Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі

Жаңартылған

      Ескерту: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңын қараңыз.

МАЗМҰНЫ

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

      Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

       2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген   нормативтік   құқықтық   актілерден тұрады.
      2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
      3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
      4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

       3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
               қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
      2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

       4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
      2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

       5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

       6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

       7-бап. Салық салудың әділдігі принципі

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
      2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

       8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

       9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
               жариялылығы принципі

      Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

       10-бап. Салық саясаты

      Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

      11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық
               кеңес

      1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.
      2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді .

       12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

      1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер - ақпараттық массивтерді жинау мен қорытуды, жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
      2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
      3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары , ислам бағалы қағаздары ;
      4) басқа да міндетті төлемдер - уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану және мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (кеден баждарын қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар);
      5) бересі - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
      6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
      8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
      9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
      10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмең бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;
      11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
      мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
      12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
      13) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы
ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
      жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
      коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;
      14) дивидендтер - акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тарапқа өткізілу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілу құны арасындағы оң айырма;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы теріс айырма;
      үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;
      осы Кодекстің 163 - 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
      Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі;
      15) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;
      16) жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі;
      17) жеке тұлғаның жеке мүлкі - жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкі;
      18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлғалар;
      19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік;
      20) инжинирингтік қызметтер көрсету - инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу;
       20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
      21) келісімшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;
      22) келісімшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;
      23) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
      24) қайырымдылық көмек - өтеусіз негізде:
      жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында;
      коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметін қолдау мақсатында;
      әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға аталған ұйымдардың осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;
      әлеуметтік салада осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін мүлік;
      25) қатысу үлесі - акционерлік қоғамдарды және пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізуге мүлкімен үлестік қатысуы;
      26) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметші; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; осы Кодекстің 191-бабы 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
      27) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
      28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға;
      29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;
      30) роялти - мыналар үшін:
      пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;
      31) салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға ;
      32) салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;
      33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
      34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
      35) салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын адам;
      36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;
      37) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
      38) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;
      39) сыйақы - мыналарға:
      кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
      мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, мүлікті лизингке беруге байланысты;
      салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
      сақтандыру сомасының мөлшерін, сондай-ақ сақтандырушы үшін сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түріндегі;
      вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;
      репо операциялары бойынша - репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы оң айырма түріндегі;
       исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;
      40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады.
      Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстері проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкін;
      41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады;
      42) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
      43) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      44) ұтыстар — салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар;
      45) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық қызметі органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімнің негізінде салық қызметі органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК

       13-бап. Салық төлеушінің құқықтары

      1. Салық төлеуші:
      1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
      3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
      4) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;
      5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық
есептілігінің көшірмесін алуға;
      6) салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;
      7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
      8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
      салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
      салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
      резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;
      9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
      10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
      11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
      12) осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары көрсететін
мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
      13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;
      14) берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында , сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.
      2. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
реттелетін қатынастарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
      3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

       14-бап. Салық төлеушінің міндеттері

      1. Салық төлеуші:
      1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық
көлемде орындауға;
      2) салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
      3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;
      4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
      5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;
      6) дара кәсіпкердің (осы Кодекстің 43-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге міндетті.
      2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

       15-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері

      1. Салық агентінің, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады.
      2. Салық агенті сондай-ақ:
      1) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге;
      2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға және оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке аударуға;
      3) салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін жүргізуге, оның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге;
      4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.
      3. Салық агенті осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

       16-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын
                қамтамасыз ету және қорғау

      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

       17-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда
                өкілдік ету

      1. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкіл арқылы қатысуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілеріне   сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген  тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
      Уәкілетті өкіл салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде берген өкілеттіктері шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.

3-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫ.
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН
ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ

       18-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері мен
                құрылымы

      1. Салық қызметі органдарының міндеттері:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
      2) міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
      4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын
қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Салық қызметі органдары уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.
      3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
      4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
      5. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.

       19-бап. Салық қызметі органдарының құқықтары

      1. Салық қызметі органдары:
      1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
      2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
      3) салық салу мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      4) салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
      5) салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент - салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілерінде   міндетті түрде аудит   жүргізу   белгіленген болса, аудиторлық   есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге; Z980272 , Z970136
      6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
      7) нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
      8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан осы Кодекстің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;
      9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
      10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
      11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.
      2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
      3. Салық қызметі органдарының осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтары бар.

       20-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері

      1. Салық қызметі органдары:
      1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;
      2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
      3) салық төлеушінің - салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізуге;
      5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;
      6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіруге;
      7) салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрдегі салық есептіліктері мен салықтық өтініштерді табыс етуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беруге;
      8) нұсқама бойынша салықтық тексеруді жүргізуге;
      9) өз құзыреті шегінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;
      10) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
      11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама беруге;
      12) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
      резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беруге;
      13) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдауға;
      14) салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылауға;
      15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;
      16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат беруге;
      17) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу фактісін растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін беруге;
      19) электрондық салық төлеушіге өзінің жеке шотын көру қолжетімділігін беруге;
      20) салық төлеушінің талап етуі бойынша - салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;
      21) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
      22) бұқаралық ақпарат құралдарында осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялауға;
      23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
      24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
      25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
      26) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;
      27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке
тартуға міндетті.
      2. Салықтық тексеру барысында салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
      3. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

       21-бап. Мүдделер қақтығысы

      Салық қызметі органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса, мұндай лауазымды адамға қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.

       22-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөніндегі
               өкілеттігі

      Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар өткізуге байланысты төленуге жататын салықтарды алуды жүзеге асырады.

       23-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі

      1. Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді .
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
      1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды;
      2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
      3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
      4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.

       24-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік
                және жергілікті атқарушы органдармен өзара
                іс-қимылы

      1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
      2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті.
      3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-қимыл жасау арқылы орындайды.
      4. Салық қызметі органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 23-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
      5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлімінде айқындалады.
      6. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.

       25-бап. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын
                материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және
               әлеуметтік қорғау

      1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.
      2. Салық қызметі органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық қызметі органдары лауазымды адамының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық қызметі органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында   белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
      4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсіптік қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
      5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
      1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
      2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
      6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық қызметі органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.

2-БӨЛІМ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ

4-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       26-бап. Салық міндеттемесі

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
      2. Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

       27-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға
                байланысты объект

      Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

       28-бап. Салық базасы

      Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.

       29-бап. Салық ставкасы

      1. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.
      2. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

       30-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

5-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ

       31-бап. Салық міндеттемесін орындау

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.
      2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
      1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;
      2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
      3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді;
      4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;
      5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.
      3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
      4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
      5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
      6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
      7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
      8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
      9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

       32-бап. Салық міндеттемесін орындау кезінде салықты және
                бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
                есептеу ерекшеліктері

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтың сомасын есептеуді салық
агенті жүзеге асырады.
      2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.

       33-бап. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері

      Салық міндеттемесін орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді. Бұл ретте, осы Кодексте белгіленген мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Мерзім осы Кодексте белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

       34-бап. Салық берешегін өтеу тәртібі

      Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) есепке жазылған өсімпұлдар;
      2) бересі сомасы;
      3) айыппұлдар сомасы.

       35-бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде
                салық міндеттемесінің орындалуы

      1. Сенімгерлікпен басқарушы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру процесінде алынуға жататын (алынған) табыстар, төленуге жататын (жүргізілген) шығыстар және сатып алған және (немесе) алған мүлік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары, шығыстары және мүлкі болып табылады.
      Сенімгерлікпен басқарушының сыйақы түріндегі табысы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығысы болып табылады.
      Егер салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқару жүктелсе, онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының табыстары мен оның осы тармақта көзделген, осындай құрылтайшының немесе пайда алушының алдыңғы салық кезеңдері үшін шеккен залалдары сомасына, сондай-ақ орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген салық міндеттемесі сомасына азайтылған шығыстары арасындағы оң айырма мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан алынған таза табысы болып табылады.
      Осы тармақта көзделген шығыстардың мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстарынан асып кетуі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан шеккен залалы болып табылады.
      2. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан алынған табысы болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруға байланысты шығыстар, егер көрсетілген актіде сенімгерлікпен басқарушының шығыстарын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының есебінен өтеу көзделмеген болса, сенімгерлікпен басқарушының шығыстары болып танылады.
      3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының салық міндеттемесін орындауды:
      1) қосылған құн салығынан басқа салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша осындай құрылтайшы немесе пайда алушы, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлікпен басқарушыға жүктеуі мүмкін;
      2) қосылған құн салығы бойынша ол осы Кодекстің 8-бөлімінде және 568 - 571-баптарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сенімгерлікпен басқарушыға жүктеледі.
      Егер салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, мұндай сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 81-тарауында белгіленген тәртіппен салық органында тіркелу есебіне тұруға тиіс.
      4. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берумен байланысты өзінде туындайтын қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесінен басқа салық міндеттемесін мынадай жағдайлардың кез келгенінде:
      1) салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушыға
жүктелмесе;
      2) егер сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік басқару туындаған күні және сенімгерлікпен басқару кезеңінде осы Кодекстің 134 , 135 , 181 , 182-баптарының және (немесе) 63-тарауының ережелері қолданылатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.
      5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлік сенімгерлікпен басқаруға берілген кездегі салық міндеттемесін орындау мақсатында осы Кодекстің 58-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
      6. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі осындай мүлікті өткізуі болып табылмайды және ол сенімгерлікпен басқарушының табысы болып танылмайды.
      7. Сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болатын құжаттың қолданылуы тоқтаған кезде мүлікті қайтаруы осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табысы (залалы) болып танылмайды.
      8. Сенімгерлікпен басқарушыға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу, төлеу немесе ұстау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы үшін салықтық нысандарды жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын тұлғаның атынан, осы Кодекстің ерекше бөлімінде сенімгерлікпен басқарушы жататын тұлғалар үшін белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
      Бұл ретте, егер осы Кодекстің 58 және 64-баптарында өзгеше белгіленбесе, сенімгерлікпен басқарушы салықтық нысандарды мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын қызметті қоса алғанда, тұтас бүкіл қызметі бойынша жасайды және табыс етеді.

       36-бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде
                салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.
      2. Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлікті резидент емес болып табылатын сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық міндеттемесін дербес орындайды.
      3. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен табысы бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.

       37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін,
                сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық
                бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан
                Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде салық
                міндеттемесін орындау

      1. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
      2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді.
      3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      5. Салық органдары құжаттық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.
      6. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте, осындай резидент емес заңды тұлға қызметі тоқтатылатын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы тұрақты мекемелердің, филиалдардың, өкілдіктердің тобы бойынша жиынтық түрде салық міндеттемелерін орындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі өтеледі.
      7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілерінде   белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
      8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
      Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      9. Егер таратылатын заңды тұлғада есепке жатқызылған қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, онда көрсетілген асып кеткен сома осы Кодекстің 273 , 600 және 604-баптарында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
      10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
      2) салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
      11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін, міндетті осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.
      12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек толық көлемде өтелгеннен кейін таратылатын заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) тарату балансын;
      2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.
      Таратылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
      Салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама беруге міндетті.
      13. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемесін орындауы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

       38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын
                құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін
                орындауы

      1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
      2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;
      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін табыс етеді.
      2. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылса, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезеңге тиісті таратудың салық есептілігі жасалады.
      3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.
      5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
      6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің бар банктік шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
      Салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама беруге міндетті.

       39-бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен
             қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін
             орындау

      1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
      Тапсыру актісі немесе бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) таратудың салық есептілігін;
      2) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді.
      Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндетті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады .
      2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуіне негіз болып табылмайды.
      3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есептеуге жатқызылады.
      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған
жағдайда:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
      2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      5. Қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға уәкілетті мемлекеттік орган аталған тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тасталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бұйрығының көшірмесін табыс етеді .
      6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, заңды тұлға мынадай жолмен қайта ұйымдастырылған жағдайда:
      1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
      2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
      3) алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4) бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді .
      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру тәртібі осы Кодекстің 595-бабында белгіленеді.
       Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       40-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде
                заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы

      1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
      Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді .
      2. Таратудың салық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Таратудың салық еселтілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Салық органы құжаттық тексеруді қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғаның өтінішін өзі алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен
кешіктірмей бастауға тиіс.
      5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
      1) бөліну балансын;
      2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, аталған сомалар осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады.
      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, онда аталған сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есебіне жатқызылады.
      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі жоқ болса, онда:
      1) бюджетке қате төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
      2) бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады.
      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді .
       6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды табыс еткеннен және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерін өтегеннен кейін салық органы осы тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама беруге міндетті.
      Салық органы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы осы тармақта көзделген анықтаманы берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.
      7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.
       Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       41-бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық
                міндеттемесін орындау

      1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
      4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда);
      5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді
баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
      2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.
      3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен
кешіктірілмей басталуға тиіс.
      5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
      6. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      7. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
      2)салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.
      8. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.
      9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
      10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және
(немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның анықтамасын;
      2) ішкі істер органының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті.
      Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкер салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
      11. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде өздеріне қатысты салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі белгіленген дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

       42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың,
                адвокаттың салық міндеттемесін орындау

      1. Жекеше нотариус, адвокат нотариаттық, адвокаттық қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) жекеше нотариустың, адвокаттың қызметін тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
      2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, адвокат төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, адвокат таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, адвокаттың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
      5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, адвокатта салықтың, төлемақылардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
      Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, адвокатта салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, адвокатта салық
берешегі болмаған жағдайда:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы жекеше нотариусқа, адвокатқа қайтарылуға жатады;
      2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы жекеше нотариусқа, адвокатқа қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы жекеше нотариусқа, адвокатқа қайтарылуға жатады.
      7. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, адвокаттың салық міндеттемесі, оның салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ болған немесе толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.
      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні жекеше нотариусты, адвокатты салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
      9. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариус, адвокат салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ болған жағдайда тексеру аяқталған күннен бастап орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) нотариаттық, адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
      2) ішкі істер органының жекеше нотариустың, адвокаттың мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті.

       43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде салық төлеушілердің
                жекелеген санаттарының салық міндеттемесін
                орындау ерекшеліктері

      1. Патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
      4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда);
      5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтатуы туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
      2. Таратудың салық есептілігі дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      3. Салық төлеуші таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Егер салық төлеушіде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Егер қызметін тоқтататын салық төлеушіде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      5. Салық органы салық төлеушінің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелер туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
      2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ кеден төлемдері және салық бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігі туралы растауды табыс ету туралы;
      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауалды жіберуге міндетті.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күнге дейін салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
      6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
      7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасалады.
      8. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі аталған дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде оның мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
      9. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
      Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      10. Қызметін тоқтататын салық төлеушіде салық берешегі болмаған
жағдайда:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
      2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
      11. Дара кәсіпкердің қызметі:
      1) аяқталған күні осы Кодекстің 587-бабына сәйкес айқындалатын
камералдық бақылаудың аяқталуы;
      2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ болу шарттары орындалған кезде тоқтатылған болып есептеледі.
      12. Осы баптың 11-тармағында көзделген шарттар орындалған кездегі ең соңына келетін күндердің бірі дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
      13. Қызметі тоқтатылған деп есептелетін дара кәсіпкер салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
      2) ішкі істер органдарының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті.
       Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       44-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық
                міндеттемесін орындау

      1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі ол соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен деп танылған кезден бастап тоқтатыла тұрады.
      2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.
      3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
      4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

       45-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу

      1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі, сондай-ақ оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған
мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.
      Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
      2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар шекте жүктеледі.
      3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегі, егер:
      1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салық міндеттемесінен босатылса;
      2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болса, өтелген болып саналады.
      Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.
      4. Осы баптың ережелері, қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа да, адвокатқа да қолданылады.

       46-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою
                мерзімі

      1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі:
      1) салық қызметінің органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
      2) салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;
      3) салық төлеуші (салық агенті) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
      4) салық қызметінің органы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге міндетті болатын уақыт кезеңі.
      2. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі — бес жыл. Салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
      3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, сондай-ақ салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткіші) қолданылады.
      4. Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәмілесі (мәмілелері) бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуды немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауды салық қызметінің органы соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі шегінде жүргізеді.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда көрсетілген талап қою мерзімі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.
      6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 548-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл болады.
      7. Осы бапта белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі шағымды, талап қоюды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.

6-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ
МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРТІЛУІ.
САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ

       47-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
      Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш салық төлеу мерзімінің ауыстырылу себептерін қамтуға тиіс.
      2. Өзгертілген мерзімдер бойынша салық міндеттемесін орындау құқығы басқаға берілуге жатпайды.
      3. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салық сомасын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар төлеуден босатпайды.
      4. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

       48-бап. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау
                мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға
                уәкілетті орган

      1. Республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
      2. Жергілікті бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.

       49-бап. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау
                мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту тәртібі

      1. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық қызметінің органына банк кепілдігі шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі.
      2. Банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс. Банк
кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      3. Салық қызметінің органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:
      1) салық төлеушімен келісілген, салық төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
      2) салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      4. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      5. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

       50-бап. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау
                мерзімдерін мүлікті кепілге алу арқылы өзгерту
                тәртібі

      1. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық қызметі органына кепіл шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепіл шарты және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.
      2. Салық қызметінің органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:
      1) салық төлеушімен келісілген, салық төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
      2) салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      3. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      4. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

       51-бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі

      1. Мүліктік кепіл шарты салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органы арасында жасалады.
      Бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күніне дейінгі күнтізбелік он бес күннен бұрын жасалмауға тиіс.
      2. Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:
      1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
      2) кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны оны өндіріп алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге жататын салықтың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:
      тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
      тыйым салынған мүлік;
      мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;
      үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
      тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;
      мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды;
      3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайда салық төлеуші кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етеді және салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық қызметінің органына кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу табыс етеді.

       52-бап. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау
                мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын
                тоқтату

      1. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы онда белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
      2. Салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық төлеуші салықтың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда немесе салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

       53-бап. Кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану
                және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің
                орындалуын талап ету тәртібі

      1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүліктік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау графигі бұзылған жағдайда салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігінің орындалуын талап етеді.
      2. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін өткізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.

       54-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы

      1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
      1) қайтыс болғанда;
      2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.
      2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
      3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
      1) таратылғаннан кейін;
      2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну
жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

3-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

       55-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да
                міндетті төлемдердің түрлері

      1. Қазақстан Республикасында мынадай:
      1) салықтар:
      корпоративтік табыс салығы;
      жеке табыс салығы;
      қосылған құн салығы;
      акциздер;
      экспортқа рента салығы;
      жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
      әлеуметтік салық;
      көлік құралы салығы;
      жер салығы;
      мүлік салығы;
      ойын бизнесі салығы;
      тіркелген салық;
      бірыңғай жер салығы;
      2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
      мемлекеттік баж;
      алымдар;
      тіркеу алымдары;
      автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
      аукционнан алынатын алым;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
      телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
      мыналар:
      жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
      үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
      қоршаған ортаға эмиссия үшін;
      жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
      орманды пайдаланғаны үшін;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
      радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
      қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;
      кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
      сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.
      2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

7-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

       56-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

      1. Салықтық есепке алу - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.
      2. Салықтық есепке алу бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында   белгіленеді .
      3. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес ұйымдастырады және мыналарды:
      1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
      2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып
жазылуын;
      3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
      4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
      Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алуды жүзеге асырады.
      4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
      Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осындай арнаулы салық режимдері қолданылатын қызмет бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.
      5. Салықтық есепке алу саясаты - салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.
      Салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
      6. Есепке алу құжаттамасы:
      1) бухгалтерлік құжаттаманы;
      2) салықтық нысандарды;
      3) салықтық есепке алу саясатын;
      4) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

       57-бап. Салықтық есепке алу ережесі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
      2. Есепке жазу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстар, төленген уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды өткізу мақсатында тиеп жіберу және мүлікті кіріске алу кезінен бастап есептеледі.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.
      4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында бағамдық айырманы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Тауарлық-материалдық қорларды салық салу мақсатына орай есепке алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция, кепіл нысанасын кепіл ұстаушыға беру салық мақсатына орай тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету ретінде қарастырылады.

       58-бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі

      1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осындай қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есепке алынуын жүргізуге міндетті.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 310-бабында көзделген тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен бөлек келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатына орай салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
      3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.
      4. Осы Кодекстің 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызметі және өзге қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
      5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын сенімгерлікпен басқару қызметі және өзге де қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
      6. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, есепке алу құжаттамасының негізінде жүргізеді.
      Салық төлеуші осы Кодексте бөлек салықтық есепке алу жөнінде талап белгіленген қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіре алмайды.
      7. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.
      Бұл ретте салық төлеушінің жалпы табыстары мен шығыстары деп есептік салықтық кезеңнің табыстары мен шығыстары, оның ішінде жекелеген қызмет түрін жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы болмайтын және толық көлемде осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерінің біреуіне де жатқызылмайтын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстар түсініледі.
      8. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген болса, онда салық қызметінің органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстің 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бөлуді жүзеге асырады.

       59-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға
                қойылатын талаптар

      1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасалады және салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметінің органдарына табыс етіледі.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жасайды.
      Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық қызметінің органы оларды мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      4. Есепке алу құжаттамасы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап осындай құжаттама жатқызылған салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
      5. Тіркелген активтердің, оның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
      6. Салық салу мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердің шығып қалуы немесе толық пайдаланылуы болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
      7. Салық төлеушіні (салық агентін) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
       Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       60-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

      1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:
      1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;
      2) стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
      3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
      4) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге
асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
      6) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;
      7) хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты;
       8) ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.
      2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
      1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде -
тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;
      2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
       Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8-тарау. САЛЫҚТЫҚ НЫСАНДАР

       61-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі

      1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жасайды.
      3. Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.
      Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.

       62-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзімі

      1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.
      2. Салық төлеушіні, салық агентін - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

§ 1. Салық есептілігі

       63-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
      2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөніндегі есептілікті қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау ережелерін осы Кодекстің 65 - 67-бабының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді . V085428
      3. Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
      5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.

       64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер әрбір қызмет түрі бойынша бөлек салық есептілігін жасайды.
      2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.
      3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.

       65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық
                есептілігін белгілеу ерекшеліктері

      1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:
      1) сақтандыру , қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру
қоғамдары;
      2) коммерциялық емес ұйымдар ;
      3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар ;
      5) өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақта көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді .
      2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;
      2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;
      3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
      4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;
      5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
      6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары
жөніндегі;
      7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;
      8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
      9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
      10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
      11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;
      12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;
      13) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар
мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;
      14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
      15) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;
      16) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша мынадай:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін - құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан алынатын табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі;
      2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
      өтеусіз алынған (берілген) мүлік бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлікті берген және алған тұлғалар бойынша, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
      коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
      іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
      Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
      таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөніндегі;
      салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жөніндегі, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын жеке есептеу жөніндегі;
      салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
      табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін;
      4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ мұндай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
      тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
      құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін);
      жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру бойынша жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисабының мынадай нысандарын:
      1) декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын ;
      2) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын ;
      3) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты ;
      4) резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты бекітеді.
      5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптар ағымдағы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және оны осы Кодексте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.
      6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптарды салық агенттері салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
      Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
      1) төленетін табыс сомасы;
      2) төленген табыс сомасы;
      3) корпоративтік табыс салығының ставкасы;
      4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы;
      5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы
мүмкін.
      Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
      1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
      2) салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;
      3) салық ставкасы туралы;
      4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
      5) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;
      6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

       66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін
                белгілеу ерекшеліктері

      1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:
      1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
      2) салық салынатын импорт сомасы;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы;
      4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы;
      5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
      6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып кетуі;
      7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты
көрсетуіне арналған.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
      Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
      2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша
айналымдар;
      2) қосылған құн салығынан босатылатын өткізу бойынша айналымдар;
      3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;
      4) салық салынатын айналым мөлшерін және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі;
      5) мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган сатып алушылар бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға арналған құжаттар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

       67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
                салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

      1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын бекітеді :
      1) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:
      оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;
      жекеше нотариустар;
      адвокаттар үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
      2) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай
санаттары:
      оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
      3) салық төлеушілердің әрбір санаты:
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары;
      осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;
      төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация.
      2. Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация мынадай:
      1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;
      2) есепке жазылған әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есепке жазылған сомасынан асып кету сомасы;
      3) мемлекеттік мекемелер еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша
төлеген әлеуметтік жәрдемақылардың сомасы;
      4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы
жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты
көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары туралы, қызметкерлердің әлеуметтік салық салынатын және салынбайтын табыстарының тізбесі жөніндегі, салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
      3. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация мынадай:
      1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстарының есепке жазылған және төленуге жататын сомасы;
      2) салық агенті шегерімге жатқызған, резидент еместердің есепке жазылған, бірақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетін табыстарының сомасы;
      3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар нысандары табыс алушылар бойынша мынадай:
      1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
      2) салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;
      3) салық ставкасы туралы;
      4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
      5) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;
      6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның ішінде құрылымдық бөлімшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомасы туралы;
      7) салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
      4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.
      Осы декларация салық төлеушілердің:
      жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;
      шегерімге жатқызылған шығыстарды;
      табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;
      салық салынатын табысты (залалды);
      салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;
      шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.
      Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1)-6), 8)-10), 12)-15) тармақшаларында көрсетілген;
      2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.
      Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.
      Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;
      2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;
      3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.
      Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.
      Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;
      2) жекеше нотариустың, адвокаттың табысы жөніндегі;
      3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
      4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;
      5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

       68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
      2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.
      3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
      1) өзі келу тәртібімен:
      салық есептілігі үшін – қағаз жеткізгіште;
      мониторинг бойынша есептілік үшін – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
      3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікке қолданылмайды.
      4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
      5. Салық есептілігінің электрондық форматының құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша мен (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.
      Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы шешімді өзгерткен жағдайда, аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі салық кезеңіндегі кезекті салық есептілігіне теңестіріледі. Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.
      7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149 , 162 , 185 , 270 , 364-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.
      Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.
      8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.

       69-бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі

      1. Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) тіркелу есебінің орны бойынша салық органына және (немесе) уәкілетті органға табыс етілген, салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші негізінде салық қызметі органдарынан кері қайтарып алынуға жатады.
      Салық есептілігін кері қайтарып алу көрсетілген салық кезеңінде табыс етілген салық есептілігінің барлық қосымша нысандарын ескере отырып жүргізіледі.
      Салық есептілігін кері қайтарып алумен бір уақытта тіркелу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзетпе жасауды жүзеге асырады.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) мынадай:
      1) қате табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алған;
      2) осы Кодекстің 37 , 38 , 40 - 43-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастаған кезде таратудың салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті табыс етуге құқылы.
      Осы баптың мақсатына орай салық есептілігінің қате табыс етілген нысандары деп мыналар:
      1) валюта коды;
      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және күні;
      3) резиденттік мәртебесі көрсетілмеген және (немесе) қате көрсетілген салық есептілігінің нысандары танылады.
      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;
      2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің қате берілген салық есептілігін кері қайтарып алуына жол берілмейді.
      4. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.

       70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар
                енгізу

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.
      2. Қосымша салық есептілігінде:
      1) бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;
      2) бұрын табыс етілген салық есептілігіндегі қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.
      3. Қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) анықтаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомасы айыппұлды есептемей бюджетке енгізуге жатады.
      4. Салық органы салық төлеушінің тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге құқылы.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің):
      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;
      3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

       71-бап. Уәкілетті органның салық есептілігін табыс ету
                мерзімдерін ұзартуы

      1. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осындай есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш табыс етуге құқылы.
      2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша оны алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруға міндетті.
      3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторингке жататын ірі салық төлеушіде ол осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні салық берешегі болған жағдайда, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ екендігі (бар екендігі) туралы анықтама негізінде немесе алдыңғы он екі айлық кезең ішінде мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзушылық фактісі негізінде қабылданады.
      4. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.
      5. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші осындай есептілікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етеді.
      6. Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде мониторинг бойынша есептілікті уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган осындай есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.

       72-бап. Салық органының салық есептілігін табыс ету
                мерзімдерін ұзартуы

      1. Салық органы, мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша ұзартады.
      2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тіркелу есебі орны бойынша салық органына екі дана етіп береді. Салықтық өтінішінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
      Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін ұзартуға салықтық өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.
      3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:
      1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша – декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;
      2) салықтың өзге түрлері бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
      Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.
      4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

       73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық
                есептілігін табыс етуін тоқтата тұру
                (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:
      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;
      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.
      Салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш табыс етеді. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі, оны ұзарту ескеріле отырып, осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
      Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің басынан осындай өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді.
      2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
      4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.
      5. Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етеді.
      6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады. Осы тармақта көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу салық есептілігін нөлдік көрсеткіштерімен табыс етуге теңестіріледі.
      7. Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, аталған салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш пен салық есептілігін табыс етеді.
      8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген қызметті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына мынадай құжаттардың бірін табыс етуге міндетті:
      1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігі;
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш.
      9. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш берілген кезде осы мерзім осындай өтініште көрсетілген, осы баптың 1-тармағының ережелері ескерілген кезеңге ұзартылады. Салықтық өтініш салық органының осындай өтінішті қабылдағаны туралы белгісі болған кезде қызметті қайта бастау күніне дейінгі алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.
      10. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін жүзеге асыру фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі тоқтатылды деп таниды.
      11. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:
      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;
      2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;
      3) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      12. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

       74-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін
                арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің
                салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру
                (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:
      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.
      Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметін тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі біткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді.
      2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күнге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады.
      3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық төлеушіге немесе оның өкіліне жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
      4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметін қайта бастау күніне дейінгі кезеңде патент алу үшін есеп-қисап табыс етпеуге негіз болып табылады.
      5. Салық төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.
      6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патентті алу үшін есеп-қисап табыс етпеуге негіз болып табылады.
      7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент алу үшін салық органдарына есеп-қисап беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.
      8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент алу үшін есеп-қисап табыс етілген кезде салық төлеуші қызметі осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен бастап қайта басталған болып танылады.
      9. Салық төлеуші осы баптың 6, 7-тармақтарында көрсетілген патентті алу үшін салықтық өтінішті немесе есеп-қисапты табыс етпеген кезде салық төлеушінің қызметі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметін тоқтата тұру мерзімінің аяқталған күнінен бастап қайта басталған болып танылады.
      10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

§ 2. Салықтық өтініш

       75-бап. Жалпы ережелер

      1. Салықтық өтініш – осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық қызметі органына табыс ететін құжаты.
      2. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді .

       76-бап. Салықтық өтінішті табыс ету тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық өтінішті осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық қызметі органдарына табыс етеді.
      2. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықтық өтінішті тиісті салық қызметі органдарына таңдауы бойынша:
      1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
      3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
      3. Салықтық өтініш өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда көрсетілген салықтық нысан екі дана етіп жасалады, бір данасы салық органының белгісі қойылып, салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
      4. Салықтық өтініштің электрондық форматының құрылымы, салықтық өтінішті электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
      5. Салықтық өтінішке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

§ 3. Салық тіркелімдері

       77-бап. Салық тіркелімдері

      1. Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
      Салық тіркелімдері осы Кодекстің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.
      Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салық кезеңдері арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
      Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.
      Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларының көрсетілу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.
      2. Салық тіркелімдері:
      1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салық тіркелімдерін;
      2) жасалу нысандары мен ережесін уәкілетті орган белгілейтін , салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.
      3. Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:
      1) тіркелімнің атауы;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
      3) тіркелім жасалған кезең;
      4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).
      4. Уәкілетті орган:
      1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;
      2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;
      3) туынды қаржы құралдары ;
      4) шығарылған және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.
      5. Салық тіркелімдері қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салық тіркелімдеріндегі қателерді түзету негізді болуға және енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетіле отырып, түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталуға тиіс.
      6. Салық тіркелімдері құжаттамалық салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық қызметі органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

9-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

       78-бап. Қаржы лизингі

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне жауап берсе:
      1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе;
      2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес процентінен асып кетсе;
      3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан процентінен асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады.
      Мұндай беру салықтық есепке алу мақсатына орай лизинг алушының мүлікті сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы – лизинг затының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.
      2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы белгіленсе, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып айқындалады.
      3. Қаржы лизингіне (лизинг бойынша) берілген (алынған) мүліктің құны лизинг шартын жасасу күні бойынша айқындалады.
      Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.
      4. Мыналар салық салу мақсатында қаржы лизингі деп танылмайды:
      1) мынадай:
      лизинг алушы Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған;
      лизинг алушы – жеке тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ-топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы – жеке тұлға қайтыс болған;
      лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстың болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе табысын анықтау жөнінде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
      лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табысына лизинг берушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      лизинг шарты бұзылғаннан (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылғаннан) кейін лизинг нысаналары мынадай:
      лизинг төлемдерінің сомасы мен лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бұзылған лизинг шартында (ол бойынша міндеттемелер тоқтатылған лизинг шартында) көзделген талаптардың қайталама лизинг шартында сақталуы;
      қайталама лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерінің жалпы сомасы бұзылған лизинг шарты (ол бойынша міндеттемелер тоқтатылған лизинг шарты) бойынша лизинг төлемдерінің өзімен лизинг шарты бұзылған (өзімен лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) лизинг алушыдан алынуға жататын (алынған) лизинг төлемдері сомасына азайтылған жалпы сомасына сәйкес келу талаптарын сақтай отырып қайталама лизингке берілген;
      мүлік кемінде үш жыл мерзімге қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер;
      2) лизинг шарты қолданылуының бірінші жылында олар бойынша лизингтік төлемдер сомасы (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі) лизинг нысанасы құнының 50 процентінен астамын құрайтын лизингтік мәмілелер;
      3) лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг алушыны қайта ұйымдастырумен байланыстыларынан басқа лизинг алушыны ауыстыру болған лизингтік мәмілелер;
      4) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер.

       79-бап. Ұзақ мерзімді келісімшарттар

      1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңінің шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) осы баптың мақсатында ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
      2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100 - 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
      3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыстар салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.
      Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.
      4. Іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс деп танылады.
      5. Аяқталу әдісі бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың және көрсетілген келісімшарттың есепті салық кезеңіндегі атқарылу үлесінің шығарылған жалпы сомасы ретінде айқындалады.
      Бұл ретте ұзақ мерзімді келісімшарттың атқарылу үлесі есепті салық кезеңінде жүргізілген және осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар сомасының осы Кодекске сәйкес келісімшарттың қолданылу кезеңінде шегерімге жатқызыла алатын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.

       80-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру

      1. Бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыларды көздейтін уағдаластық (бұдан әрі – бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша тиісінше ескеріледі және оларға салықтар салынады.
      2. Бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы өзінің қатысу үлесіне қатысты салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды есепке алуды дербес жүргізеді.
      3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салық есептілігін табыс еткенге дейін осындай тәртіп және бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салық міндеттемесі көрсетілетін, бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірлеп, бекітеді.
      4. Бірлескен қызмет туралы шартта бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі анықталуы мүмкін.
      5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерден, міндеттемелерден, табыстар мен шығыстардан бөлек есепке алады.
      6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта көзделген тәртіппен әрбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
      Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қатысу үлестеріне барабар жүзеге асырады.
      Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оларға бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі болған кезде ол қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен бекітілуге (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы құжаттық салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметі органдарына табыс етеді.
      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде олардың негізінде активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу жүзеге асырылған барлық құжаттардың көшірмелері болуға тиіс. 

4-БӨЛІМ. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

10-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       81-бап. Төлеушілер

      1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.
      2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.
      3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411 , 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

       82-бап. Салық салу объектілері

      Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:
      1) салық салынатын табыс;
      2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
      3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

11-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС

       83-бап. Салық салынатын табыс

      Салық салынатын табыс осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. 

§ 1. Жылдық жиынтық табыс

       84-бап. Жылдық жиынтық табыс

      1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.
      Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары осы бөлімде және осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
      2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:
      1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;
      2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;
      3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
      4) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;
      5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;
      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;
      7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.
       Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       85-бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

      1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:
      1) өткізуден түсетін табыс;
      2) құн өсімінен түсетін табыс;
      3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;
      4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
      5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;
      6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;
      7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;
      8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
      9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;
      10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;
      11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;
      12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;
      13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
      14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
      15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
      16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;
      17) дивидендтер;
      18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;
      19) оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
      20) ұтыстар;
      21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;
      22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;
      22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
      23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
      24) осы тармақтың 1)-23) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.
      2. Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
      Табыстың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылу күні табыстың осы Кодекске сәйкес танылу күнінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсатына орай бір рет есепке алынады.
      Бұл ретте, салық салу мақсатына орай табыстың танылу күні осы Кодекстің ережелеріне сәйкес айқындалады.
      3. Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары осы бөлімнің мақсатында осы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
      4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар.
       Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       86-бап. Өткізуден түсетін табыс

      1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстардан басқа, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады.
      Өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.
      2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:
      1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
      2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
      3) роялти;
      4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.

       87-бап. Құн өсімінен түсетін табыс

      1. Құн өсімінен түсетін табыс, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде құралады.
      Осы баптың мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтерге:
      1) жер учаскелері;
      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
      3) орнатылмаған жабдық;
      4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзімі бар активтер;
      5) бағалы қағаздар;
      6) қатысу үлесі;
      7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
      8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;
      9) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.
      2. Өсім, осы баптың 4 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердің өткізілу құны мен олардың бастапқы құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Осы баптың мақсатында:
      осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
      салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 12, 13-тармақтары, сондай-ақ осы Кодекстің 101 - 114-баптары негізінде шегерімге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
      амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
      бухгалтерлік есепте туындайтын және осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құны болып табылады.
      4. Бағалы қағаздарды және қатысу үлесін өткізу кезінде:
      1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, қатысу үлесі бойынша – өткізілу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
      2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – дисконттың амортизациясын және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақыны ескере отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма құн өсімі болып табылады.
      5. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерінің құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады.
      6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
      7. Осы Кодекске сәйкес тіркелген активтер бойынша шегерімдерді айқындай алмайтын салық төлеуші осы салық төлеушінің меншік құқығында меншік құқығын тіркеген кезден бастап бір жыл және одан да көп жыл болатын тұрғын үй-жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, өзіндік қосалқы шаруашылық объектілерін жарғылық капиталға салған кезде берілген мүліктің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
      8. Осы Кодекске сәйкес тіркелген активтер бойынша шегерімдерді айқындай алмайтын салық төлеуші осы баптың 7-тармағында көрсетілмеген мүлікті жарғылық капиталға салған кезде жарғылық капиталға енгізілген мүліктің сатып алыну, өндірілу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
      Жарғылық капиталға салынған мүліктің сатып алыну, өндірілу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны болмаған кезде осы мүлікке меншік құқығы туындаған кездегі мүліктің нарықтық құны салымның құны болып табылады. Бағалаушы мен салық төлеуші арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.
      Салық төлеуші мүліктің нарықтық құнын корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.
      9. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтерді өткізген кезде құн өсімі өткізу құны мөлшерінде айқындалады.
      10. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген осы активтердің құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.

       88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

      1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа:
      1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
      2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
      4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.
      2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес есептен шығару кезінде төленуге жататын міндеттемелердің сомасына тең болады.
      3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
      4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

       89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс

      Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің есебіне жазылған табыстар мен осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған күнінен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады.
      Көрсетілген міндеттемелер олардың туындауы күніне қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасына барабар түрде қалпына келтiрiлуге жататын қосылған құн салығын қоспағанда, осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасы шегінде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

       90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін
                азайтудан түсетін табыс

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:
      1) борышкер талапты орындау сомасына барабар мөлшерде орындаған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негізінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерін азайтқан кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
      3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомасы танылады.
      2. Мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша борышкер заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған;
      2) борышкер жеке тұлға күшіне енген сот шешімінің негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған;
      3) осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
      4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.
      3. Құрылған сақтандыру резервтерінің осы Кодексте белгіленген мөлшерде және тәртіппен бұрын шегерімге жатқызылған мөлшерлерін азайту сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру резервтерінің мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
       Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

       91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс

      Мыналар:
      1) талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма;
      2) талап ету құқығын басқаға беретін салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс болып табылады.

       92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс

      Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
       Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
                өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған
                шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
                пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден
                түсетін табыс

      Егер осы Кодекстiң 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнiң басында салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiлген жеке топтың мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.

       94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына
                аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу
                салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар
                сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс

      1. Егер кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
      2. Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi жұмыстарды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде жүргізбесе, онда есепті кезең ішінде шегерімге жатқызылған, кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасы ол жүргізілуге тиіс болған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

       95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған
                өтемақылар

      1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған табыстарға:
      1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген, күмәндi деп танылған талаптар сомасы;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
      3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
      4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
      Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңiнiң табысы болып табылады.
      2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының қолданылуы аяқталғаннан кейiн немесе оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерiмге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына жатқызылады.

       96-бап. Өтеусіз алынған мүлік

      Салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады.
      Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
      Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.

       97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде
                алынған табыс

      1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.
      2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін:
      1) медициналық қызметті;
      2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;
      3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;
      4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.
      3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.

       98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін
                табыс (залал)

      1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
      Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

       99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

      1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
      1) тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер;
      2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
      3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
      4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
      5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы  заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
      7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы  заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
      8) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
      9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
      10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
      11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
      12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
      13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
      14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.
 
      2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.
      Салық төлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
       Ескерту. 99-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

§ 2. Шегерімдер

       100-бап. Шегерімдер

      1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
      3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
      Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады.
      4. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатады.
      5. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi.
      6. Егер осы Кодекстің 103 , 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, танылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.
      7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.
      8. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
      9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 116 - 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.
      10. Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады.
      11. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
      12. Осы Кодекстің 260-бабына сәйкес қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректері бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы шегерімге жатқызылуға жатады.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңін қамтитын салық кезеңінде шегерім жүргізіледі.
      13. Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуі осы Кодекстің 230-баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін шегерімге жатқызылуға жатады.
      14. " Жеке кәсіпкерлік туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеуші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне, қызметкерлердің жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.
      15. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды.
      16. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі.
      17. Егер сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлімнің мақсатында осы сенімгерлікпен басқарушының шығыстарына қосылады.
      18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар.

       101-бап. Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының
                 шегерімі

      Қызметтік іссапарлар кезінде шегерiмге жататын өтемақыларға:
      1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
      2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
      3) қызметкерге iссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы жатады.
      Іссапарда болу уақыты:
      жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы жазбаша өкімі;
      жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапар күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін растайтын басқа да құжаттар негізге алына отырып айқындалады;
      4) салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) келу визасын ресімдеуге арналған шығыстарды (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде айқындалады.

       102-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

      1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
      1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;
      2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.
      Өкілдік шығыстарға аталған тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.
      Бос уақытты, көңіл көтеруді немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және олар шегерiмге жатпайды.
      2. Өкiлдiк шығыстар осы Кодекстің 163-баптың 2-тармағында көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде, өкілдік шығыстардың сомасы есептелмей, шегерімге жатқызылады.
       Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       103-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер

      1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады:
      1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
      2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      3) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлемақы.
      2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
      (А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
      мұнда:
      А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы;
      Б – Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
      В – Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;
      Г – В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
      Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
      ШК – шекті коэффициент;
      ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
      МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
      А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады.
      Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсіз тарап деп танылады.
      3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:
      1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең;
      2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
      салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;
      өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;
      сыйақылар мен комиссиялар;
      дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;
      3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.
      4. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.

       104-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім

      Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын табысқа жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
      Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.

       105-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

      1. Күмәндi талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
      2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
      Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:
      1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;
      2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.
      3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, оған қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған кезде, конкурстық іс жүргізу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшіне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
      4. Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.

       106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

      1. Банктер және лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа), мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
      3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті органмен келісе отырып қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерін құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      3. Микрокредиттік ұйымдардың салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 процентінен аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы резервтерді құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
      Микрокредиттерді және берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқызу тәртібі, сондай-ақ резервтерді құру тәртібі микрокредиттік ұйымның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатында айқындалады.
      4. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
      банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
      банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
      құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
      өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.
       Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

       107-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған
                 шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою
                 қорларына аударымдар сомасының шегерімдері

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыстан салдарды жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетілген шегерімге жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдардың мөлшерінде жол беріледі.
      Салдарды жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.
      Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының салдарды жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген немесе ол анықталған және жойылмаған және осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен асып кеткенде, жер қойынауын пайдаланушының сол салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішінде кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, салдарды жою қорының шартты депозиттік арнайы шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.
      3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеруге құқығы бар.
      Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарының салдарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген салық кезеңіндегі салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

       108-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға
                 арналған шығыстар бойынша шегерім

      Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және капитал сипатындағы басқа шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар шегерімдерге жатады. Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері негіз болып табылады.

       109-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың
                 сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша
                 шығыстарды шегеру

      1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төлеуіне жататын немесе төлеген сақтандыру сыйлықақылары шегерімге жатады.
      2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдік беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
      3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
      4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
      5. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

       110-бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және
                 жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды
                 шегеру

      1. Осы Кодекстің 163-бабының 2-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің:
      тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің бастапқы құнына енгізілетіндерді;
      осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды;
      осы Кодекстің 87-бабына сәйкес амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді қоспағанда, салық салуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары шегерімге жатады.
      Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген шығыстары түріндегі қызметкердің табысы жатады.
      2. Осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9)-12), 14), 17) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.
      3. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.
       Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       111-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
                 оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған
                 шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын
                 пайдаланушының басқа да шегерiмдерi

      1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомасы, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығыстар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің аяғында, осы бапта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 проценттен аспайтын амортизация нормаларын қолдану арқылы есептеледі.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының соңғы салық кезеңінің аяғында қалыптасқан құндық балансы шегерімге жатады.
      Осы баптың мақсатына орай коммерциялық табудан кейінгі өндіру:
      1) барлауға арналған, сондай-ақ пайдалы қазбалардың бекітілмеген қорлары болғанда бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталуын;
      2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбаларының қорлары мемлекеттік баланста есепте тұратын және осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасымен көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілсе, осы келісімшарттардың жасалу күнінен бастап пайдалы қазбаларды өндірудің басталуын білдіреді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:
      1) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған;
      2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған;
      3) жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін өткізуден алынған табыстарының сомасына азайтылады.
      3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстарға да қолданылады.

       112-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық
                 кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік
                 саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша
                 шегерім

      1. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде осы Кодекстің 111-бабында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.
      3. Осы баптың мақсатына орай жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар деп:
      1) қазақстандық кадрларды оқытуға – Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сома, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады;
      2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.

       113-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық
                 айырма сомасынан асып кетуін шегеру

      Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.
      Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының   талаптарына сәйкес айқындалады.

       114-бап. Салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                 төлемдерді шегеру

      1. Мыналардан:
      1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтан;
      2) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағында төленген корпоративтік табыс салығынан және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтан;
      3) жеңілдікті салық салынатын елдерде төленген салықтан;
      4) үстеме пайда салығынан басқа, салық төлеушінің салық салу объектілері бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар есептелген және есепке жазылған шекте шегерімге жатады.
      2. Алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылып, есептеліп, ағымдағы салық кезеңінде төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатады.

       115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

      Мыналар:
      1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
      2) соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот белгілеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;
      3) осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсiз деп танылған салық төлеушімен уәкілетті органның ресми сайтында деректер жарияланған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
      4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасады деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша шығыстар;
      5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);
      6) осы Кодексте шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормаларды қолдана отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;
      7) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
      8) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;
      9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
      10) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын, салық кезеңі ішінде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;
      11) осы Кодекстің 106 , 107-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;
      12) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін тауарлық-материалдық қорлардың құны;
      13) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;
      14) осы Кодекстің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары шегерімге жатпайды. 

§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

       116-бап. Тіркелген активтер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркелген активтерге жатады:
      1) түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
      2) концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
      3) осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
      4) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.
      2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
      1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес салық салу мақсатына орай ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
      2) жер;
      3) мұражай құндылықтары;
      4) сәулет және өнер ескерткіштері;
      5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
      6) аяқталмаған күрделі құрылыс;
      7) фильмқорына жататын объектілер;
      8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
      9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
      10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
      11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
      12) осы Кодекстің 118-бабының 13-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;
      13) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

       117-бап. Құндық балансты айқындау

      1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 

рет
N

топ
N

Тіркелген активтердің атауы

1

2

3

1.

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

2.

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық

3.

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдық

4.

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық

      І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
      2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
      І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
      3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
      4. Тіркелген активтер:
      1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.
      5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
      6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
      7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
      кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы
      алу
      алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
      алу
      осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
      Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
      8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
      кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы
      қосу
      салық кезеңінде түскен тіркелген активтер
      алу
      салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер
      қосу
      осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
      9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
       Ескерту. 117-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       118-бап. Тіркелген активтердің түсімі

      1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және тауарлық-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.
      Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.
      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген актив пайдалануға берілген күннен бастап салық төлеуші шеккен шығындар тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылады. Мұндай шығындарға:
      осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
      салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 12, 13-тармақтары, сондай-ақ осы Кодекстің 101 - 114-баптары негізінде шегерімге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
      амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
      бухгалтерлік есепте туындайтын және осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
      3. Тауарлық-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен, тіркелген активтің бастапқы құны оның түскен күніне бухгалтерлік есепке сәйкес айқындалған баланстық құны болып табылады.
      4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құн тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      6. Салық төлеушінің қосылу, бірігу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      Қосылу жолымен құрылған, жаңадан туындаған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстің 119-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес беру актісінде осындай құн көрсетілген жағдайда салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнына арттырылады.
      7. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:
      1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;
      2) өзге жағдайларда – аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      8. Сенімгерлікпен басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлікпен басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:
      1) сенімгерлікпен басқарушының осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;
      2) өзге жағдайларда – амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған, осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын, тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасын негізге ала отырып, есептеледі.
      9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай активтердің бастапқы құны болып табылады.
      10. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      11. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 81 - 149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен кезде салықтарды есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, арнаулы салық режимінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      12. Табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған І топтың тіркелген активтері табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін мұндай тіркелген активтерді пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде тіркелген активтердің I тобының құндық балансына осы Кодекстің 122-бабына сәйкес мұндай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, шығып қалу құны бойынша енгізілуге жатады.
      13. Преференцияларының күші жойылған активтер осы Кодекстің 125-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады.
      14. Преференциялар объектісі осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден басқа, осы Кодекстің 125-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.
       Ескерту. 118-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, тіркелген активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату, сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру осындай активтердің шығып қалуы болып табылады.
      Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
      3. Тіркелген активтерді, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша оларды тауар-материалдық қорлардың құрамына ауыстырусыз өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.
      Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтер объектілері бойынша анықталмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы өткізу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
      4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
      5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
      Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:
      1) I топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;
      2) II, III, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.
      Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.
      7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша анықталған құнға азайтылады.
      8. Тіркелген активтерді жоғалту, жою, бүлдіру, ысырап ету кезінде:
      1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
      2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
      3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.
      9. Лизинг алушы қаржы лизингінің затын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасына азайтылған, қаржы лизингінің затын сатып алу құны мен лизинг затын алған күннен бастап қайтару күніне дейін кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.
      10. Тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құндық балансы:
      1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.
      11. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:
      1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:
      топтың барлық активтерін беру кезінде – осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасына;
      қалған жағдайларда - осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалған, берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алынып, есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін есептеледі.
      12. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
      1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен анықталған құнға азайтылады.
      13. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендентке тіркелген активтерді беру кезінде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
      1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен анықталған құнға азайтылады.
      14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
      1) І топ бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
      Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
       Ескерту. 119-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       120-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

      1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
      2. Әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына шекті нормалардан жоғары болмайтындай етіп анықталады: 

рет
N

топ
N

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның
шекті нормасы
(%)

1

2

3

4

1

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

2

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

3

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

40
 

4

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

      3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
      4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81 - 149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
      5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 123-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
      тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 116 - 122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе
      преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 123 - 125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.
      Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
      2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.

       121-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

      1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.
      Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
      2. Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті кiші топтың немесе топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
      3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
      4. Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

       122-бап. Келесі шығыстар шегерімі

      1. Келесі шығыстар деп осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтерді пайдалану, жөндеу, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы
Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерін қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
      Мынадай активтерге:
      1) тіркелген активтерге және (немесе)
      2) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1), 6), 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі құралдарға, жылжымайтын мүлікке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты шегерімге жол беріледi.
      3. Осы бапта өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 125-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:
      1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;
      2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.
      Осы Кодекстің 118-бабының 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде танылады.
      4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады.
      5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе осы Кодекстің 123 - 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.

§ 4. Инвестициялық салық преференциялары

       123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

      1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124 , 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.
      Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
      1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;
      2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;
      3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
      4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, преференция объектілеріне жатқызылады.
      3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;
      2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;
      3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;
      4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
      5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
      Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
      негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;
      негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;
      реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.
      4. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:
      сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.
      Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыстар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатады.
      5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:
      құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – мемлекеттік қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;
      қалған жағдайларда - мемлекеттік қабылдау комиссиясының ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.
      6. Мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:
      1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;
      2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;
      3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.

       124-бап. Преференцияларды қолдану

      1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:
      1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;
      2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.
      2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 125-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.
      3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.
      4. Егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:
      1) салық төлеуші осы Кодекстің 123-бабының 2-4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;
      2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 123-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.

       125-бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу
                 ерекшеліктері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференция объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды есепке алуды солар бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.
      Преференция объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңартуға жұмсалған келесі шығыстар преференциялар қолданылған әрбір объект бойынша ескеріледі.
      2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға берілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ:
      осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
      олар бойынша салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 12, 13-тармақтары, сондай-ақ осы Кодекстің 101 - 114-баптары негізінде шегерім жасауға құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
      амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
      бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және салық осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
      3. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актив болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құны осы Кодекстің 118-бабының 9-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.
      4. Солар бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға берілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
      5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен ескеріледі.
      6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі өткен соң осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай объект түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.

§ 5. Туынды қаржы құралдары

       126-бап. Жалпы ережелер

      1. Хеджирлеу мақсатында немесе базалық активті жеткізу жолымен атқарылған кезде туынды қаржы құралын қолданған жағдайда туынды қаржы құралының салық есебі осы Кодекстің 129 , 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Туынды қаржы құралдары бойынша залал осы Кодекстің 136-бабына сәйкес айқындалады және осы Кодекстің 129 , 130-баптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылады.

       127-бап. Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша
                 табыс

      1. Свопты қоспағанда, осы бапқа сәйкес айқындалатын түсімдердің шығыстардан асып түсуі туынды қаржы құралы бойынша табыс болып табылады. Салық есебінің мақсатында табыс туынды қаржы құралы орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде айқындалады.
      2. Туынды қаржы құралы бойынша түсімдер мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
      3. Туынды қаржы құралы бойынша шығыстар мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төлеуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.

       128-бап. Своп бойынша табыс

      1. Түсімдердің шығыстардан асып түсуі своп бойынша табыс болып табылады, олар осы бапқа сәйкес айқындалады. Салық есебі мақсатында своп бойынша табыс есепті салық кезеңінің соңында айқындалады.
      2. Своп бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы своп бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
      3. Своп бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы своп бойынша төлеуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.

       129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің
                 ерекшеліктері

      1. Хеджирлеу – бағаның қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткіші салдарынан болатын ықтимал залалды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
      2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші салық декларациясын табыс еткен кезде осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (жете пайда алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисапты табыс етеді.
      3. Хеджирлеу операциялары бойынша табыс немесе залал салық есебі мақсатында осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін айқындалған нормаларына сәйкес ескеріледі.
      4. Хеджирлеу операциялары бойынша табыс немесе залал салық есебі мақсатында сол бойынша айқындалған салық кезеңінде танылады.

       130-бап. Салық есебінің базалық активті жеткізу жолымен
                 атқарылған кездегі ерекшеліктері

      1. Егер туынды қаржы құралын атқару базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілсе, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төлеуге жататын (шеккен) шығыстар және алуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатқызылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардың түсімдері мен шығыстар салық есебі мақсатында осы Кодекстің базалық актив бойынша табыстар мен шығыстарға қолданылатын нормаларына сәйкес ескеріледі.

§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету

       131-бап. Жалпы ережелер

      Түзету – осы Кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

       132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

      1. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
      1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
      2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;
      3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;
      4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;
      5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;
      6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады.
      2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:
      заңды тұлғадан:
      дара кәсіпкерден;
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
      Осы тармақта көзделген табысты түзету:
      1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;
      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
      1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;
      2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
      Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
      3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді. 

12-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ САЛЫҚ
ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ

       133-бап. Салық салынатын табысты азайту

      1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:
      1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
      нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;
      коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
      көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;
      2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентін;
      3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
      Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
      оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстарды;
      оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
      оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарды қамтиды.
      2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
      1) негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;
      2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;
      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақыларды және құн өсімінен түсетін табыстарды;
      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
      5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар.
      Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;
      7) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар.
       Ескерту. 133-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

      1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:
      1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
      2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
      2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда салық салуға жатпайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстар жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
      Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
      5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушiнiң таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдiс бойынша айқындалады.
      6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.
      7. Салық төлеушi бөлек әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
       Ескерту. 134-бапқа орыс тілінде өзгерту енгізілді, мемлекеттік  тілдегі мәтіні өзгермейді- Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       135-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын
                 ұйымдарға салық салу

      1. Осы бапта көзделген ұйымдардың табыстарына осы бапта белгіленген талаптар сақталған кезде салық салуға жатпайды.
      2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын ұйымдар жатады.
      Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:
      1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
      2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөнінде қызметтер көрсету;
      3) ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
      4) кiтапхана қызметi жатады.
      Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
      3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетiн:
      1) салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентiн құрайтын;
      2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 процентін) құрайтын ұйымдар да жатады.
      4. Қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.
      5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

13-тарау. ЗАЛАЛДАР

       136-бап. Залал ұғымы

      1. Кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп:
      1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерiмдердiң жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;
      2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.
      2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал:
      1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;
      2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма болып табылады.
      3. Шығыстардың осы Кодекстің 127 , 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады.

       137-бап. Залалдарды ауыстыру

      1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейiнгi он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
      Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, онда олар он жылға дейiнгi мерзiмге алға ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі.
      4. Өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
      5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
      6. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.
      7. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
      8. Туынды қаржы құралдары бойынша залалдар хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша табыс есебінен өтеледі. Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, онда олар он жылға дейiнгi мерзiмге алға ауыстырылуы және туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.

       138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру

      Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.

14-тарау. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

       139-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу

      1. Таза табысқа салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы салық кезеңі үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
      осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгiленген ставканың және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтіндісі
      алу
      корпоративтік табыс салығының осы баптың 2-тармағына және осы Кодекстің 223-бабына сәйкес есебіне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
      2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бұл салықты төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
      Осы тармақтың ережелері төлем көзінен депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға, коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
      3. Егер төлем көзінен сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетіне төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бірте-бірте азайтылады.

       140-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының
                 корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу
                 ерекшеліктері

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтынушылар кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді осы
Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.

       141-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.
      2. Мыналар:
      1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
      2) жаңадан құрылған салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
      3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге құқылы.
      3. Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.
      4. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеушi орналасқан жердегі салық органына табыс етіледi.
      Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
      5. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеушi оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етедi.
      6. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.
      7. Алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.
      8. Салық төлеушілер есепті салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін, есепті салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінің алдағы айлары үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.
      Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.
      9. Алдыңғы салық кезеңi үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезде салық төлеуші аталған декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезең үшін аванстық төлем сомасын өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомалары есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған орташа айлық аванстық төлем мөлшерінде төлейді.
      10. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілерге, сондай-ақ осы Кодекстің 135-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеушілерге қолданылмайды.
       Ескерту. 141-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

       142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi
                 мен тәртiбi

      1. Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
      2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде ағымдағы айдың 25-інен кешiктiрмей, ай сайын енгізуге мiндеттi.
      3. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңi үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
      Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

       143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

      1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
      2) резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
      3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы жатады.
      2. Мыналар:
      1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
      2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;
      3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      6) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
      8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;
      9) кәсіби қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін, репо операциялары және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      10) микрокредиттік ұйымдарға төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы төлем көзінен салық салуға жатпайды.
       Ескерту. 143-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс
                 салығын есептеу тәртібі

      1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына осы Кодекстiң 147-бабының 3-тармағында немесе 4-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды. V085423
      2. Салық агентi осы Кодекстiң 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.

       145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс
                 салығын аудару тәртiбi

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.
      2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргiзедi.

       146-бап. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс
                 салығы жөнiндегi есеп-қисап

      Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi. 

16-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ
САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

       147-бап. Салық ставкалары

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      2. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      3. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      4. Резидент еместердiң осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
      5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.

       148-бап. Салық кезеңi

      1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
      Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тiркеуден өткен күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
      3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
      4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

       149-бап. Салық декларациясы

      1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      2. Корпоративтік табыс салығын төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен бір мезгілде өзі орналасқан жердегі салық органына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.
      Бұл ретте бұрын ұсынылған жылдық қаржылық есептілік түзетілген жағдайда, корпоративтік табыс салығын төлеуші осындай түзету жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзі орналасқан жердегі салық органына түзетілген жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.
      3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
      4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА
ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА
ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

       150-бап. Жалпы ережелер

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар деп бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн заңды тұлғалар танылады:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
      3) арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сай келетiн мынадай қызмет түрлерiнің:
      бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалаудың, әзiрлеудің, енгiзудің, тәжiрибелiк өндiрудің және өндiрудің;
      жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасаудың;
      ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзудің;
      мәтiндердi өңдеуге арналған машиналарды, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасаудың, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасаудың;
      электр - және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасаудың;
      тұрмыстық электр аспаптарын жасаудың;
      киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығарудың;
      трикотаж бұйымдарын шығарудың;
      тоқыма материалдарынан киiм шығарудың;
      жібек маталар мен солардың негізінде жасалатын бұйымдар шығарудың;
      мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығарудың;
      кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендер шығарудың;
      мақта целлюлозасы мен одан туынды өнімдер шығарудың;
      мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығарудың;
      теріден жасалған бұйымдар шығарудың;
      химия өнеркәсібінің;
      резеңке және пластмасса бұйымдарын жасаудың;
      өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндірудің;
      металлургия өнеркәсібінің;
      дайын металл бұйымдарын жасаудың;
      машиналар мен жабдықтарды жасаудың;
      мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін шығарудың;
      туристік қызметтер көрсетудің өзіндік тауар өндiрiсiн (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды .
      2. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға мыналар жатпайды:
      1) жер қойнауын пайдаланушылар;
      2) акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
      3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
      4) преференцияларды қолданған ұйымдар.
      3. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылған атқарушы органның немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің уәкiлеттi органмен келiсім бойынша тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған арнайы экономикалық аумақтарға қатысты қолданылады.

       151-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
      3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және осы Кодекстiң 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициенті;
      2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.

       152-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi

      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн берудің тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

18-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      153-бап. Төлеушiлер

      1. Осы Кодекстiң 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411 , 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

       154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып
                 табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ
                 адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті осы Кодекстің 158 және 166-баптарында көзделген салықтық шегерімдерді ескере отырып және ставкалар бойынша осы тарауда және осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртіппен жүргізеді.
      2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстiң 178-бабында және 27-тарауында белгiленген тәртіппен салық салуға жатады.
       Ескерту. 154-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       155-бап. Салық салу объектiлерi

      1. Жеке тұлғаның:
      1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
      2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
      2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
      2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
      3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
      4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк iссапарлар кезiндегі:
      осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
      Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
      5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      6) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      7) қызметкер жұмыс берушімен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен) кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
      8) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;
      10) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы шегiнде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;
      11) қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
      13) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
      14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалған сомасы;
      15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
      18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
      19) мемлекеттік тіркеуге жататын және бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі;
      20) меншік құқығын тіркеу кезінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі;
      21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
      22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
      24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
      25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
      26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.

       156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

      1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады:
      1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
      2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар;
      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
      4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;
      5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
      6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегi пай бойынша табыстар;
      7) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
      акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;
      заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп проценті дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер;
      8) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге берілетін, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесi және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерiнің белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алатын төлемдердiң барлық түрі;
      9) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 процентi шегiндегі лотерея бойынша ұтыстар;
      10) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер;
      11) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түрiндегi төлемдерден басқа);
      12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына   сәйкес төленетiн төлемдер;
      13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 45 еселенген мөлшері шегіндегі табыстары;
      14) III топтағы мүгедектердің тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 27 еселенген мөлшері шегiндегi табыстары;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсiмiнен түсетiн табыстар.
      Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;
      16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетін табыстар;
      17) бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түрiндегi төлемдерден басқа);
      18) күнтізбелік жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.
      Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;
      19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
      20) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдiктердің ресми табыстары;
      21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
      22) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);
      24) осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыларды қоспағанда, жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмсаған шығыстары. Осы тармақшаның мақсаты үшін жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты қызметкерлердi мамандық бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын шығыстарға:
      оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстар;
      оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайтуға жұмсалған нақты шығыстар жатады;
      жұмыс беруші:
      қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
      қызметкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде қызметкерге төлеуге арналған ақша сомасы жатады;
      25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;
      26) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      27) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк стипендиялар үшін белгiленген мөлшерде төленетiн стипендиялар;
      28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметiн жүзеге асыру мақсатында алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтiн зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;
      29) қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
      30) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерьлерiне жолдамалардың құны;
      31) осы Кодекстiң 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;
      32) жұмыс берушi өз қызметкерлерiне мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықақылары;
      33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi;
      34) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
      35) қызметкер өз жұмыс берушісінен алған қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
      36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;
      37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
      38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;
      39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер;
      40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген І, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектерді салық салудан босату мүгедектік белгіленген айдан басталған кезең ішінде алынған табыстар бойынша беріледі.
       Ескерту. 156-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

      Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.

       158-бап. Салық ставкалары

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
      2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

       159-бап. Салық кезеңі

      1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
      2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады. 

19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

       160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

      Төлем көзінен салық салынатын табыстарға олардың мынадай түрлері жатады:
      1) қызметкердің табысы;
      2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
      4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
      5) стипендиялар;
      6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

       161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

      1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізедi.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
      3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем айынан кейiнгi айдың 25-іне дейiн өзi орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
      Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.
      Салық агентiнің құрылымдық бөлiмшелері бойынша салық төлеу тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер орналасқан жер бойынша жүргізіледі.
      4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
      5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу мерзiмдерi осы Кодекстiң 438 және 446-баптарында белгiленген.
       Ескерту. 161-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
                 декларация

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.

§ 1. Қызметкердiң табысы

       163-бап. Қызметкердiң табысы

      1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкер жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші және үшінші тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкер алған, осы Кодекстің 164 , 165-баптарында көрсетілген табыстар қызметкердiң салық салуға жататын табыстары болып табылады.
      3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын зейнетақы төлемдері;
      2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
      3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
      4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
      5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;
      6) жұмыс берушіден алынған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін проценттерді үнемдеуден түсетін материалдық пайда.

       164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы

      1. Қызметкердiң салық салуға жататын, ол заттай нысанда алған табысына:
      1) еңбегіне заттай нысанда ақы төлеу;
      2) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
      3) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кіреді.
      2. Қосылған құн салығының тиiстi сомасын және акциздердi қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердiң құны қызметкердің салық салуға жататын, оның заттай нысанда алған табысы болып табылады.

       165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы

      Қызметкердің салық салуға жататын, материалдық пайда түрiнде алған табысына:
      1) қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
      2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
      3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
      4) қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары кіреді.

       166-бап. Салық шегерiмдерi

      1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн мынадай салық шегерімдері қолданылады:
      1) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерiндегi, табыс есебіне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы осы Кодекстің 157-бабында белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінің сомасынан аспауға тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшердегі мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;
      3) өз пайдасына енгiзілетін ерiктi зейнетақы жарналарының сомасы;
      4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;
      5) Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;
      6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.
      2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.
      Салық кезеңі ішінде жұмыс орны өзгерген жағдайда осы тармақтың ережелері қызметкердің жаңа жұмыс орны бойынша қолданылмайды.
 
      3. Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық шегерiмі жүргiзiлмейдi.
      4. Осы баптың 1-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларына сәйкес салық шегерiмі құқығы салық төлеушiге өзi берген өтiнiштің негiзiнде, жұмыс берушiлердің бiреуiнен ғана алатын табыстары бойынша берiледi.
      5. Осы баптың 1-тармағының 3)-5) тармақшаларында белгіленген салық шегерiмі құқығы тиісті құжаттар:
      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;
      2) сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжат;
      3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.
      6. Егер:
      1) күнтізбелік бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;
      2) қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе;
      3) осындай шығыстар бойынша осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағы 18) тармақшасының ережелері қолданылмаса, салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерiмін жасау құқығы беріледі.
       Ескерту. 166-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       167-бап. Салықты есептеу және ұстау

      Қызметкердiң төлем көзінен салық салынатын табысына жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

       168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

      1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
      1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;
      2) жеке тұлғаларға төлемдер жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы болып табылады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:
      1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
      2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;
      3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;
      4) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін проценттерді үнемдеуден түсетін материалдық пайда.

       169-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

§ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін
зейнетақы төлемдері

       170-бап. Зейнетақы төлемдері

      1. Зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, осы бапта көзделген салық шегерімдері сомасына азайтылған зейнетақы төлемдері түріндегі табыс ретінде айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсіби жарналар, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан. Осы тармақшада көзделген төлемдер бойынша, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына. Осы тармақшада көзделген төлемдер бойынша төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінде салық шегерімі қолданылады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жетпеген және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын төлемдер салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
      2. Салымшы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін бір айдың ішінде бір мезгілде алған жағдайда, төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады. Бұл ретте төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау үшін осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың жалпы сомасы салық шегерімі сомасына азайтылады. Көрсетілген салық шегерімін салық төлеуші салық шегерімін қолдану үшін өтініш табыс еткен жинақтаушы зейнетақы қорларының бірі жүргізеді.

       171-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс

       172-бап. Салық сомасын есептеу

      1. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі есебіне жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.
      Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.
      Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.
      2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

§ 5. Стипендиялар

       173-бап. Стипендиялар

      Төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс ретінде айқындалады.
      Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агенті:
      білім беру ұйымдарында оқитындарға;
      мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс болып табылады.
      Осы Кодекстің 160-бабының 1)-4) және 6) тармақшаларында көзделген табыстар салық салуға жататын стипендия түріндегі табыстар болып табылмайды.

       174-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

       175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

      1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, төлем көзінен салық салынатын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс пен осы бапта көзделген жағдайларда және мөлшерде салық шегерімі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      2. Салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс:
      1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:
      жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен. Осындай төлемдер бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;
      жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
      жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;
      2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын төлеп сатып алу сомалары;
      3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі болып табылады.

       176-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

20-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ТАБЫСТАР

       177-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

      Мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жатады:
      1) мүліктік табыс;
      2) дара кәсіпкердің табысы;
      3) жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы;
      4) басқа да табыстар.

       178-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша
                 жеке табыс салығын есептеу

      1. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.
      Егер осы бапта және осы Кодекстің 182-бабында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      2. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.
      3. Осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
      4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерінен басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.
      5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.

       179-бап. Салық төлеу мерзімдері

      1. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша дербес жүзеге асырады.
      2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.
       Ескерту. 179-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

§ 1. Мүліктік табыс

       180-бап. Мүліктік табыс

      1. Салық төлеушінің салық салуға жататын мүліктік табысына:
      1) мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыс;
      2) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.
      2. Мына мүліктерді:
      1) меншік құқығында он екі айдан аз уақыт болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
      2) меншік құқығында он екі айдан аз уақыт болған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, сол жерлерде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең он екі айдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      5) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлестерін;
      6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
      7) меншік құқығында он екі айдан аз уақыт болған, мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс болып табылады.
      Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген жағдайда мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының иесіне осы көлік құралының өткізілу құнын хабарлайды немесе көлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді, бұл көлік құралы иесінің салықтық міндеттемесін орындау болып табылады.
      Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген кезде құн өсімі сенім білдірілген адамның меншік иесі атынан осы көлік құралын өткізу құны мен өткізілген көлік құралының меншік иесі сатып алған құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті өткізу құны мен өткізілетін мүлікке меншік құқығы туындау кезіндегі нарықтық құн арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.
      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен өткізілген мүлікке меншік құқығы туындау кезіндегі нарықтық құн арасындағы, бірақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартында көрсетілген сомадан төмен болмайтын оң айырма құн өсімі болып табылады.
      5. Меншік құқығы туындау кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құнын салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.
      Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
      6. Меншік құқығы туындау кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құны болмаған жағдайда, мүлікті өткізу құны мен мүлікті бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады.
      7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
      8. Өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі болып табылады. Сатып алу құны опционды орындау бағасын және опционды сатып алу жөніндегі шығындарды қамтиды.

§ 2. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы

       181-бап. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы

      Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, нотариаттық және адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы болып табылады.

       182-бап. Салықты есептеу және төлеу

      1. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен бір айға алынған табыстар бойынша, әрбір айдың қорытындылары бойынша есептеледі.
      2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.

§ 3. Дара кәсіпкердің табысы

       183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 83 - 133 , 136 , 137 , 224-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығы салынатын объектіні айқындау үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.
      2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес айқындалады.

§ 4. Басқа табыстар

       184-бап. Басқа табыстар

      1. Мыналар салық төлеушінің салық салуға жататын басқа табыстарына жатады:
      1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар;
      2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетін табыстар;
      3) үй қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген табыстарға салық салу осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

21-тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ

       185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:
      1) дара кәсіпкерлер;
      2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
      3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;
      4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.
      2. " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына , Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексіне және " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.
      3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

       186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
       Ескерту. 186-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       187-бап. Салық төлемінің расталмауы

      Осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етуші салық төлеушілер жеке табыс салығын төлегенін растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы жеке табыс салығының төленгені расталмаған табыс сомасына қолдану жолымен жүргізіледі.

7-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

22-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       188-бап. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан салықтар төлейді.
      2. Қазақстан Республикасында резидент еместер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан салық төлейді.
      Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан да салық төлейді.
      3. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.

       189-бап. Резиденттер

      1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
      2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
      Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында болатын күнінің бір бөлігі бір толық күн ретінде есептеледі.
      Егер ағымдағы салық кезеңінде және алдыңғы екі салық кезеңінде Қазақстан Республикасында болған күндердің саны кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күнді құраса, жеке тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Бұл ретте тұрақты болу әрбір салық кезеңіне төменде көрсетілген коэффициенттер қолданылып мынадай формула бойынша айқындалады:
      1 х ағымдағы салық кезеңінде болған күндер санына + 1/3 х алдыңғы бірінші салық кезеңінде болған күндер санына + 1/6 х алдыңғы екінші салық кезеңінде болған күндер санына, мұндағы:
      1 - ағымдағы салық кезеңіне арналған коэффициент;
      1/3 - алдыңғы бірінші салық кезеңіне арналған коэффициент;
      1/6 - алдыңғы екінші салық кезеңіне арналған коэффициент.
      Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында күнтізбелік отыз күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
      Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, мұндай тұлға осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасында болуының соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емес ретінде қарастырылады.
      3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
      2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
      3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.
      4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:
      1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;
      2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;
      3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;
      4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;
      5) оқу немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген студенттер, тағылымдамадан өтушілер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде;
      6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде;
      7) емделу немесе сауықтырудан өту, профилактикалық ем алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.
      5. Осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын өзге заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
      Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.

       190-бап. Резидент еместер

      1. Осы Кодекстің мақсатында мыналар:
      1) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;
      2) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес резидент емес болып танылатын жеке тұлға болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық агентіне немесе салық органына табысты алған күннен кешіктірмей немесе салық есептілігін табыс ету кезінде мынадай құжаттарды:
      резидент еместің резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжатты;
      жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті.

       191-бап. Резидент еместің тұрақты мекемесі

      1. Кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:
      1) тауарларды өндіруге, ұқсатуға, жинақтауға, өлшемдеп салуға, орап-бууға, беруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
      2) кез келген басқару орны;
      3) көмірсутектерін өндіретін кез келген орынды қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;
      4) құбырларға, газ құбырына, табиғи ресурстарды барлауға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе байқау қызметін) жүзеге асыратын кез келген орын;
      5) энергетикалық және технологиялық жабдықты монтаждауды қоспағанда, жабдықты орнатуға, монтаждауға, құрастыруға, жөнге келтіруге, іске қосуға және (немесе) оған қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;
      6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлік желілер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, жөнге келтіруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлік немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп танылады.
      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде резидент еместің тұрақты мекемесі екі күннің бірінің: осы резидент еместің тиісті қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжаттың (келісімшарттың, шарттың) күшіне ену күнінің немесе осындай қызметтің нақты басталу күнінің неғұрлым ертерегінен бастап құрылған болып есептеледі.
      2. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсаттар үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсетілетін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында бір немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген кейінгі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік жүз сексен үш күннен астам уақыт жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.
      Солар бойынша келісімшарттар өзара байланысты немесе өзара тәуелді болып табылатын жобалар байланысты жобалар болып танылады. Солар бойынша резидент емес немесе резидент еместің немесе оның құрылтайшысының (акционерінің, қатысушысының) еншілес компаниялары бір ғана салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына ұқсас немесе біртектес қызметтер көрсететін (жұмыстар орындайтын) келісімшарттар өзара байланысты келісімшарттар болып танылады. Жеке немесе заңды тұлғаның келісімшарттың бірі бойынша міндеттемелерді орындамауы басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруға әсер ететін келісімшарттар өзара тәуелді болып танылады.
      Осы тармаққа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келген кәсіпкерлік қызмет бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда, тұрақты мекеме жобаға қатысушы әрбір резидент емес үшін құрылған болып танылады. Жобаға қатысушы резидент еместер салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда тұрақты мекеме мұндай жобаны аяқтайтын резидент емеске қатысты бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап ретроспективті құрылған болып қаралады.
      Егер жобаның (келісімшарттың) орындалуына жауапты болатын бас мердігер қосалқы мердігерге басқа заңды тұлғаны жалдаса, онда қосалқы мердігер жобаны (келісімшартты) орындауға жұмсаған уақыт кезеңі бас мердігердің жобаны (келісімшартты) орындауға жұмсаған уақыты болып саналады.
      3. Резидент емес, сондай-ақ:
      1) уәкілетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандыру немесе қайта сақтандыру жүргізген;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір жерден тауарлар өткізген. Бұл ретте тұрақты мекеме осы тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, мұндай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап құрылады;
      3) егер мұндай қызмет он күннен астам уақытқа созылса, Қазақстан Республикасында тауарлар сатылатын көрмелер өткізген;
      4) осы баптың 6-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиал немесе өкілдік ашқан кезде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
      4. Құрылыс алаңы, оның ішінде монтаждау немесе құрастыру объектісі, жобалау жұмыстарын жүргізу жұмыстарды жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тұрақты мекемені құрады.
      Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, оның ішінде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, көпірлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық жабдықтарды монтаждау орны құрылыс алаңы (объектісі) деп түсініледі.
      Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берілген объектіні (орындалған жұмыстың көлемін) қабылдау актісіне қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейінгі күннен бастап өзінің жұмысын тоқтатады.
      5. Осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезіндегі он екі ай кезең шегіндегі уақытша үзілістер және маусымдық үзілістер тұрақты мекемені таратуға алып келмейді.
      6. Резидент еместің Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместің негізгі (әдеттегі) қызметінен ерекшеленетін дайындық және көмекші сипаттағы қызметті жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса, тұрақты мекеме құруға алып келмейді. Бұл ретте дайындық және көмекші сипаттағы қызмет басқа (үшінші) тұлғалар үшін емес, резиденттің өзі үшін жүзеге асырылуға тиіс. Дайындық және көмекші сипаттағы қызметке:
      1) кез келген орынды резидент емеске тиесілі тауарларды оларды өткізу басталғанға дейін сақтау, көрсету және (немесе) беру мақсатында ғана пайдалану;
      2) тұрақты қызмет орнын тауарларды өткізбей, оларды сатып алу мақсатында ғана ұстау;
      3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы резидент еместің негізгі (әдеттегі) қызметі болып табылмаса, ақпаратты жинау, өңдеу және (немесе) тарату, резидент емес сататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшін ғана ұстау жатады.
      7. Тәуелсіз агент (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да сол сияқты шарттың негізінде жұмыс істейтін брокер және (немесе) өзге де тәуелсіз делдал) арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретінде қарастырылмайды.
      Бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
      1) резидент еместің атынан келісімшарттар жасасуға уәкілеттік берілмеген;
      2) өзінің негізгі (әдеттегі) қызметі шеңберінде әрекет ететін және резидент еместен заңдық жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсіз болып табылатын;
      3) қызметін дербес жүзеге асыруына орай кәсіпкерлік тәуекелді көтеретін тұлға тәуелсіз агент деп түсініледі.
      8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, егер резидент емес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тәуелді агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай резидент емес тәуелді агент ол үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесі бар резидент емес ретінде қарастырылатын болады. Бұл ретте тәуелді агент бір мезгілде мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
      1) осы баптың 7-тармағына сәйкес тәуелсіз агент болмауға;
      2) шарт қатынастары негізінде Қазақстан Республикасында оның мүдделерін білдіру құқығын иеленуші болуға, оның атынан әрекет ету және келісімшарттар (шарттар, келісімдер) жасасу құқығы болуға;
      3) оның қызметі осы баптың 6-тармағында тізбеленген қызмет түрлерімен шектелмеуге тиіс.
      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы, егер еншілес ұйым мен резидент емес заңды тұлға арасында осы баптың 8-тармағының ережелеріне сай келетін қатынастар туындаса, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылады. Өзге жағдайларда резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылмайды.
      10. Өзге заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсететін резидент емес бір мезгілде мынадай талаптарды орындаған кезде:
      1) егер мұндай персонал өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан ғана және соның мүдделерін көздеп қана әрекет етсе;
      2) шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсететін резидент емес осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;
      3) резидент еместің шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсетуден алатын табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерін көздеп өз міндеттерін орындаған уақыты ескеріле отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
      Шетелдік персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетуді алушыға есеп құжаттамасының көшірмелерін табыс етуге міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған кезде резидент еместің мұндай қызметтері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғады.
      11. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгіленген тәртіппен салық органына салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
      12. Резидент еместің салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелмегеніне немесе әділет органдарында есептік тіркеуден өтпегеніне қарамастан, резидент еместің қызметі осы баптың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемені құрады.
      13. Осы Кодексті қолдану мақсатында резидент еместің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күні ретінде:
      1) мыналарға:
      Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, немесе
      өз атынан Қазақстан Республикасында іс-әрекет жасауға өкілеттіктер беруге;
      өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға, Қазақстан Республикасында бірлескен қызметті жүзеге асыруға (жай серіктестікке қатысуға);
      Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға келісімшарттың (шарттың, келісімнің) бірін жасасу;
      2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күні не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген келісімшарттың талаптарын орындау үшін қызметкердің Қазақстан Республикасына келген күні танылады. Бұл ретте резидент еместің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күні осы тармақшада көрсетілген алғашқы күндердің бірінен ертерек бола алмайды.
      Осы тармақтың бірнеше талаптары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген күндердің неғұрлым ертерегі Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
      14. Егер резидент емес қызметін қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асырса, егер осы Кодекстің 26-тарауында өзгеше белгіленбесе, онда резидент еместің мұндай филиалына немесе өкілдігіне осы Кодекстің резидент еместің тұрақты мекемесі үшін көзделген ережелері қолданылатын болады.
       Ескерту. 191-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       192-бап. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы
                 көздерден алатын табыстары

      1. Табыстардың мынадай түрлері резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
      3) мыналарға:
      резидентке;
      егер алынатын қызметтер Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, осындай тұрақты мекемесі бар резидент емеске Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқару, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда және төрелік органдарында өкілдік ету мен қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар;
      4) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салудағы жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің, тауарлар өткізудің нақты орындалған (көрсетілген, өткізілген) жеріне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден, өткізуден түсетін табыстары, сондай-ақ көрсетілген тұлғаның:
      резиденттен;
      егер алынатын жұмыстар, қызметтер, тауарлар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент еместен алған, осы бапта белгіленген өзге де табыстары;
      5) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
      резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаға, консорциумға қатысу үлестерін;
      егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп процентін Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түсетін табыстар;
      6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;
      7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;
      8) мұндай резидент еместің Қазақстан Республикасындағы қызметі барысында туындаған міндеттемелерін, оның ішінде жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасасқан келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерін резиденттің және резидент еместің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
      9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;
      10) мыналардан:
      резиденттен;
      егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, осы резидент еместен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;
      11) мыналардан:
      резидент эмитенттен;
      егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, осы резидент емес эмитенттен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;
      12) егер роялти төлеу жөніндегі шығыстар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резиденттен немесе резидент еместен алынатын, роялти түріндегі табыстар;
      13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
      14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
      15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;
      16) халықаралық тасымалдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішіндегі тасымалдарда көлік қызметін көрсетуден түсетін табыстар.
      Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.
      Осы бөлімнің мақсатында мыналар:
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішіндегі пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
      өнімді құбырлармен өткізу халықаралық тасымалдар болып танылмайды;
      17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
      18) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;
      19) резидентке қатысты басқарушылық міндеттерді орындаудың жүктелуімен байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқару міндеттерін нақты орындайтын жері маңызды емес;
      20) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе резидент емес Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;
      21) жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) еңбек шартының (келісімшартының) негізінде немесе өзге де тұлға қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;
      22) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
      23) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
      24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе резидент емес төлейтін ұтыстар;
      25) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      26) Қазақстан Республикасындағы мүліктен түсетін табыстарды қоса алғанда, осындай мүлікті тегін алу түріндегі табыстар;
      27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
      28) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;
      28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
      29) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.
      2. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары болып табылмайды.
       Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ
МЕКЕМЕ ҚҰРМАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

       193-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау
                 тәртібі

      1. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстарына осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша, шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен табыс салығы салынады.
      2. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды.
      3. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері болып табылатын мынадай тұлғаларға:
      1) дара кәсіпкерге;
      2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;
      3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледі.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға кейіннен тұрақты мекеме құруға алып келген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап салық агенті болып танылады;
      4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.
      4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.
      5. Мыналар:
      1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;
      2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
      3) бір мезгілде мынадай талаптар:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелену;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп процентінің дивидендтерді төлеуі күнінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрауы орындалған күнгі дивидендтер;
      4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
      5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
      6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      7) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
      10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
      11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;
      12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;
      13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар салық салуға жатпайды.
      6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.

       194-бап. Төлем көзінен табыс салығының ставкалары

      Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
      1) осы баптың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар - 15 процент;
      2) осы Кодекстің 192-бабының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 процент;
      3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 процент;
      4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 процент;
      5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар - 5 процент;
      6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 процент.

       195-бап. Төлем көзінен табыс салығын аударудың тәртібі мен
                 мерзімдері

      1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке:
      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
      2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - резидент еместің шегерімге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.
      Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
      3) алдын ала төленген төлем бойынша - табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.
      2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу келесі салық кезеңдерінде жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.
      3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент еместің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.

       196-бап. Салық есептілігін табыс ету

      Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:
      1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;
      2) резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.
      Бұл ретте есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып танылады.

       197-бап. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын
                 мүлікті және Қазақстан Республикасында жер
                 қойнауын пайдалануға байланысты бағалы
                 қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн
                 өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу,
                 ұстау және аудару

      1. Осы бап мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті;
      2) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін;
      3) егер аталған резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін;
      4) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде резидент еместің құн өсімінен түсетін табыстарына қолданылады.
      Бұл ретте құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
      Осы Кодекстің мақсаты үшін акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
      2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
      3. Салық органы энергетика және минералдық ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның мүлкіне байланысты бағалы  қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәлімет алған кезде осындай резидентке немесе консорциумға бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы туралы, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу бағасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, хабарлама жіберуге міндетті.
      4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.
      Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
      5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін тұлғаға, оның ішінде резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.
      6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
      7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезінде ұстайды.
      8. Корпоративтік табыс салығының сомасын аударуды салық агенті осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы салық агенті тіркеу есебіне алынған жердегі салық органына жүргізеді.
      9. Салықты осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум салық агентінің қаражаты есебінен төлеуі мүмкін. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға немесе консорциум салықты осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы резидент заңды тұлға немесе консорциум орналасқан жердегі салық органына аударуға тиіс.
      Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаға немесе консорциумға салық агенті аударған салық сомасы осындай резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның табысы болып танылмайды.
      10. Салық агенті осы баптың 8 және 9-тармақтарын қолданбаған жағдайда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум құн өсімінен түсетін табыстардан табыс салығын резидент емес үшін төлеуді осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз қаражаты есебінен дербес жүргізуге құқылы.
      Бұл ретте резидент емес үшін төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерімге жатқызылмайды.
      11. Салық агенті, осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум осы баптың 7-10-тармақтарындағы ережелерді қолданбаған жағдайда, салық берешегінің сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғадан немесе консорциумнан өндіріп алуға жатады.
      12. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде салық агенті резидент еместің құн өсімінен түсетін табысынан табыс салығын аудармаған немесе толық аудармаған жағдайда, салық берешегі жылжымайтын мүлікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен өткізу есебінен өтеуге жатады.

24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ
МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

       198-бап. Салық салынатын табысты анықтау

      1. Салық салынатын табысты анықтау, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі осы баптың және осы Кодекстің 83-149-баптарының ережелерімен белгіленеді.
      2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:
      1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;
      2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;
      3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;
      4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.
      3. Резидент емес кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі. "Байланысты жобалар" ұғымы осы Кодекстің 191-бабының 2-тармағында айқындалған.
      Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      4. Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.
      Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.
      6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
      1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;
      2) резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
      3) осы резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;
      4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
      5) құжатпен расталмаған шығыстар;
      6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмсалған басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.

       199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі

      1. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.
      Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы алып тасталған, осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.
      2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
      3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.

       200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу
                 тәртібі

      1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі біреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтік табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы оның тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есепті салық кезеңінің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, мыналарды:
      1) уәкілетті органды - тұрақты мекемелердің қайсысы корпоративтік табыс салығын есептеуді және төлеуді жүргізетіні туралы;
      2) өзінің тұрақты мекемелері орналасқан жердегі салық органдарын - таңдап алынған тұрақты мекеме оның барлық тұрақты мекемелері бойынша бюджетке салық төлеуді жүргізетіні туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс.
      Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледі.
      Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзінің орналасқан жері бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерінің бүкіл тобы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиіс.
      2. Осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүргізетін салық агенті осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай, көрсетілген табыстардан табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды өзінің орналасқан жері бойынша жүргізуге міндетті. Осы тармақтың ережелері осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің ережелері сақталған кезде қолданылмайды.
       Бұл ретте салық агенті ұстаған төлем көзінен табыс салығы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салықтық міндеттемелерін өтеу есебінен есепке жатқызылуға тиіс.
      3. Резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшарт және (немесе) резидент емес заңды тұлғаның осындай филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактура болмаған жағдайда, резидент емес заңды тұлғаның табыстарына осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне қарамастан, шегерімдер жүзеге асырылмай, осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығы салынады. Мұндай жағдайда, салық агенті ұстап қалған төлем көзінен табыс салығы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен осы резидент емес заңды тұлғаның филиалының, өкілдігінің, тұрақты мекемесінің салықтық міндеттемелерін өтеу есебінен есепке жатқызылуға тиіс.
      Резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшарт және (немесе) резидент емес заңды тұлғаның осындай филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактура болған кезде осы тармақтың ережелері қолданылмайды және мұндай резидент емес заңды тұлғаның табыстарына осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне сәйкес табыс салығы салынады. Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға салық агентіне филиалдың, өкілдіктің, тұрақты мекеменің сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті.
      4. Салық агенті осы баптың ережелеріне сәйкес ұстаған корпоративтік табыс салығын қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға ретроспективті тәртіппен қайта есептеуге тиіс.
      Қайта есептеу осы Кодекстің 198, 199-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеумен және осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген табыстар көрсетіле отырып, тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуді білдіреді.
      Ұсталған табыс салығы мен қайта есептелген табыс салығы арасындағы айырма ретінде есептелген корпоративтік табыс салығы осы Кодексте белгіленген тәртіппен резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салықтық міндеттемелерін өтеу есебінен есепке жатқызылуға тиіс.

25-тарау. РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА
САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

       201-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және
                 аудару тәртібі

      1. Резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша төлем көзінен табыс салығы салық шегерімдері жүзеге асырылмай салынады.
      Бұл ретте резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті осы бапта және осы Кодекстің 195-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
      2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы баптың 8-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.
      3. Осы Кодекстің 163 - 165-баптарында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18)-22) тармақшаларында айқындалған резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмай, осы Кодекстің 161 , 167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
      4. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеудің нысаны мен орнына қарамастан, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табысты төлеу кезінде ұстайды.
      5. Осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің жұмысы үшін берілген шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті персоналды берген резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеу кезінде жүргізеді. Бұл ретте мұндай шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді және аударуды салық агенті ай сайын осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
      6. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
      1) дара кәсіпкерге;
      2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;
      3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледі.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға кейіннен тұрақты мекеме құруға алып келген Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап салық агенті болып танылады;
      4) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент емес оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске;
      5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.
      7. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығының сомаларын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.
      8. Мыналар:
      1) банктік депозиттер бойынша сыйақылар;
      2) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;
      3) резиденттер сатып алушылар төлеген, борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;
      4) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
      акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленетін;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті дивидендтер төлеу күніне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын дивидендтер;
      5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайларын осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кезде солар бойынша табыстар;
      6) мұндай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
      7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      8) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      9) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының немесе шетелдік қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      10) меншік құқығын тіркеген кезден бастап бір жылдан астам уақыт меншік құқығында болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
      11) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
      12) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс салық салуға жатпайды.
       Ескерту. 201-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       202-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ
                 резидент емес заңды тұлғаның шетелдік
                 қызметкерлерінің табыстарына салық салу тәртібі

      1. Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 201-бабының 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 163-165-баптарында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында айқындалған резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салуға қолданылады. Бұл ретте осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкері болып табылса;
      2) резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 189-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылса, қолданылады.
      Егер резидент емес жеке тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда осы Кодекстің 163-165-баптарында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, мұндай тұлғаның осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген табыстары салық салуға жатпайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емес заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.
      3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген ставка бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, резидент емес жеке тұлға мен резидент емес заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісімшартта) көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген резидент емес жеке тұлғалармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісімшарттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
      4. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын бюджетке есептеуді және аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша әрбір айдың 25-інен кешіктірмей жүргізеді.
      5. Төлем көзінен жеке табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеу кезінде ұстайды.

       203-бап. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар табыс
                 ететін жеке табыс салығы мен табыстардан
                 әлеуметтік салық бойынша декларацияны табыс ету

      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар табыс ететін жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.

       204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген
                 жағдайларда салық салу тәртібі

      1. Осы баптың ережелері резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.
      2. Резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерімдері жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
      3. Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.
      4. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына осы Кодекстің 205-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей дербес табыс етеді.

       205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету

      Жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       206-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы

      1. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі осы тараудың және осы Кодекстің 27-тарауының мақсатында - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
      2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды.

       207-бап. Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі

      Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

       208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа
                 салық салу мақсатында резидент емес заңды
                 тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын
                 шегерімге жатқызу әдістері

      1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезінде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегеруге халықаралық шарттың ережелерімен жол берілген жағдайда, онда мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:
      1) шығыстарды барабар бөлу әдісі;
      2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.
      Бұл ретте резидент заңды тұлғада осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес резиденттігін растайтын құжаты болған кезде көрсетілген шығыстарды шегерімге жол беріледі.
      2. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар - бұл ұйымды басқаруға, өндірістік процеспен байланысты емес басқарушы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.
      3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің бірін ғана қолданады. Қолданылатын әдіс есепті салық кезеңінде өзгермейтін болуға тиіс.
      4. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерімге жатқызудың таңдап алынған әдісі тұрақты мекемеге (шығыстарды барабар бөлу әдісі кезінде пайдаланылатын есептік көрсеткішті есептеу тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін.
      5. Резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды есепті салық кезеңі ішінде шегерімге жатқызудың екі әдісін бір мезгілде қолдануға құқығы жоқ.
      6. Шегерімге жатқызылған көрсетілген шығыстар сомасын есептеу мақсатында тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына резидент емес табыс ететін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша толтырылады.
      7. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде мынадай растаушы құжаттар:
      1) осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасында салық төлеуші тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      3) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      4) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) және олардың мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасы болған кезде ғана шегерімге жатқызылады.
      Бұл ретте осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне байланысты мынадай деректер:
      1) тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
      2) тұтас алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;
      3) тұтас алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны;
      4) әрбір бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың жалпы сомасының ажыратылған жазбасы жасалған жалпы сома ашып көрсетілуге тиіс.
      8. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызған басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының тізбесі, сондай-ақ оларды резидент емес заңды тұлға мен оның тұрақты мекемесі (мекемелері) арасында бөлу әдісі резидент емес заңды тұлғаның салық есебі саясатында бекітіледі.
      9. Резиденті емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Барабар бөлу әдісін қолданған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын шығыстар сомасының еркін нысанда жасалған есеп-қисабы табыс етіледі.
      Осы баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, осы баптың 7-тармағында аталған құжаттарды резидент емес салық органына оның талап етуі бойынша табыс етеді.
      10. Егер қаржылық есептілік шет тілінде жасалса, салық төлеуші оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, оның мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса беруге міндетті.
      11. Қаржылық есептілікте барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасы көрсетілмеген, сондай-ақ осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, мұндай шығыстар тұрақты мекеменің шегеріміне қабылданбайды.

       209-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісі

      1. Барабар бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың сомасы осындай шығыстар мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде анықталады.
      2. Есептік көрсеткіш резидент емес заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі:
      1) резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау:
      резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы (Т);
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ);
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға тұтас алғанда осындай салық кезеңінде персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ).
      Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:
      ОШ = (Т + НҚ + ЕТ) .
                 3

       210-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісін жекелеген
                 жағдайларда қолдану кезінде есептік көрсеткішті
                 есептеудің ерекшеліктері

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес келмеген не салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын, резидент емес заңды тұлғаның резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзетуге міндетті.
      Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.
      2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.
      Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
      3. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:
      К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,
      мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,
      бұл ретте:
      СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны;
      СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны;
      СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны;
      ҚЕ (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;
      ҚЕ (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.

       211-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі

      1. Резидент еместің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде орналасқан басты офистің және оның тұрақты мекемелерінің табыстары мен шығындарын (басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есептеуді жүргізген жағдайда пайдаланылады.
      2. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар, егер олар айқын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей жұмсалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.
      3. Аталған шығыстар растайтын құжаттар және олардың мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасы болған кезде ғана тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.
      4. Мыналар:
      1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
      2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде резидент емес заңды тұлға жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
      3) осы Кодекстің 208-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
      4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде резидент емес заңды тұлға жұмсаған шығыстардың есебі бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есептік құжаттардың негізінде жасалған салық тіркелімдері растайтын құжаттар болып табылады.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде резидент емес заңды тұлға жұмсаған шығыстардың есебі бойынша тіркелімнің нысаны, оны толтыру тәртібі резидент емес заңды тұлғаның салық есебі саясатында бекітіледі.

       212-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
                 Республикасындағы көздерден алған табыстарына
                 салық салудан толық немесе ішінара босатуға
                 қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер резидент емес табыстарды түпкілікті алушы болып табылса және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай резидентке табыс төлеу кезінде немесе резидент еместің табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық ставкасын дербес қолдануға құқығы бар.
      Халықаралық шартты салық салудан босату немесе төмендетілген салық ставкасын пайдалану бөлігінде қолдануға резидент емес салық агентіне табысты төлеу күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты табыс еткен жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      2. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтеріне, сыйақыларына және роялтиіне халықаралық шарт ережелеріне сәйкес табыс салығының төмендетілген ставкасын қолдану мақсатында табыстарды пайдалану және оларға билік ету тәсілдерін дербес анықтауға құқығы бар тұлғаны табыстарды түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) деп түсіну керек.
      Бұл ретте агент, номиналды ұстаушы болып табылатын заңды немесе жеке тұлға немесе табысты иелену құқықтары жоқ, мұндай табысқа қатысты тек делдал болып табылатын тұлға табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) бола алмайды.
      3. Осы бапта белгіленген халықаралық шарт ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған мынадай табыс түрлеріне:
      1) дивидендтерге, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынатын дивидендтерге;
      2) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
      резидент емес жеке тұлға есепті салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез келген кезекті он екі айлық кезеңде жалпы саны бір жүз сексен үш күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде Қазақстан Республикасында болған;
      табыстарды Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жұмыс беруші төлеген немесе олар соның атынан төленген;
      резидент емес жеке тұлғаның табыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі көтермеген кезде, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген, осы Кодекстің 201-202-баптарында аталған резидент емес жеке тұлға алатын табыстарға;
      3) егер көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін мерзім шегінде көрсетсе (орындаса), Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
      Осы тармақшаны қолдану мақсатында резидент емес салық агентіне құрылтайшы құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және резидент емес заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен үзінді көшірмелерді табыс етеді;
      4) резидент емес болып табылатын заңды немесе жеке тұлға осы Кодекстің 197-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыруға байланысты емес, осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
      4. Тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық ставкасын депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынатын дивидендтерге қолдану мақсатында салық агентінде табысты төлеу кезінде мынадай құжаттар:
      1) "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған:
      базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың иеленушілері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауларын;
      депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімі.
      Егер көрсетілген талапта басқа күн көрсетілмесе, тізімді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамы тіркеушінің талабын алған күнге жасайды;
      2) резидент еместен алынған, осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес, депозитарлық қолхаттар бойынша табыстарды түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) резидент еместің резиденттігін растайтын құжат болу керек.
      5. Салық агенті салық органына табыс етілетін салық есептілігінде есебіне жазылған (төленген) табыстардың және халықаралық шарттар ережелеріне сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкаларын және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.
      Бұл ретте салық агенті салық есептілігін табыс еткен кезде өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті.
      Бұл ретте, көрсетілген құжат осы Кодекстің 219-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өзгертілген деректер ескеріле отырып табыс етілген жағдайларды қоспағанда, егер осындай құжаттың көшірмесі бұрын табыс етілсе, салық агентінің салық органына салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін қайта табыс етуі талап етілмейді.
      6. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл мемлекеттік бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына     сәйкес жауапты болады.

       213-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда
                 тұрақты мекеме арқылы резидент еместің көлік
                 қызметін көрсетуден түскен табыстарына салық
                 салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер резидент емес табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден түсетін табыстарға салық салудан босату бөлігінде оның халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
      Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға резидент еместе корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      Резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін салық төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.
      2. Резидент емес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда салық сомасын, ставканы және соның негізінде мұндай ставка қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
      3. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлік қызметін көрсетуден (салық салуға жататын) түсетін табыстар сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
      4. Халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден табыстар алу үшін жұмсалған шығыстар сомасы тікелей немесе жанама әдіспен айқындалады.
      Бұл ретте салық төлеуші өз таңдауы бойынша шығыстарды есептеудің көрсетілген әдістерінің бірін қолдануға құқылы. Таңдап алынған әдіс жыл сайын пайдаланылады және салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін.
      5. Тікелей әдіс халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден шеккен шығыстардың және Қазақстан Республикасының аумағында көлік қызметін көрсетуден түсетін шығыстардың бөлек есебін жүргізу негізінде тиісті шығыстарды айқындауды көздейді.
      6. Жанама әдіс көрсетілген шығыстарды резидент емес есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алу үшін шеккен шығыстардың үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындауды көздейді. Үлес халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден түсетін табыстар сомасының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
      7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына   сәйкес жауапты болады.

       214-бап. Халықаралық шартты резидент еместің тұрақты
                 мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы
                 қызметінен түсетін таза табысқа салық салудан
                 ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болса және осындай халықаралық шартта резидент еместің таза табысына салық салудың осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы таза табысына оның тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық ставкасын қолдануға құқығы бар.
      Төмендетілген салық ставкасын қолдануға резидент еместе корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      Резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін резидент емес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.
      2. Резидент емес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда таза табысқа салық сомасын, ставканы және оның негізінде мұндай ставка қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
      3. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде резидент емес салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

       215-бап. Халықаралық шартты салық агенттері болып
                 табылмайтын тұлғалардан резидент емес жеке
                 тұлғаның алған табыстарына салық салудан
                 босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер резидент емес жеке тұлға табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, осы Кодекстің 204-бабында көрсетілген оның халықаралық шарттың ережелерін табыстарға салық салудан босату бөлігінде қолдануға құқығы бар.
      Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға резидент еместе корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      Резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді.
      2. Халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес есебіне жазылған (алынған) табыстардың және төленген (төлеуден босатылған) салықтардың сомасын және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетеді.
      3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің 204-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті.
      Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға бюджетке Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан түсетін табыс салығын төлеген жағдайда, осындай резидент еместің осы Кодекстің 217-бабында белгіленген тәртіппен төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.

       216-бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын
                 бюджетке немесе шартты банк салымына аудару
                 тәртібі

      1. Салық агенті осы Кодекстің 212-бабында белгіленген тәртіпті қолданбаған жағдайда, салық агенті резидент емеске табысты төлеу кезінде осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында немесе 194-бабында айқындалған ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға және ұсталған табыс салығының сомасын осы Кодекстің 161 , 195-баптарында белгіленген мерзімдерде бюджетке немесе резидент емеске ашылған шартты банк салымына аударуға міндетті.
      Табыс салығын шартты банк салымына аудару тәртібі резидент еместің тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табысынан ұсталған табыс салығына ғана қолданылады.
      2. Табыс алатын резидент емес, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент банк салық агентінің резидент еместің табысынан табыс салығын аударуының белгіленген мерзіміне дейін шартқа қатысушылармен келісілген нысан бойынша резидент еместің шартты банк салымын ашу туралы шарт жасасады.
      3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда бюджетке табыс салығының сомасы және бюджетке салық аударылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютадағы банктік сыйақылардың сомасы аударылады.
      4. Шотында шартты банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті табыс етуге міндетті. Есеп шартты банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға табыс етіледі.
      Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны табыс ету салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына:
      1) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шартты банк салымы туралы шартты (мұндай шарттың көшірмесі аталған салық органында сақталады);
      2) шартты банк салымына аударылған табыс салығының сомалары көрсетілетін, осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс етуге міндетті.
      6. Салық агенті орналасқан жердегі салық органы шартты банк салымы туралы шартты салық агенті табыс еткен кезден бастап күнтізбелік екі күн ішінде тіркеуге немесе оны тіркеуден бас тартуға міндетті. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін шартты банк салымы туралы шарт қана тіркелуге тиіс. Шартты банк салымы туралы шарт талаптарының осы баптың ережелеріне сәйкес келмеуі оны тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
      7. Салық органы резидент еместің пайдасына шешім қабылдағанға дейін резидент еместің және салық агентінің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасына билік етуге құқығы жоқ.
      8. Осы баптың ережелері салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шартқа ғана қолданылады.
      9. Осы Кодекстің 195-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығын аудару күніне шартты банк салымы туралы шарт салық органында тіркелмеген жағдайда, бюджетке табыс салығын аудару белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
      10. Салық агенті салық органына табыс етілетін есеп-қисапта есептелген (төленген) табыстардың және ұсталған салықтардың сомаларын, сондай-ақ солар бойынша табыс салығы есептелген ставкаларды көрсетуге міндетті.
      11. Салық органы:
      шартты банк салымдарына орналастырылған;
      халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емеске қайтарылған;
      бюджетке аударылған табыс салығы сомаларының есебін жүргізуге міндетті.

       217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс
                 салығын қайтару тәртібі

      1. Резидент еместің мынадай жағдайларда:
      1) салық агенті резидент еместің Қазақстан Республикасының көздерінен алынған табыстарынан табыс салығын шартты банк салымына немесе бюджетке аударғанда;
      2) резидент емес Қазақстан Республикасында халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырғанда;
      3) салық төлеуші осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлегенде, осы бапта белгіленген тәртіппен халықаралық шарт ережелеріне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
      Бұл ретте резидент емес осы Кодекстің 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтарып алуға салықтық өтінішті (бұдан әрі осы баптың және осы Кодекстің 218-бабының мақсатында - өтініш) салық органына табыс етуге міндетті.
      2. Резидент емес өтінішті салық агенті орналасқан жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына (уәкілетті органды қоспағанда) табыс етеді.
      Егер салық агенті уәкілетті органға қатысты төмен тұрған орган болып табылатын салық органында тіркелген болса, резидент емес өтінішті аталған салық органына табыс етеді.
      3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде, ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді қоспағанда, резидент емес өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейін табыс етеді.
      4. Егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтінішті салық органына табыс салығы сомаларын шартты банк салымына орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын бюджетке аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткеннен кешіктірмей табыс етеді.
      Егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, резидент емес ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша өтінішті салық органына осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтуінен кешіктірмей, келісімшарттың іс жүзінде орындалуына байланысты табыс етеді.
      5. Салық органы өтінішті резидент емес оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде қарайды.
      6. Өтінішті қарау кезінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қателер анықталған жағдайда салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес резидент емеске жіберілген қателерді дербес жою үшін хабарлама жібереді. Бұл ретте резидент еместің өтінішін қарау мерзімі анықталған қателер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      7. Резидент еместің өтінішін қарау кезінде салық органы салық агентіне оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде өтініш берген резидент еместің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.
      Аталған тексеруді жүргізу барысында салық органы құжаттарды:
      1) салық агентінің резидент еместің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді толық орындауы;
      2) табыс етілген келісімшарттардың бір жобамен байланыстылығы, табыс етілген келісімшарттардың басқа келісімшартпен (келісімшарттармен) бір жоба немесе байланысқан жобалар шеңберінде байланыстылығы;
      3) резидент еместің бұрын резиденттерге қызметтер көрсетуі, резидент еместің Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметінің жүйелілігі;
      4) резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің болуы (болмауы);
      5) жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің нақты мерзімдерінің жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшартта (келісімшарттарда) көзделген мерзімдерге сәйкестігі (бұл мәселе өтініш беруші резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде қарастырылады);
      6) өтініш беруші резидент еместің Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өтуі;
      7) табыс етілген өтініштердің дұрыс толтырылуы;
      8) өтініштерде немесе резиденттікті растайтын құжаттарда шетелдік тұлғаның және шетелдік тұлғаның резиденттігін куәландырған шет мемлекеттің құзыретті органының қолы мен мөрінің болуы;
      9) шартты банк салымы туралы шарттардың салық агенті орналасқан жердегі салық органдарында тіркелуінің болуы (бұл мәселе резидент емес осындай шарттарды жасасқан кезде қарастырылады);
      10) шартты банк салымы туралы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауы (бұл мәселе резидент емес осындай шартты жасасқан кезде қарастырылады) тұрғысынан тексереді.
      8. Егер резидент еместің Қазақстан Республикасында өкілдігі немесе филиалы болса, өтінішті қарайтын салық органы резидент еместі оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңінің ішінде салықтық міндеттемелерді орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуы не болмауы тұрғысынан кешенді салықтық тексеру жүргізуге арналған сұрау салуды өкілдіктің немесе филиалдың орналасқан жеріндегі салық органына жіберуге міндетті.
      9. Салық агенті таратылған жағдайда салық органы резидент еместің резиденттік елінің құзыретті органына салық агенті мен резидент еместің өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру туралы сұрау салу жіберуге міндетті.
      10. Резидент емес осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды табыс етпеген не салық органы шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпарат беру туралы сұрау салу жіберген жағдайларда, резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылатын ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте, өтінішті қарауды тоқтата тұру мерзімі салықты бюджетке немесе шартты банк салымына төлеу бойынша салықтық міндеттемелер туындаған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс. Осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен асып кеткенде, мұндай өтініш қаралудан бас тартылуға жатады.
      11. Салық органы төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде табыс етілген өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы қойылады және өтініштің өзі басшының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
      12. Табыс салығы бюджетке төленген және салық органы резидент еместің пайдасына шешім қабылдаған жағдайда салық органы осы Кодекстің 602-бабында көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместің салық органы куәландырған өтінішінің негізінде резидент емеске табыс салығын бюджеттен қайтаруды жүргізеді.
      13. Табыс салығы шартты банк салымына аударылған және салық органы резидент еместің пайдасына шешім қабылдаған жағдайда банк резидент емеске шартты банк салымынан табыс салығының өтініште көрсетілген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын  қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте салық органы куәландырған өтінішті резидент емес банкке дербес табыс етеді.
      14. Салық органы халықаралық шарт ережелерінің заңсыз қолданылғанын анықтаған кезде резидент емеске төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы негізді шешім жіберіледі, ол басшы қол қойған салық органы хатының бланкісінде ресімделеді.
      15. Салық органының шешімі резидент емеске алғаны туралы хабарлама берілетін арнайы почтамен жіберіледі.
      16. Салық органының теріс шешімімен келіспеген жағдайда, резидент еместің халықаралық шарт ережелерін қолданудың заңдылығы мәселесін қайтадан қарау туралы сұрау салумен уәкілетті органға (қажет болғанда резиденттік елінің құзыретті органын тарта отырып) мынадай мерзімдердің кез келгенінде:
      1) теріс шешім алынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде;
      2) шешім болмаған жағдайда өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн өткеннен кейін жүгінуге құқығы бар.
      Бұл ретте мұндай сұрау салудың көшірмесі теріс шешім қабылдаған салық органына табыс етіледі. Сұрау салу осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттар қоса беріле отырып, еркін нысанда ресімделеді.
      17. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша резидент емес сұрау салуды табыс еткен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей дәлелді шешім шығаруға міндетті.
      Уәкілетті орган төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде табыс етілген өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы қойылады және өтініштің өзі басшының қолымен және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.
      18. Егер резидент емес Қазақстан Республикасында табыстарға салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп есептесе, ол өзінің табыстарына салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерін қолданудың заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқылы.
      Бұл ретте резидент емес өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органына осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының сотына жүгінгенге дейін уәкілетті органмен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салумен жүгінуге тиіс.
      19. Халықаралық шарт ережелерін резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табысына қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы сотының шешімі болған кезде уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге құқығы жоқ.

       218-бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке
                 аудару тәртібі

      1. Салық органы резидент еместің өтініші бойынша теріс шешім алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін және резидент еместен осы Кодекстің 217-бабының 16-тармағында көрсетілген сұрау салудың көшірмесін алмаған жағдайда, банкке өтініште көрсетілген және шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді жіберуге міндетті.
      2. Резидент емес осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық органына өтінішті табыс етпеген жағдайда, салық органы жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банкке шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді жіберуге міндетті.
      3. Салық органы инкассалық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы резидент еместің шартты банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша банкке жібереді.
      4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына уәкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
      Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оларды табыс ету салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Салық органы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін күнтізбелік екі күн ішінде банк сыйақылары сомаларын бюджетке өндіріп алуға арналған инкассалық өкімді банкке жіберуге міндетті.
      6. Банк инкассалық өкімді алған күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын және есебіне жазылған банк сыйақыларын бюджетке аударуға міндетті.
      7. Банктің кінәсінен шартты банк салымы туралы шарттың талаптары бұзылған және табыс салығының ұсталған сомалары бюджетке уақтылы аударылмаған кезде банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      8. Банктің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған жағдайда, төлем көзінен табыс салығын, банк сыйақыларын және бюджетке салықты уақтылы аудармағаны үшін айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі міндеттеме салық агентіне жүктеледі.

       219-бап. Резиденттікті растайтын құжатқа және төленген
                 табыс салығын халықаралық шарт негізінде
                 бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға
                 арналған салықтық өтінішке қойылатын талаптар

      1. Осы Кодекстің 217-бабы қолданылған жағдайда, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті тиісті салық органы мыналар:
      1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
      2) құрылтайшылар (қатысушылар) және резидент емес заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлері көрсетілген құжаттардың (құрылтайшы құжаттардың не сауда тізілімінен көшірме үзіндінің) нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
      3) алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтар сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;
      4) резиденттік мемлекетінің құзыретті органы берген, резиденттікті растайтын құжат немесе оның нотариаттық куәландырылған көшірмесі болған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін резидент емес резиденттік еліндегі өзінің тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өзгертілген деректерді ескере отырып, резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариаттық куәландырылған көшірмесін осы тарауда белгіленген тәртіппен қайта табыс етуге міндетті.
      2. Егер резидент емес депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті берсе, өтінішке мынадай құжаттар:
      1) мыналарды:
      резидент еместің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
      депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
      резидент еместің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), резидент еместің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған шоттың көшірме үзіндісі;
      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;
      3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан көшірме үзінділер;
      4) осындай резидент еместің резиденттігін растайтын, осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжат қоса беріледі.
      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, резидент емес олардың мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі нотариаттық куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.
      4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжат табыс алушы шетелдік тұлғаның салық кезеңінде шетелдік тұлғаға Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, табыс есебіне жазылған халықаралық шарттарға сәйкес салық салуға жататын Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжат болып табылады. Мұндай құжатты табыс алушы шетелдік тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
      Бұл ретте резидент еместің резиденттігін куәландырған органның қолы мен мөрі (резиденттікті растайтын құжат), сондай-ақ резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі табыс етілген жағдайда шетелдік нотариустың қолы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгіленген тәртіппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.

       220-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
                 табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың
                 сомасы туралы анықтама

      1. Резиденттік елінде Қазақстан Республикасында төленген салықтарды есепке жатқызуды немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар шегерімін алу мақсатында резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы салық органынан алуға құқығы бар.
      2. Резидент емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алу үшін салықтық өтінішті төменде көрсетілген салық органына:
      1) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - салық агенті орналасқан жер бойынша;
      2) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша;
      3) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - салық агенті орналасқан жер бойынша;
      4) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстардан салықтарды дербес төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасында болатын (тұрғылықты) жері бойынша табыс етуге міндетті.
      3. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы салық органы мынадай күндерден неғұрлым кеш:
      өтініш берілген күннен;
      резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын резидент емес және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді.
      4. Салық төлеушінің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық агентінде салық өтініші берілген күні резидент еместердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы резидент емеске анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
      5. Резидент емес салық органына салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама берілмейді.
      6. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықтамаларды тіркеу журналын жүргізуге міндетті.
       Ескерту. 220-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

27-тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН
ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

       221-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі
                 көздерден алынған табыстар

      1. Осы Кодекстің мақсаты үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар деп төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар болып табылмайтын барлық табыс түрлері танылады.
      2. Резидент - салық төлеуші Қазақстан Республикасындағы салық декларациясында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған, оның ішінде салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердегі көздерден алынған табыстарды көрсетуге міндетті.

       222-бап. Резидент - заңды тұлғаның Қазақстан
                 Республикасынан тысқары жерлерде табыстар
                 алуымен байланысты шығыстарын шегерімге жатқызу
                 тәртібі

      1. Резидент - салық төлеуші табыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алумен байланысты шығыстарды осы Кодекстің 4 және 6-бөлімдерінің ережелерінде белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызады.
      2. Резидент - салық төлеуші өзінің шет мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесіне Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алумен байланысты шығыстарды осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының ережелеріне сәйкес шегерімге жатқызады.
      3. Резидент - заңды тұлғаның шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын табысын айқындау кезінде мұндай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осындай салық салынатын табысты алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол беріледі.
      4. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың сомасы резидент - заңды тұлға сондағы көздерден табыс алған шет мемлекетте осындай шет мемлекеттің салық заңнамасында көзделген тәртіппен шегерімге жатады.
      Егер резидент - заңды тұлға сондағы көздерден табыс алған шет мемлекеттің салық заңнамасында немесе халықаралық шартта басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол берілсе, бірақ бұл ретте шет мемлекеттің салық заңнамасында мұндай шығыстарды шегерімге жатқызудың тәртібі көзделмеген болса, резидент - салық төлеуші көрсетілген шет мемлекеттегі басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды осы Кодекстің 208 - 211-баптарында көзделген тәртіппен шегерімге жатқызады.

       223-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

      1. Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу кезінде салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылады.
      Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
      2. Шетелдік салықты есепке жатқызу Қазақстан Республикасында резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған:
      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;
      2) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес түзетуге жататын;
      3) шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде шет мемлекеттегі осындай табыстардан салықтарды төлеу және (немесе) ұстау фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын табыстарынан берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы салықтың іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын салық сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.
      Бұл ретте, салықтың есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:
      1) резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан салықтың шет мемлекетте іс жүзінде төленген сомасының;
      2) Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң осы тарауының және 4 немесе 6-бөлімдерінің ережелеріне, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан табыс салығы сомасының ең төменін білдіреді.
      Салық төлеуші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде көрсетілген табыс алынуға жататын салық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.
      4. Шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардан осы мемлекетте төленген табыс салығын есепке жатқызудың жалпы сомасын айқындау үшін резидент корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.
      5. Салық төлеуші шет мемлекеттегі көздерден алған табыстарының және төлеген салықтарының сомалары туралы анықтамаға оның нотариаттық куәландырылған мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса беруге міндетті.

       224-бап. Жеңiлдiкті салық салынатын мемлекетте алынған
                 табыс

      1. Егер резидентке салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан да көп проценті тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi болса немесе ол осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан да көп процентіне тікелей немесе жанама түрде ие болса, онда резидент емес заңды тұлғаның осындай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне негiзделе отырып айқындалатын пайдасының бір бөлігі резиденттің Қазақстан Республикасында салық салынатын табысына енгiзiледi. Осы тармақтың ережесі қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп процентті құрайтын, заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.
      Осы баптың мақсаты үшін пайда резидент емес – заңды тұлғаның қаржылық есептілігінде танылған, табыс салығы шегерілген есепті кезеңнің пайдасы ретінде айқындалады.
      2. Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы резидентiнiң салық салынатын табысына қосылатын резидент емес заңды тұлға пайдасының жалпы сомасы, резидент еместің қаржылық есептілігiмен расталуға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент өзі орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей , нотариаттық куәландырылған мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса бере отырып, мынадай құжаттардың:
      1) резиденттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (егер салық төлеуші еншілес ұйымы бар заңды тұлға болып табылса);
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің;
      3) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде орналасқан еншілес ұйымдар бойынша ақпараттардың мәнін аша отырып (егер резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы болған жағдайда), резидент емес заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің;
      4) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарға аудиторлық есептің көшірмелерін табыс етуге міндетті.
      4. Егер шет мемлекет мынадай талаптардың біріне жауап берген жағдайда:
      1) мұндай мемлекетте табыс салығының ставкасы 10 проценттен аспайтын мөлшерді құраса;
      2) мұндай мемлекетте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, табыстың нақты иесі немесе компанияның нақты иелері, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болса, ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады.
      Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды .
      5. Осы баптың мақсатында шет мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі де, егер ол мынадай талаптардың біріне жауап берген жағдайда:
      1) мұндай әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекет резидент емес заңды тұлғаға іс жүзінде қолданатын табыс салығының ставкасы 10 проценттен аспайтын мөлшерді құраса;
      2) мұндай әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, табыстың нақты иесі немесе компанияның нақты иелері, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болса, салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады.
      6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режиміне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.

      225-бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте
            қолдану тәртібі

      1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттегі көздерден табыстар алған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатылу немесе төмендетілген салық ставкасын қолдану мақсатында көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
      2. Халықаралық шарттың ережелері осы Кодекстің 206-бабында белгіленген талаптар орындалған кезде резиденттің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарына қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау қажет болған жағдайда, резидент орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына (уәкілетті органды қоспағанда) салық резиденттігін растауды алуға салықтық өтініш береді.
      Бұл ретте төменде көрсетілген салық төлеушілер салық органына салық резиденттігін растауды алуға салық өтінішімен қоса мыналардың:
      1) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың);
      2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының;
      3) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:
      жеке куәлігінің немесе паспортының;
      Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
      4. Резиденттікті растайтын құжатты орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органы (уәкілетті органды қоспағанда) резидент салық өтінішін берген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді.
      5. Егер резидент шет мемлекеттегі табыстарға салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп есептесе, ол шет мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе уәкілетті органға халықаралық шарт ережелерінің өз табыстарына салық салуға қатысты қолданылуының заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгіне алады.

       226-бап. Өзара келісу рәсімі

      1. Егер резидент уәкілетті органға халықаралық шарт ережелерінің өз табыстарына салық салуға қатысты қолданылуы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, ол:
      1) жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);
      2) құрылтайшылар (қатысушылар) және резидент емес – заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлері көрсетілген құжаттардың (құрылтайшы құжаттардың не сауда тізілімінен көшірме үзіндінің);
      3) есебіне жазылған және төленген табыстардың және ұсталған салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың;
      4) осы Кодекстің 225-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін қоса беруге міндетті.
      2. Резидент өтінішті, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық салу туындаған кезден бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде табыс етуге тиіс.
      3. Уәкілетті орган резиденттен өтініш алынған кезден бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде оның өтінішін қарауға және резиденттің шет мемлекетте халықаралық шарт ережелерін қолдануы заңды болған жағдайда шет мемлекеттің құзыретті органына өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салумен жүгінуге міндетті.

       227-бап. Салық жинаудағы көмек

      1. Уәкілетті орган орындалмаған салық міндеттемесін орындау мақсатында халықаралық шарт ережелеріне сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық талабын жіберу жолымен шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдем сұрауға құқылы. Салық талабы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ резидент еместің тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарынан салық міндеттемесін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда осы Кодексте белгіленген мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық ықтимал шаралары қолданылғаннан кейін ғана шет мемлекеттің құзыретті органына жіберіледі.
      2. Шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдемдесуге сұрау салу келіп түскен кезде уәкілетті органның резиденттің шет мемлекетте туындаған салықтық міндеттемесінің атқарылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ретте уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резиденттің шет мемлекеттегі көздерден алынатын табыстарынан салық төлеудің заңдылығын қарайды және қорытынды шығарады.
      3. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резиденттің салықтық міндеттемелерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен атқаруын қамтамасыз етеді. Резидент салық төлеуші салық сомасын уәкілетті органның талабы бойынша халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес жіберілген салық жинауға жәрдемдесу туралы сұрау салуда көрсетілген шет мемлекеттің құзыретті органының шотына аударады.
      4. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын өзара түсіністік принциптері негізінде қарайды.
      5. Егер халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, осы баптың ережелері осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін қолданылады.

8-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ

28-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      228-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:
      дара кәсiпкерлер;
      мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент заңды тұлғалар;
      қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
      сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
      2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 568 , 569-баптарына сәйкес жүргізіледі.

       229-бап. Салық салу объектілері

      Мыналар:
      1) салық салынатын айналым;
      2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ

      230-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

      1. Мыналар:
      1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
      2. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады.
      Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.

       231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді
                 өткізу бойынша айналым

      1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:
      1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
      тауарды сатуды;
      кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;
      тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;
      тауар экспортын;
      тауарды өтеусіз беруді;
      жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;
      2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелтуді;
      3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;
      4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;
      5) кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;
      6) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
      2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:
      1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;
      2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;
      3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;
      4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді;
      5) сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді білдіреді.
      3. Мыналар:
      1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;
      2) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;
      3) бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусіз беру не сыйлау;
      4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу" режимімен жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
      5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
      6) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
      7) егер мұндай әкету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе, шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта алып келуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету;
      8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
      9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
      10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;
      11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердің концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;
      12) егер жеке тұлғаның жеке мүлкі кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлікті өткізу бойынша айналымы;
      13) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;
      14) сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;
      15) сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

       232-бап. Салық салынбайтын айналым

      Мыналар:
      1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
      2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
      Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.

       233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын
                 өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

      1. Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм білдiрушiнiң атынан және оның есебiнен тауарды тиеп-жөнелтуi, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенiм бiлдiрілген адамның өткiзу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
      1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге тауарларды тиеп-жөнелтуі, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес – сенiм бiлдiрушiден алынған тауарды тиеп-жөнелтуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады.

       234-бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге
                 асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

      Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шартына немесе сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды тиеп-жөнелту, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенімгерлікпен басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.

       235-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде
                  жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша
                  айналымдар

      1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді (оның ішінде өндірілген пайдалы қазбаларды) өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
      1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;
      2) шот-фактураларды ресімдеу кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
      2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді (оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізілетін пайдалы қазбаларды) сатып алушыға да, жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарттың (келісімнің) шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыратын қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.
      3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алған жағдайларда, берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
      1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;
      2) сатып алу сомалары, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомалары бөлініп көрсетілуге тиіс.
      4. Жазылып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда қызметті жүзеге асыру үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.

       236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны

      1. Мынадай орын:
      1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
      2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткiзу орны болып танылады.
      2. Мынадай орын:
      1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi.
      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүлік орналасқан жер болып танылады.
      Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер , сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады;
      2) егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
      Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсет у жатады;
      3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетiлетін орын;
      Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;
      4) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.
      Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
      Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы резидент емес болып табылса, ал алушы мемлекеттік (есепке алынуы) тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болып табылса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
      Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
      зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
      консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
      персоналды беруге;
      жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беруге;
      агенттiң тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
      байланыс қызметi көрсетулеріне;
      сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;
      радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
      туризмдi ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге;
      жүк вагондары мен контейнерлерді пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
      5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу орны болып танылады.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсiпкерлiк немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
      3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу басқа негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, осындай көмекшi өткiзу орны негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
      4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезінде, ол:
      жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінбейтін;
      жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілмейтін;
      жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
      5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiр тармақшадағыдан артық көрсетілген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың ішіндегі ретi бойынша бiрiншiсі болып айқындалады.
       Ескерту. 236-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.

       237-бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналым жасау күнi тауарларды тиеп-жөнелту (беру), жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнi болып табылады.
      Жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күнi орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойылған күн болып танылады.
      2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткiзу бойынша айналым жасау күнi алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн болып табылады.
      3. Тауарларды экспорт режимінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:
      1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күн;
      2) мына жағдайларда:
      кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт режимінде әкеткен жағдайда;
      уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт режимінде әкеткен жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүктің кедендік декларациясы ресімделген күн болып табылады.
      4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл беруші үшiн мына күндердiң бiрi:
      1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепіл тұрғысынан кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналысы процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
      2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:
      1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37 - 43-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;
      2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.
      6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал , жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруiн қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;
      2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;
      3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу күні қаржы лизингінің осы шарты бойынша өткізу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
      7. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал , жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг беруші берген кезде өткiзу бойынша айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады.
      8. Егер жұмыстар, қызмет көрсетулер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні:
      1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң;
      2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi басталса, сол күн болып табылады.
      Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу, олардың нәтижелерін жұмысты, қызмет көрсетулердi алушының өз өндiрiстiк қызметiнде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алу шартымен, ұзақ мерзiмдi келісімшарт негiзiнде жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді бiлдiреді.
      9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулер сатып алған жағдайда, сатып алу бойынша айналым жасау күні орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күн болып танылады.

30-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

      238-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi

      1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, мәмiле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негiзiнде айқындалады.
      2. Тауарлар өтеусіз берiлген кезде, сондай-ақ осы
Кодекстiң 30-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, айналым мөлшерi, оларға қосылған құн салығы енгiзілмей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзінде айқындалады, бiрақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
      Осы тармақтың мақсаты үшiн тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
      3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлiктi (тауарды) кепiлге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.
      5. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, шарт талаптарында көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
      6. Yшiншi тұлғалар үшiн төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
      7. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
      8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
      9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
      10. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
      1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
      2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
      3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы, осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне айқындалады.
      11. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
      12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
      13. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:
      1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
      2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының негізінде айқындалады.
      14. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы тараудың салық салынатын айналымның (оның ішінде оны түзетудің) мөлшерін айқындау жөніндегі ережелер салық салынбайтын айналымның мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.
      15. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде комиссионердің салық салынатын айналым мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.

       239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

      1. Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетіледi.
      2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
      1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
      2) мәміленің шарттары өзгерген;
      3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген;
      4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;
      5) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
      6) осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
      3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
      1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;
      2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргізіледі.
      Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.
      4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.
      Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша айқындалады.
       Ескерту. 239-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       240-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым
                 мөлшерiн түзету

      1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
      1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң;
      2) банкрот деп танылған дебиторды Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.
      Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
      2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.
      3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi аталған төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетілген төлемақының құнына арттырылуға жатады.

       241-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын
                 төлеушi болып табылмайтын және қызметін
                 филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын
                 резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер
                 сатып алу кезiнде салық салынатын айналым

      1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде айқындалады.
      3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 268-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 270-бабында белгiленген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрілмей төленедi.
      5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
      6. Егер:
      1) берiлген жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
      2) осы баптың 1-тармағында аталған жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қатысты сыртқы сауда мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың импорты ретінде кедендік ресімдеу жүргізілсе, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

31-тарау. НӨЛДІК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР

      242-бап. Тауарлар экспорты

      Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

       243-бап. Тауарлар экспортын растау

      1. Мыналар:
      1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
      2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiсi бар жүктің кедендiк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
      3) мынадай жағдайларда:
      магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде;
      кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде;
      уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар жүктің толық кедендік декларациясы;
      4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
      Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт режимінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру
актісі табыс етіледі;
      5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
      2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
      1) қайта өңдеу режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн жүктің кедендiк декларациясы;
      2) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу режимінде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясы;
      3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды кеден бақылауымен қайта өңдеу) режимiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған жүктің кедендiк декларациясының көшiрмесi;
      4) жүктің кедендік декларациясының көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды кедендік бақылаудағы қайта өңдеу режимін шет мемлекеттің аумағында еркін айналыс үшін тауарларды шығару режиміне немесе экспорт режиміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

       244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу

      1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
      2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген жүктің кедендік декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.
      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлік ұйымының көлігімен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.
      3. Осы баптың мақсаттары үшін:
      1) жүктерді тасымалдау кезінде:
      халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
      халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;
      әуе көлігінде – жүкқұжаты;
      магистральдық құбыр жүйесі бойынша:
      есеп-қисап кезеңі ішінде әрбір магистральдық құбыр бойынша тауарлардың транзиттік көлеміне арналған жүктің кедендік декларациясы;
      орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
      шот-фактуралар;
      2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде:
      автомобиль көлігімен:
      тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
      тұрақты емес тасымалдау кезінде – жолаушылардың тізімі;
      теміржол көлігімен:
      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;
      халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
      әуе көлігімен:
      бас декларация;
      жолаушы манифесі;
      карго-манифест;
      лоджит (орталық-тиеу кестесі);
      жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж квитанциясы) бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.

       245-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

      1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.
      Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.
      Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
      Осы бапта аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді .
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушілерге:
      1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
      2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
      3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

32-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ

      246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы

      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

       247-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi

      Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн кеден төлемдерінің сомалары кіреді.
       Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

33-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР
ЖӘНЕ ИМПОРТ

      248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

      Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:
      1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
      2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
      3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет көрсетулерді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiкті;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусiз негiзде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
      6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
      7) лотереяларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді;
      8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;
      9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу" кеден режимінде әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді;
      10) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулерді, сондай-ақ транзиттік жүктерді; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулерді;
      11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;
      12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
      13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
      осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
      мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;
      14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетулерді;
      15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
      16) тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
      17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулерді;
      18) осы Кодекстің 249-254-баптарында аталғандарды;
      19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді;
      20) мыналар:
      ұлттық басқарушы холдинг;
      дауыс беретін акцияларының 100 проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

       249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
                 айналымдар

      1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру, мыналарды:
      1) қонақ үй қызмет көрсетулері үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткiзудi және (немесе) жалға берудi;
      2) қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетулердi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
      Мыналар:
      1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлем;
      2) қонақ үй қызметiн көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесін жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылмайды.
      3. Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылған өткізу бойынша айналымның мөлшері осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін сатқан кездегі құнының өсімі ретінде айқындалады.

       250-бап. Қаржылық қызметтер көрсету

      1. Қаржылық қызметті өткізу бойынша айналымдар, егер бұл қызмет көрсету осы баптың 2-тармағында көзделсе, қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:
      депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;
      аударым операциялары;
      банктік қарыз операциялары;
      кассалық операциялар;
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
      банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерлігін және өзге де міндеттемелерді беруі;
      банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
       1-1) ислам банкінің қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:
      жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
      банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
      2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
      3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері ;
      4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетулері;
      6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер ;
      7) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
      8) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетулер ;
      9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер ;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу бойынша қызмет көрсетулері ;
      11) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін сату;
      12) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
      13) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі бойынша қызмет көрсетулер ;
      14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
      аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
      қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
      кассалық операциялар;
      кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;
      15) тазартылған қымбат бағалы металдармен олардың орнын ауыстырмай жасалатын операциялар;
      16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру жатады.
      3. Бағалы қағаздармен, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерімен операцияларды жүзеге асырған кезде өткізу бойынша айналым бағалы қағаздарды, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады. Құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен айқындалады.
       4. Ислам банктерінің мүлікті беруі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде ислам банкі алуға тиіс табыс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптарымен айқындалады.
      Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.
       Ескерту. 250-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       251-бап. Мүлікті қаржы лизингiне беру

      Мүлiктi қаржы лизингіне беру лизинг берушi алуға тиісті сыйақы сомасы бөлiгiнде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
      1) мұндай беру осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
      2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алса, қосылған құн салығынан босатылады.

       252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

      Осы Кодекстiң 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар, егер олар:
      1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерiн, мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетулермен;
      2) дiни ұйымдардың жоралар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына, діни керек-жарақтарын өткізуіне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

       253-бап. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы
                  қызмет көрсетулер, жұмыстар

      Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі;
      2) мәдени ұйымдар – театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа);
      3) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру, қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;
      4) мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
      5) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;
      6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

       254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет
                 саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

      1. Медициналық және ветеринариялық қызмет көрсетумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналымдар:
      1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;
      2) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткiзген;
      3) косметологиялық, санаториялық-курорттық қызмет көрсетулерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

       255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

      1. Мынадай тауарлар:
      1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
      2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекiтілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
      3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар;
      4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетін тауарлар;
      5) шетелдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
      6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
      7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi ;
      8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;
      10) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды .

34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ

      256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

      1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
      1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы осы Кодекстiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;
      2) шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжатты ұсынған болса;
      3) тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
      4) осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалған болса;
      5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
      2. Мыналар:
      1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетіліп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша өнiм берушiлерге төлеуге жататын;
      2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;
      3) осы Кодекстiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
      4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімінің құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
      5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделiп, жүктің кедендiк декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
      6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетiлген;
      7) темiр жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендіру нөмiрi көрсетіле отырып берiлетiн жол жүру билетінде бөлек жазып көрсетілген;
      8) мынадай шарттар:
      отырғызу талонының болуы;
      электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда авиация көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендіру нөмiрi көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек жазып көрсетілген;
      9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген;
      10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесінде көрсетiлген салық сомасы;
      11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
      Мұндай құжатта:
      өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша "ҚҚС-сыз" деген белгі көрсетіледі;
      қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      Осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, босатылған айналым мақсатында бұрын сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      4. Егер шот-фактураны жазу осы Кодекстің 263-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.

       257-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

      1. Қосылған құн салығы, егер:
      1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ;
      2) қонақ үй ретiнде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;
      3) негізгі құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдерді;
      4) тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алумен байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды.
      2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ) өтеусіз негізде алған кезде, осындай мүлікті алған тұлға осындай мүлікті өтеусіз берген тұлғаның төлеуге тиісті қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.

       258-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының
                 сомасын түзету

      1. Мынадай жағдайларда:
      1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты осы Кодекстің 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
      2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
      3) табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
      4) осы Кодекстiң 263-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда;
      5) сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын болып танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
      6) сот жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәміле деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша;
      7) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
      8) осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлiнуiн бiлдiредi.
      Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
      3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
      4. Осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы осы күні тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күні қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
      2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай олардың баланстық құнына келетін сомаға барабар активтерді сатып алу күні қолданыстағы ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлігінде есепке жатқызылудан алып тасталады.
      5. Осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.
       Ескерту. 258-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       259-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәндi
                 мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған
                 қосылған құн салығының сомасын түзету

      1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің ережелеріне сәйкес күмәнді болып танылса, осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.
      2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңiндегi есепке жатқызылуда қалпына келтiрiлуге жатады.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді есептен шығару кезінде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
      4. Қосылған құн салығын төлеушi-өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушiні-өнiм берушiні Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

       260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша
                 айналымдар болған кезде қосылған құн салығын
                 есепке жатқызу тәртiбi

      1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы , осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.
      2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен есепке жатқызылады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертілмеуге тиiс.
       2-1. Осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу жөніндегі айналымдары салық салудан босатылатын объектілер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер есебін бөлек жүргізуге міндетті.
      Сонымен бір мезгілде салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабар әдісі пайдаланылады.
      3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртіппен шегерiмге жатқызылады.
       Ескерту. 260-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       261-бап. Барабарлық әдiс

      Барабарлық әдiс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

       262-бап. Бөлек есептеу әдiсi

      1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
      2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттік ұйымдардың кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
      3. Қаржы лизингіне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің мүлiктi қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
      4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады.
       5. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдаланатын ислам банктерінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдісін қолдануға құқығы бар.
       Ескерту. 262-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

35-тарау. ШОТ-ФАКТУРА

      263-бап. Шот-фактура

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.
      2. Қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта өзгеше белгіленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушыға шот-фактураны ресімдеуге мiндеттi.
      3. Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактурада:
      1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;
      2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша "ҚҚС-сыз" белгісін көрсетеді.
      4. Егер өнім беруші осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа да құжат "ҚҚС-сыз" белгісімен жазылады.
      5. Осы Кодекстiң 256-б абына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
      1) шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттiк нөмiрi;
      2) шот-фактураның толтырылған күнi;
      3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы;
      3-1) осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;
      4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушi мен алушының сәйкестендіру нөмiрi;
      5) өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлiгінiң нөмiрi;
      6) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;
      7) салық салынатын айналымның мөлшерi;
      8) қосылған құн салығының ставкасы;
      9) қосылған құн салығының сомасы;
      10) қосылған құн салығы ескерiле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетiлуге тиiс.
      Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші немесе алушы болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі:
      осы тармақтың 3), 3-1) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің деректемелерін көрсетеді;
      осы тармақтың 5) тармақшасының талаптарын орындау мақсатында өзі құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның - қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірін көрсетеді.
      6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі.
      Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде оны ұсынушының:
      комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде - "комитент";
      комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде - "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, шот-фактура жазылады.
      7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі бес күннен кешiктiрiлмей жазылады.
      Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ өткізуді, байланыс қызмет көрсетулерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер осындай өткізу кезінде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.
      Тауарлар экспорт режимінде шығарылған жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады.
      8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура өнім берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылады.
      Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен өкілеттік берілген қызметкердің қолымен куәландырылуы мүмкін.
      Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен шот-фактура "шот-фактуралар үшін" деген арнайы деректемесі бар оның мөрімен куәландырылуы мүмкін.
      Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураларды заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің, оның ішінде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.
      9. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
      Егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6)-10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне сiлтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиiс.
      10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері, сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.
      11. Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін бес күннен кешіктірілмей жазылады.
      12. Сыртқы сауда келісімшарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
      13. Шот-фактура екі дана етіп жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға беріледі.
      14. Бұрын ұсынылған шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, қателерді түзету мақсатында бұрын ұсынылған шот-фактураның күші жойылады және түзетілген шот-фактура ұсынылады.
      Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
      15. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:
      1) есеп айырысу бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде негiз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, халыққа коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшiн банктер арқылы жүзеге асырылған;
      2) жолаушы тасымалдау жол билетімен, оның ішінде әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен ресiмделген;
      3) халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызмет көрсетулерді қолма-қол есеп айырысумен өткізген жағдайда сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі берілген;
      4) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызмет көрсетулер кезінде талап етiлмейдi.
      16. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мүмкін болмаған кезде, қосылған құн салығын төлеуші ұсынушыға шот-фактураны ресімдеу талабымен жүгінуге құқылы, ал ұсынушы осы баптың ережелерін ескере отырып, осындай талапты орындауға міндетті.
      17. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 235-бабында белгіленген.
      18. Комиссия шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады. Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
      Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерін ескере отырып, жазып береді:
      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге ұсынған шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге ұсынған шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжат.
      Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
      Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде көрсетіледі.
      Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы негізінде көрсетіледі.
      19. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші осы Кодекстің 265-бабында көзделген тәртіппен қосымша шот-фактураны бір мезгілде мынадай шарттарға сай болған:
      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші шот-фактураны осы бапта көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу айналымы жасалған күнінен бұрын жазып берілген;
      шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу айналымы жасалған күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған кезде жазып береді.
       Ескерту. 263-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10.  N 178-IV Заңдарымен.

       264-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру
                 ерекшеліктері

      1. Егер жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, аталған жүктерді тасымалдауға арналған шот-фактуралар жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
      Экспедитор шот-фактураны экспедитор мен жүк жөнелтушінің немесе алушының арасында жасалған көлік экспедициясы шартының шеңберінде қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және басқа да жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушылар берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
      Егер тасымалдаушы (ұсынушы) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.
      2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшері көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
      Шот-фактурада:
      қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
      қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын қамтитын айналым көрсетіледі.
      Экспедитордың салық салынатын айналымы мөлшеріне енгізілетін сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жазып көрсетілуге тиіс.
      3. Экспедитор шот-фактураны екі данада жасайды.
      Шот-фактураның бірінші данасы жүк жөнелтушіге немесе жүкті алушыға беріледі.
      Көлік экспедициясы шартының шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжат қоса берілетін шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.
      Шот-фактураға қоса берілетін құжатта мынадай ақпараттық деректер:
      1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының шот-фактурасының реттік нөмірі және жасалған күні;
      2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
      4) егер тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
      5) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны бөлек көрсетіледі.
      4. Аталған талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура жүк жөнелтушілердің немесе оны алушылардың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.

       265-бап. Салық салынатын айналымды түзету кезінде
                  шот-фактуралар жасау

      1. Осы Кодекстің 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:
      1) цифрлық мәні бар қосымша шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттік нөмiрi және оны жасау күні;
      2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттік нөмiрi мен жасалған күнi;
      3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушы мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендіру нөмiрi;
      4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
      5) қосылған құн салығының түзетілген сомасы көрсетiледi.
      2. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушы жасайды және аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы растайды.
       Ескерту. 265-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

36-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

      266-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна
               ретінде қосылған құн салығы

      Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретінде қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледі.

       267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын
                 төлеу тәртібi

      1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлейді.
      2. Осы баптың мақсатына орай ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
      1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
      ет және ет өнімін өндіруді;
      жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
      өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
      сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
      ұн-жарма өнеркәсібі өнімін өндіруді;
      жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
      нан өндіруді;
      балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімін өндіруді;
      крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
      2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
      3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
      3. Осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
      4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, қосылған құн салығын есептейді.

       268-бап. Қосылған құн салығының ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
      2. Осы Кодекстің 242 - 245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
      Осы Кодекстің 243 - 245-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
      3. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен алып өтетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

       269-бап. Салық кезеңi

      Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

       270-бап. Салық декларациясы

      1. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
      2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді .
      Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
      1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
      2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
      3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша оларға мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға жазылған құжаттардың тізілімін табыс етеді.
       Ескерту. 270-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       271-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі

      1. Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
      2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.

37-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС

      272-бап. Қосылған құн салығын қайтару

      1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар:
      1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 273, 274-баптарында белгіленген тәртіппен есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуі (бұдан әрі – қосылған құн салығы бойынша асып түсуі);
      Айналым мақсатында пайдаланылмайтын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуға байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару:
      тауарлар импорты кезінде төленген;
      Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен осы Кодекстің 241-бабына сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген;
      қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңінің соңындағы пайдалануға берілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.
      Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып түсуін қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды;
      2) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 275-бабында белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы;
      3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналға жататын адамдар, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен төлеген қосылған құн салығы;
      4) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге бюджеттен қайтарылуға жатады.
      2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қалыптасқан, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуі, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты қалыптасқан асып түсуді қоспағанда, бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
      Осы тармаққа сәйкес бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып түсуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлем шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотының есебіне жатқызу жүргізілмейді.
      3. Есепті салық кезеңінің соңында өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:
      1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты жүзеге асырса;
      2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кеткенін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процент құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін белгілеуді және мынадай:
      1) осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымға байланысты;
      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау тәртібін   белгілейді .

       273-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын
                 қайтару

      1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару:
      1) егер осы Кодекстің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;
      2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.
      2. Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкін.
      Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтаруға құқығы бар.
      3. Егер осы баптың 4-тармағында және осы Кодекстің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңі ішінде қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күн ішінде жүргізіледі.
      Осы тармақтың мақсатында:
      1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;
      2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды;
      3) нөлдік ставка бойынша салық салынған айналым болған кезде, осы Кодекстің 243 - 245-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
      4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процентті құрайтын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге, қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде қайтару жүргізіледі.
      Осы тармақтың мақсатында:
      1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;
      2) осы Кодекстің 243 - 245-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар;
      3) осы Кодекстің 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
      5. Қосылған құн салығының асып кетуі:
      1) мыналар:
      шағын бизнес субъектілері;
      шаруа немесе фермер қожалықтары;
      ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші-заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;
      2) осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге қайтарылмайды.
      6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.
      Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есепке жатқызу жүргізілмейді.
      7. Салық төлеушінің декларацияда қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижесі туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуіне жатады.
      Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық тексеру кезінде расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл салықтық тексерулердің нәтижесінде хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.
      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде салық төлеушінің осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.

       274-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын
                 қайтарудың оңайлатылған тәртібі

      1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.
      2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен :
      1) ірі салық төлеушілер мониторингінде кемінде он екі ай қатарынан тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемелері жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
      Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылған тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтеді.
      Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеушілер қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылуға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді.
      Осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін әрекет етеді.
      2) камералдық бақылау нәтижесінде осы тұлғаның қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінде және оның тікелей өнім берушілері мен сатып алушыларының қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінде көрсетілген деректері арасындағы айырмалар анықталмаған тұлға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
      Егер салық төлеушінің қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда, осы тармақшаның ережелері қолданылады.
      Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы аталған тұлғаларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;
      3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекелдер санатына жатқызылмаған, осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ тұлғалар қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
      3. Оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мынадай мерзімдерде:
      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны салық органына табыс ету үшін осы Кодексте (ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
      2) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін белгіленген соңғы күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларация уақтылы табыс етілмеген жағдайда, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация салық органына табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

       275-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған
                 тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша
                 төленген қосылған құн салығын қайтару

      1. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша:
      1) грант алушыға – Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;
      2) орындаушыға – грантты іске асыру үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрі – орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бiр мезгілде мынадай шарттар сақталса:
      1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берілсе;
      2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу үшін беріліп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;
      3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарады.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстің 599 , 604-баптарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенін растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
      4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;
      2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;
      3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тиеп жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттарды;
      5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны;
      6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын;
      7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
      8) белгіленген тәртіппен ресімделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің актілерін;
      9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
      Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді.

       276-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген
                 дипломатиялық және оларға теңестірілген
                 өкілдіктерге және олардың персоналына қосылған
                 құн салығын қайтару

      1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге (бұдан әрі – өкілдіктер) және дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрі – персонал), олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.
      Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады.
      2. Өзара түсіністік принципі негізінде, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.
      Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.
      3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.
      Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды.
      4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.
      Өкілдіктер персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредитттеу құжаттарының көшірмелері қосымша табыс етіледі.
      Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.
      Өкілдіктер жасаған ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болуының аяқталу мерзімі жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне беріледі.
      5. Өзара түсіністік принципі расталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.
      6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Сыртқы істер министрлігінен жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін, отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
      Қосылған құн салығы сомаларын қайтарудан бас тартқан жағдайда салық органдары қандай бұзушылықтар болғанын және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.
      7. Өкілдіктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыға қарсы тексеру жүргізеді.
      Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
      Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі он екі ай ішінде жүргізіледі.
      Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі он екі ай ішінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.
      8. Өкілдіктер құжаттарды салық органына мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жолдайды.
      Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы табыс етіледі.
      9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.

9-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР

38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       277-бап. Акциздердi қолдану

      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.

       278-бап. Төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
      2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстің 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
      3. Осы Кодекстің 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

       279-бап. Акцизделетiн тауарлар тізбесі

      Мыналар:
      1) спирттің барлық түрлерi;
      2) алкоголь өнiмi;
      3) құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра;
      4) темекi бұйымдары;
      5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
      6) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
      7) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

       280-бап. Акциз ставкалары

      1. Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
      2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
      3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
      Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын тұлғаларға өткiзiлетiн спиртке және шарап материалына белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
      4. Акциз сомасын есептеу былайша жүргізіледі:
      1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Рет
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

100% спирт  750 теңге/литр

4.

2207-ден

80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

100% спирт 325 теңге/ литр

8.

2208

Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

100% спирт 170 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

20 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1000 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

600 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллдер

1200 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигарлар

95 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

1220 теңге/килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, табиғи газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702, 8703, 8704-тен

Двигателінің көлемі 3000 текше см-ден жоғары жеңіл автомобильдер

100 теңге/текше см

      2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Рет
N


1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)



Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-2710 11590 0)

Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

5000

600

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

5.

Импорт

4500

540

      Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.

39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН,
ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

      281-бап. Салық салу объектісі

      1. Мыналар:
      1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
      акцизделетін тауарларды өткізуі;
      акцизделетiн тауарларды алыс-берістік негiзде қайта өңдеуге беруi;
      алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
      жарғылық капиталға жарнасы;
      заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
      өндірушінің акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
      өндiрушiнің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
      өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
      2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
      3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
      4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
      5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы акциз салынатын объект болып табылады.
      2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
      3. Мыналарға:
      1) егер осы Кодекстiң 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
      2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi: V085457
      өндірушінің аталған өнiмдi өндiру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтік препараттарды дайындау үшiн;
      тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттiк медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;
      3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
      4) 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салынбайды.

       282-бап. Операция жасалған күн

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
      2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
      3. Акцизделуге тиіс алыс-берiстік тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердiгерге (қайта өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      Алыс-берiстік тауарларынан акцизделетiн тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
      6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген жағдайда, бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
      Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

       283-бап. Салық базасы

      1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде айқындалады.
      2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде айқындалады. Аталған құн осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығы енгiзілместен өндiрушi беретiн бағалар бойынша айқындалады.

       284-бап. Әртүрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттің
                 барлық түрiне және шарап материалына салық салу
                 ерекшелiктерi

      1. Осы Кодекстiң 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
      2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмiн өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеудi спирт пен шарап материалын алушы жүргiзедi.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтiк препараттарды шығарушылар мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.

       285-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

      1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
      Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
      1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі;
      2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсініледі.
      Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.

       286-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау
                 маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
      Осы Кодекстің 643-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізінде жүргізіледі.
      2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
      1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;
      2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.

       287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
                 асырылатын бензин (авиациялық бензиндi
                 қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және
                 бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдері

      1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
      1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
      2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
      Көтерме саудада өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
      2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
      1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және дара кәсiпкерлерге олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзу;
      2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
      3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.

       288-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

      1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi орналасқан жері бойынша салық органына алпыс жұмыс күнi ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
      1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
      2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар жүктің кедендiк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
      Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кеденді ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгісі бар жүктің толық кедендiк декларациясы экспортты растау болып табылады;
      3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.
      Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
      4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
      2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетілген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
      3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.

       289-бап. Акциз сомасын есептеу

      Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.

       290-бап. Салық базасын түзету

      Салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.
      Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

       291-бап. Салықтан шегерім жасау

      1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге азайтуға құқығы бар.
      2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары шегерімге жатады.
      3. Мыналар:
      1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
      2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
      3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
      Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.
      4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негізінде есептелген акциз сомасына шегерiм жасалады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
      1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
      2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектері;
      3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;
      4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;
      5) купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
      6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
      6. Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
      1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
      2) купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
      3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
      1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
      2) төлем құжаттары немесе кедендік ресімдеу кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
      3) импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған жүктің кедендік декларациясы;
      4) купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
      5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
      8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:
      1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы шарт;
      2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;
      3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.
      9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.

       292-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға жатады.
      2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi.
      4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.

       293-бап. Акциз төленетiн жер

      1. Осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу салық салу объектісінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.

       294-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық
                 салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу
                 мен төлеу тәртiбi

      1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
      Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.
      2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
      Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.
      3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледi.
      4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.

       295-бап. Салық кезеңi

      Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

       296-бап. Салық декларациясы

      1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң салық төлеушiлер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.

40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ

      297-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық
               базасы

      1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде айқындалады.
      2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық базасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын акцизделетiн тауарлардың кедендiк құны ретiнде айқындалады.

      298-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз
                 төлеу мерзiмдерi

      1. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерiн төлеу үшiн айқындалған күнi кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төленедi.
      2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн осы Кодекстің 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төленедi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған акцизделетiн тауарлардың нақты импортын жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға жатады.

       299-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың
                 импорты

      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз салынбайды.
      2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:
      1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
      2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
      3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
      4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, "Еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылатын акцизделетін тауарлар;
      5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

10-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ

41-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ

      300-бап. Төлеушiлер

      Осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген келісімшарттың шеңберінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.

       301-бап. Салық салу объектiсi

      Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.

       302-бап. Есептеу тәртібі

      1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      2. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
      Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.

       303-бап. Экспортқа рента салығының ставкалары

      Шикі мұнайдың, газ конденсатының экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

Рет
N

Әлемдік баға

Ставка, %-пен

1

2

3

1.

бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

2.

бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

3.

бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

4.

бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

7

5.

бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

11

6.

бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

14

7.

бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

16

8.

бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

17

9.

бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

19

10.

бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

21

11.

бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

22

12.

бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

23

13.

бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

25

14.

бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

26

15.

бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

27

16.

бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

29

17.

бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

30

18.

бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

32

19.

бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары

32

      Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 проценттік ставка бойынша есептеледі.

       304-бап. Салық кезеңі

      Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi болып табылады.

       305-бап. Төлеу мерзімдері

      Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

       306-бап. Салық декларациясы

      Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етіледі.

11-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

42-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
      2. Осы бөлiм жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін белгілейді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
      1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн;
      а) қол қойылатын бонусты;
      б) коммерциялық табу бонусын;
      в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
      2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
      3) үстеме пайда салығын қамтиды.
      Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.
      4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін осы бөлімде белгіленген салықтар мен арнаулы төлемдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      308-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды
                 жүргізу жөніндегі қызметке салық салу

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу, осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, мiндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта айқындалған салық режимі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталады, мұндай келісімнің (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделген, мұндай келісімнің (келісімшарттың) белгіленген бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдарға (операторларға) қатысты қолданылады, мұндай келісімнің (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе осы баптың 3-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдарға (операторларға) қолданылмайды және тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
      Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агенті ретінде әрекет ететін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық міндеттемелерін орындау оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Жер қойнауын пайдаланушы осы міндеттемені орындауды Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, төлем көзінен ұсталатын салық салу тәртібін реттейтін ережелерде болуына қарамастан, осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимінде көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің күші жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге дейін оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.
      3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серіктестік (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесілі болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылар шоғырландырылған салық есебін жүргізу үшін сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындауға міндетті.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодекстің 4 және 5-баптарында белгіленген тәртіппен жай серіктестікке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) сенім білдірілген тұлға (оператор) жүргізеді.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт ережелерінде сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық салу міндеттемесін орындауды сенім білдірілген тұлға (оператор) жүзеге асырса, онда осы сенім білдірілген тұлға (оператор) осы баптың 2-тармағына сәйкес мұндай келісімнің (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режиміне сәйкес аталған келісімнің (келісімшарттың) салық міндеттемесін орындайды.
      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 - 200-баптарына сәйкес қосымша салық салынуға жатады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлігін, бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының тобын) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлігі) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және ставкалар бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге міндетті.
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндiру жөніндегі келісімшарттарға, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
      Өндірілуі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделмеген және қорларын осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы бекіткен мұнайды, минералды шикізатты, жерасты суларын, сондай-ақ емдік балшықты коммерциялық өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

       309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға
                 жатпайтын қызметке салық салу

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

       310-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар
                 бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің
                 негізгі принциптері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзірлеген кезде келісімшарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:
      1) тікелей табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
      2) жанама табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;
      3) жалпы табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
      4) жалпы тіркелген активтер – келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;
      5) жанама тіркелген активтер – пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;
      6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.
      Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекітілген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) көшірмесін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бөлігіне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
      4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
      1) корпорациялық табыс салығы;
      2) қол қойылатын бонус;
      3) коммерциялық табу бонусы;
      4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
      5) үстеме пайда салығы;
      6) осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.
      5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;
      2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеуді;
      3) корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;
      4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;
      5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.
      7. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.
      Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.
      Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.
      Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 8-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады. Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.
      Бағамдық айырмашылық бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.
      Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:
      1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде алған табыстарының жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;
      2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;
      3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
      4) мына баптардың бірі бойынша – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;
      5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тiзiмдiк санына келісімшарт қызметіне қатысатын қызметкерлердің орташа тiзiмдiк санының үлес салмағы бойынша;
      6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
      Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі процентімен (0,01 %) айқындайды.
      10. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында өндірген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын және 20 процентке ұлғайтылған өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
      Минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін өткізген жағдайда, осындай операциялар бойынша жиынтық жылдық табысқа Қазақстан Республикасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын сақтай отырып, бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімін өткізу бағасы негізінде, бірақ құнынан төмен емес негізде айқындалған табыс қосылады.
      Осы бөлімнің мақсатына орай шахта, кен, карьер, ұсату зауыты (қондырғы), байыту фабрикасы, өндірістік немесе металлургиялық цехы заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.
      11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:
      1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;
      2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
      3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;
      4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.
      12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.

43-тарау. БОНУСТАР

      311-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
      1) қол қойылатын бонус;
      2) коммерциялық табу бонусы.

§ 1. Қол қойылатын бонус

      312-бап. Жалпы ережелер

      Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады.

       313-бап. Төлеушiлер

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады.

       314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгiлеу тәртiбi

      Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
      1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
      мұнай келісімшарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;
      техногендiк минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;
      кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;
      2) өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
      мұнай келісімшарттары үшін:
      егер қорлар бекітілмеген болса, – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;
      егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,04%) + (Қ а х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
      Қ – А, В, Қ 1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
      Қ а – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ 3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысында бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ 2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
      техногендiк минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
      егер қорлар бекітілмеген болса, – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;
      егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,01%) + (Қ а х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
      Қ – А, В, Қ 1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
      Қ а – әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысында бекітілген және (немесе) назарға алынған Қ 2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
      кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін – (Қ 1 х 0,01% ) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес;
      3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - Қ 1 х 0,01% формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес.
      4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.
      2. Пайдалы қазбалар қорларының құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында осы пайдалы қазбаларға белгіленген және осы Кодекстің 334 және 338-баптарында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жарияланған күні "The McGraw-Hill Companies Inс" компаниясының "Platt's Crude Oil Marketwire" анықтамалығында, "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланған биржалық баға бойынша айқындалады.
      Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, алынатын және болжанатын қорлардың құны келісімшарт қолданысының барлық кезеңінде жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалған жалпы шығындардың 1,2 коэффициентке ұлғайтылған сомасынан айқындалады.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
      4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа енгізіледі.

       315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi

      Қол қойылатын бонус бюджетке мынадай тәртіппен:
      1) белгіленген соманың елу проценті – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
      2) белгіленген соманың елу проценті – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.

       316-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

§ 2. Коммерциялық табу бонусы

      317-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын қорларды арттыруға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін төлейді.
      2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.

       318-бап. Төлеушiлер

      Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.

       319-бап. Салық салу объектiсi

      Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.

       320-бап. Салық базасы

      Осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемінің құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемінің құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында пайдалы қазбаларға белгiленген баға мен төлемді жүзеге асыру күні "The McGraw-Hill Companies Inс" компаниясының "Platt's Crude Oil Marketwire" анықтамалығында, "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланған биржалық баға бойынша, осы Кодекстің 334 және 338-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, алынатын қорлардың құны осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен келісімшарттың техникалық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген өндіруге арналған жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне ұлғайтылған сомасының негізінде айқындалады.

       321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі

      Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.

       322-бап. Коммерциялық табу бонусының ставкасы

      Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленедi.

       323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiм

      Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілетті мемлекеттік орган кен орнындағы алынатын пайдалы қазбалар қорының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.

       324-бап. Салық декларациясы

      Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ

       325-бап. Жалпы ережелер

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.

       326-бап. Төлеушiлер

      Келісімшарттарды жасасқанға дейін тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.

       327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу
                 тәртібі

      1. Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
      Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке төленуге жатады.
      Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.
      2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бюджетке төлеу жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерін айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органмен қосымша келісім жасалған күннен бастап туындайды.

       328-бап. Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап мынадай тәртіппен төлейді:
      1) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді;
      2) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейді.
      2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.

       329-бап. Салық декларациясы

      1. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем соманы құраса, жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
      2. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

45-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ

       330-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
      2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.
      Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
      4. Өндiрiлетiн минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндiру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, ставкалар бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.
      5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс.

       331-бап. Төлеушілер

      Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.

§ 1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы

       332-бап. Салық салу объектiсi

      1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемі:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайға, газ конденсатына – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және өткізген, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының жалпы көлеміне;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берістік шикізаты ретінде қайта өңдеуге берілген шикі мұнайға, газ конденсатына, – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-берiс шикiзаты ретінде жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және берген, оның ішінде үшінші тұлға арқылы берілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне;
      3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайға және газ конденсатына – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлеміне;
      4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;
      5) тауарлы шикі мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында аталған шикі мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерін шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлеміне бөлінеді.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына шикі мұнайды және газ конденсатын жеткізуді, оның ішінде үшінші тұлға арқылы жеткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушының мұнай өңдеу зауыты сатып алған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлемі мен құнын, сондай-ақ жанама салықтар есепке алынбаған олардың құнын растайтын құжаттарының болуы міндетті.
      4. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауына керi айдалатын табиғи газ бойынша төленбейді.
      5. Осы баптың мақсатына орай факелдерде жағылған табиғи газдың көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын салудан босатылады.

       333-бап. Салық базасы

      Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

       334-бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын
                 айқындау тәртібі

      1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген шикі мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртіппен:
      1) мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізу кезінде – өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен мұнай өңдеу зауыты өнімнің бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;
      2) алыс-берiстік шикiзаты ретінде қайта өңдеу үшін беру және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдалануы кезінде - мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы жеткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 процентке ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндірілген тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды.
      3. Шикі мұнайдың және газ конденсатының әлемдік бағасы "The McGraw-Hill Companies Inс" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөздерінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) маркаларының әрбірін жеке алғанда күн сайынғы бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады, ал осы дереккөздерде аталған маркаларға бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, "Petroleum Argus" дереккөзі мынадай формула бойынша пайдаланылады,
      S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
      S – салық кезеңінде шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы,
      Р1, Р2... Рn – салық кезеңі ішінде бағамдауды жариялау күндерінде шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,
      n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.
      Шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р1, Р2... Рn = (С1+С2)/2, мұнда:
      Рn – "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,
      С1 – биржаның ашылуы кезіндегі "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы,
      С2 – биржаның жабылуы кезіндегі "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" маркалы шикі мұнайдың күн сайынғы орташа арифметикалық әлемдік бағасы.
      Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) маркасының белгілі бір стандартты сортына шикі мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикі мұнайды өткізуге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Өткізуге арналған шартта шикі мұнайдың стандартты сорты көрсетілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша жеткізілген шикі мұнай көлемін салық кезеңінде ең жоғары болып табылатын орташа әлемдік баға сортына жатқызуға міндетті.
      4. Табиғи газға әлемдік баға "The Mcgraw-Hill Companies Inс" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөздерінде жарияланған ақпарат негізінде салық кезеңіндегі күнделікті бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. Осы дереккөзде табиғи газға бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, "Petroleum Argus" дереккөзі пайдаланылады.
      5. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртіппен:
      1) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген кезде – осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде;
      2) өндірген табиғи газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өнім бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде табиғи газдың 1 мың шаршы метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.
      6. Шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдік құнын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

       335-бап. Салықты есептеу тәртібі

      1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін ставканы қолданады.
      Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы тіркелген орны бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.
      Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.
      3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы ставкаларының өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.
      Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасын есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.
      Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.

       336–бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

      Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:

Рет
N

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар,
%-пен

1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

2.

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

9

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

14

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

15

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

17

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

20

      Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 1)–3) тармақшаларында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген жағдайда белгіленген ставкаларға 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады.
      Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.
      Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:

Рет
N

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар,
%-пен

1

2

3

1.

1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

0,5

2.

2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда

1,0

3.

2,0 млрд. текше м.-ден жоғары

1,5

§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды
шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы

       337-бап. Салық салу объектісі

      Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
      Осы бөлімнің мақсатына орай салық кезеңі ішінде нормаланған ысырапты шегере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында табу, пайдалану (өткізу) көзделген минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салу объектісі болып табылады.
      Әрбір алу бірлігі бойынша нормаланған ысыраптың көлемі осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасының негізінде белгіленеді.

       338-бап. Салық базасы

      1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат:
      1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;
      2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалармен бір мезгілде алынуы, пайдаланылуы (өткізілуі) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералды шикізат;
      3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;
      4) кен орындарында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілген минералды шикізат;
      5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізат болып бөлінеді.
      3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны:
      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.
      Орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланған пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
      S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
      S – салық кезеңіндегі орташа биржалық баға,
      Р1, Р2,...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
      n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.
      Пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р1, Р2,...Рn = (С1+С2)/2, мұнда:
      С1 – пайдалы қазбаға күн сайынғы Cash бағамдау,
      С2 – пайдалы қазбаға күн сайынғы Cash Settlement бағамдау.
      Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
      S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
      S – салық кезеңіндегі орташа биржалық баға,
      Р1, Р2,...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
      n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.
      Пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р1, Р2,...Рn = (С1+С2)/2, мұнда:
      С1 – пайдалы қазбаға күн сайынғы morning (таңертеңгі фиксинг) бағамдау,
      С2 – пайдалы қазбаға күн сайынғы afternoon (кешкі фиксинг) бағамдау.
      Күміске орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген күміске күн сайынғы бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
      S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
      S – салық кезеңіндегі орташа биржалық баға,
      Р1, Р2,...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
      n – салық кезеңінде бағамдау жарияланған күндердің саны.
      Орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады.
      Салық жылының ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбір пайдалы қазба түрінің нақты көлемін осы мақсаттар үшін уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен бекітілген кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасындағы өндірудің күнтізбелік кесте негізінде әзірленген жергілікті жобада аталған минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының осы жылдық есептік балансы бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерін нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерін түзетуге және пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі қосымша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.
      Жүргізілген түзетуді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңінің осы салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
      Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түпкілікті есеп-қисап есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін жүргізілуге тиіс;
      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардың құны:
      осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;
      минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлері – оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түріне жатқызылатын 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;
      3) осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны – бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
      4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген бағалардың ресми белгісі бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.
      5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде айқындалады.
      6. Келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;
      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;
      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
      Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзету енгізуге міндетті.
      Пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған өткен салық кезеңінің он екі айлық кезеңінде жүргізеді. Бұл ретте, түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.
      7. Осы баптың мақсатында салық кезеңі үшін өткізудің орташа өлшемді бағасы осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.

       339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

      Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет
N


 

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар,
%-пен

1

2

3

4

1.

Қара, түсті және радиоактивті металдар кені

Хром кені (концентраты)

17,0

марганец, темір-марганец кені (концентраты)

3,0

темір кені (концентраты, окатыштар)

3,5

уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс)

24,0

2.

Металдар

мыс

8,0

мырыш

9,0

қорғасын

8,50

алтын, күміс, платина, палладий

6,0

алюминий

0,3

қалайы, никель

6,0

3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат

Ванадий

4,0

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0



4.

Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий,

7,7

Галлий

1,0

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий

6,0

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат

Радий, торий

5,0

7.

Құрамында металл еместер бар минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0

фосфориттер

4,0

бор ангидриті

3,5

барит

4,5

тальк

2,0

флюориттер

3,0

воластонит

3,5

шунгит

2,0

графит және басқалар

3,5


Жарқырауық тас шикізаты:

8.

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

12,0

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

3,5

10.

Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар

2,0

      Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді.
      Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .

§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен
емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

       340-бап. Салық салу объектісі

      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
      Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
      1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
      2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;
      3) өзiнiң шаруашылық мұқтаждары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.

       341-бап. Салық базасы

      1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
      Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
      Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:
      V1 ө.т., V2ө.т., …. Vn ө.т. – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,
      Б1 ө., Б2 ө. … + Бn ө. – салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,
      n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,
      V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.
      Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.
      3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
      Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.
      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.

       342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

      Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет
N

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар,
%-пен

1

2

3

1.

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

2,5

2.

Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

4,7

3.
 
 
 
 
 
 
 
 

Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

5,6

4.

Жерасты сулары, емдік балшық

10,6

      Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.
      Ескерту. 342-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі

       343-бап. Салық кезеңі

      Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

       344-бап. Төлеу мерзімдері

      Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге міндетті.

       345-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей береді.

       346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай,
                 газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын,
                 роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай
                 нысандағы өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу
                 тәртiбi

      1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген келісімшарттардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
      2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және iшiнара жүргізілуі мүмкін.
      3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
      Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:
      1) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;
      2) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті және шарттары міндетті түрде көрсетіледі.
      5. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттің атынан алушы осындай берудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.
      6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидің және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесiнің тиесілі сомасын осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.
      7. Мемлекеттің атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін оған уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
      Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидiң және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiнің бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесiнің мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген заттай нысандағы мерзiмде және нысандар бойынша табыс етеді.

46-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ

       347-бап. Төлеушiлер

      Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады.

       348-бап. Салық салу объектiсi

      1. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.
      2. Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.
      3. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:
      1) осы Кодекстің 100 - 114 , 116 - 122-баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарт қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;
      2) мынадай шығыстар мен залалдар шегінде:
      салық кезеңі ішінде қолданыстағы тіркелген активтер бойынша қалған амортизацияның сомалары және бухгалтерлік есепте тіркелген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі шығыстарының сомалары шегіндегі шығыстарды қоса алғанда, тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған нақты шеккен шығыстардың;
      жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрі шегерімге жатқызылатын шығыстарының;
      3) осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерінде шеккен залалдардың сомасы ретінде айқындалады.
      4. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстар мен залалдарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерге жатқызу кез келген мөлшерде (осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген нақты келтірілген шығыстар шегінде) және кез келген салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
      5. Тиісті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу кезінде осы баптың 4-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін бұдан бұрын шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпорациялық табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті.

       349-бап. Салық базасы

      1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының осы Кодекстiң 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
      2. Осы тараудың мақсатына орай таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      3. Осы тараудың мақсатына орай салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-бабының 3-тармағында көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      4. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын резидент еместер үшін таза табыс осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа байланысты тұрақты мекеменің таза табысына есептелген салықтың сомасына қосымша азайтылады.

       350-бап. Есептеу тәртібі

      1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу жер қойнауын пайдаланушының таза табысының әрбір бөлігіне осы Кодекстiң 349-бабына сәйкес айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәйкес келетін салық базасына осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбір тиісті ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін және жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының нақты алынған мәні негізінде жер қойнауын пайдаланушы:
      1) осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасын осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңінде есептелген шегерімдердің жалпы сомасы мен жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының сәйкес келетін мәнінің жоғары шегінің көбейтіндісі ретiнде айқындайды;
      2) жылдық жиынтық табыстың алынған есеп айырысу мәні негізінде осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін таза табыстың тиісті есеп айырысу сомасын айқындайды;
      3) салық кезеңінде алынған нақты таза табысты осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәйкес келетін деңгейлер бойынша бөледі.
      Таза табыстың есеп айырысу сомасы, жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы, осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген шегерімдердің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 349-бабының 4-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, корпорациялық табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады;
      4) осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне қатысты таза табыстың әрбір бөлігіне үстеме пайда салығының тиісті ставкасын қолданады.

       351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары

      Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушылар өзгермелі шкала бойынша мынадай мөлшерде төлейді:
 

Рет
N

Жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәні

Салық базасы

Ставка, %-пен

Бюджетке төленуге жататын салық сомасы
 

1

2

3

4

5

1.

1,25-тен кем немесе соған тең

салынбайды

0


2.

1,25-тен 1,3-кe дейiн қоса алғанда

1,25-тен 1,3-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

10

10% ставка бойынша есептелген салық сомасы

3.

1,3-тен 1,4-кe дейiн қоса алғанда

1,3-тен 1,4-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

20

10% және 20% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

4.

1,4-тен 1,5-кe дейiн қоса алғанда

1,4-тен 1,5-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

30

10%, 20% және 30% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

5.

1,5-тен 1,6-ға дейiн қоса алғанда

1,5-тен 1,6-ға дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

40

10%, 20%, 30% және 40% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

6.

1,6-дан 1,7-гe дейiн қоса алғанда

1,6-дан 1,7-гe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

50

10%, 20%, 30%, 40% және 50% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

7.

1,7-ден жоғары

1,7 мәнінен асатын таза табыс бөлігі

60

10%, 20%, 30%, 40%, 50% және 60% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

       352-бап. Салық кезеңі

      Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 148-бабында айқындалған салық кезеңі қолданылады.

       353-бап. Салықты төлеу мерзімі

      Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

       354-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ

47-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       355-бап. Төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) дара кәсiпкерлер;
      2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
      3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
      2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
      Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады.
       Ескерту. 355-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       356-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің
                 әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін
                 есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері

      Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:
      1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;
      2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 433 - 438-баптарына сәйкес;
      3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 429 - 432-баптарына сәйкес;
      4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.

       357-бап. Салық салу объектiсi

      1. Жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыс түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 192-бабының 18)-21) тармақшаларында айқындалған табыс түрiнде резидент емес қызметкерлерге төлейтiн шығыстары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 191-бабының 10-тармағында аталған шетелдік персоналдың табыстары осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 2-тармағында аталған төлеушілер үшін салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Егер күнтізбелік ай үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеуметтік салық салу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады.
      3. Осы Кодекстiң 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29)-32), 34) тармақшаларында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
      1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкіметтері және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
      2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайтын мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
      3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн берілетін ақшалай наградалар;
      4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемақы төлемдері;
      5) жұмыс берушiнiң қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн төлейтiн өтемақы төлемдері;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
      4. Осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
      5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы бапты 3-тармағы 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.
       Ескерту. 357-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       358-бап. Салық ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.
      2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
      Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.
      3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
      4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 445-бабында белгiленген.
      5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.

48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

       359-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi

      1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстiң 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды осы Кодекстiң 357-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектiсiне қолдану арқылы жүргiзеді.
      2. Арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
      3. Әлеуметтік салықтың сомасы " Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
       Ескерту. 359-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       360-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 362-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

       361-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты
                 есептеу ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
      2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.

       362-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу
                 және төлеу тәртiбi

      1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi.
      2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

       363-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

       364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша
                 декларация

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді .
      Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.
      2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ

50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       365-бап. Салық төлеушiлер

      1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) жалпы меншік құқығында, меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер:
      двигателінің көлемі 2500 текше см. дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль;
      двигателінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері;
      2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
      сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
      ветеринария қызметінің автомобильдері,
      автозообиологиялық зертханалар,
      автожемтасығыштар;
      автотиеуіштер,
      дән сепкiштерге автоқұйғыштар;
      тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;
      ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер;
      тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;
      автоулыжемшашқыш;
      пәлекжинағыш машиналар;
      а/ш АН-2 әуе кемесi;
      өздiгінен жүретiн дестелегiштер;
      астық жинағыш комбайндар;
      доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
      мал азығын жинағыш комбайндар;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар;
      өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар;
      маялағыштар;
      жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
      3) мемлекеттік мекемелер;
      4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
      5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
      6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
       Ескерту. 365-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       366-бап. Салық салу объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.

51-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

       367-бап. Салық ставкалары

      1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:      

Рет
N

Салық салу объектiсi

Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):


1100-ге дейiн қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

5

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

8

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

2.

Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):


1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер

3

4.

Автобустар:


отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса
алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер

1

Двигателінің қуаты 55 кВт-дан жоғары мотоциклдер

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең):


 

160-қа дейiн қоса алғанда

6

160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда

18

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан жоғары

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi

      2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
      3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
      1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 2,0;
      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 3,0;
      2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 0,5;
      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 0,3.
      4. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
       Ескерту. 367-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       368-бап. Салықты есептеу тәртiбi

      1. Салық төлеуші салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
      2. Салық кезеңі ішінде дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқықтарын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
      1) беруші тарап үшiн:
      салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
      салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
      2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
      3. Салық кезеңi iшiнде дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
      1) көлiк құралына меншiк құқығын дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде салықтың жылдық сомасын тараптардың бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;
      2) көлiк құралына меншiк құқығын дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.
      5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
      Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 368-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi

      1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
      2. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
      3. Жеке тұлғалар меншiк құқығында 1 қазанға дейiн болған көлiк құралдары бойынша бюджетке салық төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей жүргізеді.
      4. Осы Кодекстің 368-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 қазанынан кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
       Ескерту. 369-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

52-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

       370-бап. Салық кезеңi

      Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеуге арналған салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.

       371-бап. Салық есептiлiгi

      Төлеушілер - заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.

14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ

53-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       372-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
      2) елдi мекендер жерлерiне;
      3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
      5) орман қорының жерлерiне;
      6) су қорының жерлерiне;
      7) босалқы жерлерге тиесiлiгiне қарай қарастырылады.
      2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
      1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;
      2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
      3. Жердің мынадай санаттары:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
      2) орман қорының жерлерi;
      3) су қорының жерлерi;
      4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.
      Аталған жерлер (босалқы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 385-бабында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
      4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
      5. Жер салығы:
      1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
      2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

       373-бап. Төлеушілер

      1. Мынадай:
      1) жеке меншiк құқығындағы;
      2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
      3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi жер салығын төлеушiлер (бұдан әрi - заңды тұлғалар) ретiнде қарастырылады.
      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:
      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;
      2) мемлекеттік мекемелер;
      3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeyi:
      тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;
      үй маңындағы жер учаскелерi;
      өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
      гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;
      5) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша – "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
      6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;
      7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
       Ескерту. 373-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       374-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау

      1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
      Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушi болып табылады.
      2. Жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
      3. Лизинг алушы қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.

       375-бап. Салық салу объектiсi

      1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
      1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
      Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
      2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
      Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;
      4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi.

       376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн
                 айқындау

      1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
      3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
      4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

       377-бап. Салық базасы

      Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ

       378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын
                 базалық салық ставкалары

      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
      2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгiленедi: 

Рет
N

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

Рет
N

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

1

0,48

51.

51

43,42

2.

2

0,67

52.

52

44,49

3.

3

0,87

53.

53

45,55

4.

4

1,06

54.

54

46,65

5.

5

1,25

55.

55

47,71

6.

6

1,45

56.

56

48,77

7.

7

1,68

57.

57

49,83

8.

8

1,93

58.

58

50,95

9.

9

2,16

59.

59

52,01

10.

10

2,41

60.

60

53,07

11.

11

2,89

61.

61

57,90

12.

12

3,09

62.

62

60,63

13.

13

3,28

63.

63

63,26

14.

14

3,47

64.

64

65,95

15.

15

3,67

65.

65

68,61

16.

16

3,86

66.

66

71,31

17.

17

4,09

67.

67

73,96

18.

18

4,34

68.

68

76,66

19.

19

4,57

69.

69

79,32

20.

20

4,82

70.

70

82,02

21.

21

5,31

71.

71

86,85

22.

22

5,79

72.

72

89,55

23.

23

6,27

73.

73

92,19

24.

24

6,75

74.

74

94,89

25.

25

7,24

75.

75

97,56

26.

26

7,72

76.

76

100,26

27.

27

8,20

77.

77

102,91

28.

28

8,68

78.

78

105,61

29.

29

9,17

79.

79

108,27

30.

30

9,65

80.

80

110,97

31.

31

14,47

81.

81

115,80

32.

32

15,54

82.

82

119,02

33.

33

16,59

83.

83

122,21

34.

34

18,08

84.

84

125,45

35.

35

18,76

85.

85

128,67

36.

36

19,82

86.

86

131,86

37.

37

20,88

87.

87

135,10

38.

38

22,00

88.

88

138,32

39.

39

23,06

89.

89

141,51

40.

40

24,12

90.

90

144,75

41.

41

28,95

91.

91

149,57

42.

42

30,01

92.

92

154,40

43.

43

31,07

93.

93

159,22

44.

44

32,17

94.

94

164,05

45.

45

33,23

95.

95

168,87

46.

46

34,29

96.

96

173,70

47.

47

35,36

97.

97

178,52

48.

48

36,48

98.

98

183,35

49.

49

37,54

99.

99

188,17

50.

50

38,60

100.

100

193,00



 


 

101.

100-ден жоғары

202,65

      3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгiленедi:

Рет
N

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

Рет
N

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

1

0,48

51.

51

19,78

2.

2

0,54

52.

52

20,26

3.

3

0,58

53.

53

20,75

4.

4

0,62

54.

54

21,23

5.

5

0,67

55.

55

21,71

6.

6

0,73

56.

56

22,19

7.

7

0,77

57.

57

22,68

8.

8

0,81

58.

58

23,16

9.

9

0,87

59.

59

23,64

10.

10

0,96

60.

60

24,12

11.

11

1,45

61.

61

24,61

12.

12

1,83

62.

62

25,28

13.

13

2,22

63.

63

25,82

14.

14

2,55

64.

64

26,44

15.

15

2,93

65.

65

27,02

16.

16

3,32

66.

66

27,64

17.

17

3,71

67.

67

28,22

18.

18

4,05

68.

68

28,85

19.

19

4,44

69.

69

29,49

20.

20

4,82

70.

70

30,07

21.

21

5,31

71.

71

30,69

22.

22

5,79

72.

72

31,27

23.

23

6,27

73.

73

31,88

24.

24

6,75

74.

74

32,46

25.

25

7,24

75.

75

33,09

26.

26

7,72

76.

76

33,68

27.

27

8,20

77.

77

34,31

28.

28

8,68

78.

78

34,93

29.

29

9,17

79.

79

35,51

30.

30

9,65

80.

80

36,15

31.

31

10,13

81.

81

36,71

32.

32

10,61

82.

82

37,34

33.

33

11,09

83.

83

37,92

34.

34

11,58

84.

84

38,56

35.

35

12,06

85.

85

39,18

36.

36

12,54

86.

86

39,76

37.

37

13,03

87.

87

40,38

38.

38

13,51

88.

88

40,95

39.

39

13,99

89.

89

41,59

40.

40

14,47

90.

90

42,17

41.

41

14,96

91.

91

42,18

42.

42

15,44

92.

92

43,39

43.

43

15,92

93.

93

44,00

44.

44

16,40

94.

94

44,62

45.

45

16,89

95.

95

45,20

46.

46

17,37

96.

96

45,84

47.

47

17,85

97.

97

46,38

48.

48

18,33

98.

98

47,03

49.

49

18,82

99.

99

47,61

50.

50

19,30

100.

100

48,25



 


 

101.

100-ден жоғары

50,18

       379-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы
                 мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық
                 ставкалары

      Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi:
      1) көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
      2) көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

       380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы
                 мақсаттары үшiн пайдаланылатын жерлерге
                 салынатын салық ставкалары

      Елдi мекендер, өнеркәсiп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінің құрамына кiретiн, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы Кодекстiң 387-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

       381-бап. Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер
                 учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық
                 ставкалары

      Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерде белгiленедi: 

Рет
N

Елді мекеннің түрі

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

1

2

3

4

1.

Қалалар:



2.

Алматы

28,95

0,96

3.

Астана

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе

6,75

0,58

6.

Атырау

8,20

0,58

7.

Қарағанды

9,65

0,58

8.

Қызылорда

8,68

0,58

9.

Көкшетау

5,79

0,58

10.

Қостанай

6,27

0,58

11.

Павлодар

9,65

0,58

12.

Петропавл

5,79

0,58

13.

Талдықорған

9,17

0,58

14.

Тараз

9,17

0,58

15.

Орал

5,79

0,58

16.

Өскемен

9,65

0,58

17.

Шымкент

9,17

0,58

18.

Алматы облысы:



19.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

20.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

21.

Ақмола облысы:



22.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

24.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 проценті

0,39

25.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 проценті

0,19

26.

Кенттер

0,96

0,13

27.

Селолар (ауылдар)

0,48

0,09

       382-бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық
                 салық ставкалары

      Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
      Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:
      1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
      көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
      көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.
      Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
      2) қалған елдi мекендер үшiн:
      көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
      көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.
      Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

       383-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп
                 жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары

      1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгiленедi:

Рет
N

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

Рет
N

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

0

48,25

52.

51

2634,45

2.

1

91,67

53.

52

2690,23

3.

2

135,10

54.

53

2745,95

4.

3

178,52

55.

54

2801,72

5.

4

221,95

56.

55

2857,46

6.

5

265,37

57.

56

2913,24

7.

6

308,80

58.

57

2968,96

8.

7

352,22

59.

58

3024,73

9.

8

395,65

60.

59

3080,47

10.

9

439,07

61.

60

3136,25

11.

10

482,50

62.

61

3188,36

12.

11

530,75

63.

62

3247,75

13.

12

592,41

64.

63

3325,49

14.

13

654,08

65.

64

3364,61

15.

14

715,68

66.

65

3423,05

16.

15

777,35

67.

66

3489,25

17.

16

839,01

68.

67

3539,95

18.

17

900,67

69.

68

3598,39

19.

18

962,29

70.

69

3656,81

20.

19

1023,96

71.

70

3715,25

21.

20

1084,66

72.

71

3769,29

22.

21

1138,70

73.

72

3829,64

23.

22

1189,07

74.

73

3890,53

24.

23

1239,35

75.

74

3951,67

25.

24

1287,73

76.

75

4012,79

26.

25

1340,29

77.

76

4073,88

27.

26

1390,66

78.

77

4135,02

28.

27

1441,07

79.

78

4196,15

29.

28

1491,45

80.

79

4257,23

30.

29

1541,88

81.

80

4319,34

31.

30

1592,25

82.

81

4371,45

32.

31

1646,29

83.

82

4432,57

33.

32

1693,03

84.

83

4493,66

34.

33

1740,76

85.

84

4554,80

35.

34

1788,47

86.

85

4615,92

36.

35

1836,20

87.

86

4677,01

37.

36

1883,87

88.

87

4738,15

38.

37

1931,58

89.

88

4799,27

39.

38

1979,31

90.

89

4860,36

40.

39

2027,02

91.

90

4921,50

41.

40

2074,75

92.

91

4975,54

42.

41

2126,86

93.

92

5054,48

43.

42

2178,19

94.

93

5134,32

44.

43

2228,61

95.

94

5214,22

45.

44

2278,98

96.

95

5294,09

46.

45

2329,41

97.

96

5373,99

47.

46

2379,79

98.

97

5453,83

48.

47

2340,22

99.

98

5533,73

49.

48

2480,57

100.

99

5613,59

50.

49

2531,00

101.

100

5693,50

51.

50

2582,34

102.

100-ден жоғары

5790,00

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
      3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
      4. Магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

       384-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп
                 жерлерiне салынатын салық ставкалары

      1. Елдi мекендер шегiнде (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      2. Елдi мекендер шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен төмендетiлуi мүмкiн. Осы Кодекстiң 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентiнен аспауға тиiс.
      3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсініледі.

       385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры
                 мен су қорының жерлерiне салынатын салық
                 ставкалары

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
      2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерi осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.

       386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары
                 үшiн бөлiнген, казино орналасқан жер
                 учаскелерiне салынатын салық ставкалары

      1. Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген жерлерi тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 381-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
      Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердің жерлерi үшiн осы Кодекстің 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
      Салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
      Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
      2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
      Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердің жерлерi үшiн осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
      Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық ставкаларды жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
      Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

       387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету

      1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 378 , 379 , 381 , 383-баптарында белгiленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
      Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
      2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
      1) балаларды сауықтыру мекемелерi;
      2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
      3) осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
      4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
      6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
      7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
      3. Осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.
      4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.
      5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.

55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

       388-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

      1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
      3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
      6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
      7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.
      8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.

       389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен
                 төлеу мерзiмдерi

      1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
      2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
      3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
      Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
      4. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.
      5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
      Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
      7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
      8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.
      Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
      9. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

       390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң
                 ерекшелiктерi

      1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
      2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
      3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.

       391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және
                 төлеу мерзiмдерi

      1. Жеке тұлғалар (өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша - дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.
      2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
      3. Жеке тұлғалар (өз қызметтерінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
      4. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      5. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ

       392-бап. Салық кезеңi

      Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.

       393-бап. Салық есептілігі

      1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
      2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
      5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ

57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ

       394-бап. Салық төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
      3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген құқықтарда салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiк салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      4. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
      1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
      Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
      2) мемлекеттiк мекемелер;
      3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
      4) дiни бiрлестiктер.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.

       395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

      1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстің 35 , 36-баптарына сәйкес айқындалады.
      2. Бұл ретте сенiмгерлік басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
      3. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
      4. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
      5. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
      6. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.

       396-бап. Салық салу объектiсi

      1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшiн негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрі – ғимараттар) салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) осы Кодекстiң 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;
      3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
      бұрылу белдеуi;
      жолдардың конструкциялық элементтерi;
      жол жағдайы мен оны абаттандыру;
      көпiрлер;
      өткерме жолдар;
      виадуктар;
      жол тарамдары;
      тоннельдер;
      қорғаныш галереялары;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
      су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;
      жол бойындағы орман алаптары;
      желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
      4) аяқталмаған құрылыс объектілері салық салу объектiлерi болып табылмайды.

       397-бап. Салық базасы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
      2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шартқа сәйкес айқындалған бағалау мiндеттемелерi (қайта монтаждаудың есептiк құны, активтi жою және учаскенi қалпына келтiру) салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кiрмейдi.
      3. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаcында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып айқындалады.
      4. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлердің салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
      Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады.

       398-бап. Салық ставкалары

      1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.
      2. Мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:
      1) дара кәсіпкерлер;
      2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
      3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейдi:
      1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
      2) осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
      3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
      4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      5) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
      7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.
      4. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
      5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 151-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
       Ескерту. 398-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
      Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгiленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      2. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшін мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
      3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша айқындалған салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
      4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      5. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
      Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
      6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.
      Бұл ретте мыналар:
      келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;
      салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны - басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.
      Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
      7. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
      8. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
       Ескерту. 399-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

      Дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.

       401-бап. Салық кезеңi

      1. Мүлiк салығын есептеу және төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.

       402-бап. Салық есептілігi

      1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге мiндеттi.
      Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге мiндеттi.
      Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.
      2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
      Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
      4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

58-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ

       403-бап. Салық төлеушiлер

      1. Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
      1) мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
      2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
      3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
      4) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi;
      5) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.
       Ескерту. 403-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

      1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
      2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
      3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

       405-бап. Салық салу объектiсi

      Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

       406-бап. Салық базасы

      1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
      Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
      Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,
      Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір шаршы метрінің базалық құны,
      S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің шаршы метрмен пайдалы ауданы,
      К таб - табиғи тозу коэффициенті,
      К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
      К айм - аймақтау коэффициенті,
      К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.
      2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қб) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады: 

Рет N

Елді мекеннің түрі

Базалық құн, теңгемен

1

2

3


Қалалар:

 

1.

Алматы

30000

2.

Астана

30000

3.

Ақтау

18000

4.

Ақтөбе

18000

5.

Атырау

18000

6.

Қарағанды

18000

7.

Қызылорда

18000

8.

Көкшетау

18000

9.

Қостанай

18000

10.

Павлодар

18000

11.

Петропавл

18000

12.

Талдықорған

18000

13.

Тараз

18000

14.

Орал

18000

15.

Өскемен

18000

16.

Шымкент

18000

17.

Облыстық маңызы бар қалалар

12000

18.

Аудандық маңызы бар қалалар

6000

19.

Кенттер

4200

20.

Селолар (ауылдар)

2700

      3. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
      Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:
      Қ – салық салу мақсаты үшін құн,
      Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
      тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша – 25 процент,
      гараж бойынша – 15 процент,
      S - тұрғын үйлердің салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
      К таб – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған табиғи тозу коэффициенті,
      К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,
      К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтау коэффициенті.
      4. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
      К таб = 1 - М таб, мұнда:
      М таб - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы.
      Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
      М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:
      Т баз - салық есептелген жыл,
      Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,
      Н аморт - амортизация нормасы.
      Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:

Рет
N

Күрделік тобы

Ғимараттың сипаттамасы

Н аморт %

Қызмет ету мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

1.

1

Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар

0,7

143

2.

2

Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар

0.8

125

3.

3

Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар

1,0

100

4.

4

Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған ғимараттар

2,0

50

5.

5

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, қойма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар

3,3

30

6.

6

Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар

6,6

15

      Егер тастан қаланған немесе тасымалы панелді тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.
      5. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:
      К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
      К қаб - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,
      К бір - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,
      К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,
      К жайл - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,
      К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.
      Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады: 

Рет
N

Қабат

К қабат

1

2

3

1.

Бірінші

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй

1,00

3.

Соңғы

0,9

      Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.
      Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады: 

Рет
N

Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскесінде орналасуы

К бұр

1

2

3

1.

Бұрыштағы пәтер

0,95

2.

Бұрышта орналаспаған пәтер немесе жеке тұрғын үй

1,0

      Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады: 

Рет
N

Қабырға материалы

Коэффициент

1

2

3

1.

Кірпіштен

1,1

2.

Керамзит бетон блоктардан құралған

1,0

3.

Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темірбетон панелден

1,0

5.

Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден

1,05

6.

Балшықтан - саманнан

0,5

7.

Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған

0,6

8.

Монолитты шлакты-бетонды

0,7

9.

Темiрбетон блоктардан

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған

0,75

12.

Кесiлген ағаштан

0,85

13.

Шпалдан

0,75

14.

Шпалдан, кiрпiшпен қапталған

0,95

15.

Қамыс қаңқалы

0,6

      Тұрғын үй-жайды, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектісін барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициентi (К жайл) қолданылады.
      Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәрiз, басқа да жайлылық түрлерi) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
      Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттерi (К жылу) қолданылады: 

Рет
N

Жылыту түрі

К жылу

1

2

3

1.

Орталықтан жылыту

1,0

2.

Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту

0,98

3.

Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту

0,95

4.

Пешпен жылыту

0,9

      6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алатын аймақтау коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жергіліктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша айқындайды .
      7. Айлық есептiк көрсеткiштің өзгеру коэффициентi (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
      К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж.аек, мұнда:
      ағ.ж. аек – мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiш,
      өткен ж. аек – мөлшері өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiш.
      8. Тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы тұрғын үй-жайлардың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
      9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық базасын әрбір объект бойынша дербес есептейді.
       Ескерту. 406-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаның меншік құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша жеке тұлға осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды қолдана отырып, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 57-тарауында белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
      Мұндай үй-жайлар бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

       408-бап. Салық ставкалары

      Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледi: 

1

2

3

1.

1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 проценті

2.

1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 процентi

3.

2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 процентi

4.

3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 процентi

5.

4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 процентi

6.

5 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 процентi

7.

6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 процентi

8.

7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 процентi

9.

8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 процентi

10.

9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 процентi

11.

10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 процентi

12.

50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 процентi

13.

120 000 000 теңгеден жоғары

748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың 1 процентi

       409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрмей тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
      2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
      3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
      4. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
      5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiлерiн растайтын, уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
      6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
      7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда, салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн иеленудің нақты кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органы жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
      Салықтың жылдық сомасын салық салу объектiсіне меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
      9. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.

       410-бап. Салық кезеңi

      1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.

16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

       411-бап. Төлеушілер

      Мынадай:
      1) казино;
      2) ойын автоматтары залы;
      3) тотализатор;
      4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

       412-бап. Салық салу объектілері

      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
      1) ойын үстелі;
      2) ойын автоматы;
      3) тотализатор кассасы;
      4) тотализатордың электронды кассасы;
      5) букмекер кеңсесінің кассасы;
      6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

       413-бап. Салық ставкалары

      Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
      1) ойын үстеліне – айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
      2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
      3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
      4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
      5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
      6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.

       414-бап. Салық кезеңі

      Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

       415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

      1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
      Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
      3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

       416-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

      1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:
      1) казино қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерін;
      2) ойын автоматтары залы қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;
      3) тотализатор қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерін;
      4) букмекер кеңсесі қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін құрайды.
       Ескерту. 416-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

      1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
      3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

       418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

      Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.

17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

       419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
      2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
      3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
      4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.
       Ескерту. 419-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       420-бап. Төлеушілер

      Тіркелген салықты төлеушілер:
      1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
      2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
      3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
      4) картты (картинг);
      5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

       421-бап. Тіркелген салық салу объектілері

      Мыналар:
      1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
      2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
      3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
      4) ойын жолы;
      5) карт;
      6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.

       422-бап. Тіркелген салықтың ставкалары

      1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

Рет
N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

      2. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.
       Ескерту. 422-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       423-бап. Салық кезеңі

      Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

       424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу
                 мерзімі

      1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
      Салық салу объектiлерi айдың 15-іне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
      3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
      4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

       425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

      Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.

18-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

       426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері

      1. Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) мыналарды:
      патент негізінде арнаулы салық режимін;
      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
      3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
      Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
      Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бiрдей белгiленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.
      Патент - төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
      3. Патент нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi .
      4. Патент жоғалған жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша телнұсқа берiледi.
      5. Берiлген патенттердi (патенттердің телнұсқаларын) тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.
      Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
       Ескерту. 426-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ
САЛЫҚ РЕЖИМІ

§ 1. Жалпы ережелер

       427-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстiң 428, 429, 433-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
      2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
      Табысқа осы Кодекске сәйкес айқындалған осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 1), 3)-9), 11)-24) тармақшаларында аталған табыстар қосылады.
      Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 2), 10) тармақшаларында, 177-бабының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстардан корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

       428-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары

      1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
      2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
      2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
      3. Арнаулы салық режимiн:
      1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
      2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің;
      3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің;
      4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;
      5) құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
      Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
      4. Арнаулы салық режимдері мынадай қызмет түрлеріне:
      1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;
      2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтерге;
      3) мұнай өнiмдерiн өткiзуге;
      4) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
      5) жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды.

§ 2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

       429-бап. Жалпы ережелер

       Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
      1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
      2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
      3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

       430-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

       431-бап. Қолдану шарттары

      1. Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi.
      Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.
      Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.
      Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі.
      Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.
      Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.
      Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
      2. Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.
      Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 429-баптарында аталған талаптарға сай келмеуі патент беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
       Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
      Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейінше, патент жарамсыз болады.
      3. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсiпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салықтық өтiнiшті табыс етеді.
      4. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
      5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерікті түрде тоқтату кезінде салықтық өтініш патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
      6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:
      1) шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      егер нақты табысы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;
      2) осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодексте белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.
      7. Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

       432-бап. Патент құнын есептеу

      1. Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:
      1) патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;
      2) " Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
      Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
      2. Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.
      Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
      3. Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
      Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.
      4. Іс жүзінде алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабында белгіленген шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.
      5. Дара кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзімі өткенге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

       433-бап. Жалпы ережелер

      Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
      1) дара кәсіпкерлер үшiн:
      дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
      салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;
      2) заңды тұлғалар үшiн:
      қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
      салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.

       434-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

       435-бап. Қолдану шарттары

      1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.
      Қайта құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.
      Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.
      Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.
      Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiшті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.
      2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.
      Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
      Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 433-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      3. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтініштің негізінде не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
      4. Егер салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолдануды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдаса, аталған режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.
      5. Осы Кодекстің 428, 433-баптарында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтініш сәйкессіздік туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етіледі. Аталған жағдайда арнаулы салық режимiн тоқтату сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
      6. Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

       436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша
                 есептеу

      1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
      2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.
      3. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыс сомасынан іс жүзінде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне не өзге арнаулы салық режиміне өту (ауысу) күніне дейін салықтарды есептеу осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша жүргізіледі.
      4. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзетуге осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыстың сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.
      5. Салық кезеңі ішінде шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 433-бабында белгiленгеннен асып түскен жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзету шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.

       437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және
                 салықтарды төлеу мерзімдері

      1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
      2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.
      Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
      3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

       438-бап. Жекелеген салық түрлерiн, әлеуметтік
                 аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын
                 төлеу ерекшелiктерi

      Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

62-тарау. ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

       439-бап. Жалпы ережелер

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпті дербес таңдауға құқылы.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.
      3. Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы беріледі.

       440-бап. Салық кезеңі

      Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

       441-бап. Қолдану шарттары

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.
      Аталған мерзiмде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсімі деп есептеледi.
      Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
      Салықтың өтiнiшпен бiр мезгілде мынадай құжаттардың:
      1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының;
      2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актiлердiң көшiрмелерi табыс етіледi.
      Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады.
      20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiшті табыс етеді.
      20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiшті табыс етеді.
      Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiде 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiш салық органына осы жер учаскесiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етіледі.
      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары ондағы деректері өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған құжаттарды қайтадан табыс етеді.
      2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.
      Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
      Салық төлеушінің осы Кодекстің 439-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және салық төлеушінің осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      3. Арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртіппен салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі.
      Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушi талаптарға сәйкессіздік туындаған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде салық органына салықтық өтінішті табыс етеді және сәйкессіздік туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтеді.
      Арнаулы салық режимiн қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.
      Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

       442-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:
      1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;
      2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
      3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны;
      4) осы Кодекстің 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында аталған салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын;
      5) осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтiнiшті ерікті түрде беруге құқылы.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде, бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң бөлек есебiн жүргiзуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.

       443-бап. Салық салу объектiсі

      Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.

       444-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі

      1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:

Рет
N

Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1

2

3

1.

500-ге дейін

0,1%

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1% + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2%

3.

1000-нан 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,2% + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3%

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,3% + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4%

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,4% + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5%

      Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.
      Жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңi айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
      Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесiн басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.
      Жалға алушының бiрыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап жүргізіледі.
      Бiрыңғай жер салығын есептеу кезінде жалға берушінің жер учаскесiн нақты пайдалану кезеңiне жер учаскесі жалға берілген ай қосылады.

       445-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшелiктерi

      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.
      Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы " Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
      Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.

       446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
                 төлемдердiң жекелеген түрлерiн, әлеуметтік
                 аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы
                 жарналарын аудару мерзімдері

      1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:
      1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;
      2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.
      2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
       Ескерту. 446-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       447-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
                 төлемдердiң жекелеген түрлерi, әлеуметтiк
                 аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары
                 бойынша салық есептiлiгiн табыс ету мерзімдері

      Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.
      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
       Ескерту. 447-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

63-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
МЕН СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВТЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

       448-бап. Жалпы ережелер

      1. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
      Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимi (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдерді, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеудің ерекше тәртiбiн көздейдi.
      Арнаулы салық режимi:
      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:
      жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдеу және өткiзу;
      толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның iшiнде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнiмдерiн өндiру, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне;
      2) селолық тұтыну кооперативтерінің:
      шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;
      шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
      2. Осы баптың мақсатында селолық тұтыну кооперативтеріне:
      1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;
      2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.
      3. Мыналардың:
      1) еншiлес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
      2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;
      3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;
      4) құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;
      5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып:
      1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;
      2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.
      4. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылмайды.
      Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде, кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң есеп-қисабын бөлек жүргiзуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлерi бойынша тиiстi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.

       449-бап. Салық кезеңi

      Корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi осы Кодекстің 148 , 269 , 363 , 370 , 392 , 401 , 482-баптарына сәйкес айқындалады.

       450-бап. Қолдану шарттары

      Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Салықтық өтініш арнаулы салық режимін қолдануға арналған өтініште көрсетілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
      Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсімі болып есептеледi.
      Таңдап алынған салық салу режимi күнтізбелік жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар салықтық өтiнiшпен бiр мезгілде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін табыс етедi.
      Аталған құжаттар олардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелеріне құқықтар туындаған кезде жаңадан тапсырылады.
      Жаңадан құрылған салық төлеушілер арнаулы салық режимін қолдану үшін әділет органында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салықтық өтінішті табыс етеді.
      Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi салық органына осы жер учаскесiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етеді.
      Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.
      Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
      Салық төлеушінің осы Кодекстің 448-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және салық төлеушінің осы бапта белгіленген мерзімдерде осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
       Ескерту. 450-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       451-бап. Жекелеген салық түрлерiн және жер учаскелерiн
                 пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу ерекшелігі

      Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтiк салықтың, жер салығының, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақының, мүлiк салығының, көлiк құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.
      Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.

       452-бап. Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету
                 мерзiмдерi

      Бюджетке осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтар мен жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны төлеу және олар бойынша салық есептiлiгін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

19-БӨЛІМ. БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР

64-тарау. ТІРКЕУ АЛЫМДАРЫ

       453-бап. Жалпы ережелер

      1. Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
      2. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
      3. Осы Кодекстің 583-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

       454-бап. Алым төлеушілер

      Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

       455-бап. Салық салу объектісі

      Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:
      1) мыналарды:
      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
      дара кәсіпкерлерді;
      жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;
      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;
      радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;
      көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
      дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
      туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
      мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);
      2) осы баптың 1) тармақшасында аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

       456-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне негізделе отырып есептеледі және мыналарды құрайды: 

Рет
N

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Ставкалар (АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


 

1.1

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


 

1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


 

1.2.1.

қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


 

1.3.1.

мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

1.3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

1.4

заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін

0,25

2.

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін:


 

2.1.

дара кәсіпкерлерді тіркегені үшін

2

2.2.

дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,25

3.

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін:


3.1

мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін:


3.1.1.

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға

0,5*

3.1.2.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа

8*

3.1.3.

гараждарға

0,5*

3.1.4.

мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар):


 

3.1.4.1.

бір объект

10*

3.1.4.2.

екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер

15*

3.1.4.3.

алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер

20*

3.1.4.4.

оннан көп жеке тұрған объектілер

25*

3.2

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:


3.2.1.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін

1

3.3.

жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін

0,5*

3.4.

сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін

0,5

3.5.

кондоминиум объектісін тіркегені үшін

1

3.6.

ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін

0,25*

3.7.

құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін

0,25*

3.8.

жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін

0,25*

3.9.

құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін

0,25*

3.10.

міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін

0,25*

3.11.

құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0,25*

3.12.

жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін

0,5*

3.13.

құқықтық талап етуді тіркегені үшін

0,25

3.14.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0

3.15.

республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін

0

3.16.

жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін

0

3.17

мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін

0

3.18

жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,25

4.

Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін


 

4.1.

жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін:


 

4.1.1.

жеке тұлғалардан

1

4.1.2.

заңды тұлғалардан

5

4.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеменің немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,5

5.

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін:


5.1.

сәулелік қуаты 10 мВт дейінгі радиоэлектрондық құралдарды қоса алғанда, сәулелік қуаты 200 мВт дейінгі ұялы және транкингтік байланыстың абоненттік құрылғыларын қоса алғанда, сәулелік қуаты 200 мВт дейінгі сымсыз радиоға қолжетімділік жүйелерінің абоненттік құрылғыларын қоса алғанда, радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиіліктегі құрылғыларын тіркегені үшін

0

5.2.

сәулелік қуаты 200 мВт-тен жоғары ұялы және транкингтік байланыстың абоненттік құрылғыларын, сәулелік қуаты 200 мВт-тен жоғары сымсыз радиоға қолжетімділік жүйелерінің абоненттік құрылғыларын, сондай-ақ жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркегені үшін

2

5.3.

5.1 және 5.2-тармақтарда аталған радиоэлектрондық құралдарды қоспағанда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды тіркегені үшін

10

5.4.

радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың:


5.4.1.

осы кестенің 5.2.-тармағында көрсетілген

0,4

5.4.2.

осы кестенің 5.3.-тармағында көрсетілген

1

6.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


6.1.

мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін:


6.1.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

6.1.2.

теңіз кемелерін

60

6.1.3.

өзен кемелерін

15

6.1.4.

шағын флот кемелерін:


6.1.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

3

6.1.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

2

6.1.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.1.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

6.2.

мыналарды:


6.2.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

6.2.2.

теңіз кемелерін

30

6.2.3.

өзен кемелерін

7,5

6.2.4.

шағын флот кемелерін:


6.2.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.2.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1

6.2.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,75

6.2.5.

азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін

7

6.3.

мыналардың:


6.3.1.

механикалық көлік құралының немесе тіркеменің

0,25

6.3.2.

теңіз кемелерінің

15

6.3.3.

өзен кемелерінің

3,75

6.3.4.

шағын флот кемелерінің:


6.3.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,75

6.3.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,5

6.3.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,38

6.3.5.

азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

3,5

7.

Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


7.1.

дәрілік заттарды тіркегені үшін

11

7.2.

дәрілік заттарды қайта тіркегені үшін

5

7.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

0,7

8.

Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


8.1.

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды тіркегені үшін

3

8.2.

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін:


8.2.1.

жеке тұлғалардан

2

8.2.2.

заңды тұлғалардан

3

8.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

2

9.

Мерзімдік баспа басылымы мен ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) үшін:


9.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

2

9.2.

өзге тақырыптағы

5

9.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:


9.3.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

1,6

9.3.2.

өзге тақырыптағы

4

      Ескерту:
      * Жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды жылдамдатылған тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
       Ескерту. 456-бапқа орыс тілінде өзгерту енгізілді, мемлекеттік  тілдегі мәтіні өзгермейді- Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       457-бап. Алымдарды төлеуден босату

      Алымдарды төлеуден мыналар:
      1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:
      шаруа немесе фермер қожалықтары;
      І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);
      2) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
      бөлек тұратын зейнеткерлер;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
      кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;
      3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
      4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде – мемлекеттік мекемелер;
      5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
      кәмелетке толмағандар босатылады.

       458-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбі

      1. Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
      2. Алымдарды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.
      Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейiн салық органдары жүргізеді.

65-тарау. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУМАҒЫМЕН ЖҮРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ

       459-бап. Жалпы ережелер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):
      1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
      2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;
      3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi;
      4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады.
      2. Алым:
      1) мыналардың:
      жедел медициналық жәрдем қызметінің;
      өртке қарсы қызметтің;
      авариялық-құтқару қызметтерінің;
      жол-патрульдік қызметтің арнаулы автокөлік құралдарының;
      2) басқа баламалы жол болмаған кезде:
      жолаушылар мен жүктерді қала маңы қатынастары мен кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын қатынастарда тұрақты тасымалдайтын автобустардың;
      белгілі бір аудан шегінде жолаушыларды (жүктерді) тұрақты тасымалдау мақсатында ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустардың;
      белгілі бір ауданның шегінде қозғалыс кезінде ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автокөліктердің;
      су бөгеттерімен және темір жолдармен шектесетін жақын көліктік жол айырымдары арасындағы ақылы мемлекеттік жолдардың учаскелері (бөлігі) шегінде жүк автокөлік құралдарының, дөңгелекті өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік машиналардың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынбайды.
      3. Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
      4. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

       460-бап. Алым төлеушiлер

      Осы Кодекстiң 459-бабында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

       461-бап. Алым ставкалары

      1. Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 2 еселенген мөлшері;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
      4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:
      автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
      автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есеп-қисап, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:

1-кесте 

Рет
N

Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-пен

Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

5,0%-ке дейін қоса алғанда

0,011

2.

5,0%-тен 10,0%-ке дейін қоса алғанда

0,014

3.

10,0%-тен 20,0%-ке дейін қоса алғанда

0,190

4.

20,0%-тен 30,0%-ке дейін қоса алғанда

0,380

5.

30,0%-тен 50%-ке дейін қоса алғанда

0,500

6.

50%-тен жоғары

1,0

      автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің жол берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есеп-қисап, бұл автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:

2-кесте 

Рет
N

Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен

Жол берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

Биіктігі:


1.2.

4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда

0,009

1.3.

4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда

0,018

1.4.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:


2.1.

2,55-тен (изометрикалық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:


3.1.

жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)

0,004

      2. Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .

       462-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
      3. Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерiнде не өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргізіледi.
      4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
      5. Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкiлерiне көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның сәйкестендіру нөмірі қойылады.
      6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      7. Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алынатын алымды есептеу, төлеу тәртібін және бюджетке енгізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .

66-тарау. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ

       463-бап. Жалпы ережелер

      Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

       464-бап. Алым төлеушiлер

      Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

       465-бап. Алым алу объектiсi

      1. Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
      2. Мыналардан:
      1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
      2) соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;
      3) мыналарды:
      салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;
      салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;
      соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
      4) мыналарды:
      соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
      белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
      белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;
      5) банкрот заңды тұлғалардың конкурстық массасын сату жөнiндегi аукциондардан;
      6) мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;
      7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;
      8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.

       466-бап. Алым ставкасы

      Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

       467-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.
      2. Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсін бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.
      3. Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.
      4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
      Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізеді.

       468-бап. Салық декларациясы

      1. Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, өзі орналасқан жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етеді.
      2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешіктірмей өзі орналасқан жердегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

67-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫ
ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ

       469-бап. Жалпы ережелер

      1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.
      2. Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

       470-бап. Алым төлеушiлер

      Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

       471-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді және мынаны құрайды: 

Рет
N

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым ставкалары, АЕК-пен

1

2

3

1.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым ставкалары:


 

1.1.

Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларды пайдалану

10

1.2.

Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану

10(500)*

1.3.

Минералды шикізатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда)

10

1.4.

Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін пайдалану

10

1.5.

Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін және жылу жеткізу температурасы 115 о С қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда)

10

1.6.

Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу

10

1.7.

Өлшеу құралдарын шығару және жөндеу

10

1.8.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі

10

1.9.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау

230

1.10.

Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу

230

1.11.

Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, шығару, өткізу және пайдалану

200

1.12.

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету

230

1.13.

Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау-қаптау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, шығару

230

1.14.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

230

1.15.

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

50

1.16.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

50

1.17.

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау

230

1.18.

Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау

10

1.19.

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою

10

1.20.

Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу, қолдану, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) және оларды өндіруге арналған бастапқы құрамдас заттарды әкелу жөніндегі қызмет

10

1.21.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет

10

1.22.

Жолаушыларды тасымалдау

3

1.23.

Қауіпті жүктерді тасымалдау

3

1.24.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

20

1.25.

Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызмет

9

1.26.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру)

9

1.27.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру

20

1.28.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнаулы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу, ақпараттың таралып кетуін болдырмаудың техникалық арналарын іздеу

20

1.29.

Монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу

22

1.30.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу

22

1.31.

Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу

22

1.32.

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу

7

1.33.

Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау

3(10)**

1.34.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, сатып алу

3(10)***

1.35.

Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлері

186

1.36.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет

25

1.37.

Байланыс саласында қызмет көрсету

6

1.38.

Білім беру қызметі

10

1.39.

Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет

6

1.40.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау

10

1.41.

Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу

10

1.42.

Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу

10

1.43.

Медициналық, дәрігерлік қызмет

10

1.44.

Фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу

10

1.45.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл мүшесі бұзылған балалар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-1

мүгедектер, оның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-2

қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-3

қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін аумақтық күндіз болатын орталықтарда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-4

қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін оңалту орталықтарында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.45-5

қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін үйде күндізгі күтім жасайтын арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.46.

Адвокаттық қызмет

6

1.47.

Нотариат қызметі

6

1.48.

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда)

6

1.49.

Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау

6

1.50.

Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару

10

1.51.

Аудиторлық қызмет

10

1.52.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету

50

1.53.

Лотерея (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу

10

1.54.

Жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы

6

1.55.

Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау

10

1.56.

Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету

10

1.57.

Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету

10

1.58.

Туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер

10

1.59.

Ветеринария саласындағы қызмет

6

1.60.

Сот-сараптама қызметі

6

1.61.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру

10

1.62.

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін банк операциялары

80(40)****

1.63.

Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар

80(40)****

1.64.

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет

50

1.65.

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет

50

1.66.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

20

1.67.

Сақтандыру брокерінің қызметі

30

1.68.

Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет

5

1.69.

Брокерлік қызмет

30

1.70.

Дилерлік қызмет

30

1.71.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

10

1.72.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет

30

1.73.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет

30

1.74.

Кастодиан қызметі

30

1.75.

Трансфер-агенттік қызмет

10

1.76.

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.77.

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет

10

1.78.

Кредиттік бюроның қызметі

40

1.79.

Жобалау-іздестіру қызметі

10

1.80.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

10

1.81.

Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару)

10

1.82.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету

10

1.83.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.84.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау

10

1.85.

Этил спиртінің өндірісі

500

1.86.

Сырадан басқа алкоголь өнімінің өндірісі

500

1.87.

Сыра өндірісі

100

1.88.

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату

100

1.89.

Темекі бұйымдарын өндіру

500

1.90.

Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV Заңымен


1.91.

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

1.92.

Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту

10

1.93.

Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызмет

10

1.94.

Ойын бизнесі саласындағы қызмет:



казино мен ойын автоматтары залы үшін жылына

3 845


тотализатор мен букмекерлік кеңсе үшін жылына

640

2.

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым ставкалары:


 

2.1.

тауарлардың экспорты мен импортына лицензияның телнұсқасын беруді қоспағанда, барлық қызмет түрлері үшін

лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-і

2.2.

тауарлардың экспорты мен импортына

1

3.

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін ставкалар:


3.1.

тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензиялардың барлық түрлері үшін

лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-і, бірақ 4 АЕК-тен артық емес

3.2.

тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

      Ескерту:
      1) * лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
      мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану – АЕК-тің 500 еселенген мөлшері;
      тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану – АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
      2) ** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
      азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау – АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
      азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын сатып алу – АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;
      3) *** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
      азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу – АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
      азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу – АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;
      4) **** банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:
      екінші деңгейдегі банктер үшін – АЕК-тің 80 еселенген мөлшері;
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЕК-тің 40 еселенген мөлшері.
       Ескерту. 471-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
      2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
      3. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.
      4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.

68-тарау. ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ҰЙЫМДАРЫНА
РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ

       473-бап. Жалпы ережелер

      1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi – рұқсат) берген кезде алынады.
      Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
      2. Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
      3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
      Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын алымның есебiне жатқызылмайды.
      4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

       474-бап. Алым төлеушiлер

      1. Осы Кодекстiң 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.
      2. Өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.

       475-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды: 

Рет
N

Қолдану/радиожиілік өрісі

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым ставкасы (АЕК)

1

2

3

4

5

1.

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін:


 


 


 

1.1.

Телевизия/метрлiк


 


 


 

1.1.2.


10-ға дейiн қоса алғанда

100-гe дейiн қоса алғанда

20

1.1.3.


10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ге дейiн қоса алғанда

41

1.1.4.


10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ден астам

83

1.1.5.


50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

124

1.1.6.


50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

249

1.1.7.


100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

290

1.1.8.


100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

435

1.1.9.


200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-ғa дейiн қоса алғанда

828

1.1.10.


200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-нан астам

1243

1.1.11.


500-ден астам

5000-ға дейін қоса алғанда

2367

1.1.12.


500-ден астам

5000-нан астам

3550

1.2.

Телевизия/дециметрлiк




1.2.1.


10-ға дейiн қоса алғанда

100-гe дейiн қоса алғанда

13

1.2.2.


10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ге дейiн қоса алғанда

26

1.2.3.


10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ден астам

52

1.2.4.


50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

78

1.2.5.


50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

155

1.2.6.


100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

181

1.2.7.


100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

272

1.2.8.


200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-ғa дейiн қоса алғанда

518

1.2.9.


200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-нан астам

777

1.2.10.


500-ден астам

5000-ға дейін қоса алғанда

1479

1.2.11.


500-ден астам

5000-нан астам

2219

1.3.

Радио хабарларын тарату/УҚT ЧМ(FМ)




1.3.1.


10-ға дейiн қоса алғанда

100-гe дейiн

5

1.3.2.


10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ге дейiн қоса алғанда

9

1.3.3.


10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ден астам

18

1.3.4.


50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

27

1.3.5.


50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

53

1.3.6.


100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

62

1.3.7.


100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

93

1.3.8.


200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-ғa дейiн қоса алғанда

178

1.3.9.


200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-нан астам

266

1.3.10.


500-ден астам

5000-ға дейін қоса алғанда

488

1.3.11.


500-ден астам

5000-нан астам

732

1.4.

Радио хабарларын тарату/ҚТ, ОТ, ҰТ




1.4.1.


500-ден астам

100-гe дейiн қоса алғанда

5

1.4.2.


500-ден астам

100-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

15

1.4.3.


500-ден астам

1000-нан 10000-ға дейін қоса алғанда

30

1.4.4.


500-ден астам

10000-нан 100000-ға дейін қоса алғанда

45

1.4.5.


500-ден астам

100000-нан бастап

89

2.

Рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкасы


 


 

2

       476-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленедi.
      2. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжатты табыс еткеннен кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.

69-тарау. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       477-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.
      2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленедi.
      3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.

       478-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушілер ретiнде қарастырылады.
      Заңды тұлға мұндай шешім қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлімшені тіркеудің есепке алынған жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті.
      3. Мыналар:
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
      концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

       479-бап. Салық салу объектісі

      Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

       480-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстiң 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелердi есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.

       481-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
      Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
      Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
      2. Салық кезеңiнде төленуге жататын төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негізге ала отырып айқындалады.
      3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгiленбейдi.
      4. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
      5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен төлейдi.
      Мемлекет жер учаскелерiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
      Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 25-і бюджетке төлеу мерзiмi болып есептеледi.
      6. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.
      Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрілмей жүргізіледі.
      7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.
      8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленеді.

       482-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

       483-бап. Салық есептiлiгi

      1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушiлер жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.
      2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 20-cынан кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бiрге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi табыс етiледi.
      Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
      5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

70-тарау. ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН
ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       484-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
      2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
      4. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
      5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

       485-бап. Төлемақы төлеушiлер

      Мынадай:
      1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
      2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
      3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
      4) балық ресурстарын өндіру үшін;
      5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

       486-бап. Салық салу объектiлерi

      1. Мыналар салық салу объектiлері болып табылады:
      1) мыналарды:
      бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;
      ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған су шығындарын;
      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
      су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
      2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
      3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
      4) балық аулау көлемi.
      2. Төлемақы кеме тiркемесiнсiз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.

       487-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.
      2. Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлiгінде бес есе ұлғайтылады.

       488-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып, төлеушiлер дербес есептейді.
      2. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрмей ай сайын бюджетке төлейді.
      3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.

       489-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының
                 төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшелiктерi

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.
      2. Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтiн құрылыстары бар су объектілерінде су көліктерімен тасымалдау көлеміне жүк тасымалының тонна/километрі үшiн төлемақы төлейдi.
      3. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттеріне жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша айқындайды.
      4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге су алу лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп кәсіпорындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.

       490-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

       491-бап. Салық есептiлiгi

      1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.
      2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей декларация табыс етедi.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейдi.
      4. Декларациялар салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       492-бап. Жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.
      2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етеді.

       493-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыларды дербес төлеушілер ретінде қарастырыла алады.
      Осындай шешім қабылданған жағдайда, заңды тұлға құрылымдық бөлімшенің тіркелу есебінің орны бойынша салық органын бұл туралы салық кезеңі басталардан кемінде он жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.

       494-бап. Салық салу объектiсi

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
      1) ластағыш заттар шығарындыларының;
      2) ластағыш заттар төгінділерінің;
      3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

       495-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды: 

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

10


2.

Азот тотықтары

10


3.

Шаң және күл

5


4.

Қорғасын және оның қосындылары

1993


5.

Күкіртсутек

62


6.

Фенолдар

166


7.

Көмірсутектер

0,16


8.

Формальдегид

166


9.

Көміртегі тотықтары

0,16


10.

Метан

0,01


11.

Күйе

12


12.

Темір тотықтары

15


13.

Аммиак

12


14.

Алты валентті хром

399


15.

Мыс тотықтары

299


16.

Бенз(а)пирен


498,3

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

2,23

2.

Көміртегі тотықтары

0,73

3.

Метан

0,04

4.

Күкірт диоксиды

10

5.

Азот диоксиды

10

6.

Күл

12

7.

Күкіртті сутегі

62

8.

Меркаптан

9966

      4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды: 

Рет
N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,24

      5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды: 

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды: 

Рет
N

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:


 


1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,19


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:


 


1.2.1.

"қызыл" тізім

7


1.2.2.

"янтарь" тізім

4


1.2.3.

"жасыл" тізім

1


 

1.2.4.

жіктелмегендер

0,45


 

1.3.

Бұдан басқа:


 


 

1.3.1.

аршынды жыныстар

0,002


 

1.3.2.

жанас таужыныстары

0,013


 

1.3.3.

байыту қалдықтары

0,01


 

1.3.4.

шлактар, шламдар

0,019


 

1.3.5.

күл мен күлшлактар

0,33


 

1.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009


 

1.3.7.

техникалық және элементарлық күкірт

3,77


2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):


 


 

2.1.

Трансуранды


 

0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті


 

0,19

2.3.

Бета-радиоактивті


 

0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


 

0,19

      7. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:
      2-тармақта – 0,3 коэффициенті;
      5-тармақта – 0,43 коэффициенті;
      6-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.
      8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
      9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, осы бапта белгіленген ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.
      10. Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.
       Ескерту. 495-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       496-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және белгіленген ставкаларды негiзге ала отырып дербес есептейдi.
      2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға эмиссиялар лимитiн сатып алуға құқылы. Лимиттi сатып алу рұқсат құжаты есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей ресiмделген кезде ағымдағы жыл үшiн алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргiзiледi.
      3. Рұқсат құжатын осы Кодекстiң 498-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      4. Бюджетке төлемақысы уәкiлеттi мемлекеттік орган оларды мемлекеттiк тiркеген жері бойынша енгiзiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi.
      5. Төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей енгізедi.
      6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

       497-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

       498-бап. Салық есептiлiгi

      1. Рұқсат құжатын беруші орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.
      2. Төлемақы төлеушiлер декларацияны , осы баптың 3 және 5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
      5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

72-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       499-бап. Жалпы ережелер

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.
      4. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Мынадай жағдайларда:
      1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
      4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.
      6. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

       500-бап. Төлемақы төлеушiлер

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

       501-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
      2. Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулау кезінде төлемақы ставкалары мынаны құрайды: 

Рет N

Жабайы жануарлардың түрлері

Төлемақы ставкасы, бір жеке түрі үшін (АЕК)

кәсіпшілік аң аулау

әуесқойлық және спорттық аң аулау

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер



1.1.

бұлан (еркегі)

-

16

1.2.

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3.

бұлан (бір жасар төлі)

-

6

1.4.

марал (еркегі)

-

13

1.5.

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6.

марал (бір жасар төлі)

-

4

1.7.

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8.

аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9.

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3

1.12.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

3

1.13.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

2

1.14.

сiбiр тау ешкiсi (еркегі)

-

4

1.15.

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3,5

1.16.

құдыр

-

2

1.17.

қабан (еркегі)

-

4

1.18.

қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы)

-

3

1.19.

киiк (еркегі)

4

5

1.20.

киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы)

3

4

1.21.

қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы)

-

14

1.22.

өзен құндызы, кәмшат (орта азиядағыдан басқасы)

1

2

1.23.

бұлғын

2

4

1.24.

суырлар (мензбир суырынан басқасы)

0,060

0,12

1.25.

ондатр

0,045

0,9

1.26.

борсық, түлкi

0,10

0,20

1.27.

қарсақ

0,045

0,10

1.28.

америка су күзенi

0,12

0,25

1.29.

сiлеусiн (түркiстан сілеусінінен басқасы)

-

0,45

1.30.

қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31.

жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32.

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33.

қасқыр

0

0

1.34.

шибөрі

0

0

2.

Құстар



2.1.

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2.

саңырау құр

-

0,15

2.3.

құр

-

0,055

2.4.

гималай ұлары

-

0,20

2.5.

қырғауыл

0,020

0,060

2.6.

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7.

үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)

0,010

0,020

2.8.

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9.

бөдене

0,005

0,010

      * Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқасы.
      3. Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды: 

Рет
N

Су жануарларының түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:



1.1.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)


0,064

1.2.

майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ


0

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)


0,017

1.4.

ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян


0,012

1.5.

қаракөз


0,004

1.6.

итбалық

1,93


1.7.

ірi балықтар:



1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке


 

0,013

1.8.

ұсақ балықтар:



1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай


 

0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:



2.1.

алып қоя отырып:



2.1.1.

ірі балықтар


0,017

2.1.2.

қортпа


6,5

2.1.3.

бекіре балықтары


5,5

2.1.4.

ақсақа, албырт балықтар


0,042

2.1.5.

ұсақ балықтар


0,008

2.1.6.

шаян

0,008


2.2.

"ұстап алу-қоя беру" принципі негізiнде:



2.2.1.

ірі балықтар


0,1

2.2.2.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)

4,97


2.2.3.

ақсақа, албырт балықтар


0,27

2.2.4.

ұсақ балықтар


0,068

      4. Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды: 

Рет
N

Жануарлардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:



1.1.

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2.

қарақас

0,015

-

2.

құстар:



2.1.

кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан

0,010

-

2.2.

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3.

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты), орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай, қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005


 

2.4.

қаршыға

0,010


2.5.

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045


3.

Бауырымен жорғалаушылар:



3.1.

орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3.

бозша жылан

0,045

-

3.4.

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:



4.1.

артемия (цисталары)

-

0,045

4.2.

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

сүлiктер

-

0,030

4.4.

басқа да су омыртқасыздары мен цисталары

-

0,005

       502-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасын белгіленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағын) негiзге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейдi.
      2. Төлемақы сомасы рұқсат алғанға дейін жануарлар дүниесін пайдалану орны бойынша не төлеушінің орналасқан жері бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке төленеді.
      3. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

73-тарау. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       503-бап. Жалпы ережелер

      1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:
      1) ағаш дайындау;
      2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;
      3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;
      4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
      5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:
      мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;
      аңшылық шаруашылығы қажеттерi;
      ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.
      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.
      4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.

       504-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

       505-бап. Салық салу объектiсi

      Мыналарды:
      1) көшеттердің құрамы мен нысанына күтім жасау үшін кесуді, сондай-ақ оның жас талдарының толықтығын реттеуді (жарықтандыру, тазарту) және құндылығы шамалы ағаш көшеттерін қайта жөндеуге және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесуді жүзеге асыру кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;
      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін қоспағанда, пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектiсi болып табылады.

       506-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
      2. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып, тығыз бір текше метр (м 3 ) үшін айқындалады және мынаны құрайды: 

Рет
N

Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары

Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)

Қабықты отындық сүрек (АЕК)

ірі (25 см және одан жуан)

орташа (13-тен 24 см-ге дейін)

ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін)

1

2

3

4

5

6

1.

Қарағай

1,48

1,05

0,52

0,21

2.

Шренке шыршасы

1,93

1,37

0,68

0,27

3.

Сібір шыршасы, майқарағай

1,34

0,95

0,48

0,16

4.

Самырсын

1,19

0,85

0,41

0,15

5.

Балқарағай

2,67

1,91

0,93

0,23

6.

Ағаш тектес арша

1,79

1,26

0,63

0,27

7.

Емен, шаған

2,67

1,91

0,93

0,41

8.

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,60

0,42

0,21

0,14

9.

Сексеуіл




0,60

10.

Қайың

0,69

0,48

0,23

0,16

11.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,52

0,37

0,18

0,11

12.

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ

3,24

2,32

1,15

0,35

13.

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

1,90

1,35

0,68

0,23

14.

Ағаш тектес арша, самырсын



0,34

0,18

15.

Жыңғыл



0,3

0,25

16.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар



0,19

0,12

      3. Төлемақы ставкаларына мынадай коэффициенттер қолданылады:
      1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
      10 км-ге дейін - 1,30;
      10,1 - 25 км - 1,20;
      25,1 - 40 км - 1,00;
      40,1 - 60 км - 0,75;
      60,1 - 80 км - 0,55;
      80,1 - 100 км - 0,40;
      100 км-дан астам - 0,30;
      Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:
      жазық бедер - 1,1;
      жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;
      таулы бедер - 1,5;
      2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;
      3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;
      4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.
      4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы ставкасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі ставкасының 20 проценті мөлшерінде белгіленеді.

       507-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.
      2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері:
      сүректі түбірімен босатқан кезде – осы Кодекстің 506-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы ставкаларына негізделе отырып;
      орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде – орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы ставкаларына негізделе отырып айқындалады.
      3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісі орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
      1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде – орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
      2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде – рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;
      3) түбірімен босатылатын сүрек үшін – жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленеді.
      4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.
      5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 506-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.
      7. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда бюджетке есептелетін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
      8. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің сәйкестендіру нөмірі қойылады.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде орманның тозу немесе жойылу қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты табыс еткеннен кейiн ол төленген жердегі салық органдары жүргізеді.

74-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ
ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       508-бап. Жалпы ережелер

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы " Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.
      2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.

       509-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар:
      елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

       510-бап. Төлемақы ставкасы

      1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.
      2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.

       511-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген ставкаларды және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар:
      1) жұмыскерлерді пайдаланған кезде – әрбір жұмыскер үшін;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелері болған кезде – осындай мекемелерде болатын әрбір жеке тұлға үшін төлемақы енгізеді. Жеке тұлға төлемақы сомасының төленгенін растайтын құжат көрсеткен кезде қайталап төлемақы алынбайды.
      2. Төлемақы төлеушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануына оларда ақы төлеу туралы растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.
      3. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді.
      4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны бақылау-өткізу пункттерінде, не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің немесе аталған соманы растайтын бақылау-касса машиналары чегінің негізінде қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.
      5. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
      6. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы " Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.
      7. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
      8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі ресурстарын және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.
       Ескерту. 511-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

75-тарау. РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       512-бап. Жалпы ережелер

      1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
      2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      3. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.
      Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi.
      4. Бюджетке төленуге тиiс бiр жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебiне есептелмейдi.
      5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

       513-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады. P090019
      2. Мыналар:
      1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;
      2) осы Кодекстің 474-бабында аталған төлемақы төлеушілер;
      3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;
      4) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

       514-бап. Төлемақы ставкалары

      Жылдық төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып радио байланысының түріне, пайдаланылатын жиіліктердің номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметі көрсетілетін елді мекеннің аумағында тұратын халықтың санына байланысты айқындалады және мыналарды құрайды: 

Рет
N

Радиобайланыс түрлері

Пайдалану аумағы

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

4

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшін)



1)


Астана, Алматы қалалары

140

2)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

80

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi  25 кГц/ қабылдауға 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

80

2)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

60

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан,кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

30

2)


50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен

20

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

5.

ҚT-байланыс (бiр жиiлiк белгiленгенi үшiн) таратқыштың шығу қуаты:
- 50 Вт-қа дейiн;
- 50 Вт-тан астам

облыс, Астана, Алматы қалалары

 
 
 
10
20

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн):

облыс, Астана, Алматы қалалары

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға ені 10 кГц/беруге 10 кГц жиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

55

8.

Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс жүйесi (қабылдауға ені 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплексті белдеуi үшін)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB – технологиялы спутниктiк байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға ені 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшін)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктiк байланыс (бір станция пайдаланатын жиіліктер үшін)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиорелелi желілер (бір аралықтағы дуплекстi арна үшін):



1)

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ

40

2)

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қол жетімділік желілері (қабылдауға ені 25 кГц/ беруге 25 кГц дуплекстi арна үшін)



1)


50 мың адамнан астам халқы бар елді мекен

25

2)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған жағдайда сымсыз радиоға қол жетімділік желілері (қабылдауға енi 2МГц/беруге 2МГц дуплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

140

2)


50 мыңнан астам халқы бар елдi мекен

70

3)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

5

14.

Эфирлiк-кабельдiк теледидар (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн)



1)


200 мың адамнан астам халқы бар елді мекен

300

2)


50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен

135

3)


50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан

45

4)


басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

5

15.

Теңіздегі радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бір радиоарна үшiн

облыс

10

      Ескерту.
      Алты айға дейiн қоса қамтылатын мерзiмге тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне және радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық ставкасының кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.
      Енi осы баптың ставкаларында көрсетiлгеннен өзге дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы ставкалары төлеуші нақты пайдаланатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлестi салмағының осы баптың ставкаларында көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi 2МГц/беруге 2МГц белдеу үшiн алынады.

       515-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық өлшемдерге сәйкес радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, жылдық төлемақы ставкаларының негiзiнде есептейдi.
      2. Егер есептi салық кезеңiндегi радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екiге бөлiп, оны жыл бойы радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
      3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрмей жiбередi.
      4. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi.
      5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жерi бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегiнен және 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде төленедi.
      6. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.

       516-бап. Салық кезеңi

      Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

       517-бап. Салық есептiлiгi

      1. Төлемақы төлеушiлер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей өзi орналасқан жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
      2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

76-тарау. ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН
БАЙЛАНЫСЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       518-бап. Жалпы ережелер

      1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы):
      1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
      2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
      2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

       519-бап. Төлемақы төлеушілер

      " Байланыс туралы " Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

       520-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .

       521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық ставкалары негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.
      2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
      3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.
      4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.
      5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
      6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

       522-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

       523-бап. Салық есептілігі

      1. Төлемақы төлеушiлер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей өзi орналасқан жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
      2. Осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін құқық алған жағдайда, төлемақы төлеуші ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       524-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
      2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.
      3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      4. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесi айдың 15-інен кешiктiрмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер береді.

       525-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

       526-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкасы 1 валдық регистрлік тонна үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,26 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.

       527-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ күнтiзбелiк бiр ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып айқындалады.
      2. Ай сайынғы төлемақы мөлшерi көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгiлейтiн навигация кезеңiне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу жолымен айқындалады.
      3. Ағымдағы ай iшiнде бюджетке енгiзілуге тиіс төлемақы сомасы келесi айдың 25-інен кешiктiрiлмей төленедi.
      4. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың бiрiншi айы үшiн бюджетке төлемақы сомасы енгiзiлгенiн растайтын құжатты табыс етедi.
      5. Кеменiң бiр жолғы кiруi кезiнде шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар рұқсат құжатын алғанға дейiн айлық ставка мөлшерiнде бюджетке төлемақы енгiзедi. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарында бiр айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгiленген тәртiппен енгiзедi.
      6. Төлемақы сомасы бюджетке рұқсат құжатында көрсетiлген кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.
      7. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға жатпайды.

78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ
ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

       528-бап. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
      2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:
      1) автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;
      2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында   белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.
      Жарнама объектiлерiн тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
      3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.
      4. Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.

       529-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

       530-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып айқындалады.
      2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектісі бетінің алаңы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгіленеді: 

Рет
N

Жолдардың санаттары

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кіреберістер

25

2.

І, ІІ

20

3.

ІІІ

10

4.

IV

5

      Габариті үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектісінің бір жағы (беті) алаңының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.
      3. Жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары жарнама объектiсінің алаңына және орналастыратын жеріне негізделе отырып белгіленеді:
 

Рет
N

Жарнама түрлері

Төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар

Облыстық маңызы бар қалалар

Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар

1

2

3

4

5

1.

Жылжымайтын объектілерде:




1.1.

алаңы 2 ш.м. дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар (бір объект үшін)

2

1

0

1.2.

лайтбокстер (сити форматтағы)

3

2

1

1.3.

алаңы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:


 


 


 

1.3.1.

2-ден 5 ш.м. дейін

5

3

1

1.3.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

10

5

2

1.3.3.

10-нан 20 ш.м. дейін

20

10

5

1.3.4.

20-дан 30 ш.м. дейін

30

15

5

1.3.5.

30-дан 50 ш.м. дейін

50

20

10

1.3.6.

50-ден 70 ш.м. дейін

70

30

15

1.3.7.

70 ш.м. астам

100

50

25

1.4.

шатырүсті неондық жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неондық әріптер)




1.4.1.

30 ш.м. дейін

30

20

10

1.4.2.

30 ш.м. артық

50

30

10

1.5.

палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама:


 


 


 

1.5.1.

5 ш.м. дейін

1

1

0

1.5.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

2

1

0

1.5.3.

10 ш.м. астам

3

2

1

1.6.

уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама:


 


 


 

1.6.1.

2 ш.м. дейін

2

1

0

1.6.2.

2-ден 5 ш.м. дейін

2

1

0

1.6.3.

5-тен 10 ш.м. дейін

3

2

1

1.6.4.

10 ш.м. астам

8

4

2

1.7.

жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)

10

5

1

2.

Жылжымалы объектілерде:


 


 


 

2.1.

көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір бірлігі үшін):


 


 


 

2.1.1.

автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде

8

4

2

2.1.2.

шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін)

3

2

1

2.2.

автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшін:




2.2.1.

2 ш.м. дейін

3

2

1

2.2.2.

5 ш.м. дейін

15

10

5

2.2.3.

5-тен 10 ш.м. дейін

35

25

10

2.2.4.

10-нан 20 ш.м. дейін

50

25

10

2.2.5.

20-дан 40 ш.м. дейін

60

45

20

2.2.6.

40 ш.м. астам

80

40

25

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерін жарнама объектiсінің орналасқан жеріне байланысты екі есе арттыруға құқылы.

       531-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ күнтiзбелiк бiр ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып есептеледі.
      2. Күнтiзбелiк бiр ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомасы келесi айдың 25-інен кешiктiрiлмей төленедi.
      3. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жол органына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын бюджетке енгiзгендiгiн растайтын құжатты табыс етедi.
      4. Төлемақысы мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң орналастырылған орны бойынша төленеді.
      5. Төленген төлемақы сомасы қайтарылуға жатпайды.

79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

§ 1. Мемлекеттiк баж

       532-бап. Жалпы ережелер

      Мемлекеттiк баж – уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
      Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.

       533-бап. Мемлекеттiк бажды төлеушiлер

      Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

       534-бап. Баж алу объектiлерi

      1. Мыналардан:
      1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан:
      2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
      3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
      4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
      5) шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергенi үшiн;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
      7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
      8) аңшы куәлігін бергенi және оны жыл сайын тіркегені үшiн;
      9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
      10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
      11) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
      12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
      13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;
      14) жүргiзушi куәлiгiн, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенi үшiн;
      15) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 539-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекеттiк баж алынады.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың тiркелген проценттік ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

       535-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары

      1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:
      1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
      жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 проценті;
      заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 проценті;
      2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 30 процент;
      3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 500 процент;
      4) салықтық тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы талап арыздардан:
      дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 проценті;
      заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 проценті;
      5) некенi бұзу туралы талап арыздардан – 30 процент.
      Некені бұзған кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
      6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
      7) тұрғын үй-жайларды жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 процент;
      8) ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) – 50 процент;
      9) аралық соттар шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердi жою туралы өтiнiш хаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;
      10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж ставкасының 50 процентi;
      11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындау жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 500 процент;
      12) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (телнұсқаларды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар беретін iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 10 процент, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
      13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан – 500 процент.
      2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

       536-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын
                 мемлекеттiк баж ставкалары

      Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 1000 процент;
      құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 100 процент;
      басқа адамдарға – 300 процент;
      құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 500 процент;
      басқа адамдарға – 700 процент;
      егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 200 процент;
      2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 100 процент;
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 50 процент;
      басқа адамдарға – 70 процент;
      3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 700 процент;
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 200 процент;
      басқа адамдарға – 500 процент;
      4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiмшарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 500 процент;
      5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшiн – 200 процент;
      6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 100 процент;
      7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi бергені үшiн – берiлген әр куәлiкке 100 процент;
      8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi бергені үшiн – 100 процент;
      9) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 50 процент;
      10) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 100 процент;
      11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 200 процент;
      12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
      жеке тұлғалар үшін – 10 процент;
      заңды тұлғалар үшін – 50 процент;
      13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;
      14) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн – 50 процент;
      15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
      жеке тұлғалар үшін – 5 процент;
      заңды тұлғалар үшін – 10 процент;
      16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
      жеке тұлғалар үшін - 3 процент;
      заңды тұлғалар үшін - 10 процент;
      17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн - 20 процент;
      18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;
      19) телнұсқа бергенi үшiн - 100 процент;
      20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
      жеке тұлғалар үшін - 10 процент;
      заңды тұлғалар үшін - 50 процент;
      21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;
      22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;
      24) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.

       537-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн
                 мемлекеттiк баж ставкалары

      1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн мынадай мөлшерде:
      1) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 100 процент;
      2) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 200 процент;
      сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
      белгіленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде - 10 процент;
      3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 200 процент;
      осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 50 процент;
      4) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 50 процент;
      5) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;
      6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент;
      7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін – 30 процент;
      8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 50 процент;
      9) алыс шет елдерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 100 процент мемлекеттiк баж алынады.

       538-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының
                 азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының
                 азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан
                 Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу
                 кезiндегi мемлекеттiк баж ставкалары

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:
      Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
      2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
      6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн - осы баптың тиiсiнше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.

       539-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті
                 мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер
                 жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) инновациялық патент, патент, куәлiк бергенi үшiн - 100 процент;
      2) жалпыға белгiлi тауар таңбасына сертификат бергенi үшiн - 100 процент;
      3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн - 150 процент;
      4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 1 500 процент;
      5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн - 100 процент мемлекеттiк баж алынады.

       540-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк
                 баж ставкалары

      Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
      2) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшiн - 10 процент;
      3) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
      4) мыналарды:
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн - 400 процент;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергенi үшiн - 20 процент;
      5) мыналарға:
      заңды тұлғаларға:
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 100 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 100 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн - 100 процент;
      жеке тұлғаларға:
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн - 50 процент;
      6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 мм дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;
      7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 процент;
      8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар ға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн - 50 процент;
      9) мыналарды:
      жүргiзушiнiң куәлiгiн бергенi үшiн - 125 процент;
      көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi туралы куәлiк бергенi үшiн - 125 процент;
      механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік техникалық байқаудан өткізгені туралы куәлік бергенi үшiн – 50 процент;
      автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрінің белгісін бергенi үшiн - 280 процент;
      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттiк тiркеу нөмiрінің белгісін бергенi үшiн - 140 процент;
      көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттiк тiркеу нөмiрінің белгісін (транзиттiк) бергенi үшiн - 35 процент;
      10) мыналарды:
      тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн - 50 процент;
      тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, оларға тiркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн - 100 процент;
      тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, оларға тiркемелердi (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн - 50 процент мемлекеттiк баж алынады.

       541-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Соттарда мыналар:
      1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
      2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
      3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
      4) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
      5) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
      6) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
      7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;
      8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
      9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндiрiп алу жөнiндегi талап қою бойынша;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
      11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
      12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
      13) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
      14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергенi үшін:
      іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
      шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
      шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;
      талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
      жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
      сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
      өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;
      соттың сырттай жасалған шешімін жою туралы;
      сондай-ақ:
      сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
      соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
      сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
      соттың сырттай жасалған шешiмiнiң күшiн жою туралы;
      15) прокуратура органдары - барлық талап қою бойынша;
      16) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
      17) мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 проценті жұмыс істейтін олардың құрған ұйымдары - өздерiнiң мүдделері үшін талап қойған кезде;
      18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
      19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не қамауға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
      20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
      21) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
      22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату ісін жүргізу мүддесіне орай берілген талап қою, өтініштер бойынша;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:
      бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
      мүлікті өндіріп алу туралы;
      борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;
      24) конкурстық және оңалтушы басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiгi шегiнде конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсімдері мүддесiне орай талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

       542-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде
                 мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
      1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
      2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
      3) жеке тұлғалар - оларға:
      Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
      егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде (пәтерде) тұрып жатса, тұрғын үйiне (пәтерiне) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;
      сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;
      ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
      5) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасау үшiн өтiнiш берген кезiнде;
      7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш берген кезде;
      8) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
      10) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

       543-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде
                 мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;
      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

       544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына
                 келтiру және алу кезiнде мемлекеттiк баж
                 төлеуден босату

      1. Мыналар:
      1) жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген кезде;
      2) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      2. Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.

       545-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi
                 мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер
                 жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде:
      1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;
      3) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
      4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
       Ескерту. 545-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       546-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк
                 баж төлеуден босату

      Мыналар:
      1) тұрғылықты жерiн тiркеген кезде:
      қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;
      репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
      Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      2) аң аулау құқығына рұқсат беру немесе оны ұзартқан кезде - аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар;
      3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;
      4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;
      5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде:
      Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
      Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
      "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
      қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      7) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:
      Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
       Ескерту. 546-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

        547-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленедi.
      2. Мемлекеттiк баж:
      1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе сот бұйрығын шығару туралы өтiнiш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттарының көшiрмелерiн берген кезде;
      2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларын бергенi үшiн - жасалған нотариаттық iс-әрекеттi тiркеген кезде;
      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн - оларды берген кезде;
      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;
      5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      7) жүргiзушi куәлiктерiн, тракторшы-машинист куәлiктерiн, механикалық көлiк құралдарының және тіркемелерінің мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, механикалық көлік құралдарының және тіркемелерінің мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерін, мемлекеттiк тiркеу нөмiрінің белгілерін бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеу нөмiрінің белгілерін бергенге дейiн;
      8) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      10) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;
      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн;
      14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның инновациялық патенттер, патенттер, куәлiктер, сертификаттар беруге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және тiркеуге байланысты заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
      3. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жазылады.
      4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік баждың қолма-қол ақшамен қабылданған сомасын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

       548-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару

      1. Төленген мемлекеттiк баж сомасы:
      1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
      2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
      3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
      4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.
      2. Салық қызметі органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық қызметі органына мемлекеттiк баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк баж сомасын қайтару туралы салықтық өтiнiштi қарайды.
      3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық қызметі органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.
      4. Мемлекеттік мекеме үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық қызметі органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен сот органының шешімі қоса берілген салық төлеушінің немесе мемлекеттік мекеменің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.
      6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық қызметі органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.
      7. Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық қызметі органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

§ 2. Консулдық алым

       549-бап. Жалпы ережелер

      Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдiк заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем.

       550-бап. Консулдық алым төлеушiлер

      Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес шетелдiк заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық iс-әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

       551-бап. Алу объектілері

      Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
      2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
      3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;
      4) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
      5) шетелге тұрақты тұруға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерге ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) берілген балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;
      7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
      8) құжаттарды талап ету;
      9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;
      10) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
      11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;
      12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;
      13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;
      14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;
      15) кемені шетелден сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығына куәлік беру, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты декларациялар мен басқа да құжаттар толтыру және куәландыру;
      16) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

       552-бап. Консулдық алым ставкалары

      1. Консулдық алымдар ставкаларының ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді .
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде шетелдік мекемелер үшін нақты ставкалар мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

       553-бап. Консулдық алым төлеуден босату

      Консулдық алым:
      1) осы Кодекстің 542-546-баптарында көзделген жағдайларда;
      2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
      3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сауал салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшiн;
      4) мыналарға:
      Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік паспорттарының иелері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін;
      5) мыналарға:
      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқау жібергені үшін;
      инвесторлық визаларды пысықтағаны үшін;
      6) мыналарға:
      Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері – шетелдіктерге;
      16 жасқа дейінгі балаларға;
      Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;
      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;
      инвесторлық визаларды;
      қызметтік визаларды бергені үшін;
      7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;
      8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
      9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде анықтамалар бергені үшін;
      10) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;
      11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;
      12) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
      13) шетелде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға заңды маңызы бар анықтамалар бергені үшін алынбайды.

       554-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi

      1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
      3. Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
      4. Консулдық алым:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
      Қолма-қол ақшамен қабылданған консулдық алым сомасын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
      5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.
      6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.
      Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына айырбастайды.
      Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.
      Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге ай сайын келіп түсетін консулдық алымдар түсімі 1000 АҚШ долларынан кем болса, аудару тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электронды түрдегі төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
      7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ

20-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН
ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ

80-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       555-бап. Салық әкімшілігін жүргізу

      Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

       556-бап. Салықтық бақылау

      1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын салық қызметi органдары жүзеге асыратын бақылау.
      2. Салықтық бақылау:
      1) салық төлеушiлердi салық органдарында тiркеу;
      2) салықтық нысандарды қабылдау;
      3) камералдық бақылау;
      4) салық міндеттемесінің, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
      5) салықтық зерттеу;
      6) ірі салық төлеушiлерге мониторингi жасау;
      7) салықтық тексерулер;
      8) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
      9) акцизделетiн тауарларға бақылау;
      10) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
      11) мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртiбiнің сақталуына бақылау;
      12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
      3. Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиiсті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

       557-бап. Салық құпиясы

      1. Мына мәліметтерді:
      1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;
      2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;
      4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;
      5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;
      6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;
      7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
      8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:
      сәйкестендіру нөмірі;
      жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
      дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
      салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;
      қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;
      салық төлеушінің резиденттігі туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.
      3. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
      1) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сауал салу бойынша, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық   актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;
      2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;
      3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.
      Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді ;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
      5) қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органға береді.
      Қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдарды тізбесін бекітеді;
      6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;
      7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;
      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде береді.
      4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары салық құпиясын жария етпеуге тиіс.
      5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
      Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.
      6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

       558-бап. Салықтық зерттеу

      1. Салықтық зерттеу - тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің нақты бар болуын немесе жоқтығын растау үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін тапсыру үшін салық қызметі органдарының жүзеге асыратын іс-шарасы.
      Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін.
      2. Салықтық зерттеу жұмыс уақытында салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
      3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
      актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
      актіні жасаған салық қызметі органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      салық қызметі органының атауы;
      тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
      салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
      салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.
      4. Салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмау фактісі анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық қызметі органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.
      5. Осы баптың 4-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:
      1) салықтық тексеру актісін тапсыру мақсатында;
      2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша қолданылмайды.
      6. Салық қызметі органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық қызметі органына келу тәртібімен салық заңдарын орындамаудың себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.
      Аталған талап орындалмаған жағдайда немесе салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша, салық төлеушінің орналасқан жерінде жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы осы Кодексте белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.

       559-бап. Куәгерлердің қатысуы

      1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:
      1) салық қызметі органы лауазымды адамының салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмді , мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмді, мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн, салық тексеруін жүргiзу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актiсiн және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;
      3) нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін, салық салу объектiсi және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеу;
      4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзу;
      5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
      2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды адамы мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
      4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.
      5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.
      6. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:
      1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      2) салық қызметі органының атауы;
      3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;
      4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын кәуландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;
      5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;
      6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;
      7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.
      7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.
      8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.
      9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.

81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

       560-бап. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.
      2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
      3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:
      1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;
      2) салық төлеушіні:
      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде;
      қосылған құн салығы бойынша;
      электрондық салық төлеушi ретінде;
      қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеушi ретінде;
      салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.
      4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:
      1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді;
      2) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;
      3) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.
      5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.
      6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:
      1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
      2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
      7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
      1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;
      2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тұрғылықты немесе қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;
      3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;
      4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;
      5) резидент емес жеке тұлғаның болатын жері – резидент емес жеке тұлғаның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына резидент емес жеке тұлға мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.

§ 1. Салық төлеушi ретiнде тiркеу

       561-бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық
                 бөлімшесі туралы мәліметтерді салық
                 төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына
                 енгізу

      1. Салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.
      2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына мыналар туралы:
      1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;
      2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – орналасқан жері бойынша;
      3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға – тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;
      4) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес – осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша;
      5) Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша;
      6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгі – дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;
      7) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес – тәуелді агенттің тіркеу орны бойынша;
      8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер – резидент банктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.
      3. Салық қызметі органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік орган салық қызметі органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейін береді. Он алты жасқа толмаған тұлғаларда салық міндеттемесі туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер салық қызметі органдарына салық органының сұрау салуы бойынша беріледі.

       562-бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу
                 ерекшелігі

      1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
      1) құрылтай;
      2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
      3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      2. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес мүлік сатып алғанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
      1) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
      2) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
      3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      3. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент, мұндай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 191-бабы 13-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша салық органына мынадай:
      1) резидент еместің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың), бар болған жағдайда;
      2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
      3) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместi ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;
      4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын), резидент еместе бар болған жағдайда, көрсете, резидент еместі ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      4. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай резидент емес банк орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді.
      5. Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 191-бабының 13-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:
      1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
      2) ондай нөмір бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін немесе (оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын;
      3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      6. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент емес энергетиканы және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы туралы мәліметтері негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
      7. Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
      8. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарлама жібереді.
      9. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген резидент еместерге сәйкестендіру нөмірін бергені туралы электрондық хабарламаны әділет органдары салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.
      10. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген резидент еместерді салық төлеуші ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 561-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
      11. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған резидент еместің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша салық органында, резидент емес талап еткенге дейін сақталады.
      12. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар резидент еместерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы әділет органдарына сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 561-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

       563-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер
                 базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және
                 толықтыру

      1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне:
      1) жеке тұлғаның – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
      4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері өзгерген кезде осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің – осындай резидент туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      5) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгінің – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
      6) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын резидент еместің – тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;
      7) резидент банкте ағымдағы шоты бар резидент емес жеке және заңды тұлғаның – банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
      3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 581-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
      4. Жеке тұлға тұрғылықты (болу) жері өзгерген кезде жаңа тұрғылықты жері бойынша салық органына салық төлеушінің тұрғылықты (болу) жерінің өзгергенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін өз бетінше салықтық өтініш беруге құқылы.
      5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына - өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

       564-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік
                 деректер базасынан шығарып тастау

      1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде мынадай себептер бойынша:
      1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
      2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрғылықты тұратын жерге кетуі;
      3) заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастау немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
      4) резидент еместің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;
      5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;
      6) егер осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай резидент еместің жылжымайтын мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
      7) шетел мемлекетінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі қызметінің тоқтатылуы ;
      8) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы резидент еместің қызметін тоқтатуы;
      9) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент еместің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы бойынша шығарып тастайды.
      2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет органдарына:
      1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
      2) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент еместі – энергетика және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтерінің негізінде;
      3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
      4) Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген шетел мемлекетінің өкiлдiгін – сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген шетел мемлекеті өкiлдiгінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
      5) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген резидент еместі – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
      6) резидент банктерде ағымдағы шоттары бар резидент еместі – резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасының негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.
      3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген резидент еместер туралы мәліметтер көрсетілген электронды хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
      4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастауды сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемесі болмаған кезде жүргізеді.

§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебі

       565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде
                 тіркеу есебіне қою

      1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы
заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.
      2. Салық органдары қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында дара кәсіпкер ретінде жол берілмейтін жеке тұлғаны дара
кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізбейді.
      3. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде орналасқан жері бойынша жүргізеді.
      Жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою үшін
ұсынылған салықтық өтінішке түпнұсқаларын ұсына отырып, мынадай
құжаттардың:
      жеке басын куәландыратын құжаттың;
      жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның;
      жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері н растайтын
құжаттың көшірмелері қоса беріледі.
      Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері н растайтын құжат болып табылады.
      4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

       566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың
                 тіркеу деректерін өзгерту

      1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустің,
адвокаттың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат осы баптың
1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:
      1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте
көрсетілген тіркеу деректері;
      2) жеке нотариустың, адвокаттың орналасқан жері өзгерген
күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына тапсыруға міндетті.
      3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:
      1) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке
кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттарды;
      2) жекеше нотариус, адвокат – осы Кодекстің 565-бабы
3-тармағында белгіленген құжаттарды қоса береді.
      4. Салық органы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара
кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыра отырып
жүргізеді.
      5. Салық органы жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін
ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

       567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде
                 тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      3. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

       568-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
                 міндетті түрде қою

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.
      Мыналар:
      мемлекеттік мекемелер;
      осы Кодекстің 411 , 420 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.
      2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
      Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
      резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күнінен бастап;
      салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
      басқа салық төлеушілер – ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін салық төлеушінің айналымына осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:
      1) Қазақстан Республикасында тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бойынша айналым кіреді.
      Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.
      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін шаруа немесе фермер қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi айналымның мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне жататын қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмайды.
      4. Сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенімгерлік шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайларда сенімгер басқарушыны қосылған құн салығы бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 30 000 еселенген мөлшерін құрайды.
      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар, егер осы бапта өзгеше көзделмесе қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
      7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
      Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалану құқығын растайтын құжат салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
      Орналасқан жерді растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      8. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.
      9. Салық төлеушi осы баптың 8-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің 611-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

       569-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті
                 түрде қою

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, о сы Кодекстің 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
      дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
      мемлекеттік мекемелердің;
      Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;
      осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;
      резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.
      Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
      2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
      3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда:
      1) салық төлеушi осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;
      2) аталған салық төлеуші салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
      3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында белгiленген құжаттар тапсырылмаса, салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.
      4. Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушiге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
       Ескерту. 569-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       570-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою
                 туралы куәлiк

      1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушiге қолын қойдырып беріледі.
      Куәлiктi беру қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктi беру журналында тіркеледі.
      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк мынадай міндетті деректемелерді:
      1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      2) сәйкестендіру нөмірін;
      3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;
      4) салық органының қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiкке қол қойған күнімен оны беру күнінің сай келуін;
      5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.
      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
      4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк , салық төлеушi куәлiкті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиiс.
      5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiкті жоғалтқан (бүлдірген) жағдайда куәлiкті ауыстыру салық төлеушiнің салықтық өтініші негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығын төлеушiнің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген кезде куәлiкті ауыстыру осы Кодекстің 563 және 566-баптарында көзделген тәртіппен салық төлеушінің тіркеу деректері өзгерген кезде жүргізіледі.
      6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлiк берілген кезде бұрынғы куәлiктің бланкісі, салық төлеушi аталған куәлiкті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.

       571-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен
                 шығару

      1. Егер салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.
      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтiнiшке мынадай құжаттар:
      1) салық төлеушi куәлiкті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің түпнұсқасы;
      2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
      3. Салық органдары салық төлеушiні осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
      4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушiні хабардар етпестен мынадай:
      1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеген;
      2) салық органы осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеушiнің орналасқан жері бойынша нақты болмау фактісін растаған;
      3) сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған жағдайларда жүргізіледі.
      5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша:
      осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап;
      салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
      6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен:
      осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;
      осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін - қылмыстық іс-әрекет басталған күннен бастап шығарылды деп танылады.
      7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы
қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37 - 43-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;
      2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – қайта пайда болған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғаларды, қосылған заңды тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тастаған күннен бастап;
      3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiкті берген немесе ол жоғалған не бүлінген жағдайда қағазда жазылған түсініктеме табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.
      8. Қосылған құн салығын төлеушіні банкроттық себебі бойынша таратқан кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
      9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
      10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңге қосылған құн салығын төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.
      Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне дейін тоқтатыла тұрады.
      11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

       572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

      1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
      2. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш береді.
      Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш тапсыруы оның хабарламаларды кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін электронды байланыс желілері арқылы электронды құжат алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.
      3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініші қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгішті;
      2) электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді береді.
      4. Электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.

       573-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ауыстыру және жою

      1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге мынадай:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдаған;
      2) тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі аяқталған;
      3) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгіш жоғалған;
      4) кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгіш жұмыс істемейтін жағдайға дейін бүлінген жағдайларда құқылы.
      2. Салық органы электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе ауыстыруды электрондық цифрлық қол қоюдан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      3. Салық органы салық төлеушiнің салықтық өтінішінсіз салық төлеушіні мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны жояды.

§ 5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық
төлеушiні тіркеу есебі

       574-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық
                 төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою

      1. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтiң мынадай түрлерін:
      1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;
      2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
      3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiруді;
      4) алкоголь өнiмiн көтерме сатуды;
      5) темекi өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;
      6) лотереялар ұйымдастыруды, өткiзуді және лотерея билеттерiн сатуды;
      7) ойын бизнесiн;
      8) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушiлер жатады.
      2. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салық органдарында тiркеу болып табылады.
      3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
      4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:
      1) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметтi жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын жалдау шарты;
      2) осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.
      6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу карточкасын бере отырып, салық төлеушіні салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қояды.
       Тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкiсi.
      Берілген тiркеу карточкалары туралы мәліметтер тiркеу карточкаларын есепке алу журналында тіркеледі.
      Тiркеу карточкасы мен тiркеу карточкаларын есепке алу журналының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
      7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тiркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.
      8. Ойын мекемесінің (стационарлық орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.
      9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағы 1)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу карточкасы әрбір салық салу объектiсiне және (немесе) салық салуға байланысты объектiге бөлек беріледі.
      Осы баптың мақсаттары үшін салық салуға байланысты объект деп мұнай өнімдері базасы (ыдыс), автомобильге май құю станциясы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.
      10. Лотереялар ұйымдастыру, өткiзу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн күнтiзбелiк он күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.

       575-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық
                 төлеушiнің тіркеу деректерін өзгерту және
                 толықтыру

      1. Салық төлеуші тiркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген кезде, өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді тіркеу орны бойынша салық органына осы Кодекстің 574-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш беруге міндетті.
      2. Тiркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда оны ауыстыру салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді тіркеу орны бойынша салық органына табыс етілген осы Кодекстің 574-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
      3. Салық органы тiркеу карточкасын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтердің өзгеруі, жоғалуы (бүлінуі) себебі бойынша ауыстыруды салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

       576-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық
                 төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару

      1. Салық төлеуші осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында аталған салықтық өтініш негізінде ж екелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен :
      1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру тоқтатылған;
      2) тiркеу карточкасында көрсетілген барлық салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді есептен шығарған жағдайларда шығарылуға жатады .
      2. Салықтық өтініш қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді тіркеу орны бойынша салық органына тіркеу карточкасын қоса бере отырып, осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерiн жүзеге асыру тоқтатылған немесе тiркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің жалпы санын есепке алудан шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
      3. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығаруды мынадай жағдайларда:
      1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi лицензиясының қолданысы тоқтатылған;
      2) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу келісімінің қолданысы тоқтатылған;
      3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi акциз бойынша декларацияны, осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімінен кейін алты ай мерзім ішінде табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.
      4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiнi тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысанда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi тiркеу орны бойынша салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
      5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылуға тиіс.

§ 6. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға
байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебі

       577-бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық
                 салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері
                 бойынша тіркеу есебіне қою

      1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.
      2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.
      Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектiсінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.
      3. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлері бар заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер мұндай құқық туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтініш беруге міндетті.
      4. Салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектiсінің иелігін не оны пайдаланылуын растайтын және (немесе) салық салу объектiсін және (немесе) салық салуға байланысты объектіге билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
      5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

       578-бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық
                 салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері
                 бойынша тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:
      1) салық салу объектiлеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;
      2) салық салу объектiсін және (немесе) салық салуға байланысты объектiні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы – салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.
       2. Салық салу объектiсіне және (немесе) салық салуға байланысты объектiге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық салу объектiсіне және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
      3. Салық салу объектiсіне және (немесе) салық салуға байланысты объектiге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, объектіге құқығы тоқтаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша салық органына салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге міндетті.
      4. Салық салу объектiсін және (немесе) салық салуға байланысты объектiні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық салу объектiсіне және (немесе) салық салуға байланысты объектiге иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тоқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.
      5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектiсі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында
тұрған салық төлеуші

       579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

      1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
      2. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін күнтізбелік бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
      3. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларация немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
      5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.
      6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:
      1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;
      2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі .
      7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.
      Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

       580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші

      1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
      Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
      2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:
      1) Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелімнен шығарылған жағдайда - бизнес–сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда – қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне
алу кезінде банктердiң және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың
мiндеттерi

       581-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
                 түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін, сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің сақтандыру шоттары және (немесе) шет ел корреспонденттік банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, шетелдік және азаматтығы жоқ адамға, кәсіпкерлік, жеке нотариаттық, адвокаттық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды хабарлардың кепiлдік берiліп жеткiзiлуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс желісі арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, аталған шоттардың ашылғандығы туралы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
      Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс желілері арқылы аталған шоттардың ашылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
      2) резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін вексельдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірлерінің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелеріне және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепiлдік беріліп жеткiзiлуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс желілері арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
      Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс желілері арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
      5) заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді тануды тоқтату кезінде, бұл туралы уәкілетті орган белгілеген нысанда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мұндай тану тоқтатылған тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей хабардар етуге;
      6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жеткілікті ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық органдарының инкассалық өкімі де осы тәртіппен белгіленген мерзімдерде енгізілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын өндіріп алуды салық органдарынан нұсқау алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға міндетті.
      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
      7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың сомаларын:
      салық төлеушiнің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнi аударуға;
      банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
      8) нұсқамасы болған кезде тексерiлетiн:
      заңды тұлғаның;
      дара кәсiпкердiң – кәсіпкерлік қызметінде;
      адвокаттың – адвокаттық қызметінде;
      жекеше нотариустың – нотариаттық қызметінде пайдаланатын (пайдаланылған) банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, сондай-ақ осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдарының лауазымды тұлғасын жiберуге;
      9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушiнiң банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөнiндегi операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
      10) банк заңды тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылатын қарыз алушының берешегiн есептен шығарған кезде қарыз алушыда мiндеттемелерiн есептен шығарудан (соңғысында) кiрiс пайда болғаны туралы қарыз алушының - салық төлеушiнің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын отыз күн iшiнде хабардар етуге;
      11) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, осы Кодекстің 216-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;
      12) салық қызметі органының сауал салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін дара кәсіпкердің;
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша - нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін жекеше нотариустің;
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша - адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін адвокаттың;
      осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкердің;
      орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, оны табыс етпеген заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың;
      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің;
       заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
      жазаны өтеу орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті. V085502
      Осы тармақшада көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда беріледі.
      13) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарын:
      осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметі органдары осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушiнiң (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы инкассалық өкім немесе шешiм шығарған салық төлеушiге;
      ол туралы уәкілетті органның сайтында ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге ашудан бас тартуға міндетті.
      Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

       582-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық төлеушiні
                 тiркеудi және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге
                 асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

      Салық қызметi органдары салық төлеушінi тiркеу және тіркеу есебі кезiнде мынадай:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды, құрылымдық бөлімшелердің тіркеу есебіне алуды, оларды қайта тiркеудi, тiркеу есебiнен шығаруды жүзеге асыратын;
      2) статистика;
      3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын, оның ішінде:
      жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
      жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді;
      радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
      дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
      шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;
      бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыратын;
      4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн, оның ішінде:
      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға рұқсат;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;
      арнайы табиғат пайдалануға экологиялық рұқсат;
      орман пайдалануға арналған ағаш кесу билеттерi және орман билеттерi;
      сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастыруға рұқсат;
      радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
      т елевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруіне рұқсат;
      жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация жүйесінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысына құқық беретін;
      кеме жүзетін су жолдарын пайдалануға рұқсат беретін;
      5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;
      6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
      7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
      8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын;
      9) көлік және коммуникация;
      10) энергетика және минералды ресурстарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын;
      11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;
      12) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.

       583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың салық қызметi
                 органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның тіркелген, қайта тіркелген, таратылған, құрылымдық бөлімше есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, таратылғаны, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық қызметі органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге мiндеттi.
      2. Лицензияларды, куәлiктерді немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріліп алынатын) объектілер туралы мәлiметтердi осы Кодекстің 19-бөлімінде белгіленген тәртіп пен мерзімде және уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегі салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
      3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте, мерзімде және нысандар бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге мiндеттi.
      4. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар табыс етілетін мәлiметтерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.
      5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.
      6. Энергетиканы және минералдық ресурстарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган, акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын резидент емес туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органына табыс етуге мiндеттi.
      7. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
      8. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну салық қызметі органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара автоматтандырылған іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілім пайдаланыла отырып, электрондық түрде, уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электронды түрде ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсынуы талап етілмейді.

82-тарау. САЛЫҚ НЫСАНДАРЫН ҚАБЫЛДАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ

       584-бап. Салық нысандарын қабылдау

      1. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары салық қызметі органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етіледі.
      2. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын салық қызметі органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:
      1) келу тәртібінде - салық қызметі органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;
      2) хабарландыра отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы:
      салық есептілігі үшін – почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
      салықтық өтініш үшін – салық қызметі органдары алған күн;
      3) электронды түрде – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
      3. Почта немесе өзге байланыс ұйымдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымы қабылдаған уақыт пен күннің белгісі болған кезде, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.
      Салық қызметі органдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электронды байланыс арналары арқылы тапсырылған электронды түрдегі салық есептілігі мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.
      4. Салық қызметі органдары салық есептілігі электронды түрде табыс етілген кезде салық қызметі органдарының қабылдау жүйесі салық есептілігін қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге аталған жүйенің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      5. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары, егер:
      1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салық нысандарына сәйкес келмесе, немесе
      2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
      3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
      4) салық кезеңі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
      5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе
      6) салық есептілігіне қол қоюға және оны куәландыруға қатысты осы Кодекстің талаптары бұзылса, немесе
      7) уәкілетті орган белгілеген электрондық формат құрылымы бұзылса, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

       585-бап. Камералдық бақылау

      1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.
      Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      2. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған салық есептілігіндегі бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.

       586-бап. Камералдық бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімі

      1. Камералдық бақылау салық қызметі органдарындағы салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерімен, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі бойынша деректермен өзара салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.
      2. Камералдық бақылау осы Кодекстің 46-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қою мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

       587-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

      1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
      2. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін салық есептілігін ұсынады.
      Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Бұл ретте салық төлеуші салық қызметі органдарына осы тармақта көрсетілген түсініктемеге қоса салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
      3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.
      4. Осы Кодекстің 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда қорытынды жасайды.
      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

83-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ЖАРНАЛАРЫН АУДАРУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША
МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

       588-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады .
      2. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізуі:
      дербес шотты ашуды;
      кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсету ді;
      дербес шотты жабуды қамтиды.
      Дербес шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса
алғанда:
      салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде;
      салық органы - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша;
      уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.
      Осы тараудың мақсатына орай есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де кемітілген қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
      4. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса
алғанда, салық қызметі:
      салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;
      салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау
нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық
агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша салық қызметі органы есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.

       589-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын
                 ашу және жүргізу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.
      2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.
      Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
      3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.
      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету
күнін, іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс
жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке
жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.
      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетел валютасымен төлеуді ұсынған жағдайда, дербес шоттағы есеп мынадай тәртіппен:
      1) салық есептілігін ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, есептелген, кемітілген сома;
      2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сома ұлттық валютада жүргізіледі.
      Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы есептелген немесе кемітілген соманы салық есептілігі мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен дербес шотта туындаған айырма сомаға түзетуді жүргізеді. Түзету айырмасы төлем жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, айқындалады.

       590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті
                 төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен
                 әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген
                 сомаларын есепке алу

      Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарында есептелген, кемітілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.

       591-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                 төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен
                 әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған
                 сомаларын есепке алу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:
      1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;
      2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы:
      3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау
нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың
мақсатына орай осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома – есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.
      2. Есепке жазылған соманы есепке алу дербес шотта салықтық тексерудің аяқталған күні көрсетіле отырып және осы Кодекстің 93 және 94-баптарында белгіленген тәртіппен шағым беру мерзімдері ескеріле отырып жүргізіледі.
      3. Шағым жасалған жағдайда дербес шоттағы есептелген сома салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру күні мен деңгейі бойынша, сондай-ақ шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім ескеріле отырып көрсетіледі.
      4. Есепке жазылған сома салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында шағым беру және оны қарау үшін көзделген кезеңде және мерзімде оның орындалу мерзімдерінің тоқтатыла тұруы ескеріле отырып көрсетіледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мұндай есепке жазылған сомаға қолданылмайды.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) шағым беру мерзімі өткеннен кейін мұндай шағым бермеген жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұрын салық міндеттемесін орындау мерзімі тоқтатыла тұрып есептелген соманы қалпына келтіру бойынша есепке алу жазбасы жүргізіледі. Бұл ретте, есептелген соманы есепке алу дербес шоттың есеп-қисаптар сальдосында соманы көрсете отырып жүргізіледі.

       592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты
                 және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                 төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен
                 әлеуметтік аударымдарды есепке алу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының аударылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:
      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;
      2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
      3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
      4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
      5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.
      2. Осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен салықты төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде салық төлеушінің дербес шотындағы салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген салық сомасы оның орындалу кестесі ескеріле отырып көрсетіледі. Салық төлеу мерзімі өзгерген кезеңде салық органы салық төлеушіге өсімпұлды есептеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбайды.
      3. Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын осы Кодекстің 31-бабының 9-тармағына сәйкес шетел валютасында көрсету салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттары негізінде ұлттық валютада жүргізіледі.

       593-бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу

      1. Осы Кодекстің 610-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептелген өсімақылар сомасы ол есептелген кезең көрсетіле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсетіледі.
      2. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы негізінде жүргізіледі.
      3. Есептелген айыппұл сомалары салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұзушылық жіберілген тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша көрсетіледі.
      4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.
      5. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдарды салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына есепке алу осы Кодекстің 591-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

       594-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                 төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен
                 әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды
                 салыстырып тексеру жүргізу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.
      2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан мәліметтерді және салық төлеуші (салық агенті) туралы деректерді көрсете отырып, салыстырып тексеру актісін екі дана етіп жасайды.
      3. Салыстырып тексеру актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) және салық органының деректері бойынша алшақтық болмаған жағдайда, салыстырып тексеру актісіне салық органының есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамы және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Салыстырып тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, екінші данасы салық органында қалады.
      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтық болған жағдайда, алшақтықтың күні, сомасы және себебі көрсетіледі. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотының деректерін тиісті түзету арқылы туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
      5. Туындаған алшақтықтарды жою аяқталған соң салық органы қайтадан салыстырып тексеру актісін жасайды және осы бапта белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.

       595-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын
                 беру

      1. С алық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын б ір салық органынан басқа салық органына беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) мыналар:
      жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;
      мыналардың:
      дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың;
      резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;
      Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның;
      осы Кодекстің 191-бабының 8-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;
      осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің орналасқан жері өзгерген кезде
жүргізіледі .
      Осы тармақшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарын беру осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;
      2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде – уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;
      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тiркеуден
шығарған кезде – уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі.
      2. С алық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беруді осы баптың 1-тармағында көзделген дербес шотты беру үшін негіздер туындаған
күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      3. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоттарын құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына беру:
      1) біріккен, қосылған кезде - беру актісі негізінде;
      2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде - бөліну балансы негізінде жүргізіледі.
      Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотын беру салықтық тексеру аяқталған соң және салықтық тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.
      4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шотын беру тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
      5. Дербес шот, оны беретін салық органында - ағымдағы жылдың басынан басталатын кезең үшін оның жабылған күніне дейін, сондай-ақ алдыңғы бес жыл үшін беріледі.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.

       596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты
                 айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты орындау мүмкін емес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелсіз агент арқылы жүзеге асыратын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың дербес шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға тиіс.

       597-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын
                 жабу

      Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіппен:
      1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты – заңды тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмінен шығарған кезде немесе құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алып тастаған кезде жүргізіледі.
      Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;
      2) дара кәсіпкер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
      Мұндай дара кәсіпкердің дербес шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
      3) жекеше нотариус, адвокат – жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
      Жекеше нотариустың, адвокаттың дербес шотын жабу жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
      4) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын резидент еместің дербес шоты – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;
      5) жеке тұлғаның дербес шоты:
      салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
      Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;
      қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.
      Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.

       598-бап. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары
                 мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің
                 жоқ және (немесе) бар екендігі туралы
                 мәліметтерді ұсыну тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
      2. Салық органы салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді:
      1) резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің және тұрақты мекемесін таратуды, қызметін тоқтатуды, заңды тұлғаны бөлу арқылы қайта ұйымдастыруды, салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты көшіп кеткен кезде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – берешегі жоқ екендігі туралы анықтама);
      2) өзге жағдайларда, осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленгендерді қоспағанда, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және оны салық төлеушіге (салық агентіне) беру арқылы ұсынады.
      3. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебіне алынған орны бойынша ашқан дербес шоттарының деректерін ескере отырып:
      1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;
      2) құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шоты бойынша есеп-қисап сальдосы ескеріле отырып, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;
      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі үшін – құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша;
      4) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі үшін - резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;
      5) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша;
      6) жеке тұлға үшін – тұрғылықты немесе келген орны бойынша, салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жері бойынша берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама жасайды.
      4. Берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама анықтаманы жасаған салық органы басшысының не оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
      5. Салық органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы мынадай мерзімдерде:
      1) құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне, дара кәсіпкерге, жеке тұлғаға анықтама алу үшін салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға анықтама алу үшін салықтық өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.
      6. Салық төлеуші таратылған және қызметін тоқтатқан жағдайда салық органы берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы мынадай мерзімдерде:
      1) заңды тұлғаға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне және тұрақты мекемесіне – осы Кодекстің 37-бабының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органына тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне - осы Кодекстің 38-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органына ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
      7. Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда салық органы берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттарды салық органына ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
      8. Берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері салықтық өтініш беру күніне салық кезеңі үшін салық есептілігін табыс етпеген жағдайда берілмейді.

§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу
және қайтару

       599-бап. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл
                 сомаларын есепке жатқызу

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтың, төлемақының
және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық
төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті
төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен
қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін – есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.
      2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады.
      Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып табылады.
      3. Жер учаскелерін, жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені үшін төлемақы осы Кодекстің осы бабының және 600 , 602-баптарының мақсатындағы төлемақы болып табылады.
      4 . Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызуды салық төлеушінің артық төленген сома есептелген дербес шоты бойынша салық органы ұлттық валютада жүргізеді.
      5. Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомалары, осы баптың 13-16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмайды.
      6. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын салықтардың, төлемақылардың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу, салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.
      7. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оларды ұсынылғанға дейін осы салық бойынша артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.
      8. Салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:
      есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
      өтініш болмағанда жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
      9. Салық органы салықтың, төлемақының артық төленген сомасын есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі
бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген салықтың, төлемақының артық төленген сомасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда есепке жатқызу күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
      10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны есепке жатқызу жүргізілген есепке жатқызуға арналған салықтық өтініште көрсетілген күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
      11. Артық төленген салық, төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдарды;
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
      2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
      салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;
      салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімпұлды;
      салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;
      егер осы баптың 13, 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.
      12. Бюджетке артық төленген өсімпұлдардың сомасы мынадай тәртіппен:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересіні;
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлды өтеу есебіне;
      2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
      салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;
      салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімпұлды;
      салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;
      егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      13. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде артық төленген салық сомасы, төлемақысы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
      3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      14. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
      3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      15. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, төлемақы сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
      3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      16. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;
      3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

       600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының
                 есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін
                 есепке жатқызу

      Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, өсімпұлдың сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

       601-бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа
                 да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу,
                 қайтару

      1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
      1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қате сомалар бойынша салықтық өтініш);
      2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – банк өтініші) бойынша;
      3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.
      2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негізге сүйене отырып, қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
      3. Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық қызметі органына ұсынылады.
      4. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
      1) төлем құжатында:
      салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
      салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
      төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
      2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған;
      3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;
      4) ақша жіберуші - салық төлеуші осы салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.
      5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателерді растаған жағдайда осы салық органы:
      1) қате төленген сомаларды тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;
      2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.
      6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.
      7. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда осы салық органы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      8. Салық төлеуші (салық агенті) төлем құжаттарында сәйкестік нөмірін дұрыс көрсетпеген кезде салық органы салықтық өтініші негізінде қате сомалар бойынша салық төлеушіге қате төленген сомаларды оның төлем құжатында көрсетілген банктегі шотына қайтаруды жүргізеді.

       602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген
                 сомаларын қайтару

      1. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы баптағыдан өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
      2. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
      3. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      4. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 599 және 600-баптарында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
      5. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының қорытындысы негізінде салық берешегі болмаған кезде ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі. Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
      6. Салық төлеушінің, аталған тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      7. Салық органы салықтың, төлемақының артық төленген сомасын
қайтаруға арналған салықтық өтініш бойынша есепке қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл
қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда
қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
      8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны қайтару жүргізілген күні салық төлеушінің қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.

       603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының
                 есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару

      1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтару (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кетуі) осы бапта көзделген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығын қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша жүргізіледі.
      2. Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуі салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруға қорытынды жасау күніне және кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген, бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген декларацияда салық кезеңінің соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиіс
      3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
      4. Салық органы қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есебіне жазады. Мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап
қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.
      5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
       Ескерту. 603-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       604-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын
                 қайтару

      1. Осы Кодекстің ерекше бөлімімен көзделген негіздер бойынша:
      1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;
      2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке төленген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
      2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің 599-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына осы Кодекстің 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде оның банктік шотына жүргізеді.

       605-бап. Айыппұлдың төленген сомасын қайтару

      1. Айыппұлдың күшін жоюы немесе айыппұл сомасының өзгеруі салдарынан оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге берілген салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
      1) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;
      2) айыппұл төлеуді растайтын құжат;
      3) оның негізінде заңсыз айыппұл салынған соттың немесе жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл сомасын өзгерту туралы немесе әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы актісі;
      4) айыппұлдың заңсыз салынғанын растайтын өзге де құжаттар.
      2. Салық төлеуші айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті төлеу орны бойынша - салық органына айыппұл сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салу туралы қаулы бойынша бес жылдан кешіктірмей береді.
      3. Төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті табыс еткен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
      4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес айыппұл сомаларын есепке алу бойынша бюджет сыныптамасының кодына келіп түскен төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) айыппұл сомасын қайтаруға өтініш берген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
      1) осы соманың төленгенін растайтын құжат;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алуды жүзеге асыратын органның келіп түскен айыппұл сомасын қайтаруға өтініш шеңберінде тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісінің жоқтығын растайтын құжаты.

       606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
                 төленген сомасын қайтару

      Осы Кодекстің 601 - 602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.

84-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ЖАРНАЛАРЫН ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК
АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ
ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА

       607-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық қызметі органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
      2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге (салық агентіне) мынадай мерзiмдерде:
      1) осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      2) салықтық тексеру нәтижелері туралы – осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруi актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы – тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – осы Кодексте белгіленген оны тапсыру мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей;
      5) салық берешегін өтеу туралы – осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;
      6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептiлiгiнде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      8) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірмей;
      10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы – салық қызметі органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жіберіледі.
      3. Хабарламада:
      1) сәйкестендіру нөмірі;
      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;
      3) салық қызметі органының атауы;
      4) хабарлама күні;
      5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
      6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;
      7) хабарлама жіберу үшін негіз;
      8) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.

       608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

      1. Хабарлама салық төлеушiнің (салық агентінің) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
      Бұл ретте, төменде тізбеленген тәсілдердің біреуімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
      1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде - салық төлеушінің (салық агентінің) алғаны туралы почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының белгісі қойылған күннен бастап;
      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде салық қызметі органы жіберген күннен бастап бес жұмыс күні біткеннен кейін хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) берілді деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
      2. Салық органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелері салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
      3. Осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ
ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

       609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің
                 орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:
      1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; P090662
      4) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611 - 613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында
көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды.
      4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
      5. Cалық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.
      6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не салық берешектерін өтеу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттары жоқ немесе банк шотында және кассасында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.
      7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік
мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің
атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға
теңестіріледі .

       610-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
                 төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына
                 өсiмпұл

      1. Осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмiнде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.
      2. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсiмпұл сомасы есепке жазылып, төленедi.
      3. Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, мерзімі өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылады.
      4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.
      5. Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады.
      6. Сот шешімі қабылданған кезден бастап банкрот деп танылған не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданған салық төлеушiнің бересі сомасына осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсiмпұл есепке жазылады.
      7. Бересiнің жиналып қалуының бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есепке жазылмайды.
      8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.
      9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.
      10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
      11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.
      12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын аудару кезінде:
      1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;
      2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
      13. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599- бабының 8-тармағында белгіленген есепке жатқызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды .

       611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары
                 бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда:
      1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салық есептiлiгiн табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
      2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
      3) салық берешегiн өтемегенде – осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейiн;
      4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық қызметi органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      6) салық қызметі органдарының осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жасаған салықтық зерттеп-тексеру актісі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы фактісі анықталған жағдайда - анықтау күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
      2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
      1) салық төлеуші өз бетінше салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөнiндегi операциялардан;
      2) ақшаны:
      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға демалысқа шығу жәрдемақысын және еңбек ақысын төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
      салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енгізіледi.
      4. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмiн банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиiс.
      5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады.
       Ескерту. 611-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы
                 бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді. P090662
      Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.
      2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиiс.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

       613-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк
                 етуiн шектеу

      1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеуді жүргiзедi.
      Бұл ретте, мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасаған жағдайда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың шағым жасалған сомалары шегінде оның мүлкіне билiк етуiне шектеу жүргізеді. Мұндай шектеу салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараушы салық қызметі органы шешім шығарғанға дейін немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің күшін толық жоятын сот актісі заңды күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
      Мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.
      Салық төлеуші (салық агенті) мүлікке билiк етудi шектеу туралы шешімді алудан бас тартқан не оның лауазымды адамдары орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, шешім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу қажеттігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды бір мезгілде хабардар ете отырып, почта бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға мүмкін болатын мүлікке ғана қатысты жүргізіледі.
      Салық төлеушiнiң (салық агентінің) қаржы лизингiне не кепiлге берiлген (алынған) билiк етуi шектелген мүлкiн лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы аяқталғанға дейiн салық органының алып қоюына тыйым салынады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) салық органы мүлiкке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күшi жойылғанға дейiн шарттың талаптарын өзгертуіне (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуына, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруіне) тыйым салынады.
      3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған күнгі салық төлеушiнiң (салық агентінің) дербес шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.
      4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге (салық агентінің) мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершілік туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсi жасалады.
      Билiк етуі шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң (салық агентінің) бухгалтерлiк есепке алу деректерiнiң негiзiнде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетiле отырып жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн есепте белгіленген құн нарықтық құн болып табылады.
      Билiк етуі шектелген мүлiк тiзiмдемесi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.
      Мүлік тiзiмдемесінің актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi (салық агенті) мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшiрмелерiн танысу үшін табыс етуге мiндеттi. Мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.
      Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.
      Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен мүлік тізімдемесінің актісін салық органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.
      Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті.
      6. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.
      7. Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      8. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің күшін жояды.

86-тарау. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ

       614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

      1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады . Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.
      2. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты қолданылмайды.
      3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
      1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
      2) дебиторлар шоттарынан;
      3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
      4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомаларын төлемеген кезде осы бапта көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде хабарландырусыз қолданылады.
      5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешектерін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда салық органы салық берешегін өтеу үшін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.
      6. Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

       615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен
                 өндіріп алу

      1. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен
өндіріп алады .
      Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі , сақтандыру қызметі , зейнетақымен қамсыздандыру , секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
      Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.
      3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
      4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.
      5. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды.
      6. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) теңгемен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу салық төлеушiнiң (салық агентінің) шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде жүргізіледі.
      7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.
      8. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу шотына клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.
      9. Салық органы оған салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiм шығарған салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкiмдi орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкiмдi салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.

       616-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi
                 сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп
                 алу

      1. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
      2. Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi (салық агенті) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi.
      Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
      Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.
      3. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегiн өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуы туралы хабарлама жiбередi.
      Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
      Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.
      4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды.
      5. Салық төлеушi (салық агенті) салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды.
      6. Салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;
      2) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
      3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
      4) дебитордың салық төлеушiнің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;
      5) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
      6) салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.
      7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi дебитордың банк шоттарына шығарады.
      8. Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 615-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.

       617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі
                 шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі
                 есебіне өндіріп алу

      Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

       618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі
                 шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу
                 тәртібі

      Билік етуі шектелген мүлікті өткізуді жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      Билік етуі шектелген мүлікті өткізудің тәртібін жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

       619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық
                 төлеуші (салық агенті) акционерлiк қоғамның
                 жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

      Осы Кодекстiң 614-бабының 3-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
      Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

       620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану

      1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
      2. Банкрот деп танылған салық төлеушіні (салық агентін) тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

       621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің
                 (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат
                 құралдарында жариялау

      1. Салық қызметі органдары салық берешегі туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген:
      заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі;
      дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустар мен адвокаттардың - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
      2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.
       Ескерту. 621-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.

       622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып
                 табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық
                 берешегін өндіріп алу

      1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
      2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық iс жүргiзу органдары
жүргізеді .

87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ

       623-бап. Жалпы ережелер

      1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
      2. Мониторингке, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші жатады.
      Түзетуді есепке алмағандағы жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдындағы жылдың салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді .
      Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
      Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады
      4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
      5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

       624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен
                 мерзімі

      1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;
      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;
      3) бухгалтерлік баланс;
      4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;
      5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
      6) қаржылық-шаруашылық қызметiнің нәтижелері туралы есеп;
      7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.
      3. Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;
      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;
      3) бухгалтерлік баланс;
      4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      5) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.
      4. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) сақтандыру қызметі туралы есеп;
      2) бухгалтерлік баланс;
      3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
      5. Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) зейнетақы активтері бойынша есеп;
      2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;
      3) бухгалтерлік баланс;
      4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
      6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен   тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.
      Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.

88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

       625-бап. Жалпы ережелер

      1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық қызметі органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
      2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
      3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
      1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.
      4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
      1) салық тексерулерін жүргізу үшін;
      2) осы Кодекстің 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кеткен соманы қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқықты айқындау үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу мақсатында пайдаланылады.
      5. Тәуекелдерді бағалау уәкілетті орган бекітетін және құпия ақпарат болып табылатын тәуекел көрсеткіштерінің, тәуекелдерді айқындау критерийлерінің, салық төлеушілерді тәуекел санатына жатқызу өлшемдерінің негізінде жүзеге асырылады.
      6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

       626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау
                 және басқару жөніндегі іс-қимылдары

      Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
      Мұндай талдаудың нәтижелерін салық қызметінің органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.

89-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

       627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

      1. Салықтық тексеру – салық қызметі органдары:
      1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;
      2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттары, ақпараттары бар адамдарды;
      3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.
      2. Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:
      оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;
      салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді жүргізуі мүмкін.
      Мыналар:
      нұсқамада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары тексеру жүргізуге тартатын өзге де адамдар;
      рейдтік тексеру кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;
      салықтық тексерудің басқа түрлері кезінде – нұсқамада көрсетілген салық төлеуші салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
      Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық қызметі органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.
      Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық қызметі органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.
      Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
      3. Салықтық тексерулерді тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.
      4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) құжаттық тексеру;
      2) рейдтік тексеру;
      3) хронометраждық зерттеп-тексеру.
      5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.
      Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.
      Жүргізілуі осы Кодекстің 37 , 40 - 42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;
      2) тақырыптық тексеру - мыналар:
      салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;
      міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі;
      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ " Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы " және " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;
      трансферттік баға белгілеу;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
      соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
      сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;
      салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;
      халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;
      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
      резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;
      салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындамауы мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.
      Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді;
      3) қарсы тексеру - салық қызметі органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық қызметі органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты тақырыптық және кешенді тексеру жүргізеді.
      Қарсы тексеру кешенді, тақырыптық және қосымша тексерулерге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
      4) қосымша тексеру – салық қызметі органының шешімі негізінде мыналарды:
      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын;
      төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта
қарау туралы өтінішін қарайтын тексеру.
      Қосымша тексеру салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша шешім шығару үшін қажетті қосымша ақпарат алу мақсатында және төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау кезінде жүргізіледі.
      6. Рейдтік тексеру - салық қызметі органы аумақтың белгілі бір учаскесінде осындай аумақта кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына мынадай:
      1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
      2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
      3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
      4) салық органы шығарған касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін орындау мәселелері бойынша жүргізетін тексеру.
      Рейдтік тексерулер жүргізуге қатысу үшін қоғамдық бірлестіктердің (бизнес-қоғамдастықтардың) өкілдері осындай бірлестіктердің келісімі бойынша тартылуы мүмкін.
      Қоғамдық бірлестіктердің (бизнес-қоғамдастықтардың) өкілдері рейдтік тексеру жүргізу кезінде салық төлеушінің құқықтары сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Рейдтік тексеру актісінде қоғамдық бірлестіктер (бизнес-қоғамдастықтар) өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.
      7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.
      8. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.
      9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:
      1) жоспарлы тексеру – салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны салық қызметі органы тоқсан сайын бекітіп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;
      2) жоспардан тыс тексеру – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.
      10. Салық қызметі органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.
      Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшенің таратылуына байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату салықтық тексеруі жүргізілмейді.
      11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.
      12. Салық қызметі органдары камералдық тексерудің нәтижелері бойынша соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осындай операциялар және (немесе) мәміле (мәмілелер) жасалған салықтық кезең ішінде салық қызметі органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтар жойылғанға және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексерулер жүргізілмейді.
      Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеуші туралы ақпарат салық қызметі органы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі

       628-бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмдiлiгi

      Салықтық тексерулер мынадай мерзiмдiлiкпен:
      1) кешендi тексерулер - осы Кодекстің 630-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылына бiр реттен жиi емес;
      тақырыптық тексерулер – осы Кодекстің 630-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сол бір мәселе бойынша жылына бір реттен жиі емес;
      2) қарсы тексерулер – салық төлеушінің (салық агентінің)
жүргізілген операцияларды салық есебінде дұрыс көрсеткені туралы
қосымша ақпарат алу қажет болған кезде;
      3) рейдтік тексерулер – салық төлеуші табыс еткен салық есептілігіне, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтеріне, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерге талдау жүргізу нәтижелерінің алынуына қарай;
      4) хронометраждық зерттеп-тексерулер – салық төлеуші ұсынған салық есептілігіне, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтеріне, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерге талдау жүргізу нәтижелерінің алынуына қарай жүргiзiледi.

       629-бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi

      1. Нұсқамада көрсетiлетiн салықтық тексерулер жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін:
      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін:
      салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;
      жоғары тұрған салық қызметі органы - алпыс жұмыс күніне дейін;
      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:
      салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
      жоғары тұрған салық қызметі органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
      3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:
      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;
      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
      4. Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі салық төлеушіге (салық агентіне) салық қызметі органының мәліметтер мен құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтер мен құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық қызметі органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі шетел мемлекетіне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен салық қызметі органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.
      5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі:
      1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің ;
      2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкердің қызметінің, жекеше нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру;
      3) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды тұлғалардың тақырыптық тексерулерінің;
      4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулерінің салықтық тексеру мерзіміне кірмейді.
      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.
      6. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қарсы тексеруден басқа осы баптың 2-5-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, құжаттық тексеру жүргізу мерзімі:
      1) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін – алпыс жұмыс күнінен;
      2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден көп орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен;
      3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 273-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.
      8. Егер тексерілетін салық төлеуші демалыс және мереке күндері қызметін жүзеге асырса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде хронометражды зерттеп-тексерулер жүргізген кезде сол күндер қосылуы мүмкін. Хронометражды зерттеп-тексерулер тәулік мерзіміндегі уақытқа қарамастан салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

       630-бап. Кезектен тыс құжаттық тексерулерді жүргізудің
                 ерекшеліктері

      1. Кезектен тыс құжаттық тексерулер:
      1) бұрын тексерілген салық кезеңі үшін;
      2) осы Кодекстің 628-бабында белгіленген кезең аяқталғанға дейін салықтық тексеру жүргізу қажет болғанда жүзеге асырылады.
      2. Бұрын тексерілген кезеңді кезектен тыс құжаттық тексеру:
      1) кешенді салықтық тексеру жүргізілген жағдайда - екі реттен артық емес;
      2) тақырыптық салықтық тексеру жүргізілген жағдайда - белгілі бір салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің жекелеген түрі бойынша екі реттен артық емес жүргізілген жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағының және осы Кодекстің 628-бабының ережесі:
      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша салықтық тексеру жүргізген;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен;
      3) салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған;
      4) осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған;
      5) мыналарға:
      резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;
      резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;
      дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына;
      салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүргізілетін кешенді және (немесе) тақырыптық салықтық тексерулер жүргізілген;
      6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүзеге асырылатын кешенді және (немесе) тақырыптық салықтық тексерулер жүргізілген жағдайларда;
      7) тақырыптық тексерулерді:
      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау мәселесі бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша, сондай-ақ ол бойынша лицензиар лицензия қолданысын уақытша тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;
      осы Кодекстің 616-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері бойынша;
      резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;
      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын уақтылы аудармау, аудармау (есепке алмау) және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақша енгізу мәселелері бойынша;
      соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша;
      сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізген;
      8) қарсы тексерулер жүргізген жағдайларда;
      9) мыналарды:
      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын - осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;
      резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы жүгінісін қарау барысында жүргізілген қосымша салықтық тексерулер жүргізу кезінде қолданылмайды.
      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүргізілген салықтық тексерулерді қоспағанда, кезектен тыс құжаттық тексерулер, осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Салық төлеуші салықтық тексерудің нәтижелеріне және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне сотқа шағым жасаған жағдайда, алдын ала тексерілген кезең үшін шағым жасалған мәселе бойынша кезектен тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексеру соттың шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін жүргізілмейді.

       631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру

      1. Салық қызметі органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:
      резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына;
      резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;
      дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына;
      салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық салықтық тексеру жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жүргізілген салықтық тексеру туралы хабарламаны жібереді немесе тапсырады.
      2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.
      Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүргізіледі.
      4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.
      5. Салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы.
      Салық органы салықтық тексеруді жоғары тұрған салық қызметі органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге хабарламастан жүзеге асырады.

       632-бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз

      1. Салықтық тексеру жүргiзуге мынадай деректемелердi:
      1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
      2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
      3) салық төлеушiнің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
      4) сәйкестендіру нөмірін;
      5) тексеру түрiн;
      6) тексеретiн тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің атын (олар болған жағдайда);
      7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмдi;
      8) тексерiлетiн салық кезеңiн (құжаттық тексерулер кезiнде) қамтитын нұсқама негiз болып табылады.
      2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кезде нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      3. Құжаттық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру түріне қарай тексеруге жататын:
      1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi туралы;
      2) мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;
      3) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерінде белгiленген мiндеттердi орындауы;
      4) трансферттiк баға белгілеу;
      5) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiнің өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу;
      6) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
      7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке алмауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдамауы;
      8) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
      9) сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
      10) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерінің қолданылу заңдылығы;
      11) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
      12) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілерінің және сатып алушыларының арасындағы есеп айырысуларды растау мәселелері көрсетiледi.
      Кешенді тексеру жүргізген кезде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.
      4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, нұсқамаға салық қызметі органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
      Қарсы және рейдтік салықтық тексерулер жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруге нұсқамаға салық қызметі органының бiрiншi басшысының орынбасары қол қоюы мүмкін.
      5. Осы Кодекстің 629-бабында көзделген тексеру жүргізу мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар ауыстырылған және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледi.
      6. Рейдтік тексерулерді қоспағанда, бiр нұсқама негiзiнде бiр ғана салықтық тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
      7. Нұсқама мынадай:
      1) салық төлеушінің қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша қосылған құн салығы декларациясына, сондай-ақ сол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерулерді жүргізген;
      2) қарсы тексерулерді жүргізген;
      3) мыналарға:
      резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;
      резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;
      дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың қызметінің тоқтатылуына, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерулер жүргізген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексеру жүргізу басталғанға дейін салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметіне тексерулер тағайындау туралы актілердің статистикалық есебін жүргізу мен бақылау органында мемлекеттік тіркелуге жатады.

       633-бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы

      1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген күн салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
      2. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) өзінің қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
      3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушiнің (салық агентiнің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
      4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкеріне танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi тапсырылады. Түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкерінің нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны, күні және нұқсаманың көшірмесін алған уақыты туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.
      5. Салық төлеушi (салық агенті) салық қызметі органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық қызметі органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде:
      1) толтырылған орны мен күні;
      2) акт жасаған салық қызметі органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
      4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
      5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.
      6. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
      7. Салық төлеушінің салық қызметі органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартуы, салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.
      Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 636-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.
      8. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде аталған тексеруді салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша тоқтатуға жол берілмейді.

       634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің
                 ерекшеліктері

      1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.
      2. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық қызметі органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:
      1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық қызметі органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
      2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;
      3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.
      3. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық қызметі органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:
      1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;
      2) зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;
      3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;
      4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;
      5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;
      6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;
      7) зерттеп-тексеру нәтижелерін;
      8) басқа да деректерді қамтиды.
      4. Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
      5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық қызметі органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
      Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.
      6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.

       635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы
                 сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық
                 төлеушінің қосылған құн салығы бойынша
                 декларациясында көрсетілген талаптар негізінде
                 тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

      1. Қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық төлеушіге қатысты жүргізіледі.
      2. Тексерілетін салық кезеңіне асып кеткен соманы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық кезеңі, сондай-ақ осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын алдыңғы кезең де енгізіледі.
      3. Тауарлар экспорты жағдайында осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде уәкілетті орган кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіткен нысанда және тәртіппен табыс етілген кеден органының Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде тауарлар әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде тауарларды әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауаптылықта болады.
      4. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ашылған төлеушінің банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге жеткізілетін тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
      Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы жеткізген тауарлар бойынша импорттық кедендік жүк декларациясының болуы есепке алынады.
      Валюталық түсімнің түсуі туралы салық қызметі органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
      Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары салықтық тексеру басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сұрау салу жібереді.
      5. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексеру тағайындауы мүмкін. Егер тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілері қосылған құн салығы бойынша басқа салық органында тіркелу есебінде тұратын болса, тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді.
      6. Қосылған құн салығы сомаларын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – мониторингке жататын ірі салық төлеушісі арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы уәкілетті органнан осындай салық органы жіберген сұрау салуға алынған қосылған құн салығы сомаларын растау туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.
      Уәкілетті органға сұрау салу осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушіге – мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты жіберіледі.
      Сұрау салуда тексеру жүргізілетін салық төлеуші, тікелей өнім беруші – мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, олар жазып берген есеп фактурасының нөмірі, күні, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым сомасы, қосылған құн салығы сомасы болуға тиіс, сондай-ақ тексеру жүргізілетін кезең көрсетіледі.
      Уәкілетті орган қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы, соның ішінде сұрау салуда көрсетілмеген, тексеру жүргізілетін кезең ішінде тікелей өнім беруші – мониторингке жататын ірі салық төлеуші мен тексеру жүргізілетін салық төлеуші арасында жасалған операциялар туралы мәліметтерді ұсынады. Қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы мәліметтер уәкілетті органдағы мониторинг бойынша есептілік деректері негізінде ұсынылады.
      7. Өзіне қатысты тақырыптық тексеру жүргізілетін қосылған құн салығын төлеушінің мынадай өнім берушілері:
      1) электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін жеткізуді жүзеге асыратын ;
      2) жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, тауарларды жеткізген, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асырмайтын резидент емес өнім берушілер;
      3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер қарсы тексеруге жатпайды.
      8. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру тағайындау және (немесе) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде уәкілетті органға қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау туралы сұрау салуды жіберу туралы шешім мұндай жеткізушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызған қосылған құн салығының сомасы барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосылған құн салығын төлеуші  есепке жатқызған барлық қосылған құн салығының 80 процентін құрайтын қосылған құн салығын төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.
      Бұл ретте барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша есепке жатқызған қосылған құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы сомасы мен осы баптың 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген өнім берушілер жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығы сомасы алып тасталады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасының 80 процентін айқындау үшін өнім берушілер берген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы сомаларының кему тәртібінде қосылған құн салығын төлеуші өнім берушілерд ің тізбесі жасалады.
      Шот-фактуралары бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 процентін құрайтын осы тізбедегі алғашқы өнім берушілер қосылған құн салығын төлеушімен барлық өзара есеп айырысулар бойынша міндетті қарсы тексеруге жатады.
      9. С алықтық тексеру аяқталған күнде салық төлеушінің өнім берушімен өзара есеп айырысуының дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салулар бойынша жауаптар алынбаған және (немесе) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі қарсы тексерулер жүргізуге қарсы тексерулер жүргізу үшін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау туралы уәкілетті органға бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған сомалардың шегінде қосылған құн салығы бойынша қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте салықтық тексеру актісінде мұндай қосылған құн салығын қайтармаудың негізі көрсетіледі.
      10. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай:
      1) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісіне қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар салықтық тексеру аяқталған кезде алынған;
      2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі қарсы тексерулер жүргізуге бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған немесе бұрын жіберілген расталмаған сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын уәкілетті орган растаған жағдайларда жүргізіледі.
      Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа бір данасына белгі қоюға міндетті.
      11. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, есебіне жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің негізінде жүргізіледі.
      12. Сұрау салуларға жауаптар тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасынан ерте емес және жиырма бесінен кешіктірмей салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
      Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасы күнгі жағдай бойынша келіп түскен қарсы тексерулер жүргізуге арналған сұрау салуларға берілген жауаптардың нәтижелері бойынша жасалады.
      13. Тақырыптық тексеру актісі және тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларациядағы қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.
      14. Салық қызметі органы қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да осы баптың ережесі қолданылады.
       Ескерту. 635-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       636-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының
                 салықтық тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе
                 үй-жайға жiберiлуi

      1. Салық төлеушi (салық агенті) салық қызметi органдарының салықтық тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерiне және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерге зерттеп-тексеру үшін жiберуге мiндеттi.
      2. Салық қызметi органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кiруiне кедергі жасалған жағдайда, салықтық тексеру жүргізуге салық қызметi органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.
      3. Салықтық тексеру жүргізуге салық қызметi органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық қызметi органының лауазымды адамдарында олар болуға тиiс.
      5. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мынадай жағдайларда, егер:
      1) нұсқама белгiленген тәртiпте ресiмделмеген болса;
      2) нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;
      3) бұл тұлғалар нұсқамада көрсетiлмеген болса;
      4) салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін қажетті арнайы рұқсаты болмаса, салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар.

       637-бап. Салықтық тексерудi аяқтау

      1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық қызметi органының лауазымды адамы:
      1) салықтық тексеру жүргiзілген орынды, акт жасалған күнді;
      2) тексерудiң түрiн;
      3) салық қызметi органының салықтық тексеру жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын (ол болған жағдайда);
      4) салық қызметі органының атауын;
      5) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
      6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмiрiн;
      7) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) басшысының және салық есептiлiгi мен бухгалтерлiк есептiлiктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);
      8) алдыңғы жүргiзiлген құжаттық тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтерді (кешенді, тақырыптық және қосымша тексерулер жүргізген кезде);
      9) тексерiлетiн салық кезеңiн және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;
      10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;
      11) салықтық тексеру нәтижелерiн көрсете отырып, салықтық тексеру актiсiн жасайды.
      2. Салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру актiсi тапсырылған күн салықтық тексеру мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi. Егер салық төлеуші (салық агенті) оны алғаны туралы белгі қойса, акт тапсырылды деп есептеледі.
      Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні табыс ету мүмкін болмаған жағдайда салықтық зерттеп-тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы салықтық зерттеп-тексеру жүргізілген күн болып табылады.
      3. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актiсiне тиiстi жазба жасалады.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.
      5. Салықтық тексеру актiсiне осы Кодекстің 557-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық қызметi органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.
      6. Салықтық тексеру актiсi кемінде екi дана етiп жасалады және оған салықтық тексеру жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады.
      7. Егер тарату салықтық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.

       638-бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм

      1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық қызметi органы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстiң 607-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiберiледі.
      2. Осы баптың 7-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актiсiн тiркеудi бiр нөмiрмен жүзеге асырады.
      3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер болуға тиiс:
      1) хабарламаны және салықтық тексеру актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
      2) салық төлеушiнiң (салық агенті) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
      3) сәйкестендіру нөмiрi;
      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;
      5) кемітілген залал сомалары;
      6) қайтарылуға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы;
      7) резидент еместердің төлем көзінен, табыстарынан ұсталған, қайтарылуға расталмаған корпорациялық (жеке) табыс салығының сомасы;
      8) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
      9) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің және өсiмпұлдардың деректемелерi;
      10) шағым жасау мерзiмi мен орны.
      4. Салықтық тексеру қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жағдайда, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған салық төлеушіні салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлама осындай қылмыстық іс аяқталған соң шығарылады.
      5. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеушi (салық агенті), егер салықтық тексеру нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
      6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) төлеу кестесі қоса берілетін өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
      Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.
      Мынадай:
      салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;
      тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.
      7. Егер салықтық тексеру аяқталғанда Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
      8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруді аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.
      9. Егер, қосымша тексеруден басқа, кезектен тыс құжаттық тексеру жүргізген кезде салық қызметі органы салық төлеушінің сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік айыппұл санкциясы қолданылмайды.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзудың:
      1) салық төлеуші бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде;
      2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;
      3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық қызметі органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша;
      4) жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасылған операциялар бөлігінде, егер осындай салық төлеуші туралы ақпарат уәкілетті органның сайтында осындай операциялар жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін жарияланса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін;
      5) егер салық қызметі органы осындай мәміле (мәмілелер) туралы мәліметтерді осындай мәміле (мәмілелер) жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін алғаш рет алса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбеген дара кәсіпкер субъектісімен жасалған мәміле (мәмілелер) бөлігінде, айқындалған салық заңнамасын бұзушылықтарға қолданылмайды.

§ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға
байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау

       639-бап. Жалпы ережелер

      1. Есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметi органдары салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодекстің 639 - 642-баптарында белгіленген тәртіппен жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негiзiнде айқындайды.
      2. Осы Кодекстің 629-бабының 4-тармағына сәйкес салық қызметі органдарының талаптары негізінде сұрау салынатын салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) табыс етпеуі есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған деп түсініледі.
      3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есептік құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

       640-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер)
                 болмаған кездегі салықтық тексерулер

      Егер құжаттық салықтық тексеру барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін табыс етпеген болса, салық төлеушіге (салық агентіне) аталған құжаттарды табыс ету немесе қалпына келтіру туралы салық қызметі органының талабы, сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама міндетті түрде тапсырылады.
      Салық қызметі органының талабы салық төлеушіге (салық агентіне) талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
      Салық қызметі органының талабы бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген құжаттарды табыс етпеу себептерін жазбаша түсіндіруге міндетті.

       641-бап. Ақпарат көздері

      1. Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық қызметі органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай:
      1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақшасы және оның қозғалысы туралы көшірме жазбаларын;
      2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырып тексеруге жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы;
      4) салық төлеуші (салық агенті) тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы;
      5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған тұлғаларға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы;
      6) салық қызметі органдары салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын, тексеру жүргізілетін салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) зерттеп-тексеру және (немесе) түгендеу кезінде алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.
      2. Салық қызметі органдары:
      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
      2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;
      3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;
      4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жібереді.
      3. Қажетті ақпарат (құжатпен расталған) сондай-ақ мынадай көздерден:
      1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) орындаған қызмет көрсету туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнім құны мен саны туралы сатып алушылардан;
      2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізат, энергетика ресурстарын және қосалқы материалдар жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалардан алынуы мүмкін.
      4. Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агентінің) қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

       642-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық
                 салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

      1. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау осы Кодекстің 641-бабында белгіленген тәртіппен алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.
      2. Кіріс есептеу үшін салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпарат және салық төлеушінің (салық агентінің) ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.
      3. Осы Кодекстің 641-бабында айқындалған ұйымдар немесе жеке тұлғалар тексерілетін салық төлеушіде алынған (алынуға жататын) басқа табысы бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған табыстардың сомасы жалпы табыс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.
      4. Қазақстан Республикасының кеден органдары берген ақпарат негізінде салық төлеушінің экспорттық операциялары бойынша валюталық түсім сомаларының түсу фактісі анықталған жағдайда, валюталық түсімнің бұл сомасы өткізу бойынша айналым мөлшеріне және жиынтық табыс құрамына енгізіледі.
      5. Осы бапқа сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) бастапқы құжаттарымен расталмаған шығыстары корпорациялық табыс салығын есептеу үшін шегеруге және қосылған құн салығын есептеу үшін есепке жатқызылмайды.
      6. Акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын база осы Кодекстің 283-бабы 1 және 2-тармақтарының негізінде айқындалады.
      Бұл ретте өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі шикізаттың, энергетика ресурстары мен қосалқы материалдардың шығыстары мен ысыраптарының салалық нормаларына сәйкес айқындалады.
      7. Негізгі құралдардың, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер телімдерінің, материалдық емес активтердің, инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын растайтын құжаттар салық төлеушіде (салық агентінде) болмаған (жоғалған, бүлінген) жағдайда аталған мүліктің нарықтық құны осы салық төлеушінің жиынтық табысына қосылады.
      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген объектілердің нарықтық құны салық қызметі органдары тартқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушының есебі негізінде айқындалады.
      9. Жалақы төлемдерін төлеуге банк шотынан ақша алу және (немесе) жеке тұлғалардың банктік шотына банк шотынан ақша аудару фактілері анықталған кезде ақша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық салынатын салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесі банктің салық төлеушіге (салық агентіне) немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өкімін орындаған сәтте туындайды.
      10. Салық қызметі органдары жанама әдістер негізінде айқындаған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) салық декларацияларында (есеп-қисаптарда) көрсетілген тиісті деректермен және салық қызметі органдарына табыс етілген өзге де есеп-қисаптармен салыстырылады.
      11. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлім еткен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары жанама әдістерді қолдану негізінде айқындалған салықтардың сомаларынан көп болған жағдайда, тексеру кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінде көрсетілген салықтардың сомалары қабылданады.
      12. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлімдеген табыс сомасы басқа (қосымша) ақпарат көздерінен анықталған табыс сомасынан артық болған жағдайда, тексеру кезінде салық есептілігінде көрсетілген кіріс сомасы қабылданады.

       643-бап. Салық салу объектiлерiн жекелеген жағдайларда
                 айқындау

      1. Егер жеке тұлғаның салық декларациясында көрсеткен табыстары өзiнiң жеке тұтынуына, соның iшiнде мүлiк сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн болса, салық органдары өткен кезеңдердiң табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негiзiнде табысы мен салығын айқындайды.
      2. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына дау салған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиiс.
      3. Егер сот шешiмi бойынша табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерiлмей алынады.

90-тарау. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ

       644-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау-касса машиналары – тауарларды өткізу және (немесе) қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулары туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн фискалды модульдер, фискалды жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) компьютерлiк жүйелер;
      2) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) - уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;
      3) бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкасы - бақылау-касса машинасының салық органында тіркелуі (есептен шығарылуы) фактісін растайтын есепке алу құжаты;
      4) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталығы) – бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
      5) бақылау чегі – бақылау-касса машинасының сатушы (қызмет көрсетуші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты;
      6) қолма-қол ақша есебінің кітабы – ауысым сайын қолма-қол ақша айналымын, тауарлық чектерді, бақылау-касса машинасының фискалды жады көрсеткіштерін есепке алу журналы;
      7) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалы – қызмет көрсеткені үшін төлем ретінде қолма-қол ақшаны автоматты режимде қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
      8) салық органының пломбасы - бақылау-касса машинасының корпусын рұқсатсыз ашудан қорғау құралы;
      9) салық төлеушінің жауапты адамы – бақылау-касса машинасын пайдалана отырып сатып алушымен (клиентпен) есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған адам;
      10) сауда автоматы – автоматты режимде қолма-қол ақша арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
      11) тауарлық чек - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды растайтын бастапқы есепке алу құжаты;
      12) тауар чектерінің кітабы – кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;
      13) фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;
      14) фискалдық деректер - бақылау-касса машинасының фискалдық жадында тіркелетін ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;
      15) фискалдық есеп – белгілі бір кезең ішінде бақылау-касса машинасының фискалдық жадындағы көрсеткіштердің өзгеруі туралы есеп;
      16) фискалдық жады - ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
      17) фискалдық режим – ақпараттың фискалдық жадында түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі.

       645-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
      Осы тармақтың ережесi:
      1) жеке нотариаттық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын;
      2) дара кәсiпкерлердің (акцизделетiн тауарларды өткiзушiлерден басқа):
      қызметiн шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимi шеңберiнде патент негiзiнде жүзеге асыратындарының;
      қызметiн шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
      3) уәкілетті органның келісімі бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беру арқылы қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
      2. Жергілікті атқарушы органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың  20-сынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есепті табыс етеді.
      3. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.
      4. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:
      1) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметін бастағанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
      2) тауар немесе қызмет көрсету үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін (сауда автоматында пайдаланылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
      3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етiледi.

       646-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке
                 қою

      1. Бақылау-касса машинасын пайдаланатын жері бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
      Сауда автоматтарымен және қызмет көрсету терминалдарымен жарақтандырылған бақылау-касса машиналары салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органында есепке қойылуға тиіс.
      2. Салық органдары осы Кодекстің 645-бабының 1-тармағына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша талап қолданылмайтын салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарын есепке қоюды жүргізбейді.
      3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын есепке қою туралы өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының карточкасын бере отырып жүргізіледі.
      4. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
      2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
      3) дайындаушы зауыттың паспортын;
      4) нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен және (немесе) мөрiмен расталған қолма-қол ақша есебінің кiтабын және тауар чектерiнің кiтабын табыс етеді.
      5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
      2) компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;
      3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген компьютерлік жүйе моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
      6. Салық органының лауазымды адамы компьютерлік жүйелерді қоспағанда, бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде:
      1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
      2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген бақылау-касса машинасының нөмiрiмен салыстырады;
      3) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;
      4) бақылау-касса машинасы жұмысының фискалдық режимiн белгілейдi;
      5) бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;
      6) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді;
      7) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрiмен растайды;
      8) салық төлеушiге:
      фискалдық жұмыс режимi белгiленген және салық органының пломбасы орнатылған бақылау-касса машинасын;
      расталған қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы мен тауар чектерiнiң кiтабын;
      бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады.
      7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есепке қойған кезде салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады. Бұл ретте компьютерлік жүйеге фискалды режим белгілеу ақпаратты компьютерлік жүйенің фискалды деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуден криптографиялық тұрғыдан қорғайтын құралдардың белсенді жұмыс істеуін білдіреді.
      8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетіледі.
      9. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есеп-қисапты алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

       647-бап. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне
                 өзгерістер енгізу

      1. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде салық төлеуші бақылау-касса машинасы есепте тұрған салық органына бақылау-касса машинасының тіркелу деректеріне өзгерістер енгізу үшін өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш береді.
      2. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде салық төлеуші бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша салық органына:
      1) өзгерген мәліметтерді көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
      2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.
      3. Салық органының лауазымды адамы салық органында салықтық өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерген тіркеу деректерімен бірге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді және салық төлеушіге береді.

       648-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен
                 шығару

      1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:
      1) сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
      2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін;
      3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
      4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;
      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
      2. Компьютерлік жүйелерді қоспағанда, салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде:
      1) салық органы орнатқан пломбасы бар бақылау-касса машинасын;
      2) бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;
      3) нөмірленген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен расталған қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын;
      4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.
      3. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасын табыс етеді және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      4. Салық органының лауазымды адамы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті салық органында тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығарады, ол үшін:
      1) фискалдық есепті алады;
      2) камералдық бақылау жасайды және қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектерi кiтабының деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді;
      3) қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
      4) салық төлеушіге:
      бақылау-касса машинасын;
      қолма-қол ақша есебiнің кiтабы мен тауар чектерi кiтабын;
      бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
      5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде салық органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып тіркеу карточкасын қайтарады.

       649-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің
                 мазмұнына қойылатын талап

      1. Фискалдық есепті салық органдары:
      1) салықтық тексерулер жүргізген;
      2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;
      3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;
      4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу жүзеге асырылған;
      5) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толығымен толтырылған;
      6) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.
      2. Фискалдық есепті алу үшін салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:
      1) нөмірленген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен расталған қолма-қол ақша есебiнің және тауар чектерiнің кiтаптары;
      2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.
      Фискалдық есепті алу кезінде деректері салық органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілуге жататын фискалдық есепті алу актісі жасалады.
      3. Компьютерлік жүйелерді қоспағанда, бақылау-касса машинасының бақылау чегі мынадай ақпараттарды:
      1) салық төлеушінің атауын;
      2) сәйкестендіру нөмірін;
      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
      5) чектің реттік нөмірін;
      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;
      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;
      8) фискалдық белгіні қамтуға тиіс.
      Компьютерлік жүйелердің бақылау чегі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс.
      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының бақылау чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
      4. Бақылау чегі қосымша бақылау-касса машиналарын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, соның ішінде қосылған құн салығы сомасы туралы деректерді қамтуы мүмкін.

       650-бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану

      1. Салық төлеушiнiң жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:
      1) бақылау-касса машинасын пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес тауар, жұмыстар, қызметтер көрсету құнын енгiзу операциясын жүзеге асырады;
      2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауарлық чек толтырады және береді;
      3) қолма-қол ақша есебiнің кiтабын толтырады;
      4) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу (Z-есеп) жолымен "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды.
      Ауысымдық есептер, қолма-қол ақша есебі және тауарлық чектер кiтаптары, сондай-ақ олар бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген жою, қайтару чектері мен бақылау чектерін салық төлеуші оларға мөр қойылған немесе толық толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.
      Сауда автоматтарында пайдаланылатындарды қоспағанда, бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
      Сауда автоматтарымен жарақтандырылған бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңін салық төлеуші айқындайды, бұл ретте ол күнтізбелік бір айдан аспауға тиіс.
      2. Қате енгізілген соманы жою немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаларды қайтару операциялары бақылау чегінің түпнұсқасы және қолма-қол ақша есебі кiтабында жүргізілген жазба болған кезде бақылау-касса машинасының моделін жасаушының техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      3. Қолма-қол ақша есебi кітабының деректері тиісті күнге ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.
      4. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақша есебі кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысы жоқ қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуге тиіс.
      5. Салық органының пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеушi ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасы тіркеуге қойылған салық органына:
      1) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтініш;
      2) негізделген жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін көрсете отырып техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
      Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Салық органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын оны беру туралы шешім қабылдаған күні уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
      Салық органы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайда бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын беруден бас тартады.
      Техникалық ақау жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-касса машинасын салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      6. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда, егер:
      1) басып шығармаса, анық баспаса немесе осы Кодекстің 649-бабында айқындалған бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса;
      2) фискальдық жадының деректерiн алуға мүмкiндiк болмаса;
      3) салық органының пломбасы болмаса немесе бүлiнсе;
      4) дайындаушы зауыттың таңбасы жоқ болса техникалық ақаулы деп есептеледі.
      7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.
      8. Салық төлеушi қолма-қол ақша есебiнің кiтабы және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабы толық толтырылған жағдайда, не олар жоғалған (бүлінген) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша салық органына:
      1) салықтық өтінішті;
      2) нөмiрленген, тiгілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрiмен расталған жаңа қолма-қол ақша есебiнің кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын;
      3) осы Кодекстің 648-бабының 2-тармағында айқындалған құжаттарды табыс етеді.
      Қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толық толтырылған немесе жоғалған (бүлінген) жағдайда фискалдық есепті шығару үшін қосымша бақылау-касса машинасы беріледі.
      9. Салық органдары қолма-қол ақша есебiнің кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын ауыстыруды салықтық өтінішті салық органында тіркеген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

       651-бап. Мемлекеттік тізілім

      1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізеді.
      2. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау мүдделі тұлғаның салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
      3. Салықтық өтінішке бақылау-касса машинасы моделінің эталонды үлгісі және бақылау-касса машинасы моделінің техникалық, функционалдық және пайдаланылу сипаттамасын беретін мынадай материалдар:
      1) дайындаушы зауыттың паспорты;
      2) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы;
      3) фискалды және фискалсыз режимде бақылау-касса машинасымен дайынушы зауыт та, өтініш беруші де басып шығарған чектер мен есептердің үлгілері;
      4) қағаз және электронды жеткізгіштерде бақылау-касса машинасын пайдалану жөнiндегi нұсқаулық;
      5) фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін осы Кодекстің 649-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі салық органы лауазымды адамының іс-қимылын толық сипаттап көрсететін қағаз және электронды жеткізгіштердегі салық органының лауазымды адамына арналған нұсқаулық;
      6) дайындаушы зауыттың бақылау-касса машинасы моделін техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі;
      7) дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
      8) бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының нотариат куәландырған көшірмесі;
      9) бақылау-касса машинасы моделінің қағаз және электронды жеткізгіштердегі түрлі-түсті фотосуреті қоса ұсынылады.
      Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды жеткізгіште бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.
      Егер бақылау-касса машинасының моделі компьютерлік жүйе болып табылса, салықтық өтінішке ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы мен осы тармақтың 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Қорытындыны беру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      4. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу бір мезгілде мынадай шарттар:
      1) салықтық өтініш пен осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;
      2) бақылау-касса машинасы моделінің уәкілетті орган белгілеген техникалық талаптарға сәйкестігі сақталған кезде жүзеге асырылады.
      5. Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған тұлға өкілдерінің қатысуымен бақылау-касса машинасы моделінің үлгісін сынау (тестілеу) арқылы уәкілетті орган айқындайды. Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін уәкілетті орган өзге де мемлекеттік органдардан, басқа да тұлғалардан (бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған тұлғаларды және олармен байланысты тұлғаларды қоспағанда) сарапшылар тартуға құқылы.
      6. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
      7. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімнен шығаруды бақылау-касса машинасы моделі техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган жүргізеді. Салық органы бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімнен шығару туралы шешім қабылданғаны туралы бақылау-касса машинасының осы моделін қолданатын салық төлеушіге мемлекеттік тізілімнен шығарғанға дейінгі алты айлық кезеңнен кешіктірмей хабарлайды.

       652-бап. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің
                 сақталуын салықтық бақылау

      Салық органдары:
      1) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындауы жөнінде салықтық тексерулер жүргізу кезінде бақылау-касса машиналарының жадындағы фискалдық блоктарда сақталатын деректерді пайдаланады.

91-тарау. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ

       653-бап. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін
                 таңбалау нысанында акцизделетін тауарларды
                 бақылау және акциздік постылар белгілеу

      1. Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілердің, импорттаушылардың, банкрот мүлкін (активтерін) өткізуші конкурстық және оңалтушы басқарушылардың борышкердің мүлкін өткізген кезде осы бапта айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік постылар белгілеу арқылы акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.
      2. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкогольді өнім есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.
      3. Таңбалауды акцизделетін тауарлар өндірушілер мен импорттаушылар, конкурстық және оңалтушы басқарушылар борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде жүзеге асырады .
      4. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;
      2) Қазақстан Республикасы аумағына "бажсыз сауда дүкені", "кеден қоймасы" кедендік режимдерінде әкелінетін;
      3) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелу" және "тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкету" кедендік режимдерінде жекелеген даналары жарнама және (немесе) көрсету мақсатында әкелінетін;
      4) "тауарлар транзиті" кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткізілетін;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акциздік әкелу нормалары шегінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдары акциздік таңбалармен міндетті таңбалануға жатпайды.
      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау екі жылда бір реттен аспайтындай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.
      6. Осы тармаққа сәйкес:
      1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді ;
      2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін уәкілетті орган бекітеді .
      7. Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеушінің аумағында акциз постыларын орнатады.
      8. Уәкілетті орган акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді .
      9. Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.
      Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.
      10. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:
      1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;
      2) салық төлеушіде тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;
      3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;
      4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;
      5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;
      6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.
      11. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;
      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
      3) салық төлеушінің аумағынан шығып бара жатқан жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.
      12. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.

       654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

      Салық қызметі органдары мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.

       655-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға
                 жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау,
                 одан әрі пайдалану және өткізу тәртiбiнің
                 сақталуын бақылау

      1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .

       656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы
                 органдардың қызметін бақылау

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары, осы Кодекстің 89-тарауында белгіленген тәртіппен мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтардың және жер салығының, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметін бақылауды жүзеге асырады.
      Салық қызметі органдарының уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тексеруді тағайындау туралы шешімі уәкілетті органдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады, шешім мынадай деректемелерді:
      1) шешімнің салық қызметі органдарында тіркелген күні мен нөмірін;
      2) тексерілетін уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
      3) тексеру тағайындау негіздемесін;
      4) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);
      5) тексеру жүргізу мерзімін;
      6) тексерілетін кезеңді;
      7) басқа міндетті төлемнің түрін;
      8) шешімді алғаны және онымен танысқаны туралы уәкілетті мемлекеттік органның белгісін қамтиды.
      Аталған шешім тексеру басталғанға дейін тексеру тағайындау туралы актілерді статистикалық есепке алу және бақылау органында мемлекеттік тіркелуге тиіс.
      2. Тексеру тағайындау туралы шешімде көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкілетті мемлекеттік органдар тексеруге қатысушылар болып табылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық қызметі органдарына бақылау жасау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуына, салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп-тексеруге кіруіне жәрдем жасайды.
      Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруі басқа міндетті төлемнің бір түрі сияқты бірнеше түрі бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін.
      3. Тексеру жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы шешім тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеруді тағайындаған салық қызметі органы көрсетілген мерзімді елу жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
      4. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органының құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен уәкілетті мемлекеттік органның тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күні арасындағы, сондай-ақ салық қызметі органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      5. Тексеру мерзімін тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық қызметі органдары тексеру мерзімін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы уәкілетті мемлекеттік органды тоқтата тұру (қайта бастау) күндерін және тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
      6. Тексеру аяқталған кезде салық қызметі органының лауазымды адамы:
      1) тексеру жүзеге асырылған жерді, бақылау актісі жасалған күнді;
      2) салық қызметі органының атауын;
      3) тексеруді жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
      4) уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
      5) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
      6) олардың келісімімен және қатысуымен тексеру жүргізілген уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
      7) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
      8) жүргізілген тексеру нәтижелерін көрсете отырып бақылау актісін жасайды.
      7. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
      Салық қызметі органының уәкілетті мемлекеттік органға оның бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы қағаз жеткізгіште жіберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрі – талап) болып танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Талапта:
      уәкілетті органның толық атауы;
      сәйкестендіру нөмірі;
      талапты жіберу үшін негіз;
      талап жіберілген күн;
      уәкілетті орган бюджетке өндіріп алуға жататын сома көрсетіледі.
      Талап тексеру жүргізілетін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысына (бірінші басшының орнындағы адамға) бақылау актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке қолын қойғызып не талаптың жіберілгенін және оны алғанын растайтын өзге тәсілмен жіберілуге тиіс.
      Талапты уәкілетті мемлекеттік орган оны табыс еткен (алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
      8. Бақылаудың нәтижесі бойынша анықталған салық берешегі сомаларын өндіріп алуды басқа міндетті төлемдердің бюджетке есептелуінің, толық өндіріліп алуының және дер кезінде аударылуының дұрыстығы үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      9. Уәкілетті мемлекеттік органдар басқа міндетті төлемдердің бюджетке есептелуінің, толық өндіріліп алуының және дер кезінде аударылуының дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

92-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕК

       657-бап. Салық төлеушілерге көмек

      Салық қызметі органдары:
      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау;
      2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша электронды төлем құжатын түзе отырып, салық есептілігін электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру;
      3) салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың дайындығының жай-күйін қарауға оған қол жеткізу үшін терминалдар желісін құру және дамыту;
      4) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету;
      5) салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеу үшін орталықтардың желісін құру және дамыту;
      6) салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.

       658-бап. Салық заңнамасын насихаттау

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.
      2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.

       659-бап. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін
                 тегін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру

      1. Салық қызметі органы электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді салық төлеушіге (салық агентіне) тегін негізде береді.
      2. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олар салық органына келіп жүгінген кезде және (немесе) оны салық қызметі органдарының сайтында орналастыру арқылы электрондық ақпарат жеткізгіштерінде берілуі мүмкін.
      3. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім оған бағдарламалық қамтымды орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі.
      4. Бағдарламалық қамтамасыз етілім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің электрондық төлем құжатын қалыптастыру үшін мүмкіндік береді.

       660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының
                 жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар
                 желісін дамыту

      1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сұрау салынған құжаттың:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманың;
      2) салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазбаның дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуді ұсыну үшін терминалдар желісін дамытуды қамтамасыз етеді.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізу салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі.
      3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.

       661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен
                 есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы
                 мәліметтерді табыс ету

      Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.

       662-бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс
                 істеуге арналған орталықтар

      1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
      2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.
      3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі.
      4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді.

       663-бап. Салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін
                 қамтамасыз ету

      1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сайт арқылы ақпаратты тегін негізде алуына көмектеседі.
      2. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық қызметі органдарының сайттарында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.
      3. Салық қызметі органдарының сайттары тәулік бойына демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істейді.

       664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                 төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу,
                 міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін
                 банкоматтар желісі мен өзге де электрондық
                 құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық
                 көмектен басқа) көрсету

      1. Салық қызметі органдары мынадай операцияларды жасауға:
      1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды;
      2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;
      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық жерлерде орналастырылған және салық қызметі органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі.

       665-бап. Салық қызметі органдарының салық төлеушілерге
              (салық агенттеріне) олардың салықтық
              міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек
              туралы ақпаратты тарату тәртібі

      Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты:
      1) салық органдарының офистерінде;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.

21-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ

93-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

       666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға
                 салық төлеушiлердің (салық агенттерінің)
                 шағымдарын қарайтын органдар

      1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізедi.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті орган ның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

       667-бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру
                 тәртiбi

      1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
      Бұл ретте шағым көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Жоғары тұрған салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп ретінде таниды.
      Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
      4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар науқасынан жазылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
      5. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым берген салық төлеушi (салық агенті) осы шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн оны өзiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде керi қайтарып ала алады. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымды керi қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

       668-бап. Салық төлеушi (салық агенті) шағымының нысаны мен
                 мазмұны

      1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда берiледi.
      2. Шағымда:
      1) салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым берген күнi;
      2) шағым берiлетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;
      3) шағым беретін тұлғаның тегi, аты, әкесiнің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi);
      4) сәйкестендіру нөмiрi;
      5) салықтық тексеру жүргiзген салық органының атауы;
      6) шағым берушi тұлға өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
      7) қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
      3. Шағымда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
      4. Шағымға салық төлеушi (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
      5. Шағымға:
      1) акті мен хабарламаның көшірмелері;
      2) салық төлеушi (салық агенті) өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар;
      3) iске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

       669-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Жоғары тұрған салық қызметінің органы:
      1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;
      4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен немесе салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
      3. Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 667-бабы 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

       670-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына жіберілген
                 шағымды қарау тәртібі

      1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, осы баптың 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қосымша тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
      4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық қызметі органы мұндай құжаттардың дұрыстығын қосымша тексеру барысында анықтауға құқылы.
      6. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
      1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;
      2) осындай органдар мен заңды тұлғалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;
      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;
      4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық қызметі органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша түсініктеме сұратуға құқылы.
      7. Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

       671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

      1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) жiбередi немесе тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.
      2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметі органы мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
      2) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
      3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
      Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

       672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
      1) қосымша және қайта қосымша тексеру жүргізгенде – олар аяқталғанға дейін;
      2) мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.

       673-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органы шешiмiнің
                 нысаны мен мазмұны

      Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:
      1) шешiм қабылданған күн;
      2) салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымын қараған салық қызметі органының атауы;
      3) шағым берген салық төлеушiнiң (салық агентінің) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
      4) сәйкестендіру нөмірі;
      5) шағым жасалған салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
      6) шағымның мәнi;
      7) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде жоғары тұрған салық қызметі органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.

       674-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа
                 шағым берудің салдары

      1. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беруi салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым берілгенде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық қызметі органының жазбаша шешімі шыққанға дейін және осы Кодекстің 677-бабының 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
      Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым берген жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
      3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

       675-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

      1. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органының қосымша тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын нақты мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
      Бұл ретте қосымша тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді уәкілетті орган жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық қызметі органына тапсырылмауға тиіс.
      3. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру салық қызметі органы жоғары тұрған салық қызметі органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс .
      4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды қосымша тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық қызметі органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қосымша тексерудің және (немесе) қайта қосымша тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық қызметі органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.

94-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ (САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ) ШАҒЫМЫН
ҚАРАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЕШІМДІ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ

       676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын
                 қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта
                 қарауды жүзеге асыратын орган

      Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi орган жүргiзедi.

       677-бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi

      1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен бастап не осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң жоғары тұрған салық қызметі органының шешiмi болмаған кезде отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органына жіберуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында уәкілетті орган оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп деп таниды.
      Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
      4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған уәкілетті органның қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың науқасынан жазылған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
      5. Уәкiлеттi органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

       678-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен
                 мазмұны

      1. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгiленген талаптарға жауап беруге тиiс.
      2. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің (салық агентінің) шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

       679-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 677-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайта шағым беру құқығынан айырмайды.

       680-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағымды қарау
                 тәртiбi

      1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi органға жіберiлген шағымды уәкiлеттi орган - оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстiң 670-бабының 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiркелген күнiнен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды.
      2. Уәкілетті орган шағымды қарауды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 670-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
      3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

       681-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағым бойынша шешiм
                 шығару

      1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші салық төлеушiге (салық агентіне) жiбередi немесе тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.
      2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
      1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;
      3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.
      3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

       682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

      Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.

       683-бап. Уәкiлеттi орган шешiмiнің нысаны мен мазмұны

      Уәкілеттi органның шешiмiнде:
      1) шешiмнiң қабылданған күні;
      2) шағым берген салық төлеушiнiң (салық агентінің) тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
      3) сәйкестендіру нөмірі;
      4) жоғары тұрған салық қызметі органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
      5) шағымның мәнi;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.

       684-бап. Уәкiлеттi органға шағым берудiң салдары

      1. Уәкiлеттi органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.
      2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

       685-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Қосымша тексеруді тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Уәкілетті орган нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараған салық органына қосымша тексеру жүргізуді тапсырмауға тиіс.
      4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім қосымша тексеру және (немесе) қайта қосымша тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.

95-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ
ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

       686-бап. Шағым жасау құқығы

      Салық төлеушiнің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар.

       687-бап. Шағым жасау тәртiбi

      Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалады.

       688-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының
                 Қазақстан Республикасының салық заңнамасын
                 бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. НАЗАРБАЕВ