Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 125-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-баптың 1-тармағындағы «төрелік сот» деген сөздер «төрелік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      82-баптың екінші бөлігінің 1-1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) өз мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – төрешi немесе аралық судья;».
      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) мазмұнындағы 25 және 414-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуiне беру»;
      «414-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі»;
      2) 24-баптың алтыншы бөлігіндегі «шетелдік азаматтар» деген сөздер «шетелдіктер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуiне беру
      Соттың ведомстволық қарауына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау тараптардың келісуі бойынша төреліктің немесе аралық соттың қарауына, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес берiлуi мүмкiн.»;
      4) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сотта іс жүргізуге өкілеттіктер, қуыным арызға қол қоюды, медиация жүргізу туралы шарт жасасуды не iстi төрелікке немесе аралық сотқа беруді, қуыным талаптарынан толық немесе iшiнара бас тартуды және қуынымды мойындауды, қуыным нысанасын немесе негiзiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым жасауды, сот қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілге өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.»;
      5) 79-баптың екінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) өз мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – төрешi немесе аралық судья;»;
      6) 153-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «болса, бас тартады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.»;
      7) 154-баптың бірінші бөлігінде:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;»;
      8) 158-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іске қатысатын адамдардың, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша сот қуынымды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдана алады. Егер мұндай шараларды қолданбау соттың шешімін орындатуды қиындатса немесе мүмкін етпейтін болса, қуынымды қамтамасыз етуге істің кез келген кезеңінде жол беріледі.»;
      9) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «160-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды қарау
      Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарына хабарламастан, сотқа келіп түскен күні шешеді. Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды қарап, судья ұйғарым шығарады.»;
      10) 162-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iске қатысатын адамның, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы мәселені сот іске қатысатын адамдарға арызды қарау уақыты мен орны туралы хабарлай отырып шешеді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.»;
      11) 170-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшін төрелікке немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;»;
      12) 185-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «185-бап. Iске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
      Төрағалық етушi iске қатысатын адамдар мен өкiлдерге олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшiн төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну құқығын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi.»;
      13) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы
      Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң қуынушы өз талаптарын қолдайтыны-қолдамайтыны, жауапкер қуынушының талаптарын мойындайтыны-мойындамайтыны және тараптар iстi бiтiмгершiлiк келiсiммен аяқтауды немесе iстi төрелікке немесе аралық сотқа қарауға берудi не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны-қаламайтыны туралы мәселелердi анықтауынан басталады.»;
      14) 241-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер аралық соттың шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, аралық соттың шешiмi пайдасына шығарылған аралық сотта талқылау тарапы (өндiрiп алушы) аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен аралық сот дауды қараған жердегi не борышкердің тұрғылықты жеріндегі немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жердегі сотқа жүгiнуге құқылы.»;
      15) 247-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса;»;
      16) 248-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 247-бабының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген негіздерде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару туралы және қуынымды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралар күшінің жойылғандығы туралы көрсетеді.»;
      17) 249-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;
      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;»;
      18) 312-4-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналардың:
      қайта құрылымдау көзделетiн мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiнiң;
      қайта құрылымдауды жүргiзу туралы соттың шешiмi күшiне енгенге дейiн және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңiнде мәлiмделген, кредиторлардың алдында мiндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетiн қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;»;
      19) 312-6-баптың бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң тоқтатылуына әкеп соғады.»;
      20) 317-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «317-9-бап. Арыз беру
      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша бередi.»;
      21) 331-1 және 331-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «331-1-бап. Арыз беру
      1. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды аралық сотта талқылау тараптары, іске қатысуға тартылмаған, бiрақ құқықтары мен мiндеттерiне қатысты аралық сот заңда көзделген негiздер бойынша шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар аралық сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап отыз күн iшiнде бере алады.
      2. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арыз аралық сот дауды қараған жердегi сотқа беріледі.
      3. Егер шешімге шағым жасау үшін осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталса және осы Кодекске сәйкес оны қалпына келтіруге негіздер болмаса, судья арызды қайтарады.
      331-2-бап. Арызды қарау
      1. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде қарайды.
      Судьяның үшінші тұлға шағым берген кезде қосымша дәлелдемелер беру қажет болған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуға құқығы бар.
      2. Сот аралық сотта талқылау тараптарына, сондай-ақ үшінші тұлғалар аралық соттың шешіміне шағым берген жағдайда үшінші тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.
      3. Сот істі қараған кезде мәлімделген талаптар мен қарсылықтарға негіздеме ретінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу арқылы аралық сот шешімінің күшін жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздердің бар немесе жоқ екендігін анықтайды.
      4. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды қарау нәтижелерi бойынша аралық сот шешiмiнiң күшiн жою не арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.»;
      22) 413-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе даулы болып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқығы бар.»;
      23) 414-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «Шетелдік азаматтар», «белгіленеді» деген сөздер тиісінше «Шетелдіктер», «айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 417-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «қазақстандық азаматтардың шетелдік азаматтарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 425-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер төреліктің шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, төреліктің шешiмi пайдасына шығарылған төрелікте талқылау тарапы (өндiрiп алушы) төреліктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен төрелік дауды қараған жердегi не борышкердің тұрғылықты жеріндегі немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жердегі сотқа жүгiнуге құқылы.»;
      26) 426-бапта:
      2) тармақшадағы «қазақстандық және шетелдік азаматтар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «қазақстандық азаматтар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 426-1 және 426-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «426-1-бап. Өтінішхат беру
      1. Төрелік шешiмiнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелікте талқылау тараптары, іске қатысуға тартылмаған, бiрақ құқықтары мен мiндеттерiне қатысты төрелік шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар төрелiк шешiмнің көшірмесін алған күннен бастап үш ай iшiнде бере алады.
      2. Төреліктің шешiмiне шағым жасау туралы өтінішхат төрелік дауды қараған жердегi сотқа беріледі.
      3. Егер шешімге шағым жасау үшін осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталса және осы Кодекске сәйкес оны қалпына келтіруге негіздер болмаса, судья өтінішхатты қайтарады.
      426-2-бап. Өтінішхатты қарау
      1. Сот төреліктің шешiмiне шағым жасау туралы өтінішхатты осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде қарайды.
      Судьяның үшінші тұлға шағым берген кезде қосымша дәлелдемелер беру қажет болған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуға құқығы бар.
      2. Төрелікте талқылау тараптарының біреуінің өтінішхаты бойынша істі сот талқылауына дайындаған кезде судья дәлелдемелерді талап ету үшін осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша төреліктен не бірінші сатыдағы тиісті соттан іс материалдарын талап ете алады.
      3. Сот төрелікте талқылау тараптарына, сондай-ақ үшінші тұлғалар төреліктің шешіміне шағым берген жағдайда үшінші тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.
      4. Сот істі қараған кезде төрелік шешімінің күшін жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздердің бар немесе жоқ екендігін анықтайды.
      5. Сот төрелiктiң шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiшхатты қарау нәтижелерi бойынша төрелiк шешiмiнiң күшiн жою не өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.».
      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
      1) 534-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;»;
      2) 535-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) аралық сот шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердiң күшін жою туралы өтінішхаттардан Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы қуыным арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы қуыным арыз берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 пайыз;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарын беру туралы арыздардан – 500 пайыз;»;
      3) 548-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) іс төрелікке немесе аралық сотқа берілген;».
      5. «Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
      10-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «сотта, төрелік сотта» деген сөздер «медиация жүргізу кезінде, сотта, төрелікте немесе аралық сотта» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      59-3-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, қайта құрылымдау жоспарына енгізілген банк міндеттемелері орындалды деп есептеледі, соттардың, төреліктің және аралық соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.».
      7. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте, аралық сотта және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;».
      8. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 14, 93-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.»;
      2) 2-бапта:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аралық келiсiм – тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi;»;
      «3) аралық сотта талқылау – аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешім қабылдау процесi;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) аралық сотта талқылау тараптары – араларында аралық келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер;»;
      «5-1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздері;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) құзыреттi сот – тараптар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;»;
      3) 5-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Нақты дауды қарауға арналған аралық сотты тараптар өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және ол осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жанынан құрыла алмайды, сондай-ақ оларды табиғи монополиялар субъектілері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілер құра алмайды.»;
      4) 7-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақтағы «әрекетке қабілетсіз» деген сөздер «әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Аралық сот мүлiктiк қатынастарға байланысты емес, адамның өмiрі мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, атын алу құқығына байланысты жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.»;
      5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      «7-1-бап. Аралық келісім және құзыретті сотта даудың мәні бойынша қуыным беру
      1. Аралық сотта талқылау нысанасы бойынша қуыным берілген құзыретті сот, егер тараптардың кез келгені даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін беруден кешіктірмей бұл туралы өтініш білдірсе, егер аралық келісімді жарамсыз, күші жойылған немесе орындала алмайды деп таппаса, тараптарды аралық сотқа жіберуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қуынымды құзыретті сотқа беру, құзыретті сот аралық сотта талқылау нысанасының өзінде қаралуға жататындығы туралы мәселені қарағанша, басталуы немесе жалғастырылуы және аралық шешім шығарылуы мүмкін аралық сотта талқылауды шектемейді.»;
      6) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қажеттi бiлiмге ие, жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде екі жыл жұмыс өтілі бар, жиырма бес жасқа толған және аралық судьяның мiндеттерiн орындауға келiсiм берген, тараптардан тәуелсiз және iстiң нәтижесiне мүдделi емес жеке тұлға аралық судья болып сайлануы (тағайындалуы) мүмкiн.»;
      7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот қызметінің шарттары
      Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот өзінің аралық судьяларының тізілімін жүргізеді. Заңды мекенжайын және регламентін қоса алғанда, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот туралы ақпарат, сондай-ақ аралық судьялар тізілімі жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда да орналастырылады. Аралық соттың шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.
      Аралық судьялар тізілімі аралық судьяның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы мен жұмыс кезеңі көрсетіле отырып, жұмыс тәжірибесін, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын (болған кезде), қараған істерінің санын қамтуға тиіс.»;
      8) 44-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аралық сотта талқылау тараптары не құқықтары мен міндеттері қозғалған үшінші тұлғалар аралық сот шешiмiне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреттi сотқа шағым жасауы мүмкін.»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аралық сот шешімiне, егер аралық сот шешімінің күшін жою туралы арыз берген аралық сотта талқылау тарапы не құқықтары мен міндеттері қозғалған тұлға:».
      9. «Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат):
      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық төрелiк туралы»;
      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық төрелiктiң қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiк шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен шарттарын реттейдi.»;
      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Қолданылу аясы
      Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, халықаралық төрелiк шешетiн дауларға қатысты қолданылады.»;
      4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекiтiлген мемлекеттiк және қоғамдық құрылыстың негiздерi;
      2) құзыреттi сот – азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;
      3) төрелiк – нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;
      4) төрелiк келiсiм – тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды төрелiктiң қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi, бұл шартта төрелiк ескертпе түрiнде немесе субъектiлерді және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электрондық құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкiн;
      5) төрелiкте талқылау – төрелiк шешiм шығарумен дауды төрелiкте қарау процесi;
      6) төрелікте талқылау тараптары – араларында төрелік келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер;
      7) төрелiктiң регламентi – тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық төрелiк қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;
      8) төрелiк шешiм – төрелiк шығарған шешiм;
      9) төрешi – дауды төрелiкте шешу үшiн осы Заңға сәйкес тараптар сайлаған немесе тараптармен келiсiлген тәртiппен тағайындалған жеке тұлға;
      10) iскерлiк айналымының әдет-ғұрыптары – қандай да бiр құжатта тiркелгенiне-тіркелмегеніне қарамастан, қолданылатын құқыққа қайшы келмейтiн, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңiнен қолданылатын мiнез-құлық қағидалары.»;
      5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.»;
      6) 6-бапта:
      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тараптар төрелiк келiсiмдi қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық қатынас бойынша тараптар арасында туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.»;
      «4. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.»;
      7-тармақтағы «әрекетке қабілетсіз» деген сөздер «әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Төрелік мүліктік қатынастарға байланысты емес, адамның өмiрі мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, атын алу құқығына байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.»;
      7) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметінің шарттары
      Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өзінің төрешiлерiнiң тізілімін жүргізеді. Заңды мекенжайын және регламентін қоса алғанда, тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік туралы ақпарат, сондай-ақ төрешілердің тізілімі жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда да орналастырылады. Төреліктің шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.
      Төрешілердің тізілімі төрешінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы мен жұмыс кезеңі көрсетіле отырып, жұмыс тәжірибесін, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын (болған кезде), қараған істерінің санын қамтуға тиіс.»;
      8) 29-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «төрелiкте талқылау тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған;»;
      9) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Төрелікте талқылау тараптары не құқықтары мен міндеттері қозғалған үшінші тұлғалар төреліктің шешiмiне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреттi сотқа шағым жасауы мүмкін.».
      10. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар):
      27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Халықаралық төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы.».
      11. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;».
      12. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
      11-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) төрелiктiң немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар – үш жыл iшiнде;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) төрелiктiң немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды орындау кезiнде – шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.НАЗАРБАЕВ