Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 31-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы  21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 423-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттардың» деген сөздер «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 427-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «Ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «мемлекеттiк стандарттардың» деген сөздер «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 486-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3,7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      317 және 317-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «317-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу»;
      «317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу»;
      мынадай мазмұндағы 317-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «317-4-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу»;
      2) 153-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 312-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мемлекеттiк стандарттармен» деген сөздер «ұлттық стандарттармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 317 және 317-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «317-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
                саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын:
      1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді шығару және өткізу;
      2) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді көтерме немесе бөлшек саудаға, нарықтарға шығару;
      3) сәйкестiк сертификаты, сәйкестік белгісі немесе сәйкестiк туралы декларациясы болмаған, сондай-ақ олар қолдан жасалған, қолданылу мерзiмi өтіп кеткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда, сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнімді импорттау және (немесе) өткiзу;
      4) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу;
      5) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылуын растау, сол сияқты сәйкестiк туралы декларацияны, өтініш-декларацияны негiзсiз қабылдау немесе тiркеу;
      6) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде сәйкестiктi растау саласындағы жұмыстарды аккредиттеусіз жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық, -
      аккредиттеу аттестатын, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау, -
      аккредиттеу аттестатынан, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      аккредиттеу аттестатынан, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден
                  одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының
                  қорытындысын беру тәртібін бұзу
      1. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды сараптама ұйымының беруі, -
      тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауардың шығарылуы туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тарту немесе Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту, -
      аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес: аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруі, -
      аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi шешiмді беру мерзімін бұзуы, -
      аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес: тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын алу үшін Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну, -
      дара кәсiпкерлерге – он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға), - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 317-4-баппен толықтырылсын:
      «317-4-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз
                  ету туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
      1) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орамдағы өлшеп оралған тауарлар санының орамдарда белгіленген шамаға сәйкес келмеуіне жол беру;
      2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар салмағының, көлемінің, шығысының немесе олардың санын сипаттайтын басқа да шамалардың бақылау (тауар) чегінде немесе тексерілетін тауарлардың сатып алынғанын растайтын өзге де құжатта көрсетілген тауарлар санына сәйкес келмеуіне жол беру;
      3) аккредиттеусіз өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;
      4) түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енбеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару, қолдану, өткізу және жарнамалау;
      5) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық, –
      аккредиттеу аттестатын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатын, салыстырып тексеруші сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау, –
      аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), –
      аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 356-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «313-баптарында317-баптың екінші бөлігінде, 317-1,» деген сөздер «313317317-1, 317-4,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      7) 541-баптың бірінші бөлігі «317-2,» деген цифрлардан кейін «317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 566-баптың бірінші бөлігі «317 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «317-4 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 630-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «мемлекеттiк стандартқа» деген сөздер «ұлттық стандартқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      екінші абзац «163-4,» деген цифрлардан кейін «165,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктері), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 356, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);».
      3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102- құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат):
      80-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
      1) 83-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 85-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 87-баптың 4) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарын» деген сөздер «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 90-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 91-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат):
      230-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат;  2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10,  50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар;  2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):
      311-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 330-баптың 5-тармағындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарында» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 334-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «мемлекеттiк стандартқа» деген сөздер «ұлттық стандартқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж.,  № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 1-тармағының 62) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-баптың 1-тармағының 35) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 9-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы және 70-баптың   3-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарды» және «мемлекеттiк стандарттардың» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттарды» және «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 73-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
      6-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 3), 11) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi;»;
      «11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;»;
      «17) өлшем құралын калибрлеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шын мәндерiн айқындау мақсатында осы өлшем құралының көмегiмен алынған шаманың мәнi мен эталонның көмегімен айқындалған шаманың тиiстi мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;»;
      2) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың 2-тармағында:
      3-1) тармақша алып тасталсын;
      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
      12) тармақшадағы «біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады» деген сөздер «біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақша алып тасталсын;
      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
              нормативтiк құжаттар
      Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзiрленедi және оларды Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалар мiндеттi түрде қолдануға тиiс.»;
      5) 9-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі.»;
      6) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардан;»;
      7) 14-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады.»;
      8) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану үшін міндетті болып табылатын уақыт пен жиiлiк бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн жаңғыртуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.»;
      9) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
                 техникалық сарапшылар
      1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады.
      2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтік құқықтық актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
      10) 16-2-бап «қамтамасыз ету жөнiндегi» деген сөздерден кейін «нормативтік құқықтық актілер мен» деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 17-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі «аттестаттаудан өтпеген» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
      Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу кезінде аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      13) 19-баптың 45 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi электрондық есепке алуды және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берудi жүзеге асыруға тиiс.
      5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.»;
      14) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшеу кезінде қолдануға арналмаған өлшем құралдарына осы Заңның 19-бабына сәйкес калибрлеу немесе салыстырып тексеру ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.
      Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарының дайындаушысы, иесі немесе пайдаланушысы айқындайтын тәртіппен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына да бағындырылған эталондар пайдаланыла отырып орындалады.
      Өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар сәйкестікті бағалау саласында ерікті түрде аккредиттеледі.
      Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгімен немесе метрологиялық сипаттамалардың шын мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландырылады.»;
      15) 22-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн метрологиялық қағидалар мен нормаларды сақтау тұрғысынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi;
      5) өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың саны;»;
      16) 23-бапта:
      2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қоршаған ортаны қорғау, геология және гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру;»;
      «6) қару-жарақ, әскери техника өндіру;»;
      8) тармақша алып тасталсын;
      17) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың» деген сөздер «өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің басшылары;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.»;
      3-тармақта:
      1) тармақшадағы «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «салыстырып тексеру» деген сөздер «өлшем құралдарын салыстырып тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы «тыйым салуға құқығы бар.» деген сөздер «тыйым салуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Нұсқамаларға қол қоюға бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларының құқығы бар.
      Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      19) 5-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
      «28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын
                 лауазымды адамдардың міндеттері
      Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
      1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
      2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
      4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
      20) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу»;
      21) 31-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, мемлекеттік метрологиялық қызметке тиесілі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.»;
      2-тармақта:
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларындағы «мемлекеттiк стандарттардың» және «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттардың» және «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 20-баптың 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 31-1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23,  142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат;  2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат):
      1) 1-баптың 17) тармақшасындағы «нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк нормалар мен стандарттардың» деген сөздер «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      4-баптың 2) тармақшасындағы және 7-баптың 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз алып тасталсын.
      15. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 20)22) және 30) тармақшаларындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 12) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-баптың 1-тармағында:
      12) тармақшадағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақшадағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 6-1-баптың 13) тармақшасындағы және 9-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарды» және «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттарды» және «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 13-баптың 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 20-баптың  3-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» және «мемлекеттік стандарттарда» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттарға» және «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
      16. «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 19-20, 149-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 4, 95-құжат; 2011ж., № 11, 102-құжат):
      7-баптың 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      17. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
      7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      18. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар):
      21-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      19. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат, № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      51-баптың 6-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттармен» деген сөздер «ұлттық стандарттармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      20. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат):
      1) 3-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарын» деген сөздер «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттармен» деген сөздер «ұлттық стандарттармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      21. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.»;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) алдын ала ұлттық стандарт – қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;»;
      «9-1) консорциум стандарты – консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;»;
      12) тармақша алып тасталсын;
      13)14) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;
      14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – ұйымдар стандарттарын және консорциум стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;»;
      «16) мiндеттi сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;»;
      мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 18-1) және 31-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-1) нормативтік техникалық құжат – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
      17-2) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры - мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;»;
      «18-1) өнімді каталогтау жүйесі – өнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпараттық жүйе;»;
      «31-1) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) сәйкестікті растау саласындағы құжат – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;»;
      36) тармақша алып тасталсын;
      38) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «38) стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;»;
      «43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) – зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;»;
      47) тармақша алып тасталсын;
      49)51) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «49) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiшi – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;»;
      «51) ұлттық стандарт – уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;
      52) ұйым стандарты – ұйым дербес бекіткен стандарт;»;
      мынадай мазмұндағы 53-1) және 55) тармақшалармен толықтырылсын:
      «53-1) үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;»;
      «55) шет мемлекеттiң стандарты – шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.»;
      3) 2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы
              заңнамасы»;
      1-тармақтағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 5-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар;
      9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.»;
      5) 6-бапта:
      5) тармақша алып тасталсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;»;
      6) 7-бапта:
      бірінші бөлікте:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;»;
      9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;»;
      «11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
      екінші бөлікте:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;»;
      «3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;»;
      4) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
      10) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.»;
      үшінші бөліктің 7) тармақшасындағы «(салыстырмалар)» деген сөз «(салғастыру)» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 8-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;»;
      8) тармақшадағы «дайындауды жүзеге асырады.» деген сөздер «дайындауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;
      10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;
      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Ақпарат орталығы
      1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:
      1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;
      3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 11-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң стандарттарын және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысу;
      3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.»;
      10) 12-баптың 3-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;»;
      «5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;»;
      11) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды;»;
      12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай
               мемлекеттік қоры
      1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
      2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Ұйымның стандарты мен консорциум стандарттарын қоспағанда, әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын құжатты қабылдаған тұлға бірыңғай ақпараттық жүйені құру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.»;
      13) 16-бапта:
      4-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
      14) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елiн,
                 Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының
                 мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар
      1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
      2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
      3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың құзыретi тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады.
      Бiлiктiлiк аттестаттарын алған тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгiзiледi.
      4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
      Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      5. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия кемiнде бес адамнан құралуға тиiс. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледi. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.
      6. Аттестаттаудан өту үшiн тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияға мынадай құжаттар:
      1) өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;
      4) оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;
      5) тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi;
      6) кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме ұсынылуға тиiс.
      7. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      8. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.»;
      15) 20-бапта:
      1-тармақта:
      3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;»;
      «6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;»;
      мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) үкіметтік емес стандарт;
      8) консорциум стандарты;
      9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
      16) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Ұлттық стандарттар
      1. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.
      2. Ұлттық стандарттар:
      1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
      2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
      3) процестерге арналған стандарттар;
      4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
      5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.
      3. Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.
      4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.
      5. Ұлттық стандарттарда:
      1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;
      2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;
      3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
      4) терминдер мен анықтамалар;
      5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
      6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;
      7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;
      8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
      9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.
      6. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.»;
      17) мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2-баптармен толықтырылсын:
      «21-1-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар
      1. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Заңның 4-бабының  1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
      2. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.
      3. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
      4. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.
      5. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.
      21-2-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум
                стандарттары
      1. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
      2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
      3. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.
      4. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды.
      5. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.»;
      18) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi
      1. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады.
      2. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.
      Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      19) 23-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұйымдардың стандарттарын ұйымдардың ішінде қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне,  технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.
      Ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттары техникалық регламенттердің және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
      Ұйымдардың стандарттары өнімді нарыққа айналымға шығару үшін қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ұйым нарыққа айналымға шығаратын өнімге қолданыста техникалық регламент болмаған кезде алдын ала ұлттық стандарт әзірленеді және бекітіледі.»;
      20) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет
               мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік
               құжаттарын қолдану
      1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының  1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.
      2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
      2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
      3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.
      5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.»;
      21) 3-тарау мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
      «25-1-бап. Өнімді каталогтау жүйесі
      1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.
      3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:
      1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;
      2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.
      4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.
      5. Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
      каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;
      бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;
      каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.
      6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.
      7. Уәкілетті орган өнімді:
      1) өндіруші таратылған;
      2) өндіруші өтініш жасаған;
      3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған анық емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.
      8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.»;
      22) 30-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері қоса берілмеуі мүмкін.»;
      23) 33-баптың 1-тармағы «шарттарға» деген сөзден кейін «немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      24) 40-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мынадай жағдайларда:
      өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмге сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмағанда;
      өнiмдi сәйкестiк белгісімен, оған құқығы болмай тұрып, таңбалағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы және (немесе) бұзылу сипаты ескерiле отырып айқындалған мерзiмде өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама беруге;»;
      25) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған стандарттау жөніндегі тиісті нормативтік құжаттардың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті болып табылады.».
      22. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат;  2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      17-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарындағы «мемлекеттiк стандарт» және «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарт» және «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу – аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар - уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-1) қайта аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануының кезекті рәсімі;
      15-2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;»;
      2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар, техникалық сарапшылар кiредi.»;
      3) 7-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды, техникалық сарапшыларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға;»;
      бесінші абзацтағы «жүргізуге құқылы» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «аккредиттеу субъектілерінің қызметіне оның аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігі нысанасына мониторинг жүргізуге құқылы;»;
      2) тармақшаның үшінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «аккредиттеу кезеңдерін және оларды орындау мерзімдерін,  сондай-ақ инспекциялық тексеру, оның ішінде кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;»;
      «аккредиттеу субъектiлерiнiң шағымдарын қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға, қабылданған шешімдер туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;»;
      4) 8-баптың 5-тармағында:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;»;
      9) тармақшадағы «аттестаты керi қайтарып алынған, оның қолданысы тоқтатылған, аккредиттеу аттестаты» деген сөздер «аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол» деген сөздермен және «тоқтатуға міндетті.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.»;
      5) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.»;
      6) 10-бапта:
      1-тармақтағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.»;
      7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі
               сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
               саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық
               сарапшылар
      1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
      2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.»;
      8) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қайта аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.»;
      9) 15-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық;»;
      2-тармақтағы «1-тармағының 1), 3) - 5)» деген сөздер «1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «өтiнiш берушiге қайтарады» деген сөздер «почта арқылы өтiнiш берушiге қайтарады не оның өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
      1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      Қайта аккредиттеу кезінде ұсынылған құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.
      2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды.
      3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:
      1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгін бағалау;
      2) құжаттардың нақты критерийлер бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;
      3) ұсынылған құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiш берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;
      4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс.
      4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган мынадай:
      1) өтiнiш берушiнi тұрған жерi бойынша тексеру;
      2) өтiнiш берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жоюы туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
      Қабылданған шешім туралы хабарлама өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
      5. Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда құжаттарға қайта сараптама жүргiзедi.»;
      11) 18-бапта:
      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тексеру мерзiмi өтініш берушінің тұрған жеріне немесе өтініш берушінің өзі тұрған жерден тыс жердегі құрылымдық бөлімшесі орналасқан жерге тексеру жөніндегі топ келген кезден бастап есептелетiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлімшелері бар өтініш берушіні тексерудің жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
      8-тармақтағы «жазбаша түрде аккредиттеу жөнiндегi органға ұсына алады» деген сөздер «аккредиттеу жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы ұсына алады және тиісінше акредиттеу жөніндегі орган почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы өтініш берушіге жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Өтiнiш берушi осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде тексеру кезiнде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессiздiктердiң жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды, содан кейiн аккредиттеу жөнiндегi орган қажет болған жағдайда оған қайта тексеру жүргiзедi. Өтiнiш берушiні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзiмi тексеру жөнiндегi топ өтiнiш берушiнiң тұрған жерiне келген күннен бастап есептелетiн бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.»;
      12) 19-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Терiс шешiм қабылданған кезде өтiнiш берушiге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
      Құжаттар жиынтығы өтінім берушіге почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол табыс етіледі.»;
      13) 20-бапта:
      4-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негiз бойынша аккредиттеуден кейiнгi шартты тоқтату күні болып сәйкессiздiктердi жою мерзiмi өткен күннен кейiнгi күн есептеледi.»;
      14) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Аккредиттеу субъектісі осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайта аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.»;
      15) 22-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектiсiне жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
      16) 23-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аккредиттеу субъектiсiнiң құжаттарында көрсетiлген нормативтiк құжатқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген және (немесе) жаңа нормативтiк құжатты қолданысқа енгiзген;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды. Оң шешім шығарылған жағдайда және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін негіздер болмаған кезде аккредиттеу жөніндегі орган енгізілген өзгерістерді назарға алады, қажет болған жағдайда аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді, бұл туралы аккредиттеу субъектісіне жазбаша почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы хабарлайды және ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Ұсынылған құжаттарда және мәліметтерде анық емес ақпарат және (немесе) аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты ақпарат анықталған кезде аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу материалдарын өзекті етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
      17) 25-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инспекциялық тексеру аккредиттеуден кейiнгi шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Бірінші инспекциялық тексеру бастапқы аккредиттелген күннен кейін он екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Келесі инспекциялық тексерулер екi жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiкпен, бiрақ осының алдындағы инспекциялық тексеру жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешiктiрiлмей жүргізіледі.
      Аккредиттеу субьектісінің аккредиттеу критерийлерінің бұзылуына жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғадан өтініш не мемлекеттік органнан хабарлама түскен жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы.
      2. Аккредиттеу субъектісіне немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне инспекциялық тексеру жүргізу мерзiмi бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Құрылымдық бөлімшелері бар аккредиттеу субъектісін инспекциялық тексерудің жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
      18) 26-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу критерийлерінің бұзылуына жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішінде не мемлекеттік органның хабарламасында көрсетілген фактілер кезектен тыс инспекциялық тексеру нәтижелері бойынша расталғанда;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерін салғастырудың анықталған теріс нәтижелері жойылмағанда;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) аккредиттеу критерийлерінің және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарының бұзылғаны аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде қайтарып алады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің қызметі бөлігінде қайтарып алынуы мүмкін.
      Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысы жоқ, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде, аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және өтініш беруші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі соққан күннен бастап алынған деп есептеледі.
      4. Аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді жазбаша түрде ұсынады.
      Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен инспекциялық тексеру жүргізеді.
      Аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi аккредиттеу субъектiсi ұсынған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде, ал инспекциялық тексеру жүргiзілген жағдайларда - ол аяқталған күннен бастап аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Егер аккредиттеу жөніндегі орган көрсетілген мерзімде өзінің шешімі туралы аккредиттеу субъектісін жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылады.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтінішінің болуы;».
      24. «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      6-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      25. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      23-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
      26. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 12, 111-құжат):
      2-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «алты» деген сөз «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      27. «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат):
      9-баптың 1-тармағының 18) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      28. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 31)32) және 34) тармақшаларындағы, 22-баптың  5-тармағының 1) тармақшасындағы және 25-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен мемлекеттiк стандарттарының» деген сөздер «техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
      29. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат):
      1-бапта:
      4) тармақша «iске асыруға» деген сөздерден кейін «не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжытуға» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша «iске асыратын» деген сөздерден кейін «не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.
      30. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат):
      4-баптың 6) тармақшасындағы, 7-баптың 9) және 12) тармақшаларындағы, 23-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы және 24-баптың 2-тармағының үшінші абзацындағы «мемлекеттік стандарттар», «мемлекеттiк стандарттарының», «мемлекеттік стандарттарды» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттар», «ұлттық стандарттарының», «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң, 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағы 19) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.НАЗАРБАЕВ