Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 18 маусымдағы № 210-V ҚРЗ

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар):
      1) мазмұнында:
      163-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «163-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу»;
      214-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «214-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
      2) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «163-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь
                өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу
                туралы заңнамасын бұзу
      1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы бойынша декларациялар тапсыру қағидаларын, этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды тапсырмау –
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын өзгерту шарттарын:
      алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген орындардан тыс жерлерде сақтау және өткізу;
      аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамдағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
      алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайызға жетпейтiн, градусы төмен ликер-арақ бұйымдарынан басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы айналымы;
      арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
      екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
      есепке алу-бақылау маркаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
      ілеспе жүкқұжаттары болмастан этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын өзгерту түрінде бұзу –
      құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
      өндірушінің өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеуі;
      шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
      шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
      екi және одан да көп лицензиаттың бiр ғана стационарлық үй-жайда және бір ғана жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруі түрінде бұзуы –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
      осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
      тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдер мен мөлшерде төлемей, алкоголь өнімін сақтау және өткізу –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды лицензия қолданысын тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймау –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды өндіру кезінде өндіріс қуатын пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең төмен көлемін сақтамау –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Алкоголь өнімін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында сақтау және өткізу –
      лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соғады.
      13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
      3) 163-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь
                  өнімін бөлшек саудада өткізу жөніндегі талаптарын
                  бұзу
      1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада:
      сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
      этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізу –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 214-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «214-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы – »;
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды тұлғаларға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (үшiншi, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде)» деген сөздер «163 (үшiншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 576-1-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      жиырма төртінші абзацтағы «163» деген цифрлар «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз екінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз үшінші абзацтағы «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші және жетінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз төртінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 282-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.»;
      2) 286-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «286-бап. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының
                бүлiнуi, жоғалуы
      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
      Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған, бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.
      2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар мен есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай жағдайларда:
      1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
      2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.
      3. Отандық өндірілген темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
      1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
      2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.»;
      3) 292-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.»;
      4) 298-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.»;
      5) 470-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «470-бап. Алым төлеушiлер
      Осы Кодекстің 472-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алатын, сондай-ақ лицензия алған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.»;
      6) 471-баптың кестесінде:
      1.85., 1.86., 1.87. және 1.88.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.85.

Этил спиртінің өндірісі

3000

1.86.

Сырадан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі

3000

1.87.

Сыра өндірісі

2000

1.88.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

                                                              »;
      мынадай мазмұндағы 1.88-1-жолмен толықтырылсын:
      «

1.88-1.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін:
астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда
аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде
ауылдық елді мекендерде




100
 
70
30

                                                              »;
      7) 472-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.»;
      8) 599-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын салықтың, төлемақының осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жүргізілмейді.»;
      9) 602-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.»;
      10) 627-баптың 9-1-тармағының бесінші абзацындағы «этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың» деген сөздер «лицензияның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 653-бапта:
      1-тармақтағы «импорттаушылардың» деген сөз «олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      4)-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – алкоголь өнiмдерiнің үш литрден аспайтын шегiнде, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға темекi мен темекi бұйымдарын екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.»;
      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1 – 5-8-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.
      5-2. Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
      5-3. Импорттаушы Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
      5-4. Импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу арқылы қамтамасыз етіледі.
      5-5. Уақытша ақша орналастыру шотын уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
      5-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
      5-7. Импорттаушы Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы ақшамен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
      5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;
      2) акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерiнен Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік кіріс органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусындарынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.»;
      10-тармақтың 2-1) тармақшасы алып тасталсын.
      3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
      159-бапта:
      1-тармақта:
      «темекі, алкоголь өнімдерін» деген сөздер «темекі бұйымдарын, алкоголь өнімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «алкогольді» деген сөз «алкоголь өнімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Бөлшек саудада:
      1) алкоголь өнімін жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарға;
      2) мейрамханаларда, барлар мен дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
      сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
      этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.».
      4. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;
      2) алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
      3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалардың, барлар мен дәмханалардың аумақтарында, кейіннен оны тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, жүзеге асырылатын сату;
      4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;
      5) орнын өзгерту – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;
      6) аралас полимерлік ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;
      7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;
      8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;
      9) коньяк спирті – этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;
      10) қаңылтыр ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
      11) қойма үй-жайлары – тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);
      12) құрамында спирті бар тамақ өнімі – тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
      13) өндіріс паспорты – қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;
      14) пластикалық сауыт – полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;
      15) сақтау – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);
      16) сәйкестендіру – өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;
      17) стационарлық үй-жайлар – сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi;
      18) сусыз спирт – құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;
      19) таңбалау – тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
      20) тұтыну ыдысы – тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;
      21) фирмалық мамандандырылған дүкен – сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;
      22) ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;
      23) этил спиртi – спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.»;
      2) 3-бапта:
      3-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      3) 3-1-бапта:
      1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;»;
      4) 4-баптың 2-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;»;
      5) 5-бапта:
      2-тармақтағы «арақтар дегеніміз – » деген сөздер «арақтар» деген сөзбен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі «Ликер-арақ өнімдері – » деген сөздер «Ликер-арақ өнімдері» деген сөздермен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі «өнімдері дегеніміз – » деген сөздер «өнімдері» деген сөзбен ауыстырылып, «ликер-арақ өнiмдерi» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі «өнімдері дегеніміз – » деген сөздер «өнімдері» деген сөзбен ауыстырылып, «ликер-арақ өнiмдерi» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы «Шарап материалы – » деген сөздер «Шарап материалы» деген сөздермен ауыстырылып, «құрамында спирті бар тамақ өнiмi» деген сөздер «алкоголь өнімі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «Шарап – шарап материалдарынан» деген сөздер «Шарап материалдарынан» деген сөздермен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «шарап болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақтағы «Коньяк –» деген сөз «Коньяк» деген сөзбен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақтағы «Бренди –» деген сөз «Бренди» деген сөзбен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыра қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған алкоголь өнімі болып табылады.»;
      6) 7-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.»;
      5-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;
      2) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіруге тыйым салынады.»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:
      1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;
      2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.»;
      9-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуатының кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың
              орын өзгертудің шарттары
      1. Этил спирті мен алкоголь өнімін:
      1) сәйкестік сертификатынсыз (және белгілерінсіз) және (немесе) сәйкестік туралы декларациясыз;
      2) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмесе өткізуге тыйым салынады.
      2. Мыналарға:
      1) қаңылтыр ыдыста (сыра мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта;
      2) аралас полимер ыдыста, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiнде;
      3) лас, майысқан, сондай-ақ анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмекте, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа);
      4) есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.
      3. Алкоголь өнімін:
      1) тиісті лицензиясы болмаса;
      2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;
      3) осы Заңның 1-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген орындардан тыс жерлерде;
      4) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде;
      5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алым төленбесе;
      6) есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
      4. Бөлшек саудада:
      1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
      2) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;
      3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
      сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
      этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.
      5. Ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады.»;
      8) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.»;
      9) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь
               өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу
               туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
      Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат):
      37-бапта:
      2-тармағындағы «алкогольдi iшiмдiктердi» деген сөздер «алкоголь өнімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.».
      6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат):
      1) 13-баптың 1-1-тармағындағы «Географиялық көрсеткiштердi және фирмалық атауларды қоспағанда, алкоголь» деген сөздер «Алкоголь» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 14-1-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының отызыншы – отыз жетінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағын, 4-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтарын және 7) тармақшасының он алтыншы абзацын;
      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он үшінші абзацын, 4-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын және 7) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
      «этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
      этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;».
      3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 5)6)7) және 8) тармақшаларының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде бұл тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
      «5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 576-1-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      жиырма төртінші абзацтағы «163» деген цифрлар «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз екінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз үшінші абзацтағы «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші және жетінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз төртінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын»;».
      4. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 11) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiнгі кезеңге тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
      «7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Салық органдары алкоголь өнімін және этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциз бекеттерін орнатады.»;»;
      5. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 6) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап
2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде:
      1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;»;
      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде отыз пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;».
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                               Н. Назарбаев