Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 271-V ҚРЗ

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының рейтингіне кіру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1394 қаулысымен  
бекітілген      

Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының
рейтингіне кіру тұжырымдамасы Мазмұны

      Кіріспе
      1. Астана қаласының ағымдағы ахуалын талдау
      2. Халықаралық тәжірибе
      3. 2050 жылы Астана қаласын дамытудың үрдістері мен пайымы
      4. Астана қаласын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері
      5. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Кіріспе

      Астана қаласының 2050 жылға қарай әлемнің үздік 10 қаласына кіруі қазіргі кездегі көшбасшылар мен басқа да дамушы мегаполистер тарапынан бәсекелестіктің жоғары деңгейіне байланысты. Еңбек өнімділігінің материалдық құндылықтарды жасау процестерін автоматтандыру есебінен өсуі, урбандалу процестерінің күшеюі есебінен еңбек және қаржы ресурстарының шоғырлануы, қызметтің жаңа түрлерін дамыту және әлемдік экономика құрылымының өзгеруі заманауи қалалардың перспективалы даму бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын түйінді факторлар болып табылады.
      Аталған Тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттар «Қазақстан – 2050» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының қағидаттарына сәйкес келеді. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруінің ұзақ мерзімді басымдықтарында ақпараттық технологияларды енгізу, инновацияларды пайдалану, сондай-ақ Астана агломерациясы шеңберінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы экономиканың ғылымды көп қажет ететін орталық діңгегі ретінде елорданы дамыту көзделуде.
      Макроөңірлерде тартылыс орталықтарына айналатын қалаларды құра отырып, елді хабтық қағидат бойынша аумақтық дамыту бірыңғай нарықты қалыптастырып, өңірлік сәйкессіздіктерді азайту саясаты нұсқаларының бірі болуға тиіс.
      Осыған байланысты жаңа идеялар мен инвестициялар тарту, бүкіл Орталық Азия өңірінің іскерлік, қаржылық және ғылыми-білім беру орталығының имиджін қалыптастыру елорданы 2050 жылға қарай дамытудың негізгі міндеттерін білдіреді.
      Астана қаласының Қазақстан Республикасының елордасы ретінде қалыптаса бастаған кезінен бастап жұмсалған күш-жігер мен салынған қаражат әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың берік іргетасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сәулеттік келбеті мен іске асырудың кең мүмкіндіктері елорданың халықаралық аренадағы визит карточкасына айналды.
      Дамудың бірінші кезеңі табысты өтті, енді қаланың алдында тұрған жаңа мақсаттар мен міндеттер ұзақ мерзімді дамудың жаңа тұжырымдамасын жасауды талап етеді. Қолда бар демографиялық әлеуетті оңтайлы пайдалану және бұл ретте қоршаған ортаға зиян келтірмей, адамдардың тұруына қолайлы жағдайлар жасау үшін қаланы жоспарлаудың көптеген аспектілерін қайта қарау қажет.
      2020 жылға қарай Астана қаласы халқының саны шамамен 1 миллион адамға, 2030 жылға қарай 1,22 миллионға жетеді, 2050 жылы елордада
2,1 миллионнан астам адам өмір сүретін болады.
      Сондықтан елорданың бұдан бұрынғы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының іске асырылу тәжірибесі ескерілген жаңа даму тұжырымдамасы, сондай-ақ неғұрлым тиімді және өзекті даму модельдері кіріктірілген заманауи мегаполистер келешегінің жаңа пайымы перспективалы қала құрылысының жаңа пайымын ұсынады.
      Дәстүрлі салаларды, сонымен қатар машина жасауды, азық-түлік өнімдерінің өндірісін, химия өнеркәсібін қамтитын өндірістің негіз қалаушы салаларын, сондай-ақ ең жаңа, ғылымды көп қажет ететін салаларды, микроэлектрониканы, есептеу техникасын, биотехнологияны дамытуды және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді ынталандыру Астана қаласын жаңа индустрияландырудың бастау көзіне айналдырады.
      Астана өндірісін халықаралық өндірістік-шаруашылық байланыстарға кіріктіру бүкіл жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін негіз жасауға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнестің ірі компаниялармен бәсекелеспей, тиісті нарық тауашасынан орын алатын экономиканың тиімді өндірістік-қызмет көрсету моделін жасау болжануда, осылайша өндіріс пен қызмет көрсетудің жалпы процесі әртүрлі деңгейдегі экономикалық субъектілердің үйлесімді өзара іс-қимыл жасауы есебінен қалыптасады.
      Құрылыс пен девелопментке ерекше рөл бөлінетін болады. Қазіргі уақытта елордадағы жылжымайтын мүлік нарығы Қазақстандағы ең үздіктердің бірі болып табылады.
      Ғылыми-білім беру және медициналық кластерлер әлеуметтік дамудың негізін құрайды, өйткені бұл тәсіл дамыған мемлекеттер қалаларының деңгейімен технологиялық және кәсіби тұрғыдан артта қалудағы айырмашылықты қысқарту есебінен қосымша бәсекелік артықшылықтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Осылайша, орнықты даму тұжырымдаманың негізгі басымдығы болып табылады. Оны қамтамасыз ету үшін мультитәртіптік тәсіл, көптеген құрауыштар мен аспектілерді есепке алу қажет, олардың ең бастысы елорда тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады.

1. Астана қаласының ағымдағы ахуалын талдау

      Астана Қазақстан Республикасының саяси, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады.
      Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретінде қалыптаса бастаған кезінен бастап әлемнің әртүрлі елдері мен түкпірлеріндегі 22 қаламен дипломатиялық қатынастар орнатылған. Астана қаласының бауырлас қалаларының қатарына: Анкара (Түркия), Питтсбург (АҚШ), Амман (Иордания), Варшава (Польша), Сеул (Оңтүстік Корея), Дубай (БАӘ), Пекин (ҚХР), Мәскеу (Ресей), Манила (Филиппин), Ханой (Вьетнам), Ницца (Франция) және басқалары кіреді.
      1998 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.
      2003 жылдан бері Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіліп келеді.
      Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚТҰ) сияқты халықаралық ұйымдардың мемлекеттер мен үкіметтер басшылары кеңестерінің кездесулері аса жоғары деңгейде өткізілді.
      2010 жылғы 1 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитінде Астана XXI ғасырдың нақты геосаяси орталығы ретінде әлемге танылды.
      Елордада 2011 жылы ірі спорттық іс-шара – Қысқы Азия ойындары өткізілді.
      Астана 2012 жылы ТМД мен түркі әлемінің мәдени астанасы болып танылды. Елорданың кәсіпорындары мен ұйымдары әлемнің 90 елімен сауда-экономикалық қатынастар орнатқан. EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу Астананың әлеуетті мүмкіндіктерін тану болып табылады.
      Қазақстанның елордасы – Астана 2000 жылдан бері Мәскеу, Минск, Бішкек және ЕурАзЭҚ-тың басқа да ірі қалалары мүшелері болып табылатын әлеуметтік және іскерлік әріптестік саласындағы беделді ұйым Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының (ҚХА) мүшесі болып табылады.
      Астана қаласы халқының саны шамамен 850 мың адамды немесе республика тұрғындарының жалпы санының 4,8 %-ын құрайды. Қазіргі уақытта өңірлер бөлінісінде Астана қаласы бойынша ең жоғары көші-қон сальдосы байқалады (10887 адам), одан кейін Алматы қаласы (6898 адам) және Маңғыстау облысы (1554 адам) орналасқан.
      Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан өңірлерінің арасында (республика бойынша орташа көрсеткіш – 7,68) халық өлім-жітімінің ең төмен көрсеткіші (4,24), сондай-ақ туу деңгейінің қарқынды өсуі (29, республика бойынша орташа көрсеткіш – 23,3) елорданың жоғары демографиялық әлеуетін көрсетеді. Бұл ретте тұрғындардың орташа жасы 30 жасты құрайды, халықтың жалпы санының 30 %-дан астамы жастардың үлесіне тиесілі.

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Астана қаласының 2008 жылдан бері дамуын талдау

      Қазақстанның заманауи экономикалық дамуында Астана ерекше орын алады, 722 шаршы километр аумақта республика халқының 4,8 %-ы ғана тұрады, бірақ мұнда жалпы ішкі өнімнің 9,9 %-ы өндіріледі, мемлекет бюджеті кірісінің едәуір бөлігі – шамамен 15 %-ы және елдің негізгі капиталына салынатын барлық инвестициялардың 9 %-ға жуығы қалыптастырылады.
      Қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 2013 жылы 3 484,8 млрд. теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 2013 жылдың қорытындысы бойынша 28,8 мың АҚШ долл. жетті (ҚР бойынша орташа – 13,6 мың АҚШ долл.).
      Қаланың ЖӨӨ озыңқы өсуі көрсетілетін қызметтер саласының дамуымен айқындалады, мәселен, 2007 жылы оның үлесі 72,6 %-ды құраған болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 87,2 %-ды (сауданың үлесі – 22,2 %) құрады.

2007 және 2013 жылдардағы ЖӨӨ құрылымы

 

      ЖӨӨ нақты индексінің 2008 – 2013 жылдардағы өзгеру серпінінің ұсынылған кестесінде 2008 – 2009 жылдары тұтынушылық сұраныстың жалпы деңгейінің рецессиясы мен төмендеуі аясында қала экономикасының айтарлықтай төмендегені байқалғаны көрсетілген. Сонымен қатар, дәл осы кезеңде елорда экономикасының өсуіне қол жеткізудің жаңа жолдары іздестірілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2010 жылдан бастап-ақ ЖӨӨ құрылымында қаржы секторындағы, логистикадағы, денсаулық сақтау мен білім берудегі, коммуналдық және көліктік қызмет көрсету саласындағы көрсетілетін қызметтер, сервистік көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ экономиканың нақты секторындағы өндіріс басым бола бастады, бұл қағидаттық тұрғыда елорданы дамытудың басымдықтарымен өзара байланысты болып табылады.

      Елорда экономикасының нақты секторын дамыту. 2008 – 2013 жылдары өнеркәсіп өндірісінің көлемі 109,6 млрд теңгеден 276,2 млрд теңгеге дейін екі есе өсті.
      1997 – 2007 жылдар аралығындағы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің өсуін негізінен құрылыс индустриясы кәсіпорындары қамтамасыз етті, олардың үлесі 40 %-ды құрады, тиісінше, құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі осы саладағы өндіру мен ілеспе өндірістердің қысқаруына әкеп соққанын атап өту қажет.

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

 

      Сонымен қатар, әкімдіктің инвесторлар тарту мен Индустриялық парк аумағында нарықта сұранысқа ие жобаларды іске асыру бойынша жүргізіп отырған нақты жұмысы 2009 жылдың өзінде-ақ «Локомотив құрастыру зауыты» ірі өндірістік кәсіпорнын іске қосуға мүмкіндік берді. Индустрияландыру картасы бойынша 19 өндіріс енгізілді, тағы 7 жоба 2015 жылдың соңына дейін іске қосылатын болады. Барлық жобалар жалпы көлемі 400 млрд. теңгеден асатын жеке инвестициялар есебінен салынады.
      Бүгінгі күні Индустриялық парк аумағында жалпы инвестициялар көлемі 166,7 млрд. теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба іске асырылуда.
      Бұдан басқа, Астана қаласында «SmartAstana» жобасын іске асыруға баса назар аударылуда, оның негізін үздік әлемдік практикасы мен «Ақылды қаланың» 6 негізгі сипаттамасы: ақылды экономика, басқару, өмір сүру, ұтқырлық, адамдар, қоршаған орта құрайды. Бұл бағытта тартылған шетелдік консультанттармен бірге «Қауіпсіз қала», «СМАРТ – сити» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
      Негізгі капиталға инвестициялар. Бүгінгі күні елорда нақты инвестициялар орталығы болып табылады, 2013 жылы экономикаға капитал салымдарының көлемі 547,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,3 есе артық.
      2008 жылдан бергі кезеңде елорда экономикасына барлығы 2956,5 млрд. теңге инвестицияланды, оның ішінде мемлекеттік қаражат – 1 299,9 млрд. теңге (44,0%). Тартылған инвестициялардың көлемі бойынша Астана соңғы үш жылда өңірлер арасында Атырау облысынан кейін 2-орынды иеленіп келеді.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі

      Соңғы бірнеше жылда түсімдердің жалпы құрылымындағы меншікті кірістің 2009 жылғы 22,5 %-дан 2014 жылы 42 %-ға дейін елеулі өсуі байқалады, бұл ретте трансферттер үлесі біртіндеп, тиісінше 77,5 %-дан 58 %-ға дейін төмендеуде. Қолайлы экономикалық жағдай қала бюджетіне меншікті кірістердің өсуіне ықпал етті, олар 2010 жылдан бастап 2 есеге өсті және 2014 жылғы болжамға сай 159 млрд. теңгені құрайды.
      Халық санының айтарлықтай өсуі мен жоғары көші-қон лектеріне қарамастан, Астана халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі бойынша бірінші орында – 1 тұрғынға 27,7 шаршы метр, 2008 жылы бұл көрсеткіш 19,3 ш.м. (ел бойынша 4-орын) құраған болатын. Республика бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің барлық көлемінің бестен бір бөлігі Астанаға тиесілі, мұнда құрылыс ұйымдарының 13%-ы тіркелген.

Тұрғын үйдің берілуі (6 жыл ішінде - 7,7 млн.ш.м.)

      Тұрғын үйдің берілуі (6 жыл ішінде – 7,7 млн.ш.м.) 2008 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына шамамен 500 млрд. теңге инвестиция салынды, 73 971 пәтер болатын 7,7 млн. шаршы метр (оның ішінде 10 210 – мемлекет тарапынан) пайдалануға берілді.
      Құрылыс секторы мен үлескерлерді мемлекеттік қолдау бойынша қабылданған шараларды ескере отырып, аяқталмаған (проблемалы) объектілер саны 243-тен (2008 жылдың басындағы жағдай бойынша) 2 тұрғын үй объектісіне дейін қысқартылды, бұл уақыт ішінде үлестік құрылыстың 40,3 мыңнан астам қатысушысының проблемасы шешілді.

      Астана сервистік экономика орталығы болып табылады, 2013 жылы 1 тұрғынға шаққандағы көрсетілген ақылы қызметтер көлемі бойынша қала ел бойынша 1-орынды иеленді – 833,9 мың теңге (2008 жылы – 404 мың теңге – 2-орын).
      Көрсетілетін қызметтерді өндіру үлесіне ЖӨӨ құрылымының 60 %-дан астамы тиесілі, экономиканың еңбекті барынша көп қажет ететін бұл секторында қаланың жұмыспен қамтылған 77 %-ға дейінгі тұрғындары жұмыс істейді.
      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2008 жылдан бастап 2 есеге өсіп, 60,0 мың бірлікті құрады, бұл салада елорданың жұмыспен қамтылған 40% тұрғыны жұмыс істейді, мұнда жыл сайын 60%-дан астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
      Бүгінгі күні кәсіпкерлікке қала тіршілігінің барлық салаларына қатысу мүмкіндігі берілген. Республика өңірлерімен салыстырғанда Астана ШОБ-та жұмыспен қамтылған әрбір адамға шаққандағы өндірілген өнім көлемі бойынша 1-орынды иеленеді – 6,3 млн теңге (республика бойынша орташа мән – 3,1млн теңге).

Тауар айналымы көлемі

      Сауда саласы – қала экономикасының негізгі құрамдас бөлігінің бірі, жыл сайын тауар айналымының физикалық көлемі индексінің өсуі шамамен 15-20%-ды құрайды, 2007 жылдан бастап оның көлемі 3,4 есе ұлғайып, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 544 млрд. теңгеге жетті.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер 1,2 есе өсті және 2013 жылы 91,9 млрд. теңгені құрады, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 16,8%-дан 13,2%-ға дейін төмендеді.
      Ірі қалада ғана даму нәтижесі айқын байқалып, негізгі жетістіктер, сол сияқты жалпы ұлттық экономиканың өсуін тежейтін проблемалар да әлдеқайда шоғырланған түрде көрінеді.
      Географиялық орналасуына және онымен байланысты табиғи-климаттық жағдайларға, сондай-ақ даму ерекшеліктеріне қарай заманауи мегаполистердің алдында, перспективада тиісінше көңіл бөлінбеген жағдайда, айтарлықтай тежегіш факторға айналатын бірқатар проблемалар тұр.

Астана қаласының аумақтық-кеңістікте орналасуын SWOT-талдау
(әлсіз және мықты тұстарын бағалау)


Мүмкіндіктер

Қауіптер

Мықты тұстары

1) қала аумағын кеңейткен кезде табиғи кедергілердің болмауы
2) жер сілкінісі, сел, көшкін мен дауыл қаупінің болмауы
3) дала желінің қатты болуына орай ауа ластануының төмен деңгейі
4) республиканың ортасында орналасуы

1) көші-қон ағыны
2) қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың нашар дамыған инфрақұрылымы
3) аумағынан су ағатын облыстардағы АӨК кәсіпорындары ластанған суларының Есіл өзеніне кұйылуы

Әлсіз тұстары

1) Ресей мен Қытайдың ірі қалаларынан айтарлықтай қашықта орналасуы
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тозуының жоғары деңгейі
3) негізгі құрғақ жол қатынастарының өткізу қабілеттілігінің өсіп келе жатқан транзиттік ағынға сәйкес келмеуі
4) ауа қатынасының нашар дамыған желісі

1) халықтың ауыз суға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабдықтаудың шектеулі әлеуеті
2) жыл бойы температурадағы үлкен айырма (-45-тен +40-қа дейін)

      Астана қаласының аумақтық-кеңістікте орналасуының SWOT-талдауы астананың бұл тұрғыдан бәсекелестік артықшылықтары айтарлықтай басым екенін және шекараны одан әрі кеңейту үшін табиғи кедергілердің жоқтығында екенін көрсетіп отыр.
      Жаңа әуежай, автожолдар салуды қамтитын көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру инвесторлар тарапынан қызығушылықты арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту бөлігінде астананың тартымдылығының өсуіне ықпал ететін болады.
      Инвестициялар тарту тұрғысынан жер сілкіністері мен көшкін сияқты табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар қаупінің жоқ екендігін атап өткен жөн. Шектесетін мемлекеттерде қоғамдық-саяси толқулар туындаған жағдайда, шекарадан айтарлықтай қашықта орналасуы геосаяси тұрғыдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
      Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы перспективада көптеген көлдердің және қаладан 30 шақырым радиустағы жер асты су көздерінің әлеуетін пайдалану есебінен, сондай-ақ Ертіс өзенінен қосымша арналар салу арқылы шешілуі мүмкін.
      Қалдықтардың проблемасын шешу қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың жаңа технологияларын енгізуді, күл-қоқысты өңдейтін кешендер мен комбинаттар салу және сақтау полигондарын оңтайлы пайдалануды болжайы.
      Экономикалық әлеует. Жаңғырту мен инновациялық даму мәселелерін қоныстандыруды және өңірлік деңгейдегі экономиканы кеңістікте ұйымдастыруды жетілдіруден бөлек шешу мүмкін емес. Заманауи ірі қаланың кеңістіктік моделін қалыптастыру оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, агломерациялық даму және қаланың аумақтық капиталын пайдалану аспектілерін қамтиды.
      Өңірлендіру процестері, жаһандық нарықтың дамуы, ресурстар (еңбек және қаржы) ұтқырлығының артуы, өмір сүру үшін қолайлы жағдай іздеуде тұрғындардың еркін қоныс аударуы ірі қалалардың дамуына және бүкіл әлемде агломерациялар құруға айтарлықтай әсерін тигізеді.
      Дамушы қалалар индустрияландырудан кейінгі қоғамның тұрақты дамуының негізгі құралына айналады. Жоғары технологиялық өнімдерге, ақпараттық технологиялар мен инновациялық шешімдерге негізгі сұранысты қала қалыптастырады, бұл ретте қалада ғана инновациялар жасалады.

Астана қаласының экономикалық әлеуетін PEST-талдау
(макроэкономикалық сипаттағы әртүрлі аспектілердің ықпалын бағалау)

Саяси

Экономикалық

Оң аспектілер

Жағымсыз аспектілер

Оң аспектілер

Жағымсыз аспектілер

1) басқа елдермен және аумақтармен шиеленіскен дипломатиялық қатынастардың болмауы
2) геосаяси шиеленіс ошақтарынан айтарлықтай қашықта орналасуы

геосаяси қақтығыста бір тарапты ғана қабылдау қажеттігі

1) «Астана – жаңа қала» ЕЭА аумағында ерекше салықтық және кедендік режимнің болуы
2) өсіп келе жатқан ішкі нарық

1) ішкі нарықтың жаппай тұтынылатын импорттық тауарларға тәуелділігінің жоғары деңгейі
2) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі

Әлеуметтік

Технологиялық

Оң аспектілер

Жағымсыз аспектілер

Оң аспектілер

Жағымсыз аспектілер

1) жоғары демографиялық әлеует
2) жас әрі еңбекке қабілетті халықтың жоғары үлесі
3) медициналық және ғылыми-білім беру кластерін дамыту

1) бақылаусыз көші-қон процестері
2) жылжымайтын мүлік нарығындағы жоғары бағалар
3) қан айналымы жүйесі мен туберкулез ауруларынан болатын өлім-жітімнің жоғары деңгейі

ақпараттық жүйелерге толық көлемде жаңғырту жүргізуге қажеттіктің болмауы

1) ҒЗТКЖ шығыстарының төмен деңгейі
2) әлсіз дамыған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым
3) технологиялар трансфертімен байланысты шығасылардың жоғары деңгейі

      Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сыртқы саясат Астана қаласының әлемдік қаржы және инновациялық орталықтармен тиімді ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайлар жасады.
      Заманауи қала үшін ғылым мен білім беру орталығының, білімді және креативті кадрлардың, инфрақұрылым мен қаржы ресурстарының шоғырлану орнының рөлі бөлінетін әлемдік экономика құрылымында қазіргі уақытта болып жатқан өзгерістерге байланысты аталған аспект ерекше маңызға ие болып отыр.
      Адами әлеует. Жаһандық урбандалу процестерінің өзекті жағдайы, заманауи қалалардың даму үрдістері күрделілігімен және әртүрлілігімен сипатталады. Әртүрлі қалыптасу кезеңдеріндегі қалалар бір мезгілде бірнеше қарама-қайшы факторлардың ықпалына түседі. Дегенмен, бүкіл заманауи ірі қалаларға белгілі бір шамада тән мынадай бірқатар үрдістер бар:
      1) қалалардың адами капитал үшін бәсекелестігінің өсуі: мәселен, климаттық қолайлылығы төмен жерлерде орналасқан қалалар мұны өзге артықшылықтармен, қауіпсіздік, экология, әлеуметтік инфрақұрылым және т.б. саладағы артықшылықтармен өтеуге мәжбүр;
      2) халықтың, бизнестердің, өндірістер ұтқырлығының өсуі және соның салдары ретінде мұндай ұтқырлық сәйкессіздіктерінің келеңсіз салдарларының қалыптасуы;
      3) индустрияландырудан кейінгі экономиканы өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерінің үлкен спектріне талаптар қоятын креативті, жұмыскер адамға бағыттау;
      4) қалалық қоғамдастықтар неғұрлым күрделі және бытыраңқы болып, қалалықтардың өмірі – орталықсыздандырылған және өз алдына бөлек бола бастайды;
      5) білім беру және денсаулық сақтау сияқты салалар үлкен маңызға ие бола бастайды, олар адами әлеуетті дамыту процестеріндегі негізгі элементтерге айналады;
      6) өндірістердің қалалар экономикасындағы маңызының төмендеуі, экономиканың сервистік және инфрақұрылымдық секторларының дамуы;
      7) қалалық кеңістікті реттеу және игерілген аумақтарды реконструкциялау арқылы жинақы қала қалыптастыруға ұмтылу;
      8) агломерациялық процестерді, кері урбандауды дамыту, серіктес қалалар қалыптастыру;
      9) қалалық орта жағдайында өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бастамалар санының өсуі;
      10) қалалық орта тартымдылығының негізгі факторы ретінде қауіпсіздік мәнінің өсуі.

Астана қаласының демографиялық әлеуетін SNW-талдау
(негізгі факторлардың сапалық даму деңгейін бағалау)

Стратегиялық позицияның атауы

Позицияны сапалық бағалау

Күшті

Бейтарап

Әлсіз

Халық саны

х



Туу

х



Өлім-жітім

х



Күтілетін өмір сүру ұзақтығы



х

Жыныстық жас құрылымы


х


      Халық санының өсуі және адами даму мүмкіндіктерін сипаттайтын Астана қаласының демографиялық әлеуетін SNW-талдау нәтижелеріне сәйкес 4 позиция бойынша астана жоғары әлеует деңгейіне ие. Олардың қатарында жалпы демографиялық әлеуеттің үлкен сыйымдылығын айқындайтын халық санының өсу серпіні, жоғары туу көрсеткіштері мен өлім-жітімнің төмен көрсеткіштері бар.
      Астана қаласы тұрғындарының жыныстық жас құрылымы балалардың (15 жасқа дейінгі – жалпы халық санының 25 %-ы) жоғары үлесі, тұрғындардың орташа жасы (30 жас) және ерлер мен әйелдер санының арасындағы қалыпты теңгерімсіздік (10 %-дан төмен) тән прогрессивті типке сәйкес келеді. Алайда, 30 жастан асқан ерлер мен әйелдердің өлім-жітімі көрсеткіштерінің айырмашылығы үлкен болғандықтан (ерлер өлім-жітімінің деңгейі орта есеппен 3 есе көп), аталған позиция бейтараптылық тұрғысынан бағаланды.
      Дамыған елдердің қалаларымен салыстырғанда, Астана қаласындағы орташа өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмен (орташа айырмашылық 5 жылды құрайды), бұл аталған аспектіде астананың демографиялық әлеуетінің әлсіз тұсы болып табылады.

Астана қаласының бәсекелестік артықшылықтары

      Бәсекелестік артықшылықтар теориясына сәйкес аумақтың әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны, ресурстарды пайдаланудың өнімділігі, сондай-ақ инновациялар өндірісін ынталандыру бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудың негізгі факторлары болады.
      Осыған байланысты тұрақты даму процесінде болатын өзара байланысты қатынастардың кешенді жүйесін қалыптастыратын бәсекелестік артықшылықтардың детерминанттарына ерекше рөл бөлінеді.

Астана қаласының бәсекелестік артықшылықтары детерминантының матрицасы

Детерминанттар

Аумақтық-кеңістіктік аспектісі

Бәсекелестік артықшылықтары

1. Факторлық жағдайлар

Адами ресурстар

Жоғарғы демографиялық әлеует

Физикалық ресурстар

Табиғи ландшафтық кедергілер игеруге қиындық туғызбаған қала айналасындағы кең аумақты жерлер

Инфрақұрылым

1) Дамып келе жат қан банк және сақтандыру секторы
2) Негізгі құрылыс материалдарының жеке өндірісі
3) Барлық қажетті инфрақұрылымы бар өндіріс алаңдарының аумақтарын жыл сайын кеңейту
4) Энергиямен қамтамасыз етудің жеке көздерінің болуы

Білім ресурсы

1) Ғылыми-білім беру кластерін дамыту
2) ІТ-инфра құрылымын өндіруші компаниялардың шоғырлануы
3) Білім беру мекемелерінің желісін кеңейту

Ақша ресурстары

Өсіп келе жатқан салық салу базасы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен сатып алу сұранысының өсуін ынталандыруға мүмкіндік береді

2. Негізгі факторлар

Геосаяси орналасу

1) Көліктік-логистикалық көрсетілетін қызметтерге өсіп келе жатқан сұраныс аталған салаға инвестициялардың келуі үшін қолайлы жағдай жасайды
2) Қаланың Еуразия орталығында орналасуы бір мезгілде көптеген бағыттар бойынша логистиканы дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық ұйымдардардың штаб-пәтерлері мен трансұлттық корпорацияларды орналастыру үшін алғышарттар қалыптастырады.

Еңбек нарығы

1) Болып жатқан агломерациялық процестерге байланысты еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу
2) Білікті кадрлар үлесінің қарқынды өсуі

3. Ерекше факторлар

Мемлекеттік саясат

1) Салық салудың салыстырмалы төмен деңгейі
2) Мемлекеттік сатып алудың қарқынды өсіп келе жатқан көлемі
3) Халықтың экономикалық белсенділігін ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру
4) Саяси тұрақтылық

      Аумақтық капиталдың саны мен сапасы белгілі бір аумақтың экономикалық өсу жылдамдығындағы тағы бір айқындаушы тұсы болып табылады. Аумақтық капиталдың тұжырымдамасы әртүрлі өңірлердегі бірдей инвестициялар қалалық деңгейде де, мемлекет деңгейінде де әртүрлі нәтижелерге алып келеді деп болжайды. Аумақ ерекшеліктерінің, инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігінің арқасында қол жеткізілген бәсекеге қабілеттілік бүкіл жергілікті экономикаға пайда алып келеді. Аумақтық капитал инвестициялар мүмкіндігі мен олардың бірлігіне табыс алу шамасын айқындайды, демек, инвестициялар мен білікті қызметкерлерді тарту арқылы қаланың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді.
      Зерттеушілер қаланың аумақтық капиталының материалдық активтерін қалыптастыратын негізгі факторлардың қатарына қаланың кеңістікте орналасуы мен ұйымдастырылуын, кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерін, экономикалық құрылымды, климаттық жағдайлар мен табиғи ресурстарды, адами капиталды, инфрақұрылым мен қала құрылысының шарттарын қосады. Материалдық емес активтер биліктің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылын, бәсекелестік пен бизнестің әлеуметтік-мәдени модельдерін, сондай-ақ әлеуметтік іс-қимылдар желілерін, инновациялық кластердегі білім ағындарының тетіктерін қоса алғанда, қаланың бәсекеге қабілетті даму стратегиясын іске асыруға мүмкіндік беретін ерекше әлеуметтік капитал ретінде сипатталады.
      Әлеуетті инвестор тұрғысынан Астана қаласының аумақтық капиталы мынадай позицияларды қамтиды:
      1) өсіп келе жатқан жылжымайтын мүлік нарығы;
      2) абаттандыру бағдарламаларын іске асыру;
      3) мәдени-ойын-сауық және спорттық-бос уақыт өткізу объектілерінің желісін кеңейту;
      4) зиянды өндірістердің болмауы;
      5) экономикалық субъектілердің қызмет салаларын кеңейту;
      6) серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы;
      7) инновациялық қызмет үшін жасалған жағдайлардың болуы;
      8) ірі жобаларды іске асыру және шағын бизнесті ұйымдастыру үшін қалалық билік тарапынан қолдау көрсету.
      Заманауи қалаларды қоғамдық дамытудың тұрақты түрде өзгеріп отыратын шарттары олардың инновациялар мен инвестициялар, идеялар мен таланттар үшін бәсекелестігі жағдайында, өткізудің кешенді тетігін іске асыру мен бәсекелестік артықшылықтарын өсіру және әлеуметтік-экономикалық дамытудың алгоритмделген стратегиялық басқару жүйесіндегі өңірдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру түйінді даму стратегиясы болып табылады.

2. Халықаралық тәжірибе

Әлемдік деңгейдегі қалаларды қалыптастыру

      ХХІ ғасырдан басынан бері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновациялық шешімдерді пайдаланумен сипатталатын «Ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыру қалаларды дамытудың басты үрдістерінің біріне айналды.
      «Ақылды қалалар», өз кезегінде, дарынды мамандар мен инновацияларды тартатын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақты болып табылатын аумақтық құралымдарды білдіреді. Бұл бағытта Солтүстік Американың, Батыс Еуропаның және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдері ерекше белсенді түрде ілгерілеуде. 2012 жылғы жағдай бойынша әлемде аяқталу дәрежесі әртүрлі 143 «ақылды қала» жобасы есептелген. Оның ішінде Солтүстік Америкада – 35, Оңтүстік Америкада – 11, Еуропада – 47, Азияда – 40, Орта Шығыс пен Африкада – 10 жоба. АҚШ, Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты дәстүрлі технологиялық державалар табысты түрде аяқтауға жақын қалған «ақылды қалалар» салу бойынша көшбасшылар болып табылады.
      Әлемдік геоэкономиканың жаһандық функцияларына қызмет көрсету үшін әлемде қалалық елді мекендер арасында бәсекелестіктің жаңа нарығы пайда болды. Қалалар иерархиясында түрлі тәртіптердің жаһандық функцияларын өзара бөлісіп отырған қалалық орталықтар бар.
      Лафборо Университетінің Жаһандану және әлемдік қалаларды зерттеу тобы (GaWC) қалалық орталықтарды, олардың озық бизнес-қызметтердің көрсетілетін қызметтердің (бухгалтерлік есеп, жарнама, банк ісі/қаржы және құқық) жаһандық желісіне қосылуына сәйкес 4 санатқа жіктейді. Бұл әлемдік (жаһандық) альфа, бета, гамма қалалар және әлемдік қалалардың қалыптасу белгілерін көрсететін қалалар – олардың барлығы 12 иерархиялық деңгейге бөлінген (3-кесте). Әлемдік қаланы қалыптастыру белгілері бар қалалар тізімінде Алматы қаласы аталады.

3-кесте – Әлем қаласын қалыптастыру бойынша әлем қалаларын жіктеу

Баллдар

Әлем қалалары

А

Әлемдік альфа қалалар

12

Лондон, Париж, Нью-Йорк, Токио

10

Чикаго, Франкфурт, Гонконг, Лос-Анджелес, Милан, Сингапур

В

Әлемдік бета қалалар

9

Сан Франциско, Сидней, Торонто, Цюрих

8

Брюссель, Мадрид, Мехико, Сан Пауло

7

Мәскеу, Сеул

С

Әлемдік гамма қалалар

6

Амстердам, Бостон, Каракас, Даллас, Дюссельдорф, Женева, Хьюстон, Джакарта, Йоханнесбург, Мельбурн, Осака, Прага, Сантьяго, Тайбэй, Вашингтон

5

Бангкок, Пекин, Монреаль, Рим, Стокгольм, Варшава

4

Атланта, Барселона, Берлин, Буэнос-Айрес, Будапешт, Копенгаген, Гамбург, Стамбұл,

Куала-Лумпур, Манила, Майами, Миннеаполис, Мюнхен, Шанхай

D

Әлемдік қаланы қалыптастыру белгілері бар қалалар

Di

Салыстырмалы күшті белгілері

3

Афины, Окланд, Дублин, Хельсинки, Люксембург, Лион, Бомбей, Нью Дели, Филадельфия, Рио де Жанейро, Телль Авив, Вена

Dii

Кейбір белгілері

2

Абу Даби, Алматы, Бирмингем, Богота, Братислава, Брисбэйн, Бухарест, Каир, Кливленд, Кельн, Детройт, Дубаи, Хо Ши Мин, Киев, Лима, Лиссабон, Манчестер, Монтевидео, Осло, Роттердам, Эр Рияд, Сиэтл, Штутгарт, Гаага, Ванкувер

Diii

Ең аз белгілері

1

Адэлаида, Антверпен, Орхус, Балтимор, Бангалор, Болонья, Бразилиа, Калгари, Кэйптаун, Коломбо, Колумбия, Дрезден, Эдинбург, Генуя, Глазго, Гетеборг, Гуанчжоу, Ханой, Канзас-сити, Лидс, Лилль, Марсель, Ричмонд, Санкт-Петербург, Ташкент, Тегеран, Тихуана, Турин, Утрехт, Веллингтон.

Дереккөз: Лафборо Университетінің Жаһандану және әлемдік қалаларды зерттеу тобы (GaWC)

      Мыналар:
      1) атының халықаралық танымалдылығы;
      2) халықаралық оқиғаларға белсенді ықпал етуі немесе қатысуы;
      3) халықаралық қаржы институттарының, заң фирмаларының, корпорациялардың штаб-пәтерлерінің орналасуы;
      4) аса ірі халықаралық әуежайдың болуы;
      5) дамыған көлік жүйесі;
      6) дамыған коммуникациялық инфрақұрылымы;
      7) халықаралық аудиторияға шығатын дүние жүзіне беделді бұқаралық ақпарат құралдары;
      8) нақты көп халқы (кемінде 1 млн. адам);
      9) жинақы түрде тұратын бірнеше халықаралық мәдениеттер мен қоғамдастықтардың болуы (мысалы, ChinaTown, Кіші Италия);
      10) халықаралық спорт іс-шараларын және т.б. өткізу жаһандық қалалардың жалпы сипаттамалары болып табылады.

Қалаларды сәтті дамыту мысалдары

      Әлемдік қалалар дамуының жаңа парадигмасы – креативтілік экономикалық дамыған елдерде өнім шығаруға ықпал ететін неғұрлым елеулі факторға айналады, өйткені ол еңбек пен капитал құру процесіндегі ой-пайымдарды іске асыруға қабілетті. Жаңа біртума идеялардың арқасында креативтілік еңбек пен капиталдың ерекше қосымша шығындарынсыз өндіріс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, адамның бұл қабілеті шексіз ресурстарды құрайды.
      2009 жылы креативтік салалардың үлес салмағы жаһандық ЖІӨ-нің 7 %, жылдық өсім – 8,7 % құрайды. ЭЫДҰ елдерінде экономиканың жыл сайынғы өсуі 5-тен 20 %-ға дейін құбылады1.
      Ұлыбританиядағы мемлекеттік, сол сияқты муниципалды деңгейде шығармашылық индустрияларды дамыту тәжірибесі бүкіл әлемде мәдениет және экономика саясатын қалыптастыру үшін үлгі болып табылады. 1998 жылы өнеркәсіпте және графикалық дизайнда, жарнамада, сәулетте, кинода, музыкада, баспа ісінде, телевизияда және т.б. жұмыс істейтін кәсіпорындарға жетекшілік ететін Креативтік индустриялар бағдарламаларын дамыту департаменті (DCMS) құрылды. «Креативті Британия. Жаңа экономика үшін жаңа таланттар» атты DCMS-ның баяндамасына (2008 ж.) сәйкес бұл елдің креативті фирмалардың 78 %-ы инновациялық болып табылады. Жаңа немесе жетілдірілген өнім басқа секторлар фирмаларындағы 40 %-ға қарағанда креативтік индустрия фирмаларының тауар айналымында 52 %-ды құрайды.
      1992 – 2009 жылдар серпінінде креативтік индустрияның өсу қарқыны (6,8 %) жалпы Ұлыбританияның жылдық орташа экономикасының өсу қарқынын басып озды (5,5 %) және қазіргі уақытта бұл сектор 222 мыңнан астам тіркелген компанияларды қамтиды.
      Қызмет көрсету саласы мен шығармашылық индустрия әлемнің ірі қалаларында неғұрлым кең таралуда. Дамыған қалалардың экономикасы білімге негізделген қосылған құны жоғары көрсетілетін қызметтерді құруға бағытталған. Сондай-ақ, қазіргі дәуірде креативті идеяларды пайдалану арқылы өндіріс деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін шығармашылық индустриясы қалалар экономикасының жоғары өсу қарқынын қамтамасыз етеді.

________
1 Й.Клоудова. Креативті экономика дамуының экономикалық жағынан артта қалған өңірлерге әсері.

      Дубай.
      Jones Lang LaSalle халықаралық компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес қазіргі заманғы Дубай мегаполисі бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу үшін әлемнің ең үздік қалаларының (Лондонмен және Сан-Францискомен қатар) ішінде көшбастаушы үштік құрамына кірді. Дубайдың басты артықшылықтарының ішінде сауда жолдарының қиылысында географиялық орналасуы және мемлекеттің сауда қатынастарын дамытудағы белсенді саясаты.
      Қолайлы инвестициялық климаттың, еркін экономикалық аймақтар айналасында экожүйелерді құрудың, инфрақұрылымға және қаланы дамытуға инвестициялар салудың арқасында Дубай ең ірі әлемдік қызмет көрсету орталықтарының біріне айналды.
      Қаланың дамуында айқындаушы рөл атқарған негізгі факторлардың қатарында шетел капиталының ағынын реттейтін заңдардың ырықтандырылуын, инвесторлар үшін салықтық және қаржылық ынталандырулар құруды, дауларды реттейтін тетіктердің әзірленуін және капитал репатриациясының кепілдігін қамтамасыз етуді атап өту қажет. Дубайда сыртқы сауданы және шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру үшін барлығы 12 еркін экономикалық аймақ құрылды. Әрбір экономикалық аймақ барлық қажетті жүйелерге және инфрақұрылымға ие іскерлік аудан болып табылады. Аймақтардың резиденттері салықтар мен кедендік алымдардан, оның ішінде экспорт пен импортқа салынатын салықтардан босатылған. Шетел мемлекеттерінің азаматтары Дубайда сатып алынған жылжымайтын мүлікке толық меншік құқығына ие.
      Жоғары білікті еңбек ресурстарын тарту мақсатында ел заңнамасында шетел инвесторларының шетелден мамандарды жұмысқа шақыру құқығына ие екендігі көзделген. Дубайда жеке тұлғалардан табыс салығы алынбайды. Бұдан басқа, елде жоғары білім беру жүйесін дамытуға арналған бірегей айрықша экономикалық аймақ құрылған. Осы экономикалық аймаққа 11 елден 25-тен астам халықаралық университетті тартуға қол жеткізілді, онда шамамен 20 мың студент білім алуда.
      Нормативтік-құқықтық базаны оңтайландыру шеңберінде шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін тең ынталандыру, кепілдеме және артықшылықтар көзделген. Пайда алу және инвестицияларды репатриациялау үшін мүмкіндіктерді шектейтін валюталық бақылау саласындағы кедергілер жойылған. Еркін экономикалық аймақтарда барлық салықтардан босатумен қатар капитал салымдарымен байланысты жобалар үшін салықтық жеңілдіктер енгізілген.
      Мемлекет заманауи инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөледі. 1990 жылдардың соңында көрсетілетін қызметтер секторы дамытыла бастады, сондықтан қала инфрақұрылымын жетілдіру, коммуникациялар мен инновациялық қызметті дамыту басым бағыттарға айналды. Мұндай тәсіл қаланы жоспарлаудың тиімділігін және сәулет туындыларының сапасын елеулі арттыруға, әлемге танымал брендтер мен қонақ үйлерді тартуға, қаланың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
      Әуе дәліздерін пайдалану шарттарын ырықтандыру және қолайлы географиялық орнымен қоса бажсыз тиімді сауда жүйесін құру Дубай арқылы әуе тасымалдарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Дубайды әлемдік көлік және қаржы орталығына айналдыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде қалада тиімді және қолайлы метрополитен жүйесі салынды.
      Қызмет көрсету секторын мақсатты дамытудың нәтижесінде мұнаймен байланысты емес көздердің үлесі Дубайдың ЖІӨ-де қазіргі уақытта 94%-ды құрайды. Дубай халықаралық қаржы орталығында 25 ірі халықаралық банктің 18-і жұмыс істейді, 10 ірі сақтандыру компаниясының 6-ы, 10 ірі заң фирмаларының 6-ы және 8 активтерді басқару жөніндегі ірі компания жұмыс істейді.
      Дубай туристер үшін әлемдегі аса тартымды орындардың рейтингінде 8-орынға ие болды. Жергілікті әуежай шамамен 150 авиакомпанияға қызмет көрсетеді, олар Дубайдан шамамен 220 межелі пунктке рейстер жасайды. Дубай әлемдегі жүктемесі ең көп әуе тораптарының бірі болып табылады. Emirates әуе компаниясы жүйелі халықаралық рейстерде бір жолаушыға есептелетін километр саны бойынша әлемдік көшбасшы болды. Жолаушы (2012 жылы 57 млн. адамнан астам) және жүк әуе тасымалдарының көлемі бойынша басқа өңірдегі әуе компанияларынан едәуір озық келеді. Көлік инфрақұрылымының сипатына Дубай метросы әлемдегі машинистердің басқаруынсыз автоматтандырылған метрополитен жүйесінің ең ұзыны болып табылатынын қосуға болады.
      2012 жылы Дубайдың халқы 2,1 млн. адамға дейін ұлғайды. Бұдан басқа сарапшылардың бағалауы бойынша 2012 жылы күн сайын қалаға келушілердің саны миллионға дейін жетті. Қалада қылмыс жоқ деуге болады, Дубай көлемі жағынан әлемдегі үшінші өткізу бекеті ғана емес, сонымен бірге жоғары сапалы білім беру және денсаулық сақтау жүйесі құрылған орталық.
      Копенгаген.
      Копенгаген жасыл инфрақұрылымға қомақты қаражат салды және қазiргi уақытта Еуропада неғұрлым тұрақты қала мәртебесіне ие (Green City Siemens нұсқасы бойынша).
      Энергетика – әрбір ауданның электр энергиясы өндірісінен өңделген жылуды қабылдайтын орталықтандырылған жылыту жүйесі бар және ол ғимараттарды жылыту үшін пайдаланылады.
      Көлік – қаланың автомобиль көлiгiне арналған әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымынан басқа, көлемді және кеңейтілген метро жүйесі, автобус желісі, сондай-ақ қала маңындағы теміржол жүйесі бар. Нәтижесінде, барлық тұрғындар қоғамдық көлік аялдамаларынан шамамен 400 метр шегіндегі жерлерде тұрады. Копенгаген өзінің велосипед мәдениетімен және оны сүйемелдейтін инфрақұрылымымен де белгiлi. Қала шегінде 388 километр велосипед бағыттары бар және жол жүрісінің 50 %-ы велосипедпен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, қала олар үшiн зарядты инфрақұрылымдарды орната отырып, электромобильдер қозғалысының жүйесін дамытуда.
      Сумен жабдықтау – Копенгаген 2001 жылы бір ғасыр бойы жұмыс істеп тұрған, жыл сайын 1 % желiнi немесе 9 километрді жаңғыртуды қамтитын сумен жабдықтаудың негізгі желілерін ауыстыруға кірісті. Қазіргі уақытта, Еуропаның көптеген қалаларына тән 20-25%-дық орташа көрсеткішпен салыстырғанда, судың бос ағызылуы 5 %-ды құрайды. Сондай-ақ, қала теңіз дауылы кезінде ағын суларды сақтайтын жаңбыр суларына арналған резервуарларды салу арқылы кәріздерді жаңғыртты.
      Қалдықтар – қағидалармен, ынталандырулармен және қалдықтарды азайтуды ынталандыру жөніндегі ақпараттық науқандармен қатар қала тұрмыстық қалдықтарды органикалық және органикалық емес материалдарға бөлетін эксперименталдық зауыт салды және биогаз бен биоэтанол шығарады. Олар қаланың орталықтандырылған жылумен жабдықтауға арналған энергия көзі ретiнде пайдаланылады.
      Аудандар – Копенгагенде жаңартылатын энергия көздерін, төмен деңгейдегі шығарындылар қондырғылары мен көлік жүйелерін қоса алғанда, энергиятиімді тұрғын үйлермен және коммерциялық ғимараттармен, тұрақты энергия желілерімен көмірсутекті-бейтарап орамдар құрылысы бойынша пилоттық жоба әзірледі.
      Сингапур.
      Price Water House Coopers зерттеуіне сәйкес Сингапур «Мүмкiндiктер қаласы 6» көлiк және инфрақұрылым саласында үстем болып отыр. Сингапур инфрақұрылымның қаланы дамытудағы маңызды рөлінің және тұрғындардың игілігі үшін оның үлесін айқын сезінеді. Әсiресе, Сингапурдың тұрғын үйдің қолжетiмдiлігі, құны мен сапасын өлшейтін түйінді көрсеткіштер бойынша көшбасшы болу фактісі аса маңызды.
      Сингапур технологиясы суды ұтымды пайдаланудың сәтті үлгісі болып табылады. Ол бүкіл әлемде кең қолданысқа ие болып отыр. Сингапур сумен жабдықтау мен су тазарту проблемасын 1974 жылы шеше бастады. Жүргізілген саясаттың нәтижесінде 2001 жылы Малайзиядан су импорты 40 %-ға (2-сурет) қысқарды.

2-сурет – Сингапурдың су ресурстары
Дереккөз: The Straits Times (2012)

      Казіргі уақытта Сингапурдың су қорының 30 %-ы сарқынды суларды тазартатын NEWater жүйесі өндіреді. NEWater өнеркәсіпте сұранысқа ие, себебі суға деген жалпы сұраныстың 55 %-ы осы секторға келеді. Елдің су ресурстарының 20 %-ын жаңбыр суы береді. Сингапур 2005 жылы теңіз суын тұзсыздандыру зауытын салды. Бұл зауыт Сингапурдың су тұтынуының 10 %-ын қамтамасыз етеді. Теңіз суын тұзсыздандыру тәжірибесі оң ықпал етті және Сингапур Израильмен ынтымақтаса отырып, ауыз суы мақсатында жұмсалатын теңіз суын тұщытатын екінші зауыт салуда. Екінші зауыттың қуаты Сингапурдың таза суға сұранысын түгелдей жабуға мүмкіндік береді.

Әлем қалаларының рейтингтеріне шолу

      Әлемнің жетекші зерттеу ұйымдары халықтың өмір сүру сапасын және урбандалған аумақтарды дамыту деңгейін бағалаудың бірыңғай тәсілін әзірлеген жоқ, олардың әрқайсысы өзінің индексін және өздерінің есептеу көрсеткіштері жүйесін ұсынады (4-кесте).

4-кесте - Әлем қалаларының танымал әлемдік рейтинтері

Агенттік, рейтингтің атауы

Зерттеу аясы

Индикаторлар саны

Қамту ауқымы (қалалар)

The Mori Memorial Foundation, Global Power City Index

Барлық салалар

70 индикатор

40

Globalization and World Cities (Loughborough University), Leading World Cities

Барлық салалар

16 индикатор

52

PricewaterhouseCoopers, Business-readiness Indicators for the 21st Century

Бизнес

51 индикатор

20

Economist Intelligence Unit (EIU), Livability Ranking

Өміршеңдік индексі

30 индикатор

140

EconomistIntelligenceUnit (EIU), Рейтинг конкурентоспособности городов мира

Бәсекеге қабілеттілік индексі

16 индикатор

120

Mercer LLC, Quality of Life Survey

Өмір сүру сапасы

39 индикатор

215

City prosperity index
(БҰҰ, Хабитат)

Қалалық өркендеу

5 көрсеткіштер блогы


      Халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын және урбандалған аумақтарды дамыту деңгейін бағалаудың бірыңғай тәсілінің болмауына қарамастан, жоғарыда аталған барлық индекстер өмiр сүру үшiн қолайлы, қаланың талаптарына сәйкестікті біріктіреді (Liveable cities2).

________
2 Бастапқыда Америкада қалыптастырылған Liveablecities (өмір сүру үшін қолайлы қалалар) тұжырымдамасы одан әрі, әсіресе Голландияда және Солтүстік Еуропа елдерінде кеңінен таралды.

      Liveable cities тұжырымдамасы өзіне экономикадан бастап экологияға дейінгі қала практикасының барлық жақтарын қамтиды. Осы тұжырымдаманың табыстылығы біршама дәрежеде қала «қолайлылығының» нақты критерийлерін әзірлеу және жалпы қаланың қауіпсіздігі/ қылмыстылығы деңгейімен, халықтың білім деңгейімен, санитариялық-гигиеналық жағдаймен, медициналық қызмет көрсету деңгейімен, рекреация мүмкіндіктерімен, барлық ықтимал қоғамдық сервистерді дамытумен, көлік жүйесінің және әсіресе қоғамдық көліктің тиімділігі деңгейімен, ластану деңгейімен, ең соңында қоғамның толеранттылық және қаланы басқару жүйесінің демократиялығы деңгейімен байланысты тұтас бірқатар индикаторлар бойынша жүйелі өлшеулерді жүргізу мүмкіндігімен айқындалады. Көптеген рейтингтік агенттіктер мен Economist журналы әлемнің көптеген әйгілі және ірі қалаларында олардың liveability тұрғысынан мониторингтейді.
      Қалаларды әлемдік рейтингтерге қосудың негізгі мақсаты:
      1) инвестициялық тартымдылық үшiн қаланың имиджін арттыру,
      2) қай жерде қалалар жақсы жұмыс істейтінін, ал қай жерлерде жақсартуды қажет ететінін көрсету болып табылады.
      Осылайша, әлемдiк рейтингтер қалаларға инвестициялар тарту үшін имиджді көтеруге және жергілікті атқарушы органдарға әлсіз тұстарын көрсетуге көмектеседі.
      Жыл сайынғы KPMG Global cities investment monitor шолуы әлемнің неғұрлым табысты қалалар рейтингінің тобына кіретін қалалар шетелдік инвесторлар үшiн аса тартымды болып табылатынын да растайды.

3-сурет – Елдегі шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінде қалалармен тартылған шетелдік инвестициялардың үлесі

Дереккөз: KPMG Global cities investment monitor 2012-2013

      Қалалардағы өмір сүру сапасын бағалаудың ең танымал рейтингтерінің бірі Mercer Human Resource Consulting, The Economist Intelligence Unit және UN Habitat компанияларының рейтингі болып табылады.
      Mercer Human Resource Consulting трансұлттық консалтингтік тобы әлемнің ең ірі қалаларындағы өмір сүру сапасын бағалайды. Компания жыл сайын 10 топқа біріктірілген 39 көрсеткіштің негізінде 420 қаладағы өмір сүру сапасының индексін есептейді. Жүйе өмір сүру сапасының жалпы индексінде оның мәнін көрсету үшін әрбір санатты өлшейді. «Mercer» рейтингі есептеу нүктесі ретінде Нью-Йорк қаласын қабылдайды, барлық қалған қалалар соған қатысты ранжирленеді.
      МERCER агенттігінің қолданылатын зерттеу әдістемесіне сәйкес 10 бағыттың ішінен 4-інің (саяси және әлеуметтік тұрақтылық, денсаулық сақтау, коммуналдық көрсетілетін қызметтер мен көлік, тұтыну тауарлары) үлесіне өмір сүру сапасының деңгейін бағалаудың 75 %-ы тиесілі. Айталық, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласының рейтингтік балы ағымдағы жылы 100-ден 50,9-ды құрады. Агенттік жүргізетін зерттеулердің көшбасшылары дәстүрлі түрде әлемнің дамыған қалаларының (Вена, Цюрих, Окленд, Мюнхен, Ванкувер) бірінші жүздігі болып қалады.
      Әлемнің үздік қалалары әлемнің әртүрлі елдерінен шетелдік инвестицияларды көптеп тартумен сипатталатын халықаралық компаниялардың бизнес жүргізуі үшін зор әлеуеті бар екенін назарға ала отырып, Агенттік жүргізіп отырған зерттеу шетелдіктердің тұру жағдайын бағалауға бағытталған.
      The Economist журналының есептер және рейтингтер дайындаумен айналысатын Economist Intelligence Unit талдамалы бөлімшесі «өмір сүруге ең қолайлы қалалар» тізімін құрастыру үшін дереккөздер жиынтығын, оның ішінде Mercer зерттеулерін пайдаланады. Қала өмірі сапасының индексі зерттелетін қалалардағы өмір сүру жағдайларын айқындайтын тұрақтылық, денсаулық сақтау, мәдениет және қоршаған орта, білім беру, инфрақұрылым сияқты бес басты топқа біріктірілген 30 көрсеткішті қамтиды.
      БҰҰ Хабитат (CPI) қалалық гүлдену индексін есептеу үшін өнімділік, өмір сүру сапасы, инфрақұрылымның дамуы, қоршаған ортаның жай-күйі, материалдық және әлеуметтік теңсіздік сияқты 5 көрсеткіш пайдаланылады. Аталған рейтингте Алматы қаласы CPI жалпы рейтингінде 28-позицияға ие, оның ішінде өнімділік индексі – 27-орында; өмір сүру сапасының индексі – 28-орында; инфрақұрылымның даму индексі – 43-орында; қоршаған ортаның жай-күйі индексі – 24-орында; материалдық және әлеуметтік теңдік индексі – 15-орында.
      Бүгінгі күні Солтүстік Америка мен Еуропа қалалары әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті қалалардың бірі болып табылады, халқының қартаюы, инфрақұрылым, берешектер және баяу өсу проблемаларына қарамастан, 2025 жылға дейін өздерінің артықшылығын сақтауы мүмкін. Азиядағы экономикалық өрлеу, сондай-ақ 2025 жылы олардың қалаларының бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.
      2025 жылға қарай БРҮҚ (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) елдерінің Сан-Паулу, Мумбаи, Рио де Жанейро, Дели, Порто Алегри, Санкт-Петербург сияқты алты қаласы ең табысты 25 қала тобына кіреді.

5-кесте – 2025 жылға қарай әлем қалаларының бәсекеге қабілеттілік рейтингі

Қалалар

2025 жыл

2012 жыл

Нью-Йорк

1 (+1)

2

Лондон

2 (+4)

6

Сингапур

3 (-2)

1

Гонконг

4 (-1)

3

Токио

5 (-2)

3

Сидней

6 (+2)

8

Париж

7 (-2)

5

Стокгольм

8 (+5)

13

Чикаго

9 (+3)

12

Торонто

10

10

Алматы

107 (-11)

96

*The Economic Intelligence Unit қалалардың бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес

      Заманауи қалалардың даму үрдістері алуан түрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді. Әртүрлі даму сатысында тұрған қалалар объективті және субъективті жағдайлардың әсерінен елеулі деформацияға ұшырап отыр. Қалалардың проблемаларын талқылау жөніндегі халықаралық институттар, форумдар мен алаңдар санының көп болуы қалаларды дамытудың үздік практикасын зерттеу қажеттігіне негізделген.
      Қалалардың дамуын зерделеу тәжірибесі мен үздік практикалары әртүрлі қалалардың бірдей даму жолдары болмайтынын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Үрдістерді, трендтер мен жалпы ерекшеліктерді анықтау, есепке алу процестерді түсіну және тиімді басқарушылық шешімдер әзірлеу үшін, оның ішінде агломерацияларды дамыту стратегиясын әзірлеу үшін қажет.
      Халықаралық рейтингтік агенттіктер арасында өмір сүру сапасының деңгейін бағалау бойынша бірыңғай көзқарастың болмауын, сондай-ақ ірі қалаларды одан әрі дамыту және әлемдік саудадағы, ақпараттық технологиялардың дамуындағы, энергияның баламалы көздерін пайдаланудағы өзгерістермен айқындалған халықтың ірі қалаларда тұру қолайлылығы бойынша нәтижелерге қол жеткізуі жөніндегі зерттеу топтары болжамдарын назарға ала отырып, Астананың дамуына және әлемнің табысты 10 қаласының қатарына кіруіне ықпал ететін өзіндік пайымды айқындау қажет.

Болашақ қалаларының даму болжамы

      Қалалардың одан әрі даму бағытын айқындау мақсатында келесі 50 жылдың ішінде қалалар бетпе-бет келуі мүмкін проблемалар мен мүмкіндіктерді айқындау үшін жасалған зерттеу жобасы – «Foresight Future of Cities» жобасы зерделенді (Еуропа қалалары бойынша дамудың жұмыс жобалары зерттеу үшін мысалдар ретінде қаралды). Аталған зерттеу қалалық дамудағы төрт негізгі үрдіс: жаһандық көлемде урбандалу деңгейінің артуы, мегаполистердің аумақтық кеңеюі, климаттық өзгерістер, экологиялық ахуалдың нашарлауы мен әлемдік экономиканың ауыртпалық орталығының ауысуы есепке алына отырып жүргізілді.
      Аталған зерттеуде қалаларды одан әрі орнықты дамыту мақсатында бірқатар аспектілер, оның ішінде қаланы басқару, қаржы және өмір сүру қолайлылығы көзделеді. Жоба жергілікті басқару органдарына қалалардың:
      1) өмір сүру, жұмыс істеу және демалыс үшін ең жақсы орын деген бедел алуына мүмкіндік бере отырып, жақсы басқарылуда екендігіне, ең жақсы қызметтер, тартымды жұмыс орындарын ұсынатынына, дамыған экономикасы мен жоғары өмір сүру сапасына ие екеніне;
      2) өсу мен даму қоршаған ортаны қорғау, қаланың барлық тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартумен қатар жүретін «жасыл экономика» қағидаттары негізінде «ақылды» болып табылатынына кепілдік беруге көмектесетін мәселелерді қарастырады.
      Таяу арадағы 50 жылға зерттеу нәтижелеріне сәйкес оқиғалардың ағымдағы өрбуіне байланысты қалалардың неғұрлым 4 ықтимал түрінің ішінен біреуін құру күтілуде:
      1) Hightech city (жоғары технологиялы қала) – бұл модель қала экономикасын одан әрі жаһандандырумен, халықтың жоғары ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауды болжайды. Шанхай, Дубай, Рио, Сеул, Сингапур сияқты ағымдағы футуристикалық қалалар эталондық қалалар болып табылады. Адамдардың іскерлік орын ауыстыруында барынша жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ететін технологияларды одан әрі дамытумен климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін энергияның баламалы көздеріне толық көшу күтілуде.
      2) Digital city (Цифрлық қала) – цифрлық технологияларды белсенді дамыту және оның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы адамдар мен объектілердің физикалық орын ауыстыруын төмендетуді болжайды. Қаланың аталған түрінде адамдар орын ауыстырмайды, саяхаттарды қажет етпейтін болады. Цифрлық технологиялар адамдардың өміріне интеграцияланғаны соншалықты, бағдарламалық қамтамасыз ету белгілі бір міндеттерді орындаудың ең үздік тәсілдерін «ақылмен» әзірлеуге мүмкіндік береді. Қала тұрғындары үшін қолжетімді 3D технологияларын одан әрі дамыту күтіледі.
      3) Liveable city ( Өмір сүру үшін жайлы қала) – тұрғындардың көмірсутектік қалдығын күрт төмендетуді болжайды. Болашақ қаласы негізінен жергілікті ғалымдардардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлердің және талдамалық орталықтардың инновацияларынан дамитын болады. Энергияның, энергияны аз тұтынатын техниканың баламалы түрлеріне, адамдармен көбірек араласуға, жасыл қоғамдастықты қалыптастыруға, адамдардың неғұрлым тығыз орналасуына көшу үрдісі болжанады, бұл адамдармен араласу және жақсы қарым-қатынастар орнатуға мол мүмкіндіктер береді. Ұсыныстарға сәйкес аталған бастама тұрғындардың бақыт деңгейін (халықаралық бақыт индексі) ұлғайтуға мүмкіндік береді, бірақ сонымен бірге тұрғындардың экономикалық белсенділігінің төмендеуі, қаланың ЖӨӨ сияқты кемшіліктер де болады.
      4) Fortress city (бекініс- қала) – табыс деңгейі жоғары тұрғындардың бір бөлігі тұрғындардың кедей бөлігінен жабық және қаруланған орындар құрумен, кейде тіпті анклавтар құрумен бөлектенетін «жабық қоғамдастықтарды» дамытуды болжайды. Қалалар арасында және қала ішінде арнайы әскерилерсіз жүру қауіпті болып, жағдайы қолайсыз аудандардағы қоршаған орта нашарлайтын болады. Сондай-ақ технологиялық дамуды тежейтін энергетикалық және азық-түлік ресурстарының жетіспеуі күтіледі.
      Сондай-ақ зерттеуде таяу арадағы 50 жылда қалалардың дамуына кедергі болатын факторлар көрсетілген:
      1) климаттың өзгеруі;
      2) халықтың өсуі
      3) демографиямен және экологияның нашарлауымен байланысты тәуекелдерге алып келетін экономиканың жаһандануы;
      4) технологиялық даму;
      5) геосаяси өзгерістер;
      6) тұрғындардың ұтқырлығы;
      7) халықтың қартаюы;
      8) теңсіздік және әлеуметтік қайшылықтар;
      9) қауіпсіздіктің болмауы (энергетика, су, тамақ);
      10) институционалды қ және басқарушылық құрылымдардың өзгеруі.
      Қалыптасудың бастапқы сатысында (30 жылға дейін) тұрған қалаларға жоғарыда көрсетілген факторлар тән емес, өйткені олардың дамуы ақылды қала, цифрлық технологиялар, сондай-ақ жасыл экономика және энергия үнемдеу қағидаттарына негізделген. Оның үстіне, қалыптасудың ерте сатысындағы қалалар экономиканың басым салаларында пайдалану үшін адами ресурстарды (халықтың ұтқырлығы) тарту арқылы ұзақ мерзімді дамудағы артықшылықтарға ие.
      Сонымен қатар қомақты экономикалық және геосаяси даму тарихы бар қалаларға наразы халықтың пайда болуымен сүйемелденетін көп ақша салымдары мен өндірістерді қайта бағдарлау талап етіледі.
      Зерттеудің басты тұстарын ескере отырып, заманауи мегаполистің міндеті – экономиканың тұрақты дамуын, экологиялық тәуекелдерді төмендетумен тұрғындардың жоғары қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету екенін атап өтуге болады. Осыған байланысты қалаларды дамытудағы жоғарыда көрсетілген 4 бағытты пайдалану әлемдік экономика ұсынатын талаптарға сай келетін болады және халықтың ұтқырлығы факторын барынша іске қосуға көмектеседі.

Астананың негізгі даму бағыттары ретіндегі кластерлік бастамалар

      Даму бағыты жаңа технологияларды енгізуге және өндірісте адами капиталды пайдалануды кеңейту бойынша алғышарттарды қалыптастыруға бағдарланған жас астана ретінде Астана қаласының ішкі тұрақтылық, тұрғындар саны мен өмір сүру ұзақтығының өсуі, адами фактордың ұтқырлығы, перспективалы өндірісті кеңейтудегі икемділік сияқты параметрлер бойынша ірі әлемдік қалалардың алдында артықшылығы бар.
      Бұдан басқа, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын айқындау кезінде, оның экономикалық мамандандырылған 7 негізгі бағыты бойынша өңірдегі жүйе қалыптастырушылық және инновациялық рөлін ескере отырып, Астананың мықты тұстарына сүйену қажет:
      1. Бірінші бағыт – бұл бизнес-қызметтер, ең алдымен логистика, қаржы секторы, шағын бизнес. Бұған елдің саяси және әкімшілік орталығы ретінде Астананың жағдайы қолайлы – мұнда көрсетілетін қызметтің негізгі тұтынушылары – ірі компаниялардың бас кеңселері, шетелдік фирмалардың қомақты саны, мемлекеттік аппарат институттары, банк секторының кәсіпорындары орналасқан.
      2. Темір жол және авиациялық машина жасау, аспаптар жасау (оптикалық аспаптар, ғарыш саласы), аффинаждық өндіріс саласындағы жоғары технологиялық салаларды, ал перспективада энергия үнемдейтін технологияларды дамыту маманданудың екінші басым бағыты болып табылады, оған білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік әлеуетті шоғырландыру, кооперациялық байланыстарды күшейту көмектесетін болады.
      3. «Жасыл экономика» қағидаттарын енгізу және Астана қаласын Smart-City ретінде дамыту үшінші бағыт болып табылады, бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті және әлемдік үздік практиканы пайдалана отырып, қаланы басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
      4. Қаланы мамандандырудың төртінші бағыты – медициналық көрсетілетін қызметтер кластері, фармацевтика. Астана қаласында қазірдің өзінде денсаулық сақтау саласында ұсынылатын қызметтердің сапасына айтарлықтай ықпал ететін, соңғы шыққан техникамен жарақтандырылған 6 заманауи медициналық көрсетілетін қызметтер орталығы бар.
      5. Бесінші бағыт – бұл «Назарбаев Университеті» АҚ базасында қалыптастырылып жатқан және кейіннен өндіріске енгізілетін инновациялық технологиялардың трансфертіне және оларды қалыптастыруға ықпал ететін ғылым қаласы, білім беру қызметтерінің кластері.
      6. Алтыншы бағыт – туризм индустриясы, мұнда даму үшін әлеует мол, қаланың қонақ үй қоры жыл сайын 800 нөмірге ұлғаюда, әлемдік деңгейдегі Rixos, Hilton, Marriot және басқа да ірі қонақ үй кешендері іске қосылуда.
      Астананың халықаралық мәдени орталық ретінде дамуы сырттан келетін туризмді тарту үшін тиімді ресурс болып табылады, бұған әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақырылған іс-шаралар өткізу, бірегей мәдениет объектілерін (Опера және балет театрын, заманауи кинозалдар, өнер, халық шығармашылығы мұражайларын) салу айғақ болып отыр.
      7. Жетінші бағыт – сауда. Қазіргі кезеңде – бұл серпінді дамып келе жатқан астана экономикасының секторы, оның үлесіне ЖӨӨ көлемінің 30 % тиесілі, тауар айналымының жыл сайынғы өсуі 10-55 %-ды құрайды.

3. Астана қаласының 2050 жылға дейінгі үрдістері мен пайымы

      2050 жылға қарай қоршаған ортаны бұзбай, 4 миллионнан астам адамның өмір сүруіне жайлы жағдай жасау үшін қаланы жоспарлаудың көптеген аспектілерін түбегейлі өзгерту қажет.
      Сонымен бірге үйлесімді қалалық ортаны қалыптастыру көп жағдайда мынадай бір-бірін жоққа шығаратын тәртіп процестерін іске асыру бойынша бірқатар қиындықтармен ұштасады:
      1) экожүйені сақтай отырып, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
      2) астананың сәулеттік ерекше келбетін сақтай отырып, жылжымайтын мүлік нарығын дамыту;
      3) қалалық көліктік күре жолдарға залал келтірмей транзиттік әлеуетті пайдалану және одан әрі дамыту;
      4) өзінің адами әлеуетін қатар дамыта отырып, жоғары мамандандырылған шетелдік кадрларды тарту арқылы технологиялар трансфертін жүзеге асыру және экономиканың ғылымды қажет етуін арттыру;
      5) халықтың қалың тобы үшін қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігімен медициналық және ғылыми-білім беру кластерін құру;
      6) қосылған құн өндірісіне бақылауды сақтай отырып, шетелдік инвестицияларды тарту;
      7) халықтың әртүрлі топтарының табыс деңгейлері арасында үлкен айырмашылықтың болуына жол бермей, мемлекеттің экономикаға ықпалының деңгейін төмендету;
      8) қоғамдық саяси тұрақсыздық қаупін төндірмей, әлеуметтік-экономикалық салада құрылымдық реформалар жүргізу.
      Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, аумақтарды ұзақ мерзімді дамытуды басқарудың инновациялық моделі негіз болған Астана қаласын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді.

Әлемнің үздік қалаларының 10-дығына елорданың кіруі үшін қалалық орта мен адам өмірінің негізгі салаларын өзгертудің негізгі аспектілері

Астана 2014

Астана 2050

Экономика

Ішкі нарықтың импорттық тауарларға тәуелді болуына байланысты бақыланбайтын инфляциялық процестер

Агломерациялық даму белдеуі шеңберінде ауылшаруашылық шикізатын өндірудің және қайта өңдеудің жеке инфрақұрылымының болуы салықтық және салықтық емес субсидиялар мен преференциялар есебінен баға белгілеу процесін бақылауға мүмкіндік береді

Энергиямен қамтамасыз ету желілері мен көздерінің тозуына байланысты энергия ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы

Энергияның кемінде 50 %-ы жаңартылатын көздер есебінен жинақталатын энергиямен қамтамасыз етудің кешенді жүйесі энергияны қажет ететін даму моделінен энергиялық тиімді модельге ауысуға мүмкіндік берді

Қосылған құнды құру секторының төмен үлесі

Экономиканың ғылымды қажет етуін арттыру жаңа бағыттар мен салалар пайда болатын қызмет көрсетулер саласын инновациялық дамытумен сүйемелденетін болады

Әлеуметтік сала

Қылмыстың жоғары деңгейі

Кешенді ден қою жүйесін технологиялық жетілдіру қылмыстарды ашу деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Іске асыру және халықтың қалың тобын оқыту үшін жағдайлар жасау криминогендік жағдайдың жалпы деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы

Құрылыс индустриясында қосымша өндірістер ашу, жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламаларын енгізе отырып, жиынтыққа қолжетімді бағамен жедел және қолайлы тұрғын үй тұрғызудың инновациялық технологияларын қолданатын үй салатын комбинаттар құру тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешуге мүмкіндік береді

Білім беру және медициналық-әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жүктемесінің шамадан тыс көп болуы

Қаланы желісіз байланыстыру аймағымен толық жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, ақпараттық алаңды ауқымды цифрлеу оқыту мен медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін реттеудің негізіне айналады. Қашықтықтан оқыту жүйесі білім беру мекемелерінің желісін тұрақты кеңейту қажеттігі проблемасын шешті. Денсаулық сақтау саласында нанотехнологияларды дамыту денсаулыққа қатысты туындаған проблемаларды операциясыз жою арқылы адам ағзасының негізгі жүйелерінің жұмыс істеуін кешенді диагностикалау базасында МСАК жаңа моделін құруға мүмкіндік берді.

Инфрақұрылымдық кешен

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуының жоғары деңгейі, бұзылулар мен жоспарланбаған өшірулер, қысқы мерзімде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі

Желілердің жай-күйін мониторингтеу мен бақылаудың заманауи технологияларын енгізе отырып, тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерін кезең-кезеңмен жаңғырту магистральдардың тұтастығын бұзу қаупінің болмашы белгісінің өзінде-ақ уақтылы және шұғыл түрде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Елорданың көліктік күре жолдарының өткізу қабілетін қысқарту үрдісі

Әрбір автокөлік құралын оларға қосу мүмкіндігімен көліктің астана көшелерінің бойымен қозғалысын бақылаған кезде ақпараттық жүйелерді пайдалану логистикалық коллапстың туындауын болдырмауға және қатынас желілерінің ұтқырлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үй қорының қанағаттанарлықсыз жай-күйі

Ұжымдық меншікті басқарудың жаңа бірыңғай жүйесін енгізу әкімшілік шығындарды қысқарту мен меншік иелерінің қаражатын тиімді пайдалану есебінен тұрғын үй қорын ескі құрылыстарды бұзу есебінен біртіндеп жаңарта отырып, оны тиісті қалпында ұстауға мүмкіндік береді

Экология

Ауаның стационарлық көздердің шығарындылармен және судың ластанған сарқынды сулар шығарындыларымен ластануының өсіп келе жатқан деңгейі

Баламалы энергетиканы дамыту, тазартудың жаңа технологиялары мен эко стандарттарды енгізу ластану дәрежесін барынша азайтуға мүмкіндік берді

Құрылыстар салу алаңының ұлғайюына байланысты табиғи экожүйелер аумақтарының қысқаруы

Жасанды «табиғат аралдарын» жаппай құру, жасыл екпелер алаңын кеңейту қала құрылысы тұжырымдамасының ажырамас бөлігіне айналады.

Тұрмыстық қалдықтарды көму полигондары алаңының өсуі

Толық циклді қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін енгізу қайта өңделген қалдықтардың үлесін 50 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді

4. Астана қаласын 2050 жылға дейін дамытудың қағидаттары
мен жалпы тәсілдері

      Мақсаты – Астана қаласының 2050 жылға қарай әлемнің үздік
10 қаласы рейтингіне кіруі.
      Міндеттері
      Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
      1) Астананы ел хал қы үшін де, сол сияқты шетел мемлекеттері үшін де, ең алдымен, жаңа білімнің, идеялардың иелері мен оларды іске асыруға қабілеттілер үшін тартымды Еуразия континентінің экономикалық орталығы болып табылатын әлемдік қала ретінде қалыптастыру.
      2) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде Астананы экономикалық тұрғыдан жайғастыру және орнын айқындау (әлемдік деңгейдегі білім беру және медициналық қызметтерді ұсыну, технологиялық трансферт, инновациялық технологиялық даму орталығы, «жасыл экономиканы» дамыту және басқалары);
      3) Астананы Астана агломерациясының орталығы ретінде дамыту;
      4) қоршаған ортаны қорғау және Астана қаласының аумағындағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жаңдайлардың алдын алуды қоса алғанда, «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру.

      Түйінді индикаторлар
      Әлемнің үздік қалаларының ағымдағы даму үрдістерін ескере отырып, негізгі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту жолымен экономикалық әлеуетті қарқынды өсіру тән инновациялық даму моделі табысқа жетудің негізі болып табылатынын атап өткен жөн.
      Экономикалық өсудің экстенсивті (сандық) моделінен бас тарту неғұрлым жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу үшін қаладағы қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағдарлануды болжайды. Осының есебінен халық үшін серпінді ұлғайып келе жатқан өмір сүру деңгейін өсіруді қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайды. Бұған жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі мен халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы дәлел болады.
      Осыған байланысты баламалы энергия көздерін дамыту, сондай-ақ энергияны қажет етуді төмендету және энергия тиімділігін арттырудың ауқымды бағдарламасын іске асыру қажет.
      Халық санының өсуі де тұрмыстық қалдықтардың ұлғаюына алып келеді, ал қалдықтарды көму арқылы кәдеге жарату тиімсіз әдіс болып табылады, өйткені ол экономикалық айналымнан полигондарға жер алуды білдіреді. Сондықтан қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру осы аспектідегі негізгі даму бағыты болып табылады.

Нысаналы индикаторлар

2020 жыл

2030 жыл

2050 жыл

Экономика

ЖӨӨ нақты өсуі, 2008 жылғы деңгейге қатысты

2,1 есе

3,7 есе

11,1 есе

Еңбек өнімділігі, мың теңге/жұмыспен қамтылған

10000

15000

25000

Әлеуметтік сала

Халық саны, мың адам

991

1220

2124

Өмір сүру ұзақтығы, жас

75

77

80

Жұмыссыздық денгейі, %

5

4

2,5

Айлық орташа жалақы, мың теңге

250

350

600

Инфрақұрылымдық кешен

ЖӨӨ энергияны қажет етуін төмендету, 2008 жылғы деңгейге қатысты, %

10

30

50

Жалпы энергия тұтыну көлеміндегі баламалы энергия көздерінін үлесі, %

10

30

50

Өңделген қалдықтардын үлесі, %

10

30

50

Астана қаласын ұзақ мерзімді дамытудың негізгі көрсеткіштері мен күтілетін нәтижелері

      Алдағы 35 жылда қаланы әлеуметтік-экономикалық орнықты дамыту мақсатында мынадай негізгі міндеттерге қол жеткізу межеленіп отыр:
      1. Адам саны 2050 жылға қарай 2,5 есе өсіп, жалпы саны 2,1 млн. адамға жететін халықты қолайлы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ететін қосымша тұрғын үй кешенін құру. 35 жылда 30 млн. астам шаршы метр тұрғын үй салу қажет. Халық санының өсуіне және экономикалық қызметтің кеңеюіне байланысты, 2050 жылға қарай қосымша кем дегенде 630 мың жаңа жұмыс орнын құру болжанады.
      2. Тұрғындардың, келушілердің және қаланың экономикалық қызметінде жұмыспен қамтылған барлық еңбекшілердің күнделікті маятниктік жол жүруі кезінде уақыт шығындарын азайтуға ықпал ететін қаланың көліктік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру.
      3. Қаланың кез келген тұрғын ауданынан 20 минут қадамдық қашықтықта орналасқан саябақтар мен демалыс аймақтарының санын ұлғайту есебінен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.
      4. Қалалық сумен жабдықтаудың ескірген жүйесінің сыни жағдайына байланысты, оны жаңғырту және жоғары деңгейде және ұзақ жылдар бойы сапалы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қаланың жаңа сумен жабдықтау жүйелерін құру көзделген.
      5. Қазір жұмыс тұрған, бірақ ескірген бүкіл қалалық көліктік инфрақұрылымды күрделі жөндеуді жүзеге асыру. Көліктік инфрақұрылымды жөндеу мен жаңғыртуға капитал салымдарын едәуір ұлғайту болжанады. Бұл ретте астана жолдарының 30 %-ға жуығы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
      6. Терең жаңғырту арқылы қаланың энергетикалық инфрақұрылымының сенімділігі мен экологиялылығын арттыруды қамтамасыз ету.
      7. Атмосфераға қалалық жылу шығарындыларын 30 %-ға қысқарту.
      8. Ауа тазалығының еуропалық көрсеткіштеріне қол жеткізу.
      9. Барлық тиісті аумақтардың редевелопментін өткізу.
      Бұл бағдарламаны іске асыру қомақты капитал салымдарын және тұрғын үй құрылысын кеңейту, қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қаланың көліктік, инженерлік, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын кеңейту және терең жаңғырту қажеттігімен байланысты қаланың бүкіл әлеуметтік-экономикалық құрылымын ілгерілетуді көздейді.
      Қоршаған ортаны сауықтыруға, зиянды шығарындыларды азайтуға, ластанған аумақтарды қалпына келтіруге, саябақтар мен демалыс аймақтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл шаралардың барлығы қалалық жоспарлауда қаланың барлық аудандарын жан-жақты өзгертумен сүйемелденетін елеулі өзгерістерді талап етеді.

Астана қаласын 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттары

      Экономикалық өсу

      Заманауи қалалардың перспективалы дамуының тұжырымдамалық пайымы капиталдар, таланттар мен инновациялардың тартылыс орталықтары ретінде орын табуды болжайды. Бұл ретте астаналық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету Астана қаласының ұзақ мерзімді табысты дамуының негіз қалаушы шарты болып табылады.
      Көптеген заманауи қалалардың даму тәжірибесі көрсеткендей, қала салушы кәсіпорындар құру немесе мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы олардың рентабельді жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттің экономикаға тікелей араласуы өңірлік ауқымда ғана және белгілі бір уақыт кезеңі ішінде оң әлеуметтік-экономикалық әсер тудырады.
      Осыған байланысты Астананың әлемнің басқа дамыған қалаларымен бәсекелесе алуы үшін кәсіпкерлікті дамытудың мүлдем өзгеше стратегиясы қажет.
      Күш-жігерді салу екпіні:
      1) кейіннен экономикалық айналымға қоса отырып, жаңа аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету процестерін қарқындату;
      2) астананың бүкіл аумағында ШОБ жаңа субьектілерін құру мен дамытуға бастама жасайтын ынталандыратын қолдау бағдарламаларының кешенін іске асыру;
      3) экономика үшін жоғары кәсіби және талантты мамандар тәрбиелеу үшін қажетті жағдай жасай отырып, қалалық еңбек ресурстарын дамыту;
      4) қаланың жедел экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қалалық көлік жүйесін жетілдіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және оның сенімділігін арттыру;
      5) жаңа тартымды жобалар мен туристік бизнестің инфрақұрылымына біртіндеп өсіп келе жатқан инвестициялар негізінде туризм кластерін дамыту;
      6) экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін өнеркәсіп пен жоғары технологиялы өндірістердің жаңа салаларын тарту және дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға ықпал ететін бизнесті дамыту үшін неғұрлым достас орта қалыптастыруға, кәсіпкерлік үшін жағдайлар мен құралдар жасауға бағытталуы тиіс.
      Ваа3 деңгейінде Милан, Мадрид және Стамбул қалаларымен қатар «оң» болжамға ие «MOODY`S» халықаралық рейтингтік агенттігінің бағалауы елорданың инвесторлары үшін тартымды және экономикалық өсуге ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады.
      Сонымен қатар PriceWaterhouseCoopers агенттігінің есебіне сәйкес Астана әлемнің SMART-қалаларының рейтингісінде 21-ші орын алды, бұл ақпараттық қамтамасыз етудің өскенін және қалалық өзін-өзі басқару әдістеріне инновациялардың енгізілгенін айғақтайды.

      Адами капитал

      Адами капитал — бұл интеллект, денсаулық, білім, сапалы әрі өнімді еңбек және өмір сапасы.
      Әлемдік ақпараттық желілерді қалыптастыру жағдайында, әлемнің адами капиталға озық инвестициялауды жүзеге асыратын, жетекші сарапшылардың еңбек етуі және өмір сүруі үшін ең жақсы жағдайлар жасай отырып, олардың ағынын ұйымдастыратын қалаларын дамытудың басты қарқынды бәсекелестік факторы болып ұлттық адами капитал қызмет етеді.
      Адами капитал халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, зияткерлік қызметке инвестициялар есебінен қалыптастырылады. Олардың ішінде тәрбиеге, білім беруге, денсаулық сақтауға, білімге (ғылымға), кәсіпкерлік қабілеттілік пен климатқа, еңбекті ақпараттық қамтамасыз етуге, тиімді элита қалыптастыруға, азаматтар мен бизнестің қауіпсіздігіне және экономикалық еркіндікке, сондай-ақ мәдениетке, өнерге және басқа құрамдас бөліктерге салынатын инвестициялар.
      Әлемнің дамыған елдерінде адами капиталға салымдар микро-, сол сияқты макродеңгейлерде экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторы болады. Адами капиталды жинақтау және сақтау, үздіксіз оқу мен кәсіби дайындық арқылы адамдарды бүкіл өмір бойы өздерінің дағдылары мен білімдерін жетілдіруге ынталандыратын стратегияларды өмірге енгізу – экономиканың орнықты дамуына қол жеткізудің басты шарты.
      Экономика мен құқық саласындағы мамандар саны басым Астана халқының білім деңгейі біліктілігі төмен еңбектің үлесі аса жоғары қалыптасқан еңбек нарығымен құрылымдық қарама-қайшылықта. Бұдан басқа теңгерімсіздік білікті инженерлік-техникалық кадрларға тапшылықтан туындап отыр.
      Осыған байланысты ЖОО мен техникалық училищелерді бітірушілердің «Сәтті қадам» жобасының үлгісімен бәсекелестік еңбек нарығындағы жағдайлар мен талаптарға бейімделуіне көмектесетін жобаларды іске асыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу қажет. Білім беру жүйесінде ЖОО-да студенттер алатын практикалық-теориялық білім мен жұмыс берушілер ұсынатын заманауи талаптар арасында белгілі бір мөлшерде сәйкессіздіктер бар. Жоба шеңберінде тағылымдамадан өткізу осы айырманы жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналастыру үшін неғұрлым дайындалған және ынталы бітірушілерді анықтауға көмектеседі.
      Сапалы мамандарға деген жоғары қажеттілікті назарға ала отырып, жұмыс пен технологиялардың жаңа әдістерін енгізу үшін Астана агломерациясының қала маңындағы аумақтарына елордалық ЖОО түлектерін жолдау бағдарламасын әзірлеу және бекіту талап етіледі.
      Жастарды қала мен елді одан әрі дамытуға қатыстыруға тарту мақсатында «Shape Eurasia 2014» үлгісінде әртүрлі жастар форумдары өткізілетін болады, оның ұйымдастырушылары сапалы адами капитал қалыптастыруға, жастардың өзін өзі көрсетуі үшін жүйелі жағдайлар туғызуға, сапалы білім беру мен денсаулық сақтауға, басқа да әлеуметтік игіліктерге қол жеткізуге үлкен көңіл бөледі.
      Адами капиталды дамыту индексі құрылымында халық сауаттылығының деңгейі ересек халықтың білімділігін бағалау негізге алына отырып айқындалатынын атап өткен жөн.
      Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қолдау немесе арттыру үшін оны:
      1) негізгі өнеркәсіптік салалар мен қызмет көрсетулер саласының заманауи технологияларға барабар кадрлық инфрақұрылымын қалыптастыру; кәсіби білім беруді жаңарту, оның сапасын арттыру мен еңбек нарығының қажеттіліктері құрылымына сәйкестендіру;
      2) іргелі ж әне инженерлік білім беру, ақпараттық технологиялар саласында ғылыми мектептерді дамыту үшін, университеттік ғылымның инновациялық даму сипаты үшін және оның негізінде венчурлық бөлімшелер мен кәсіпорындар ашу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      3) экономика мен өндірісті басқару саласында кәсіби білім беру сапасын арттыру арқылы тез өзгеріп отыратын кәсіби мамандар әлемінің талаптарына сәйкестендіруді жүргізу қажет.
      4) «Назарбаев Университеті» А Қ базасында Қазақстан үшін жан-жақты инновациялық эко-орта қалыптастыруға бағытталатын, бұл ретте халықаралық жетекші мамандар мен елдің талантты жастары тартылған барлық ғылыми ресурстарды жұмылдыратын Зияткерлік-инновациялық кластер құру астана экономикасының ғылымды қажет етуін арттырудың негізгі бағыты болып табылады.
      Оның негізгі элементтері – бизнес-инкубатор, коммерцияландыру офисі, технопарк және ғылыми парк.
      Кластердегі зерттеу қызметі Қазақстанның негізгі стратегиялық басымдықтарына, мысалы, энергетикаға, атап айтқанда жаңартылатын және баламалы энергия көздерін, биомедициналық зерттеулер мен технологияларды, есептеу ғылымдарын, робот техникасын және коммуникацияны дамытуға оң ықпал етеді. Университет қызметінің алғашқы нәтижелері ЭКСПО-2017-де көрсетілетін болады.
      Қазіргі уақытта сапалы медициналық көрсетілетін қызметтер құнының өсуі, созылмалы аурулар санының ұлғаюы, емдеудің жаңа неғұрлым қымбат әдістерінің пайда болуы сияқты әлемдік үрдістердің салдарынан денсаулық сақтау жүйесін дамыту қажеттігі бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
      Халықтың жоғары сапалы, сондай-ақ қолжетімді медициналық көмекке сұранысының өсуі сатып алу практикасын жақсарту, дженериктерді кеңінен пайдалану, өнім берушілерді ынталандыруды жақсарту, қаржылық және әкімшілік рәсімдерді оңайлату арқылы экономикалық тиімділікті арттыру жөніндегі жаңа тұжырымдамалық шаралар қабылдауды талап етеді.
      Денсаулық сақтау жүйесінің тізбегінде – пациенттерден практик дәрігерлер мен медициналық сақтандыру агенттеріне дейін әрқайсысының өмірін жеңілдету үшін құрылған денсаулық сақтаудың инновациялық технологиясы осы саланы дамытудың перспективалы тренді болып табылады.
      Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар – өмірлік маңызды сала, ол тиімді, қауіпсіз және сенімді медициналық көмекті қамтамасыз етуге тиіс. Елорданың медициналық кластері оларды енгізу мен дамыту үшін негіз болып табылады.
      «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының интеграцияланған академиялық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын астанада жұмыс істейтін медициналық кластер жаңа медициналық технологияларды енгізу үшін негіз және қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту локомотивіне айналады.
      Кластердің аумағында орналасқан клиникалардың JointCommissionInternational (JCI) халықаралық аккредиттеуінен ойдағыдай өтуі кластер көрсететін медициналық қызметтердің сапасын растау болып табылады. JCI аккредиттеуі медициналық ұйымдар үшін «алтын стандарт», ең жоғары медициналық қызмет көрсету сапасының, пациенттер қауіпсіздігінің, медициналық практикада емдеу әдістерін кәсіптік қолдану мен басқарудың куәлігі болып табылады.
      Қазіргі уақытта озық халықаралық технологияларды енгізу ғана емес, сондай-ақ олардың өңірлерге трансферті кластерді дамытудың негізгі аспектісі болып табылады. Осыған байланысты бірнеше озық технологиялар құзыреті орталықтарын құру жоспарлануда, онда Қазақстан өңірлеріне білімі мен жинақталған тәжірибесін беруде холдинг клиникаларының күш-жігері біріктірілетін болады.
      Құрылатын озық технологиялар құзыреттері орталықтарында инновациялық білім беру технологияларын қолдану арқылы практик дәрігерлер, медбикелер және денсаулық сақтау әкімшілері бірегей медициналық технологияларды енгізуге және қолдануға байланысты әртүрлі салаларда тереңдетілген оқудан, кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өте алады, бірегей компьютерлік жаттығу тренажерлерінде, сондай-ақ мамандандырылған зертханаларда практикалық дағды ала алады.
      Ақпараттық технологиядағы прогресс халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа бағыттарын дамытуға оң әсер етті. Нақты уақытта қадағалау және бақылау, физиологиялық параметрлерді қашықтан тіркеуге және таратуға мүмкіндік беретін жүйелерді пайдалану мүмкіндігі – осылардың барлығы медицинаны сапалы жаңа деңгейге шығарады. Көптеген дамыған елдер қазірдің өзінде-ақ денсаулық сақтау саласында жоғарыда аталған және көптеген басқа да жүйелерді белсенді түрде тұрақты практикада қолданады.
      Бұл саладағы негізгі даму бағыттары:
      1) пациенттердің артериялық қысым, қан құрамындағы қанттың деңгейі және т.б. сияқты физиологиялық параметрлерін портативтік тасымалданатын құрылғылар арқылы мониторингтеуді жетілдіру;
      2) халықтың нысаналы топтарының медициналық қызметтер мен көмекке қолжетімділігін арттыру;
      3) созылмалы аурулары бар адамдарды сапалы амбулаториялық қадағалау жүйесін дамыту;
      4) операциядан кейінгі пациенттер үшін оңалту іс-шаралары шеңберінде қолдау көрсету, сондай-ақ босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдер үшін оңалту және телемедициналық қызметтер көрсету;
      5) психологиялық немесе психиатриялық көмекті қажет ететін пациенттерге аудиовизуалды тілдесу арқылы оңалту жүргізу, соның салдарынан психологиялық қана емес, сонымен қатар физикалық деңгейде де жақсара бастайды;
      6) төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде консультациялық қолдау көрсету мақсатында біліктілігі жоғары мамандарды тарту бойынша инфокоммуникациялық инфрақұрылым құру;
      7) барлық пациенттердің мекемеге бірінші келуінен бастап, тағайындалған емдеуді көрсете отырып, жүгінудің толық тарихымен қоса электрондық дерекқорын енгізу;
      8) медициналық персоналдың уақытын үнемдеу мақсатында жағдайын сипаттау мен зерттеулерді стандарттау және алгоритмдеу;
      9) электрондық кезек жүйесін құру;
      10) клиника шегінде, сол сияқты басқа мекемелермен және дәріханалармен өзара іс-қимыл үшін бірыңғай ақпарат желісін құру болып табылады.
      Бұдан басқа, Интернет желісінің көмегімен медициналық мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы жаңа ақпараттарға қол жеткізеді және әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін кәсіби байланыстар орната алады.

      Көші-қон процестерін басқару

      Халықаралық көші-қон ауқымының ұлғаюына қарай оның экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси салдарлары өседі. Көші-қон жұмыскерлердің легіне, экономиканы дамытуға, мәдени жағынан баюға алып келетін жасампаз экономикалық және әлеуметтік күш болуы мүмкін.
      Сөз жоқ, көші-қонның маңызды және теріс құбылыстары – заңсыз болу, заңсыз жұмыс істеу, этникалық сегрегация, ксенофобия, нәсілшілдік көрсету.
      Көші-қон урбандалу процесінің белсенді элементі болып табылады, қоныстандыру жүйесін қалыптастыруға көмектеседі, халықты және еңбек ресурстарын аумақтық қайта бөлуге ықпал етеді, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне әсер етеді.
      Осыған байланысты көші-қон саясатының тұжырымдамалық мақсаты бұл ретте оның оң әсерлерін барынша өзектілендіре отырып, теріс салдарын жоюға мүмкіндік беретін институционалдық, құқықтық және экономикалық тетіктерді құру болып табылады.
      Көші-қонды реттеудің болжамды тетігі мына міндеттерді қамтиды:
      1) біліктілігі жоғары мамандарды тарту үшін еңбек нарығында қолайлы жағдайдың ерекше режимін жасау, бұл әкімшілік рәсімдерді оңайлату мен қажетті құжаттар топтамасын ресімдеу құнын төмендетуден көрініс табады;
      2) елордалық жұмыс берушілер тарапынан еңбек және көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы заңсыз көшіп-қонушылардың үлесін қысқарту;
      3) келетін азаматтарды әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту;
      4) шетелдік к әсіпқойлардың мастер-кластар өткізу есебінен отандық мамандардың біліктілігін артыру бағдарламасын әзірлеу.
      Бұл міндеттерді көшіп келушілерді тіркеу рәсімін хабарлама жасау сипатына көшіре, жұмыс берушілерге қатысты, оның ішінде салықтар алу мақсатындағы қатаң саясатпен, шетелдік жұмыскерлердің уақытша тұруы үшін тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз ету тетігін құра отырып, кешенді түрде шешу шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды азайтады, яғни заңсыз көші-қонның көлемін қысқартады. Тек депортациялау мен айыппұлдарды қолдану заңсыз көшіп келуді қысқарту үшін оң әсер бермейді.
      Көші-қон саясаты, ең алдымен, елді әлеуметтік және экономикалық дамытудың міндеттерімен айқын ұштасуы тиіс, осы мақсатта ол белгілі бір шамада қатаң, әрі селективті, яғни өзінің сапалық және сандық сипаттамалары бойынша қоғам мен ұлттық экономика қажеттіліктеріне жауап беретін көші-қон ағындарын қалыптастыруға қабілетті болып құрылуы қажет.
      Біліктілігі жоғары кадрларды табысты тартудың көпжылдық шетелдік тәжірибесі соңғы кезде елімізде барынша өзектілене түскен еңбек көші-қоны, мемлекет пен шетелдік мамандардың өзара қарым-қатынастары мәселелерін тұжырымдау кезіндегі практикалық мүддені білдіреді. Осылайша, кейбір қалалардың мамандарды тарту бойынша негізгі құралдарын зерделей және талдай отырып, тиімді көші-қон саясатын қалыптастыратын негізгі қағидаттар анықталды:
      1) біліктілігі жоғары кадрлар үшін оңайлатылған визалық режим;
      2) біліктілігі жоғары мамандардың негізгі көздері болып табылатын елдердің студенттері үшін оқу ақысын төмендету;
      3) персоналды жалдау мен кадр агенттіктеріні ң қызметін реттеудің этикалық нормаларын ұстану;
      4) көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімнің (GATS) шеңберінде алынған міндеттемелерді сақтау;
      5) біліктілігі жоғары персоналды уақытша қайта қоныстандыруды ынталандыру;
      6) білім беру саласындағы техникалық көмекті қамтамасыз ету.
      Сонымен бірге көші-қон процестерінің есебінен адами капиталға аса теріс әсер ететін бірқатар бастамалар анықталды:
      1) «білімдарлардың келуіне» кедергі жасайтын шектеуші визалық практика;
      2) кәсіптік қауымдастықтардың монополиялық қызметінде зияткерлік ресурстардың шығындалуы;
      3) тәуекел тобындағы елдерде жаппай рекрутингтік науқандар.
      Осылайша, экономикалық білімдердің өсіп отырған маңыздылығына байланысты біліктілігі жоғары кадрларды тарту мен ұстап тұруда елдер арасындағы бәсекелестік арта түсуде. Осы жағдайларда бүгіннің өзінде маңызы рөлге ие селективті көші-қон саясаты ерекше назар аудару объектісі болады.

      Көлік инфрақұрылымы

      Бүкіл әлем бойынша сауда қатынастарының өсуін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда әлеуетті қарыз алушылардың инвестициялық тартымдылығын ескере отырып, Қазақстан аумағы бойынша жүктердің сапалы өңделуі мен транзитін қамтамасыз етуге қабілетті заманауи көлік желісін құру қажет. Астана агломерациясы географиялық тұрғыдан ыңғайлы орналаса отырып, көлік желілерін одан әрі дамытуға ықпал ететін ірі хабқа айналуы тиіс.
      «Батыс Қытай – Батыс Еуропа», Астана – Алматы, Алматы – Ақтөбе – Атырау, Астана – Өскемен автожолдарының құрылысы, жаңа әуежай мен теміржол вокзалының құрылысы сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Астананың көліктік қаңқаларының бірін одан әрі дамыту мен халықтың іскери белсенділігін дамыту бойынша серпін берудің бастапқы қадамдарын көздейді.
      Жобаларды іске асыру жаңа ірі өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының құрылуына ықпал ететіндіктен, инфрақұрылымдық даму халықтың әл-ауқатының өсуіне, сондай-ақ ШОБ көрсететін қызметтер спектрі мен сапасы артатын әлеуметтік инфрақұрылымның кеңеюіне тікелей байланысты екенін атап өткен жөн.
      Бүгінгі күні елдің инфрақұрылымдық дамуы Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және интеграциялаудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында бекітілді, онда Астананың дамуы аудандардың тыныс-тіршілігі үшін экономикалық жағынан перспективалы және қолайлы «өсу нүктелерінде» өндірістік және еңбек ресурстарын аумақтық шоғырландыруға ынталандыратын логистикалық көрсетілетін қызметтердің солтүстік кластерін құру ретінде қарастырылады.

      Энергия тиімділік

      Заманауи қаланың экологиялық және экономикалық проблемаларын шешудің түбегейлі жолы көп жағдайда оның энергия тиімділігін артырудан тұрады, бұл қандай да бір шамада энергия өндіру мен тұтынуды қысқарту қажеттілігі ретінде түсінілмеуі тиіс, керісінше оны ұтымды пайдалануға және энергия үнемдеуге негізделуі тиіс.
      Бұл ретте энергия тиімді қала ретінде кең мағынада энергиясы бүгінгі таңда да, әлеуметтік және өнеркәсіптік дамудың перспективалы жобаларына да жеткілікті болатын қаланы түсінуге болады.
      Мысалы, энергия көздерінің жеткізілімдеріне тәуелді өңір – Еуропада тұрғын үй қорының энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар бұрыннан бері, әрі табысты жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн.
      Көптеген елдерде ТКШ энергия тиімділігін арттыру үшін шаралардың тұтас кешені әзірленіп, қолданылады. Нәтижесінде, қазір еуропалықтар, мысалы, осыдан 30-40 жыл бұрынғыға қарағанда суды, электр энергиясын, өзінің баспанасын жылытуға жылуды бірнеше есе аз тұтынады. Айталық, Германия мен Скандинавия елдерінің, әсіресе Дания мен Финляндияның жинақтаған тәжірибесі жаңадан салынатын ғимараттарда жылуды 50-70 %-ға үнемдеуге болатынын айғақтайды. Бұл ретте статистикаға сәйкес еуропалық елдердің энергия тұтынудың 35-тен 40 %-ға дейінгі көлемі тұрғын үй ғимараттарына тиесілі және сол мөлшердің 75 %-ы оларды жылытуға жұмсалады.
      Елорда экономикасын жаңғыртудағы басты міндеттердің бірі энергия сыйымдылығын азайту болып табылады. Энергетикалық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде экономиканы сауықтыруға және көптеген экологиялық проблемаларды шешуге жәрдемдеседі.
      Астананы энергия тиімді қала ретінде дамыту бойынша ұсынылып отырған іс-шаралар кешені мына жолдарды болжамдайды:
      1) «ТКШ жаңғырту» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру;
      2) ғимараттың энергетикалық тиімділігі сыныбын айқындау практикасын енгізу: нормалар және оларға сәйкестікті қадағалау, айыппұлдар;
      3) ғимараттардың жүйелі міндетті энергетикалық аудиті, энергия ресурстарының шығыстары туралы жыл сайынғы есептілік;
      4) энергия тиімділігін арттыру ж өніндегі шараларды қолдануды ынталандыратын қаржы тетіктері;
      5) бір қатар бағыттар бойынша жаңа регламенттер мен нормативтер әзірлеу, энергиясы тиімді және экологиялық құрылыстың әлемдік стандарттарына бағдарлану;
      6) сыртқы және ішкі орта ахуалына (оның температурасы және ылғалдылығы) байланысты жылытудың, желдетудің тиімді жүйелерін енгізу, компьютерлік бақылау және осы жүйелерді басқару;
      7) жеткізуші желілердегі энергия ресурстарыны ң шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану. Атап айтқанда, ыстық су құбырларын оқшаулаудың заманауи типтері бар және ұзақ жыл қызмет ететін жаңаларына ауыстыру қажет.

      Қоршаған орта және қалдықтарды басқару

      Қалалар мен қала тұрғындары санының қарқындап өсуі ғаламшардағы қазіргі өмірдің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Алдағы 30 жылда дамушы елдердің өзінде ғана қала халқының жыл сайынғы өсімі 60 млн. адамды құрайды.
      Сарапшылардың бағалауы бойынша заманауи қалалардың басым бөлігінің аумағында экологиялық тұрғыдан жағымсыз, тіпті экологиялық проблемалардың тұтас қатарына негізделген қауіпті жағдай қалыптасады. Өз кезегінде экологиялық проблемалардың көпшілігі қалалық ортаны ластаудың әр түріне байланысты, олардың негізгі көздері өнеркәсіптік кәсіпорындар, автомобиль көлігі, энергетикалық кешен кәсіпорындары және қала тұрғындарының өздері болып табылады.
      Заманауи қалалардың негізгі экологиялық проблемалары:
      1) атмосфералық ластану;
      2) қаланың мезоклиматы;
      3) қаланың жер қабаты (урбоземалар);
      4) эрозиялық процестер;
      5) топырақтың тығыздалуы және су басу;
      6) сумен жабды қтау және судың ластануы;
      7) жерасты суларын шығару нәтижесінде жердің отыруы, олардың ластануы;
      8) өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтар;
      9) табиғи кешеннің жай-күйі.
      Қазіргі қалаларды экологияландыру процесін жүзеге асыру – бұл жоғары индустриялық қарқынмен жүзеге асыру мүмкін болмайтын қадамдық процесс. Осыған байланысты дамудың түйінді бағыттары мынадай аспектілерді қамтитын болады:
      1) экологиялық таза ауаны, қауіпсіз және сенімді су және азық-түлік ресурстарымен қамтамасыз ету;
      2) адамның тыныс-тіршілігі қалдықтарын тазалау мен рециркуляциялаудың экологиялық тиімді тазарту жүйесін дамыту;
      3) материалды қайталама пайдалануды өмір сүруге қабілетті өндірістік циклды, пайдалануды қоса алғанда жаңартылатын энергияны, тиімді көлік жүйесін, өнеркәсіптік өндірісті өзгерту және адамзаттың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы өнеркәсіпті экологияландыруды жүзеге асыру, табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау;
      4) энергия мен ресурстарды сақтап жолдағы жазатайым оқиғалар, ауаның ластануы, гидрологиялық нашарлау, қала мезоклиматы, тозаң қоспасы және ғаламдық жылыну сияқты проблемаларды жеңілдете отырып, қаланың барлық азаматтар үшін қолжетімділігін ұлғайту;
      5) экологияландыру ж әне адамның табиғаттағы рөлі, оның қоршаған орта үшін жауапкершілігі, табиғатқа қатысты тұтыну психологиясын өзгертуге және тұрғындардың жоғары сапалы қалалық экожүйелерді қолдауға өз үлесін қосуға қатысты қабілетін арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-насихат науқанын өткізу.
      Мегаполистердегі экологиялық жағдайдың айтарлықтай күрделілігінің себебі олардың аумақтық кеңістігі өзара факторлары көп антропогенді жүктеменің қарқынды дамуына ұшырауда және бұл ретте халықтың елеулі тығыздығымен ерекшеленеді. Осыған байланысты Астана қаласын экологияландыру процесін мынадай жолдар шеңберінде жүзеге асыру болжанады:
      1) саябақтар мен саябақ аймақтарын жасау, қаланың ыңғайлы да жайлы атомосферасы саябақ аумақтарын пикниктерге арналған орындарды, аттракциондарды, балалар алаңдарын, спорттық іс-шаралар өтетін орындарды қамти алатын аймақтарға дұрыс бөлу көмегімен құрылады.
      Саябақ аймағын ұтымды орналастырудың үлгісі ретінде Нью-Йорктегі Орталық саябақты атауға болады. Оның үстіне саябақтар қалалардың ауасын тазарту үшін қажет.
      2) қоғамдық көлік жұмысының жүйесін трансформациялау. Бұл аспектіде көлік шығаратын зиянды заттарды азайтудың жалғыз шешімі бензин мен дизель отынын емес, жанармайдың балама түрін пайдалану болмақ.
      Сутегі экономикасын құру туралы әлемде бірінші болып жария еткен Исландияның үлгісі қызықты болып табылады. Рейкьявикте сутекті қозғалтқыштары бар автобустар сынақтан өткізілді және сутекті қозғалтқыштары бар автобустарды өндіру жоспарланып отыр.
      3) тұрғын үй құрылысы кезінде жасыл технологияларды пайдалану. Үйлер салуда суды, электр мен жылуды жалпы тұтынуды айтарлықтай төмендетуге қабілетті экологиялық және энергия үнемдейтін технологияларды пайдалану қажет. Оларға күн батареялары, жаңбырдан кейін суды жинауға арналған жабдықтар жатады.
      Неміс қалаларында «пассивті үйлердің» құрылысы кеңінен таралған, олар ғимараттың сыртқы жағын бітеу мен жылытудың арнайы технологиялары пайдаланылған жағдайда жылуды мүлдем дерлік тұтынбайды. Үйлер орта есеппен елу жылдан астам уақыт пайдаланылады, сондықтан қазір салынып жатқандары үйлердің энергия тиімділігін бір уақытта жетілдіре отырып, көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша салынуы тиіс.
      4) Қоқыс пен қалдықтарды кәдеге жарату бағытында ойластырылған саясат. Егер бірінші кезекте қоқысты кәдеге жарату және қайта өңдеу проблемасы шешілмесе, бірде бір экологиялық бағдарлама тиімді болмайды. Мұндай жағдайда қоқысты қайта өңдеу және қала тұрғындарын қоқыс қалдықтарын сұрыптауға ынталандыратын бағдарламаларды дамыту тиімді болмақ. Сондай-ақ қоқыстың түр-түрін жинайтын пункттерді құруға болады.

      Қауіпсіздік

      Терроризмге, қылмыстылыққа, әлеуметтік қауіпті ауруларға қарсы күрес, өрт қауіпсіздігі, табиғи және техногенді апаттар салдарының алдын алу және оларды барынша азайту – бүгінде қалалар алдында тұрған аса маңызды мәселелердің бірі. Осы проблемаларды шешуде прогреске қол жеткізу жаңа технологиялық, басқарушылық және қала құрылысы шешімдерін қолданусыз мүмкін болмайтыны анық.
      Әлеуметтік қауіпті ауруларға қарсы күрес. Әлеуметтік қауіпті ауруларға қарсы күрес саласындағы технологияларды дамытудың басым бағыттарының бірі қауіпті инфекциялық ауруларды ерте диагностикалау технологиясы болып табылады.
      Өрт қауіпсіздігі. Өрт сөндіру технологияларын дамытудағы негізгі әлемдік үрдіс – адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіз, сондай-ақ өртті қорғалатын объектіге еш залал келтірместен басудың жоғары тиімділігі бар «таза газдар» қолданылатын қондырғыларды пайдалану. Атап айтқанда, мұндай заттарға әдеттегі хладон мен инертті газдарды тиімді алмастырушы болып табылатын әлсіз молекулалық байланыстары мен төмен қайнау температурасы бар құрамдар жатады. Мұндай газ құрамдары оттегіні ығыстырмайды, адам үшін мүлдем қауіпсіз, сондықтан оларды адамдарды эвакуацияламай-ақ, өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Өрт сөндірудің тағы бір перспективалы технологиясы суды ыдыратып себу қондырғысы болып табылады.
      Табиғи және техногенді апаттар салдарының алдын алу және оларды азайту табиғи апаттармен байланысты қауіптер картасын құруды көздейді. Ықтимал стихиялық апаттармен және техногенді апаттармен байланысты қауіптерді талдау және қала құрылысы жоспарларын әзірлеу кезінде оларды есепке алу қалалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
      Тағы бір маңызды аспект стихиялық апаттар мен техногенді апаттарды мониторингтеудің жаһандық жүйесін құру болып табылады. Ерте алдын алу, сондай-ақ жедел ден қою көп жағдайда стихиялық апаттар мен техногенді апаттардан болатын залалды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
      Терроризмге және қылмыстылыққа қарсы күрес. Бүгінде терроризм мен көшедегі қылмыстылыққа қарсы күрес саласындағы технологияларды дамытудағы басты екпін АКТ-технологияларға, бірінші кезекте жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру мен мінез-құлықты сәйкестендіру технологиясына түсіп отыр.
      Smart Astana тұжырымдамасы аясында қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыру мен қылмыстар санын барынша қысқарту жөніндегі жобаны – «Астана – қауіпсіз қала» тыныс-тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесін іске асыру басталды.
      Жоба шеңберінде қалалық жедел басқару орталығын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 30 мыңға жуық бейнекамера орнатылады, көлік жүйесі мен жалпықалалық инфрақұрылымды олармен жасақтау жоспарланып отыр, барлық камералар қаланы бейнебақылаудың бірыңғай жүйесіне интеграцияланады. Аталған жаңалықтар бейнекамералардың қадағалау орнындағы әдеттен тыс жағдайларға ден қоюын және тиісті дереу хабардар етуін көздейді.
      Астана көшелері Лондон мен Монакодағыдай тәулік бойы бақылауда болады. Кем дегенде осы және басқа шетелдік қалалардың тәжірибесі ескеріледі. Жедел басқару орталығына онлайн режимінде қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі, қалалық қызметтер жұмысы, қалалық коммуникациялар жүйелері мен көлік лектерінің жай-күйі туралы ақпарат түсетін болады.

      Кешенді агломерациялық даму

      Агломерацияларды дамыту – бұл аумақтарды кешенді игеру ғана емес, сондай-ақ геосаяси әсер ету орталықтарын қалыптастыру.
      Қалаларды агломерацияландыру урбандалудың табиғи жолын білдіреді, оның нәтижесінде заманауи мемлекет болып жатқан өзгерістерді елемей, бұл процестен сырт қала алмайды.
      Агломерациялық дамудың негізгі артықшылығы факторлар мен шарттардың тұтас қатары арқылы көрсетілген:
      1) экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және даму ресурстарының тұрақты ағынын қамтамасыз ету;
      2) шағын және орта қалалардан өңірлік елордалар мен агломерациялардың орталық қалаларына ішкі көші-қонды (маятниктік, күндізгі, апталық) реттеу;
      3) агломерациялар мен өңірді әлемдік нарыққа тауар, қаржы, технологиялық және мәдени алмасулар жүйесіндегі маңызды торап және әлемдік қаржы лектерінің «операторы» ретінде шығару;
      4) орталық қаланың дамуын бақылау және инфрақұрылымға түсетін артық күш пен оның шамадан тыс болуын болдырмау.
      Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеу елордаға іргелес жатқан аумақтарды кешенді кеңістікте-институционалдық дамытудың бастау нүктесіне айналады. Агломерациялық аумақтардың инженерлік-коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымын дамыту елорданың транзиттік және өндірістік-өткізу әлеуетін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Тиімді кеңістікте жоспарлаудың негізгі қағидаттарын пайдалану экономика тиімділігі, әлеуметтік теңдік және қоршаған орта тұрақтылығы сияқты тұрақты дамудың үш негіз құраушы мақсатына қол жеткізуге негіз болады.
      Іргелес жатқан аумақтардың экономикалық және аумақтық әлеуетіне жүргізілген талдау келешекте Астана агломерациясы аясында көліктік-логистикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстардың тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде экономикалық өсуге қосымша серпін береді.
      Қалыптасатын байланыстарды ескере отырып, кеңістікте басқарудың қажетті шарты болып табылатын Елорданы дамытудың бас жоспарына түзету енгізіледі және ол барынша көп тиімділік алу мақсатында аумақтарды дамытуды үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      Тұжырымдаманы іске асыру тетігі

      Тұжырымдама елорданың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін қарқындатудың кезеңді моделін көздейді.
      Дамудың 1-кезеңінде – 2020 жылға дейін:
      1) өндірістік базаны кеңейту және кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай және консультациялық қолдау көрсету арқылы экономикалық қызметтің жаңа салаларына халықты тарту;
      2) тұрғын үй қорының құрылысы, редевелопменті және тиімді басқарылуы бойынша пилоттық жобаларды іске қосу;
      3) сауда және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды кеңейту;
      4) балама энергетиканы дамыту ж әне энергия шығындарын азайту;
      5) медициналық және ғылыми-білім беру кластерін аталған салалардағы әлемдік инновациялар орталықтарымен байланыс орнату арқылы одан әрі дамыту;
      6) қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату қуаттарын ұлғайту;
      7) көліктік ұтқырлықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ТКШ салаларында «SmartAstana» жобаларын іске асыру есебінен одан әрі тұжырымдамалық дамудың негізі жасалады.
      Дамудың 2-кезеңінде – 2030 жылға қарай Астана қаласын әлемнің үздік 50 қаласының қатарына кіруіне мүмкіндік беретін көптеген құрылымдық бастамалар іске асырылатын болады. Аталған кезең мыналармен сипатталатын болады:
      1) елордалық кәсіпкерліктің ынтымақтастық ауқымының кеңеюі;
      2) жаппай тұтыну тауарларының ішкі нарығындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі;
      3) экономиканы дамыту екпіндерін экспортты қ бағытталуға өзгерту;
      4) Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы Астананың үлесі 20 %-ға жетеді;
      5) агломерациялық кеңістік шеңберінде көлік қатынасының тиімді жұмыс істейтін жүйесі құрылады, өндірістік әлеует ішкі сұраныс көлемінен асып түседі;
      6) адами капиталды қалыптастыру салаларын дамытуға салынатын инвестициялар көлемін өсіру халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын еуропалық қалалардың орташа алғандағы деңгейіне дейін арттыруға мүмкіндік береді;
      7) инновацияларды ң дамуын ынталандыру Астана қаласын инновациялық экономиканың өңірлік орталығы ретінде қалыптастыру үшін жағдай жасайды, ол технологиялық инкубаторлар желісін кеңейтуден, бизнес-періштелер мен ҒЗТКЖ коммерциялық орталықтарының пайда болуынан көрініс табады;
      8) балама көздерден энергия алу стационарлық көздерден шығатын шығарындылар көлемін біртіндеп азайтады;
      9) құрылыс саласында жаңа технологиялар мен материалдар қолданылады, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік ғимараттардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуі кезіндегі энергия шығындары 20 %-ға қысқарады;
      10) қалдықтарды қайта өңдеу үлесінің ұлғаюы жаңа полигондардың пайда болу кезеңін 30 %-ға қысқартады;
      11) елорданың көлік және коммуналдық қызметтерін басқаруды автоматтандыру деңгейінің өсуі ден қоюдың жеделдігін арттырады, осылайша зардап шегу мен материалдық залал деңгейін барынша азайтатын болады.
      Дамудың 3-кезеңі 2030 – 2050 жылдары Орта Азияның инновациялар мен сауда қаласы мәртебесін иеленетін елорданың экономикалық және әлеуметтік байланыстары кеңістігінің кеңеюін білдіреді.
      Аумақтық-кеңістікте орналасуының бәсекелік артықшылықтарын іске асыру қаланы еуропалық және азиялық компаниялар арасындағы ірі жобаларды іске асыру кезінде диалог алаңы ретінде қарастыратын халықаралық ұйымдар мен трансұлттық корпорациялар үшін тартымды етеді.
      Сапа деңгейі жалпы қабылданған ортақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дамыған көрсетілетін қызметтер саласы, республика шекарасынан тыс жерлерде өніміне сұраныс туғызатын жоғары технологиялы өндірістік сектор есебінен ЖІӨ құрылымындағы қаланың үлесі 30 %-ға жетеді.
      Елорда экономикасының құрылымын өзгерткен, сол сияқты оның энергетикалық кешенін қамтамасыз ететін құрылымдық бастамаларды іске асыру еңбек өнімділігін жаңа деңгейге көтеріп, қалаға әлем қалалары арасындағы экономикалық өсу көшбасшыларының бірі мәртебесін берді.
      Ғылыми-білім беруді және медициналық кластерлерді дамытуға, инновациялар әзірлеудің технологиялық инфрақұрылымына инвестициялар Астанаға инновациялық белсенділік қала-орталықтары қатарына кіруге мүмкіндік берді.
      Өз кезегінде инновациялар қылмыстылық деңгейін, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету желілеріндегі апаттар санын, әлеуметтік шиеленісті, тұрмыстық қалдықтар полигондарының пайда болу процесін, көлік лектерін реттеу және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау проблемаларын барынша азайтып, қалада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерді бақылауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

5. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      Осы Тұжырымдаманы мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы іске асыру болжанады:
      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды).
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
      3. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
      4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).
      5. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексі.
      6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі.
      7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
      8. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
      9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.
      Бұдан басқа, Тұжырымдама қолданыстағы және бекітілуі жоспарланып отырған мынадай бағдарламалық құжаттар:
      қолданыстағы:
      1) Астана қаласының мәслихаты сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 421/55-IV шешімімен бекітілген Астана қаласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 611 қаулысымен бекітілген Астана агломерациясын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспары;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 681 қаулысымен бекітілген Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі кешендi жоспары;
      әзірлену үстіндегі:
      4) Астана агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспары арқылы да іске асырылатын болады.