Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 542-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны:
      мынадай мазмұндағы жаңа: 16-1-тарау мен 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-6, 219-7, 219-8, 219-9 және 219-10-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
      219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу
      219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін бұзу
      219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
      219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы
      219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі
      219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру
      219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы
      219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау
      219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу
      219-10-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқамасын орындамау немесе толық көлемде орындамау»;
      356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
      32-тарау мынадай мазмұндағы жаңа 548-1-баппен толықтырылсын:
      «548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары»;

      2) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен, не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен, не монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының пайызымен не құқық бұзушылық болған кезеңде, бірақ бір жылдан аспайтын бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының пайызымен көрсетiледi.»;

      3) 69-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалары, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.»;

      4) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:
      «16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

      219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік
                 мәндерін сақтамау және энергия тұтыну
                 нормативтерінен асып түсу

      1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан бес пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан он пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.

      219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу
                 оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын
                 жабдықтың жұмыс режимін бұзу

      1. Энергетикалық ресурстарды өндіру және беру кезінде, сондай-ақ суды беру кезінде олардың тікелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін бұзу, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті
                 аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің
                 автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған
                 энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа
                 объектілерді пайдалануға қабылдау

      1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау, –
      объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      1. Лауазымды тұлғалар деп осы бапта мемлекеттік қабылдау комиссиясының және (немесе) қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін түсіну қажет.
      2. Лауазымды тұлғалар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапты болмайды.

      219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
                 энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін
                 өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың
                 алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша
                 белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын
                 төмендету туралы талапты бұзуы

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия аудитінен өткеннен кейін бес жылдың ішінде энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
                 міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны
                 жүргізуге кедергі келтіруі

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру

      Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндіру және сату, –
      жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
                 энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және
                 жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы

      1. Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
                 энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында
                 белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін,
                 энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын
                 жүргізу тәртібін сақтамау

      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес
                 техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия
                 тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат
                 қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды
                 өндіру және (немесе) өткізу

      1. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – алты, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      219-10-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
                  энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының
                  талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және
                  энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті
                  органның нұсқамаларын орындамау немесе толық
                  көлемде орындамау

      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау, –
      жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      5) 356-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және
                қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің
                қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру,
                қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды
                орындамау»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру, –
      жеке тұлғаларға – үшке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғаларға – жиырмаға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 130147-9168173216219, 219-10, 305313-баптарында317-баптың екінші бөлігінде, 317-1362381474486522528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, –
      жеке тұлғаларға – беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      6) 541-баптың бiрiншi бөлiгi «218-1 (жетiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «219-6, 219-8 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 548-1-баппен толықтырылсын:

      «548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
                  органдары

      1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;

      8) 566-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

      9) 568-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.»;

      10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 219-6, 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1317-2356496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар)»;
      қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (219-8, (екінші және үшінші бөліктері), 223-225225-1 (электр және жылу желілері тораптарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);».

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 53-баптың 1-тармағында:
      9) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;

      2) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;

      3) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;

      4) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;».

      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      495-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.».

      4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат, № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бөлім. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік»;

      2) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігі, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.».

      5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж. № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж.,  № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын жайларда коммуналдық қызмет көрсету үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады.
      Мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.».

      6. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;».

      7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж; № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 27-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;»;

      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;».

      8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 1-бапта:
      10) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
      17) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;
      20) тармақшадағы «объектiнiң (кешеннiң) дайындығына кешендi тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргiзетiн» деген сөздер «құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-баптың 3) тармақшасы «және оның аумақтық бөлімшелері;» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 19-баптың 9-1) тармақшасындағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 20-бапта:
      12) тармақшадағы «республикалық маңызы бар» деген сөздер алып тасталсын;
      12-1) тармақшадағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялауды» және «өтініш иелері мен лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған кезде лицензиялау ережелерінің, құрылыстың сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру ережелерінің» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;»;
      14-1) тармақшадағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, лицензиялау» деген сөздер алып тасталсын;
      15) тармақшадағы «, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық және лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және жұмыстардың жүргізілуін тоқтата тұру қажеттігі туралы лицензиарға нұсқама жіберу жолымен шаралар қолдану» деген сөздер алып тасталсын;
      23) тармақшадағы «республикалық маңызы бар объектілер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      5) 24-баптың 1-тармағында:
      10-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;»;
      13) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

      6) 25-баптың 1-тармағында:
      10-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;»;
      15) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      7) 27-баптың тақырыбы мен 1 және 2-тармақтарындағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау» деген сөздер алып тасталсын;

      8) 31-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзацтағы «бақылауын» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері объектілер құрылысына инспекция жүргізу, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау, осы Заңда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылатын жолмен;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «әзірлеушілер;» деген сөз «әзірлеушілер жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;

      9) 32-баптың 3-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 33-бапта:
      2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен және аумақтық бөлімшелерден тұрады.»;
      «7. Объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлері тиісінше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшылары, олардың орынбасарлары мен штат қызметкерлері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.»;

      11) 35-баптың 1-тармағында:
      1-1) тармақшадағы «республикалық маңызы бар объектілердің құрылысына, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын» деген сөздер «және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақшадағы «жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сәулет жобасы ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерін қамтуға тиіс.»;

      13) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құрылыс жобасында (құрылыстық жобада) құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтін және өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.»;

      14) 68-баптың 11-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және аумақтық бөлімшелерінің рұқсаты талап етіледі.»;
      1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

      15) 73-баптың 8-тармағындағы «тексеру» деген сөз «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 78-баптың 4-тармағында:
      1) тармақшадағы «ауытқушылықтардың жойылуын тексеру» деген сөздер «ауытқушылықтардың орындалуын белгілеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «белгілеу» деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; №13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік аймақтары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.».

      10. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      85-баптың 6-тармағы алып тасталсын.

      11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 жыл, № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат):
      осы Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында;».
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заң:
      1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының он тоғызыншы – жиырма алтыншы абзацтарын;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының жиырма жетінші – отыз бірінші абзацтарын;
      3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының отыз екінші – отыз алтыншы абзацтарын;
      4) электр қыздыру шамдарын сату және өндіру үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу бөлігінде:
      қуаты 100 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшін 2012 жылғы 1 шілдеден бастап;
      қуаты 75 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшін 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшін 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының отыз жетінші – отыз тоғызыншы абзацтарын;
      5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының қырқыншы – қырық төртінші абзацтарын;
      6) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасын;
      7) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы осы Заңның 1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарының ережелерін;
      8) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын;
      9) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 1) – 8)10)11)14)16) тармақшаларын;
      10) 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 9) тармақшасын;
      11) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын;
      12) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ