Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өз

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 15-V Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.10.2014 № 1119 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасында:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.4-бөлімдегі екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %, 2012 ж. – 60,8 %, 2013 ж. – 65 %, 2014 ж. – 70 %.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов