Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 81-V Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      196-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «азаматқа» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертулер.
      1. Осы бапта iрi мөлшердегi табыс деп сомасы екi жүз мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс танылады.
      2. Осы бапта iрi залал деп қылмыс жасалған кезде жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бір мың есеге асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есеге асатын сомада келтiрiлген залал танылады.».
      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      484-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі «болмаған» деген сөзден кейін «немесе уақытша бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      147-4-баптың тақырыбы «Мемлекеттiк» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      565-2-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      2) 48-баптың бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацындағы «монополистiк қызметті» деген сөздер «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 127-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «пайдакүнемдiк мақсатта» деген сөздер алып тасталсын;
      4) 147 және 147-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «147-бап. Монополистiк қызмет
      1. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -
      жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      жеке тұлғаларға – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Судья бәсекелестiкке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектiсiн мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:
      1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
      2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде жедел шаралар қолданатын;
      3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлайтын;
      4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін кезде монополиялық табысын тәркiлеуден босатуы мүмкiн.»;
      «147-2-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі заңсыз iс-әрекеттерi
      1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмай-ақ экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы -
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
      жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 147-3-бап «орта кәсiпкерлiк субъектiлерi» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 147-4-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы «Мемлекеттiк» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздер «147-13» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      8) 565-баптың бірінші бөлігі «Кодекстiң» деген сөзден кейін «147-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 565-2-бап алып тасталсын;
      10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      отыз тоғызыншы абзац алып тасталсын;
      қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 – 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);»;
      алпысыншы абзацтағы «(147-бап)» деген сөздер «(147, 147-1 (екінші бөлігі)-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 638-баптың бірінші бөлігіндегі «монополистiк қызметті» деген сөздер «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      557-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде береді.».
      5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж, № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 3-бапта:
      8) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «көлемi жылына бір жүз елу мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiсi;»;
      13) тармақшадағы «, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiн беру және (немесе) тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы,» деген сөздер «беру және (немесе) тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік ысыраптары үшін – жылу энергиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың;»;
      3) 6-баптың 1-3) тармақшасы «қарауына» деген сөзден кейін «уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 7-баптың бірінші бөлігінде:
      2) тармақшадағы «реттеліп» деген сөз «осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-3) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерін уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша ұсынуға;»;
      7-5) тармақша «осы ақпаратты» деген сөздерден кейін «табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 7-2-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «мәлiметтердiң негiзiнде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 7-3-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «кешiктiрмей беруге» деген сөздер «кешiктiрмей» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «бағаның негізді болуына әсер ететін қажетті ақпаратты беруге;»;
      7) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
      «12-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
      Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      1) табиғи монополияларды реттеу саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      2) уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келіседі;
      4) монополияға қарсы және уәкілетті органдардың осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында көзделмеген өнімдерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізетін ұсыныстарын келіседі;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      8) 13-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша:
      «деңгейлерін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсететін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      «әзiрлейдi,» деген сөзден кейін «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-1) тармақшадағы «су шаруашылығы жүйелерi салаларындағы» деген сөздер «сумен жабдықтау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тізбесіне қосу үшін ұсыныстарды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келіседі;»;
      9) 14-1-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның екінші және (немесе) алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады.»;
      5) тармақшаның төртінші абзацындағы «бекiтудiң тәртiбiн айқындауға» деген сөздер «бекiтудiң» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «уақытша өтемдік тарифті бекiтудiң тәртiбiн айқындауға;»;
      10) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.
      Бұл ретте қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлері реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтік сметаларды алдыңғы күнтізбелік жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет өз бетінше өзгертуге құқылы.
      Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны осылайша өзгерткен жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгертудің себептерін көрсететін ақпаратты бере отырып, тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгерткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі өзгерткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым мөлшерлемесі), тарифтік смета реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тиісінше тариф (баға, алымдар мөлшерлемесі) және тарифтік смета болып табылады.
      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.»;
      11) 15-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Уәкiлеттi орган» деген сөздер «уәкiлеттi орган мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 16-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлік «монополиялар субъектiлерiн» деген сөздерден кейін «және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектiлерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Табиғи монополия субъектісі тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiн бекітуге арналған өтініммен бір мезгілде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.».
      6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
      7-баптың 7) тармақшасы «4, 5-тармақтарында» деген сөздерден кейін «, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен толықтырылсын.
      7. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына» деген сөздер «iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 39-баптың 1-тармағының 3)4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің басшылары;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары – аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.».
      8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 44-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.»;
      2) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
      «47-1-бап. Берілген лицензиялардағы қателерді түзету
      Берілген лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қателер табылған жағдайда лицензиат оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге құқылы.
      Лицензиар лицензиаттың тиісті өтінішті берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиялар тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізеді және тиісті түзетулері бар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.».
      9. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бәсекелестік қағидаттары нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.»;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.»;
      3) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) әлеуеттi бәсекелес – бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi;
      1-2) бәсекелес – тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi;»;
      «3-1) жанама бақылау – заңды тұлғаның қабылдайтын шешiмдерiн заңды тұлға немесе араларында тiкелей бақылау болатын бiрнеше заңды тұлғалар арқылы жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкiндiгi;»;
      6) тармақша «басшылықты» деген сөзден кейін «, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) нарық субъектiсi – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, сондай-ақ заңды тұлғасы, шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі). Нарық субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар да жатады;»;
      «15) тергеу – монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректердi осы Заңда көзделген тәртiппен жинауға бағытталған iс-шаралары;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) тiкелей бақылау – жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бiр немесе бiрнеше iс-қимылдар жасау:
      оның атқарушы органының, директорлар кеңесінің функцияларын жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау құқығын алу;
      заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi;»;
      «18) экономикалық қызметті үйлестіру – нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келістіріп отыруы.»;
      4) 7-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу пайызынан астамына тұлғаның тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) иелiк ету құқығы болса;»;
      5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер
      1. Тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын және (немесе):
      1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулердi, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды), үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;
      2) сауда-саттықта бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;
      3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;
      4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;
      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн нарық субъектiлерi арасындағы деңгейлес келiсiмдерге тыйым салынады.
      2. Егер:
      1) сатушы сатып алушы үшiн тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса;
      2) келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының сатпау мiндеттемесi көзделсе, нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгiсiмен не сатушыны немесе өндiрушiнi дараландырудың өзге де құралымен тауарларды сатуды ұйымдастыруы туралы келiсiмдерге қолданылмайды.
      3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, оның iшiнде:
      1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсiтетiн талаптарды белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге;
      2) сауда-саттықты, аукциондар мен конкурстарды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн, оның iшiнде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде олардың қорытындыларын бұрмалауға;
      3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;
      4) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе олардың сатып алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға;
      5) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
      Осы тармақта белгiленген тыйымдар концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге не егер нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.
      4. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 –  3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.
      5. Осы баптың ережелерi, егер бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерiнiң бiрi нарықтың басқа субъектiсiне қатысты тiкелей немесе жанама бақылау белгiлеген болса, сондай-ақ мұндай нарық субъектiлерi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында болса, осындай нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге қолданылмайды.
      6. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаның дараландыру құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына қолданылмайды.
      7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде:
      1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндірген тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатын;
      2) тиiстi тұлғалардың осындай iс-әрекет жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.»;
      6) 11-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «шектеуге» деген сөзден кейін «және (немесе) тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы Еуразиялық экономикалық комиссия бекiтетiн Бәсекелестiктiң жай-күйiн бағалау әдiстемесiне сәйкес мынадай мән-жайларды:
      1) нарық субъектiсiнiң үлесiн және оның бәсекелестерi мен сатып алушыларының үлестерiмен арақатынасын;
      2) нарық субъектiсiнiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар өткiзудiң жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгiн;
      3) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуын;
      4) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналымының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің болу кезеңін талдау негiзге алына отырып белгiленедi.»;
      8) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану
      Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) тұтынушылардың, өзге де тұлғалардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын іс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне, оның iшiнде:
      1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
      2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
      3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
      4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
      5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
      6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
      7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
      8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналымнан алып қою;
      9) контрагентке шарттың нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзделмеген шарт талаптарын күштеп таңу;
      10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
      11) бір ғана тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.»;
      9) 14-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы «асып кетсе» деген сөздерден кейін «немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, шығыстарға және пайдаға талдау жүргізіліп, негізделген баға айқындалады.»;
      10) 16-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша «өткiзу» деген сөзден кейін «(сатып алу)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
      14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.»;
      11) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу)
      Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.»;
      12) 31-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Монополияға қарсы орган өтінішхат келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру болжанатын тауар нарықтарын тексеруге, осы тауар нарықтарында бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде осы тауар нарығында мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның, онымен үлестес тұлғаның қатысу мерзiмi туралы қорытындыны дайындауға және өтінішхатты ұсынған тұлғаға негізделген шешiмдi жiберуге мiндеттi.»;
      13) 32-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 3-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды монополияға қарсы орган осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.»;
      14) 5-тараудың тақырыбы:
      «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      «іс-әрекеттері» деген сөзден кейін «, келісімдері» деген сөзбен толықтырылсын;
      15) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың
      бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi, келiсiмдерi
      1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
      2. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi болып, оның ішінде мыналар танылады:
      1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;
      2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
      3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулер, нарық субъектiлерiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;
      4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу туралы немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беру;
      5) тауарларды сатып алушылар үшін олардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;
      6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;
      7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;
      8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, одан шығуын шектеу немесе оларды тауар нарығынан ығыстырып шығару;
      9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;
      10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықты тәртiппен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.
      3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, тыйым салынады.»;
      16) 3435 және 36-баптар алып тасталсын;
      17) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Монополияға қарсы орган және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган»;
      18) 39-бапта:
      1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;»;
      «9) нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан алып тастау қағидаларын әзiрлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша, тауарлардың өзара алмастырылуының, оларды сатып алуға қолжетімділіктің критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржылық ұйымдарға қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;»;
      16) тармақшадағы «монополиялық» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келiсу бойынша монополиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақшадағы «реттеуші» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша реттеушi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26-1) жүргiзілетiн бәсекелестiк саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында монополияға қарсы органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;
      26-2) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға бағаның сараптамасын жүргізеді;»;
      19) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
      «40-1-бап. Тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу
      1. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу Монополияға қарсы орган басқармасының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тiзiлiм монополияға қарсы орган белгiлеген нысан бойынша бекiтiледi.
      3. Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан алып тастау) туралы шешiм қабылдаған жағдайда осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан алып тастау) туралы шешiмдi қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрмені жiбередi.
      4. Тұлғалар тобы тiзiлiмге бiртұтас нарық субъектiсi ретiнде енгiзiледi және бұл ретте тұлғалар тобына кiретiн, тиiстi тауар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетiледi.
      5. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан алып тастау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      20) 41-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға жүргізілген тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыға берілген шағымдарды қарау;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      21) 6-тарау мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
      «43-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
      Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      1) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      2) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы әдістемелер мен нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
      3) нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу саласында осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      22) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-тарау. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң реттеушi, құқық қорғау органдарымен және монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы»;
      23) 44-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «тауар нарықтарын талдау нәтижелерi бойынша реттеушi органдармен бiрлесiп,» деген сөздер «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша реттеушi органдармен бiрлесiп, тауар нарықтарын талдау нәтижелерi бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы «монополияға» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша монополияға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
      «44-1-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
      1. Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiнде Кеден одағы елдерiнiң монополияға қарсы органдары өзара іс-қимылды, оның ішінде хабарламалар, ақпарат беру туралы сұраулар жіберу, консультациялар жүргiзу, тергеулер жөнiнде хабардар ету жолымен жүзеге асырады.
      2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және сұрау салулар бойынша ақпарат беруге құқылы.»;
      25) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауар нарығын талдау осы баптың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпараттың негізінде жүргізіледі.»;
      26) 49505153 және 54-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «49-бап. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылау
      1. Үстем немесе монополиялық жағдайдың пайда болуын немесе күшеюiн және (немесе) бәсекелестiктi шектеудi болғызбау мақсатында монополияға қарсы орган осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және  3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (iс-әрекеттерді) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiн алу түрiнде не оның осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы арқылы экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды осы Заңда көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.
      3. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен осы Заңда көзделген тәртіппен жүгінуге құқылы.
      4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
      5. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiркеушi орган нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсiмiмен жүзеге асырады.
      6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге әкеп соққан экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
      Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.
      50-бап. Экономикалық шоғырлану
      1. Мыналар:
      1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
      2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады;
      3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;
      4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды сатып алуы;
      5) бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.
      2. Мыналар:
      1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржылық ұйымдар мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін табыс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында нарықтың басқа субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржылық ұйымдардың сатып алуы немесе меншігіне алуы;
      2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмшiнi) тағайындау;
      3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiлелер бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану деп танылмайды.
      3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығындағы акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнi белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi не осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы оның хабарламасы талап етiледi.
      4. Егер қаржылық ұйым активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерден асып кетсе, қаржылық ұйымның қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.
      Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржылық ұйым және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын жағдайда, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.
      5. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерiн және тауарлар өткiзу көлемiн белгiлеуге құқылы.
      6. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен табыстың (түсiмнің) сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
      Егер нарық субъектiсi қызметiн бiр жылдан кем мерзiмде жүзеге асырған жағдайда, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.
      7. Осы баптың 1-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
      Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
      51-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттар беретiн тұлғалар
      1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.
      2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларын), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды сатып алатын тұлға бередi.
      3. Егер осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1)2) және  3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.»;
      «53-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы
      өтінішхатқа қоса берiлетiн құжаттама
      1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға ұсыну үшiн қажеттi құжаттамада:
      1) тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;
      2) қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
      3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
      4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
      5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
      акциялардың түрлерi;
      6) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып  табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес)  мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
      7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      9) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы қамтылады.
      2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
      1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;
      2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
      акциялардың түрлерi;
      өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
      4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-қимылдар жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
      7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
      3. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) шарт немесе шарттың жобасы;
      2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
      акциялардың түрлерi;
      сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      3) баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
      4) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;
      5) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;
      6) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
      4. Шетелдiк заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды:
      1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;
      2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;
      3) егер сатып алушының – шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді.
      5. Осы Заңның 49-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты осы Заңның 54-2-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсына отырып, тиісті құқықтарды сатып алатын тұлға береді.
      6. Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергi келтiретiн болса, монополияға қарсы орган оларды нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттiк органдардан сұратуға құқылы.
      Монополияға қарсы орган ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн мерзiм күнтiзбелiк он күннен кем болмауға тиiс.
      54-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы
      өтінішхаттарды қарау мерзiмдерi
      1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхатты берушi тұлғаны өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
      2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк елу күннен аспауға тиiс.
      3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхатты берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
      4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
      5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
      6. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, ол жөнінде өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.»;
      27) мынадай мазмұндағы 54-1 және 54-2-баптармен толықтырылсын:
      «54-1-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi
      Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасасқан нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Заңның 50-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.
      Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.
      Монополияға қарсы органды:
      1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерiнің, байқаушы кеңестерiнің немесе басқарудың басқа да органдарының құрамына кіретін жеке тұлғаның олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындауы жағдайында аталған жеке тұлға;
      2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiнiң орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденіп алатын (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарттың, бiрлескен қызмет туралы шарттың, тапсырма шартының негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.
      54-2-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға
      (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
      1. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
      1) заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
      2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
      акциялардың түрлерi;
      өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
      4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      6) өздерiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
      7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
      2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
      1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:
      жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
      заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
      2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
      3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
      4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
      5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
      тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
      хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.»;
      28) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
      Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын болса, оған тыйым салынады.»;
      29) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
      «56-1-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы
      1. Егер монополияға қарсы органға жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы жазбаша жауап жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылған болып саналады.
      2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасаудың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтайтын жағдайда, монополияға қарсы орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiсті нұсқама шығарады.
      3. Нұсқама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.»;
      30) 58-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «өтініші болып табылады.» деген сөздер «өтініші;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпарат болып табылады.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тергеудiң басталуы тергеу жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
      4. Тергеудiң басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей, өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.»;
      31) 59-бап алып тасталсын;
      32) 61-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінде осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу туралы бұйрық шығарады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмелері шығарылған күнінен бастап үш күн ішінде өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.»;
      33) 63-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;»;
      34) 64-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Нарық субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызған жағдайда монополияға қарсы органға мәлiметтердi берген кезде нарық субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.»;
      35) 65-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сарапшыға жiберiледi.»;
      36) 67-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «шешiмдердiң бiрiн» деген сөздер «тиісті шешім (шешімдер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «, монополияға қарсы органның лауазымды адамы қол қойған қорытындыны Басқарма бекiткен» деген сөздер «қорытындыға монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қойған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «он жұмыс күнiнен» деген сөздер «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бұйрықпен» деген сөз «монополияға қарсы органның бұйрығымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеу объектiсiне тапсырылады немесе хабарламалы хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушi қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабардар етiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Тергеу объектісі тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым бере алады.»;
      37) 69-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның бесінші абзацындағы «жасасу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге» деген сөздер «жасасу» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «осы Заңның бұзылуына жол бермеу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге;»;
      2) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын.
      10. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат):
      1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) фьючерстiк мәмiле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;».
      11. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      23-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) мұнай өнімдеріне бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ден қою шараларын қабылдау үшін мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу фактілерін жібереді.».
      12. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 12, 85-құжат):
      1) 1-баптың 2-тармағында:
      3) тармақшаның жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «1-1 және екiншi» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
      13) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (1-1 және 2-1-бөлiктерi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13 (үшiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктерi), 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 – 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);»;»;
      4-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
      2) 2-бапта:
      4-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      ««қырық үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 – 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);».»;
      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.»;
      9-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «екiншi» деген сөзбен ауыстырылсын;»;
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (2-1-бөлiгi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                Н. Назарбаев.