Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 шілдедегі N 186-IV Заңы

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 19.05.2015 N 127 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2 тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31-бабы 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      Аудан әкімі А. Әмрин