Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 200-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 162-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «162-1-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу»;
      227 және 227-1-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың, 227-2, 227-3, 227-4, 227-5, 227-6, 227-7, 227-8, 227-9, 227-10, 233-5 және 242-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
      227-2-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
      227-3-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру
      227-4-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу
      227-5-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
      227-6-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
      227-7-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату
      227-8-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
      227-9-бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну
      227-10-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату»;
      «233-5-бап. Террористік немесе экстремистік дайындықтан өту»;
      «242-1-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату»;
      2) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы Кодекстің ережелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, террористік немесе экстремистік қылмыс не бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасалған жағдайда қылмыстың жасалу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.»;
      3) 67-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың ережелері адам өліміне не екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, абайсызда қылмыстар жасаған, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
      4) мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын:

      «162-1-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу

      Қазақстан Республикасы азаматының жалдамалылық белгілері болмаған кезде шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы –
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 227 және 227-1-баптар алып тасталсын;
      6) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

«7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

      227-2-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе
                 ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа
                 сыйымсыз қол жеткізу

      1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан, машиналық жеткізгіште қамтылатын, заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
      екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерінде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-3-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе
                 түрлендіру

      1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, –
      екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;
      2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-4-бап. Ақпараттық жүйенің немесе
                 ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын
                 қасақана бұзу

      1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) –
      екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;
      2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-5-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

      1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, –
      екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;
      2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-6-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу

      1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіру арқылы, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді тарату не жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіру арқылы беруге мәжбүрлеу –
      екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) адамға немесе оның жақындарына күш қолданылып жасалған;
      2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;
      3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан немесе ұлттық ақпараттық жүйелерден ақпарат алу мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-7-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен
                 бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану
                 немесе тарату

      1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалық өнімдерді жасау немесе қолданылатын бағдарламаларға немесе бағдарламалық өнімдерге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды қасақана пайдалану және (немесе) тарату –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;
      2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
      3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-8-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық
                 ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

      1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе өздерінің меншік иесімен немесе иеленушімен қол жетімділігі шектелген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату –
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;
      2) пайдакүнемдік ниетпен жасалған;
      3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-9-бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін
                 интернет-ресурстарды орналастыру үшін
                 қызметтер ұсыну

      1. Ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қарсы қызметтер көрсету –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол іс-әрекет –
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      227-10-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының
                  сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру
                  құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту,
                  сондай-ақ абоненттік құрылғының
                  сәйкестендіру кодын өзгерту үшін
                  бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау,
                  пайдалану, тарату

      1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, –
      үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату -
      екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған іс-әрекеттер -
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      7) 233-бапқа ескертудің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің 162, 163, 166-1, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4, 233-5, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.»;
      8) мынадай мазмұндағы 233-5 және 242-1-баптармен толықтырылсын:

      «233-5-бап. Террористік немесе экстремистік дайындықтан
                  өту

      Адамның террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың қыр-сыры мен дағдыларын игеруіне үйренушінің көрінеу бағытталған дайындықтан, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде дайындықтан өтуі –
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол дайындықтан өткені туралы ерікті түрде хабарласа, осындай дайындықтан өткен, осындай дайындықты жүзеге асырған, ұйымдастырған немесе қаржыландырған басқа адамдарды анықтауға септігін тигізсе, оның өткізілген жері туралы ақпарат берсе, егер оның әрекеттерінде қылмыстың өзге құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;

      «242-1-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

      1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –
      бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;
      2) қызмет бабын пайдалана отырып;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет -
      бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан немесе басқа да ауыр зардаптар келтірген іс-әрекеттер -
      жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
      1) ұйымдасқан топ жасаған;
      2) төтенше жағдайда немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер –
      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы бапта ірі көлемдегі нұқсан деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген сомасында келтірілген нұқсан не ұйым мен мемлекетке айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген сомасында келтірілген нұқсан танылады.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат):
      192-бапта:
      бірінші бөлікте:
      «233-4,» деген цифрлардан кейін «233-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 227-2 (екінші және үшінші бөліктерінде), 227-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 227-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 227-5 (екінші және үшінші бөліктерінде), 227-6 (екінші және үшінші бөліктерінде), 227-7 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық істер бойынша, егер олар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға, ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін.»;
      екінші бөліктегі «227-1,» деген цифрлар «227-2 – 227-10,» деген цифрлармен ауыстырылсын, «242,» деген цифрлардан кейін «242-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      4-3-бөліктегі «227,» деген цифрлар алып тасталсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24,153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9- құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнің, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау»;
      2) 355-бапта:
      тақырыбы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің,» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктің бірінші абзацында:
      «Прокуратура» деген сөз «Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қызметкерiнiң нұсқауларын және» деген сөздер «қызметкерiнiң нұсқауларын және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің,» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің бірінші абзацы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің,» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) мазмұнындағы 28-тараудың және 257-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері»;
      «257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу»;
      2) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері»;

      3) 257-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы
                мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен
                мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
                қызметкерлерінің еңбегін реттеу

      Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодексте реттеледі.».
      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      156-баптың 1-тармағының 8) және 8-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты табыстары;»;
      «8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;».
      6. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы» 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 212-құжат; 2000 ж, № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат):
      мынадай мазмұндағы 9-баппен толықтырылсын:
      «9-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабында бекітілген ережелер жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.».
      7. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат):
      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару

      Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.
      Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      2) 5-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өзін-өзі қорғау қаруы:
      тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;
      газды қару – газды пистолеттер, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар;
      электрлі қару – зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар;»;
      3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-бап. Қызметтік қару

      Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды күзету бойынша өздеріне заңнамамен жүктелген және өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады.
      Қызметтік қаруды пайдалануға және қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады.
      Қызметтік қаруға жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады.
      Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауға тиіс.»;
      4) 7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге;»;
      5) 12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының;»;
      6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
               құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық
               қорғау органдарының қаруды сатып алу құқығы

      Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуға құқығы бар. Ұзақ сақтауда тұрған қаруды қоспағанда, қарулануға қабылданған ойық ұңғылы қарудан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру үшін бақылау мақсатында оқ атылады.»;
      7) 15-бапта:
      1-тармақта:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:
      1) аңшылық атыс қаруы:
      ойық ұңғылысы – бес бірліктен;
      тегіс ұңғылысы – бес бірліктен;
      2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс.
      Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.»;
      сегізінші бөлігіндегі «ұңғысыз, электрлi атыс қаруын» деген сөздер «электрлі қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі «және ұңғысыз» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі «ұңғысыз атыс қаруын,» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтағы «ұңғысыз атыс қаруын,» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.»;
      8) 18-бапта:
      2-тармақта:
      «қолдана алады» деген сөздер «қолдануға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «күзету,» деген сөзден кейін «хат-хабарды және арнаулы жөнелтімдерді жеткізу,» деген сөздермен толықтырылсын»;
      4-тармақтағы «қарулы не топтасып» деген сөздер «топтасып және (немесе) қарулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 19-бапта:
      бірінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адам қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда сот шешім қабылдағанға дейін рұқсат уақытша алып қойылады. Осы Заңда (осы баптың бірінші бөлігі 5) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда) көзделген негіздер бойынша рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданардан бұрын осы рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескерту жасауға тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген тәртіп бұзушылықтарды жоюдың мерзімі тағайындалады.»;
      10) 20-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, сондай-ақ тәркіленген, техникалық жағынан пайдалануға жарамды азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға не азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалар арқылы өткізілуге жатады.»;
      11) 21-баптың төртінші бөлігіндегі «арнаулы органдарға» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 23-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өздері қаруланған жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатуға құқығы бар.
      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде меншік құқығында иеленіп отырған қаруды оларға сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға немесе қаруды коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.»;
      13) 26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «, ұңғысыз атыс қаруын» деген сөздер алып тасталсын;
      14) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына беру үшін мемлекеттік органдарға қызметтік қаруды сатып алу (алу) құқығына, сондай-ақ аталған адамдардың қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығына рұқсаттар береді;»;
      15) 30-баптың екінші бөлігі «арнаулы» деген сөзден кейін «мемлекеттік және құқық қорғау» деген сөздермен толықтырылсын.
      8. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші қызметтерін атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.»;
      2) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша, жүзеге асырып отырған қызметінің Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат береді.»;
      3) 10-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      «10-1-бап. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың
                 филиалдарына қойылатын талаптар

      1. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар мыналардың:
      1) сабақтар жүргізу үшін санитариялық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың;
      2) атыс даярлығы бойынша сабақтар жүргізу үшін атыс тирінің:
      заңды тұлғалар үшін – меншік құқығында;
      филиалдар үшін – меншік құқығында не жалға алу шартымен;
      3) оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың;
      4) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіптік құзыреті саласында практикалық дағдылары бар және күзет қызметі саласында кәсіптік жұмыс тәжірибесін жинақтаған, мамандарды оқыту процесіне тартылып жүрген оқытушылардың болуын көздейді.
      Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Мыналар:
      1) осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көрсетілген адамдар;
      2) шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын заңды тұлғалар, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарының құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары бола алмайды.
      3. Мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі:
      1) таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайларда;
      2) сот шешімі бойынша тоқтатылады.»;
      5) 17-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының үшінші тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге құқығы жоқ.»;
      6) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қару мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды құбыр тораптары мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қаруды сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.»;
      7) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, іске қосу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
      8) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн, мамандандырылған
               оқу орталықтарын есепке алу

      Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алуды жүзеге асырады.».
      9. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат):
      29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.».
      10. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 2-бапта:
      6) тармақшадағы «арнаулы және фельдъегерлік байланыс» деген сөздер «фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 40-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «40-2) мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкері – фельдъегерлік қызмет жұмыскерлері арасынан арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматы;»;
      2) 15-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
      3) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметi (бұдан әрі – фельдъегерлік қызмет) мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Фельдъегерлiк қызмет қызметкерлері Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
      2. Фельдъегерлiк қызметті ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ фельдъегерлiк байланыс қызметін көрсету тәртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерi тасымалдайтын хат-хабар мен арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға және кідіртiлуге жатпайды.
      4. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек қатынастары ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттеледі.
      5. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 22-1 және 22-2-баптармен толықтырылсын:

      «22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің
                 құқықтары мен міндеттері

      1. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың хат-хабарлары мен арнаулы жөнелтімдерін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жеткізу жөніндегі өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындау кезінде мыналарға:
      1) мемлекеттік органдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол составтарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз (бірінші кезекте және ақысыз) кіруге;
      2) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарында кезексіз билет алуға;
      3) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарына тиесілі барлық көлік құралдарына жалпы отырғызу басталғанша жарақталған жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен кедергісіз мінуге;
      4) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
      2. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеруге байланысты міндеттері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      22-2-бап. Арнаулы байланыс қызметі

      1. Арнаулы байланыс қызметi арнаулы байланыс арналары бойынша арнаулы жөнелтiмдердi жiберген кезде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ерекше жарғылық міндеттердi орындайды.
      2. Арнаулы байланыс қызметi Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының бiрыңғай құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы байланыс қызметiн көрсетедi.
      3. Арнаулы байланыс қызметінің жеке құрамы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес нысанды киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк қарумен, арнаулы қорғаныс және байланыс құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      4. Арнаулы байланыс қызметiн ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ арнаулы байланыс қызметiн көрсету тәртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы байланыс қызметкерлерi тасымалдайтын арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға және кідіртуге жатпайды.»;
      5) 30-бапта:
      2-тармақтың 1)2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде орындарды тұрақты броньдау, кезексіз билет алу;
      2) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі көлік құралдарының қызмет көрсетілетін мекемелерге, ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол құрамдарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз өту;
      3) жолаушыларды жалпы отырғызу басталғанша фельдъегерлік қызметтің және арнаулы байланыс қызметінің қарулы қызметкерлерінің кедергісіз міну құқықтарын қамтамасыз етеді.»;
      3-тармақтағы «Фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiнің» деген сөздер «Фельдъегерлік қызметтің және арнаулы байланыс қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      «41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе)
                 құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі

      1. Байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-әрекеттерге қатысуға шақыруды қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары уәкілетті органға байланыс желісінің және (немесе) құралдарының жұмысын уақытша тоқтата тұру, байланыс қызметтерін көрсету, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу бойынша шаралар қолдану туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізеді.
      2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жібереді.
      3. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:
      1) уәкілетті органнан осы баптың 1-тармағында көзделген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін, оны байланыс желісінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметін көрсетуді, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қолжетімділікті уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын мерзімде орындауы тиіс;
      2) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтайды және оған мұндай ақпаратты жою бойынша шаралар қолдану талабымен хабарлама жібереді.
      4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін уәкілетті орган байланыс операторына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптың күшін жою туралы тапсырма береді.
      6. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауы тиіс.
      7. Уәкілетті орган, байланыс операторлары және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.».
      11. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Экстремистік материалдарды басып шығаруға және
               таратуға жол бермеу

      Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілері мен құралдарын экстремизмді жүзеге асыру үшін пайдалануға, сондай-ақ экстремистік материалдарды басып шығаруға және таратуға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын және экстремизм белгілері бар ақпараттық материалдарды прокурордың мәлімдеуімен сот тыйым салу талабын мәлімдеген прокурордың тұрған жері бойынша немесе мұндай материалдардың табылған жері бойынша экстремистік деп танып, оларды әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салады.».
      12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 75-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «75-3) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне;».
      13. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-3) өзге де қару – жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлі қару, белгі беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және қарудың басқа да түрлері;»;
      2) 9-баптың 6 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қызметкер құқық қорғау органының білім беру ұйымын аяқтағаннан кейiн құқық қорғау органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi қызмет атқарылмаған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.»;
      «8. Әскерге шақырылу жасына жеткен және үлгерімі төмен болғаны, тәртiп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), сондай-ақ құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқитындар әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерiндегі әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома білім беру ұйымдарында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.»;
      3) 14-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Егер қызметкерлердің іс-әрекеттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылса, олар атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануына байланысты келтірілген зиян үшін жауаптылықта болмайды.»;
      4) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Атыс қаруы мен өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.»;
      5) 22-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) мемлекеттік фельдъегерлiк қызметке – «фельдъегерлiк қызмет».»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Бұрын «ішкі қызмет аға прапорщигі», «ішкі қызмет прапорщигі», «әділет аға прапорщигі», «әділет прапорщигі» әскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы.»;
      6) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату және қызметінен шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысы жанындағы жедел кеңестің шешімі негізінде де қолданылады.
      Тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      7) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануы»;

      8) 5961 және 62-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы
               құралдарды және дене күшін қолданудың мақсаты

      Атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар және дене күші қоғамға қауiптi әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуалдарды ескере отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.»;

      «61-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану

      1. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды:
      1) жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату;
      2) қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
      3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру;
      4) қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде үстінен түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамақта ұсталатындардан басқа) ұстау, қаруланған адамдарды ұстау;
      5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса және жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе, көлiк құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату;
      6) адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану;
      7) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшін;
      8) қажетті қорғаныстың және аса қажеттіліктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, жасы белгілі немесе анық болған кезде кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.

      62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы
              құралдарды, дене күшін қолдану шарттары

      1. Атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар, дене күші қолданылған барлық жағдайларда қызметкер жеке адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдауға, атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшысына баяндауға міндетті.
      2. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар, дене күші қолданылған әрбір жағдай туралы прокурор дереу хабардар етіледі.»;
      9) 65-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына шығарып беріледі.»;
      10) 69-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Қайтыс болған, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемақы алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
      Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.»;
      11) 81-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Қызметтен (кедендік қызметті қоспағанда) шығарылған қызметкерлерге біржолғы жәрдемақылар мынадай тәртіппен және мөлшерде төленеді:
      күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым;
      күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға:
      он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай қамтылым;
      он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай қамтылым;
      жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай қамтылым;
      жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай қамтылым;
      отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым.
      8. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады.
      Біржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетін қызметақысы, қызметтен шығарылған күнгі арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшін қосымша төлемі негізге алына отырып есептеледі.
      Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.
      9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығару кезінде біржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кедендік қызметті қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрам адамдарына, қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен шығарылғандарға арнаулы атақтар, сыныптық шендер үшін қосымша төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлімшесі жүзеге асырады.
      Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдары басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары, сыныптық шендері үшін қосымша төлемдері өсетін болса, тиісінше еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кедендік қызметті қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетін осы қосымша төлем мөлшері де ұлғаяды.»;
      12) 84-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Осы Заңның 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 38, 39, 40, 41, 42, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 55, 56, 57, 58, 59-баптарының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының, 62, 63, 64, 65, 66, 67-баптарының, 69-бабының 1, 2, 4 және 5-тармақтарының, 70, 71-баптарының, 72-бабының 1, 2, 3, 4 және 6-тармақтарының, 73, 74-баптарының, 75-бабының 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының, 76, 77, 78, 79, 80 (1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда)-баптарының, 81 және 82-баптарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне қолданылады.
      Осы Заңның 59-бабының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты қолданылады.».
      14. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 79-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрам қызметкерлеріне жұмыстан шығу жәрдемақысымен қатар арнаулы атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
      Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге арнаулы атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның қызметкерлеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшерлері де ұлғаяды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қайтадан (кейіннен) қабылданған қызметкер қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін қызметтің жәрдемақы төленбеген кезеңі қолданылады.»;
      2) 85-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. «Аға прапорщик», «прапорщик», «старшина», «үшінші сыныпты сержант», «екінші сыныпты сержант», «бірінші сыныпты сержант», «штаб-сержант» не «шебер-сержант» әскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тәртіппен және шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шектi жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды.».
      15. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
      1) 26-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығу жәрдемақысымен қатар әскери атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
      Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшері де ұлғаяды. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте тұратын офицерлік құрамның қызметтен шығарылған әскери қызметшілерінің әскери атақ бойынша айлықақылары қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы төлеуге жатпайды.»;
      2) 51-бапта:
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақта көрсетілген ережелер әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан да көп азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға алушының қайтыс болған кезіне үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.
      Қайтыс болған, әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
      Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.»;
      3) 55-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» әскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған әскери атақтары сақталады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Әскери қызметті «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» атақтарында өткерген әскери қызметшілер әскери қызметін Әскери қызметті өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өткереді. Әскери қызметшілердің аталған санаты үшін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жас әскери қызметте болудың шектi жасы болып табылады.».
      16. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; 2014 жылғы 2 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға беріледі.»;
      2) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.»;
      3) 13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;»;
      4) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң № 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін айлық есептiк көрсеткiштiң 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.»;
      5) 24-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.»;
      6) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін
               зейнетақы төлемдерін алу құқығы

      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған мына:
      1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
      2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына байланысты, өзінің еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған;
      3) офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың), арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, олардың кемiнде он екі жылы мен алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      2. Қызметтен шығарылған және 1998 жылғы 1 қаңтарға он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
      3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      4. Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген, осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;
      7) 65-баптың 145-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
      1) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл болған кезде – толық көлемде;
      2) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан аз болған кезде толық емес көлемде тағайындалады.»;
      «4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте жиырма бес жылдан асатын еңбек сiңiрген жылдарының әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның – 2 пайызына, еңбек өтілінің әрбір жылы үшiн 1 пайызына ұлғайтылады. Жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтiлiнiң әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 1 пайызына ұлғайтылады.
      5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалған ақшалай қамтылымның 65 пайызынан аспауға тиіс. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 109 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.»;
      8) 66-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.»;
      9) 676869, және 70-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын
               ақшалай қамтылымның мөлшері

      1. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге айқындалады.
      2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша айлықақы (қосымша ақы) кіреді.
      3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары (кеден органдарын қоспағанда) қызметкерлерін, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

      68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды
              жүзеге асыру мерзімдері

      1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған, бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
      2. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың жалақысының немесе басқа да табысының болуына қарамастан, толығымен жүргізіледі.
      3. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.
      4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.
      5. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.

      69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты және тәртібі

      1. Әскери қызметшiлер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі он жылдан аз әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы Заңның 67-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қамтылым мөлшерінің 20 пайызы мөлшерiнде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
      Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 4-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.

      70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және
              құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік
              қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен
              қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.».
      2-бап.

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты айдың ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келтіруге міндетті.
      3. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған ұңғысыз атыс қаруы, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен құқық қорғау органдарына берілуі мүмкін.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев