Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қарашадағы № 254-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      20-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету»;
      2225 және 91-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы»;
      «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне,
сондай-ақ медиация тәртібімен шешуге беру»;
      «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлердi алуы»;
      мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру»;
      111-баптың тақырыбындағы «шығындарды» деген сөз «шығыстарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тараудың және 149-1, 149-2, 149-3 және 149-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау
      149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі
      149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер
      149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау ерекшеліктері
      149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын
іс бойынша шешім»;
      160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тараудың және 173-1, 173-2, 173-3, 173-4 және 173-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «16-1-тарау. Татуласу келісімі
      173-1-бап. Тараптардың татуласуы
      173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу
      173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны
      173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі
      173-5-бап. Татуласу келісімін орындау»;
      177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «177-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша жүргізілуі»;
      222-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім»;
      229-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      240-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселенi шешу»;
      мынадай мазмұндағы 257-1 және 258-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама)»;
      «258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертпелер»;
      383-6385 және 395-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару»;
      «385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, ұсыну енгізуге және наразылық келтіруге құқығы бар адамдар»;
      «395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікір»;
      403-1 және 403-2-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      2) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.»;
      3) 14-баптың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
      Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.»;
      «5. Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы жазбаша түрде мәлімдеген сот актілері оған ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.»;
      4) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды. Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.»;
      5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз
               ету

      Істің сотта талқылануы соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтуге тиіс. Сот приставтары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді, адамдардың жеке басын жете тексеруді және олар сот отырысы залына алып кіретін заттарды жете тексеруді жүргізеді.»;
      6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы

      1. Сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      2. Іске қатысатын адамдардың сот актісін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.»;
      7) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың
               шешуіне, сондай-ақ медиация тәртібімен шешуге
               беру

      Сотқа ведомстволық бағынысты, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің немесе аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.»;
      8) 30-бапта:
      бірінші және 1-3-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.
      Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.»;
      «1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес баланың тұрғылықты жерін және баламен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (құқықтарын шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; бала асырап алудың күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режиммен ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.»;
      1-4-бөлік алып тасталсын;
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертулер.
      1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.
      2. Істі аудандық және оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат істі сот талқылауына тағайындағанға дейін беріле алады.»;
      9) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ немесе қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.»;
      10) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге қойылатын талап талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің біреуінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады.»;
      11) 36-бапта:
      екінші бөліктің 3) тармақшасындағы «анықталса;» деген сөз «анықталса, сот істі басқа соттың қарауына береді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Істің соттылыққа жатпайтыны туралы тараптың (тараптардың) арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды. Істі бір соттан басқа сотқа беру – осы ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, істің аудандық және оған теңестірілген сотқа соттылығын апелляциялық сатыдағы сот айқындайды.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Соттардың арасындағы соттылық туралы дауларды апелляциялық сатыдағы сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;
      12) 37-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Iстердi кассациялық сатыдағы сотта қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде үш) алқалы құрамы тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының не облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының тапсыруы бойынша кассациялық саты судьясының төрағалық етуімен жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасында істерді қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде бес) алқалы құрамы көрсетілген алқа төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының бірінің төрағалық етуімен жүзеге асырады.»;
      13) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «6. Істі қадағалау сатысындағы сотта қарауға қатысқан судья осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда осы істі қарауға қатыса алмайды.»;
      14) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 40-бабы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады.»;
      15) 47-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Іске қатысатын адамдар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында өтініш жолдауға құқылы.»;
      16) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Талапкер талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жүргізіледі. Талап қоюдан бас тартуға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жол беріледі. Жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және оларды сот бекітеді.»;
      17) 57-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін бірінші сатыдағы сот істі мәні бойынша қарауды аяқтағанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың бастамасы бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.»;
      18) 59-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) іске қатысатын адамдардың өтінуімен сот рұқсат еткен, жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.»;
      19) 62-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі сенімхатпен және заң консультациясы немесе адвокаттар алқасының адвокаттық кеңсесі беретін, ал ол өз қызметін жеке-дара жүзеге асырған кезде – адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордермен куәландырылады.
      Адвокаттың осы Кодекстің 61-бабының бірінші бөлігінде тізбеленген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері нотариат куәландырған сенімхатпен немесе нотариат куәландырғанға теңестірілген сенімхатпен расталуға тиіс.»;
      20) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әрекетке қабілетсіз азаматтар мен толық әрекет қабілетіне ие емес немесе сот тәртібімен әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар сотқа өздерінің мәртебесі мен өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.»;
      21) 66-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынады және олар сот талқылауында зерттеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Тарап талаптардың немесе оларға қарсы қарсылықтардың негізі ретінде сілтеме жасайтын әрбір дәлелдеменің мазмұны осы дәлелдеме зерттелетін сот талқылауы барысында ашылуға тиіс.
      Адам сот талқылауы барысында ашылған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.»;
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бірінші сатыдағы сот тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
      Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тарапта бар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды.
      4. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар үшін дәлелдемелер ұсыну қиын болған жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтінішхаты бойынша оларға дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсетеді.
      Бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырған, тарапқа қажетті дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхат апелляциялық сатыдағы сот алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мәлімделуі мүмкін.»;
      22) 71-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінәсі осы адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдарлары туралы істі қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.»;
      23) 91-1-бапта:
      төртінші бөліктегі «дәрiгердiң немесе басқа», «дәрiгер немесе басқа» деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші бөліктегі «, дәрiгерде», «басқа» деген сөздер алып тасталсын;
      24) 91-2-бапта:
      тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан
                 үлгiлердi алуы

      1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi үлгілерді алу туралы ұйғарымды маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік әрекетке барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс.
      2. Маман судьяның тапсыруы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргізеді және сараптамалық зерттеу үшін талап етілетін үлгілердi алады. Yлгiлер қапталады және мөрленеді, содан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      25) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:

      «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру

      Сот жеке тұлға берген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж төлеуді сот тиісті шешім қабылдағанға дейін кейінге қалдырады. Сот шешім қабылдау кезінде мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды өз пайдасына шешім шығарылмаған тараптан алып береді.»;
      26) 107-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      27) 108-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда, сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
      Сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      28) 109-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.»;
      29) 110-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын екінші тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талапкерге сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге – талапкердің талап қою талаптарынан бас тартылған бөлігіне пропорционалды түрде алып беріледі.»;
      30) 111-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды
                өтеу

      1. Өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмайтын, процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша ол шеккен шығыстарды оның іс жүзінде шеккен шығындары мөлшерінде екінші тараптан алып береді. Ақшалай талаптар бойынша бұл шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс.
      2. Егер адвокат тарапқа заң көмегін республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсеткен болса, сот істі қараудың нәтижелерін негізге ала отырып, адвокаттың көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды екінші тараптан республикалық бюджет кірісіне өндіріп береді.»;
      31) 113-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер тараптар татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу кезінде сот шығыстарын бөлу тәртібін көздемеген болса, сот тараптар шеккен сот шығыстарын олардың арасында теңдей бөледі.»;
      32) 114-бапта:
      бірінші бөлік 2) тармақшасындағы «қуынушылар мен жауапкерлер үшiн кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.» деген сөздер «талапкерлер мен жауапкерлер үшiн кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес дауларды қараған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) ақталғандарға зиянды өтеу туралы дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына заң көмегіне республикалық бюджет қаражатынан ақы төлену құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «6. Тарапты адвокаттың заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;
      33) 128-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінде процестік әрекет жасалуға тиісті болатын сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. Сот бұл арызды іске қатысатын адамдардың қатысуымен қарайды, оларға мәселенің қаралу орны мен уақыты туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешуге кедергі болып табылмайды.»;
      34) 129-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Егер тарап хабарлаудың оған түспегенін не кеш түскенін дәлелдемесе, тарапты тиісінше хабардар ету – тараптың көрсетілген мекенжай бойынша тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алған, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып, мәтіндік хабарламаның жеткізілгенін растайтын есеп.»;
      35) 130-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
      36) 140-бапта:
      2) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе және міндеттеменің орындалмағанын борышкер жазбаша түрде мойындаса;»;
      «11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефонның және Интернет желісінің, кәбілдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мәлімделген болса;»;
      мынадай мазмұндағы 12), 13), 14 және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) егер берілген сомаларды индекстеу туралы талап мәлімделген болса;
      13) егер келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дәлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
      14) егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
      15) егер, бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы талап мәлімделген болса шығарылады.»;
      37) 143-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судья сотқа арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арызды қабылдаудан бас тарту немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
      3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым арыз берушінің осы талап бойынша талап қою жөніндегі іс жүргізу тәртібімен талап қою мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.
      Сот бұйрығын беру туралы арызды қайтару туралы ұйғарым оны қайтару үшін негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан беруге кедергі келтірмейді.
      Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;
      38) 144-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға кемшіліктерді жою үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.»;
      39) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мәлiметтер, банктік деректемелері және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
      4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы мәлiметтер мен жұмыс орнының банктік деректемелері (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банктік деректемелері мен жеке сәйкестендiру нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мәлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса және белгілі болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;»;
      40) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:

«13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау

      149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі

      1. Сот жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
      2. Судья жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-дара қарайды. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

      149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын
                 істер

      1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен:
      1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, жеке тұлғалар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша өндіріп алу туралы талап арыздар бойынша;
      2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап арыздар бойынша істер қаралуға жатады.
      2. Егер жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау барысында үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, осы тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы мүмкін емес қарсы талап қою қабылданса не, егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтінішхаты бойынша мынадай:
      1) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі мемлекеттік құпияны жария етуге әкеп соғуы мүмкін;
      2) дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәлік айғақтарды тыңдау қажет;
      3) мәлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне байланысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін;
      4) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, сот істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады.
      3. Істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Егер істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарауға көшу дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау және куәлік айғақтарды тыңдау қажеттігінен туындаған жағдайларды қоспағанда, істі қарау ұйғарым шығарылғаннан кейін басынан бастап жүргізіледі.
      4. Егер азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын екі талап мәлімделсе, бұл ретте, олардың біреуі мүліктік сипатта болса және осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға жатса, ал екінші талап мүліктік емес сипатта болса және сот осы талапты жеке іс жүргізуге бөліп алмаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралады.
      5. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен басталған, бірақ оны одан әрі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралатын істі қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

      149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен
                 қарау ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 149-2-бабының бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс бойынша талап арыз, арыз және осындай арызға қоса тіркелетін құжаттар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
      2. Сот талап арызды, арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатынын көрсетеді және жауапкердің немесе басқа да мүдделі адамның он бес жұмыс күні ішінде талап арызға, арызға пікір ұсынуы үшін мерзім белгілейді.
      3. Тараптар мәлімделген талаптардың мәні бойынша түсініктемелерді және өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттарды сот белгілеген мерзімде істі қарап жатқан сотқа ұсынуға және бір-біріне жіберуге құқылы. Мұндай құжаттар сот белгілеген мерзімде ашылмаған дәлелдемелерге сілтемелерді қамтымауға тиіс.
      4. Егер талап арызға пікір, арызға пікір, дәлелдемелер мен өзге де құжаттар, егер осы құжаттарды берген адамдар көрсетілген құжаттарды сот белгілеген мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмағандығын негіздеген жағдайды қоспағанда, сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түссе, олар қаралмайды және осы адамдарға қайтарылады. Сот көрсетілген құжаттарды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
      5. Судья осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша алдын ала сот отырысы өткізілмейді.
      Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) іске қатысатын адамдардың дәлелдерін зерттейді және көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынылған дәлелдемелердің негізінде шешім қабылдайды.
      6. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 23-тарауында және осы Кодекстің 189-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.

      149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын
                 іс бойынша шешім

      1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім, егер осы тарауда белгіленген ерекшеліктерден өзгеше туындамаса, осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қабылданады.
      2. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау нәтижелері бойынша шешімге ол қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
      Заңды күшіне енген, бірінші сатыдағы соттың шешіміне, апелляциялық сатыдағы соттың шешіміне немесе қаулысына осы Кодексте белгіленген тәртіппен кассациялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.»;
      41) 154-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;»;
      42) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «156-бап. Қарсы талап қою

      1. Жауапкер істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қабылдау талаптарына сәйкес келмейтін қарсы талап арыз қайтарылуға жатады.»;
      43) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

      1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья ол сотқа келіп түскен күні жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан шешеді. Судья талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығарады.
      2. Талап арызбен бірге сотқа берілген талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды сот сонымен бір мезгілде азаматтық істі қозғай отырып, жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан қарайды.
      3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
      44) 163-баптың үшінші бөлігіндегі «мамандандырылған қаржылық сот» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
      45) 169-1-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін талапкерге және іске қатысатын басқа да адамдарға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынады.»;
      «3. Талап арызға жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы пікірді іске қатысатын өзге адамдар да ұсынуға құқылы.»;
      46) 170-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қарсы қандай қарсылықтары бар екенін және осы қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды, жауапкерге оның процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) кәмелетке толмаған талапкердің немесе жауапкердің заңды өкілдеріне олардың істі тиісті тараптың тұрғылықты жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа соттылығы бойынша беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді;»;
      47) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:

«16-1-тарау. Татуласу келісімі

      173-1-бап. Тараптардың татуласуы

      1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, оларға дауды реттеуде жәрдемдеседі.
      2. Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен татуласу келісімін жасасып немесе өзге де татуластыру рәсімдерін пайдалана отырып, дауды реттей алады.

      173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу

      1. Тараптар процестің кез келген сатысында және сот актісінің орындалуы кезінде татуласу келісімін жасаса алады.
      2. Егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын және егер сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделері қозғалатын болса, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою бойынша іс жүргізудің кез келген ісі бойынша татуласу келісімі жасалуы мүмкін.
      3. Татуласу келісімі басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және заңға қайшы келмеуге тиіс.
      4. Татуласу келісімін сот бекітеді.

      173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны

      1. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері өздерінде сенімхатта немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасасуға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.
      2. Татуласу келісімінде тараптардың бір-бірінің алдындағы немесе бір тараптың екіншісінің алдындағы міндеттемелерінің шарттары, мөлшері және оларды орындау мерзімдері туралы келісілген мәліметтер қамтылуға тиіс.
      Татуласу келісімінде жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру туралы немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін.
      3. Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, сот бұл мәселені татуласу келісімін осы Кодексте белгіленген жалпы тәртіппен бекіту кезінде шешеді.
      4. Татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамдардың санынан бір данасы артық данада жасалады және оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы даналарының біреуін іс материалдарына қоса тігеді.

      173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі

      1. Татуласу келісімін іс жүргізуінде іс жатқан сот бекітеді.  Егер татуласу келісімі сот актісін орындау процесінде жасалған болса, ол сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың бекітуіне немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.
      2. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мәселені сот отырысында қарайды. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады.
      3. Татуласу келісімін жасасқан және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдар сот отырысына келмеген жағдайда, егер осы адамдардан осы мәселені өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз түспесе, сот татуласу келісімін бекіту туралы мәселені қарамайды.
      4. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығарады.
      5. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді.
      6. Сот ұйғарымында:
      1) татуласу келісімінің бекітілгені немесе татуласу келісімін бекітуден бас тартылғаны;
      2) татуласу келісімінің шарттары;
      3) сот шығыстарын бөлу көрсетіледі.
      Сот актісін орындау процесінде жасалған татуласу келісімін бекіту туралы сот ұйғарымында осы сот актісінің орындалуға жатпайтыны да көрсетілуге тиіс.

      173-5-бап. Татуласу келісімін орындау

      1. Татуласу келісімін оны жасасқан адамдар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.
      2. Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамның өтінішхаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.»;
      48) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «177-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша жүргізілуі

      1. Сот істі қарау кезінде іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді қоспағанда, тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап-тексеруге, дыбысжазбаларды тыңдауға және бейнежазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, өзге де ақпарат өзгерту құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
      Тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды сот нақты уақыт режімінде бейнебайланыс арқылы жүзеге асыра алады.
      2. Істі талқылау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья алмастырылған жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізілуге тиіс.»;
      49) 180-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарын (аудио-, бейнехаттаманы) пайдаланған кезде төрағалық етуші бұл туралы хабарлайды.
      Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында мұндай мәліметтерді көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды.»;
      50) 193-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың татуласу келісімінің шарттары не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары жазбаша түрде беріледі, олар іс материалдарына қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.»;
      «5. Сот осы Кодекстің 49-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талапкердің талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауды қабылдамаған, татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпеген жағдайларда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.»;
      51) 194-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін осы адамдар орналасқан жердегі сот арқылы нақты уақыт режимінде бейнебайланыс арқылы алуы мүмкін.»;
      52) 199-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады.»;
      53) 216-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот шешімі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін судья сот отырысы залына қайта оралады және сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.
      2. Шешімнің қарар бөлігін жария еткеннен кейін судья іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот шешімінің көшірмесін қашан алуына болатынын хабарлауға міндетті.»;
      54) 217-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша шешетін актісі шешім нысанында бес жұмыс күні ішінде шығарылады. Шешімнің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.»;
      55) 219-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот істі талапкер мәлімдеген талап қоюлардың шегінде шешеді.»;
      56) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі
                басқару органдарының және лауазымды адамдардың
                әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерін
                заңсыз деп тану туралы шешім

      1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот дау айтылып отырған әрекетті (әрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, жеке немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді міндеттейді. Нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап осы актінің қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуге тиіс.
      2. Соттың нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік-құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.»;
      57) 229-бап алып тасталсын;
      58) 235-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.»;
      59) 236-бапта:
      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша арызы не электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша әділет органына орындау үшiн жiбередi.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «5-1. Атқарушылық құжат өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша әділет органына орындау үшін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жібереді.»;
      алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Сот шешімінің орындалмау себептері туралы ақпарат электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.»;
      60) 240-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе
                  қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің
                  орындалуын бұру туралы мәселенi шешу

      Апелляциялық, кассациялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылған немесе өзгертілген сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселені қарауды, егер осы мәселе апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттарда қаралмаса, күші жойылған немесе өзгертілген сот актісін орындау жері бойынша немесе күші жойылған, өзгертілген сот актісін шығарған бірінші сатыдағы сотта істің қаралған жері бойынша бірінші сатыдағы сот жүргізеді.»;
      61) 240-7-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Санкциялауға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қолданудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Сот орындаушысының электрондық құжат нысанында ұсынылған қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады.
      Санкция беруден бас тартылған жағдайда, судья электрондық құжат нысанында санкция беруден бас тарту туралы уәжді ұйғарым шығарады.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сот санкциялаған қаулыға, атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.»;
      62) 241-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың өтінішхаты бойынша шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
      63) 249-баптың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) істі өзінің қатысуынсыз талқылау туралы өтінбеген талапкер екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;»;
      «9) талап арызды қайтару туралы арыз берілсе;»;
      64) 252-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) соттың процестік шешімі;»;
      65) 254-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың өтінішхаты бойынша ұйғарымның көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
      66) 255-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «255-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

      Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жекелеген процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама жасалады не сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасы жүргізіледі.»;
      67) 256-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жекелеген процестік әрекеттің жазбаша нысанда жасалған хаттамасы істі талқылаудың немесе жекелеген процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән-жайларын көрсетуге тиіс.»;
      екінші бөліктің 4-1), 9), 13), 14) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) процестің аудио-, бейнежазбасын жүргізудің мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, соттың стенографиялауды қолдануы туралы мәліметтер;»;
      «9) куәлардың ауызша айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсініктері;»;
      «13) соттағы жарыссөздер мен репликалардың мазмұны;»;
      «14) шешім мен ұйғарымдардың жария етілгені және мазмұнының түсіндірілгені туралы, оларды түпкілікті нысанда дайындау мерзімдері, оларға шағым жасау тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мәліметтер;»;
      «16) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.»;
      68) 257-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жазбаша нысандағы хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды.»;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал жекелеген процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «8. Егер іске қатысатын адамдар ауызша түсініктерге, мәлімдемелерге, өтінішхаттарға, қорытындыларға олардың жазбаша мазмұнын қосып берсе, онда хаттамада азаматтық іс материалдарына жазбаша құжаттардың қоса берілгені туралы көрсетіледі, хаттамада олардың толық мазмұны жазылмайды.»;
      69) мынадай мазмұндағы 257-1 және 258-1-баптармен толықтырылсын:

      «257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу
                  құралдарымен тіркеп жазу (аудио-,
                  бейнехаттама)

      1. Ашық сот отырысының барысын тіркеп жазу аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
      Сот отырысының барысында аудио- немесе бейнежазу құралдарын қолдану (аудио-, бейнехаттама) үздіксіз жүзеге асырылады.
      2. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген жағдайда, процесті аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама) жүзеге асырылмайды.
      3. Істі талқылауды аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайдалану арқылы тіркеп жазған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.
      Сот отырысының қысқаша хаттамасында:
      1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
      2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;
      3) істі қарайтын соттың атауы, судьяның, сот отырысы хатшысының тегі мен инициалдары;
      4) істің атауы;
      5) соттың аудио-, бейнежазу құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
      6) аудио- немесе бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;
      7) іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;
      8) іске қатысатын адамдар дәлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мәліметтер;
      9) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.
      Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
      Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасын қамтитын материалдық жеткізгіш пен қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
      4. Сот іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасының көшірмесін ұсынуы мүмкін.
      5. Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.»;

      «258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына
                  және қысқаша хаттамасына ескертпелер

      1. Іске қатысатын адамдардың сот отырысы аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен (аудио-, бейнехаттамасымен) және қысқаша хаттамасымен танысуға және бес жұмыс күні ішінде сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында олардың жазбаларының толық еместігі мен дұрыс еместігіне қатысты ескертпелер беруге құқықтары бар.
      2. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына (аудио-, бейнехаттамасына) және қысқаша хаттамасына ескертпелерді қарау осы Кодекстің 259-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»;
      70) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу

      1. Сырттай шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның көшірмесі табыс ету туралы хабарламамен бірге жауапкерге және талапкерге жіберіледі.
      2. Жауапкердің өтінішхаты бойынша сырттай шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
      71) 272-баптағы «соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа» деген сөздер «соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      72) 274-1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Арызға азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілу және алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқығының бұзылуы туралы айғақтайтын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;
      екінші бөлік «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      73) 278-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі. Қаралуы аудандық соттардың соттылығына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің тұрған жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;
      74) 281-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған, санамаланған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы істі мәні бойынша қарауға кедергі болмайды. Бұл жағдайда сот жекеше ұйғарым шығаруға құқылы, осы ұйғарым арқылы көрсетілген адамның сотты құрметтемеушілік фактісі туралы, ал арыз қанағаттандырылған кезде – осы адамның заң бұзушылықтарға жол бергені туралы жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның назарына жеткізеді.»;
      75) 286-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз әрекеттер жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық білдірiлген актiнi немесе әрекеттердi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
      76) 293-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      77) 296-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      78) 302-баптың төртінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      79) 308-1-баптың бірінші бөлігі «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      80) 309-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      81) 312-1-баптағы «ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық» деген сөздер «ерекшеліктерді ескере отырып, ауданаралық экономикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      82) 312-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.»;
      83) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және аумақтық әділет органдарына жібереді.»;
      84) 314-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
      2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.»;
      85) 317-1-баптың бірінші абзацы «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      86) 317-9-бап «жерi бойынша» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      87) 317-12-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      88) 318-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      89) 321-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      90) 324-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы арыз құжатты берген мекеме (тұлға) орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
      91) 331-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      92) 334-баптың үшінші бөлігі «ішінде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      93) 335-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Апелляциялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;
      94) 337-бап 4) тармақшасындағы «берсе (келтірсе) қайтарылады.» деген сөздер «берсе (келтірсе);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) егер мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат болмаса, қайтарылады.»;
      95) 340-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
      96) 344-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды және шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе ұзарту туралы мәселе жөніндегі ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жекеше шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»;
      97) 383-3-баптың бірінші абзацындағы «сотқа жолданады» деген сөздер «сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      98) 383-5-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Кассациялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;
      99) 383-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты
                  қайтару

      1. Осы Кодекстің 383-5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін кассациялық шағым немесе наразылық қаралмай, кассациялық сатыдағы сот судьясының ұйғарымымен оларды берген адамға қайтарылады.
      2. Кемшіліктер жойылғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық, егер осы Кодекстің 383-4-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өтпесе, қайтадан берілуі мүмкін.»;
      100) 383-9-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
      101) 384-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жергiлiктi және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн, оларға шағым жасаудың кассациялық тәртiбi сақталған жағдайда, iске қатысатын адамдардың өтiнiшхаттары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртiбiмен қайта қарауы мүмкiн.
      Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшiне енген бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмi немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
      2. Мыналар:
      1) бұйрықтық іс жүргізу істері бойынша;
      2) жеңілдетілген іс жүргізу істері бойынша;
      3) татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған, үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын істер бойынша заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.»;
      102) 385-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «385-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат
                беруге, ұсыну енгізуге және наразылық келтiруге
                құқығы бар адамдар»;

      мынадай мазмұндағы 4-2-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-2. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау туралы ұсыну енгізеді. Өтінішхат ұсынуға қоса тіркеледі.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Кодекстiң 393 – 395-баптарында көзделген қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуларына және прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және қадағалау сатысында тiкелей қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде iстi қадағалау тәртiбiмен қайта қарауға осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын немесе прокурордың наразылығын мәнi бойынша қарайды. Көрсетілген негiздер болмаған кезде сот iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
      103) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «386-бап. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын соттар

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшiне енген қаулыларына осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшхаттары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 384-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынулары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді, бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың актiлерiн кемiнде бес судья құрамында қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстiң 384-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша iстердi қарайды.
      Істер кемінде жеті судьядан тұратын алқалы құрамда қаралады.»;
      104) 387-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардың өтiнiшхаттары, сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және осы Кодекстiң осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген прокурорлардың өз құзыретi шегiндегi бастамасы iстердi талап етіп алдыруға себептер болып табылады.»;
      105) 388-баптың бірінші бөлігі «iшiнде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      106) 391-бапта:
      алтыншы бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «7. Сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;
      107) 392-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) егер сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмесе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.»;
      108) 395-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау

      1. Қадағалау сатысы дау айтылып отырған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы сот қаулысын, ұсынуды, наразылықты алғаннан кейiн тараптарға қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттың, қаулының, ұсынудың көшiрмелерiн, сот отырысын өткiзу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
      2. Қадағалау сатысында iс қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы қаулымен, ұсынумен бiрге істі қадағалау сатысына берiлген не прокурордың наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.»;
      109) 395-1-бапта:
      тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      «395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа,
                  ұсынуға немесе наразылыққа пікір

      1. Іске қатысатын адам қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікірді іске қатысатын басқа адамдарға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Пікір Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
      110) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «397-бап. Істі қарау шектері

      1. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығын істе бар материалдар бойынша, өтінішхаттың, ұсынудың, наразылықтың дәлелдері шегінде тексереді.
      2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық білдірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25 – 29-тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығын толық көлемінде тексереді.»;
      111) 398-бапта:
      бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтінішхаты (ұсынуы, наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің кіретінін және іске қатысатын адамдардың қайсысы сот отырысы залына келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтінішхат (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.»;
      «4. Істі қадағалау тәртібімен қарау нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардың немесе қадағалау сатысының шешімін – өзгеріссіз, ал өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;
      3) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс екені және қандай қаулының қабылдануға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;
      4) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды және талап арызды қараусыз қалдырады не іс бойынша іс жүргізуді тоқтады;
      5) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
      6) егер материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды және істі жаңадан қарауға бермей, жаңа шешім шығарады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Істі осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы енгізген ұсынудың дәлелдерін іс бойынша баяндамашы болып табылатын судья баяндайды.»;
      112) 403-баптың екінші бөлігіндегі «өтiнiш,» деген сөз «өтiнiшхат, ұсыну,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      113) 403-1 және 403-2-баптар алып тасталсын;
      114) 406-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      115) 406-1-баптың бірінші бөлігі «нысанда» деген сөзден кейін «не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
      116) 410-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз даудың мәні бойынша шешім не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарған сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
      4. Жоғалтылған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз атқару жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
      117) 426-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 16, 90-құжат):
      1) 273-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Тергеуші осы Кодекстің 290-1-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілдеріне және өкілдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істі аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;
      2) 287-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Анықтаушы осы Кодекстің 290-1-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілдеріне және өкілдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;
      3) 290-1-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескерту. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің және өкілінің өтінішхаты бойынша аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.»;
      4) 296-баптың үшінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттылығына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.»;
      5) 301-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-2. Алдын ала тыңдау барысында судья кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкіліне, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкіліне және өкіліне олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді.»;
      6) 391-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Судья кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне және өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.»;
      7) 396-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Үкімді (қаулыны) қайта қарау туралы аппеляциялық шағымдар, наразылықтар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;
      8) 400-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық беруге арналған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;
      9) 446-1-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «7. Заңды күшіне енген айыптау үкімін кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;
      10) 460-баптың бірінші және 2-1-бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы жүгінулер өтiнiшхаттар деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бере алады.»;
      «2-1. Прокурордың iстi талап етіп алдыру туралы сауалын сот ол сотқа келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей орындайды. Сауалдар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жiберiлуi мүмкiн.
      Iс талап етіп алдырылған жағдайда, қадағалау наразылығын келтіру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарауға тиiс.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; № 14, 86-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 538-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертулер.
      1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кәмелетке толмаған адамның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша мамандандырылған әкімшілік сот қарауы мүмкін.
      Істі аудандық және оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат іс қарауға тағайындалғанға дейін берілуі мүмкін.
      2. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаған болса, оның соттылығына жатқызылған істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.»;
      2) 635-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның қорғаушысына немесе заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде – аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»;
      3) 643-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кәмелетке толмаған адам қатысатын істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотқа қарату туралы өтінішхаттардың және қарсылық білдірулердің болуын;».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86–құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      62-баптың 4-тармағында:
      үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,» деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi,» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 535-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) мүліктік және мүліктік емес сипаттағы даулар үшін соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдардан және өтінішхаттардан – мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – арыз иесі дауласатын сома негізге алына отырып есептелетін мемлекет баж мөлшерінің елу пайызы.»;
      2) 547-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 105-1-бабында көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;»;
      3) 548-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-3) іс тараптардың татуласу келісімімен аяқталған;»;
      1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «азайтқан;» деген сөз «азайтқан жағдайларда, қайтарылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын.
      6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде
               ерлі-зайыптылар арасында туындайтын дауларды
               қарау

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен қаралады.»;
      2) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тәртібімен немесе сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.»;
      3) 73-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.
      Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.
      Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.»;
      4) 183-баптың бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен шешіледі.».
      7. «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Дауларды шешу

      Қаржы орталығына қатысушылардың даулары және қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот тәртібімен шешіледі.».
      8. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
      1) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Жергілікті және басқа да соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.
      Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.»;
      2) 16-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «адамдарға басымдық беріледі.» деген сөздер «адамдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға;
      6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға;
      7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нәтижесі бойынша басымдық беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша критерийі болып табылады.»;
      3-тармақтың 5) тармақшасындағы «болуы ескеріледі.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы;
      7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі.»;
      3) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
      Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың судьясы мен алқа төрағаларының лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.».
      9. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің
               қорғалуына құқығы

      Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар, сот, төрелік немесе аралық сот өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
      Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.».
      2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын36) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 101)102)103)104) және 108) тармақшаларын109) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 110)111)112) және 113) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев