Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 101-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 317-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «317-12-бап. Өтініш беру
      Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді.»;
      2) 317-15-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот шешімін орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат):
      1) мазмұнындағы 560-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «560-1-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті
                 орган»;
      2) 543-бапта:
      бірінші бөлік:
      «446 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «447-1 (екiншi бөлiгiнде), 447-3,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «466 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «467-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      6) тармақша «464-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «467-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша:
      «247,» деген цифрлардан кейін «447-1 (екінші бөлігінде), 447-3,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «466 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «467-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 548-бапта:
      бірінші бөлікте:
      «247,» деген цифрлар алып тасталсын;
      «447-1, 447-2, 447-3,» деген цифрлар «447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің үшінші абзацында:
      «247,» деген цифрлар алып тасталсын;
      «447-1, 447-2, 447-3,» деген цифрлар «447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 560-1-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «560-1-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті
                 орган
      1. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      5) 576-4-бапта:
      бірінші бөліктегі «309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «309-2 (бiрiншi – үшінші бөлiктерiнде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «309-2 (бiрiншi – үшінші бөлiктерiнде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      он сегізінші абзацтағы «309-2 (төртінші бөлігі), 356 (үшінші бөлігі)-баптар» деген сөздер «356 (үшінші бөлігі)-бап» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма тоғызыншы абзацтағы «357-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
      елу бесінші абзац:
      «309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi),» деген сөздерден кейін «309-2 (төртінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «346-352» деген цифрлардан кейін «, 374-1, 375» деген цифрлармен толықтырылсын;
      алпысыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (375-бап (екінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);».
      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      2) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      1-2) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      «7-1) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 14-1-бапта:
      1-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      14) тармақшадағы «дайындау жатады.» деген сөздер «дайындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау жатады.»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, оның ішінде мақсатына сай емес пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау жатады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      «18-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау;»;
      4) 16-бапта:
      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 17-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 18-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын.
      4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      13-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақша алып тасталсын;
      18-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      2-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын.
      5. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;»;
      16) тармақша «мелиорациялық» деген сөзден кейін «(агроорман-мелиорациялық, агротехникалық, гидромелиорациялық, химиялық)» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 36-баптың 5) тармақшасындағы «ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 37-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      8) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
      4) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      5) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      6) 95-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жай-күйi судың әсерiне байланысты болатын құрғақшылық, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды жерлердiң жай-күйін жақсарту мақсатында жердi гидромелиорациялау жүргізіледі.»;
      7) 135-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзiп беру және» деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «қаржыландыру;» деген сөз «қаржыландыру болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:».
      6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) мазмұнындағы 17-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      2) 1-бапта:
      бірінші абзацтағы «1. Осы Кодексте» деген сөздер «Осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алып тасталсын;
      47) тармақшадағы «мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 17-бап мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6) және 1-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-3) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      1-4) құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
      1-5) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      1-6) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
      1-7) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;»;
      4) 17-1-бап алып тасталсын;
      5) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;».
      7. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 17-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның
               құзыреті»;
      2) 1-баптың 1-тармағының 22) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      23) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;»;
      3) 12-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.»;
      4) 16-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3-2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
      3-3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;»;
      «21-1) үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;»;
      5) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның
              құзыреті
      Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
      5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
      10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді.»;
      6) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      7) 22-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларына тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;»;
      8) 23-баптың 2-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, қызметкерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;»;
      9) 147-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтату туралы ақпаратты ішкі істер органына бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын Ішкі істер министрлігі айқындайды.»;
      10) 282-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiмде жұмыс берушi мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi.»;
      11) 307 және 309-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
               саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және
               қадағалау
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және өз құзыретіне сәйкес өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
      «309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
                саласындағы мониторинг және тәуекелдерді
                бағалау
      Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.»;
      12) 314-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;»;
      13) 317-баптың 1-тармағының 7) және 10-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салу бойынша өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жағдайларының, қауiпсiздiгiнің және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты беруге;»;
      «10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек инспекциясы жөнiндегi тиісті жергілікті органға ұсынуға;»;
      14) 322-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен немесе оны көрген адам жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты әрбір бастапқы келген жағдай туралы жұмыс берушілерді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.»;
      15) 323-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;»;
      16) 325-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
      төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.»;
      17) 328-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
      2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.»;
      18) 335-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе актілеріне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шыққанға дейін оның актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оларды кері қайтаруға құқылы.».
      8. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 1-тармағында:
      14-1) тармақша алып тасталсын;
      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 23-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «жабуға жұмсалады.» деген сөздер «жабуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде жұмсалады.»;
      3) 26-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімдері негiзiнде жасалады.
      4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      5) 31-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.»;
      «5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы негiзге алына отырып айқындалады.»;
      6) 32-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      7) 39-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.»;
      8) 41-1-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.»;
      9) 46-баптың 12-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;
      10) 53-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшаның он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      6) тармақша мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «көші-қон саясатын іске асыру;»;
      7) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;»;
      11) 54-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      11) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»;
      12) 55-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      11) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»;
      13) 56-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.»;
      14) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;
      15) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.»;
      16) 61-бапта:
      567 және 7-1-тармақтар алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібін және мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      17) 64-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті әзірлейді.»;
      2-тармақтағы «мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар мен» деген сөздер «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 65-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.»;
      «3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      19) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
      20) 67-бапта:
      6-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;»;
      «6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.»;
      10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.»;
      «13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      21) 68-бапта:
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;
      3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар:»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.»;
      22) 71-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      «6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»;
      23) 74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы
1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылатын, кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.»;
      24) 79-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті атқарушы органдардың мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.»;
      25) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.»;
      26) 81-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:»;
      27) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»;
      28) 96-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
      5-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін, осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
      29) 107-бапта:
      4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстар, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.
      4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджет жобасы бойынша ұсынысы негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»;
      30) 112-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелері туралы және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат жібереді.»;
      31) 151-баптың 8-тармағының екінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
      «Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.»;
      32) 156-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.»;
      33) 157-баптың 10-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      34) 159-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      35) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау
      Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:
      1) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауын;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын;
      3) бюджет комиссиясының бюджеттік өтінімді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысын қарауын;
      4) бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауын қамтиды.».
      9. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
      1) 37-1-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер жiбередi.»;
      2) 541-баптың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.»;
      3) 557-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшадағы «бюджеттік», «Бюджеттік», «лауазымды тұлғалардың» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік», «Мемлекеттік», «лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) салық берешегінің, салық құпиясын құрайтын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ ішкі істер органдарына береді;»;
      4) 582-баптың 1) тармақшасында:
      «және таратуды» деген сөздер алып тасталсын;
      «құрылымдық бөлiмшелердiң тiркеу есебiне алуды, оларды қайта тiркеудi, тiркеу есебiнен» деген сөздер «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 583-баптың 1-тармағында:
      «және таратуды», «, таратылған» және «, таратылғаны» деген сөздер алып тасталсын;
      «құрылымдық бөлімшелерді» деген сөздердің алдынан «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «құрылымдық бөлімше» және «құрылымдық бөлімшенің» деген сөздердің алдынан тиісінше «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген,» және «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 598-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшада:
      «және таратуды» деген сөздер алып тасталсын;
      «құрылымдық» деген сөздің алдынан «заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылғандығын мемлекеттік тіркеуді,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ішкі істер органдарына – мұндай органның сұрау салуы бойынша;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша – сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.».
      10. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;»;
      29) тармақша алып тасталсын;
      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «49) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған стандарттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      2) 9-баптың 2-тармағында:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;».
      11. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
      1) 114-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынуға;
      3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органын өз қызметінің басталғаны туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;»;
      2) 120-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.».
      12. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы
20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы iстер министрлiгi және Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.».
      13. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы
21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      25-баптың екінші бөлігінің 16) тармақшасындағы «бақылауды;» деген сөз «бақылауды қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақшасы алып тасталсын.
      14. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы
19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
      28-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.».
      15. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат):
      1) 4-2-баптың бірінші бөлігіндегі «өз құзыретi шегiнде көшi-қон процестерiн реттеудi және халықтың көшi-қоны саласындағы жұмысты үйлестiрудi жүзеге асыру,» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 10-баптың 1-тармағында:
      25-1) тармақша алып тасталсын;
      25-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-2) босқындар мәселелерi жөнiндегi жұмысты үйлестiруге;»;
      25-3) және 25-4) тармақшалар алып тасталсын.
      16. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 13-баптың үшінші бөлігінде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «құзыреті шегінде уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi, оның ішінде мүлікті реквизициялау жөніндегі іс-шараларды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес орындауды ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияларды құрады және олардың құрамын айқындайды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары болып, ал уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары комиссия төрағаларының орынбасарлары болып табылады;
      бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруда, сондай-ақ үйлер мен ғимараттар салуда, оларды реконструкциялауда және жөндеуде уәкілетті органға жәрдемдесуге құқылы;»;
      2) 20-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұрын бекiтiлген жоспарларға сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тарта отырып, уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп жергiлiктi атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегі бiрiншi кезектегі iс-қимылдарды ұйымдастырады.».
      17. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 7-1-баптың 6) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;»;
      3) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
      1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:
      1) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;
      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралы салығын төлегенін немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
      3) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
      2. Жергілікті атқарушы орган құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының
және оның тіркемелерінің иесіне халықаралық техникалық байқау сертификатын береді.
      3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның
тіркемелерінің иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
      4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.
      5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
      Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын
алу үшін көлік құралының иесі жергілікті атқарушы органға
өтініш береді және халықаралық техникалық байқау сертификатының
телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынады.
      Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі жергілікті атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
      6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және үстіңгі оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын береді.
      7. Көлік құралының иесі халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынбай өтініш берген жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
      8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты міндетті немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлікте көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.»;
      4) 19-3-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жергілікті атқарушы органдардың келісуімен қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін жасауға;».
      18. «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) халықты және ұйымдарды өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы хабардар етеді;»;
      2) 8-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      19. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 10-8) және 10-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) тұрғын үй қатынастары саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      «10-8) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асырады;
      10-9) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдарға басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізудің әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;»;
      2) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
      20. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
      22-баптың екінші бөлігінің екінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;»;
      «уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;».
      21. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы
9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 13-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      2) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
      22. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 7-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) өсімдіктер карантині саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      4) тармақша алып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;»;
      3) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
      23. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 1-баптың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) уәкiлеттi орган – құзыретi шегiнде қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеудi, сондай-ақ мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      3) 6-1-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      3) және 5) тармақшалар алып тасталсын.
      24. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
      1) 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;»;
      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының штат санының ең төменгі нормативтерінен тыс жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi шегінде қосымша штат санын жылына бір реттен артық емес бөлуге құқығы бар;»;
      3) 29-баптың 1-тармағында:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;»;
      11) тармақшадағы «Республикасы» деген сөз «Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      «25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.»;
      5) 33-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;»;
      6) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6), 12-7) және 12-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;».
      25. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;»;
      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-8) және 5-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;»;
      3) 8-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.»;
      4) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдарда ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.»;
      5) 22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.».
      26. «Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      20-баптың 3) тармақшасындағы «бюджеттiк» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      27. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 20-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-2) жобаларға сараптама (мемлекеттік сараптаманы қоса
алғанда) жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың сарапшылық
комиссияларды құруының қағидаларын әзірлеу мен бекіту және сараптамаға қатысу үшін мамандар тарту;»;
      2) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      3) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;».
      28. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;»;
      2) 9-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «жол органдарының», «жол органдары» деген сөздер тиісінше «жол органының», «жол органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      4) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      5) 18-бапта:
      тақырыптағы «Жол органдарының және олардың» деген сөздер «Жол органының және оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 және 2-тармақтардағы «Жол органдары», «автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң», «Жол органдарының» деген сөздер тиісінше «Жол органы», «Автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының», «Жол органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 19-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Жол органдарының», «Жол органдары» деген сөздер тиісінше «Жол органының», «Жол органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жол органдарымен» деген сөздер «жол органымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 25-баптың 3-тармағындағы «жол органдарымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      29. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 17) тармақшасындағы «және мемлекеттiк саясатты iске асыруды» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      3) 9-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      4) 14-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.».
      30. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;»;
      21) тармақшадағы «саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды» деген сөздер «саласындағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) жануарлардың энзоотиялық аурулары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалымен сипатталатын жануарлар аурулары;»;
      40) тармақшадағы «уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      17) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-6) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-6) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;»;
      3) 8-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      5) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
      34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын бекіту;
      35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;»;
      4) 10-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      17-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;»;
      1-1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «32-1) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
      32-2) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;»;
      5) 11-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 22-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
      31. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
      1) 7-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 16-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.».
      32. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;»;
      2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар-жоқ екендігі және тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалық немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.»;
      3) 51-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-2) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;».
      33. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 34) және 36) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор – жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;»;
      «36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 6-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-2) тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      3)8)9) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды;»;
      22)23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
               және астананың жергілікті атқарушы органдарының
               құзыреті
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
      5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;
      6) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;
      7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
      8) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
      9) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
      10) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      11) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша келіседі;
      13) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
      14) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      15) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      16) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүргізеді;
      17) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      4) 8-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк 
              инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi
      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тиiстi лауазымдарына «Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлардың:»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;»;
      5) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.»;
      6) 19-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      7) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өткізілуге тиiс тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.».
      34. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.»;
      2) 13-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) автомобиль көлігі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      7) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 6-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      «6-1) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргізеді;»;
      «10-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      4) 19-7-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы осы баптың бірінші бөлігінің 2), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      5) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.».
      35. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат):
      1) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-анасының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен бейімдеу орталықтарында ұстайды;»;
      2) 12-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын.
      36. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 42) тармақшасындағы «және мемлекеттiк саясатты iске асыруды» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 8-баптың 14-1) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      30) тармақша алып тасталсын;
      51-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «51-11) су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      5) 40-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау негiзiнде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған міндеттемелері аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.».
      37. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 10-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;»;
      3) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы жергілікті атқарушы органының, мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің өкiлдерi болмаса, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға тапсыруға жол берiлмейді.».
      38. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж, № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 23-1) және 28-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар – өзіне:
      мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
      терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
      топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;»;
      «23-1) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;»;
      «28-1) химиялық мелиорациялық іс-шаралар – ауыл шаруашылығы дақылдарының қасиетін жақсарту және шығымдылығын арттыру үшін топыраққа химиялық әсер ету амалдарының жүйесі;»;
      2) 6-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша алып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мыналардың:
      агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
      азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;
      азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;»;
      9)12)14)16)19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдiстемелiк басшылық жасау;»;
      мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «25-1) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуiн ұйымдастыру;
      25-2) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын әзірлеу;»;
      3) 7-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      «2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;»;
      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
      4) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау шығындарын қаржыландыру;»;
      5) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-3) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізіп беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;».
      39. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 6-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;»;
      2) 8-баптың бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      5-2) тармақша алып тасталсын;
      3) 10-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кішірейтеді;».
      40. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 6) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;»;
      «9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мәдениет саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      10-1) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;»;
      3) 8-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
      14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;».
      41. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мақта саласын дамыту аясында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      8)9)10)12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
      15) тармақшадағы «мақта саласын дамыту жөнiндегi» деген сөздер «мақта саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;»;
      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
             және астананың жергілікті атқарушы органдарының
             құзыреті
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізуге қатысу;
      4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;
      5) мақта өңдеу ұйымдарын:
      мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақта өңдеу ұйымын біліктілік талаптарына сәйкес келуі және бекітілген кестелер негізінде шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға дайындығы тұрғысынан жыл сайын жоспарлы тексеруді;
      мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау;
      6) уәкілетті органға:
      мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы ұсыну;
      сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы қуыным беру туралы ұсыныстар;
      стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      7) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру, сондай-ақ мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа қуыным арызын беру;
      8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      9) мыналарды:
      мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;
      аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;
      сарапшы ұйымның қызметін бақылау;
      10) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;
      11) анықталған Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзушылықтарды ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
      12) сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы қуыным беру;
      13) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу;
      14) мақта өңдеу ұйымдарының:
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылау;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
      3) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.»;
      4) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы, 4-тармағының бірінші бөлігіндегі және 28-баптың 1-тармағындағы «мақта саласын дамыту жөнiндегi» деген сөздер «мақта саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 29-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор»;
      1-тармақтың бірінші абзацындағы «Мақта саласын дамыту жөнiндегi» деген сөздер «Мақта саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «мақта саласындағы мемлекеттік инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.».
      42. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 5-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасынан өкілдік ету;
      3) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
      4) қатерлерді бағалау бағдарламасын әзірлеу;
      5) ойыншықтардың қауіпсіздігі жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер әзірлеу;
      6) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті ойыншықтарды анықтау және оларды өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды тұжырымдау мақсатында тұтыну нарығына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;
      7) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4) 6-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкiлеттi орган» деген сөздер «ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 7-баптың 6-тармағының 5) тармақшасындағы «уәкiлеттi органның нұсқамасы» деген сөздер «ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкiлеттi органдардың нұсқамалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
      43. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      2) 6-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
      5-1) тармақша алып тасталсын;
      18) және 24-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;»;
      «24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
      3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;»;
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
      8-2) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды;».
      44. «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы»
2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 6-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      «6-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау
               саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
               жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган:
      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      45. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
      2) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде – көші-қон бақылауы пунктіне, ал мұндай пункт болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде уәкілетті органға жүгінуге тиіс.».
      46. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат;):
      33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге назарға алу үшін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметiне орындау үшін жіберіледі.».
      47. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат):
      7-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын.
      48. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 27-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 35-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      3) 113-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Елді мекендерді, өндірістік кешендерді және басқа да шаруашылық объектілерді жобалауға және салуға тиісті аумақтың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органы аумақтық бөлімшесінің болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.».
      49. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
      184-баптың 4-тармағындағы «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен» деген сөздер «, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      50. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      23) және 24) тармақшалардағы «еңбек жөнiндегi» деген сөздер «халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 6-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «аумағында орналасқан», «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер тиісінше «аумағындағы», «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 7-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «шетелдiктер мен», «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда» деген сөздер тиісінше «шетелдiктер және», «ішкі істер органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік
                саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі
                уәкілетті органның құзыреті
      Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
      2) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
      Ішкі істер органдары:
      1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың орын ауыстыру, сондай-ақ шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келу тәртібін, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
      3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге виза береді;
      5) шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
      7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
      9) көшіп келушілерге шекаралық аймаққа келу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
      10) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;
      11) босқын мәртебесін беру туралы шешімдер қабылдайды;
      12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;
      16) уақытша тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын жері бойынша есепке қоюды жүзеге асырады;
      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      6) 10-баптың 4) тармақшасындағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен және ұлттық қауiпсiздiк органымен» деген сөздер «ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті
               органның құзыреті
      Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) халықтың көші-қоны саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      5) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөледі;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
      7) көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;
      8) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
      9) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
      10) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарайды;
      11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
      12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
      13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
      14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      8) 13-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      9) 14-баптың 2) тармақшасындағы «шетелдiктер мен», «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен» деген сөздер тиісінше «шетелдiктердің және», «ішкі істер органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 15-баптың 1-тармағында:
      4) тармақшадағы «еңбек жөнiндегi» деген сөздер «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7) және 4-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) оралмандар мен еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      4-2) этностық қазақтардан оралман мәртебесін алуға, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдайды;
      4-3) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесін алуға және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдайды;
      4-4) оралман мәртебесін беру, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға біржолғы жәрдемақылар, тұрғын үй сатып алуға қаражат төлемін тағайындау туралы шешім қабылдайды;
      4-5) оралман және қоныс аударушы куәліктерін береді;
      4-6) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;
      4-7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп- қонушылардың балаларының білім алу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;
      5) және 6) тармақшалардағы «еңбек жөнiндегi» деген сөздер «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 18-бапта:
      1-тармақтағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      12) 19-баптың бірінші абзацындағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 20-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзуге келiсiмi туралы қорытынды дайындау үшiн үміткерлер тұруға таңдап алған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Жергілікті атқарушы органдар қорытынды дайындау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың экстремистік ұйымдарға жататыны туралы өзге де ақпараттың барын немесе жоғын тексеру үшін үміткерлер тұруға таңдап алған өңірлердегі ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
      Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, этникалық қазақтарды қабылдауға кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жібереді.
      Жергілікті атқарушы орган ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде этникалық қазақты өзі тұру үшін таңдап алған әкімшілік-аумақтық бірлікте қабылдауға келісім беру туралы не бас тарту себептерінің дәлелді негіздерімен қоса оны қабылдаудан бас тарту туралы ұсыныс әзірлейді және оны оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді.»;
      5-тармақтағы «Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы «Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы «Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 21-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі «Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi», «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше көшіп келген этникалық қазаққа және» деген сөздер тиісінше «Жергілікті атқарушы орган», «жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше көшіп келген этникалық қазақ пен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне», «дәйектi деректердi» деген сөздер тиісінше «жергілікті атқарушы органдарға», «анық мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 28-баптың 3-тармағындағы «халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 32-баптың мәтініндегі «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 36-баптың 3 және 4-тармақтарындағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 37-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «еңбек жөнiндегi» деген сөздер «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 40-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
      «Бизнес көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттемелердi» деген сөздер «Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 41-баптың 2-тармағында «қызметкерлердiң келуiне», «халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер тиісінше «қызметкерлерге уақытша тұруға», «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және қоныс аударушы мәртебесін беру кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біреуінің жергілікті атқарушы органға берген өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      23) 55-бапта:
      2-тармақтағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші абзацындағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне» деген сөздер «ішкі істер органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі «Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздер «Ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның» деген сөздер «ішкі істер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 56-баптың үшінші бөлігіндегі «халықтың көшi-қоны жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
      51. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат):
      1) 45 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілетті орган:
      1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
      3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      4) діни қызмет саласында жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
      5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады;
      6) дiнтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етедi;
      7) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      8) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауды келіседі;
      9) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қызметiн үйлестiредi;
      10) өз құзыреті шегінде діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      13) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
             және астананың жергілікті атқарушы органдарының                 діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара
             іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:
      1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
      2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
      3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
      8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
      9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
      10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді
жүргізеді;
      11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      «8-бап. Миссионерлік қызмет
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және
азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
      2. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары құжаттар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
      4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
      2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
      3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;
      5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
      Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:
      1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
      2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.
      Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының төлнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
      5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы
жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде,
сондай-ақ, егер олардың миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
      6. Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.»;
      2) 15-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына тексеру үшін діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерінің көшірмелерін жібереді.»;
      3) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілген мерзім өткен соң өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.».
      52. «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат):
      1-баптың 10) тармақшасындағы «және экономикалық» деген сөздер «, экономикалық және бюджеттік» деген сөздермен ауыстырылсын.
      53. «Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат):
      13-баптың 4-тармағындағы «бюджеттік» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 50-тармағы 22) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. НАЗАРБАЕВ