 |
2. |
Дизель отыны үшін |
0,45 |
3. |
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін |
0,24 |
5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет |
Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Нитриттар |
670 |
2. |
Мырыш |
1340 |
3. |
Мыс |
13402 |
4. |
Оттегіне биологиялық сұраныс |
4 |
5. |
Тұзды аммоний |
34 |
6. |
Мұнай өнімдері |
268 |
7. |
Нитраттар |
1 |
8. |
Жалпы темір |
134 |
9. |
Сульфаттар (анион) |
0,4 |
10. |
Өлшенген заттар |
1 |
11. |
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар |
27 |
12. |
Хлоридтер (анион) |
0,1 |
13. |
Алюминий |
27 |
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с |
Қалдықтардың түрлері |
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін |
1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. |
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) |
0,19 | |
1.2. |
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. |
"қызыл" тізім |
7 | |
1.2.2. |
"жақұт" тізім |
4 | |
1.2.3. |
"жасыл" тізім |
1 | |
1.2.4. |
сыныпталмағандар |
0,45 | |
1.3. |
Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. |
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. |
аршынды жыныстар |
0,002 | |
1.3.1.2. |
жанас таужыныстары |
0,013 | |
1.3.1.3. |
байыту қалдықтары |
0,01 | |
1.3.1.4. |
шлактар, шламдар |
0,019 | |
1.3.2. |
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар |
0,019 | |
1.3.3. |
күл мен күлшлактар |
0,33 | |
1.3.4. |
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы |
0,001 | |
2. |
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. |
Трансуранды |
0,38 | |
2.2. |
Альфа-радиоактивті |
0,19 | |
2.3. |
Бета-радиоактивті |
0,02 | |
2.4. |
Шынақты радиоактивті көздер |
0,19 |
6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК-ті құрайды.
7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:
2-тармақта – 0,3 коэффициенті;
5-тармақта – 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті;
2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.
10. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы бапта белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.
Ескерту. 495-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
496-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және белгіленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып дербес есептейдi.
2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
3. Рұқсат құжаты осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.
5. Төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей енгізедi.
6. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 496-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.497-бап. Салық кезеңi
Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
498-бап. Салық есептiлiгi
1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.
Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.
2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, декларацияны тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей ұсынады.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
5. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 498-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.72-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
499-бап. Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай рұқсаттарды жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін, екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қоспағанда, жергілікті атқарушы орган береді.
3. Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.
4. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5. Мынадай жағдайларда:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып қойып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.
6. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынады.
Ескерту. 499-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.500-бап. Төлемақы төлеушiлер
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
501-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлемақыны төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
2. Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулау кезінде төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Рет N |
Жабайы жануарлардың түрлері |
Төлемақы мөлшерлемесі, бір жеке түрі үшін (АЕК) | |
кәсіпшілік аң аулау |
әуесқойлық және спорттық аң аулау | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Сүтқоректілер | ||
1.1. |
бұлан (еркегі) |
- |
16 |
1.2. |
бұлан (ұрғашысы) |
- |
11 |
1.3. |
бұлан (бір жасар төлі) |
- |
6 |
1.4. |
марал (еркегі) |
- |
13 |
1.5. |
марал (ұрғашысы) |
- |
7 |
1.6. |
марал (бір жасар төлі) |
- |
4 |
1.7. |
аскания бұғысы (еркегі) |
- |
9 |
1.8. |
аскания бұғысы (ұрғашысы) |
- |
5 |
1.9. |
аскания бұғысы (бір жасар төлі) |
- |
3,5 |
1.10. |
елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі) |
- |
4 |
1.11. |
елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы) |
- |
3 |
1.12. |
елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі) |
- |
3 |
1.13. |
елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы) |
- |
2 |
1.14. |
сiбiр тау ешкiсi (еркегі) |
- |
4 |
1.15. |
сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы) |
- |
3,5 |
1.16. |
құдыр |
- |
2 |
1.17. |
қабан (еркегі) |
- |
4 |
1.18. |
қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы) |
- |
3 |
1.19. |
киiк (еркегі) |
4 |
5 |
1.20. |
киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы) |
3 |
4 |
1.21. |
қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы) |
- |
14 |
1.22. |
өзен құндызы, кәмшат (орта азиядағыдан басқасы) |
1 |
2 |
1.23. |
бұлғын |
2 |
4 |
1.24. |
суырлар (мензбир суырынан басқасы) |
0,060 |
0,12 |
1.25. |
ондатр |
0,045 |
0,9 |
1.26. |
борсық, түлкi |
0,10 |
0,20 |
1.27. |
қарсақ |
0,045 |
0,10 |
1.28. |
америка су күзенi |
0,12 |
0,25 |
1.29. |
сiлеусiн (түркiстан сілеусінінен басқасы) |
- |
0,45 |
1.30. |
қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян) |
0,010 |
0,045 |
1.31. |
жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн |
0,020 |
0,35 |
1.32. |
саршұнақ (құм саршұнағы) |
0,015 |
0,025 |
1.33. |
қасқыр |
0 |
0 |
1.34. |
шибөрі |
0 |
0 |
2. |
Құстар | ||
2.1. |
маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) |
0,015 |
0,030 |
2.2. |
саңырау құр |
- |
0,15 |
2.3. |
құр |
- |
0,055 |
2.4. |
гималай ұлары |
- |
0,20 |
2.5. |
қырғауыл |
0,020 |
0,060 |
2.6. |
қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз |
0,020 |
0,045 |
2.7. |
үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық) |
0,010 |
0,020 |
2.8. |
қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ) |
0,005 |
0,010 |
2.9. |
бөдене |
0,005 |
0,010 |
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқасы.
3. Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Рет |
Су жануарларының түрлері |
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
бір дарағы үшін |
бір килограмы үшін | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда: | ||
1.1. |
бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай) |
0,064 | |
1.2. |
майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ |
0 | |
1.3. |
албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус) |
0,017 | |
1.4. |
ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян |
0,012 | |
1.5. |
қаракөз |
0,004 | |
1.6. |
итбалық |
1,93 | |
1.7. |
ірi балықтар: | ||
1.7.1. |
ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке |
0,013 | |
1.8. |
ұсақ балықтар: | ||
1.8.1. |
табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай |
0,004 | |
2. |
Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде: | ||
2.1. |
алып қоя отырып: | ||
2.1.1. |
ірі балықтар |
0,017 | |
2.1.2. |
қортпа |
6,5 | |
2.1.3. |
бекіре балықтары |
5,5 | |
2.1.4. |
ақсақа, албырт балықтар |
0,042 | |
2.1.5. |
ұсақ балықтар |
0,008 | |
2.1.6. |
шаян |
0,008 | |
2.2. |
"ұстап алу-қоя беру" принципі негізiнде: | ||
2.2.1. |
ірі балықтар |
0,1 | |
2.2.2. |
бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай) |
4,97 | |
2.2.3. |
ақсақа, албырт балықтар |
0,27 | |
2.2.4. |
ұсақ балықтар |
0,068 |
4. Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Рет |
Жануарлардың түрлері |
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
бір дарағы үшін |
бір килограмы үшін | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Сүтқоректілер: | ||
1.1. |
шұбар мысық немесе дала мысығы |
0,030 |
- |
1.2. |
қарақас |
0,015 |
- |
2. |
құстар: | ||
2.1. |
кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан |
0,010 |
- |
2.2. |
үлкен аққұтан |
0,015 |
- |
2.3. |
маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты), орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай, қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық |
0,005 | |
2.4. |
қаршыға |
0,010 | |
2.5. |
қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары |
0,045 | |
3. |
Бауырымен жорғалаушылар: | ||
3.1. |
орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы |
0,020 |
- |
3.2. |
ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз |
0,010 |
- |
3.3. |
бозша жылан |
0,045 |
- |
3.4. |
өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы |
0,035 |
- |
3.5. |
көлбақа |
0,005 |
- |
4. |
Омыртқасыз су жануарлары: | ||
4.1. |
артемия (цисталары) |
- |
0,045 |
4.2. |
гаммарус, шашақ мұрт шаяндар |
- |
0,010 |
4.3. |
сүлiктер |
- |
0,030 |
4.4. |
басқа да су омыртқасыздары мен цисталары |
- |
0,005 |
Ескерту. 501-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
502-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелер мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағын) негiзге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейдi.
1-1. Қазақстан Республикасында аң аулаған кезде шетелдіктер үшін төлемақы сомасы белгіленген мөлшерлемелерге және 10 коэффициентіне көбейтілген жануарлар саны (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағы) негізге алына отырып есептеледі.
2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу орны бойынша бюджетке төленеді. Төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен рұқсат алғанға дейін жүргізіледі.
3. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
Ескерту. 502-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.73-тарау. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
503-бап. Жалпы ережелер
1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:
1) ағаш дайындау;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;
4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:
мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;
аңшылық шаруашылығы қажеттерi;
ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.
6) ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердің егілетін материалын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану.
1-1. Осы тараудың мақсаттары үшін орман пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою да жатқызылады.
Табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде мұндай алып қою көлемдерін, төлемақы мөлшерін және оны төлеу мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір жекелеген жағдайда белгілейді.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.
4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер: жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғат қорғау мекемелері; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.
Ескерту. 503-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.504-бап. Төлемақы төлеушiлер
1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
1-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою құқығын алған жеке және заңды тұлғалар да төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Ескерту. 504-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).505-бап. Салық салу объектiсi
Мыналарды:
1) көшеттердің құрамы мен нысанына күтім жасау үшін кесуді, сондай-ақ оның жас талдарының толықтығын реттеуді (жарықтандыру, тазарту) және құндылығы шамалы ағаш көшеттерін қайта жөндеуге және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесуді жүзеге асыру кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін қоспағанда, пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектiсi болып табылады.
506-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
2. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, тығыз бір текше метр үшін айқындалады және мыналарды құрайды:
Рет |
Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары |
Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК) |
Қабықты отындық сүрек (АЕК) | ||
ірі (25 см және одан жуан) |
орташа (13-тен 24 см-ге дейін) |
ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін) | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Қарағай |
1,48 |
1,05 |
0,52 |
0,21 |
2. |
Шренке шыршасы |
1,93 |
1,37 |
0,68 |
0,27 |
3. |
Сібір шыршасы, майқарағай |
1,34 |
0,95 |
0,48 |
0,16 |
4. |
Самырсын |
1,19 |
0,85 |
0,41 |
0,15 |
5. |
Балқарағай |
2,67 |
1,91 |
0,93 |
0,23 |
6. |
Ағаш тектес арша |
1,79 |
1,26 |
0,63 |
0,27 |
7. |
Емен, шаған |
2,67 |
1,91 |
0,93 |
0,41 |
8. |
Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке |
0,60 |
0,42 |
0,21 |
0,14 |
9. |
Сексеуіл |
0,60 | |||
10. |
Қайың |
0,69 |
0,48 |
0,23 |
0,16 |
11. |
Көктерек, ағаш тектес тал, терек |
0,52 |
0,37 |
0,18 |
0,11 |
12. |
Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ |
3,24 |
2,32 |
1,15 |
0,35 |
13. |
Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар |
1,90 |
1,35 |
0,68 |
0,23 |
14. |
Ағаш тектес арша, самырсын |
0,34 |
0,18 | ||
15. |
Жыңғыл |
0,3 |
0,25 | ||
16. |
Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар |
0,19 |
0,12 |
3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
10 км-ге дейін - 1,30;
10,1 - 25 км - 1,20;
25,1 - 40 км - 1,00;
40,1 - 60 км - 0,75;
60,1 - 80 км - 0,55;
80,1 - 100 км - 0,40;
100 км-дан астам - 0,30;
Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:
жазық бедер - 1,1;
жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;
таулы бедер - 1,5;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;
3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;
4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.
4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі мөлшерлемесінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.507-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Мөлшері осы Кодекстің 503-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын төлемақыны қоспағанда, төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.
2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері:
сүректі түбірімен босатқан кезде – осы Кодекстің 506-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып;
төлемақы мөлшері осы Кодекстің 503-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын орман пайдалануды қоспағанда, орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде – орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып айқындалады.
3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісі орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде – орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде – рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;
3) түбірімен босатылатын сүрек үшін – жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей;
4) табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін – әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.
4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.
5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 506-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.
7. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда бюджетке есептелетін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
8. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің сәйкестендіру нөмірі қойылады.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша оның мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оның төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.
Ескерту. 507-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 74-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ
ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
508-бап. Жалпы ережелер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.
1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.
2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.
Ескерту. 508-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.509-бап. Төлемақы төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
510-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.
2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.
Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.511-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар:
1) жұмыскерлерді пайдаланған кезде – әрбір жұмыскер үшін;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелері болған кезде – осындай мекемелерде болатын әрбір жеке тұлға үшін төлемақы енгізеді. Жеке тұлға төлемақы сомасының төленгенін растайтын құжат көрсеткен кезде қайталап төлемақы алынбайды.
2. Төлемақы төлеушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануына оларда ақы төлеу туралы растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.
3. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді.
4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.
5. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
6. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.
7. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі ресурстарын және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 511-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.75-тарау. РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
512-бап. Жалпы ережелер
1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
3. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің номиналдары конкурс өткізбей бөлінеді.
Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi.
4. Бюджетке төленуге тиiс бiр жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебiне есептелмейдi.
5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:
1) осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда – салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 515-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда – салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.
Ескерту. 512-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.513-бап. Төлемақы төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн, оның ішінде эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;
2) осы Кодекстің 474-бабында аталған алым төлеушілер;
3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;
4) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Ескерту. 513-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.514-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақының жылдық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша – АЕК) мөлшерiне негiзделе отырып, радиобайланыс түрiне, пайдаланылатын жиiлiктердiң номиналдарына (диапазон белдеулеріне), радиоұзартқыштар жинақтамаларына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметтерi ұсынылатын елді мекен аумағында тұратын халықтың санына, сондай-ақ таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай айқындалады.
2. Радиобайланыстың мына түрлеріне төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Р/с |
Радиобайланыс түрлерi |
Пайдалану аумағы |
Төлемақы мөлшерлемесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
10 |
2. |
Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн) | ||
1) |
Астана, Алматы қалалары |
140 | |
2) |
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен |
80 | |
3) |
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) |
10 | |
3. |
УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/25 кГц дуплекстi арна үшiн) | ||
1) |
Астана, Алматы қалалары |
80 | |
2) |
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен |
60 | |
3) |
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) |
15 | |
4. |
УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | ||
1) |
Астана, Алматы қалалары |
30 | |
2) |
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен |
20 | |
3) |
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) |
10 | |
5. |
Таратқыштың шығу қуаты: |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
10 |
6. |
Радиоұзартқыштар (арна үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 |
7. |
Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 850 |
7.1. |
Төртінші жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 650 |
8. |
Жаһандық жеке жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн) |
Қазақстан Республикасы |
20 |
9. |
HUB–технологиялы спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшiн) |
Қазақстан Республикасы |
30 |
10. |
HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн) |
Қазақстан Республикасы |
100 |
11. |
Радиорелелi желiлер (бiр аралықтағы дуплекстi арна үшiн): | ||
1) |
жергiлiктi |
аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ |
40 |
2) |
аймақтық және магистральдық |
Қазақстан Республикасы |
10 |
12. |
Сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | ||
1) |
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен |
25 | |
2) |
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) |
2 | |
13. |
КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн) | ||
1) |
Астана, Алматы қалалары |
140 | |
2) |
халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен |
70 | |
3) |
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) |
5 | |
14. |
Эфирлiк-кабельдік телевизия (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) | ||
1) |
халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен |
300 | |
2) |
халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен |
135 | |
3) |
халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан |
45 | |
4) |
қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ) |
5 | |
15. |
Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн |
облыс |
10 |
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Р/с № |
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиіліктер диапазоны |
Пайдалану аумағы |
Төлемақы мөлшерлемесі |
1. |
Телевизия/метрлік жиілік диапазоны | ||
1) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
81 |
облыс |
15 | ||
2) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
361 |
облыс |
65 | ||
3) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
957 |
облыс |
174 | ||
4) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
1353 |
облыс |
245 | ||
5) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары |
Астана, Алматы қалалары |
2344 |
облыс |
425 | ||
2. |
Телевизия/дециметрлік жиілік диапазоны | ||
1) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
51 |
облыс |
9 | ||
2) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
228 |
облыс |
41 | ||
3) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
605 |
облыс |
110 | ||
4) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі |
Астана, Алматы қалалары |
855 |
облыс |
155 | ||
5) |
Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары |
Астана, Алматы қалалары |
1481 |
облыс |
269 |
4. Қоса алғанда алты айға дейiнгі мерзімде тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне, радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық мөлшерлемесінің кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.
Енi осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлгеннен өзгеше дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеушi нақты қолданатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлес салмағының осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады.
Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшiн алынады.
Ескерту. 514-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.515-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық параметрлерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай төлемақының жылдық мөлшерлемелері негiзiнде есептейдi.
2. Егер есептi салық кезеңiндегi радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екiге бөлiп, оны жыл бойы радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрмей жiбередi.
4. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.
Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.
6. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.
Ескерту. 515-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.516-бап. Салық кезеңi
Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
517-бап. Салық есептiлiгi
Ескерту. 517-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
76-тарау. ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН
БАЙЛАНЫСЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
518-бап. Жалпы ережелер
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы):
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:
1) осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда, – салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 521-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда – салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.
Ескерту. 518-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.519-бап. Төлемақы төлеушілер
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
520-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақының жылдық мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық мөлшерлемелері негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.
4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.
5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
522-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
523-бап. Салық есептілігі
Ескерту. 523-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН
ТӨЛЕМАҚЫ
524-бап. Жалпы ережелер
1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Көлiк саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтер ұсынады.
Ескерту. 524-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.525-бап. Төлемақы төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
526-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақының жылдық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.
Ескерту. 526-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі).527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртiбi
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жылдық төлемақы сомасы жылдық төлемақы мөлшерлемесі мен кеменің регистрлік тоннадағы жалпы сыйымдылығы негiзге алына отырып айқындалады.
2. Бір ай үшін төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу арқылы айқындалады.
3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір ай үшін төлемақы мөлшерін кеме жүзетін су жолдарының нақты кезеңіне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, салық кезеңі үшін төлемақы сомасы бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Төлемақы төлеу төлемақы жөніндегі декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Кеменiң бiр жолғы кiруi кезiнде шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалар бір ай үшін төлемақы мөлшерiнде бюджетке төлемақы енгiзедi. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарында бiр айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгiленген тәртiппен енгiзедi.
6. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.
9. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.
Ескерту. 527-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңдарымен. 78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ
ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
528-бап. Жалпы ережелер
1. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын ҚР 10.12.2008 № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).1) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда және басқа да елді мекендерде;
2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамаларды қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамалар танылады.
2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор беретiн құжат негiзiнде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал облыстың жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;
2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.
Жарнама объектiлерiн тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.
4. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей рұқсат беру құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.
Ескерту. 528-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.529-бап. Төлемақы төлеушiлер
1. Жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше орналасқан жер бойынша салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Ескерту. 529-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.530-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама объектісі бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарға тең болып белгіленеді:
Р/с № |
Жолдардың санаты |
Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қалаға кiреберiстер |
8 |
2. |
I, II |
7 |
3. |
III |
3 |
4. |
IV |
2 |
Габариті үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері жарнама объектісінің бір жағы (беті) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.
3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын ҚР 10.12.2008 № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
1) астанада, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және басқа да елді мекендерде, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектісінің ауданы мен орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:
№ | Жарнама түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (жарнама объектісінің бір жағы үшін) (АЕК) | ||
Республикалық маңызы бар қалалар және Астана | Облыстық маңызы бар қалалар мен жолдар | Аудандық маңызы бар қалалар мен жолдар және басқа да елді мекендердің жолдары | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері | 2 | 1 | 0 |
2. | Лайтбокстар (сити-форматтағы) | 3 | 2 | 1 |
3. | Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер: | |||
3.1. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 5 | 3 | 1 |
3.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 10 | 5 | 2 |
3.3. | 10-нан 20 ш.м-ге дейін | 20 | 10 | 3 |
3.4. | 20-дан 30 ш.м-ге дейін | 30 | 15 | 5 |
3.5. | 30-дан 50 ш.м-ге дейін | 50 | 20 | 7 |
3.6. | 50-ден 70 ш.м-ге дейін | 70 | 30 | 12 |
3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 | 25 |
4. | Шатырүсті жарықты жарнамалық конструкциялар (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | |||
4.1. | 30 ш.м-ге дейін | 30 | 20 | 6 |
4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 50 | 30 | 8 |
5. | Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама: | |||
5.1. | 5 ш.м-ге дейін | 1 | 1 | 0 |
5.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 3 | 2 | 1 |
6. | Уақытша үлгідегі дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама: | |||
6.1. | 2 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
6.2. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
6.3. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 3 | 2 | 1 |
6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 8 | 4 | 2 |
7. | Шығарып қойылатын жарнамалық конструкциялар (штендерлер) | 10 | 5 | 1 |
2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқылы.
Ескерту. 530-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.531-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ күнтiзбелiк бiр ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы мөлшерлемесі және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып есептеледі.
2. Күнтiзбелiк бiр ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомасы келесi айдың 25-інен кешiктiрiлмей төленедi.
3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.
РҚАО-ның ескертпесі!4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын ҚР 10.12.2008 № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін осындай көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат беру құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
5. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.
Ескерту. 531-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен. 79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
§ 1. Мемлекеттiк баж
532-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.
2. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша салық органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту. 532-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.533-бап. Мемлекеттiк бажды төлеушiлер
Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
Ескерту. 533-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.534-бап. Баж алу объектiлерi
1. Мыналардан:
1) сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;
2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін;
4-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдағаны және келіскені үшін;
5) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;
9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;
11-1) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
11-2) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;
14) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;
15) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 539-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн;
16) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;
17) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін;
18) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың тiркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.
Ескерту. 534-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.535-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы мөлшерлемелері
1. Сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;
заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;
2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 30 пайыз;
3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 500 пайыз;
4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;
заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;
5) некенi бұзу туралы талап арыздардан – 30 пайыз.
Некені бұзған кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үйлерді жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 пайыз;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз;
9) төрелік шешiмдердiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 пайыз;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемесінің 50 пайызы;
11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыздардан – 500 пайыз;
12) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (телнұсқаларды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар беретін iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 10 пайыз, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 3 пайыз;
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 500 пайыз;
14) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
15) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;
16) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы.
1-1. Мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан осындай даулар жөнінде талап арыз берілген кезде мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.
Бұл ретте мүліктік сипаттағы даулар бойынша мемлекеттік баждың мөлшері осы тармақта көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесін арыз беруші даулап отырған сомаға қолдану жолымен айқындалады.
2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
Ескерту. 535-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.536-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 1000 пайыз;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 100 пайыз;
басқа адамдарға – 300 пайыз;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 500 пайыз;
басқа адамдарға – 700 пайыз;
егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 200 пайыз;
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 100 пайыз;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 50 пайыз;
басқа адамдарға – 70 пайыз;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 700 пайыз;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 200 пайыз;
басқа адамдарға – 500 пайыз;
4) мүліктік жалдау (жалға беру), қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiмшарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 500 пайыз;
5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшiн – 200 пайыз;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 100 пайыз;
7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi бергені үшiн – берiлген әр куәлiкке 100 пайыз;
8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi бергені үшiн – 100 пайыз;
9) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 50 пайыз;
10) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 100 пайыз;
11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 200 пайыз;
12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
жеке тұлғалар үшін – 10 пайыз;
заңды тұлғалар үшін – 50 пайыз;
13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 пайыз;
14) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн – 50 пайыз;
15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғалар үшін – 5 пайыз;
заңды тұлғалар үшін – 10 пайыз;
16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін - 3 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - 10 пайыз;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн - 20 пайыз;
18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 пайыз;
19) телнұсқа бергенi үшiн - 100 пайыз;
20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін - 10 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - 50 пайыз;
21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн - 200 пайыз; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 пайыз;
22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 пайыз;
22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 50 пайыз;
23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 пайыз;
24) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 пайыз;
25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 пайыз.
Ескерту. 536-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.537-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн мынадай мөлшерде:
1) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 100 пайыз;
2) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 200 пайыз;
сот шешiмi негiзiнде - 150 пайыз (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
белгіленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде - 10 пайыз;
3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 200 пайыз;
осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 50 пайыз;
4) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 50 пайыз;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 пайыз;
6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 пайыз;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін – 30 пайыз;
8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 50 пайыз;
9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 100 пайыз мемлекеттiк баж алынады.
Ескерту. 537-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге – 50 пайыз;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 700 пайыз;
көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 3000 пайыз;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін – 100 пайыз;
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін – әрбір шақырылатын адам үшін 50 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 100 пайыз.
Ескерту. 538-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).539-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) патент бергенi үшiн, тауар белгісін, тауар шығарылатын жердің атауын тіркегені үшiн – 100 пайыз;
2) жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркегенi үшiн – 100 пайыз;
3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, кешенді кәсіпкерлік лицензиясын (франчайзинг), лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн – 150 пайыз;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 1 500 пайыз;
5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн - 100 пайыз мемлекеттiк баж алынады.
Ескерту. 539-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.540-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 пайыз;
2) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 200 пайыз;
3) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 пайыз;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн - 400 пайыз;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергенi үшiн - 20 пайыз;
5) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 100 пайыз;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 100 пайыз;
азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 200 пайыз;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн - 100 пайыз;
азаматтық, қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн - 50 пайыз;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 50 пайыз;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 50 пайыз;
азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 10 пайыз;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн - 50 пайыз;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 мм дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 пайыз;
7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 пайыз;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар ға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн - 50 пайыз;
9) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 125 пайыз;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 125 пайыз;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 280 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 5 700 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 11 400 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 13 700 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 19 400 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 22 800 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн – 28 500 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 5 700 пайыз;
мотокөлiкке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 140 пайыз;
автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 140 пайыз;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 35 пайыз.
Ескертулер.
1. Мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайды.
2. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіcінің телнұсқаcын бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері автомобильге – 280 пайызды, мотокөлікке және автомобиль тіркемесіне 140 пайызды құрайды;
10) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн - 50 пайыз;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, оларға тiркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн - 100 пайыз;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, оларға тiркемелердi (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн - 50 пайыз;
11) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 25 пайыз;
12) мыналарды:
теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін – 500 пайыз;
Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін – 350 пайыз;
кәсіби дипломды бергені үшін – 200 пайыз мемлекеттік баж алынады.
Ескерту. 540-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.541-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату
Соттарда мыналар:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер – қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
8-1) арыз берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;
8-2) талапкерлер (арыз берушілер) – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделеріндегі талап қоюлар (арыздар) бойынша;
9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндiрiп алу жөнiндегi талап қою бойынша;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергенi үшін:
іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;
талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;
соттың сырттай жасалған шешімін жою туралы;
арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай жасалған шешiмiнiң күшiн жою туралы;
15) прокуратура органдары - барлық талап қою бойынша;
16) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 пайызы жұмыс істейтін олардың құрған ұйымдары - өздерiнiң мүдделері үшін талап қойған кезде;
18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
19) талапкерлер мен жауапкерлер – азаматқа заңсыз сотталу, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын заңсыз қолдану не қамаққа алу түрінде заңсыз әкімшілік жаза қолдану арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары – өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыздар берілген кезде;
21) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату ісін жүргізу мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;
22-1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері – уақытша әкімшіліктің мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;
23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
мүлікті өндіріп алу туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;
23-1) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап-арыз берген кезде;
23-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым – талап қоюларды берген және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде;
24) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүдделерiне орай қуынымдар берген кезде;
25) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 541-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 491-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (11.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.542-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
6) алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7) алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
10) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
11) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 542-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.543-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;
4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 543-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
1. Мемлекеттік баж төлеуден:
1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары – Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
2) оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін босатылады.
2. Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.
Ескерту. 544-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).544-1-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Мемлекеттік баж төлеуден:
1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:
Қазақстан Республикасымен консулдық алымдарды алудан өзара бас тарту туралы келiсiм бар елдердiң жеке және заңды тұлғалары;
мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
шетелдік инвесторларға;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы тұлғалар;
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;
шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визаларды бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;
3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін босатылады.
Ескерту. 79-тарау 544-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).545-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;
3) оралмандар;
4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 545-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.546-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Мыналар:
1) тұрғылықты жерiн тiркеген кезде:
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;
оралман мәртебесін алғанға дейін тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар;
Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;
4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
"Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
7) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 546-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.547-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
1. Мемлекеттiк баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленедi.
2. Мемлекеттiк баж:
1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларын бергенi үшiн - жасалған нотариаттық iс-әрекеттi тiркеген кезде;
3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн - оларды берген кезде;
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;
5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін – тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенге дейін;
7-1) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжатты бергенге дейін;
8) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
8-1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – тиісті құжаттарды бергенге дейін;
9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
10) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - тиiстi құжаттарды бергенге дейін;
10-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн;
14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін және тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беруге байланысты заңды мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
15) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
3. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жазылады.
4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.
5. Мемлекеттік баждың қолма-қол ақшамен қабылданған сомасын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
Ескерту. 547-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.548-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару
1. Төленген мемлекеттiк баж сомасы:
1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
1-1) іс төрелікке берілген;
1-2) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;
1-3) алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
4-1) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым немесе өтінішхат қайтарылған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.
1-1. Мемлекеттік баж:
1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;
2) талапкер өз талаптарын азайтқан;
2-1) сот бұйрығы күшін жойған жағдайларда, қайтарылмайды.
3) алып тасталды - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
2. Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк баж сомасын қайтару туралы салықтық өтiнiштi қарайды.
3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.
4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.
6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.
7. Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.
Ескерту. 548-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 2. Консулдық алым
549-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын төлем.
Ескерту. 549-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).550-бап. Консулдық алым төлеушiлер
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент шетелдiк заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық iс-әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
551-бап. Алу объектілері
Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
1-1) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;
4) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
5) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;
7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
8) құжаттарды талап ету;
9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;
10) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;
12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;
13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;
14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;
15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру;
15-1) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;
15-2) шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;
16) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.
Ескерту. 551-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.552-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.
Ескерту. 552-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).553-бап. Консулдық алым төлеуден босату
Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 542-546-баптарында көзделген жағдайларда;
2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сауал салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшiн;
4) мыналарға:
Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
қызметтік істер бойынша шығатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік немесе ұлттық паспорт иелері - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін;
5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары мен дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруын қабылдағаны және келіскені үшін;
6) мыналарға:
Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары мен мемлекеттік кәсіпорындары ұйымдастыратын республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері – шетелдіктерге;
өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;
инвесторлық визаларды;
қызметтік визаларды;
дипломатиялық визаларды бергені үшін;
7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;
8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәлік және анықтамалар бергені үшін;
10) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;
12) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.
Ескерту. 553-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.554-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi
1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
4. Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
Қолма-қол ақшамен қабылданған консулдық алым сомасын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.
6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.
Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, канада долларына, жапон иеніне айырбастайды.
Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.
Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге ай сайын келіп түсетін консулдық алымдар түсімі 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі эквивалентін құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
Ескерту. 554-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ
20-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН
ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
80-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
555-бап. Салық әкімшілігін жүргізу
Салық әкімшілігін жүргізу салық органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде салық төлеушіге (салық агентіне) нысанын уәкілетті орган бекітетін құжаттарды беру журналына оның қолы қойылып жүзеге асырылады.
Ескерту. 555-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.556-бап. Салықтық бақылау
1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
РҚАО-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отынға, биоотынға және мазутқа бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) ірі салық төлеушілердің мониторингі;
5) салықтық зерттеп-қарау;
6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау;
7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!556-бапты 4-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.
7. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиiсті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Ескерту. 556-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.557-бап. Салық құпиясы
1. Мына мәліметтерді:
1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;
2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;
4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;
4-1) осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататындар;
5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;
6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;
6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;
6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;
7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
8) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:
сәйкестендiру нөмiрi;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен шығару күнi, тiркеу есебiнен шығару себебi;
қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;
салық төлеушiнiң резиденттiгi;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
бақылау-касса машинасын пайдалану орны туралы;
қолданылатын салық режимі туралы;
РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақты 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
10) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етпеуі туралы;
11) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;
12) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.
3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанындағы прокурор санкциялаған уәжді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;
2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы істерді қарау барысында сотқа;
3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.
Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
5) қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органға береді.
Қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдарды тізбесін бекітеді;
5-1) сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына береді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті cалық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тiзбесiн бекітеді.
Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп белгілейді;
6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;
7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, өндірушілер туралы;
9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды беру тәртібін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;
10) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.
Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға береді.
РҚАО-ның ескертпесі!12) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
12) есебі салық органдарында жүргізілетін, салық құпиясын құрайтын берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;
13) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктердi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер бөлiгiнде бередi.
Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін монополияға қарсы органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;
14) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу үшін қажетті мәліметтер бөлігінде береді.
Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;
15) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға береді.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
16) республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органға береді.
Республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
17) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға береді.
Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді.
18) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
19) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Апелляциялық комиссияның мүшелеріне береді.
Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.
3-1. Салық органдары "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.
4. Салық құпиясын:
осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық органдарының лауазымды адамдары;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметті алған Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары, Апелляциялық комиссияның мүшелері жария етпеуге тиіс.
5. Салық органдарының лауазымды адамдары, салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.
6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 557-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз) Заңдарымен.558-бап. Салықтық зерттеу
1. Салықтық зерттеу – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салық органдары:
тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде болуын немесе болмауын растау;
осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсыру;
осы Кодекстің 608-бабының 1-1-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны тапсыру;
салық төлеушіге (салық агентіне) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсыру мақсатында жүзеге асыратын салықтық бақылаудың өзге нысаны.
Салықтық зерттеп-тексеруді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылады.
2. Мыналар:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы себепті салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберген осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы.
Бұл ретте банк шоты бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша зерттеу осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 608-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды;
3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болуын немесе болмауын растаудағы қажеттілік;
4) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттілігі салықтық зерттеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болып табылады.
Салықтық зерттеп тексеруді жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіздеме, осы Кодекстің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.
3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған салық органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
салық органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.
Салық органы салық төлеушiнiң тіркелген деректерінде көрсетілген, оның орналасқан жерiнде болмауын анықтаған салықтық актіні жасаған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, мұндай салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiн, атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болса), салықтық тексеру актiсiн жүргiзу күнiн көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырады.
4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.
5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.
Салықтық зерттеп-тексеру кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірмеге осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы:
осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады
немесе
жазбаша түсіндірме ұсынуға осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алуды жүргізеді.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген салық төлеуші өзінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде орналасқан жері бойынша болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастайды.
Ескерту. 558-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.559-бап. Куәгерлердің қатысуы
1. Салық органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:
1) салық органы лауазымды адамының салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмді, мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмді, мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн, салық тексеруін жүргiзу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актiсiн және осы Кодексте көзделген салық органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;
3) нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін, салық салу объектiсi және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеу;
4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзу;
5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Куәгерлер ретінде салық органдарының лауазымды адамы мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.
5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.
6. Салық органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:
1) хаттаманы (актіні) жасаған салық органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) салық органының атауы;
3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;
4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын кәуландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;
5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;
6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;
7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.
7. Салық органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.
8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.
9. Салық органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.
81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ
560-бап. Жалпы ережелер
1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.
2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;
2) салық төлеушіні:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде;
қосылған құн салығы бойынша;
электрондық салық төлеушi ретінде;
қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеушi ретінде;
салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша;
жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.
4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:
1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді;
2) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;
3) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.
5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.
6. Салық органдарына салық төлеуші туралы:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;
2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын;
3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидентзаңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi – құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлiмшенi есептiк тiркеу туралы анықтамада көрсетiлетін оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi;
4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;
4-1) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері, – директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері;
5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 204-бабына сәйкес салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайтын Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын орны болып танылады.
Ескерту. 560-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 1. Салық төлеушi ретiнде тiркеу
561-бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізу
1. Егер осы Кодекстің 562-бабының 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.
2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына мыналар туралы:
1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;
2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлға – орналасқан жері бойынша;
3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға – тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;
4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
Егер мұндай бейрезидент бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (өткізген) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;
4-1) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;
5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент - мүліктің орналасқан жері бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгі – дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;
7) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент – тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, келу) орны бойынша;
7-1) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;
7-2) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша;
8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезиденттер – резидент банктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді салық органы осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша уәкілетті органнан бейрезиденттің осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына береді.
Ескерту. 561-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.562-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі
1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға осы Кодекстің 191-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
1) құрылтай;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезидентті инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
1-1. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттардың;
3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының;
4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
1-2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтініш берген және Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстің 39-1-бабында белгіленген тәртіппен осындай заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 563-бабында белгіленген тәртіппен өзгертуге жатады.
2. Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
1) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе бейрезидентзаңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
2) бейрезидент заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезидентті инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
3. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 1 және 5-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, мұндай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 191-бабы 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, келген) жері бойынша салық органына мынадай:
1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың), бар болған жағдайда;
2) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) бейрезидент заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттi ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;
4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын), бейрезидентте бар болған жағдайда, көрсете, бейрезидентті ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
3-1. Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша салық органына мынадай:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың;
2) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
4. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай бейрезидент банк орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді.
5. Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;
3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
5-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
5-2. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығы немесе жер салығы салынатын объектiсi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
5-3. Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
6. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бейрезидент Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тіркей отырып, осындай бейрезидент табыс еткен тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
6-1. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін эмитент заңды тұлғаның немесе осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
7. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
8. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарлама жібереді.
9. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірін бергені туралы электрондық хабарламаны әділет органдары салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.
10. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерді салық төлеуші ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 561-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
11. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған бейрезиденттің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша салық органында, бейрезидент талап еткенге дейін сақталады.
12. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы әділет органдарына сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 561-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 562-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.563-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру
1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне:
1) жеке тұлғаның – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидентзаңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (басқару органының нақты орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;
3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің – осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;
4-1) резидент заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 561-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген бейрезиденттің – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;
5) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгінің – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
6) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің – тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;
7) резидент банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент жеке және заңды тұлғаның – банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
2-1. Резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидентзаңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Резидент заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаға қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаға бір қатысушының (акционердің) заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Бұл ретте салықтық өтінішті резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы келу тәртібімен береді. Салықтық өтінішті беру кезінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады.
Салықтық өтінішті келу тәртібімен беру бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушыларға қолданылмайды.
3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 581-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
4. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 563-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.564-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау
1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
2) орындалмаған салықтық міндеттемелері не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі және азаматтығын тоқтатуы;
2-1) осы Кодекстің 562-бабының 5-2-тармағында көрсетілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;
3) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
3-1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (басқару органының нақты орналасқан жерінің) өзгеруі;
4) бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;
5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;
6) егер осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
7) шетел мемлекетінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі қызметінің тоқтатылуы ;
8) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы бейрезиденттің қызметін тоқтатуы;
9) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген бейрезиденттің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы бойынша шығарып тастайды.
2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3) – 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет және ішкі істер органдарына:
1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентті – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
2) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бейрезидентті – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтерінің негізінде;
3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
4) Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген шетел мемлекетінің өкiлдiгін – сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген шетел мемлекеті өкiлдiгінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
5) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген бейрезидентті – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
6) резидент банктерде ағымдағы шоттары бар бейрезидентті – бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасының негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электронды хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастауды сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемесі болмаған кезде жүргізеді.
Ескерту. 564-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. § 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот
орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою
Ескерту. 565-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.
2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.
3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етілген, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
Салық органы, егер:
1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайларда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады.
Ескерту. 565-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту
1. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы:
1) дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс еткен хабарлама;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебі туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.
2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
3. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етуге міндетті.
4. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.
Ескерту. 566-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодекстің 42-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.
4. Салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарылудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқылы.
Ескерту. 567-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі
568-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
1. Мыналарды:
1) мемлекеттік мекемелерді;
2) резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;
3) тиісінше ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстiң 411, 420 және 442-баптарында аталған тұлғаларды қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.
2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар, ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беруге міндетті.
Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;
4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.
2-1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге де жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2018 бастап 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 30.11.2016 № 26-VIЗаңымен.
5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшерін құрайды.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызмет атқарып жатқан бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен береді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
7. Алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).8. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.
9. Салық төлеушi осы баптың 8-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің 611-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Ескерту. 568-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.569-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру арқылы;
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
мемлекеттік мекемелердің;
Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;
резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген қызметі бойынша тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын тұлғалардың құқығы жоқ.
2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығының төлеушілері болып табылады.
3. Алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 569-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
570-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк мынадай міндетті деректемелерді:
1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;
4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) 5) куәлікті жасаған салық органының атауын қамтиды.
3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің күші жойылады және жарамсыз деп есептеледі.
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауының өзгергені туралы сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
6. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 570-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.571-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
1. Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда:
1) салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса;
2) салық салынатын айналым мөлшері мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтiнiшке мынадай құжаттар:
1) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
Салық органдары мынадай:
1) салық төлеушінің салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;
2) салық төлеушінің мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тартады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 73-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге қолданылмайды.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң ұсынбаған;
2) жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;
4) соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған;
5) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған; 5-1) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған; 6) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7) алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);8) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер: әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға; егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған); 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға; 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға; іздеу салынған жеке тұлға; болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам; жұмыс істемейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; жұмыс істемейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған; 9) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеуші жұмыс істемейді деп танылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі. 5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы: 1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 1), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады. Осы баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады; 2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап; 3) салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап; 4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап; 5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген екінші салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарады. 6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша: 1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап; 2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға үшін – қылмыстық әрекет басталған күннен бастап; 3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап; 3-1) осы баптың 4-тармағының 5-1) тармақшасында аталған тұлға үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органында қайта тіркелген күннен бастап; 4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады. Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп саналады. 7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару: 1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда – осы Кодекстің 37, 37-2, 41 және 42-баптарында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап; 2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – тарату салық есептілігін және беру актісі ұсынылған күннен бастап; 3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап; 4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тасталған күннен бастап жүргізіледі. 8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі. 9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады. 10. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 11. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 571-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(қолданысқа енгізілу тіртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.05.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі. 2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті ұсыну салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды алуға берген келісімі болып табылады. 3. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді. 4. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 5. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 6. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 572-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.573-бап. Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге: 1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдаған; 2) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған; 3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі электронды ақпарат жеткізгіш жоғалған; 4) кілті бар контейнерлі электронды ақпарат жеткізгіш жұмыс істемейтіндей болып бүлінген жағдайларда құқылы. 2. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушінің салық органымен осы бапта белгіленген жағдайларда хабарламаның кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады. 3. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. 4. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз салық төлеушіні мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық цифрлы қолтаңбаны жояды. 5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда: |
1) салық төлеушіні соттың заңды күшіне енген үкімі не қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда - салық органы соттың үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
2) салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешімінің заңды күшіне енуі негізінде салық органы соттың шешімін алған күнінен бастап; 3) осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап жүргізеді. Ескерту. 573-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. § 5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық |
4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.
5. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан және акциздерден басқа) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды. 6. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 7. Бересiнің жиналып қалуының бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есепке жазылмайды. 8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды. 9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды. 10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды. 11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды. 12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомаларын аудару кезінде: 1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап; 2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап; 3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды. 13. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599- бабының 8-тармағында белгіленген есепке жатқызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды. 14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды. 15. Өсімпұл: 1) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған; 2) оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген; 3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бересі сомасына есепке жазылмайды. Бұл ретте: 1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап; 2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап; 3) салық төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады. Ескерту. 610-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.04.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда: 1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салық есептiлiгiн табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін; 2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін; 3) салық берешегiн өтемегенде – осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейiн; 4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 5) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда – қайтарылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде; 6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда – осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде; 7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі. РҚАО-ның ескертпесі!2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан: 1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан; 2) ақшаны: өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша; еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша клиенттің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша; салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады. Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі. 3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енгізіледi. Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады. 4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. 5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды. 6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады. Ескерту. 611-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру: РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақшаны кейiннен салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн тапсыру; банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады. 2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиiс. 3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. 4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды. Ескерту. 612-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.613-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке иелiк етуiн шектеудi осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде: 1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген; 2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей: осы Кодекстің 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап; салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді; 3) салық төлеуші төлеу мерзімі осы Кодекстің 51-3-бабына сәйкес өзгертілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындамаған жағдайларда жүргiзедi. Бұл ретте шектеу осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ жүргізіледі. 2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеуді салық органы: 1) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған; 2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын; 3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – осы салық төлеушінің меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі, сондай-ақ балансында тұрған мүлкіне және (немесе) импортталатын тауарға қатысты жүргізеді. Билік етуге шектеуге: тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; электр, жылу және өзге де энергия түрлері; сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге қойылған мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін алып қоюына тыйым салынады. Салық органы мүлікке билік етуіне шектеу қойған күннен бастап және оны алып тастағанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің) шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілдендіру) өзгертуіне тыйым салынады. 3. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуін шектеу туралы шешiм уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы: 1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасына; 2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың; 3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнге салық төлеушiнiң жеке шотында бар деректер бойынша импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша салық берешегiнің сомасына қабылдайды. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісін салық органында тіркеу бір нөмірде жүргізіледі. 4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке қол қойғызып немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда: 1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күннен бастап; 2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшаға салық қызметi органының шешімі жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады; 3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тарту немесе орналасқан жері бойынша болмау себебімен тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда – осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеп-тексеру күні тапсырылды деп есептеледі. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім декларантқа, оның ішінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес салық төлеушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін декларантқа тапсырылған жағдайда, осындай декларанттың шешімге қол қойған күні тапсырылу күні болып табылады. 5. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданған жағдайда, салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін осы тармақта көрсетілген мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді. Салық органы мұндай шешімді қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді. 6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, егер импортталатын тауарлар тізімдемеге алуға жатқызылатын болса, онда тізімдеме актісі салық төлеушінің не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес салық төлеушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін декларанттың қатысуымен импортталған тауарды кедендік тазарту жүргізген күні жасалады. Билік етуі шектелген импортталатын тауар тізімдемесі Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған импортталатын тауардың кедендік құны тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. 7. Салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі. Салық төлеуші (салық агенті) осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімді шығарған салық органы уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай салық төлеушінің (салық агентінің) меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 5-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Уәкілетті мемлекеттік органдардың осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісіне қоса беріледі. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның лауазымды тұлғасы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етіледі. 8. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Осы талаптарды сақтамаған кезде салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша нақты шеккен шығындарды аукционды ұйымдастырушыға өтеуге міндетті. 9. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік өткізілмеген жағдайда, салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы. 10. Салық органы мынадай: 1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегі сомасын өтеген жағдайда – осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей; 2) уәкілетті органның шешім шығару немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей; 3) салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын қайтарып алған жағдайда – осындай шағым қайтарып алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етуді шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды. 11. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осындай күшін жою туралы шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді. Ескерту. 613-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.86-тарау. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi. Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс. 2. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары: 1) салық төлеушіде (салық агентінде) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап; 2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап; 3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап қолданылмайды; 4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап; 5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды. 3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен: 1) банк шоттарындағы ақша есебінен; 2) дебиторлар шоттарынан; 3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен; 4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша салық берешегіне қатысты қолданылмайды. 4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады. Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданады. 5-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады. 6. Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі. Ескерту. 614-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз) Заңдарымен.615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу1. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады . Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды. 2. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі. Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды. 3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банк шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады. 4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады. 5. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды. Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассалық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады. 6. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) теңгемен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу салық төлеушiнiң (салық агентінің) шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде жүргізіледі. 7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды. 8. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу шотына клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi. 9. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады. Ескерту. 615-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.616-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу1. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады. 2. Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi (салық агенті) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi. Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады. Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер табыс етілген жағдайда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес. 3. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегiн өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуы туралы хабарлама жiбередi. Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс етуге мiндеттi. Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ. 4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды. 5. Салық төлеушi (салық агенті) салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды. 6. Салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс: 1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi; 2) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы; 3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi; 4) дебитордың салық төлеушiнің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы; 5) салық төлеушiнің (салық агентінің) және оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары; 6) салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес. 7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады. Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады. 8. Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 615-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi. Ескерту. 616-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алуЕгер салық төлеушінің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын, мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген, билік ету шектелген мүліктің жалпы теңгерімдік құны, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аз болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі. Ескерту. 617-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібіСалық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ескерту. 618-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығаруОсы Кодекстiң 614-бабының 3-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді. Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. 620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы. 2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентiн) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 620-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау1. Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген: дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі; заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі. 2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады. Ескерту. 621-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 178-IV, 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді. 2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші – жеке тұлғаның салық берешегі сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтініштер немесе талап қоюлар бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегін өндіріп алуды атқарушылық iс жүргiзу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Ескерту. 622-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ623-бап. Жалпы ережелер1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады. 2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын: 1) барлық активтерінің теңгерімдік құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325000 еселенген мөлшерін құрайтын; 2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторингтеуге жатады. Осы баптың мақсаттары үшін: 1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады; 2) активтердің теңгерімдік құны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады; 3) жұмыскерлерінің саны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады. Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар); 2) ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушы мынадай: кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған; жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған, шарттарға сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады. 2-1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне: 1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші; 2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді. 3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатпайды. 4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады. 5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады. Ескерту. 623-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 № 200-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті осы Кодекстiң 77-бабының 4-2-тармағында белгіленген салық тіркелімдері түрінде ұсынады. 2. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті мынадай мерзімдерде: 1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тоқсан сайын есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей; 2) корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша салық тіркелімдері түріндегі мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей; 3) алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынады. Ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгерістері ескеріле отырып, осындай ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынылады. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне жаңадан енгізілген ірі салық төлеуші ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша бастапқы есептілікті осындай тiзбе қолданысқа енгiзілетін күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей ұсынады. Ағымдағы және алдағы күнтiзбелiк жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша келесі есептілік осы баптың ережелеріне сәйкес ұсынылады. РҚАО-ның ескертпесі!5-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). Ескерту. 624-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі1. Мониторинг жүргізу барысында уәкілетті орган мониторингке жататын ірі салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудiң (ұстап қалу және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы. Бұл ретте, осы талап мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер талапты тапсырған күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындалуға тиіс. 2. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган ол туралы мониторингке жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды. Бұл ретте мониторингке жататын iрi салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi. Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн мониторингке жататын осындай iрi салық төлеушiні шақыруға құқылы. Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мониторингке жататын iрi салық төлеушiге жолданады. Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингке жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады. Ескерту. 87-тарау 624-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ625-бап. Жалпы ережелер1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады. 2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы. 3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары: 1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту. РҚАО-ның ескертпесі!4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде: 1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу; 1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін; 1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады. Бұл ретте уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен критерийлерді қоспағанда, осы тармақтың 1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады; 2) осы Кодекстiң 274-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады. 5. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. 7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің критерийлерін және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ескерту. 625-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.РҚАО-ның ескертпесі! 626-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 626-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдарыСалық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады. Мұндай талдаудың нәтижелерін салық органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады. 89-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР |
соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау;
сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша; салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау; халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы; қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау; |
төленген табыс салығын бейрезиденттiң салықтық өтiнiшiнің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару;
осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералды бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындалмауы; тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылуы; салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау; |
төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға бейрезиденттiң салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiн қарау;
салық органдарында тiркеу есебiне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтау; Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау; касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық органы жүргiзетiн тексеру. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша бiрлестiктердiң өкiлдерi тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде: салық органдарында тiркеу есебiне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаты құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша қатысуға тартылуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді. Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын пайдаланған жағдайда, бақылау-касса машинасының болуы және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілмейді; 3) қарсы тексеру - салық органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді. Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады. Қарсы тексеру деп: тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрауы бойынша; камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқтығын растай алмайтын түсініктеме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады; 4) Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен. 6. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен. 7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шығарады. 8. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс. 9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді: 1) ішінара тексерулер – салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындайтын салықтық тексерулер; 2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде: салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша; оларға осы Кодекстің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер. Бұл ретте көрсетілген өтініштер: өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар қабылдап алынған; кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін; Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер бойынша; салық төлеушi (салық агентi) бұрын тексерiлген салық кезеңiне қосымша салық есептiлiгiн осындай қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердiң дәйектілігін тексеру мақсатында ұсынылған жағдайда; салық органының бұрын жiберiлген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келiп түспеген жауап алынған жағдайда; осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi (салық агентi) орындамаған жағдайда; резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты; бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты; дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметiнiң тоқтатылуына байланысты; салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты; жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты; акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша; қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дәйектілігін растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары негiзiнде; |
бейрезиденттiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшi негiзiнде;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелерi бойынша; |
соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;
сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша; салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты – осы шағымда жазылған мәселелер бойынша; |
бейрезиденттiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiне байланысты;
олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесi бойынша; Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселелерi бойынша; салық органдарында тiркеу есебiне қою мәселелерi бойынша; бақылау-касса машиналарының болуы мәселелерi бойынша; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелері бойынша; көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелері бойынша; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша; бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау мәселелерi бойынша; акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн лицензиялау қағидаларын және оларды өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау мәселелерi бойынша; касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша; уәкілетті органның шешiмi негiзiнде; осы бапта белгіленген жағдайларда салық органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер. Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады. Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі. 9-1. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шешiмiнің негiзiнде: салық органдарында тiркеу есебiне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау; лицензиялау қағидаларын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау; касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жүзеге асырылады. 10. Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы. Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшенің таратылуына байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату салықтық тексеруі жүргізілмейді. РҚАО-ның ескертпесі!11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс. 12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша және (немесе) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, мұндай операциялар және (немесе) әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңінде осы мәселелер бойынша салықтық тексерулер салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілгенге және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жүргізілмейді. Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеуші туралы ақпарат салық органы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Ескерту. 627-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі628-бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмдiлiгiЕскерту. 628-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 629-бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi1. Нұсқамада көрсетiлетiн салықтық тексерулер жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. 2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін: 1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін: салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін; жоғары тұрған салық органы - алпыс жұмыс күніне дейін; 2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін: салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін; жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін. 3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін: 1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін; 2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін. 4. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысы салық төлеушіге (салық агентіне) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады. Салықтық тексеру мерзімінің өту барысы шетел мемлекеттеріне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен ол бойынша салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады. Салықтық тексеру мерзiмiнің өту барысы салық төлеушiге (салық агентiне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету күні мен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылық берген күннің, сондай-ақ салық органы салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын алған күн мен осындай қарсылыққа шешім шығарылған күннің арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып табыс етуге немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге міндетті. 5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі: 1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің; 2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуға, дара кәсіпкер қызметінің, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру; 3) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды тұлғалардың тақырыптық тексерулерінің; 4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулерінің салықтық тексеру мерзіміне кірмейді; |
4-1) бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру;
4-2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер; 5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін; 6) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 640-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық органының талабын қойған жағдайда; 7) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі ұсынылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады. 6. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қарсы тексеруден басқа осы баптың 2-5-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, құжаттық тексеру жүргізу мерзімі: 1) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін – алпыс жұмыс күнінен; 2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден көп орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен; 3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс. 7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 273-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді. 8. Егер тексерілетін салық төлеуші демалыс және мереке күндері қызметін жүзеге асырса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде хронометражды зерттеп-тексерулер жүргізген кезде сол күндер қосылуы мүмкін. Хронометражды зерттеп-тексерулер тәулік мерзіміндегі уақытқа қарамастан салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін. Ескерту. 629-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.630-бап. Кезектен тыс құжаттық тексерулерді жүргізудің ерекшеліктеріЕскерту. 630-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе: 1) резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына; 2) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына; 3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына; 4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады. 2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады. Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүзеге асырылады. 4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі. 5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы. Салық органы салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге хабарламастан жүзеге асырады. Ескерту. 631-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.632-бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз1. Салықтық тексеру жүргiзуге мынадай деректемелердi: 1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн; 2) нұсқама шығарған салық органының атауын; 3) салық төлеушiнің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын; 4) сәйкестендіру нөмірін; 5) тексеру түрiн; 6) тексеретiн тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің атын (олар болған жағдайда); 7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмдi; 8) тексерiлетiн кезеңді (құжаттық тексерулер кезiнде) қамтитын нұсқама негiз болып табылады. 1-1. Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді. 2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар көрсетілуі тиіс: 1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ көрсетiлген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер: салық органдарында тiркеу есебiне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; 2) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер: бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау; лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау; касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау; 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер. 3. Құжаттық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру түріне қарай тексеруге жататын: 1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi туралы; РҚАО-ның ескертпесі!2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 2) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығы; 3) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерінде белгiленген мiндеттердi орындауы; 4) трансферттiк баға белгілеу; 5) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiнің өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу; 6) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау; РҚАО-ның ескертпесі!7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотынан ақшаларды есептен шығару және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдау бойынша операцияларды жасаған күні салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке жатқызбауы); 8) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау; 9) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау; 10) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерінің қолданылу заңдылығы; 11) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау; 12) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілерінің және сатып алушыларының арасындағы есеп айырысуларды растау; 13) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау; 14) салық органдарында тіркеу есебіне қою; 15) бақылау-касса машиналарының болуы; 15-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; 15-2) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; 16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; 17) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау; 18) лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау; 19) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімнің орындалуы мәселелері көрсетіледі. Кешенді тексеру жүргізген кезде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді. 4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс. Қарсы тексерулер жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруге нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысының орынбасары қол қоюы мүмкін. 5. Осы Кодекстің 629-бабында көзделген тексеру жүргізу мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертілген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерiлетiн кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледi. 6. Мынадай: салық органдарында тiркеу есебiне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін. 7. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Ескерту. 632-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.06.21 N 19-V(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.633-бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген күн немесе салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi. 2. Салық органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) өзінің қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi. 3. Салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады. Осы тармақтың ережелері: 1) салық органдарында тіркеу есебіне қою; 2) бақылау-касса машиналарының болуы; 3) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; 4) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; 5) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің болуы; 6) осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерге қолданылмайды. 4. Осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінде көрсетілген тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады. 5. Салық төлеушi (салық агенті) салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде: 1) толтырылған орны мен күні; 2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда); 3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы; 4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі; 5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі. 6. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды. 7. Салық төлеушінің салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартуы, салық органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді. Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 636-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды. 8. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде аталған тексеруді салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша тоқтатуға жол берілмейді. Ескерту. 633-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады. 2. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар: 1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар; 2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы; 3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс. 3. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді: 1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін; 2) зерттеп-тексеруді жүргізу күнін; 3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін; 4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын; 5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын; 6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді; 7) зерттеп-тексеру нәтижелерін; 8) басқа да деректерді қамтиды. 4. Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады. 5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі. Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі. 6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі. 635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі1. Қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық төлеушіге қатысты жүргізіледі. 2. Тексерілетін кезеңге асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық кезеңі, сондай-ақ осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын алдыңғы кезең де енгізіледі. 2-1. Осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге: өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы басталған; Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салық кезеңінен басталған уақыт кезеңі енгізіледі. Осы Кодекстің 273-1-бабында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, қарсы тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі. 3. Тауарлар экспорты жағдайында осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіткен нысанда және тәртіппен табыс етілген кеден органының Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарлар әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі. Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарларды әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауаптылықта болады. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-11-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі. 3-1. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-13-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен табыс етілген, өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі. Өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады. 4. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге жеткізілетін тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады. Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді. Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі. Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі. Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады. Осы қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді. Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды. 5. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексеру тағайындауы мүмкін. Егер тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілері қосылған құн салығы бойынша басқа салық органында тіркелу есебінде тұратын болса, тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді. 6. Қосылған құн салығы сомаларын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – мониторингке жататын ірі салық төлеушісі арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салық органынан осындай салық органы жіберген сұрау салуға алынған қосылған құн салығы сомаларын растау туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді. Салық органына сұрау салу осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушіге – мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты жіберіледі. Сұрау салуда тексеру жүргізілетін салық төлеуші, тікелей өнім беруші – мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, олар жазып берген есеп фактурасының нөмірі, күні, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым сомасы, қосылған құн салығы сомасы болуға тиіс, сондай-ақ тексеру жүргізілетін кезең көрсетіледі. Салық органы қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы, соның ішінде сұрау салуда көрсетілмеген, тексеру жүргізілетін кезең ішінде тікелей өнім беруші – мониторингке жататын ірі салық төлеуші мен тексеру жүргізілетін салық төлеуші арасында жасалған операциялар туралы мәліметтерді ұсынады. Қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы мәліметтер салық органындағы салық есептілігінің деректері негізінде ұсынылады. 7. Өзіне қатысты тақырыптық тексеру жүргізілетін қосылған құн салығын төлеушінің мынадай өнім берушілері: 1) кейіннен оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді жүзеге асырған; 1-1) байланыс қызметтерін беруді жүзеге асырған; 2) жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, тауарларды жеткізген, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асырмайтын бейрезидент өнім берушілер; 3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер қарсы тексеруге жатпайды. 8. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру тағайындау және (немесе) салық органына мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы сауал жіберу туралы шешім "Пирамида" талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтық айқындалған тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады. Осы баптың мақсаты үшін "Пирамида" талдамалық есебі – салық төлеуші (салық агенті) қосылған құн салығы бойынша ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері. 9. Салықтық тексеру аяқталған күнге: өнім берушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сауал салуға жауаптар алынбаған; тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған; бұрын жіберілген сауал салу бойынша салық органы алған жауаптар негізінде мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған; қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған; үстеме тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде: өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы; өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді. Бұл ретте, салықтық тексеру актісінде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негіздемесі көрсетіледі. 10. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай: 1) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісіне қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар салықтық тексеру аяқталған кезде алынған; 1-1) осы Кодекстің 245-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған; 2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі қарсы тексерулер жүргізуге бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған немесе бұрын жіберілген расталмаған сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын салық органы растаған; 3) осы Кодекстің 273-1-бабын қолданған кезде жүргізіледі. Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа бір данасына белгі қоюға міндетті. 11. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, есебіне жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің негізінде жүргізіледі. 12. Сұрау салуларға жауаптар тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасынан ерте емес және жиырма бесінен кешіктірмей салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды. Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасы күнгі жағдай бойынша келіп түскен қарсы тексерулер жүргізуге арналған сұрау салуларға берілген жауаптардың нәтижелері бойынша жасалады. 13. Тақырыптық тексеру актісі және тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларациядағы қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс. 14. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады. Ескерту. 635-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. |
635-1-бап. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру жүргізу тәртібі
1. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне қатысты оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде осындай өтініш берген бейрезиденттің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.
2. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізуді бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде осындай өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауға міндетті.
3. Тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан:
1) салық агентінің бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерін толық орындауын;
2) осы Кодекстің 191-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 562-бабында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;
4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дәйектілігін;
5) бейрезидент шартты банк салымы туралы шартты жасасқан жағдайда, осы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын тексереді.
Ескерту. Кодекс 635-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.636-бап. Салық органы лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi1. Салық төлеушi (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерiне және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерге зерттеп-тексеру үшін жiберуге мiндеттi. 2. Салық органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кiруiне кедергі жасалған жағдайда, салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады. 3. Салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi. 4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында олар болуға тиiс. 5. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мынадай жағдайларда, егер: 1) нұсқама белгiленген тәртiпте ресiмделмеген болса; 2) нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса; 3) бұл тұлғалар нұсқамада көрсетiлмеген болса; 4) салық органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін қажетті арнайы рұқсаты болмаса, салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар. 636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі Осы Кодекстің 637-бабында көзделген салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етеді. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салықтық тексерудің алдын ала актiсі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған салықтық тексерудiң алдын ала нәтижелерi туралы құжат түсініледі. Бұл ретте салық төлеушi салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы. Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушiлердiң санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртiбі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді. Ескерту. 89-тараудың 2-параграфы 636-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).637-бап. Салықтық тексерудi аяқтау1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы: 1) салықтық тексеру жүргiзілген орынды, акт жасалған күнді; 2) тексерудiң түрiн; 3) салық органының салықтық тексеру жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын (ол болған жағдайда); 4) салық органының атауын; 5) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда) не толық атауын; 6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмiрiн; 7) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) басшысының және салық есептiлiгi мен бухгалтерлiк есептiлiктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда); 8) алдыңғы жүргiзiлген құжаттық тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтерді (кешенді, тақырыптық тексерулер жүргізген кезде); 9) тексерiлетiн кезеңді және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi; 10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын; 11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актiсiн жасайды. 2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына оны алғаны туралы қол қоюға міндетті. Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады. 3. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актiсiне тиiстi жазба жасалады. 4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды. 5. Салықтық тексеру актiсiне осы Кодекстің 557-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi. 6. Салықтық тексеру актiсi кемінде екi дана етiп жасалады және оған салықтық тексеру жүргiзген салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады. РҚАО-ның ескертпесі!7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 7. Егер таратудың салықтық есептілігі алынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі. Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.638-бап. Тексеру нәтижелерi бойынша шешiм
РҚАО-ның ескертпесі! 1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды және өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, бейрезиденттердің кірісінен төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есепке жазуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі. 2. Осы баптың 7-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актiсiн тiркеудi бiр нөмiрмен жүзеге асырады. 3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер болуға тиiс: 1) хабарламаны және салықтық тексеру актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi; 2) салық төлеушiнiң (салық агенті) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы; 3) сәйкестендіру нөмiрi; РҚАО-ның ескертпесі!4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 4) есепке жазылған салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды және өсiмпұлдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы; 5) кемітілген залал сомалары; 6) қайтарылуға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы; 7) бейрезиденттердің төлем көзінен, табыстарынан ұсталған, қайтарылуға расталмаған корпорациялық (жеке) табыс салығының сомасы; 8) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi; 9) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің және өсiмпұлдардың деректемелерi; 10) шағым жасау мерзiмi мен орны. 4. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталған соң шығарылады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талаптың ескіру мерзіміне салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі енгізілмейді. Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеруде қамтылған мәселелерге ғана қолданылады. 5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеушi (салық агенті), егер тексеру нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi. 6. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады. Мынадай: тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша; тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша осы тармақта көзделген тәртіппен салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды. 7. Егер салықтық тексеру аяқталғанда Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды. РҚАО-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген таратудың салық есептілігін ұсыну күнінен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі. 9. Егер, осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру жүргізген кезде салық органы салық төлеушінің сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолданылмайды. Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын: 1) салық төлеуші бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде; 2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса; 3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша; |
4) жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасылған операциялар бөлігінде, егер осындай салық төлеуші туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай операциялар жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін жарияланса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін;
5) егер салық қызметi органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды. Ескерту. 638-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 03.07.2014 № 227-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. § 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға |
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |