Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 227-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 254-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «254-бап. Тәркілеу

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мүлiк меншiк иесiнен әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен өтеусіз алып қойылуы (тәркiленуі) мүмкiн.»;
      2) 324-баптың 2-тармағындағы «қылмыс iстегенi үшiн немесе өзге де құқық бұзғаны үшiн жазалау» деген сөздер «әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      1) 839-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.»;
      2) 843-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса;».
      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
      1) 80-баптың үшінші бөлігіндегі «352, 353» деген цифрлар «420 және 421» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 188-баптың төртінші бөлігіндегі «353» деген цифрлар «421» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3) 236-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тарапы мемлекет болып табылатын мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залал өндіріп алынған, алименттер өндіріп алынған, мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айырылуымен келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.»;
      4) 241-3-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «соттың шешiм шығаруы сот үкiмiмен белгіленген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде мүмкiн болғандығының дәлелдемелерiн табыс етсе, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады;»;
      5) 253-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процеске басқа да қатысушылардың, лауазымды немесе өзге де адамның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапса, ол бұл туралы прокурорға хабарлайды.»;
      6) 302-баптың бірінші бөлігіндегі «есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 303-баптың бірінші бөлігіндегі «есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат):
      95-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.».
      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      319-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады.».
      6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар):
      1) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметіне: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарының негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдар жіберілмейді.»;
      2) 159-баптың 3-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;»;
      3) 303-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.»;
      4) 322-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шегуші қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;».
      7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат):
      145-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайларда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдарға береді.».
      8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат, № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.»;
      2) 46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiмен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын есепке жазуды немесе қайта қарауды салық қызметi органы соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмi шегiнде жүргiзедi.»;
      3) 115-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша шығыстар;»;
      4) 257-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша;»;
      5) 541-баптың 6) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) талапкерлер – қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;»;
      «19) талапкерлер мен жауапкерлер – азаматқа заңсыз сотталу, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын заңсыз қолдану не қамаққа алу түрінде заңсыз әкімшілік жаза қолдану арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;»;
      6) 557-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтық құқық бұзушылықтар жасайтын адамдардың салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сұрау салулар бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша оларды қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;
      2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы істерді қарау барысында сотқа;»;
      7) 569-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215216238 және 240-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;»;
      5) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215216238 және 240-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;»;
      8) 627-бапта:
      5-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;»;
      9-тармақтың 2) тармақшасының он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша және (немесе) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, мұндай операциялар және (немесе) әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңінде осы мәселелер бойынша салықтық тексерулер салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілгенге және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жүргізілмейді.»;
      9) 632-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау;»;
      10) 638-баптың 9-тармағының екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бұзудың» деген сөз алып тасталып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) егер салық қызметi органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.».
      9. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 99-бапта:
      4-тармақтағы «алуға» деген сөз «пайдалануға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қазақстан Республикасынан жыныстық жасушаларды, адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда әкетуге жол берілмейді.»;
      2) 130-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.»;
      3) 165-баптың 3-тармағындағы «психотроптық заттар» деген сөздер «психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында 300-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «300-бап. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде тауарлар шығару»;
      2) 4-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден органдары қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден органдары әкімшілік процесс жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар;»;
      3) 8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді;»;
      4) 9-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;»;
      5) 10-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кеден ісі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мұндай құқық бұзушылықтар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті.»;
      6) 15-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылатын, ол бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жатқызылған құқыққа қарсы іс-әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған адамдарды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.»;
      7) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты олар тек қана кеден мақсаттары үшін, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін ғана пайдаланады.»;
      8) 62-баптың 5) тармақшасындағы «209, 214, 250» деген цифрлар «234, 236 және 286» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 211-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Кедендік тексеру барысында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.»;
      10) 237-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 244, 268, 283, 290, 312, 335, 338, 410 және 466-баптарында белгіленген жағдайларда кеден органдарының лауазымды адамдары қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың нысанасы болып табылмайтын тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстайды.»;
      11) 283-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау қаруы, құралы немесе нысанасы болып табылған, қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендік декларация:»;
      12) 300-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      «300-бап. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық
                анықталған кезде тауарлар шығару

      1. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда тауарлар шығару іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға немесе әкімшілік процесс аяқталғанға дейін, егер мұндай тауарлар алып қойылмаса немесе оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаса, жүзеге асырылуы мүмкін.».
      11. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат):
      1) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.»;
      2) 150-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі спирттік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалануы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан басталған;»;
      3) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның алименттер төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, сот оған алименттер өндіріп беруден бас тартуға құқылы.».
      12. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 20-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      2) 22-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құқық бұзушылықтар жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;»;
      3) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «24-бап. Дене күшiн қолдану

      Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiнің қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстап алу кезінде, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері өздерiне жүктелген мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшін, оның ішінде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.».
      13. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат):
      14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу әрекеттерін әзірлеу мен жүзеге асыру және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді және бағалауды регламенттейтін ережелеріне сәйкес тексерілген жағдайда қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.».
      14. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      20-5-баптың 10-тармағындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      15. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, сондай-ақ мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын берешегi жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда;».
      16. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      8-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) серіктестікті әкімшілік жауаптылыққа және (немесе) оның лауазымды адамдарын қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту;».
      17. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      1) 23-баптың екінші бөлігінің б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сотталған болса — оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;»;
      2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері

      Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған шетелдіктер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауаптылыққа жатады.».
      18. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «қылмыстарды» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың 5) тармақшасындағы «қылмыстарды» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 13-бапта:
      4) тармақшадағы «қылмыстарды» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшада:
      «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қылмыс» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада:
      «қылмыстарды болдырмау,» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деген сезік туғызған» деген сөздер «құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деген күдік туғызған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы «қылмысты тыю, қылмыс жасады деген сезік туғызған адамдарды қуғындау» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деген күдік туғызған адамдарды қудалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшадағы «қылмыстарды» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 15-1-баптың 3-тармағындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.»;
      6) 15-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қылмысты» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 15-4-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада:
      «қылмыс жасады деп» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қылмыс жасады деген» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 18-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».
      19. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат):
      2-баптың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар үшiн;».
      20. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      101-8-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;».
      21. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыс жасағаны үшін нотариусқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;».
      22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар – мемлекеттiң функцияларын және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерін тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адамдар, оның ішінде Парламент депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымдарды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын адамдар.»;
      2) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәслихаттардың депутаттары;»;
      3) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауаптылық пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді.»;
      4) 5-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;».
      23. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы»;
      2) кіріспе «есiрткi, психотроптық заттар» деген сөздерден кейін «, сол тектестер» деген сөздермен толықтырылсын; 1-баптың 7) тармақшасы «есiрткi, психотроптық заттар» деген сөздерден кейін «, сол тектестер» деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақшасындағы «есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың», «есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздер тиісінше «есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың», «есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) тармақшасындағы «есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды», «есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың» деген сөздер тиісінше «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды», «есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың» деген сөздермен ауыстырылсын және 34) тармақшасы «есiрткi, психотроптық заттар» деген сөздерден кейін «, сол тектестер» деген сөздермен толықтырылсын; 4-баптың 5) тармақшасы «есірткі, психотроптық заттардың» деген сөздерден кейін «, сол тектестердің» деген сөздермен толықтырылсын; 5-баптың тақырыбы, 3-тармағының 20) тармақшасы «Есірткі, психотроптық заттар», «есірткі, психотроптық заттардың» деген сөздерден кейін тиісінше «, сол тектестер», «, сол тектестердің» деген сөздермен толықтырылсын; 18-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Есірткі, психотроптық заттар», «есірткі және психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер», «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын; 19-баптың тақырыбындағы «Есірткі және психотроптық заттарды» деген сөздерден кейін «, сол тектестерді» деген сөздермен толықтырылсын, мәтініндегі «Есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын; 20-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Есірткі, психотроптық заттар», «есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер», «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын; 21-баптың тақырыбындағы «Есірткіні, психотроптық заттар» деген сөздер «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармағындағы «есiрткi заттар, психотроптық заттар» деген сөздерден кейін «, сол тектестер» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармағының бірінші абзацындағы, 3) тармақшасындағы «Есірткіні, психотроптық заттар», «есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер», «есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын, 24-баптың тақырыбындағы «Есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер «Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармағындағы «Есірткі, психотроптық заттар», «есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер», «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармағындағы «есірткі мен психотроптық заттарды», «Есірткі немесе психотроптық заттары» деген сөздерден кейін тиісінше «, сол тектестерді», «сол тектестері» деген сөздермен толықтырылсын; 25-баптың тақырыбындағы және 1, 2-тармақтарындағы26-баптың тақырыбындағы, 30-баптың 2-тармағындағы «Есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер «Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-қосымшаның тақырыбындағы «Есiрткi, психотроптық заттар» деген сөздерден кейін «, сол тектестер» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 1-баптың 2)17)24)26)28)29)31) және 35) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) есiрткiлер – есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;»;
      «17) есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалану (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтыну) – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;»;
      «24) мәжбүрлеп емдеу — нашақорлықпен ауыратын науқас ерiктi түрде емделуден жалтарған немесе есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтынуын жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;»;
      «26) медициналық куәландырудан, медициналық зерттеп-қараудан немесе емдеуден жалтару – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары жұмыскерiнiң медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындаулары мен ұсынымдарын орындамауы;»;
      «28) нашақорлық — организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын, есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;»;
      «29) нашақорлықпен ауыратын науқас (нашақор) — қандай да болсын есiрткi, психотроптық затқа, сол тектеске физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi жағдайдағы, оған белгiленген тәртiппен медициналық мекеме «нашақорлық» деген диагноз қойған адам;»;
      «31) прекурсорлар – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндiру, дайындау, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның iшiнде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген заттар;»;
      «35) уытқұмарлық – есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасының республикалық заңнамалық актiлері мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтін дәрiлiк препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.»;
      4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын
              есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен
              прекурсорларды жiктеу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.
      Осы Заңның 181920-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
      II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
      III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
      IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.
      2. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi. Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатындай бақылау қолданылады. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай қолжетімді тәсілдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Есірткі, психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері бойынша ұқсас есірткі және психотроптық заттар сияқты нақ сондай бақылау шараларына жатады.
      Тектестердің мөлшерін айқындау кезінде өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың мөлшері қолданылады.»;
      5) 5-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкiлеттi органдардың ұсыныстары бойынша өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныс енгiзедi;»;
      6) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.»;
      7) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi
               тұтынатын адамдарды анықтау

      1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге масаң күйде деген ақпарат түскен адам медициналық куәландырылуға жатады.
      2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардың айғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге масаю белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi, сондай-ақ зерттеп-қаралатын адам организмiнде есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң бар-жоғына тестілеулер болған кезде анықталады.
      3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал «нашақорлық» диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия белгілейді.
      4. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке қою тәртiбi денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.»;
      8) 33-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «33-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi
               теріс пайдаланатын адамдарды медициналық
               куәландыру және медициналық зерттеп-қарау»;

      9) 35-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.»;
      10) 38-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінде Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).»;
      11) Осы Заңға 1-қосымшаның І кестесінің А бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Осы кестенің А бөлімінде тізіп көрсетілген есірткі зат тектестер.»;
      12) Осы Заңға 1-қосымшаның І кестесінің В бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Осы кестенің В бөлімінде тізіп көрсетілген психотроптық зат тектестер.»;
      13) Осы Заңға 1-қосымшаның ІІ кестесінің А бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Осы кестенің А бөлімінде тізіп көрсетілген есірткі зат тектестер.»;
      14) Осы Заңға 1-қосымшаның ІІ кестесінің В бөлімі мынадай мазмұндағы 16-тармақпен және абзацпен толықтырылсын:
      «16. Гамма-оксимайлы қышқыл (ГОМҚ)»;
      «Осы кестенің В бөлімінде тізіп көрсетілген психотроптық зат тектестер.»;
      15) Осы Заңға 1-қосымшаның ІІІ кестесінің А бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Осы кестенің А бөлімінде тізіп көрсетілген есірткі зат тектестер»;
      16) Осы Заңға 1-қосымшаның ІІІ кестесінің В бөлімінде:
      14-тармақ алып тасталсын;
      «Ескерту.» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Осы кестенің В бөлімінде тізіп көрсетілген психотроптық зат тектестер»;
      17) Осы Заңға 2-қосымшаның І кестесі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Есірткі зат тектестердің мөлшері өздеріне тектес болып табылатын есірткі заттардың мөлшеріне сәйкес келеді.»;
      18) Осы Заңға 2-қосымшаның ІІ кестесі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Психотроптық зат тектестердің мөлшері өздеріне тектес болып табылатын психотроптық заттардың мөлшеріне сәйкес келеді.».
      24. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 2-баптың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қабылдау-бөлу орны – ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;»;
      «12) уақытша ұстау изоляторы – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме.»;
      2) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) өздеріне қатысты бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған.»;
      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторларына жеткізілгенге дейін әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін.»;
      4) 15-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі – Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.»;
      5) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді қамтитын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар хаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілер мен айыпталушыларға табыс етілмейді және іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан адамға немесе органға беріледі.»;
      6) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде сотталғандар;»;
      7) 39-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «қатысқаны;» деген сөздер «қатысқаны үшін бір кісілік камераға немесе карцерге отырғызылуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
      8) 46-3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға қатыстылығы анықталған;».
      25. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-бапта:
      3-тармақтағы «есiрткi құралдарын, психотроптық заттар» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар не қылмыстық жазаланатын әрекеттер» деген сөздер «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 13-баптың 3-тармағындағы «есiрткi құралдарын, психотроптық заттар» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын.
      26. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 27-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;»;
      2) 28-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк қызметшiлер құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздерде және тәртiппен тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауаптылықта болады.».
      27. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат):
      8-баптағы «112» деген цифрлар «115» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      28. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;».
      29. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      20-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;».
      30. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;»;
      2) 17-баптың 6) тармақшасындағы «құқық бұзушылық пен қылмыстардың» деген сөздер «қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
      31. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-кұжат; 2005 ж., № 7-8, 19-кұжат; 2006 ж., № 3, 22-кұжат; 2007 ж., № 9, 67-кұжат; № 20, 152-кұжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-кұжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-кұжат; № 21, 173-кұжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-кұжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-кұжат; № 15, 77-кұжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат):
      1) 36-баптың 3-тармағындағы «Қылмыстың» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық заттардан, сол
               тектестерден, күштi әсер ететiн немесе улы
               заттардан қорғау

      1. Бала есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
      2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.».
      32. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      17-2-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жәбірленушінің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылса;».
      33. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;»;
      2) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң;».
      34. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;»;
      2) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аудиттеу субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.».
      35. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат):
      24-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.».
      36. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      29-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.».
      37. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қылмыстық-құқықтық статистика – қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстылықтың, қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң, атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;»;
      2) 12-баптың 3-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) экстремистік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды және сот экстремистік деп таныған ұйымдарды;».
      38. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттердi жасаған;»;
      2) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) туристiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.».
      39. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат):
      11-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтанушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.».
      40. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      36-баптың 3-тармағының 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге және мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамды жақын жердегі порттағы немесе елдi мекендегі аталған органдарға бергенге дейiн ұстап алуға;».
      41. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасаған;»;
      2) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.».
      42. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1) 7-бапта:
      1-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;»;
      «4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және құқық қорғау немесе өзге де мемлекеттiк билiк органдарына жеткізуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұстап алынған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар не қылмыстық iс үшiн мәндi нәрселер бар деп ұйғаруға негiздер болған кезде, ұстап алынған адамның киiмiн тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшiн оларды алып қоюға;»;
      2-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) iшкi iстер органдарын өздерiне мәлiм болған, дайындалып жатқан не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар фактiлерi туралы дереу хабардар етуге;»;
      «4) қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған азаматтарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негiздерiн түсiндiруге;»;
      2) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкiлдерi енгiзiледi. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдарда тiркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, осы Заңда белгiленген тәртiппен көтермелеуге құқылы.».
      43. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат):
      1) 10-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға
итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;»;
      7) тармақшадағы «72» деген цифрлар «74» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
      Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;»;
      2) 13-баптың 2-тармағындағы «есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды» деген сөздер «есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 14-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «81» деген цифрлар «83» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қоғамға қауiптi іс-әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.»;
      4) 19-баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған;
      8) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;»;
      5) 22-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кездесулер арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтер беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесулер мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
      6) 22-7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын кәмелетке толмағандарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде не кәмелетке толмағандарды осы мекемелерде ұстау мақсаттарына кедергі келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін өзімен бірге ұстауына тыйым салынады.».
      44. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат):
      1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) экстремизм – мыналарды:
      жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдар атынан әрекеттерді;
      жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мынадай экстремистiк мақсаттарды:
      Қазақстан Республикасының егемендігін, біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағының қолсұғылмаушылығын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды (сепаратизмді), билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, сол сияқты мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құруды, оған басшылық етуді және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтiк, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизм);
      нәсiлдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизм);
      дiни араздықты немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизм) көздейтiн әрекеттерді ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;».
      45. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат):
      1) 8-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдікті, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұстап алуға;»;
      10) тармақшадағы «қылмыстардың», «қылмыс» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылықтардың», «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақшадағы «қылмыстың» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) әскери полиция органдары ұстап алған не тергеуде және сотта жатқан әскери қызметшілерді ұстау үшін не қамаққа алуды қолдану үшін арнайы үй-жайы – гаупвахтасы болуына;»;
      2) 9-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, анықтау, алдын ала тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны орындаудан жалтарып жүрген әскери қызметшiлердi басқа құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда iздестiрудi жүзеге асыруға;»;
      3) 10-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерi құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
      4) 11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде ұсталған және (немесе) қарсылық көрсеткен, күзеттен қашқан адамдарды ұстап алу, сондай-ақ қарулы адамды ұстап алу;».
      46. «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;»;
      2) 22-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.».
      47. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 4-1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «192, 216 және 217» деген сөздер «215, 238 және 240» деген сөздермен ауыстырылсын.
      48. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
      5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қылмыстар» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      49. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22; 115-құжат):
      11-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;».
      50. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      15-баптың 8-тармағындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын.
      51. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-кұжат; № 24, 149-кұжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-кұжат; № 5, 43-кұжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-кұжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-кұжат; № 15, 97-кұжат; 2013 ж., № 2, 7-кұжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-кұжаттар; № 15, 81-кұжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      51-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер қолданылатын адамдар жiберiлмейдi.».
      52. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат):
      2-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің, қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;».
      53. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      39-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша істің сотқа дейінгі тергеп-тексеруін жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;».
      54. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) қылмыстық жолмен алынған кірістер – қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;»;
      2) 12-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке тұлғаны экстремистік қылмыстың не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 – 258 баптарында көзделген қылмыстардың жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;».
      55. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат):
      23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар процестік мәжбүрлеу шараларын және процестік қауіпсіздік шараларын қолданады.».
      56. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
      20-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған босқындар және пана іздеген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауапты болады.».
      57. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      16-баптың 3-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін адамға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.».
      58. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат, № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 112-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Екінші кезекте патенттер берілген шығармаларды, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар, азаматтардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен өздерінің мүлкіне келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.»;
      «3. Төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар, заңды тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.»;
      2) 119-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылған, қылмыстық сот ісін жүргізуде шығарылған шешім бойынша берілген атқарушылық құжатын орындау үшін ұсынған жеке тұлғалар;».
      59. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат):
      1) 12-баптың 2) тармақшасы «психотроптық заттарды» деген сөздерден кейін «, сол тектестерді» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, оның әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері болмаған және оның жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде, жеке профилактика шарасы болып табылады.».
      60. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат):
      16-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері сыртқы барлау органына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.».
      61. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацындағы «қылмыстар» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      62. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
      58-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметтік тергеп-тексеру қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының себептерін, сипатын және мән-жайларын анықтау, осы Заңда көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мән-жайлардың болуы немесе болмауын растау қажет болған кезде, оның ішінде қызметкерлердің жазбаша баянаты мен құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары негізінде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.»;
      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшысына қызметтік тергеу жүргізетін қызметкерлердің шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу кезінде қызметкердің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы алынған материалдарды шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына дереу беруге міндетті.».
      63. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.»;
      2) 27-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен жанжалды реттеу туралы келісімді білдіреді.».
      64. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
      14-баптың 2) тармақшасындағы «қылмыстар және» деген сөздер «қылмыстық және өзге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      65. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
      1) 28-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қылмыс» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 51-баптың 8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен кезде;»;
      3) 62-баптың 9-тармағындағы «қылмыстары» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 65-баптың 20-тармағындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 77-баптың 10-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ол қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;»;
      6) 80-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;».
      2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев