Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

       1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12- 13, 111, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      167-бапта:
      бірінші, екінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық не аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «7. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негіз болған сараптама комиссиясының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды шығаруы не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды жасауы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Мынадай:
      өнім берушілер өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған;
      жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуден жалтаруы, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескертуде:
      екінші, алтыншы және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты тұлғаларды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын тұлғаларды;»;
      «алтыншы бөлiкте – конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерiн;»;
      «сегізінші және тоғызыншы бөліктерде – тапсырыс берушінің басшысын және (немесе) оның міндетін атқаратын тұлғаны түсіну керек.».

      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, №. 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12-13, 111, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      465-баптың 2-тармағы 8) тармақшадағы «аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.» деген сөздер «аукциондардан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.».

      3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкілетті огандардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      «1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;
      2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда аукционға қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;
      4) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
      5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
      7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;
      8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
      9) жергілікті қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
      10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
      11) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
      12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;
      14) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
      15) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
      16) қаулы – бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдері бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
      17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары – еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
      18) мемлекеттiк сатып алу – жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушілердiң ақылы негiзде сатып алуы;
      19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi – мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесінде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
      22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет – мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
      24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметін атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      25) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
      26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті iс-шаралар кешенi;
      27) отандық кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
      28) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      29) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
      30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшін және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшін және (немесе) әлеуетті өнім беруші ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
      32) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      33) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
      34) ұсыну – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
      35) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
      36) электрондық аукцион (бұдан әрі – аукцион) – тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетін және оларға баға төмендетілген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін кездегі электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;
      37) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;

      2) 4-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «арналған республикалық бюджет туралы заңда» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «үлестерінің» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;
      12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);»;
      21-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу;»;
      27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;»;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері, қызмет түрлері, міндеттері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден сатып алуы;»;
      мынадай мазмұндағы 31-1) және 33-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес осындай мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қызмет түрлері бойынша басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;»;
      «33-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге де күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;»;
      48) тармақшадағы «(үлестерінің)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      53) және 55) тармақшалардағы «(қатысу үлестерінің)» деген сөздер – «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 60), 61), 62), 63) және 64) тармақшалармен толықтырылсын:
      «60) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
      62) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу;
      63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      64) театрдың сахналық көрсетілімдерді және көпшілік алдында өнер туындыларын орындауды жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 13), 21), 21-1), 21-2), 33-1), 37), 38) 48), 53), 55) және 64) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;

      3) 5-бапта:
      4, 5, 6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      5. Тапсырыс берушілер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілуге жатпайды.»;
      «8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, жылдық мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жоспарында (жылдық мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.»;

      4) 6-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
      3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;»;

      5) 7-бапта:
      4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «(үлестерінің)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;

      6) 8-бапта:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукционға қатысуға өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық не аукциондық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

      7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын
               тізілімдер

      1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:
      1) тапсырыс берушілердің;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;
      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.
      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
      Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша айқындайды. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.
      4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
      1) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;
      3) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.
      Осы тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарып тасталады.
      Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағымдануына болады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.
      5. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.»;

      8) 12-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аукциондарда;»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
      7. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
      Көрсетілген талап осы Заңның 41 және 42-баптарына сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;

      9) 13-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;»;
      5) тармақшадағы «(үлестерінің)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;
      14) тармақшадағы «тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі мен олардың көлемін айқындайды;»;
      22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-1) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      24-2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      24-3) конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді.»;

      10) 15-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша «конкурстық комиссия,» деген сөздерден кейін «аукциондық комиссия,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша «конкурсқа қатысушы,» деген сөздерден кейін «аукционға қатысушы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;

      11) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.»;
      өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
      4-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың талаптары конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
      6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
               асыру туралы хабарлама

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
      3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күніне дейін кемінде күнтiзбелiк он күн бұрын, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін жариялауға міндетті.»;

      13) 19-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қағаз жеткізгіште (бұдан әрi – конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялау арқылы мүдделi тұлғаларға ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекітілген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау арқылы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға ұсынады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан не мемлекеттік сатып алу веб-порталынан бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдірген, мемлекеттік сатып алу веб-порталынан конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.»;

      14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру

      1. Тiркеу журналына өздері туралы мәлiметтер енгiзiлген немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес, бірақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша кемінде күнтiзбелiк он күн бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап - үш жұмыс күнi iшiнде, ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша екі жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:
      1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздері туралы мәлiметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
      2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға;
      3) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күні өткенге дейін – күнтiзбелiк бес күн мерзiмінен кешiктiрмей, ал электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша күнтiзбелiк үш күн мерзiмінен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес өздері туралы мәлiметтер тiркеу журналына енгізілген не мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртіппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
      2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
      3) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiміне ұзартылуға тиiс.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетілген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дереккөздерiн көрсетпей, ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылуға тиісті хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;
      2) көрсетілген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
      Осы тармақтың талаптары конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

      15) 21-баптың 2-тармағында:
      3) тармақшадағы «9» деген цифр «10» деген цифрмен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiсті мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.»;

      16) 22-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға – мөр басылған конвертте, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында табыс етедi.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:
      1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
      2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудің не конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.»;

      17) 23-баптың 6-тармағындағы «(үлестерінің)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:

      «23-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып
                 алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      1. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді:
      1) өзін конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде беретінінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтынының;
      2) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының;
      3) конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы және тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.
      2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      3. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бір бөлігіне талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
      1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермеген не кері қайтарып алған;
      2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.
      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:
      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда.»;

      19) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

      «24-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып
                 алуға қатысуға өтiнiмдерді ашу

      1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді түпкілікті табыс етудің күні мен уақыты келген кезде мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде береді.
      2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын ашылған күні конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелеріне, осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.»;

      20) 25-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.»;
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша оның конкурсқа қатысуға өтінімінің конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап – екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізген жағдайда шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не оны осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуетті өнім берушілердiң мекенжайына жiберу;
      2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурстық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта бойынша автоматты түрде хабарлама бере отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.»;

      21) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      «26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып
                 алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға
                 ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта жүргізеді.
      2. Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуетті өнім беруші рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсыныстарын беруге тиіс.
      3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің электрондық журналына автоматты түрде енгізіледі.
      4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алу қағидаларында анықталады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайда;
      3) конкурсқа қатысушы бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берген жағдайда;
      4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш келіп түскен жағдайда.
      5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген тиісті салыстырмалы критерийлер мәнін қолдану арқылы автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгі шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық беруші жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жеңiмпаз деп танылады.»;

      22) 27-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізуді қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде жасалады және барлық конкурстық комиссия мүшелеріне және конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы хабарлама бере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.».

      23) 30 және 31-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
               сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

      1. Егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
      2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
      3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржылық жыл ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлікке бөлшектеуге жол берілмейді.

      31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
              сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай:
      1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;
      2) сатып алынатын тауарлардың (техникалық шарттарын көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң қысқаша сипаттамасын;
      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
      4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
      5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;
      6) елеулi талаптарын, оның ішінде техникалық шарттарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.
      Осы тармақта көзделген, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттік сатып алуды мынадай:
      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;
      2) тауарды лизингке беру жөніндегі қызмет көрсетулерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейді.
      2. Әлеуетті өнім беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.
      3. Баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргізеді.
      Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
      Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын салыстыруды автоматты түрде жүргізеді.
      4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.
      5. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      6. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:
      1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
      2) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.
      Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді.
      7. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары оларды шығарғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде жарияланады.
      9. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші не осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және ол мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге табыс етілуге тиіс.
      Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Жеңімпаз деп айқындалған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.
      10. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде бермесе, тапсырыс беруші:
      1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты – осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде баға ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушімен жасасуға;
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.»;

      24) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «32-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
               жүзеге асыру негiздерi

      Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
      1) қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
      3) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;
      4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
      5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн.»;

      25) 33-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
      10) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзінің сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.»;

      26) 34-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;»;
      4) тармақшадағы өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;

      27) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Аукцион тәсілімен және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу»;

      28) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «35-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
               асыру

      1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
      2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның нысанасы болып табылады.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарастыру қорытындысы бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.»;

      29) мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6, 35-7, 35-8 және 35-9-баптармен толықтырылсын:

      «35-1-бап. Аукциондық құжаттама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырады.
      2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәліметтер қамтылады:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
      3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi;
      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
      6) төлем шарттары және елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
      8) аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары мен оның мөлшері;
      9) әлеуетті өнім берушінiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығын көрсету;
      10) аукционға қатысуға өтiнiмді табыс ету тәртiбi және аукционға қатысуға өтiнiмнің талап етiлетiн қолданыс мерзiмi;
      11) әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсіндіру туралы сауалдарды ұсыну тәртібі;
      12) аукционға қатысуға өтiнiмдерді табыс ету мерзімі аяқталатын күн мен уақыт;
      13) аукционға қатысуға өтiнiмдерді ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсiмдерiнiң сипаты;
      14) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгізудің талаптары, түрлерi, көлемi және тәсiлi;
      15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi сатып алу үшін бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
      16) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу үшін бөлiнген соманы төмендету шамасы (ақшалай мәндегі аукцион адымы);
      17) аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау мерзімі аяқталатын күн;
      18) аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
      Аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге аукцион тәсілімен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берiлмейдi.
      4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушінiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      5. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру тәртібі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Бұл ретте аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртіппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өздері туралы мәлiметтер аукциондық құжаттама алған адамдарды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
      2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
      Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, аукционға қатысу өтiнiмдерін табыс етудің соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк жеті күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.

      35-2-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
                асыру туралы хабарлама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      2. Егер аукцион тәсiлiмен өткізілетін мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет  туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспаса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жеті күн бұрын мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

      35-3-бап. Аукционға қатысуға өтiнiм

      1. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуетті өнім берушінiң аукциондық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуетті өнім берушінiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзi мен тапсырыс берушінiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңмен тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көрсетілген фактiлер анықталған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен бұзуға келiсiм беруi туралы растауын қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмнің қолданыс мерзiмi аукциондық құжаттамада белгiленген, талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.

      35-4-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмді табыс ету

      1. Аукционға қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім берушінің мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететін аукционға қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрінде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тізбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екі бөліктен тұрады.
      2. Аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлігі:
      1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауардың сипаты мен ұсынылатын техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын және өндірушінің атауын көрсете отырып, сондай-ақ егер аукциондық құжаттама сатып алынатын тауардың эскиздерін, суреттерін, сызбаларын, фотосуреттері мен өзге де бейнелерін беру туралы талапты көздеген жағдайда, онда аукционға қатысуға өтiнiмде осындай ақпарат қамтылуға тиіс);
      2) жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге келісімін;
      3) аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепілдікті ақшалай жарна түрінде енгізген жағдайда, кепілдікті ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесін қамтуға тиіс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізген кезде оның түпнұсқасы электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тәртіппен, аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзіміне дейін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмнің екінші бөлігі әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмді оларды табыс етудің аукциондық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етуге жол берілмейді.
      4. Аукционға қатысуға өтiнiмдерді белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуетті өнім берушілер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында хронологиялық тәртіппен тіркеледі.
      5. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтiнiмдерді табыс ету мерзiмi аяқталатын кезден кешiктiрмей:
      1) аукционға қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмнің өзi енгiзген қамтамасыз етілуін қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдерді табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты аукционға қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
      6. Әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс беруші, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.

      35-5-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз ету

      1. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді, өзiнiң:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтынының не оны өзгертпейтiнiнiң және (немесе) толықтырмайтынының;
      2) өзін аукционның жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының және аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзетінінің кепiлi ретiнде енгiзедi.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін аукционға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      3. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмінің қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуетті өнім берушінің енгiзiлген кепiлдiкті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған;
      3) аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционның ешбір қатысушысы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда, аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды. Мұндай жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледi.
      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді қайтарады:
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді жағдайда.

      35-6-бап. Аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші
                бөліктерін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат
                беру

      1. Аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін ашуға рұқсатты аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімінің күні мен уақыт келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде береді.
      2. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігі ашылатын күні мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукциондық комиссияның мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген, аукционға қатысуға өтінімдерді тіркеудің электрондық журналына енгізілгені туралы автоматты түрде хабарлама таратады.
      3. Аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуетті өнім берушілердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану мақсатында аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін қарауды жүзеге асырады.
      4. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің мерзімі аяқталатын күннен және уақыттан бастап күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру туралы шешімді қабылдайды.
      5. Егер аукционға қатысуға екеуден аз өтінім берілсе, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады.
      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің әлеуетті өнім берушілер ұсынатын, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке мамандығы сәйкес келетiн мемлекеттiк қызметшiлердi не өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтемсіз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
      Аукциондық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды.
      Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
      8. Әлеуетті өнім беруші, егер:
      1) оның аукционға қатысу өтiнiмiнің бірінші бөлігі аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
      2) аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді енгізбесе, аукционға қатысуға жiберiлмейдi (аукционға қатысушы деп танылмайды).
      9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан аукциондық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (аукционға қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күні қол қояды.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукциондық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді тіркеудің электрондық журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
      10. Аукциондық комиссия екеуден аз әлеуетті өнім берушіні аукционның қатысушысы деп таныған жағдайда аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады.
      11. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.

      35-7-бап. Аукционды өткізу

      1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
      Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады.
      2. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
      3. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
      Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
      4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң бағасы туралы ұсыныстар береді, ол баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейді.
      5. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
      6. Егер аукционның осы қатысушысы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
      7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
      8. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
      9. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы баптың 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады.
      10. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.

      35-8-бап. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші
                бөліктерін қарау

      1. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.
      2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
      3. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау кезінде аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарауды жеңілдету үшін аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерден материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Аукционға қатысу өтiнiмін аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге орай аукционға қатысу өтiнiмін жеткiлiксiз құжаттармен толықтыру, аукционға қатысу өтiнiмінде ұсынылған құжаттарды ауыстыру, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiру тұрғысынан аукциондық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-қимылдарына жол берiлмейдi.
      Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
      4. Әлеуетті өнім беруші осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.
      5. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
      6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылады.
      7. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционның қорытындылары туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні оны қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
      8. Тапсырыс беруші аукцион қорытындылары туралы хаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны аукцион жеңімпазына жібереді.
      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына аукцион жеңімпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер өзіне тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңімпазы осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізіледі.
      10. Егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс беруші өзінің баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңімпазының баға туралы ұсынысынан кейін ең төмен болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында көзделген, белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, тапсырыс беруші өзінің баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты табыс етпеген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткердің баға туралы ұсынысынан кейін ең төмен болып табылатын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      Аукцион жеңімпазын қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлер, осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізілмейді.
      12. Аукциондық комиссияның шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      35-9-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпеді
                деп танудың негіздері мен салдарлары

      1. Аукцион:
      1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтінім берілген жағдайда;
      2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
      3) егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс беруші осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаса, өтпеді деп танылады.
      2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылған болса, тапсырыс беруші:
      1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
      3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.»;

      30) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік
               сатып алуды жүзеге асыру

      1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
      2. Егер, биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.»;

      31) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «37-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу

      1. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгiлiк шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жiбередi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңiмпазына қорытындылар туралы хаттаманың бiр данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
      2. Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
      3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық сомасынан тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті көзделуге тиіс.
      5. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың қағидаларында көзделген жағдайларда өнiм беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
      Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсті түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушінiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiкті ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiкті таңдауға құқылы.
      Шарт бойынша мiндеттемелері толық орындалғанға дейiн өнім берушінің енгiзiлген кепiлдiкті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiнде талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Тапсырыс берушінiң өнім беруші енгiзген кепiлдiкті ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.
      6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:
      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
      2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;
      5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетілу, берілу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
      7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
      8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
      10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
      11. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      12. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
      13. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда тапсырыс беруші қаржы жылы біткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық төлемін өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.»;

      32) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
      1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алуға теріс пиғылды қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.»;

      33) 39-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:»;
      2) тармақшадағы «өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;»;
      2) тармақшадағы «бюджет және өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;»;
      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
      7) мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру жасалынған шарт сомасының өзгермеуі немесе сметалық жұмыстардың азаюы шартымен өзгерген жағдайда және кейіннен мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;
      8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шартты орындаумен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол берiледi.»;

      34) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.»;

      35) 41-баптың 3-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өздері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді;»;
      8) тармақшадағы «қызметтерді;» деген сөз «қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;

      36) 42-баптың 1-тармағындағы «(үлестерінің)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттiк сатып алуды
               ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының,
               мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың
               iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

      Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуетті өнім берушінiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінiң:
      1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
      2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзі қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi мемлекеттiк бақылау органдарына шағымдануға жатпайды.»;

      38) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «47-1-бап. Өтпелі ережелер

      Осы Заңның 12-бабы 6-тармағының ережесі 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.».

      2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтарын, 8) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ