Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 24.01.2014 № 56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныпталуы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. «Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалану кезінде жұмыстарды сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешенді салу комитеті төрағасының 2004 жылғы 14 маусымдағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                      Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация 
министрінің       
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 166 бұйрығымен бекітілді

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.
      2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.
      3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл экономикалық негiзделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзiрлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргiзудiң негiзiнде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының қажеттi техникалық деңгейiн және көлiктiк-пайдалану жай-күйiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтiн iс-шаралар кешенi;
      3) автомобиль жолдарының жай-күйiне мониторинг жүргiзу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуi нәтижесiнде мүмкiн болатын антропогендiк өзгерiстердiң жай-күйiн қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесi;
      4) автомобиль жолдарын маршрутты жөндеу тәсiлi - бұл көлiк қозғалысы үшiн қауiптi ақаулықтарды жою және ұзақтығы 500 метрге дейiнгi учаскелердегi жол жабынының тегiстiгiн қалпына келтiру жұмыстарын қоса алғанда, ағымдағы жөндеу есебiнен маршрут бойынша орындалатын жөндеу iс-шараларының кешенi;
      5) жол жамылғысы - бұл автокөлiк құралдарынан түсетiн салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретiн автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнiң шегiндегi көп қабатты құрылғы;
      6) жол жамылғысы қызметiнiң жөндеу аралық мерзiмi - бұл жол құрылысының көтеру қабiлеттiлiгiн (күшейту) арттырумен байланысты кезектi күрделi жөндеуге дейiнгi құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделi жөндеуден кейiн жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;
      7) жол жабыны қызметiнiң жөндеу аралық мерзiмi - бұл тозу қабатын қалпына келтiру және тегiстiлiк пен көлiк қозғалысының қарқындылығы бойынша қажеттi маңыздылығына дейiн ұқсас сапаларын орнына келтiрумен байланысты кезектi орташа жөндеу орындауға қажеттiлiк туындағанға дейiн құрылыс, қайта жаңарту, күрделi немесе орташа жөндеуден кейiн жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңi;
      8) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлiнетiн ресурстарды тиiмдi пайдалану кезiнде автомобиль жолдары мен жол құрылыстары желiсiнiң көлiктiк-пайдалану жай-күйiн сақтау және жақсарту бойынша аса тиiмдi ұзақ уақытты техникалық шешiмдердi және басқаратын ықпал етулер кешенi;
      9) жол жүру үшін төлем ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені – жол жүруге төлем ақы алу үшін арналған автомобиль жолдарының жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету және элементтер жиынтығы;
      10) зияткерлiк көлiк жүйесi (бұдан әрі – ЗКЖ) – ғаламдық қызметтер мен үдерiстерден, ақпараттың орталықтандырылған интеграцияланған массивтерiн қамтамасыз ететiн, интеграцияны қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгiзудi қамтамасыз ету мәлiметтерiн басқару, бiрыңғай бизнес-ережелер бойынша мәлiметтердi түзету және қол жеткiзу, шаруашылық-өндiрiстiк есептердi жүргiзу жүйесiн, өзiнiң iшкi сәулеттiлiгi, қызметтерi, үдерiстерi және жоғары санаттағы автомобиль жолдарында көлiк құралдарының қажеттi өткiзу қабiлеттiлiгiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мәлiметтерi бар жол қозғалысын басқару жүйесiнен тұратын интеграцияланған мәлiметтердi жинау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз ететiн, өз құрамында Жүйенi Басқару Орталығы бар автомобиль жолдарын әкiмшiлiк-шаруашылық басқару және жол қозғалыс тапсырмаларын қызметтiк және ақпараттық деңгейде шешетiн бірыңғай жүйеге біріктірілген қозғалысты басқару кешені;
      11) көлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізу үшін өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін жабдықтардың кешені.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4. Автомобиль жолдарының құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғаныс галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, мемлекеттік меншік болып табылатын желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, жол жүру үшін ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешен, ЗКЖ және автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету және белгіленген габарит шегінде олардың үстіндегі әуе кеңістігі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу іс-шараларының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.
      6. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде сыныпталатын жұмыс түрлері қолданыстағы жол саласының нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес орындалуда.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару

      7. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару өзіне келесі ұйымдық және реглементтік іс-шараларды енгізеді:
      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын диагностикалау және мониторинг жүргізу;
      2) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      3) көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;
      5) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру;
      6) технологияны жетілдіру және автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
      7) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, басқару, реттеу және бақылау;
      8) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына түсетін жер учаскелеріне құқық бекітетін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу.
      8. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын диагностикалау мен мониторинг жүргізу іс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлері кіреді:
      1) жолдар мен жол құрылыстарын оларды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру;
      2) жолдар мен жол құрылыстарының техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, жолдар мен жол құрылыстарын паспорттандыру;
      3) жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
      4) жолдар мен жол құрылыстарының техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау;
      5) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау.
      9. Жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау іс-шараларының құрамына мына жұмыстар кіреді:
      1) жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарын негіздеу арқылы көліктік-пайдалану жай-күйі туралы мәліметтердің ақпараттық банкін талдау;
      2) жолдар желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде жолдардың желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;
      3) жолдар желісін қажетті пайдалану үшін жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      4) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бағдарламаларын әзірлеу.
      10. Жолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді:
      1) автокөлік ағындары қозғалысының тәртібін оқып-білу, жолдарды белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру;
      2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғылысы қауіпсіздігінің талаптарын жақсарту ұсыныстарын дайындау;
      3) қозғалыс қауіпсіздігіне қарай аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
      4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын өндіруді келісу;
      5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар автомобиль жолдары мен құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық талаптарды әзірлеуді келісу;
      6) желілі жол қызметтерінің жұмыскерлерін жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үйретуді ұйымдастыру;
      7) жол бойындағы су көздерінде ауыз судың жай-күйіне санитарлық қадағалау жүргізуге келісім жасасу және олардың орындалуын бақылау;
      8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары, соның ішінде, шығарынды көздерінде және аспаптық өлшеу жолымен бақылау нүктелерінде (посттарда) шығарындылардың шекті рұқсат етілетін нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен келісім жасасу; міндетті экологиялық сақтандыру келісімдерін жасасу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларының жоспарын әзірлеу, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын әзірлеу, қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау, ауаға шекті рұқсат етілетін нормативтерінің жобаларын әзірлеу, қауіпті қалдықтардың төлқұжаттарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда жол саласы ұйымдарында, жол шаруашылығы объектілерінде және жол бойы инфрақұрылымдарында қоршаған ортаны қорғау және жай-күйін қадағалау мен жетілдіру.
      9) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен келісімдер жасасу, өртке қарсы сигнал берулерге, электрмен жарықтандыруға және т.б. жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
      10) жол бойындағы коммерциялық сервистерінің объектілерін орналастыруды келісу;
      11) автомобиль жолдары өтетін аумақтарда ауа-райы болжамы туралы жүйелі ақпаратты алуға гидрометқызметтері ұйымдарымен келісімдер жасасу;
      12) боран құбылыстарын қадағалау және қар өлшейтін постыларды өлшеу;
      11. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді:
      1) автомобиль жолдарын пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
      2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу;
      3) үлкен салмақты көліктердің жол жамылғысы мен жол құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ, жол жамылғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу.
      12. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және өзектендіру іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді:
      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық базаны және нормативтік-техникалық құжаттарды тексеру, жаңарту және жетілдіруді қоса алғанда стандарттаудың және оларды іске асырудың перспективалы және ағымдағы жоспарларын құру;
      2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналарға және құрал-жабдықтарға хронометражды жұмыстар жүргізу арқылы нормалар мен бағаларды әзірлеу;
      3) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау тәжірибесіне енгізу бойынша нұсқаулықтар мен қорытындыларды әзірлеу арқылы технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтар бойынша әлемдік тәжірибеге және ғылым мен техникаға қол жеткізуді оқып-білу;
      4) тәжірибелі-сараптамалық, тәжірибелі-құрастырмалы жұмыстар және жаңа материалдар, құрылғылар, технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтарды сүйемелдеу және енгізу бойынша ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
      5) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыс бағдарламалық өнімдерін жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау;
      6) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары;
      13. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді:
      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;
      2) жолдар мен жол құрылыстарын кезеңді есепке алу, есептілікті жасау;
      3) жолдарды күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;
      4) азаматтық қорғаныс объектілері мен мүліктерін және жұмылдыру резервтеріндегі қоймаларды сақтау мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
      5) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіріп отыру.

3.  Автомобиль жолдарын күтіп ұстау

      14. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады.
      Жолдар мен жол құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру күн сайын жүзеге асырылады.
      15. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.
      16. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.
      17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді.
      18. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың айтуымен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарын автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы,
      2) болған ЖКО туралы,
      3) тал және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы,
      4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы.
      19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын көктемгi, жазғы, күзгi кезеңдерде күтiп ұстау кезiнде келесi жұмыстар орындалады:
      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының жай-күйiне патрульдiк қадағалау;
      2) жер жамылғысы мен су өткiзу жүйесi бойынша:
      су өткiзгiш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқысты шығару арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
      жиектердегi, иiрiмдi учаскелердегi кептiргiш науаларды қазу және себу;
      жиектердi жоспарлау, шөптермен себу;
      шабу және шабылған шөптердi жинау;
      шабылған материалдарды жинау арқылы жер жамылғысының жиектерi мен шеттерiндегi бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетiн бұталарды тамырымен жұлу;
      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерiн жоспарлау;
      жеке учаскелерде 1 км-ге 100 метр шаршыға дейінгі көлемде көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бермді себу және жиектерді кесу және жоспарлау;»;
      3) бөлiнген белдеулер бойынша:
      су ағысын қамтамасыз ету үшiн бөлу жолағын жоспарлау;
      бөлу жолағындағы қоқысты жинау, оны тиеу және қоқыс төгiлетiн жерге шығару;
      шабылған материалдарды жинау арқылы жол қозғалысының қауiпсiздiгiне ықпал ететiн ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетiн бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
      бөлiнген белдеулердi шабу және шабылған шөптердi, қамыстарды және қурайларды жинау;
      4) күрделi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      жүру бөлiгiн тазалау және жуу;
      жарықшақтарды құю;
      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, алайда жөнделетін жол учаскесінің бір км 150 тонна асфальт-бетоннан аспайтын жиектерді тегістеу;
      жүру бөлігін белгілеу;
      цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
      ұзақтығы 500 метрге дейін маршрутты тәсілмен (иірімдерді жою, негіздеме мен төсемені жөндеу, шұңқырлы жөндеу, жарықшақтарды жабу, тегістеу қабатын төсеу, жиектерді бекіту, жамылғының үстіңгі қабатын өңдеу) авариялық-қауіпті учаскелерді жөндеу;
      5) жетiлдiрiлген жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      тұтқыр материалдарының аздығы бар учаскелердi күтiп ұстау;
      жарықшақтарды құю;
      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, алайда жөнделетін жол учаскесінің бір км 150 тонна қоспадан аспайтын жиектерді тегістеу;
      жүру бөлігін белгілеу;
      6) өтпелi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      төсемдi балшықтан тазалау;
      төсемдi сумен шаңсыздандыру;
      1 км–ге 100 текше метрге дейiн материалдар қосу арқылы төсемдi кескiндеу және нығыздау;
      төсемдерге тас үгiндiлерi мен илендiлердi үю, катундарды жинау.
      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемi бар жүру бөлiгi бойынша:
      пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегiссiздiктердi жою үшiн төсемдi кескiндеу;
      iрi тегiссiздiктер пайда болғанға дейiн жүргiзiлетiн тегiстеу-профилактикалық iс-шаралары;
      жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
      автомобиль жолдарының кепкен учаскелерiн күтiп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемi мен жол жамылғысының үстiнен су өтуiн қамтамасыз ету;
      8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектiлерi бойынша:
      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
      жетiспейтiн белгiлердi, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгiлерi мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерiн қалпына келтiру;
      сәулет безендiрулерi мен абаттандыру элементтерiнiң жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
      автопавильондар, күркелер, жол белгiлерi, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерiн сырлау және ақтау, тiк және көлденең белгiлердi түсiру;
      күркелер, орындықтарды орнату және жөндеу;
      жаңа материалдар қолданбастан өтпелi, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдерi бар жол бойындағы сервис объектiлерiнiң мемлекеттiк меншiктегi демалыс алаңдары мен кiреберiс жолдарын кескiндеу;
      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгiлердi, қалқандарды үнемi тексеру, бекiткiштерiн тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелердi, автопавильондарды кезеңдi тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтiп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
      жүру бөлiгiн және жиектердi бөтен, жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн заттардан тазалау;
      жолдардың, көпірлердің, көпірөткелдердің, үңгіжолдың, көлік айрықтарын, сал өткелдер мен басқа жол құрылғыларын, электржарықтандыру желісін, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді,трансформаторларды және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру, радио байланысын, жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін, ЗКЖ және басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырылған басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;
      қозғалысты, байланыс және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу, паспорттағы деректердің талаптарына сәйкес жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін, ЗКЖ, соның ішінде жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, паспорт деректерінің талаптарына сәйкес ОБП серверлік, желілік және бейне жабдықтары;
      оның кепілдік қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін, ЗКЖ жабдықтарының шығындалған және тозып қалған бөліктерін, бөлшектерін, элементтерін және тораптарын ауыстыру;
      жол желiлiк телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтiру;
      кабель желілерін, жол жүруге ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ басқарудың техникалық кешендерін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;
      9) жасанды құрылыстар бойынша:
      тапсырыс берушiнiң нұсқамасы бойынша жол қауiпсiздiгiн негiзге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету;
      сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергiлiктi қалпына келтiру;
      жүру бөлiгiнiң жиектас қоршауларына белгi қою;
      автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң маңдай алды арқалықтарының астына тiк белгiлер қою;
      автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң тiректерiне тiк белгiлер қою;
      жинау техникасы өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн балшық пен бөтен заттардан тазалау;
      қар тазалайтын техника өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн қар мен мұздан тазалау;
      су қайтаратын түтiктердi балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
      сорғылардан болған деформациялық жiктерiнiң су қайтаратын науаларын тазалау;
      қабаттарды ашық типтi деформациялық жiктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
      ашық типтi деформациялық жiктердiң күрделi құрылыстарының механизмдерiн тазалау және майлау;
      жаяу жүргiншiлер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
      суды жiберуге арналған жаяу жүргiншiлер жолдары шығырларындағы терезелердi тазарту;
      көпiрдiң жаяу жүргiншiлер жолы мен жүру бөлiгiнiң арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты бiлеуiнiң астындағы кеңiстiктi балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
      сүйенiш, тосқауыл қоршауларын, жол белгiлерiн кiр мен қардан тазалау;
      арқалықтардың үстiн кiрден, жағылған топырақтан, өсiмдiктерден тазалау;
      арқалықтардың тiрек тораптарын жуу;
      тiрек бөлiктерiн қардан, кiрден тазалау;
      тiрек бөлiктерiнiң жұмыс iстейтiн үстiне графиттi құрылыстарды жағу;
      темiр тiрек бөлiктерi бекiткiштерiнiң бұрандамаларын тарту;
      тiректердiң бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кiрден, қар мен мұздан тазалау;
      конустар мен еңiс бекiнiстерiн кiрден, шөптен және талдардан тазалау;
      тiректердегi мұзды уату және мұзды кесу;
      сең жүру және тасқын суларды өткiзудi ұйымдастыру;
      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
      көпiр құрылыстарын ағымдағы және кезеңдi тексеру;
      көпiр аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегi, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсiмдiктердi жою және ағаштарды шабу, көпiр астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
      темiр-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
      шағын көпiрлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
      сел жүрудi, тасқын суларды жiберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерiнен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
      паромдық жолдарды, реттелетiн су өткiзгiш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтiп ұстау және қызмет көрсету, навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпiр алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетiн құралдарды күтiп ұстау және «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негiзiнде автомобиль жолдарының көпiр құрылыстарына кiреберiстердегi түбiн тереңдету және түбiн тазарту жұмыстарын жүргiзу;
      10) ғимараттар, өндiрiс базалары, жол зертханалары және пайдалану қызметiнiң аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:
      жаңа материалдарды қоспастан ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемi бар жол-жөндеу қызметтерiнiң ғимараттарына мемлекеттiк меншiкте тұрған кiреберiс жолдардың көлденеңiн дұрыс түсiру;
      ғимараттарды, өндiрiс базаларын, жол зертханаларын, аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды жүйелi түрде күтiп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтiндiктерiн тазалау, су өткiзу және канализациялық құрылғыларды тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметi ғимараттарының аулаларын, үй-жайларын және кiреберiс жолдарын тазалықта және ретке келтiрiп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметiн, диспетчерлiк қызметтi күтiп ұстау, аумақты жарықтандыру, сугазжылуэлектржабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйiнде күтiп ұстау;
      шыныларды ауыстыру, жеке элементтерiн жартылай ауыстыру арқылы су құбырын және канализациялық желiнi, байланыс желiсiн жөндеу, жылумен қамтамасыз ету, желдетпе, жарықтандыру жүйелерiн және электр жабдықтарын жөндеу;
      11) қысқы күтiп ұстау жұмыстарына жататындары:
      көк тайғаққа қарсы материалдарды әзiрлеу;
      көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кiшкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзiрлеу;
      қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерiн және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
      жолдарды патрулдiк қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлiгiн қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңiстерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;
      жол белгiлерi мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
      жүру бөлiгiн фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және оларды кейiннен жүру бөлiгiнен қажеттi уақыттан кейiн тазалау;
      автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметi объектiлерiн қар мен мұздан жүйелi түрде тазалау;
      қар тоқтату үшiн автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;
      қар көшкiнiне қарсы iс-шараларды жүргiзу;
      мұз басумен күрес;
      жол техникасының тұрақтары мен жылыту пункттерiн жылумен қамтамасыз ету;
      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететiн жол белгiлерiн орнату;
      демалыс және мереке күндерi ауыр ауа-райы жағдайларында жол техникасын, механизаторларды тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      20. Автомобиль жолдарын көгалдандыру қарлы және құмды борасындардан, мүжілуден қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру өндірістік базалардағы орман ағаштарын, жасыл өсімдіктерді, көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.
      21. Ағаш отырғызуды күтуге келесі жұмыстар жатады:
      жер қыртысын күту (трактормен культиваторлау, қатарлардағы жер қыртысын қопсыту, арам шөптермен химиялық күрес);
      орман жолақтарын жырту;
      шабу;
      жол бойындағы өсімдіктердегі зиянкестермен және аурулармен күресу;
      өндірістік базаларда жаңа өсімдіктер отырғызу, қазіргі жасыл өсімдіктерді суару және күту.
      22. Ағаш отырғызу, қалпына келтіру және сәнді безендіруге келесі жұмыстар жатады:
      ағаш отырғызуға жер қыртысын дайындау, сәнді безендіру және көшеттерді өсіру;
      орман алқаптарын салу және соның ішінде өндіріс базаларын сәнді безендіру;
      орман алқаптарын толықтыру мен салу және сәнді безендіру;
      құдықтарды, ұңғымаларды, суаратын су құбырларын және құрғату орларын салу.
      23. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын және сәнді өсімдіктерді күтуге келесі жұмыстар жатады:
      жер қыртысын дайындау;
      көшеттерді өсіру;
      отырғызу, суару және отау;
      арам шөптерді жинау;
      күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.
      24. Өзге жұмыстарға жататындары:
      жолдар мен жол құрылыстарын күзеттік және өрт күзеті;
      жолдардың жай-күйін және жол жүруді анықтау мақсатында жолдарды патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жүру бөлігі мен жиектерден жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөтен заттарды жинау), жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
      жол бойы жолақтарында уақытша тыйым салынған өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес.

4. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын ағымдағы жөндеу

      25. Ағымдағы жөндеу жолдар мен жол құрылыстарын бұзылулардан алдын алу және түзету жұмыстарын орындауды көздейді. Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.
      26. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын ағымдағы жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:
      жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
      жеке учаскелердегі 1 километрде көлемі 100 текше метрге дейін көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді себу, кесу және жоспарлау;
      материалдарды қосу арқылы себу бермдерін жоспарлау;
      2) жол төсемесі бойынша:
      жарықшақтарды, шұңқырларды бітеу, сораптарды жою, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді жою, жиектерді тегістеу, жолдың жөнделетін учаскесіндегі бір км 150 тоннадан жоғары, 400 тоннадан кем емес төсемнің барлық типтерінде жеке жиектастарды алмастыру;
      иiрiм учаскелердi, отырыңқы жерлердi, сораптарды және шұңқырларды жою жұмыстарын жоспарлау кезiнде жұмыстар көлемi автокөлiктiң қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi санында жолдарды көктемгi және күзгi тексеру нәтижелерiнiң мәлiметтерiне сәйкес қабылданады;
      соның iшiнде монолиттi цемент-бетон төсемдерi бойынша:
      сегменттердiң тозған бетiн қалпына келтiру, цемент-бетон төсемдерi тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерiн беттiк бұзылулардан қорғау;
      соның iшiнде жиналмалы темiр-бетон төсемдерi бойынша:
      темiр-бетон төсемдерiндегi жiктердi жөндеу және толтыру;
      жеке тақталарды көтеру және тегiстеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдердi беттiк бұзылулардан қорғау;
      соның iшiнде битуммен өңделген төсемдi қоса алғанда, шағылтасты және қиыршықтасты төсемдер бойынша;
      елендiлердi және ұсақ қиыршықтастарды себу;
      1 километрге 200 текше метрге дейiн жаңа материалдар қосу арқылы жеке учаскелерде қиыршықтасты және топырақты жолдардың қапталдарын түзету;
      жетілдірілген қоспаны қолдану арқылы жол төсемесінің үстіңгі қабатын төсеу.
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      кішкене бұзылуларды, құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғылары және т.б.) түзету;
      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;
      құрылғылардағы жарықшақтарды бітеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;
      орлар арқылы өтпелі және көшпелі көпірлерді ауыстыру және түзету;
      аспалы көпірлердің, паромдық өтпелердің және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);
      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
      өтпелі тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;
      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;
      деформациялық жіктердің ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
      сырғанау тақталарының деформациялық жіктерін дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;
      деформациялық жіктердің механизмдері мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;
      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
      бекіткіштердің бетон тақталары арасындағы жіктерге цемент ерітіндісін құю;
      құбырлардың бөліктерін, бастарын, құлама қанаттардың, арналардың кіріс және шығыс бекіткіштерінің жеке бұзылған буындарын алмастыру және жөндеу және құбырлардың науаларын түзету, тас ұзынырғаларын қалпына келтіру;
      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөліктері арасындағы жіктерді бітеу;
      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;
      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;
      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;
      элементтерді шіріктен тазалау, тақтайларды, ағаш көпірлердегі төсеулерді алмастыру;
      жеке тойтармаларды алмастыру, темір аралық құрылыстар элементтерінің ұсақ ақаулықтарын түзету;
      4) жол ғимараттары, өндіріс базалары, жол зертханалары, пайдалану қызметінің аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:
      1 километрге 100 текше метрге дейін жаңа материалдар қосу арқылы ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс жолдарды жөндеп кескіндеу;
      сылақтарды түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер және сол сияқтыларды сырлау және ақтау;
      түсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, шыныларды салу, жеке элементтерін жартылай алмастыру арқылы қалқаларды, қабырғаларды, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер, пештер, құдықтар, ұңғымалар, су құбырлары, канализациялық желілер, байланыс желісін алмастыру, жылумен қамтамасыз ету, желдету, жарықтандыру жүйелерін және электр құрылғыларын жөндеу, зертханалық жабдықтарды алмастыру және жөндеу;
      5) Қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілеріне жолдарды салу және жайластыру бойынша:
      1 километрге 100 текше метрге дейін жаңа материалдар қосу арқылы ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол бойындағы сервис объектілеріне мемлекеттік меншікте тұрған демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарды жөндеп, көлденеңін дұрыс түсіру;
      жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес жол қоршауларын салу.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      27. Автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде 26-тармақтың 1) және 2) тармақшалары тізбектелген ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, соның ішінде «ҚР Н 218-30-03 аспалы жабдықтар кешенін пайдалану арқылы автомобиль жолдарын бағдарлы жөндеу жөніндегі нұсқаулықтарға» сәйкес, ұзындығы 500 метрге дейін жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      Жұмыстар арнайы, әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстауды жүргізетін қарапайым техникамен, жол ұйымдастыру күштерімен орындалады.
      Бағдарлы жөндеу кезінде жергілікті учаскелердегі жол төсемінің қауіпті ақаулықтарын, айтырлықтай өзгерістерін және бұзылуларын жою кезінде келесі жұмыстар орындалады:
      1) Жер төсемі бойынша:
      кішкене иірім учаскелерді жою;
      опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;
      жиектерді себу және бекіту.
      2) Жол жамылғылары бойынша:
      жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;
      төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, жолдың 500 қума метріне дейін кейіннен кедір-бұдыр негізді өңдеу арқылы ойыстарды бітеу;
      негіздің қабаты үшін алынған материалды кейіннен пайдалану және төсемнің жаңа қабатын салу арқылы қауіпті ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнің ені бойынша жергілікті жерлерді қайлау;
      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру.
      28. Жол қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын есепке ала отырып, жүргізушілер мен жолаушылар үшін пайдаланудың ыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі автомобиль жолдарындағы аялдама павильондарын, кіші сәулеттік нысанын, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдарын, демалыс алаңдарын және өту-жылдамдық жолақтарын орнату және қажеттілігіне қарай оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте көлемдері техникалық құжаттамамен анықталады.
      Бақылау посттарын, қақпалар және басқа металл конструкцияларын және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық жол белгілерін орнату және қажеттілігіне қарай оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте көлемдері техникалық құжаттамамен анықталады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2011.09.23 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      29. Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2011.09.23 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      30. Жол жүру үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешенін, ЗКЖ және көлік құралдарының қозғалысын бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету мерзімінде жөндеу және жоспарлы алмастыру олардың паспорт деректерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде:
      1) дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;
      2) жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, РТZ басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары;
      3) жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;
      4) серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты: екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

5. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын орташа жөндеу

      31. Орташа жөндеу жолдар мен жол құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.
      32. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ, жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.
      Орташа жөндеу бойынша жұмыстардың көлемдерін ведомстволық сараптаманы өту арқылы жолдарды диагностикалау мен ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды.
      33. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:
      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша кішкене учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;
      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету, шөппен себу;
      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;
      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;
      2) жол жамылғылары бойынша:
      - үстіңгі қабатты өндеу;
      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда үстіңгі қабатқа өңдеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;
      жаңа материалды қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары бар жетілдірілген төсемді қайлау немесе қалпына келтіру;
      монолитті цемент-бетонды төсем бойынша:
      цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлдеңен жыртылған жерлерді ою;
      жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:
      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ, жолдың бір километріне 500 текше метрге дейін материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;
      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;
      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;
      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);
      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;
      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;
      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;
      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;
      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;
      аяқ жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;
      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;
      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;
      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;
      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;
      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;
      диафрагманың жапсарларын жөндеу;
      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ, техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;
      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;
      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
      жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;
      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;
      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;
      гидрооқшаулауды жөндеу;
      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;
      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;
      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;
      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;
      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;
      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;
      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;
      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;
      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;
      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;
      тіректерді жөндеу;
      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;
      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;
      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу;
      галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;
      4) Қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:
      елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және жаңасын салу;
      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
      қар тоқтатуға негізделген қажеттігіне қарай тұрақты қар тоқтататын дуалдырды салу;
      шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
      сигнал берулерді, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электрондық және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;
      жол ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;
      автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;
      5) Жолдың пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

6. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күрделі жөндеу

      34. Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жолдың және жол және жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатының нормалары шегінде жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдік жұмыстардың орындауын көздейді.
      35. Күрделі жөндеуге жататын жол учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.
      36. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күрделі жөндеу - мемлекеттік сараптамадан өткен және қаржыландыру көзінен тәуелсіз құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздеме) және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу тәртібіне сәйкес бекітілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген мемлекеттік инвестиция есебінен салынып жатқан жобалардың бекітілген кешенінде орындалады.
      37. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген жолдарды қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25%-ға дейін жалпы жолдарды түзетуге рұқсат беріледі.
      38. Жол-пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге бағытталуына болады.
      Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:
      жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;
      жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;
      қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;
      автомобиль жолдарының кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау,, оларға өту-жылдамдық жолағы жабдығымен автомобиль жолдарының өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;
      жолдың күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жол учаскелерін жоятын жол бойындағы қорларды қалпына келтіру;
      су тасқыны,сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою;
      2) жол жамылғысы бойынша:
      жол жамылғысын бір жолақты қозғалыстан арттырмай нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;
      цемент-бетон жамылғысы бойынша:
      ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
      ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
      нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;
      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;
      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;
      3) жасанды құрылыс бойынша:
      көпірлерді кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе жартылай, соның ішінде олардың габариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту арқылы көпірді жөндеу; габаритін кеңейтумен және ригелді ұлғайту мен нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті кеңейту);
      металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;
      металл аралық құрылымын ауыстыру;
      көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;
      су өткізу құбырын салу және қайта салу;
      құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;
      зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;
      жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;
      дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;
      тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;
      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді салу;
      тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау жолдарындағы қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;
      4) пайдалану қызметінің ғимараттары, қосалқы құрылыстары мен өндірістік базалары бойынша:
      қолданыстағы ғимаратқа қосалқы-көмектесетін және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды қоса салу, сыртқы қабырғалардың шегінде ғимаратты ішкі жаңадан жоспарлау;
      ғимараттың ақаулықтары мен зақымдалуын 40% дейінгі қабырға мен жамылғы материалдарын ауыстырумен түзету, ағаш фундаменттерді тұрақтыға ауыстыру;
      орталық жылуды, сумен жабдықтауды, газдарды, канализацияны электрмен жарықтандыруды жабдықтау және қолданып жүрген желіге газ құбыры мен байланыс желісін қосу;
      есік алдындағы құрылыстарды (үш машинаға дейінгі гараждарды, құдық қоймаларын, қазылған ұра және басқалары), аулалық дуал мен үй жанындағы абаттандыруды ғимараттың құнынан 25% аспайтын бағасымен жабдықтау;
      жол-пайдалану қызметінің линиядағы жұмыскерлерін орналастыру үшін одан әрі осындай үйлерді пайдалану мақсатында жолды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын орындарда уақытшаның орнына тұрақты түрдегі тұрғын үйлерді, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды көзделген сметалық соманың шегінде жол жөндеу бойынша жұмыстар үшін қажетті уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстар (битумды, тас үгітуші, асфальт-бетонды, цемент-бетонды базалар) салу. Пайдалану қызметінің ғимараттар, қосалқы құрылыстар және өндіріс базалары бойынша осы мақсаттарға арналған жыл сайынғы шығындар ағымдағы жылғы автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген жалпы қаражаттың 10 % аспауы керек;
      жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін топырақ қорын, жергілікті тас материалдарының кен орындарын және өндірістік кәсіпорындарының шығарындыларын (әкетілетін күл, бокситтік шламдар және басқалары) игеру, оларға кіру жолдарын, энергиямен қамтамасыз етуді, материалдарды қоймалау үшін алаңдарды жабдықтау;
      5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерi бойынша жолды жайластыру және орналастыру;
      жолдарды немесе олардың жекелеген учаскелерiн сәулеттiк ресiмдеу және жайластыру;
      аялдамалық, отырғызу алаңдарын және автопавильондарды жабдықтау;
      демалыс алаңдарын (күркелерi, су көздерi, қарау шұңқырлары немесе жолдағы автомобильдi профилактикалық байқау үшiн эстакадасы және басқа да жайластырулары бар), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңдарды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның iшiнде әр түрлi деңгейлерде) жүргiншiлер өткелдерiн, сондай-ақ елдi мекендер шегiнде өтетiн қауiпсiздiк аралдарын, тротуарды, жол учаскелерiндегi жүргiншiлер жолдарын жабдықтау;
      күрделi жөндеу өтiп жатқан учаскелерде тосқауыл қоршауларын, бағыттайтын құрылғыларды және жол белгiлерiн жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
      жүрiп өту үшiн ақы алу жүйесiнiң бағдарламалық-аппараттық кешенiн, сондай-ақ, ЗКЖ және тиiстi жабдықтарды монтаждау;
      автомобиль жолдарының бiр және әр түрлi деңгейдегi қолданып жүрген қиылысулары мен жанасуларын, сондай-ақ, барлық жолдағы немесе оның учаскелерiндегi жекелеген өтпелердi, түсетiн жерлердi және вираждарды, желiлiк жол қызметi ғимараттарына және жолдың сервистiк кешенiне кiреберiстердi жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңiндегi уақытша айналма жол құрылысын жаңадан орнату және қайта орнату немесе дүлей апаттардан қираған жол учаскелерiн қалпына келтiру;
      жолдың жекелеген учаскелерiнде, көпiрлерде және паромдық өткелдерде электрмен жарықтандыруды, жол желiлiк (телетаспа) немесе радиобайланыстың және технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
      қозғалысты есепке алу пункттерiн, жолдың, оның жекелеген элементтерiнiң, құрылыстардың және одан өтетiн көлiк ағындарының жұмыстарын зерделеу үшiн қажеттi қар өлшейтiн және су өлшейтiн посттарды және басқа құрылғыларды орнату және жабдықтау;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу (қазандықтарға тозаң тұтатын құрылғыларды салу, су көздерiн ластанудан қорғау және басқа жұмыстар);
      қажеттi коммуникациялық желiлерге қосу арқылы көлiк құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг жүргiзу үшiн өлшеу құрылғыларын, құрал-жабдықтарды орнату және бағдарламалық қамтамасыз ету;
      күзеттi талап ететiн стратегиялық маңызды объектiлерде күзет жүйесiн және бейне бақылауды орнату;
      қажетті коммуникациялық желілерге қосу арқылы жол жүруі үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін орнату.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.26 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.12.20 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.