Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат):
      740-баптың 1-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу органдары», «қылмыстық іс жүргізу» деген сөздер тиісінше «әділет органдары», «қылмыстық-процестік» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 236-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша тиісті әділет органына орындау үшiн жiбередi.
      Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айырылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына орындау үшін жібереді.»;
      алтыншы бөліктің бірінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Әділет органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл жайында хабардар етуге не орындаудың белгіленген процестік мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс.»;
      «Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына жіберген жағдайда немесе егер атқарушылық құжат өндіріп алушыға сот шешімінің орындалғаны туралы оған хабардар етілгенге дейін берілсе борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.»;
      2) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және аумақтық әділет органдарына жібереді.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; № 14, 86-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 239-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «239-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу»;
      355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау»;
      мынадай мазмұндағы 544-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «544-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган»;
      567-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 568-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «568-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган»;
      2) 221-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі белгiленген қағидаларды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса, –»;
      3) 221-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі немесе Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу –»;
      4) мынадай мазмұндағы 239-1-баппен толықтырылсын:

      «239-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
               және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу

      1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 294-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдерді:
      қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмау;
      арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салмау, тиісті жай-күйде күтіп-ұстамау және ұстап тұрмау;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензияламау түрінде жасаған уақтылы қабылдамауы –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
      4. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 307-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «2. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын:
      уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу және оның күшін жою туралы шешімді уақтылы қабылдамауы;
      өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тиісінше және уақтылы ұйымдастырмауы;
      карантинді объектілердің таралуының есебін тиісінше не уақтылы жүргізбеуі және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпаратты тиісінше не уақтылы бермеуі түрінде жасаған бұзушылығы –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      7) 310-баптың жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) 310-1-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «тәртібін бұзуы түрінде жасалған бұзушылық» деген сөздер «тәртібін бұзуы» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше не уақтылы орындамауы түрінде жасалған бұзушылық –»;
      9) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық
                 қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы
                 Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери
                 полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы
                 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі,
                 мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық
                 қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік
                 қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
                 қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе
                 заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен
                 бағынбау

      1. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерiнiң нұсқамаларын және (немесе) басқа заңды талаптарын орындамау –
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау, сол сияқты қорлау не оған қатысты күш көрсету әрекеттерін жасау қатерiн төндiру –
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
      10) 544-1-бапта:
      бірінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      11) мынадай мазмұндағы 544-2-баппен толықтырылсын:

      «544-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті
                   орган

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»;
      12) 563-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк
                 бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 120, 256, 257, 258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 118, 121, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүзге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
      13) 563-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «563-2-бап. Геодезия және картография саласындағы
                   мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 121 (екінші бөлігінде), 258-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»;
      14) 567-1-бап алып тасталсын;
      15) мынадай мазмұндағы 568-1-баппен толықтырылсын:

      «568-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері
                   жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстiң 231, 236 және 239-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»;
      16) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар

      1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары құқылы.
      4. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 165, 300, 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311, 311-2, 311-3 және 387-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      5. Осы Кодекстің 310-бабында (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда) көзделген құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және оның орынбасарлары;
      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және оның орынбасарлары да құқылы.
      Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.»;
      17) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (314, 355, 356-баптар);
      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші – бесінші бөліктері), 228, 229, 231 (екінші бөлігі), 233, 317-1 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 355, 356-баптар);»;
      отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (147-6 (2-1-бөлiгi) 356-баптар);»;
      қырық бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);»;
      мынадай мазмұндағы алпыс үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (356-бап);».
      4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) мазмұнында:
      14 және 147-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Орталық уәкілетті органның құзыреті»;
      «147-бап. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функциялары»;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган);»;
      3) 13-бапта:
      4) және 4-1) тармақшалар алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервіне қалдыру тәртiбiн бекіту;»;
      7)7-1) және 7-2) тармақшалар алып тасталсын;
      4) 14-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Орталық уәкілетті органның құзыреті»;
      1-тармақта:
      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 16-2), 16-3), 16-4) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-2) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту;
      16-3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекіту;
      16-4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту;
      16-5) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту;»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      5) 14-1-бапта:
      1-тармақта:
      14-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-2), 14-3), 14-4), 14-5) және 14-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      14-3) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      14-4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      14-5) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
      14-6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.»;
      2-тармақта:
      20) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      22) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      23) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      24) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
      25) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.»;
      3-тармақтың 18-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретіне:
      1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      3) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      4) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
      5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
      6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.»;
      6) 48-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу, оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу тәртібін орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      7) 65-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) орталық уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
      8) 106-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыларды өтеу нормативтерiн орталық уәкілетті орган белгiлейдi.
      4. Бүлiнген жердi ауыл шаруашылығына арналмаған және ормансыз алқаптарға жаңғырту шартымен ауыл шаруашылығы алқаптарын уақытша пайдалануға алып қойған кезде шығасылар толық көлемде өтеледi.
      Жер учаскесi берiлген заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебiнен өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабаты салынған жағдайда, алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сомалар есепке алынып, шығасылар орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен өтеледi.»;
      9) 122-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы орталық уәкілетті орган бекітеді.»;
      10) 131-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерiн агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы орталық уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      11) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»;
      12) 146-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдардың басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.»;
      13) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «147-бап. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк
                 бақылауды жүзеге асыратын органдардың
                 функциялары

      1. Орталық уәкiлеттi орган:
      1) заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына;
      2) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
      2. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
      5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
      6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
      7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
      8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
      9) межелiк белгiлердiң сақталуына;
      10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
      11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
      12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
      13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
      3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелер кiредi.»;
      14) 152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
      15) 155-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн түзу мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн жер ресурстары жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      16) 161-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерін пайдалану тәртiбiн жер ресурстары жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.».
      5. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 12-баптың 6), 7), 8), 12), 13), 15), 16), 17), 17-1), 17-2), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13), 17-14), 17-15), 17-16), 17-17), 17-18) және 17-19) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 13-бапта:
      1-тармақта:
      8), 12), 18-12), 18-13), 18-14), 18-16), 18-18), 18-20), 18-21), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-28), 18-29), 18-30), 18-31), 18-32), 18-33), 18-34), 18-35), 18-36), 18-37) және 18-38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
      «12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;»;
      «18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
      18-14) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      «18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»;
      «18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді және бекiтедi;
      18-24) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      18-25) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      18-26) отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
      «18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-32) орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
      18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 18-39), 18-40), 18-41), 18-42), 18-43) және 18-44) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-39) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
      18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      18-41) Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-42) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;
      18-43) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
      18-44) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      2-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 15-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-1) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
      15-2) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
      15-3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;»;
      4) 21-баптың 1-тармағы 3-2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;»;
      5) 26-баптың 6-1), 6-2), 6-3), 8) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) уәкілетті орган бекiткен қағидаларға сәйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге;
      6-2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;
      6-3) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;»;
      «8) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;»;
      «10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға және олардың қызметін уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сәйкес қамтамасыз етуге;»;
      6) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.»;
      7) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «35-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
                ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру
                жөнiнде тендерлер өткiзу тәртiбi

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      8) 36-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      9) 38-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде уәкілетті орган бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiру құралдары болуына;»;
      10) 41-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы негiзiнде тоқтатылады;»;
      11) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.»;
      12) 55-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      13) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орман орналастыру уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ нұсқаулығына сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.»;
      14) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.»;
      15) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
      16) 60-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
      17) 61-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ормандардың мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»;
      18) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.»;
      19) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
      20) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уәкілетті орган бекiткен ормандардағы санитариялық қағидалармен регламенттеледi.»;
      21) 69-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi уәкілетті орган бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен айқындалады.»;
      22) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      23) 77-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
      24) 78-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
      25) 79-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      26) 88-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Koдекске сәйкес уәкілетті органның актiлерiмен айқындалады.»;
      27) 96-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уәкілетті орган бекiтедi.»;
      28) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман
                пайдалануды жүзеге асыру шарттары

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиіс.»;
      29) 99-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.»;
      30) 100-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      31) 101-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      32) 102-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      33) 104-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;»;
      34) 113-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялаудың уәкілетті орган бекіткен тәртiбiн бұзу;».
      6. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 39-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті»;
      2) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.»;
      3) 36-баптың 1-1), 1-2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 8-1), 9), 12-1), 14), 15-1), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
      4) 37-бапта:
      1-тармақта:
      3-1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін әзірлейді және бекітеді;»;
      «5) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6), 7-7), 7-8), 7-9) және 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-2) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;
      7-3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      7-4) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;
      7-5) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      7-6) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7-7) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      7-8) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      7-9) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
      7-10) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;»;
      11) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды, суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;»;
      «22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;»;
      25) тармақша алып тасталсын;
      5) 37-1-бапта:
      5)6)7)8) және 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      6) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      8) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
      8-1) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;
      мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-2) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекітеді;»;
      6) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

      «39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың
                  жергілікті атқарушы органдарының су қорын
                  пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су
                  бұру саласындағы құзыреті

      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді.»;
      7) 45-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.»;
      8) 46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.»;
      9) 83-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және бекiтiледi.»;
      10) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      11) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.»;
      12) 90-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
      13) 93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша:
      1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – уәкілетті орган;
      2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.»;
      14) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiтудi уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      15) 116-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.»;
      16) 135-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша субсидиялау;».
      7. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 16-бапта:
      6) тармақша алып тасталсын;
      7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мыналарды:
      Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын;
      қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қағидаларын бекітеді;
      8) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн айқындайды;
      9) мыналарды:
      Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;
      қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн;
      Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резерві мен көлемі резервін қалыптастыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін белгілейді;»;
      2) 17-бапта:
      1-3) және 1-6) тармақшалар алып тасталсын;
      1-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-7) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;»;
      29) тармақшаның жиырма бірінші абзацындағы «жүргізу тәртібін белгілейді» деген сөздер «жүргізу тәртібін» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші – отыз екінші абзацтармен толықтырылсын:
      ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;
      эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
      қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
      ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
      парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
      парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
      қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      30) тармақшаның бесінші абзацындағы «талаптарды белгілейді;» деген сөздер «талаптарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы – он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;
      кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;
      озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;
      озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртiбiн;
      аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн;
      жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;
      мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
      шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
      экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 38-7) және 38-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «38-7) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      38-8) мыналарды:
      шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;
      сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;
      қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;»;
      3) 20-бап мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-1) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
      17-2) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
      17-3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;»;
      4) 20-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      5) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      6) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      7) 48-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      8) 71-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      9) 79-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      10) 94-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.»;
      11) 94-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      12) 94-6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.»;
      13) 94-12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құрылады, оны қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      14) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.»;
      15) 107-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      16) 145-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы анық ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      17) 145-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      18) 158-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.»;
      19) 158-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      20) 158-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;
      21) 175-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      22) 199-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетілуге тиіс.»;
      23) 209-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi – жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      24) 264-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Теңізде өндіру бойынша мұнай операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында қадағалау және өлшеу арқылы өндірістік процеске мониторинг жүргізуге міндетті.»;
      25) 284-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.»;
      26) 288-1-баптың 15 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен әзірлейді.»;
      «5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      «8. Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді және құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.»;
      27) 303-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      28) 314-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
      29) 315-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен есепке алынуға жатады.»;
      30) 316-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.»;
      31) 324-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Кодекске сәйкес лицензиялауға жатпайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензияның қолданысы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқтатылады.
      Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайтаруға міндетті.».
      8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек
                қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін айқындайды;
      3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
      4) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
      5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
      6) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
      7) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
      8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді;
      9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
               еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті

      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
      3) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
      6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      8) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
      9) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi әзірлейді және бекiтеді;
      10) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
      11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      12) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      13) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
      14) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      15) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;
      16) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      17) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
      18) экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
      19) тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн белгілейді;
      20) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындайды;
      21) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады;
      22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады;
      23) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлейді және бекітеді;
      24) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
      26) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;
      27) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу тәртібін айқындайды;
      28) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      29) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекітеді;
      30) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
      31) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
      32) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      33) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті кезеңділік аттестаттау тәртібін айқындайды;
      34) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      35) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;
      36) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайды;
      37) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      38) қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
      39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      2) 54-баптың 1-тармағы 17) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.»;
      3) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;
      4) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      5) 159-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.»;
      «4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау және төлеу тәртібін – еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.»;
      6) 202-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
      7) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы

      Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге жұмысы жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
      8) 204-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Оларда жұмыс істеу еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
      9) 205-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтіннен» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетіннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 229-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      11) 317-баптың 1-тармағының 6) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;»;
      «10) еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өндірістік объектілерде еңбек жағдайлары бойынша кемінде бес жылда бір рет мерзімдік аттестаттауды қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өткізуге;»;
      12) 319-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
      13) 320-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезеңділікпен міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      14) 323-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;»;
      15) 325-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде үш адамға дейін қайтыс болған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.».
      9. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      26-1) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-1) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлейтін, жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, одан жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының соңына) нақты борышы аспауға тиiс;»;
      «55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 26-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімдері негiзiнде жасалады.
      4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      3) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 32-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      5) 33-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
      Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      6) 35-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.»;
      7) 39-1-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.
      6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;
      8) 41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 41-1-баптың төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.»;
      «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      10) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
      11) 45-бапта:
      4-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шығыстардың бағыттары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды, облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      12) 46-баптың 4567812-1 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомаларын көрсете отырып өтінімдерді ұсынады.
      5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
      Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері төмен тұрған бюджеттерге әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді.
      Жергілікті бюджеттік инвестициялар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
      6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.
      7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      8. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;
      «16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      13) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;
      14) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ бюджет саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
      15) 61-бапта:
      1-1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      16) 62-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттік орган бекiтедi.»;
      17) 64-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.
      2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс кезде бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды»;
      18) 65-1-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.»;
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
      19) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік
                бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

      1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
      2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
      20) 67-бапта:
      6-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;»;
      «6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.»;
      10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.»;
      «13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      21) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе
                стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен
                толықтырулардың жобаларын, бюджеттік
                бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік
                өтінімдерді қарау

      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежелерінің дұрыстығы тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспар көрсеткіштерімен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан қарайды;
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қараудың нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
      2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың міндеттерімен, стратегиялық мақсаттарымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
      3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттерін және бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
      22) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.
      Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      23) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және бекітеді.»;
      24) 71-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      «6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.»;
      25) 74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.»;
      26) 75-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.»;
      27) 79-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
      Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылданады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.»;
      28) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.»;
      29) 81-баптың 23 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
      3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:
      1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;
      2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.»;
      30) 82-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      31) 85-баптың 9-19-2 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
      Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
      9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және тиісті жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
      10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
      32) 88-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
      33) 89-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      34) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу

      1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.
      2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      35) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»;
      36) 94-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      37) 96-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.»;
      5-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      38) 97-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      39) 98-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Инкассолық өкімдерді орындау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      40) 99-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      41) 100-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде:»;
      42) 100-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
                   төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді
                   тоқтата тұру

      Инкассолық өкім ұсынылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды және төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұрады.»;
      43) 101-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      44) 102-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы айқындайды.»;
      45) 102-1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімі мен оны жұмсау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      46) 107-баптың 44-16 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бес жұмыс күні ішінде:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар жобаларын;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.
      4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      «6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы бойынша ұсынысының негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»;
      47) 111-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.»;
      48) 151-бапта:
      13-тармақтың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
      «Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      49) 152-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      50) 153-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырады.
      Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобаларды қарау инвестициялық ұсыныс кезеңінде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      51) 154-баптың 4 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»;
      «13. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      52) 155-2-баптың 4 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      «8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      53) 155-3-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      54) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді
                 қабылдау үшін негіздер

      Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады. Мыналардың:
      1) болған жағдайда келіссөздер хаттамасының;
      2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсынысының;
      3) бюджет комиссиясының мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысының болуы мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
      Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      55) 157-бапта:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
      Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүргiзедi.»;
      10-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      56) 158-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      57) 159-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      58) 160-баптың 7 және 7-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекітеді.»;
      59) 161-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда белгiленген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға жатады.»;
      «4. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      60) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн үшжылдық кезеңге бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      61) 166-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «166-бап. Байланыссыз гранттар

      Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу және пайдаланылуын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      62) 167-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
      4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді.»;
      63) 173-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын критерийлерге сәйкес қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.»;
      64) 183-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      65) 184-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейді.»;
      66) 187-бапта:
      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын қамтиды.»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бюджет комиссиясының бюджеттік өтінімді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын қарауын;»;
      67) 188-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейді;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі рәсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі қажетті құжаттардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      68) 192-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріліп алынған мүлік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өткізілуге және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.»;
      69) 197-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайдың болуын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
      70) 203-бапта:
      1-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауын;»;
      «4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуді және есепке алуды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      71) 210-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышының лимитін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
      72) 211-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу
                 және оған қызмет көрсету

      Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өздері жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.»;
      73) 212-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.»;
      74) 213-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.»;
      75) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың
                 көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды
                 iрiктеу

      Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеудi бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.».
      10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-баптың 1-тармағының 41-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»;
      2) 14-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарлардың (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алынатыны туралы салық органдарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
      3) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық қызметі органдары уәкілетті орган бекіткен кодтары бар уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.»;
      4) 23-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.»;
      5) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
      Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.;»;
      6) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.»;
      7) 66-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) сатып алушылар бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»;
      8) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
      9) 77-бапта:
      1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган:»;
      4-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган:»;
      10) 118-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.»;
      11) 119-бапта:
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.»;
      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.»;
      12) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
      Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
      оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;
      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстарды;
      оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды қамтиды;»;
      13) 156-баптың 1-тармағының 24) және 42) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң шығыстары:
      басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде – жұмыс берушінің қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
      басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей:
      қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
      уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
      қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
      жұмыс берушiнің:
      қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
      қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;»;
      «42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
      жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;
      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде оқытылатын адамның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
      қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
      дербес білім беру ұйымының:
      оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
      оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы.
      Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған, осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау мақсатында алған өтеусіз көмек есебінен және соның шегінде жүзеге асырылған жағдайда, осы тармақшаның ережелері қолданылады.»;
      14) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстар.»;
      15) 193-баптың 5-тармағының 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:
      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
      дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.
      Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
      заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
      Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      «7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
      эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
      эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер.
      Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      16) 200-1-баптың 1-тармағының 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
      Осы тармақшаның ережелері:
      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;
      заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
      Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      «8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
      эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
      эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткізу күніне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
      Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      17) 216-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шотында шартты түрдегі банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Есеп шартты түрдегі банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға ұсынылады.
      Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      18) 218-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық органы инкассолық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы резидент еместің шартты түрдегі банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша банкке жібереді.
      4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
      Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оларды ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      19) 224-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың бiрiне сай келген жағдайда:
      1) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;
      2) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, кірістің нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды.
      Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.»;
      20) 256-баптың 2-тармағы 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.»;
      21) 263-баптың 1-2-тармағы үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар:»;
      22) 270-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.»;
      23) 276-18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға резидент емеспен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
      Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
      Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      24) 276-20-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімін ұсынуға міндетті. Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактура тізілімдерінің нысандарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін салық органдарының тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      25) 276-22-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      26) 282-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
      Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
      Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.»;
      27) 292-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      28) 459-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру тәртібін көлік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      29) 462-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.»;
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.»;
      30) 465-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан;»;
      31) 473-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Рұқсат беру тәртiбiн байланыс саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      32) 507-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.»;
      33) 511-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.»;
      34) 547-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.»;
      35) 569-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.»;
      36) 570-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.»;
      37) 571-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
      1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң ұсынбаған;
      2) жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;
      3) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;
      4) соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған;
      5) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда салық төлеушiні хабардар етпестен жүргізіледі.»;
      38) 574-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне тіркеу карточкасын бере отырып, қояды.
      Тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкiсi.
      Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді.
      Тіркеу карточкасының нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      39) 576-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер тiркелген жердегі салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.»;
      40) 581-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын, бұл жайында уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;»;
      41) 622-баптың 3-тармағындағы «атқарушылық iс жүргiзу органдары жүргізеді» деген сөздер «әділет органдары жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      42) 646-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
      43) 650-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық органының пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеушi ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-кассалық машина есепке қойылған салық органына:
      1) бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтінішті;
      2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
      Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын салық органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
      Салық органы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын беруден бас тартады.
      Техникалық ақау жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсаты берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
      44) 653-баптың 1-1, 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу (әкету) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
      2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары – акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.».
      «6. Осы бапқа сәйкес:
      1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
      2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
      3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
      4) акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
      45) 656-бапта:
      1-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық қызметі органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі – шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында – уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер қамтылады:»;
      7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
      Салық қызметi органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi – талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.».
      11. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      8-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті»;
      2) 6-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығарады;»;
      3)4)5)8)10)11)12-1)13)14)15)16)17)19)20)21)22)24)25)26) және 27-2) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 7-баптың 1-тармағында:
      29-3) тармақша алып тасталсын;
      73) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 74), 75), 76), 77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96), 97), 98), 99), 100), 101), 102) және 103) тармақшалармен толықтырылсын:
      «74) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      75) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
      76) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындау;
      77) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
      78) клиникалық базалар тізбесін бекіту;
      79) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту;
      80) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту;
      81) денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындау;
      82) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау;
      83) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
      84) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту;
      85) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту;
      86) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;
      87) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау;
      88) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тәртібін айқындау;
      89) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;
      90) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту;
      91) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
      92) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту;
      93) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту;
      94) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту;
      95) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту;
      96) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
      97) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін бекіту;
      98) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту;
      99) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін бекіту;
      100) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту;
      101) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін бекіту;
      102) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бекіту;
      103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекітіп беру тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
      4) 8-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «8-бап. Әскери-медициналық (медициналық),сот-медициналық,
               сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері
               бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық
               мемлекеттік органдардың құзыреті»;

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:»;
      2)4), және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      «4) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;»;
      «7) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережені, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді.»;
      5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 18-3), 18-4), 18-5) және 18-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;»;
      «18-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді;
      18-4) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
      18-5) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      18-6) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;»;
      6) 14-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      7) 21-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуі мен таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.».
      7-тармақтың 1)5) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, қолдануға және өткізуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін тәртіппен тыйым салуға;»;
      «5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін тәртіппен және инфекциялық аурулар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеуге;»;
      «20) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға құқығы бар.»;
      8) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 34-бапта:
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) уәкілетті орган белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
      10) 35-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.»;
      11) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек

      1. Медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
      2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      12) 45-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің түрлерін, көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      13) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      14) 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      15) 48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      16) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      17) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      18) 52-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      19) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      20) 55-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің түрлерін уәкілетті орган белгілейді.»;
      21) 56-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      22) 58-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      23) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      24) 63-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      25) 63-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      26) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру және олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргізу және сақталу мерзімі мен қайта бақылау мерзімін белгілеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
      27) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «68-бап. Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы
                бұйымдарды дайындау

      Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Дайындалған дәрілік препараттар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен дәріханаішілік бақылануға жатады.»;
      28) 69-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      «5. Дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады.
      Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз босатуға жатқызу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.»;
      29) 75-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дәрілік заттар тұтынушылық (бастапқы және қайталама) қаптамасына мемлекеттік тілде және орыс тілінде жақсы оқылатын қаріппен басылған және уәкілетті орган бекіткен тәртіп талаптарына сай келетін таңбасымен айналысқа түсуге тиіс.
      2. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тікелей медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сай басылған таңбасымен айналысқа түседі.»;
      30) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және тасымалданады.»;
      31) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
                бұйымдар мен медициналық техниканы жою

      Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және олар осы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектілердің уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жоюына жатады.»;
      32) 80-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      «4. Уәкілетті орган айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
      Гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде тіркелмегендері) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінеді.»;
      33) 80-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган айқындаған тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағына дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелудi:»;
      34) 81-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      «3. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      35) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      36) 88-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;»;
      34 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.
      Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.
      4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.»;
      6-тармақ алып тасталсын;
      37) 115-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша адамдар жатады.»;
      38) 117-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді және жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралады.»;
      39) 121-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ақшаны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      40) 136-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Иондандырушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      41) 142-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.»;
      42) 144-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.»;
      «6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
      43) 146-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
      44) 150-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
      45) 152-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.»;
      46) 155-баптың 4 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті органмен келісу бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
      «10. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»;
      47) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.»;
      48) 159-бапта:
      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, құрамының деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды - жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді;»;
      37810 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ темекі шегудің зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.»;
      «7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес жабдықталуға тиіс.
      8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынуға міндетті.»;
      «10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар уәкілетті орган айқындайтын жол берілетін шекті деңгейлерден асатын темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.»;
      «13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында уәкілетті орган бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:
      1) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының ауданы бойынша әрбір үлкен жағының кемінде қырық пайызын алуға;
      2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға;
      3) сурет (пиктограмма, графика) және жазулар түрiнде орындалуға тиіс.»;
      49) 160-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»;
      50) 165-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қан мен оның компоненттерін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде ақылы тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;»;
      51) 167-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқаты шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады.
      8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.».
      12. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағының 50-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-1) уәкілетті заңды тұлға – уәкілетті орган айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;»;
      2) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден өкілі кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға міндетті.»;
      3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі маман кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жасау құқығына ие.»;
      4) 34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      5) 37-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
      6) 44-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
      7) 51-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
      8) 54-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы Кодекстің 409-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      9) 58-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізуге, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
      10) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «60-бап. Еркін қойма иесі

      Кеден органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.»;
      11) 60-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы

      Кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленеді.
      Арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру тәртібін, адамдардың осындай аумаққа кіруін, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беруді, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелуге және оларды осындай аумақтан әкетуге рұқсат беруді, тауарлар есебін жүргізуді, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсынуды, еркін кеден аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тануды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      12) 68-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуға тиіс талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Көрсетілген талаптар кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
      2. Бағдарламалық өнімдердің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оларды кедендік мақсаттар үшін пайдалануға жол беріледі.»;
      13) 78-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.»;
      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады және бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.»;
      14) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      15) 91-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолданған кезде қабылдайды. Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      16) 121-баптың 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 135-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің жазбаша өтініші және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.»;
      18) 138-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Осы Кодексте және Кеден одағының кеден кодексінде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      19) 140-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленеді, ал онда реттелмеген бөлігін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      20) 141-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Төлеушінің жеке шоты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі.»;
      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салыстыру аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада акт жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.»;
      21) 143-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      22) 150-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      23) 151-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуге тиіс сомаларын кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсынбау себепті дәл айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, қолда бар мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым үлкен шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай түрдегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізінде айқындалады.»;
      24) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      25) 196-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.»;
      «3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      26) 209-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      27) 210-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есептілікті ұсыну нысанын және тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      28) 216-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      29) 234-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 223 және 299-баптарында көзделген кедендік тексеруді және кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      30) 237-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      31) 240-баптың 2-тармағы және 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Сақтау және өткізу бойынша шығыстары құнынан асып түсетін тауарлар, сондай-ақ кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын басқа да жағдайларда, жойылуға жатады.»;
      32) 241-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды өткізуден түсетін сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе, кеден органында олар туралы мәліметтер болған кезде, кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде кеден органдарына тауарлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде оларға қайтарылады.»;
      33) 248-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған орындарға ғана әкелуге болады.»;
      34) 254-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағынан кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған әкету орындарынан ғана әкетуге болады.»;
      35) 260-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен расталады.»;
      36) 262-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) есепке алуды (оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органына ұсынуға;»;
      37) 266-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      38) 271-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      39) 281-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      40) 295-баптың 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Рұқсатты беру, ұзарту, тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      «7. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      41) 322-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кедендік алып жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      42) 329-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Межелі кеден органы тасымалдаушы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркейді.»;
      43) 353-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      44) 364-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      45) 377-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      46) 409-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты көрсеткен кезде кедендік бақылаумен жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      47) 483-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Нысанды киімнің және нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
      13. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;»;
      2) 84-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
      3) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды
                асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке
                алу

      1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117-бабының 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тiлек бiлдiрген шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргiзедi.»;
      4) 91-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi;»;
      5) 111-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
      6) 117-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
      7) 133-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Патронаттық тәрбие туралы ережені Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
      8) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын
                 жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері

      Ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.»;
      9) 179-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және оларды осы Кодексте көзделген мерзімдерде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді.»;
      10) 181-баптың 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын Қазақстан Республикасының әділет органдары бекітеді.
      2. Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.»;
      11) 198-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің тіркеуші органның қорытындысы негізінде ауданның, қаланың тіркеуші органы жүргізеді.»;
      12) 279-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астанасы әкімдігінің тіркеуші органына беріледі.».
      14. 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
      671-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаулы шығарған сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тиісті әділет органына атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және қаулының көшірмесін мүлікті тәркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орындауға жібереді.».
      15. 2014 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
      1) 15-баптың 7) тармақшасындағы «қағидаларын;» деген сөз «қағидаларын бекітеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 6), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 16-баптың 14) тармақшасындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені;
      16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын;
      17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекітеді.»;
      3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Айыппұл, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері бойынша және сотталған адамның жұмыс орны бойынша әділет органдары орындайды.».
      16. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 5-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.»;
      2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени
                мұра объектілерін қорғау және пайдалану
                саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;
      3) Ұлттық пантеон туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      3) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
      18) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды.»;
      4) 19-бапта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілейді;
      14-2) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
      14-3) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекітеді;
      14-4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекітеді;
      14-5) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      14-6) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін бекітеді;
      14-7) республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекiтедi;
      14-8) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде, уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісу бойынша республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарады;»;
      5) 27-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін уәкiлеттi орган бекiтедi.».
      17. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
      2) 9-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
      3) 11-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.»;
      4) 15-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
      5) 21-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
      6) 23-бапта:
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен теміржол желілерінің аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
      Уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.»;
      7) 24-1-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүргізеді.»;
      8) 24-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
      9) 25-баптың екінші бөлігінде:
      4-1) тармақша және 17) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1 жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;»;
      «Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;
      28) тармақшадағы «нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қолданылуын қамтиды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды қамтиды» деген сөздермен ауыстырылып, 26), 27) және 29) тармақшалар алып тасталсын.
      18. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 13, 62-құжат):
      6-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі.».
      19. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 7-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалар мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.»;
      2) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады.».
      20. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.»;
      2) 50-баптың 6-тармағының д-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «д-1) әділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;».
      21. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      15-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай және басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.».
      22. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      26-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын.
      «Осындай жабдық пен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.».
      23. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 7-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Радиоактивтi қалдықтарды орналастыру радиоактивтi қалдықтардың пайда болуына алып келетiн кез келген қызмет түрiнiң мiндеттi кезеңi ретiнде жобалық және техникалық құжаттамада көзделуге тиiс. Радиоактивтi қалдықтарды жинау мен көмудi ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ бұл қызметтi жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.»;
      3) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн ұйымдастыру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      4) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Пайдаланушы ұйымның персоналы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.».
      24. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 10-1-баптың 2), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 10-2-бапта:
      2) және 10-3) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-10), 10-11), 10-12) және 10-13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
      10-11) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекітеді;
      10-12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды;
      10-13) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;»;
      3) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-5) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      4-6) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;».
      25. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
      1) 3-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн орталық атқарушы орган бекiтетiн құжаттар қоса беріледi.
      3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.»;
      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      3) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүгедектікті куәландыру, оның себептерін, топтарын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.».
      26. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.».
      27. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 3-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органдарының» деген сөздер «әділет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.».
      28. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.»;
      2) 8-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.».
      29. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);»;
      2) 3-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғай алмайды.»;
      3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-2) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»;
      4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы
                жұмыстарын жоспарлау

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасы жұмыстарының жыл сайынғы жоспарын жасайды.
      2. Жоспардың жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді.
      3. Үкіметтің заң жобасы жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.»;

      5) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; ведомство басшысының бұйрығы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;»;
      6) 22-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқық қатынастарға карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
      Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті.»;
      2 және 5-тармақтар алып тасталсын;
      7) 25-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін, сол сияқты кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін – Үкімет және осы органдар туралы заңнамалық актілермен, осы органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен;»;
      8) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе – олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
      30. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 5-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
      2) 6-баптың бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) иондаушы сәулелену әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн айқындау;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;»;
      3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және
                бақылау

      Иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық рәсімдер жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендiк радиациялық аяға байланысты азаматтар алған сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.».
      31. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат):
      1) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Инкассолық өкiмде төлемнiң мақсаты көрсетiледi және ақша жөнелтушiнiң келiсуінсіз ақшаны алып қою құқығы көзделетiн заңнамалық актiге сiлтеме жасалады.
      Ақша жөнелтушiнiң банк шотында ақша жеткiлiксiз болған кезде салық қызметі органдарының салықтық берешекті өндіріп алу туралы, жеке сот орындаушыларының және әділет органдарының атқарушылық құжаттар бойынша инкассолық өкімдерін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуiне қарай жүргiзiледi.».
      32. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша:
      «жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» деген сөздер тиісінше «жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      3) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
      33. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
      2) 7-баптың бірінші бөлігінің 3)7-3)7-5) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;»;
      «7-3) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi қызметі туралы жыл сайын есеп беруге;»;
      «7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат ұсынуға және осы ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;»;
      «8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;»;
      3) 7-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.»;
      4) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      5) 12-1-бап алып тасталсын;
      6) 13-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
      4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін әзiрлейдi, бекітеді және қолданады;
      4-1) сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындайды;»;
      4-2) және 4-4) тармақшалар алып тасталсын;
      7) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлейді және бекiтеді;»;
      8) 15-баптың 3-тармағының бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.»;
      «Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.»;
      9) 15-1-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекітудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі концессия шартында көзделеді.»;
      10) 15-2-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жария тыңдаулар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тарифті бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
      11) 15-3-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен түзетеді.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы баптың 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес ұсынылатын негіздейтін құжаттардың болмауы;»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.
      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
      6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.
      Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті органның құқықтық актісімен ресімделеді.»;
      12) 17-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жария тыңдаулар өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      13) 18-4-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
      34. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат, № 10, 52-құжат):
      1) 1-баптың 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) асыл тұқымдық куәлiк – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды мал ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата беретін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;»;
      «8) асыл тұқымды малдың карточкасы – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;»;
      2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
      3) 13-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;»;
      6)8)9)15) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;»;
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) мыналарды:
      асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;
      асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін;
      жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін;
      мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
      асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін;
      асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      27) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;»;
      4) 16-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.»;
      «6-1) нұсқамалар береді және орындалуын бақылайды.»;
      5) 16-2-бапта:
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бонитерлер курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.»;
      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаттың;»;
      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) курстарынан өткені туралы құжаттың;»;
      6) 16-3-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша селекциялық карточканы және асыл тұқымды мал карточкасын ресімдейді.»;
      7) 16-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      8) 18-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық мал уәкілетті орган бекіткен тәртіппен пайдаланылады.».
      35. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен медициналық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн.».
      36. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196 -құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 7-баптың 1-2)2) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»;
      2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      «13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 21-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;».
      37. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұлттық мұрағат қорының ведомстволық және жеке мұрағаттарда сақталатын құжаттарын пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      2) 18-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту;
      2-2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;
      2-3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін, олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып, бекіту;
      2-4) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке меншік мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту;».
      38. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 28-баптың 4)5)6)9)10) және 11) тармақшалары алып тасталсын:
      2) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
      8-2) криминалистiк талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн бекiтедi;
      8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді;
      8-4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін айқындайды;
      8-5) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру тәртібін белгілейді;
      8-6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;».
      39. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
      2) өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрады;
      3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      2) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкiлетті орган:
      1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және iске асырады;
      2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      3) үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      4) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
      5) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      6) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      8) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      9) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді әрі олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      11) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      12) өздеріне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
      13) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады және мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;
      14) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi әзірлейді және бекiтедi;
      15) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;
      16) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалардың талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi және жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      17) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
      18) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      19) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды;
      20) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      21) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
      22) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
      23) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмдi, көлiк құралдарын, қол жүгi мен багажды тұрақты бастапқы карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және әкелiнетiн әрі транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмге карантиндiк құжаттарды қарайды;
      24) әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пункттерде осы өнiмдi тұрақты қайтадан карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерiн, баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндi объектiлерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндiк құжаттарды қарайды;
      25) әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда – үлгiлерiн алу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;
      26) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетiлетiн және транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк құжаттарының болуын және дұрыс ресiмделуiн тұрақты негізде қарайды;
      27) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
      28) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
      29) мынадай:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
      өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;
      30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
      31) интродукциялық-карантиндiк питомниктерде импорттық себетін материал және отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлер және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
      32) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;
      33) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
      34) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      35) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      36) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      37) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 7-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      4) 8-баптың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;»;
      «4) жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарың лауазымды адамдарына карантинді объектілердің таралу ошақтарында және көлікте өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға;»;
      5) 9-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;»;
      6) 11-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.».
      7) 12-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы.».
      40. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
      1) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға береді, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.»;
      2-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.»;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.».
      41. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      2) 5-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiзбесiн орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;
      «5. Жәрдемақы барлық қажетті құжаттар қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен тағайындалады.»;
      3) 7-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      42. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж. № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;».
      43. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 3-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      2) 5-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша қарау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.».
      44. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат):
      1) 3-1-баптың 1)2)3)4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 4-баптың 2-тармағының 4)5)6)7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) этил спиртін өндірудің, технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін өндірудің (шарап материалдарынан және сырадан басқа) – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 11-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау
                  шарттары

      Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.».
      45. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      2) 5-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне осы Заңға сәйкес құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      3) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Неғұрлым маңызды және кең пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге ұсынылуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын уәкілетті орган айқындайды.».
      46. «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 918-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азық-түлiк себетiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.».
      47. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру уәкілетті орган айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.»;
      2) 10-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жекеше күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жекеше күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жекеше күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      3) 10-1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын уәкілетті орган бекітеді.»;
      4) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
      48. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1) 1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша жасалған, қызметтің немесе белгілі бір әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын құжат (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы).»;
      2) 15-3-бапта:
      2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өтініш берушілер хабарламаларды мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына береді не оны «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық құжат нысанында өтініш толтыру арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар хабарлама берген субъектілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметін жүзеге асыру құқығынан айырады.».
      49. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау
                 саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын және оның филиалдары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, олардың біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгiлейдi.»;
      3) 10-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау стандарттары деп танылады.»;
      4) 20-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.».
      50. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;»;
      2) 5-баптың 1-1)3)5)6)7)7-1)9), 10), 11), 13) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
      3)6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
      10)11)12) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
      11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi әзірлеу және бекiту;
      12) мынадай:
      астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астықты сақтау;
      астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі;
      астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
      астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
      16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау;»;
      22) тармақша алып тасталсын;
      30)31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
      31) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын бекiту және әзірлеу;
      32) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3) және 32-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «32-1) мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары мен стандарттарын әзірлеу және бекiту;
      32-2) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге пайыздық қатынаспен есептелетін астық жеткізуінің мөлшерін айқындау;
      32-3) астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      32-4) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;»;
      4) 6-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13) және 17-14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      17-2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      17-3) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
      17-4) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
      17-5) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
      17-6) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      17-7) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
      17-8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
      17-9) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
      17-10) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      17-11) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
      17-12) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi, құрылымы, оларды қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17-13) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
      17-14) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
      5) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.»;
      6) 9-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары және көрсетілген астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.»;
      7) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен арзандату;»;
      8) 11-1-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:»;
      9) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды уәкілетті орган айқындаған құзырет шегінде агент шарт негізінде жүзеге асырады.»;
      10) 12-3-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына уәкілетті орган айқындаған экспортталатын көлемге пайыздық қатынаспен есептелетін мөлшерде астық жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.
      2. Егер мемлекеттік астық ресурстарын осы Заңның 11-1-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен толық көлемде қалыптастыру мүмкін болмайтын жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік астық ресурстарын астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.»;
      11) 16-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі белгілейді.»;
      12) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның және жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жазбаша сауалы бойынша өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпаратты беруге мiндеттi.»;
      13) 25-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн құқыққа сыйымсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:»;
      14) 28-баптың 2-тармағының бірінші абзацы «2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі:» деп жазылып, 2) тармақша мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету.»;
      15) 29-бап алып тасталсын;
      16) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың барлығына үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
      Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетінше құруға құқылы.»;
      17) 32-бап алып тасталсын;
      18) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды
                тоқтату

      1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:
      1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
      2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.
      2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:
      1) астық қабылдау кәсіпорнының берілген астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;
      2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
      3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
      4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:
      1) облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;
      2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.
      Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.»;
      19) 33-2-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «енгізуді;» деген сөз «енгізуді жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып 3)4)5) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
      20) 34-баптың 1-бабының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кредиторлық берешегi болмаған жағдайда құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне хабарлама жiберiледi;»;
      21) 37-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртiбiмен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.»;
      22) 39-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртiбiн, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.».
      51. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төленеді.»;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;»;
      3) 27-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 1-11), 1-12), 1-13), 1-14), 7-1), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-11) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
      1-12) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлейдi және мақұлдайды, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      1-13) жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және тиісті аумақтағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      1-14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда тиісті аумақтың шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «7-1) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;»;
      «32) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі;
      33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
      34) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді.»;
      4) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
      5) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;»;
      6) 33-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;»
      7) 35-баптың 1-тармағында:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;».
      52. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар):
      1) 5-1-баптың 2)3)4)5)6)7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10) және 9-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
      9-6) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
      9-7) жастар саясатын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
      9-8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
      9-9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
      9-10) микроқаржылық ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітуге;
      9-11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітуге;»;
      3) 10-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кепілді жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерін орталық атқарушы орган айқындайды.»;
      4) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті» деген сөз «орталық атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.».
      53. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 10-баптың 4)5)8)9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 11-бапта:
      5) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3) және 20-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
      20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      20-4) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;»;
      3) 12-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті органға туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген тұлғалар туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      13-2) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
      13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
      13-4) мыналардың:
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың;
      туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;»;
      4) 15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      54. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат):
      1) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;»;
      2) 19-баптың 6), 6-1), 7), 9), 9-1), 10), 15-1), 16), 16-1), 17), 18), 18-1), 19), 20) және 22) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 20-бапта:
      9) тармақша алып тасталсын;
      11) және 11-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық ету;
      11-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      12) тармақша алып тасталсын;
      12-1) және 12-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 12-3) және 12-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-3) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      12-4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;»;
      14-1), 18-1) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;»;
      «22) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10), 23-11), 23-12), 23-13), 23-14), 23-15), 23-16) және 23-17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23-1) авторлық қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту;
      23-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсетудің қағидаларын бекіту;
      23-3) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізудің қағидаларын бекіту;
      23-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидаларын бекіту;
      23-5) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;
      23-6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту;
      23-7) техникалық регламенттерді бекіту;
      23-8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту;
      23-9) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту;
      23-10) жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидаларын бекіту;
      23-11) құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту;
      23-12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау және іс-қимылдарын үйлестіру;
      23-13) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу;
      23-14) құрылыс салудың үлгілік қағидаларын бекіту;
      23-15) жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту;
      23-16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, бекіту, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою;
      23-17) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту;»;
      4) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-2), 17-3), 17-4),  17-5), 17-6) және 17-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс объектілері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      17-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      17-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
      17-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
      17-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
      17-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
      5) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6) және 18-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс объектілері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      18-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      18-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
      18-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
      18-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
      18-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қазіргі бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, оның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу қағидаларын бекіту;».
      6) 27-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік
                сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі
                жергілікті атқарушы органдар»;

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.»;
      7) 31-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;»;
      8) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
      9) 33-баптың 2 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.»;
      «7. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және лауазымдық міндеттеріне бақылауды жүзеге асыру кіретін штат қызметкерлері тиісінше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары және лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін штат қызметкерлері тиісінше облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.»;
      10) 35-баптың 1-тармағында:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;»;
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтағы объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмыс істеген уақытында сол комиссиялардың құрамына кірген жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері;»;
      11) 38-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
      12) 64-баптың 11-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді;»;
      13) 68-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Көзделіп отырған құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен объектiнiң құрылысы және кейiннен пайдалануға берiлгенде оның тұрақты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есептемелік) параметрлерінде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ұсынады.»;
      14) 74-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.»;
      15) 78-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау фактiсi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгiлеген бiрыңғай нысандағы актiмен ресiмделедi.».
      55. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат):
      1) 3-бапта:
      6-тармақ және 7-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.»;
      2) 4-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
      3) 4-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.»;
      4) 5-бапта:
      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлеме бойынша алынады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мынадай кезектілікпен:
      1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
      2) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.»;
      5) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.»;
      6) 5-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қабылдайды.».
      7) 6-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      8) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады. Жол сервисі объектілерін салу Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      9) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.»;
      10) 11-баптың 3)5)5-1)6-1)8)8-1) және 8-3) тармақшалары алып тасталсын;
      11) 12-баптың 2-тармағында:
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      27) тармақшадағы «үйлестіру жатады.» деген сөздер «үйлестіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:
      «28) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
      29) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
      30) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      31) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
      32) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен жүріп өту үшін алымдарды төлеу тәртібі мен олардың мөлшерлемелерін әзірлеу және бекіту;
      33) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекiту;
      34) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      35) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
      36) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      37) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      38) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту жатады.»;
      12) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту;
      6-2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
      6-3) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін), астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
      6-4) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
      6-5) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерімен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту;
      6-6) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;
      6-7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту жатады.»;
      13) 21 және 22-баптар алып тасталсын;
      14) 30-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
      9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың және басқа да инженерлік тораптар мен коммуникациялардың кесіп өтуіне рұқсат беру;».
      56. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.».
      3) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу осы Заңға сәйкес орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
      57. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршыcы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат):
      1) 1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «облысаралық қатынастарда – уәкілетті орган;»;
      2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау уәкілетті орган белгілеген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.»;
      3) 6-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаңа магистральдық жолдар салу уәкілетті органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
      4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Теміржол қатынасын тоқтату

      Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтатуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      5) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.»;
      6) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүруі бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жол жүруі бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.»;
      7) 14-бапта:
      1-тармақтың 3)4)5)6)7)8)9)10)11)12)13)14)15-1)17)18)19)20)21)22)22-1)22-2)22-3) және 22-4) тармақшалары алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 34-3), 34-4), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8), 34-9), 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16), 34-17), 34-18), 34-19), 34-20), 34-21), 34-22), 34-23), 34-24) және 34-25) тармақшалармен толықтырылсын:
      «34-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
      34-4) темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;
      34-5) әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;
      34-6) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
      34-7) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;
      34-8) жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту;
      34-9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
      34-10) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту;
      34-11) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту;
      34-12) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
      34-13) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      34-14) магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда жол жүрісі қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидаларын бекiту;
      34-15) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту;
      34-16) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
      34-17) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекiту;
      34-18) шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
      34-19) тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекiту;
      34-20) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
      34-21) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту;
      34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту;
      34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;
      34-24) темiржол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiнің және оның тiршілiк циклiнiң процестерiнің техникалық регламенттерін бекiту;
      34-25) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;»;
      8) 33-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес, өздерiнiң қарауындағы темiржол көлiгi объектiлерiнің әскерилендірілген күзетiлуiн;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
      9) 64-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды уәкілетті орган айқындайды.».
      58. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 1-баптың 48) және 60) тармақшаларындағы «ережелері», «көліктегі Қазақстан Республикасының Үкіметі» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған» деген сөздер тиісінше «қағидалары», «уәкілетті орган» және «уәкілетті орган таныған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-бапта:
      2-тармақтың 6)7)9)10)10-1)13)14)15)15-1)17)19)20)21)22)23)24)25)26)27)28)29)30)31) және 31-1) тармақшалары алып тасталсын;
      3-тармақта:
      9) тармақша алып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау;»;
      31)47)50) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 55-2), 55-3), 55-4), 55-5), 55-6), 55-7), 55-8), 55-9), 55-10), 55-11), 55-12), 55-13), 55-14), 55-15), 55-16), 55-17), 55-18), 55-19), 55-20), 55-21), 55-22), 55-23), 55-24), 55-25) және 55-26) тармақшалармен толықтырылсын:
      «55-2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;
      55-3) кемелер экипаждарының мүшелерiне диплом беру тәртiбiн айқындау;
      55-4) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту;
      55-5) Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгiсiн, оларды ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртiбiн бекiту;
      55-6) шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртiбiн бекіту;
      55-7) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;
      55-8) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын сертификаттау жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
      55-9) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды бекiту;
      55-10) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
      55-11) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекіту;
      55-12) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
      55-13) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;
      55-14) жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;
      55-15) халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту;
      55-16) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
      55-17) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
      55-18) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;
      55-19) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арнағлан базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;
      55-20) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналының нысанын және оны жүргізу тәртібін бекіту;
      55-21) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту;
      55-22) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту;
      55-23) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн айқындау;
      55-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту;
      55-25) мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту;
      55-26) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
      1) өздiгiнен жүзетін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
      2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
      3) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу жатады;»;
      3) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
      4) 5-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 5-1-баптағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 8-2-баптың 8-тармағындағы «уәкілетті органмен келісім» деген сөздер «жергілікті атқарушы органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 8-3-баптың 7-тармағының екінші бөлігі және үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде жергілікті атқарушы органға:»;
      8) 14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 23-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 24-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі», «қағидасына» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 32-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Жергілікті атқарушы органдар теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындайды.»;
      12) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн уәкілетті орган айқындайды. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтеріне баға (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгілеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.»;
      13) 39-бапта:
      1-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) уәкілетті орган бекiткен Қағидаларға сәйкес уәкілетті органды авариялық жағдай туралы хабардар ету, кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау;»;
      14) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кемелердi лоцмандық алып өту уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады.»;
      15) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «110-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының
                 нысаны

      Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты - билетпен, ал багаж өткiзiлген кезде багаж квитанциясымен де ресiмделедi. Билет пен багаж квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекiткен Тасымалдау қағидаларында белгiленедi.»;
      16) 149-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және уәкілетті орган бекiткен Теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалады.»;
      17) 212-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.».
      59. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
      32-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі мекеменің персоналына теңестіру Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.».
      60. «Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген ауруларға қарсы күресу мақсатында ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.».
      61. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14,18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-бапта:
      3) тармақша мынадай редкцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмектi және заң қызметтерiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
      7) және 9-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
      «9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-бап. Әділет органдары жүйесі

      1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;
      аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
      2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.».
      3) 7-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;»;
      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Әділет жүйесінің ұйымдары

      Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.»;
      5) 11-1-бап алып тасталсын;
      6) 14-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, әкімдердің» деген сөзбен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздер алып тасталсын;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.
      Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс.
      4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады.»;
      7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі
                саласындағы функциялары

      Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
      2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот-сараптама қызметін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялау;
      3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.»;
      8) 18-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;»;
      9) 19-бапта:
      1-тармақта:
      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
      «6) адвокаттардың, нотариаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылау;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын
                сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік
                саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      2) зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарға қатысу;
      3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;
      4) уәкілетті органдар мен мүдделі ұйымдардың зияткерлiк меншiкті сақтау және қорғау саласындағы өзара іс-қимылдарын үйлестіру;
      5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын сақтауды қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
      6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
      7) ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу;
      8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердi тiркеудi қамтамасыз ету;
      9) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      10) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн бақылау;
      11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi қамтамасыз ету;
      12) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.»;
      11) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың
                  орындалуын қамтамасыз ету саласындағы
                  функциялары

      Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
      2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
      3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.»;
      12) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;
      9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.».
      62. «Өсiмдiктердi қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 4) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;»;
      «7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
      2) 5-баптың 1)3)6), 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;
      3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
      4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;
      5) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және бекіту;
      6) мынадай:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
      7) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту;
      8) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;
      9) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
      10) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлеу және бекіту;
      11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
      12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
      13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасау;
      15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;
      16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;
      17) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
      18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
      19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
      20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
      21) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;
      22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      23) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
      25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;
      26) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
      4) 14-6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу және өндірістік сынақтар қорытындылары бойынша жүргізіледі.»;
      5) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтары Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.».
      63. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 5-баптың 4) және 6-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 15-3) және 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесiн бекiту;
      15-4) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлерді бекіту.»;
      3) 12-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
      4) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды уәкілетті орган бекітеді.».
      64. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 9)10)39-2) және 45-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
      10) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;»;
      «39-2) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау – өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігін айқындау үшін уәкілетті орган кезеңділікпен жүргізетін рәсім;»;
      «45-1) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат;»;
      2) 5-баптың 3)4)5)6)7)9)9-1)9-2)10)11)12), 13), 14)15)16)18)18-1)18-2)18-3)18-4)18-5)18-6)18-7)18-8)18-9)18-10)18-11)18-12)18-13)18-14)18-15)18-16), 18-17) және 18-18) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 8-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
      4)9)10)12)21)22)29)30)32)34)37)38)38-1)38-2)42)45)46-1)46-2)46-3) және 46-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;»;
      «9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
      10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
      «12) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;»;
      «21) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
      «29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «37) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
      38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      38-1) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      38-2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «45) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «46-1) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
      46-7) тармақша алып тасталсын;
      46-8)46-10)46-11)46-13)46-14)46-15)46-16)46-17)46-18)46-19)46-21)46-22) және 46-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
      46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-23) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      4) 10-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7) және 11-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11-4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      11-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11-7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11-8) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;»;
      1-1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7), 11-8) және 11-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      11-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      11-3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-4) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11-5) тиісті әкімшілік-аумақтың бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-6) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      11-7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11-8) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11-9) жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6) және 11-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11-4) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      11-5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11-6) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11-7) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;»;
      5) 11-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;»;
      2) тармақшаның екінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;»;
      «Уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық ауруларының диагностикасына технологиялық байланысты қызметке:»;
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      6) 14-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
                және қадағалау

      1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау – уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:»;
      1)5)6-1) және 6-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;»;
      «5) құзыреті шегінде ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;»;
      «6-1) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылуын бақылауды және қадағалауды;»;
      «6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды және қадағалауды;
      2) республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды;
      3) ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды;
      4) ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды;
      5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындауды және анықтауды;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.»;
      7) 14-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
                  бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      2) ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларда;
      3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
      4) шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілерді тасымалдау кезінде;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) және транзиті кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      6) экспорты (импорты) және транзиті кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      7) экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      8) экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      9) құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) ішкі сауда объектілерінде;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      3) ветеринарлық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      4) экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      5) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      6) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      7) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және өзге де нысандарда, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау жолымен жүзеге асырады.
      4. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
      5. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты түрде жүргізіледі.
      7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.
      Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
      8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
      9. Тексеру актісі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда – төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігері қол қояды.
      Тексеру актісінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерде қалады, ал төртіншісі сотқа талап қоюды ұсыну үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, актінің тиісті данасы оған поштамен жіберіледі.
      10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.»;
      8) 15-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;»;
      9) 16-бапта:
      3-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
      4) тармақша алып тасталсын;
      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
      4) тармақшадағы «табыс ету;» деген сөздер «табыс ету кіреді.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
      10) 17-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
                инспекторлар мен мемлекеттік ветеринариялық
                дәрігерлердің құқықтары»;

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің:»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.»;
      11) 18-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
                инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық
                дәрігерлердің актiлерi»;

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер құзыреті шегінде мынадай актiлер:»;
      12) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
                инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық
                дәрігерлердің тәуелсiздiгi

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.»;
      13) 20-бапта:
      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.»;
      «4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.»;
      14) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      15) 22-бапта:
      3-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;»;
      «5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде, ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.»;
      16) 23-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
      4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
      17) 24-6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуы немесе кәдеге жаратылуы, жойылуы тұрғысынан сараптама жасалуға тиiс.»;
      18) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Эпизоотика ошақтарын жою және уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзілген жануарлардың аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.»;
      19) 30-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті орган бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
      2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:»;
      20) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.»;
      21) 35-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;»;
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;».
      65. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1) 5-баптың 4)5)7-1)8)9) 10)11)12) және 13) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-бапта:
      4)6)7-1) және 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұқымның мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды жүзеге асырады;»;
      «6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      «8-1) сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-2) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға бөлінетін субсидиялардың нормативтерін айқындайды;
      8-3) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-5) мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын, олардың құрылымы мен көлемiн әзірлейді және бекітеді;
      8-6) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-1) техникалық регламенттердi әзiрлейдi және бекітеді;»;
      20) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-1) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз кіруді және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады.»;
      3) 6-1-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;»;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) осы Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;»;
      16) тармақша алып тасталсын;
      4) 8-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;»;
      5) 13-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агент өзіне жүктелген функцияларды уәкілетті орган айқындаған құзыреті шегінде уәкілеттік органмен шарт негізінде және Мемлекеттік тұқым ресустарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
      6) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстың жергілікті атқарушы органы белгiлейтiн квоталардан кем болмайтын көлемдерде тұқым өндiрудi қамтамасыз етуге тиiстi аттестатталған тұқым өндiрушiлердi қоспағанда, тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемдерiн өз бетiнше белгiлеуге құқылы.»;
      7) 23-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және
                  шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.».
      66. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж.,  № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – зерттеп-қарау актісі) – талаптары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы Заңда көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат (құбылысының) құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;»;
      2) 4-1-бап алып тасталсын;
      3) 5-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
      2-тармақта:
      3)6)7)8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5) және 12-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
      12-2) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
      12-3) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн және агент көрсететiн қызметтерге төленетiн ақының мөлшерiн әзірлейді және бекітеді;
      12-4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
      12-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастыруының тәртiбiн және зерттеп-қарау актiсiнiң нысанын әзірлейді және бекітеді;
      12-6) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
      1) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      3) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
      4) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
      5) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi.»;
      3-тармақта:
      2) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы белгілеген нысан бойынша өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады;»;
      «3-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;»;
      4) 5-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:»;
      5) 9-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссияның құрамына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.»;
      6) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.».
      67. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 4-баптың 4-1) және 4-2) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 5-баптың 8) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
      3) 20-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
      68. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 87-құжат):
      8-бапта:
      1-тармақтың 3), 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-3), 20-4), 20-5) және 20-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-3) пошта жөнелтілімдерiнде пошта мөртабанын қолдану тәртiбiн бекітеді;
      20-4) пошта желiлерi арқылы жiберiлуге тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
      20-5) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну қағидаларын бекітеді;
      20-6) пошта желiлерi арқылы жiберу шектелген бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;».
      69. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      21-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
      70. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар):
      1) 8-1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 10-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      3) 11-бапта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      13) тармақша алып тасталсын;
      4) 20-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.»;
      5) 23-1-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.».
      71. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат):
      1) 4-баптың 4-1), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      5-2) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      5-3) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн белгiлейдi;».
      72. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат):
      1) 12-бап алып тасталсын;
      2) 13-бапта:
      18) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10), 23-11), 23-12), 23-13), 23-14), 23-15), 23-16), 23-17) және 23-18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23-1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
      23-2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      23-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
      23-4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
      23-5) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекітеді;
      23-6) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекітеді;
      23-7) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
      23-8) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
      23-9) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
      23-10) автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекiтедi;
      23-11) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекітеді;
      23-12) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
      23-13) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
      23-14) Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      23-15) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындайды;
      23-16) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      23-17) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайды;
      23-18) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;»;
      3) 14-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақта:
      6-1), 6-2) және 7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-2) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;»;
      «5-1) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      5-2) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
      4) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.»;
      5) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар талаптарын сақтау тұрғысынан бақылау.»;
      6) 19-7-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінің 2), 4), 8), 9), 10) және 10-1) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      7) 19-11-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шарт жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың уәкілетті орган бекіткен үлгі шартына сәйкес жасалуға тиіс.»;
      9) 38-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      10) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және одан сыртқа шығу, сондай-ақ оның аумағы арқылы транзитпен жүріп өту тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.».
      73. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
      1) 30-баптың 2-1-тармағындағы «атқарушы іс жүргізу органдары» деген сөздер «сот орындаушылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 32-3-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бөлінген активтерді жалға беру және қосалқы жалдауға беру туралы шешімді, сондай-ақ оларды беру шарттарын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.»;
      3) 43-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әділет органдары мен жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
      74. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 6-бапта:
      6-баптың 1)4)5)6)7)8)12)13) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;»;
      3) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;
      1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) әкелу және (немесе) әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекітеді;
      2-2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;»;
      «4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi;»;
      4) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «16-1-бап. Тарифтік квоталар

      1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:
      1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;
      2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.
      Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.
      2. Әкелуіне және (немесе) әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
      3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
      Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.»;
      5) 17-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      6) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе)
                әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер

      1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:
      1) құқықтық тәртiпті сақтау;
      2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;
      3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;
      4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;
      5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуін және тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;
      6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      8) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай енгiзеді.
      2. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:
      1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      3) ішкі нарықты қорғау қажеттілігіне қарай енгізеді.
      3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
      4. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеулерді ішкі нарық үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта өте көп жетіспеушілігін болдырмау немесе азайту үшін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде енгізеді.
      Елеулі маңызды тауарлар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
      5. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      Тиісті орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, квоталар мөлшерін және квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.
      Уәкілетті орган квоталар мөлшерін, сондай-ақ квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.»;
      7) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:

      «18-2-бап. Қарсы шаралар

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, егер шетел мемлекеті:
      1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті, осы баптың 1-тармағында көзделген қарсы шараларды енгізуге құқығы бар.»;
      8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және
                (немесе) импортына ерекше құқық

      1. Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар бекiтедi.
      3. Уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындаған сауда қызметі субъектілеріне жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар беріледі, олар жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика қағидаттары негiзiнде жасауға міндетті.».
      75. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат):
      1) 7-баптың 5)8)9)13)14-1)14-5)14-6)14-7) және 14-8) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-8), 19-9), 19-10), 19-11), 19-12), 19-13), 19-14), 19-15) және 19-16) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-8) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
      19-9) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
      19-10) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;
      19-11) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
      19-12) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
      19-13) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту;
      19-14) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
      19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
      19-6) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;»;
      3) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективада пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      5) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайды.»;
      6) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн уәкілетті орган:
      1) өзара іс-қимыл жасаудың, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушы параметрлердi қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтитын телекоммуникация желiлерiн орталықтандырып басқарудың бiрыңғай тәртiбiн айқындайды;
      2) телекоммуникация желiсiнің санатына байланысты телекоммуникация желiлерiн құру, басқару, нөмiрленудi пайдалану, олардың жұмыс iстеуiн, тұрақтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастыру-техникалық тұрғыдан қамтамасыз eту, радиожиілік спектрiн пайдалану, трафиктi өткiзу тәртiбi, желiлердің өзара іс-қимыл шарттары, телекоммуникация қызметтерiн көрсету жөнiндегi талаптарды белгілейді;
      3) арналарды коммутациялау технологиясын хабар беру және коммутациялаудың пакеттік технологиясымен ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды аяқтағанға дейін техникалық қажеттілік туындаса, қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне қарай тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторлары желілерінің қосылуы және өзара іс-қимылы шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.»;
      7) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады, оның үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
      8) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.».
      76. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 8-баптың 4)5)6)7)8)10)11)12)15)15-1)16)17)18)19)20)21)22)23)24)25)26)27)28) және 28-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21), 26-22), 26-23), 26-24), 26-25), 26-26), 26-27), 26-28) және 26-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізу;»;
      «26-6) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын бекiту;
      26-7) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту;
      26-8) порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесiн бекiту;
      26-9) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
      26-10) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
      26-11) біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
      26-12) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тізбесін бекiту;
      26-13) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын бекiту;
      26-14) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
      26-15) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
      26-16) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту;
      26-17) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
      26-18) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;
      26-19) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту;
      26-20) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
      26-21) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;
      26-22) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;
      26-23) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту;
      26-24) кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;
      26-25) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекіту;
      26-26) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту;
      26-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
      26-28) шағын кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
      26-29) Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту;»;
      3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      «9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
      1) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
      2) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру жатады.»;
      4) 15-4-баптың 6-тармағының екінші бөлігі және үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды шағын көлемді кемені басқару құқығына кеме жүргізушілерді аттестаттау қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде жергілікті атқарушы органға:»;
      5) 17-баптың 18) және 19) тармақшалары алып тасталсын;
      6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.»;
      7) 23-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары:»;
      8) 32-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 33-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеме экипажының ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлi бiр түрдегi кеменi пайдалану талаптарына сәйкес белгiлейдi.»;
      10) 35-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеме капитанына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оны аттестаттау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      11) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кемелердiң портқа кiруi және олардың порттан шығуы, кемелердiң порт акваториясының шегiнде жүзуi және портта тұруы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      12) 48-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган белгiлейтiн, порттың мiндеттi көрсетілетін қызметтер тiзбесiне кiрмейтiн көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.»;
      13) 50-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбiн және түрлерiн (бұдан әрi – жолаушыларды тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган айқындайды.»;
      14) 51-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі су көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.»;
      15) 56-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Iшкi су көлiгiнде жүк тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн (бұдан әрi - жүк тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган бекiтедi.»;
      16) 59-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы тәртiбiн уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.»;
      17) 61-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өткізілетін жүктерді есепке алу және олар үшiн есеп айырысу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      18) 63-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi тiркеп сүйреу (бұдан әрi - тiркеп сүйреу) тiркеп сүйреу шартына және уәкілетті орган бекiтетiн Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидалары:».
      77. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж.,  № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат):
      16-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.».
      78. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат):
      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесiн бекiтедi;
      3) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекiту тәртiбiн бекiтедi;
      4) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi;
      5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
      6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
      7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
      8) шекті тарифтерді бекітеді;
      9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
      15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
      17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
      21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
      23) жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      24) электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүліктер (активтер) тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдайды;
      25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      26) электр желілік қағидаларын бекітеді;
      27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      33) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      37) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      43) жүйелік операторды айқындайды;
      44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
      45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
      47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
      49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;
      50) энергия өндiрушi ұйымдар топтарын қалыптастырады;
      51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      52) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      53) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын айқындайды;
      54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
      55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
      56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;
      57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      58) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
      59) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      60) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;
      62) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
      63) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
      64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
      65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
      66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
      67) жүйелік операторға тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын, көлемін және мерзімдерін айқындайды;
      68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
      69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;
      70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 5-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
      1) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін;
      2) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мемлекеттiк энергетикалық бақылау жөніндегі органға және жергілікті атқарушы органға табыс етiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
      2) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
      4) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауды және салуды келіседі;
      5) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді.»;
      5) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шекті, есептік және жеке тарифтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.»;
      6) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.»;
      7) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
      8) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      9) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.»;
      10) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.».
      79. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1) 1-баптың 69) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;»;
      2) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар
               дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
               саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
      3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) уәкiлеттi органды айқындайды;
      5) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін әкімшілік органды және ғылыми ұйымдарды айқындайды;
      6) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығару туралы шешім қабылдайды;
      7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;
      8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      9) ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;
      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
      12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын
              уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің
              және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік
              органдарының құзыретi

      1. Уәкілетті орган:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсаттар бередi;
      10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
      11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      12) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітедi;
      13) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
      14) жолдаманың үлгiлік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді және бекітеді;
      15) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
      16) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
      18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
      19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
      20) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
      21) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      22) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
      23) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
      24) екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
      25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
      26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
      27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      28) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
      29) аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
      30) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
      31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      32) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      34) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
      35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      36) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      37) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      38) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
      39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
      41) аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
      42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      43) су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      44) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      46) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
      47) табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      48) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      51) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
      52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      53) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
      54) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
      55) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
      56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      57) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      58) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      59) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      61) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
      63) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      64) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      65) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;
      66) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
      67) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
      68) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      69) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      70) аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      71) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      72) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      73) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілерге жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      74) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы және (немесе) учаскелер мен аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;
      76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      77) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
      78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Аумақтық бөлімшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7), 5-8), 5-9) және 5-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
      5-3) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
      5-4) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      5-5) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      5-6) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      5-7) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
      5-8) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
      5-9) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
      5-10) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;»;
      4) 11-1-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      5) 18-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын уәкілетті орган биологиялық негіздеме негізінде бекітеді.»;
      6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялауға, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның шешiмi бойынша жол берiледi.»;
      7) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
      Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын – уәкілетті орган бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегіндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес, аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.»;
      8) 29-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган бекiтедi.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы – аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.
      Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.»;
      9) 33-1-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;»;
      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;»;
      10) 34-бапта:
      2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі уәкілетті орган бекіткен Балық аулау қағидаларында айқындалады.»;
      11) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жергілікті атқарушы органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде берiледi.»;
      12) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiнiң, жергілікті атқарушы орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу шартының негiзiнде берiледi.
      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп берусіз балық шаруашылығын жүргiзуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
      13) 39-бапта:
      4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді), ағызу және жүзу жолдарын ашуға;»;
      5-тармақтың 3) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;»;
      «13) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;»;
      14) 40-баптың 1-тармағының екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсты Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты уәкілетті орган құратын комиссия өткiзедi.»;
      «Жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен соларға бекiтiп берiледi.
      Уәкілетті органның ұсынуы бойынша қайта бекітіп берілетін, екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қоспағанда, Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.
      Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесіне байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.»;
      15) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «46-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртiбi

      Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.»;
      16) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
                пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
                қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Ведомствоның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бас мемлекеттiк инспектор болып табылады.
      2. Ведомство басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      5. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын ведомстволардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аға мемлекеттiк инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      6. Ведомстволардың аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары - лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын мамандары - тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.»;
      17) 52-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) объектілерге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;»;
      18) 55-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi уәкілетті орган бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.».
      80. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1) 6-баптың 6)7)8)8-1)10)10-1)11)14) және 14-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийiн құру және жүргiзу қағидаларын бекітеді;
      16) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
      17) техникалық регламенттерді бекітеді;
      18) әзірленген техникалық регламенттерді сараптауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не күшін жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұру не күшін жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;
      19) техникалық регламенттердi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшiн жою тәртiбiн белгiлейді;
      20) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
      21) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды бекiтеді;
      22) тауардың шығарылған елін айқындау және тауардың шығарылуы туралы сертификат беру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
      23) өнiмдi таңбалау тәртiбiн белгiлейді.»;
      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;»;
      «6-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;».
      81. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс
               саласындағы өкiлеттiктерi

      Қазақстан Республикасының Үкiметі:
      1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
      2) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
      3) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлетті органды айқындайды;
      4) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілетті органның ұсынуы бойынша жыл сайын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекiтедi;
      5) қорғаныс өнеркәсiбінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
      6) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын, әскери факультеттерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
      7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;
      8) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      9) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарын әзiрлеудi және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтi қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртiбiн белгілейдi;
      10) мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылықты жүзеге асырады;
      11) материалдық қорлар санаттарын бекітеді;
      12) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;
      13) қорғаныс мақсатында республика аумақтарын жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      14) әскери-көлiктік мiндеттілік туралы қағидаларды бекiтедi;
      15) әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;
      16) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
      17) азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждықтары үшін беру және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      19) пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерiн мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібiн белгілейді;
      20) әскери ынтымақтастық мәселелерi бойынша халықаралық келiссөздер жүргізу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;
      21) қорғаныс мұқтаждықтары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн айқындайды;
      22) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;
      23) қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қосарлы мақсаттағы өнімдердiң экспортын бақылауды ұйымдастырады;
      24) меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      2) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі:
      1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзiрлейдi;
      3) Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметi бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерi шегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша штат санын белгілейдi;
      4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізедi;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
      6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;
      7) қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
      8) Қарулы Күштерде әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
      9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;
      11) халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      12) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртiптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;
      13) өз құзыретi шегінде қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
      14) өндірістің барлық кезеңдерінде меншік нысандарына қарамастан, орындаушы кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері орналастыратын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      15) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылайды;
      16) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
      17) пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібіне сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік етеді;
      18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
      19) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;
      20) әскери мақсаттағы ғарыш техникасы мен технологияларын жасау саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;
      21) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
      22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
      23) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
      24) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын (бұдан әрі – Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) бекітеді;
      25) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе аппараттары қызметкерлерінің қызметі мен қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;
      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 26-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.».
      82. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      24-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждығын айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.».
      83. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң дене күшiн және арнайы құралдарды, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсілдерін, кiсендердi, резеңке таяқтарды, үй-жайларды ашатын, көлiктi мәжбүрлеп тоқтататын құралдарды, қызметтiк иттердi, сондай-ақ тiзбесiн Қарулы Күштер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері органдарының бірінші басшылары айқындайтын арнайы көлiк құралдарын қолдануға мына жағдайларда:».
      84. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 6-баптың 3) және 4-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, тобын және еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын айқындау қағидаларын әзiрлейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:
      жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін - жеке көмекші беру;
      есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын - жылына отыз сағат беру тәртібін бекітеді;»;
      3) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Медициналық-әлеуметтiк сараптама халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалауға сүйенiп жүзеге асырылады.»;
      4) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Санаторий-курорттық емдеу мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен ұсынылады.»;
      5) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiледi.».
      85. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
      1) 5-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш:
      1) Орталықтың бөлімшесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
      2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Орталықтың бөлімшесіне немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға не халыққа қызмет көрсету орталығына сұрау салуды жүзеге асырғандар өтініш берушіні ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.»;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жәрдемақы тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен тиісті уәкілетті орган жүргізеді.»;
      3) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.».
      86. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк
               кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды
               мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне:
      1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
      3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
      4) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      5) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақы мөлшерiн бекiту;
      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;
      7) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
      8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау тәртiбiн айқындау;
      9) оларға қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;
      10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту;
      11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту;
      12) ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiту;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеу;
      14) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшiн агроөнеркәсіптiк кешен салаларын айқындау;
      15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау;
      16) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.»;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi жөнiндегi мемлекеттің саясатын iске асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекiту;
      4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдау, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      7) мыналардың:
      агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
      азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;
      азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;
      8) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;
      9) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу;
      10) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін әзірлеу;
      12) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттiң саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзу;
      13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      14) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      15) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      20) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауына бақылауды, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі орындалуы міндетті ұйғарымды беруді жүзеге асыру;
      21) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
      23) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      24) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу;
      25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту;
      26) ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу және бекіту;
      27) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      28) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
      29) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
      30) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдiстемелiк басшылық жасау;
      31) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
      32) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру;
      33) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
      34) «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;
      35) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
      36) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;
      37) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуiн ұйымдастыру;
      38) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;
      39) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
      40) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;
      41) мыналарды:
      тұқым шаруашылығын дамытуды;
      мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
      акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
      басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
      тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
      өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
      жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
      отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
      кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
      шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын;
      ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
      ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындау;»;
      3) 11-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Агронеркәсіптік кешенді субсидиялау агронеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша:»;
      2) тармақша алып тасталсын.
      87. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75 құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 27-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын уәкілетті орган бекiтедi.»;
      2) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгілеу;»;
      3) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «30-бап. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
                актілерімен жеке кәсiпкерлiк өнiмдеріне,
                процестеріне қойылатын талаптарды белгiлеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің орындауы үшін мiндеттi өнiмдерге, процестерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.»;
      4) 33-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда белгіленеді.»;
      «3. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.».
      88. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      8) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін.
      Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      «20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды.»;
      3) 8-бапта:
      2)3)4)4-1)4-2) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-3) ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекітеді;»;
      7-1) және 7-2) тармақшалар алып тасталсын;
      4) 9-бап мынадай мазмұндағы 7-5), 7-6), 7-7), 7-8), 7-9) және 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-5) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
      7-6) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
      7-7) экономиканың әртүрлi салаларында (аясында) концессияның үлгiлік шарттарын бекiтедi;
      7-8) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
      7-9) концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;
      7-10) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;»;
      5) 10-бап мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
      7-3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;
      7-4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;
      7-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;»;
      6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      «10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
                  органның өкілеттіктері

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне:
      1) концессиялық жобаны консультациялық қолдауды қаржыландыру, концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.»;
      7) 15-1-баптың 5-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініміне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      8) 15-2-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      9) 20-бапта:
      1-тармақтың бесінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      «Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн жобаларға қойылатын критерийлер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессиялық шарт талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзедi.».
      89. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат, № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 7-баптың 4) тармақшасының екінші, алтыншы және оныншы абзацтары алып тасталсын;
      2) 8-баптың бірінші бөлігінде:
      5-1) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақшаның сегізінші абзацындағы «көлемдерін бекіту;» деген сөздер «көлемдерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;
      осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту;»;
      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу және бекіту;»;
      16-5) және 16-7) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 10-баптың 2-тармағының 3)5)6) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;»;
      «5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;
      6) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;»;
      «13) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;»;
      4) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;»;
      5) 40-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;».
      90. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат № 10, 52-құжат):
      1) 3-баптың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгілік шартты бекітеді;
      5-2) тұрын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
      3) 7-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      91. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 6-баптың 4)5)6)7)13) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      5) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1), 15-1), 21-1), 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5) және 23-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
      «15-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын айқындайды;»;
      «21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;»;
      «23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
      23-3) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      23-5) мәдениет және өнер саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
      23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;»;
      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;».
      92. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 2-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 6-баптың 3)5) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
      3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      «7-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның
                 құзыреті

      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
      4) 8-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын қоспағанда, оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу, уәкілетті органмен келісу және бекіту жатады.
      Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi және бекітуді, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;»;
      5) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензиялардың және оларға қосымшалардың нысандарын қоспағанда, лицензияның және оған қосымшаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.».
      93. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36- құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 5-баптың 7)10)12-1)13)15) және 19-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4) және 30-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту;
      5-2) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту;
      5-3) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекiту;
      5-4) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртібін айқындау;»;
      «30-4) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      3) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
      94. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
      1) 7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
      2) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ойын бизнесін ұйымдастырушының осы Заңның 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;».
      95. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
      1) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке тіркеу нөмірлерін қалыптастыруды қоспағанда, сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады әрi тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге ақпарат бередi;».
      96. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
      1) 20-бапта:
      1-1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
      5-тармақтың 2) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бугалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      «11) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      2) 22-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестiк.».
      97. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 6-баптың 2)3)3-1)4)6)7) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      3)5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «5) мыналарға:
      мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке;
      сарапшылық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
      6) мыналарды:
      шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын;
      шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін);
      мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу және бекіту;»;
      7) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
      17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
      18) мыналарды:
      мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын;
      мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидаларын;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын;
      мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасына сараптаманы субсидиялау қағидаларын;
      мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидаларын;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын;
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын;
      мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) мақта саласын дамыту жөніндегі техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
      3) 8-бапта:
      3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу;»;
      «6) уәкілетті органға стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу және оны мерзімінен бұрын аяқтау туралы өтініш беру;»;
      9) тармақшаның төртінші абзацындағы «қызметін бақылау;» деген сөздер «қызметін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «сараптама ұйымының мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылау;»;
      14) тармақшаның үшінші абзацындағы «пайдалану қағидаларын сақтауын бақылау;» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
      14-2) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;
      14-3) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрі олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      14-4) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      14-5) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайын бақылау;»;
      4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы заңнамасының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.»;
      5) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.»;
      6) 11-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сарапшылық ұйым осы Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сай бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.»;
      7) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
      8) 20-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мақта өңдеу ұйымдары облыстың жергілікті атқарушы органына мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген жеке тұлғалардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөр бедерінің үлгісін табыс етуге міндетті.
      8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдарының, мөр бедерінің облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынылатын карточкада көрсетілген қолдарының үлгілері мен мөр бедеріне сәйкес келмеуі осы мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.»;
      9) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мақта нарығын реттеу және мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында, мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы дербес және (немесе) тиісті мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, сондай-ақ мақта саласындағы мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысында мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізеді.»;
      10) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «30-бап. Мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары

      Тексеру нәтижелері бойынша мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын:
      1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беруді;
      2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізуді;
      3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуді қолдануға құқылы.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта өңдеуші ұйым оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.»;
      11) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізу үшін:
      1) тексерулер жүргізу кестесі;
      2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары) негіз болып табылады.»;
      12) 33-бап алып тасталсын;
      13) 34-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату не мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы.»;
      14) 35-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткізуді ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың артықшылықты құқығы болады.»;
      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілетті адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына табыс етуге;»;
      15) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «36-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату

      1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатылады.
      2. Уақытша басқару:
      1) мақта өңдеу ұйымы берілген мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтірген;
      2) басқа да мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға ықпал ететін жағдайлар болмаған кезде, уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарын ұстаушылардың мәлімделген барлық талаптарын толық көлемде қанағаттандырған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      Уақытша әкімшіліктің уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау үшін негіздердің болуы туралы актісінің негізінде қабылданатын уақытша басқару жөніндегі комиссияның ұсынысы соттың уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
      3. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгізуге әкеп соққан себептердің жойылуына байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімнен бұрын) осы мақта өңдеу ұйымына қатысты барлық шектеулерді жоюға әкеп соғады.
      4. Егер мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды және сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз беруге бастама жасайды.»;
      16) 37-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында кез келген негізде таратуға уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша таратылуы (ерікті түрде таратылуы) мүмкін, бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлама жіберіледі;».
      98. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 5-баптың 3)4)5)6 және 7) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекітеді;
      15) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекітеді;
      16) өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      17) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      18) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      19) өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      20) өнімнің кері экспортына рұқсат береді.».
      99. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 5-баптың 5) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
      2) 6-баптың 3-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) мыналарды:
      тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
      Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;».
      100. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 7-баптың 2) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 8-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеуді және бекітуді;»;
      6)11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:

      «8-1-бап. Инвестициялар және даму жөніндегі уәкілетті
                 органның құзыреті

      Инвестициялар және даму жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту жатады.

      8-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
      1) осы Заңда және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау;
      2) осы Заңның және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау және оны өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында тұтыну нарықтарына мониторинг жүргізу;
      3) өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) ұсынған ақпарат негізінде химиялық өнімнің адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексеру;
      4) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімнің өмірлік циклінің бір немесе бірнеше процесін тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру жатады.».
      101. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 19-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы;»;
      2) 4-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
      6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша сатып алуы;»;
      3) 5-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша, күнделiктi немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.»;
      4) 7-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;»;
      5) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік
                сатып алу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      3) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
      4) отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
      5) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
      6) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, сол кәсіпорындар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемдерін бекітеді;
      7) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
      8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      9) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
      10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      14-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
      2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;
      4) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды;
      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін айқындайды;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді;
      7) іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      8) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
      9) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
      10) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
      11) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын бекітеді;
      12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
      13) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
      14) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
      15) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын айқындайды;
      16) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
      17) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
      18) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      19) конкурстың не аукционның қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      20) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпарат пен материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.»;
      6) 32-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімі ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;»;
      7) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет аукционның нысанасы болып табылады.
      Тауарды (жұмысты, қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.»;
      8) 41-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 42-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын, уәкілетті орган белгілейтін арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.»;
      10) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «44-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде
                ұлттық режимді қолдану

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстармен, көрсететін қызметтермен тең талаптарда ұлттық режим Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда қолданылады.
      2. Елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау, құқықтық тәртібін, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында, уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге рұқсатқа тыйым салу және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге рұқсатты шектеуге құқылы.
      Көрсетілген тауарлардың шығарылған елін айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі оларға қатысты тыйым салуды, шектеулерді белгілеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, уәкілетті орган шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру талаптарын белгілеуге құқылы.»;
      11) 44-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тауарлар өндіретін және (немесе) тауарлар беретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар тізбесін және оларды енгізу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
      102. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган;»;
      6-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жергілікті атқарушы органдар оларды жасауды, өткізуді және айналысын тоқтата тұру туралы беретін нұсқаманы, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының нарығын қоспағанда, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама беру;».
      103. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде техникалық регламенттердің талаптарына ойыншықтардың сәйкестігін бақылау жатады.».
      104. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат):
      1) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      2) 18-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын және оның филиалдары жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.»;
      «5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      3) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасында жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
      105. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 4-баптың 6)9)14)17)18)22)26)27)28) және 29) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің, мәдениет, өнер және спорт саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келіседі;»;
      мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-2) мемлекеттік жалпы білім берудің білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;
      6-3) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;»;
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын келіседі;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
      8-2) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекітеді;
      8-3) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларын бекітеді;
      8-4) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;»;
      16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
      25) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      45-1) және 45-3) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      2-тармақта:
      16) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 24-6) және 24-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-6) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
      24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
      24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 21-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-4) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;»;
      4) 8-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
      106. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 2-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік – есепті кезең ішінде трансферттік бағаларды қолдана отырып жасалған мәмілелерді қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын салық қызметі органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер;»;
      2) 6-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тізбесін уәкілетті орган бекітетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады.»;
      «4. Мәмiлелер мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi және оларда мәмiлеге қатысушының мәмілелер мониторингі бойынша бекiтiлген есептiлiк нысандарын толтыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну тәртібі, сондай-ақ мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргiзу тәртібі қамтылады.».
      107. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат):
      1) 12-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сатып алушылар бөлінісінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»;
      2) 49-баптың 1) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы, қырқыншы, алпыс бесінші және жетпіс бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауарды өңдеу инвестиция және даму саласындағы уәкілетті орган белгілеген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес келген;
      тауар салық саясаты саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;»;
      «1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;»;
      «Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      «Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.»;
      3) 49-1-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      бесінші бөліктің 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады;»;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
      108. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 5-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
      2) 6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 14-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.»;
      «5. Егер тауар бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген критерийлердің ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға болып танылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.»;
      4) 32-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгiлеу қағидаларын монаполияға қарсы орган бекітеді.»;
      5) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Монополияға қарсы орган»;
      6) 39-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;»;
      9)14) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын әзiрлейді және бекітеді;»;
      «14) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржы ұйымдарына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;»;
      «16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені бекітеді;»;
      23) тармақша алып тасталсын;
      7) 40-бап алып тасталсын;
      8) 40-1-баптың 13 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
      «3. Монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған жағдайда, осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрме жiберіледi.»;
      «5. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару монополияға қарсы орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      9) 41-бап алып тасталсын;
      10) 42-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы істерді тергеп-тексерген, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындаған кезде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:»;
      11) 43-1-бап алып тасталсын;
      12) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-тарау. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы»;
      13) 44-бап алып тасталсын;
      14) 47-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тауарлардың өзара алмастырылу және оларды сатып алуға қолжетімділік, тауар нарығы шекаралары, оны талдау және бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау критерийлерін айқындау әдістемелерін - тауардың ерекшелігін және Қазақстан Республикасының экономиканың тиісті саласын реттейтін заңнамасын ескере отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша, ал қаржы ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша монополияға қарсы орган бекітеді.»;
      15) 79-бап алып тасталсын.
      109. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды.
      Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады.»;
      2) 7-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «8-бап. Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау
               саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
      3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      4) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге сұранысты бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
      6) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
      халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;
      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
      7) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
      жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      4) 9-бап алып тасталсын;
      5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның
                құзыреті

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
      3) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
      4) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді;
      5) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
      халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;
      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
      6) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      110. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 3), 4), 5), 6), 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекітеді;
      2-2) тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»;
      «7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;»;
      3-2), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      3-4) кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
      3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу органдары» және «атқарушылық іс жүргізу органының» деген сөздер тиісінше «әділет органдары» және «әділет органының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      111. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102 -құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;
      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
      2) 5-бапта:
      3)4)5)6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекітеді;»;
      7-3) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      3)4)7)8)10) және 10-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді әрі электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
      «7) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
      8) электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені айқындау тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
      «10) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығы орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасасатын шарттардың тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      10-1) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5), 10-6) және 10-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-4) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту тәртібін, мерзімдерін бекітеді;
      10-5) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;
      10-6) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
      10-7) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 9-баптың 8 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен өндірілетін электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.»;
      «10. Мемлекет уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде жеке тұтынушыларға атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.».
      112. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту
                саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті орган:
      1) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану жөніндегі шараларды әзірлейді.»;
      2) 14-бап алып тасталсын.
      113. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 5-баптың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-5) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
      3) 7-баптың 2-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;».
      114. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жеке тұлғаға сот-сараптама қызметiмен айналысуға беретiн рұқсат;»;
      2) 12-бапта:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына бiлiктiлiк куәлiгiмен расталатын сот сарапшысы бiлiктiлiгiнің болуы, оларды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комиссиялары аттестаттаған болуы және олардың Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуі тиiс.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сот сараптамасы органдарына алғаш рет жұмысқа кiретiн адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырумен аяқталатын арнайы кәсiптiк даярлықтан өтедi. Арнайы кәсiптiк даярлық қағидаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.»;
      3) 13-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.
      3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидалары мен олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
      4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Сот сарапшысын аттестаттау

      1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығы деңгейін айқындау мақсатында, олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.
      Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.
      2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидалары мен олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
      5) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;
      6) 16-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаны сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру:
      1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;
      2) оны аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығы деңгейінің жеткіліксіздігі салдарынан адамның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
      3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.
      Сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдардың негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады.
      Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған жеке тұлға қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.»;
      7) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар жеке тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттары мен қалыптастыру және пайдалану қағидаларын Әділет министрлігі айқындайды.»;
      8) 20-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары, оның ішінде сот-медициналық сараптамасын жүргізетін органдары;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдары жатады.»;
      9) 25-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көздеген ерекше жағдайлардан басқа, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;
      10) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот сараптамасы объектiлерiмен жұмыс істеу қағидаларын Әділет министрлігі белгiлейдi.»;
      11) 29-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;
      12) 31-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
      13) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымы мен мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
      14) 42-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсiптік даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органдарына жүктеледi.
      2. Сот-сараптамалық зерттеулердің әдiстемелерін әзірлеу, сынамалау және енгізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      15) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «43-бап. Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық
                зерттеулер әдiстемелерінiң мемлекеттiк тiзiлiмi

      Осы Заңның талаптарына сай келетiн сот-сараптамалық зерттеулердiң әдiстемелерi туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдiстемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттарын, қалыптастыру және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлейдi.»;
      16) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «46-бап. Сот сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық
                қамтамасыз ету стандарттары мен талаптары

      Сот сарапшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін арнайы жарақталған үй-жайлар болған кезде жүзеге асыра алады.».
      115. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.»;
      2) 3-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      3) 11-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;
      2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;
      5) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы, оның ішінде әдістемелерді бекітеді;
      6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;
      7) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, өзі белгілеген тәртіппен бастапқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;
      8) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;
      9) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      10) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын бірыңғай есептілік тізілімін әзірлейді;
      11) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      12) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      13) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      14) респонденттер бастапқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
      15) респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
      16) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;
      17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
      18) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;
      19) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін ғана пайдаланады;
      20) оларды уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы мемлекеттік статистика органдарын статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз етеді;
      21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;
      22) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады;
      23) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметіне оның уәкілетті орган бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді және сараптама жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
      24) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеруді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      25) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шеңберінде шарттар жасасады;
      26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
      5) 16-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге;»;
      6) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Статистикалық қызмет мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.»;
      7) 23-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
      116. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 3 және 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      2) 75 және 76-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «75-бап. Мемлекетке берiлетiн мүлiктi өткізу

      Мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде қылмыстық iс бойынша сот үкiмi негiзiнде не мүлiктi мемлекетке беру туралы шешiм негiзiнде тыйым салынған мүлiк мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі немесе пайдаланылады.

      76-бап. Құндылықтарды өткізу

      Борышкерден алып қойылған және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берiлген бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, зергерлiк және бағалы металдардан, асыл тастар мен iнжуден жасалған басқа да бұйымдар, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтары мен антиквариат уәкілетті орган белгiлейтiн қағидаларға сәйкес өткізіледі.»;
      3) 131-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.».
      117. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-баптың 7)8)9)10)10-1)11)12)13)14)15)15-1)17)18)19)20)21)22)22-1)23)24)25)26)28)29)30)31)32)33)34)35)36)37)38)39)40)41)43)45)46)47)48)49)50)51) және 53-1) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 14-бапта:
      20)21) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
      41-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-4) өзі бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 41-17), 41-18), 41-19), 41-20), 41-21), 41-22), 41-23), 41-24), 41-25), 41-26), 41-27), 41-28), 41-29), 41-30), 41-31), 41-32), 41-33), 41-34), 41-35), 41-36), 41-37), 41-38), 41-39), 41-40), 41-41), 41-42), 41-43), 41-44), 41-45), 41-46), 41-47), 41-48), 41-49), 41-50), 41-51), 41-52), 41-53), 41-54), 41-55), 41-56), 41-57), 41-58), 41-59), 41-60) және 41-61) тармақшалармен толықтырылсын:
      «41-17) азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-18) әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-19) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекітеді;
      41-20) сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекітеді;
      41-21) азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекітеді;
      41-22) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекітеді;
      41-23) аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекітеді;
      41-24) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекітеді;
      41-25) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
      41-26) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
      41-27) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
      41-28) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;
      41-29) азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекітеді;
      41-30) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      41-31) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
      41-32) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      41-33) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      41-34) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      41-35) аэроклубтар туралы үлгілік ережені бекітеді;
      41-36) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
      41-37) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      41-38) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекітеді;
      41-39) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекітеді;
      41-40) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекітеді;
      41-41) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-42) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электржарықпен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-43) Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      41-44) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-45) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді;
      41-46) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-47) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
      41-48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
      41-49) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      41-50) авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      41-51) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      41-52) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      41-53) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекітеді;
      41-54) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидаларын бекітеді;
      41-55) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      41-56) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
      41-57) авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
      41-58) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
      41-59) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;
      41-60) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекітеді;
      41-61) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
      3) 16-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін сертификаттық талаптарға сәйкес болған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) береді.»;
      4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әуеайлақтардың метеорологиялық органдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.»;
      5) 35-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттау тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      6) 40-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына алдын ала хабарлама беру шартымен, қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды береді.
      Азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды беру және қонбай орындалатын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарламалар беру тәртібі Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар берудің және рұқсаттар беруден бас тартуға негіздердің қағидаларында белгіленеді.»;
      7) 44-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына сәйкес, әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;
      8) 47-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалпы мақсаттағы авиация мақсатында авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      9) 54-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      10) 76-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Коммерциялық әуе тасымалдары әуе тасымалы шартының негізінде орындалады. Әуе тасымалы шарты авиакомпания не ол уәкілеттік берген тұлғалар (агенттер) беретін тасымалдау құжаттарын ресімдеумен куәландырылады.
      Жолаушылардың, багаждың және жүктердің коммерциялық әуе тасымалдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      11) 80-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын (облысішілікті қоспағанда) авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидилияланатын облысішілік авиамаршруттарға арналған конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
      Конкурсқа Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жіберіледі.
      2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар құзыреті шегінде авиакомпания авиамаршрутты пайдалану талаптарын орындамаған жағдайда одан авиамаршрутқа арналған куәлікті қайтарып алады.»;
      12) 90-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген объектілерді орналастыру жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      13) 93-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі уәкілетті орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.».
      118. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, биоотын өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
      2) 5-бап алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;»;
      3)8) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
      13-2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну тәртібін бекітеді;
      13-3) биоотын өндірісі мен айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;»;
      4) 7-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      «7-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
                 және астананың жергілікті атқарушы органдарының
                 құзыреті

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
      1) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
      2) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      3) биоотын өндіру зауытын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізеді;
      4) биоотын өндірісінің мониторингін жүргізеді;
      5) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді.»;
      6) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) биоотын етіп кейіннен өңдеу үшін тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан асатын көлемде пайдалануға;»;
      7) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Биоотын өндірісі саласындағы камералдық бақылау

      Биоотын өндірісі саласындағы камералдық бақылауды биоотын өндірушілер ұсынатын ведомстволық есептілікті, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, бақылау аспаптарының көрсеткіштерін зерделеу және талдау негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
      8) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бұзушылықтар анықталған (биоотын нарығына қатысушылар осы Заңның 20 және 21-баптарында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не оларды зерделеу және талдау кезінде бұзушылықтар анықталған) жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың биоотын айналымы саласындағы жергілікті атқарушы органы мұндай бұзушылық анықталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде биоотын нарығына қатысушыға хабарламаны табыс етеді.».
      119. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 11-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ол бекіткен тәртіпке сәйкес, сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін міндетті түрде өтеусіз беруге жатады.»;
      3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету қағидаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      2) 16-баптың 3)6)8)10)12)15)16)17)18)20)21)24)25)26)27)29)30)31)32)33)34)35)36)37)38)39)40)41)42)43)44)45)46)47)48)49)51)52)53)54)55)56)57)59)60) және 61) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 17-бапта:
      6)14)20) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында, ол бекіткен қағидаларға сәйкес, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;»;
      «14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін әзірлеу және бекіту;»;
      «20) модельдік келісімшарттардың жобаларын әзірлеу және бекіту;»;
      «22) келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), 27-3), 27-4) және 27-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «27-1) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
      27-2) Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту;
      27-3) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
      27-4) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
      27-5) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну тәртібін бекіту;»;
      4) 18-бапта:
      6)7)8)9)10)11)12)13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу тәртібін бекіту және оған рұқсат беру;
      7) жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту;
      8) мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін әзірлеу және айқындау;
      9) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      10) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      11) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      12) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      13) еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;
      14) мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты әзірлеу және бекіту;»;
      5) 19-бапта:
      3)5)6)9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;»;
      «5) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлеу және бекіту;
      6) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «9) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «12) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;»;
      15)16)17)18)21)22)23) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту;
      17) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үндестіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      18) тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатты беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      «21) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамтым жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
      23) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;»;
      «25) осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін бекіту, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «25-1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту;»;
      6) 20-бапта:
      6) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;»;
      «12) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8) және 32-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «32-1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекітеді;
      32-2) тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін бекітеді;
      32-3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін бекітеді;
      32-4) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
      32-5) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
      32-6) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
      32-7) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстың есебінен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      32-8) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін бекітеді;
      32-9) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау тәртібін бекітеді;»;
      7) 25-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың тәртібін белгілейді және мемлекеттік кадастрын жүргізеді;»;
      8) 26-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру кағидаларын белгілейді.
      4. Құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті орган құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру кағидаларын белгілейді.»;
      9) 27-бапта:
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 13-2) және 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-2) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді;»;
      «19-1) қалалар мен елді мекендердің аумақтарына құрылыс салу қағидаларын, жас екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;»;
      10) 35-баптың 568 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде қаттарға айдау үшін оларды барлау немесе өндіру не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды.»;
      «8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) жасасу арқылы ол белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;
      «10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.»;
      11) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      12) 61-баптың 2-тармағының бірінші абзацы және 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшартты (шартты) қоспағанда, келісімшарттың талаптары құзыретті орган бекітетін жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріліп айқындалуға тиіс және мынадай талаптарды:»;
      «9. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жасалады.»;
      13) 76-баптың 17)18)19)20)21-1)22) және 32) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
      18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
      19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамтым бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
      20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
      «21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      22) құзыретті орган бекіткен тәртіппен Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамаларының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті ұсынуға;»;
      «32) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;»;
      14) 77-баптың 23 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін құзыретті орган айқындайды.
      3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі міндетті түрде пайдаланылып немесе жер қойнауын пайдаланушының құзыретті орган бекіткен тәртіппен, Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналастырылған, жұмысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үндестірілген электрондық сатып алудың өзге де жүйелері пайдаланылып, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.»;
      «6. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың құзыретті орган белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстар құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.»;
      15) 84-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізу пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жоба өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісілген болса;»;
      16) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсiптік қауiпсiздiк жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.
      Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органы белгілейді.»;
      17) 91-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнайы жабдық өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке қойылуға тиіс.»;
      18) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөніндегі барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Ұңғымаларды салу жобалары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.»;
      19) 93-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншігіндегі не пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, мұндай мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргізуге өкілетті болған жағдайда тасымалдауды өзінің есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкілдерінің инспекцияларын жүргізу мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және ол теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.»;
      20) 95-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Теңізде барлау мен өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз құрылысында не отыз минутта қолжетімді жер шектерде теңізді тазалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшердегі тиісті жабдықтары, материалдары мен заттары болуға міндетті. Материалдарға, заттарға, олардың санына және қолжетімділікке нормативтер мен қойылатын талаптарды мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      21) 98-баптың 1 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкілетті органының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша, қоршаған ортаны қорғау және сақтау шартымен, теңізде мұнай операцияларын, ғылыми зерттеулер жүргізуге және басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды жасауға, іске қосуға және пайдалануға рұқсат беруге және оны реттеуге құқығы бар.»;
      «5. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді жасау, іске қосу және пайдалану мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізіледі.»;
      22) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Теңіздегі ғылыми зерттеулер құзыретті органға зерттеудің басталғаны туралы хабарлана отырып қана жүргізілуі мүмкін. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидаларын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      23) 101-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеуді жер қойнауын пайдаланушы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.»;
      24) 111-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және құзыретті орган бекітетін Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидалары негізінде жобалау мен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.»;
      25) 113-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жол беріледі.»;
      26) 114-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
      27) 115-баптың 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      «8. Жер қойнауын пайдаланушыларға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес шарттық негізде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетеді.»;
      28) 119-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын пайдаланушылар бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітетін арнаулы нысандар бойынша ұсынады.»;
      29) 120-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін құзыретті орган белгілейді.»;
      30) 121-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясының және пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті мен іс қағаздарын жүргізуі индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.»;
      31) 123-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      32) 124-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жедел алу, шешімдерді қабылдау, жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін және сарқынды суларды ағызатын жерлердің жай-күйін жоспарлы түрде бақылау мақсатында, жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді және оларды ұйымдастырады.»;
      «3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      33) 125-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
      34) 127-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып айқындайды.».
      120. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-бап. Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын
               талаптар

      Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.»;
      2) 12-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы «жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның объектіге жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында баруына қолданылмайды.».
      121. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 3-баптың 15)16) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту;
      5-2) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;»;
      3) 22-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.».
      122. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 13) және 22) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;»;
      «22) мемлекеттік мүлік тізілімі – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервтің мүлкін қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;»;
      2) 11-баптың 6)7)8)9) және 9-1) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 13-бапта:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;»;
      «3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып:
      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау;
      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды;
      4-2) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
      4-3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
      4-4) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау тәртібін айқындайды;
      4-5) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу қағидаларын бекітеді;»;
      4) 18-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 74-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.
      Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      «5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптары осы Заңда айқындалған шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік шартпен айқындалады.»;
      6) 75-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
      Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
      Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      «6. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының талаптары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      7) 96-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүлiктiк кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.»;
      8) 107-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;»;
      9) 120-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн кейiннен меншiгіне өтеусiз бере отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      10) 124-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік мекеме - тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша, ал мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша Әділет министрлігі бекіткен үлгі жарғының (жалпы ереженің) негізінде қызметін жүзеге асырады.»;
      11) 139-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңда көзделген жағдайларда, басшыны тағайындау, басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      12) 140-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
      13) 148-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің  мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      14) 184-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      7-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      15) 185-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкес әзірленеді және оларды мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестері (байқау кеңестері) бекітеді.
      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестері (байқау кеңестері) жүзеге асырады.
      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      16) 186-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін, коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) жергілікті атқарушы орган белгілейді.»;
      17) 198-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалған мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi (санаттары) болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      18) 200-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 201-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
      20) 202-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      «3. Мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қоюды республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлікке қатысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
      21) 211-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiкті:»;
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;»;
      6) тармақшадағы «көмбелерді (қазыналар үлесін) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.» деген сөздер «көмбелерді (қазыналар үлесін);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) тәркіленген;
      8) сот актілері негізінде мемлекеттің кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      22) 213-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі және 5-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу органы», «атқарушылық іс жүргізу органдары» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 215-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органы» деген сөздер «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру
                 ерекшеліктері

      1. Лауазымдық жағдайларына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған), құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген он айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлық болып есептеледі және мемлекеттік мүліктің құрамына түседі, ол арнаулы мемлекеттік қорды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және шарттарда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады.
      2. Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.
      3. Арнаулы мемлекеттік қорға сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.»;
      25) 217-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тағамдық өнiмдерді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және шығарылған елi белгісіз құрамында темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия жояды.».
      123. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 11-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;»;
      2) 6-баптың 3)4)5)6)7)8)9)10)11)12)12-2) және 12-3) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 7-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      5)9)15)18)21-1) және 21-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      «9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      «15) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;»;
      «18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      «21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21-3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      21-4) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 8-баптың 6)7)9) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7) дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      5) 9-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын келіседі;»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:»;
      6) 12-баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;»;
      «5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілік ұсынуға;»;
      7) 14-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.
      2. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгілейді.»;
      8) 18-баптың 8-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.»;
      9) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.»;
      10) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.»;
      11) 23-баптың 4-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.
      124. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат):
      1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақты құрудың немесе таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін уәкілетті орган құратын ведомствоаралық консультациялық-кеңесші орган;»;
      2) 4-баптың 7)8)8-1) және 8-2) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 5-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды бекіту;»;
      6) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту;
      8-2) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту;
      8-3) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту;»;
      11) тармақша алып тасталсын;
      4) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
      4-2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау;»;
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы «есебін жүргізу жатады.» деген сөздер «есебін жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау жатады.»;
      5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес ресімделген арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты уәкілетті органға енгізеді.»;
      6) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ұсынылған құжаттардың уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;»;
      7) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.».
      125. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат):
      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) республикадағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;»;
      «10-1) дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;»;
      3) 6-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
      126. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 8-баптың 1)4)6)9)10)11)13)14)15)16)17) және 18) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган):
      1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      3) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда, одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді;
      5) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекітеді;
      6) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
      7) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;
      8) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      9) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады;
      11) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекітеді;
      12) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      13) ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
      14) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекітеді;
      15) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекітеді;
      16) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
      17) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
      18) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекітеді;
      20) Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындайды;
      21) дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындайды;
      22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау үшін заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларының тізбесін ұсынады;
      23) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекітеді;
      24) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындайды;
      25) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді;
      26) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысады;
      27) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
      28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 25-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      127. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 5-баптың 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-баптың 6)7)8)11)12)13)14)18) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      7) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және оларды айқындау тәртібін бекітеді;
      8) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
      «11) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      13) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      14) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      «18) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      «20) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 7-бапта;
      2-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын келіседі;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      6-2) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;
      4) 15-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
      2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
      3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
      4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
      2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;
      3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
      4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.»;
      5) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ілеспе газ уәкілетті орган айқындаған көлемде оның шешімімен уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және талаптармен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарттың негізінде тартылатын инвестордың меншігіне беріледі.»;
      6) 20-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы жарты жылға арналған шекті бағаларын бекітеді.»;
      4-тармақ алып тасталсын.
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.»;
      7-тармақ алып тасталсын;
      7) 25-баптың 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмейтiн жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша жүргiзiледi.»;
      8) 29-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмеген жағдайда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша көлемдiк әдiспен жүргiзiледi.».
      128. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат):
      1) 4-баптың 7)10)11)12)14)15)17)18)19)20) және 21) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;»;
      13)15)16)17)19)20)21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;»;
      «15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      16) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      «19) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      20) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      21) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      22) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындайды;»;
      3) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Технопарктер қызметінің негізгі түрі - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
      129. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 4-баптың 4)5)6)7)8)9)10)11)12)13)14)15)17)18) және 19) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7), 6-8), 6-9), 6-10), 6-11), 6-12), 6-13) және 6-14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
      6-2) энергия тұтынудың нормативтерін, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;
      6-3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
      6-4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындайды;
      6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;
      6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
      6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
      6-8) электр қозғалтқыштардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
      6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;
      6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін бекітеді;
      6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
      6-12) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
      6-13) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды;
      6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді және бекітеді;»;
      19) тармақша алып тасталсын.
      130. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1) 6-баптың 3)4)5)6)7)8)9)10) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады, өткізеді;
      7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;
      12-2) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;»;
      14)15)16)17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және бекітеді әрі оның құрамына ұсыныстар енгізеді;»;
      3) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Телерадио хабарларын тарату желілері, меншік нысанына қарамастан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      4) 42-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмдерiн цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейiн кемiнде алты ай бұрын айқындайды. Цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмдерi туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдау саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланады.».
      131. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы киім үлгісінің түрлері мен сипатын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Арнаулы киім үлгісімен қызметкерлерді қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
      Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісін киіп жүру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
      2) 73-бапта:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша арнаулы нысандағы киіммен және басқа да заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі.
      Қызметкерлерге (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) алынбай қалған заттай мүліктердің орнына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді.
      4. Жекелеген санаттағы қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
      Жекелеген қызметкерлер санатын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша жүргiзiледi. Шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      3) 77-баптың 1234 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары қызмет өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебiнен арнаулы нысандағы киiммен және басқа да заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
      2. Казармалық жағдайдағы арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары қызметтi өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
      3. Арнаулы (әскери) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстар курсанттарына пошталық жөнелтiмдерi үшiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын мөлшерде қаржылай өтемақы төленедi.
      4. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары:
      1) стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде;
      2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) - 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде жүруге жұмсалған шығындарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша өтетуге құқығы бар.
      Арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.»;
      4) 78-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызметкерлердiң онымен үнемi бiрге тұратын отбасы мүшелерiне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) қызметкер орын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметтен шығарылған кезiнде, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жүрген көлiкпен жүргені үшін шығындары өтеледi.
      Қызметкердің орнын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкерді қызметтен босатқан кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен жүргені үшін шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      5) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мүлікті беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
      Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
      132. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат, № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.»;
      2) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін, Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
      3) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.»;
      4) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.»;
      5) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.»;
      6) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
      7) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «33-бап. Әскери мiндеттілердi әскери жиындарға шақыру

      Әскери мiндеттiлер:
      орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бұйрығының негізiнде әскери жиындарға шақырылады;»;
      8) 44-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Әскери қызметшілер мемлекет есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі:»;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:»;
      9) 46-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, демалыс ұзақтығы 40 тәулік болып белгіленеді.»;
      10) 48-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын мөлшерде пошта жөнелтімдеріне арналған өтемақы да төленеді.».
      133. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 5-баптың 4)5)7) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 6-баптың 4)5)7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      5) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «7) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      8) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 7-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:».
      134. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
      21-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу органдарына» және «атқарушылық іс жүргізу органының» деген сөздер тиісінше «әділет органдарына» және «әділет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
       135. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат; № 9, 51-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салым шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында қарапайым жазбаша нысанда жасалады.»;
      2) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы банк білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.».
      136. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат):
      1) 6-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 8-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 9-бапта:
      3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «7) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекітеді;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
      5) 13-баптың 1-тармағында:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттарды әзірлейді және бекітеді.
      Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын.
      137. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат):
      1) 6-бапта:
      2) және 6-2) тармақшалар алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      9-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-2) баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 9-6) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-6) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
      3) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық атқарушы орган белгілейді.»;
      4) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.»;
      5) 28-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң салық органы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
      6) 34-баптың 9-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Орталықпен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;».
      138. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 14, 73-құжат):
      1) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өзінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттарды ұсынуға;»;
      2) 10-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 11-бап мынадай мазұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекітеді;».
      139. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 20, 113-құжат):
      1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен және (немесе) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және бекітеді.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.».
      140. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) қала құраушы заңды тұлға – өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын заңды тұлға;»;
      2) 12-бапта:
      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілік емтиханын өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      3) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әкімшінің негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері мен оны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      4) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Камералдық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
      5) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы бапта көрсетілген хабарламаларды жіберудің тәртібін, нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаның орындалуы туралы есептің тәртібін, мерзімдері мен нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
      6) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-бап. Әкімшілердің ағымдағы және сұратылатын ақпаратты
                ұсыну және қабылдау тәртібі

      Ағымдағы және уәкілетті орган сұрататын оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты әкімші уәкілетті органға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.»;
      7) 48-баптың 2-тармағындағы «алқасына», «атқарушылық iс жүргiзу органына» деген сөздер тиісінше «палатасына», «әділет органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 53-баптың 2-тармағындағы «алқасына», «атқарушылық iс жүргiзу органына» деген сөздер тиісінше «палатасына», «әділет органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 61-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың өтінішхаты негізінде оның есебінен өтеледі.»;
      10) 68-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «тоқтатыла тұрады» деген сөздер «тоқтатылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 86-баптың 2) тармақшасындағы «алқасына» және «аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына» деген сөздер тиісінше «палатасына» және «аумақтық әділет органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 99-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Борышкердің (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу тәртiбiн және оны ұйымдастырушыны уәкілетті орган айқындайды.»;
      13) 119-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.».
      141. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат):
      1) 1-бапта:
      17)18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) азаматтық қорғау органдары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері және оның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер;
      18) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтық қорғау саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қызметі;
      19) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      мынадай мазмұндағы 19-1) және 32-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ведомствосы;»;
      «32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
      қауіпті өнеркәсіптік объектілерде пайдаланылатын, қадағалауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер;
      бақылауын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;»;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) материалдық құндылықтар – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажетті, белгілі бір номенклатура мен сақтау көлеміндегі тауарлар;»;
      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «39-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      51) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «51) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
      52) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;»;
      мынадай мазмұндағы 52-1) және 52-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      «52-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ведомствосы;»;
      2) 4-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;»;
      3) 5-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.»;
      3-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қамтамасыз етеді.»;
      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аумақтық деңгейде – жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқын құлақтандыру үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі не төмен тұрған әкім, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;»;
      4) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшелерінде құрылады.»;
      5) 7-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Республикалық деңгейде уәкілетті органның шешімімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылады.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті атқарушы органдардың басшылары – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар төрағаларының орынбасарлары болып табылады.»;
      6) 11-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв салаларында оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;»;
      5), 7), 8), 10), 13), 14), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 27), 28), 29), 30), 35), 36), 37), 47), 49), 50), 51), 53), 54), 55), 56), 57), 60), 61), 66), 67) және 68) тармақшалар алып тасталсын;
      7) 12-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;»;
      8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;»;
      14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;»;
      17), 18) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекітеді;»;
      39) тармақша алып тасталсын;
      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «45) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;»;
      46), 47), 49) және 51) тармақшалар алып тасталсын;
      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «52) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою үшін мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      53) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «58) азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін белгілейді;»;
      59), 60), 61), 62) және 65) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5), 70-6), 70-7), 70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21), 70-22), 70-23), 70-24), 70-25), 70-26) және 70-27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «70-1) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекітеді;
      70-2) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекітеді;
      70-3) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
      70-4) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
      70-5) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      70-6) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекітеді;
      70-7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      70-8) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
      70-9) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекітеді;
      70-10) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекітеді;
      70-11) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;
      70-12) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекітеді;
      70-13) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекітеді;
      70-14) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;
      70-15) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;
      70-16) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      70-17) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      70-18) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттер құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекітеді;
      70-19) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекітеді;
      70-20) Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекітеді;
      70-21) сүңгуірлік жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
      70-22) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің саны нормативтерін бекітеді;
      70-23) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
      70-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құүтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
      70-25) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
      70-26) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларын бекітеді;
      70-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізі болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары болады.
      Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің жауынгерлік жалауының сипатын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      8) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:

      «12-1-бап. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы
                  уәкілетті органның құзыреті

      Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезіндегі шығыстардың көлемі, құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастырады;
      5) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік резерв жүйесін басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;
      7) мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
      9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтарды түгендеуді жүзеге асырады, түгендеуді жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тартады;
      10) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасасылған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
      11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді;
      12) жаңарту тәртібінде мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
      13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      14) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
      15) Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді;
      16) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жібереді;
      17) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізеді;
      18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      12-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті
                 орган

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілері мен стандарттарының жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
      4) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
      7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;
      8) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
      9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
      10) мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
      11) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
      12) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келіседі;
      13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардың, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
      14) өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін, оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
      15) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
      16) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;
      17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;
      19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
      20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      9) 13-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
      9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      10) 14-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті органды, ал әскери басқарудың жергілікті органдары арқылы – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тиісті дәрежедегі жауынгерлік әзірлікті енгізу туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандырады;»;
      11) 15-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, олардың алдын алуды және оларды жоюды қамтамасыз етеді.»;
      3-тармақтың 20) тармақшасындағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      22) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру жатады.»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, уәкілетті органға оның ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен оның ведомствосына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға және жөндеуге жәрдем көрсетуге құқылы.»;
      12) 16-бапта:
      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың және олардың мемлекеттік инспекторларының сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге;»;
      3-тармақтың 9), 12), 19) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа және жұмыскерлерге авариялар туралы және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабар беруге;»;
      «12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беруге;»;
      «19) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы бұларды жүзеге асырғанға дейінгі кемінде күнтізбелік үш күн бұрын жазбаша хабарлауға;
      20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;»;
      13) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қоғамдық бірлестіктер зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек көрсету жөніндегі өз қызметін уәкілетті органмен немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен үйлестіреді, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрініс табуға тиіс.»;
      14) 19-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғанысының тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады.»;
      8-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті орган мен оның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне;»;
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерде және мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдардың бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.»;
      15) 20-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілiктi атқарушы органдары уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнiнде ұсыныстар дайындайды және бекiту үшiн уәкілетті органға жiбередi.»;
      16) 24-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті органның, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көлік-жолаушылар ұшуын;»;
      17) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға құқылы.»;
      18) 33-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде, авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен шығыстары төлене отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгiлеген нормалар бойынша тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуге және тұруға құқығы бар.»;
      19) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтау мақсатында жүзеге асырады.»;
      20) 37-баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.»;
      21) 38-бапта:
      3-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.»;
      22) 39-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.»;
      23) 46-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшылары уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді.»;
      24) 50-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жедел штаб бастығы болып төтенше жағдайды жою басшысының орынбасары болып табылатын, уәкілетті органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тағайындалады.»;
      25) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, өрт қауіпсіздігі саласындағы оның ведомствосынан, аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерден және уәкілетті орган ведомствосының білім беру ұйымдарынан тұрады.»;
      26) 63-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы және қорғаныс, әуе, ішкі су және теміржол көлігі, мемлекеттік орман қоры объектілеріндегі өрттерді сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту тәртібі уәкілетті орган мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы келісімдермен регламенттеледі.»;
      27) 68-бапта:
      3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және оны уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.»;
      4 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өртке уақтылы ден қою үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.»;
      «9. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.»;
      28) 71-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қауіпті өндірістік объектілерге осы Заңның 70-бабында белгіленген белгілері бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына сәйкес солай деп сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа да объектілері жатады.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «лифтілер жатады.» деген сөздер «лифтілер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.»;
      29) 72-бапта:
      23 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау үшін заңды тұлға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
      1) өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
      2) ұйымның мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанында мәліметтерді ұсынады.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау туралы құжаттарды қарауды, олар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда тіркелген күннен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган қарау қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беру немесе аттестатты беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»;
      7-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғалған, бүлінген аттестаттар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйым (бұдан әрі – аттестатталған ұйым) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш (аттестаттың жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын беруді жүргізеді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Аттестатталған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады және (немесе) ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берілген және өз қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.»;
      30) 74-бапта:
      1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен электрондық құжат нысанындағы өтінішті және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін береді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:»;
      245 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде оларды қолдануға рұқсат береді.»;
      «4. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде, оларды қолдануға берілген рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қайтарып алады.
      5. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      31) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған
                бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын
                жүргiзуге рұқсат беру

      1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдау сынақтары актісін және аттестатталған ұйымның сараптама қорытындысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.
      2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына өтініш берушінің, аттестатталған ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi енгізілуге тиiс.
      3. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган мыналарды:
      1) жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне бақылау сынақтарын;
      2) өндiрiстiк жағдайларда қабылдау сынақтарын қамтитын сынақтар кешенiн жүргiзгеннен кейiн бередi.
      4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      32) 76-баптың 67 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Декларацияға тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанында өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесімен бірге береді.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
      7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
      8. Тіркелген декларациялардың тізбесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      33) 77-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қойған, есептен шығарған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында және қауіпті техникалық құрылғының паспортында тиісті жазба жасалады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
      34) 79-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.»;
      8 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
      Өзге де заңды тұлғалардың басшылары және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.»;
      «12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.»;
      35) 81-баптың 1-тармағының екінші бөлігі және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйым оқу дабылдарын және аварияларға қарсы жаттығулар өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабар береді.
      2. Оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығуды ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесінің және кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдерімен бірлесіп өткізеді.»;
      36) 82-бапта:
      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қауіпті өндірістік факторлардың туындағаны және болған оқыс оқиға туралы жұмыскерлерге, төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға дереу хабар береді;
      2) бір тәулiк iшiнде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне хабар береді;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) болған авария туралы объектіге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде - төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа және жұмыскерлерге дереу хабар береді;»;
      37) 83-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өкілінің төрағалық етуімен комиссия жүргізеді.»;
      38) 87-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым аварияларды тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмдерi туралы жазбаша ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне береді.
      3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық ақауларынан болған болса, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым оны дайындаушыға рекламация, ал өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.»;
      39) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «89-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi

      Мемлекеттiк резерв жүйесiн мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi орган, мемлекеттік резерв саласындағы құрылымдық бөлімше және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары құрайды.»;
      40) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды беруге тапсырыс берушi ретінде әрекет етеді.»;
      41) 93-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.»;
      42) 94-баптың 37 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар қабылдау үшін пайдалану мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.»;
      «7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi орган алушымен шарт (келiсiмшарт) жасасады.»;
      «10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резерв тауарларын сатып алуы мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік резерв саласындағы оның құрылымдық бөлімшесінде жүргiзiледi.»;
      43) 96-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарларға бағалар мониторингiн жүргiзедi және бағалардың нарыққа реттеушiлiк ықпал етуі орынды болатын деңгейге жеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметiне сауда қызметiнiң субъектiлерi - шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемiн, сауда үстемеақысының бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жүзеге асырады. Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.»;
      44) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын
                есепке алу

      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
      45) 100-баптың 137 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтық қорғау органдары уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, сондай-ақ өзге де жұмыскерлер қатарынан алынған қызметкерлерден жасақталады.»;
      «3. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.»;
      «7. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнайы киім-кешек киеді.
      8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.»;
      46) 101-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының және ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың өзге де қызметкерлері нысанды киіммен және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.»;
      47) 102-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық қорғау органдарына және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.».
      142. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 9-баптың 4), 6), 9), 11) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 10-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;»;
      3) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
      5-2) шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
      5-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекітеді;
      5-4) шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;»;
      4) 16-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және ішкі істер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;»;
      «5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдардың бірінші басшысы бекітетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тiркемелерiн мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;»;
      5) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оны жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен келісуге және бекітуге жатады.»;
      6) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) рельстік көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық ақаулары болған, сондай-ақ, егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сай болмаған;»;
      7) 76-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жүзеге асырылады.»;
      8) 89-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
      143. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.»;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      3) 6-бапта:
      1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;»;
      4) 7-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары құрайды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Азаматтық қорғау органдарының құрамы және оның қызметін ұйымдастыру «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.»;
      5) 8-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.»;
      6) 10-баптың 5), 6), 7), 8), 14) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
      7) 11-бапта:
      24) тармақшаның жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он үшінші және он алтыншы абзацтары алып тасталып, он бесінші абзацтағы «паспортын» деген сөз «паспортын әзірлейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын;
      атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын;
      есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын;
      қылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені;
      жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын;
      жекеше күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін;
      жекеше күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерге арнаулы киім үлгісі мен оны киіп жүру тәртібін.».
      144. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 1-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;»;
      2) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады.»;
      3) 10-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) лицензиарларды және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсатты беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;»;
      5), 6), 7), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
      4) 11-бапта:
      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысанын әзірлеу және бекіту;
      4) хабарлама нысанын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық акті әзірлеу және бекіту;
      5) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      13) тармақша алып тасталсын:
      5) 12-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу әрі рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
      4) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
      6) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтініш берушінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру;»;
      7) 15-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
      8) 19-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары жатады.»;
      9) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.»;
      10) 25-баптың 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде», «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер тиісінше «Нормативтік құқықтық актілерде», «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 33-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;»;
      12) 34-баптың 7-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «Нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 38-бапта:
      1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру қағидалары және осы Заңда рұқсат беру тәртiбi көзделген қызметтi немесе әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру қағидалары нормативтік құқықтық актілерде бекiтіледi.»;
      14) 39-баптағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 41-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 42-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 46-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» және «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер тиісінше «Нормативтік құқықтық актілерде», «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 51-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 2-қосымшада:
      17-жолда:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Үкіметінің қаулысы» деген сөздер «Ішкі істер министрінің бұйрығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      145. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1-бапта:
      18-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      24-тармақ алып тасталсын;
      31-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      36-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 55-2) және 55-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «55-2) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк беру тәртiбiн бекіту;
      55-3) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiктiң нысанын әзiрлеу және бекiту;»;
      2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      48-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
      52-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:»;
      3) тармақшадағы «көшiрмесiн қоса бере отырып, шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жiбередi.» деген сөздер «көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтің басталғаны туралы хабарлама жiбередi.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      59-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      71-тармақ алып тасталсын;
      79-тармақтың 1) тармақшасының он екінші және он төртінші абзацтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      146. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 65-құжат):
      1) 1-бапта:
      2-тармақтың 11) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;
      2) акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерiнен Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
      4-тармақта:
      3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;
      4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
      2) 2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын,» деген сөздер алып тасталсын.
      147. 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
      1) 6-баптың 2), 6) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      41) және 42) тармақшалар алып тасталсын;
      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
      57) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 60) және 61) тармақшалармен толықтырылсын:
      «60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;»;
      3) 8-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша алып тасталсын:
      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      20-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
      20-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
      14-2) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      14-3) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;».
      2-бап. Өтпелі ережелер
      1. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап:
      1) осы Заңның 1-бабы 114-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «8) 20-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      1) өкілеттіктеріне, оның ішінде сот, сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық ұйымдары жатады.».
      2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
      3. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап:
      1) осы Заңның 1-бабы 114-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Сот сараптамасы органдары

      Сот сараптамасы органдарына өкілеттіктеріне сот сараптамасын жүргізу, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары жатады.».
      4. Осы Заңда көрсетілген қосымша нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бұрын тиісті қатынастарды реттеген қосымша нормативтік құқықтық актілер қолданылатын болады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3-бап.
      Осы Заң:
      1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 14 және 15-тармақтарын139-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын;
      2) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес белгіленген мерзімдерде қолданысқа енгізілетін 1-баптың 144 және 145-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев