Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 153-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 5, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
      1) мазмұнындағы 396-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «396-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тарту, Қазақстан Республикасында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы»;
      2) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «396-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза
                отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп
                келушілерді тарту, Қазақстан Республикасында
                шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек
                қызметін заңсыз жүзеге асыруы

      1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалануы -
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк қызметкердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –
      лауазымды адамдарға – елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу еңбек қызметiн жүзеге асырудың қажеттi шарты болып табылатын жағдайда, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осындай рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы –
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекші көшіп келушілерді ішкі істер органдары беретін тиісті рұқсатсыз тартуы немесе бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы -
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 543-баптың бірінші бөлігіндегі, екінші бөлігінің 2), 3) және 12) тармақшаларындағы «396 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 550-баптың бірінші бөлігіндегі «396 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «396 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат):
      1) 26-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.»;
      2) 29-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшаның бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы тармақтың 3)4)5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.»;
      «Осы тармақтың 2) тармақшасының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті атқарушы органның рұқсаттары негізінде, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды.»;
      5) тармақшадағы «уақытына жасалуы мүмкін.» деген сөздер «уақытына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.»;
      3) 31-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;»;
      4) 214-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Үй қызметкерлері деп, егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс берушінің және (немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында орындалмаса (көрсетілмесе), жұмыс беруші жеке тұлғаларда отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жүргізетін үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) қызметкерлер танылады.».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 2-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат, № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
      1) 178-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы Кодекстің осы бабы мен 182 және 184-баптарында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4 және  5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.»;
      2) 184-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңінің ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.
      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
      Осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
      Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.
      Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
      Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.
      Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.»;
      3) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      2. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
      Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;
      4) 192-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;»;
      5) 204-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына
                жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

      1. Осы баптың ережелерi резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен жүргiзiледi.
      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi резидент емес жеке тұлға салық кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.
      4. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер төлеуді жүргізеді.
      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнде резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.
      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
      Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
      Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Салық кезеңі ішінде бюджетке резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
      Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.
      Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 205-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.»;
      6) 205-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
      Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Бұл ретте осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;
      7) 457-бапта:
      1) тармақшаның төртінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар)» деген сөздер «заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның бесінші абзацындағы, 3) тармақшаның үшінші абзацындағы және 5) тармақшаның үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар)» деген сөздер «оралмандар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 542-баптың 5) тармақшасындағы «репатрианттар (оралмандар)» деген сөздер «оралмандар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 544-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «репатрианттар (оралмандар)» деген сөздер «оралмандар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) 545-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) оралмандар;»;
      11) 546-баптың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оралман мәртебесін алғанға дейін тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар;»;
      12) 583-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер алынатын (өндiрiлiп алынатын) объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 19-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
      Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.».
      4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      16-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде кемінде төрт жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұрған оралмандар;
      2) тұрған мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары қабылдануы мүмкiн.».
      5. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат):
      1) 4-баптың екінші бөлігі «Оралмандарды» деген сөзден
кейін «қоныстандыру үшін Үкімет айқындаған өңірлерге келген этникалық қазақтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Қазақстан Республикасына келу

      Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келiсiмiнде өзгеше тәртiп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, шетелдiктер жарамды шетелдік паспорттар немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының келу визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келе алады.
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасына келуіне:
      1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
      2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
      3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      4) егер ол ұлтаралық және дiни араздықты тудырса;
      5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      6) егер ол террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілі болса, террористiк немесе экстремистік іс-әрекетi үшiн сотталған болса не оның іс-әрекетін сот аса қауіпті рецидив деп таныса;
      7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған жазаны өтемеген болса;
      8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;
      9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
      10) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
      11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде тыйым салынады.
      Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
       Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қаралмайды.
      Қазақстан Республикасына келу кезiнде шетелдiктерге Қазақстан Республикасының Үкiметi көздеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi.
      Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының өкiлдерi бередi.
      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тұлғалардың шақырулары немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарының рұқсаты виза беру үшiн негiз болып табылады.»;
      3) 23-баптың бірінші бөлігі «өзгеше тәртiп белгiленбесе» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртiп белгiлемесе» деген сөздермен толықтырылсын.
      6. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 3, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат):
      5-1-баптың 1-тармағының 36) тармақшасындағы «көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңдарының» деген сөздер «халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін, белгіленген нысандағы құжат;»;
      «10-1) қабылдаушы тұлға – шетелдіктерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы және (немесе) оларды тіркеу туралы өтініш жасайтын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;»;
      16) тармақша алып тасталсын;
      17) және 19) тармақшалардағы «халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;»;
      3) 9-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді және оларды кері қайтарып алады;»;
      4) 10-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оралмандарды қоныстандыру өңірлері туралы хабардар етеді, Қазақстан Республикасына келу туралы өтiнiш берген көшiп келушiлердiң құжаттарын қабылдап, тiркейдi, оларды ұлттық қауiпсiздiк органына жiбередi, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визалар ресімдейді;»;
      5) 11-бапта:
      4) тармақшадағы «оралмандардың көшiп келу,» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      5) тармақшадағы «оралмандардың көшiп келу, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын және шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квоталарды» деген сөздер «iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын және шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квоталарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
      3) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн ескере отырып, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесiн беруге және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
      7) қоныс аударушы мәртебесін беру, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізілген қоныс аударушыларға біржолғы жәрдемақылар төлеуді тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
      8) қоныс аударушы куәлiктерiн бередi;
      9) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметiн ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
      11) жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      12) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      13) бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат бередi;
      14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
      3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
      4) оралмандарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
      5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған құзыреттен басқа, жергілікті атқарушы органдар:
      1) оралмандарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      2) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
      3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
      4) оралман куәліктерін береді;
      5) оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетеді;
      6) оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысын, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн бередi.»;
      7) 16 және 17-баптар алып тасталсын;
      8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Оралман мәртебесiн беруге өтiнiш берудiң тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетiнше келген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiш бередi.
      2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
      3. Оралман мәртебесін беру осы Заңның 20 және 21-баптарына сәйкес жүргізіледі.
      4. Өтiнiште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелерi:
      1) жұбайы (зайыбы);
      2) өтiнiш берушiнiң және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
      3) балалары (оның iшiнде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелерi;
      4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары) көрсетiледi.»;
      9) 19-бап алып тасталсын;
      10) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге
               дейiн бұл туралы өтiнiш жасаған этникалық
               қазақтарға оралман мәртебесiн беру

      1. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштер мен құжаттарды қабылдап алады және оларды тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннiң iшiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiн оралман мәртебесін беру туралы өтiнiш жасаған үмiткердiң ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазба негiзiнде белгiленедi. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiлетiн құжаттарға үмiткердiң ұлтын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерiн қоса бередi.
      3. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштерi мен құжаттары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшiн осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға жiбередi.
      Шешім қабылдау үшін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру туралы өтініш жасаған үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың бар не жоғы тұрғысынан тексеру үшін тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
      Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдары этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге кедергі келтіретін, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімді дайындайды.
      4. Үмiткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгiленген шарттарға сай болған кезде оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданады.
      5. Оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен бас тарту туралы шешім екi жұмыс күнi iшiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберіледi. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бұл шешімді өтiнiш берушiге жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жiбередi.
      6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға ол келiп түскен күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
      7. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi оралман мәртебесін беру туралы шешімді алғаннан кейiн оны бiр айдың iшiнде этникалық қазаққа жiбередi және оның Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жәрдем көрсетедi не оралман мәртебесін беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
      8. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қоныстандыру өңірлеріне келгеннен кейін өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұдан бұрын қабылданған шешiмді ескере отырып, өтiнiш берушi мен оның отбасы мүшелерiне оралман мәртебесiн бередi.
      9. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерiнiң өздерi өтiнiш жасаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тұрақты тұруға рұқсат алуға, тұратын жерi бойынша тiркелуге және оралман куәлігін алуға құқығы бар.

      21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келген
              этникалық қазақтарға оралман мәртебесiн беру

      1. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына келген және онда тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтардың оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiштерiн өтініштер тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және олар бойынша шешiм қабылдайды.
      Оралман мәртебесiн беру үмiткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгiленген шарттарға сай болған кезде жүзеге асырылады.
      Оралман мәртебесiн беру туралы шешiм қабылданған жағдайда осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының аумағына келген этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелерiне оралман куәлiгiн бередi.
      2. Оралман мәртебесiн алуға үмiткердiң ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазбаға сәйкес расталады. Мұндай жазба болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша үмiткердiң ұлтын растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн жiбередi.»;
      11) 22-бап алып тасталсын;
      12) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың
               отбасы мүшелерiне берiлетiн жеңiлдiктер мен
               әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi

      1. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келетін этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өздерiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растаудан босатылады.
      2. Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
      1) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
      3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң жерлерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және босалқы жерлерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
      Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
      4. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергiлiктi атқарушы органдар оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне тұрақты тұрғылықты жерiне жол жүру және мүлкiн тасымалдау шығындарын қамтитын бiржолғы жәрдемақыларды белгiлей алады.
      5. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген жеңiлдiктерден және әлеуметтiк көмектiң өзге де түрлерiнен басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тұрғын үй салуға, оны қалпына келтiруге немесе сатып алуға жеңiлдiктi кредиттiк қарыз ұсынылады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген оралмандар:
      1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңiрден тыс жерлерге өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған;
      2) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайларда тұрғын үй салу, оны қалпына келтiру немесе сатып алу үшін өздері алған жеңiлдiктi кредиттiк қарызды мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге мiндеттi.»;
      13) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмге жүзеге асырылады.»;
      14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Оралман мәртебесiнiң тоқтатылуы

      Оралман мәртебесi:
      1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;
      2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;
      3) егер ол Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бермеген болса, оралман мәртебесiн алған күннен бастап жеті жыл өткен соң;
      4) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстану үшiн белгiленген өңiрден тыс жерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда тоқтатылады.»;
      15) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «және (немесе) оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу» деген сөздер алып тасталсын;
      16) 34-баптың 3) тармақшасындағы «көшіп келушілер.» деген сөздер «көшіп келушілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.»;
      17) мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-баптармен толықтырылсын:

      «43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу
                 шарттары

      Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:
      1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;
      2) кәмелеттік жаста болуы;
      3) еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуы;
      4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;
      5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;
      6) медициналық сақтандыруының болуы тиіс.
      2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады.
      Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

      43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі

      1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
      Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң беріледі.
      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
      Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру кезінде еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру жүргізіледі.
      2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады.
      3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.
      5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.
      6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді.»;
      18) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне
               рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер

      Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне:
      1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
      2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
      3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      4) егер ол ұлтаралық және дiни араздықты тудырса;
      5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      6) егер ол террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілі болса, террористiк немесе экстремистік іс-әрекетi үшiн сотталған болса не оның іс-әрекетін сот аса қауіпті рецидив ретінде таныса;
      7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
      8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;
      9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
      10) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
      11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде тыйым салынады.
      Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
      Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қаралмайды.»;
      19) 49-баптың бірінші бөлігінде:
      4) тармақшадағы «оралмандарды немесе» деген сөздер «оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген этникалық қазақтарды,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшiн белгiленген өңiрден тыс жерлерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда;».
      8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
      12-баптың 3-тармағының 22) тармақшасындағы «жүзеге асыруға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарының сақталуына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.».
      9. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару органдары арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 1-баптың 50-тармағы 10) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;
      2) 2-баптағы «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 50-тармағы 10) тармақшасының он бiрiншi абзацын және 22) тармақшасын қоспағанда» деген сөздер «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 50-тармағы 22) тармақшасын қоспағанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев