Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексімен

      Ескерту. Осы Заңның күші жойылды – ҚР 20.04.2023 № 224-VII Кодексімен (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 74-баптан қараңыз.
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
     

      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) әртараптандыру – зейнетақы активтерiн жоғалтып алу тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген талаптарға сәйкес оларды түрлi қаржы құралдарына орналастыру;

      2) баспасөз басылымы – тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;

      2-1) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3-1) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      4) ең төмен зейнетақы – республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерi;

      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      6) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылар өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы;

      7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайтын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;

      8) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын, жеке тұлға өз бетінше айқындайтын және оның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;

      9) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға;

      10) жеке зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;

      10-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;

      11) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы осы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      12) зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;

      13) зейнетақы активтерi – зейнетақы төлемдерiн, аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

      14) зейнетақы аннуитетi шарты – бір тарап (сақтанушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын (сатып алу сомасын) беруге мiндеттенетін, ал екінші тарап (сақтандыру ұйымы) сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты;

      15) зейнетақы жинақтары – шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

      15-1) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;

      16) зейнетақы төлемдерi:

      жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;

      еңбек сіңірген жылдары үшін – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға осы Заңға сәйкес төленетін ақша төлемі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16) тармақшаның төртінші абзацын жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16) тармақшаның төртінші абзацының осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;

      17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке тұлға;

      18) инвестициялық декларация – инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiнің хеджирленуі мен әртараптандырылуы талаптарын айқындайтын құжат;

      19) инвестициялық портфель – зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдарының жиынтығы;

      19-1) инвестициялық портфельді басқарушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      20) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      21) инвестициялық табыс – зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған (алуға жататын) ақша;

      22) кастодиан-банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті органның кастодиандық қызметке арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;

      23) кастодиандық шарт – кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсырма беру шарты;

      23-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушыдан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

      24) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi – осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;

      25) мiндеттi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңға сәйкес салынатын ақша;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұсталған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;

      27) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – салымшы (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      28) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      28) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.

      Жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агент ретінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес айқындалған салық агенттері қарастырылады.

      Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;

      29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысына және (немесе) еңбекақыны (табысты) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаспен көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;

      30) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;

      31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

      32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi;

      33) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      34) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      35) пруденциялық норматив – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленетiн экономикалық талаптар;

      36) сақтандыру ұйымы – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде "өмiрдi сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      37) сатып алу сомасы – зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының қайта жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аударымды жүзеге асыру үшін пайдалануға немесе, егер Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға шыққан, сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, шығу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болса, сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;

      37-1) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;

      38) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      39) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар – уәкілетті мемлекеттік органдар;

      40) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      41) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнің) қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында ұлттық басқарушы холдингтiң болуы тұлғаларды бiр-бiрiне қатысты үлестес деп айқындау үшiн негiз болып табылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 42) және 43) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      1-1. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.

      1-2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Респуликасының аумағында уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi.

      2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:

      1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттігі тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

      Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес жыл сайын қайта есептеледі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:

      1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы осы редакциясы 01.07.2018 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

      2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;

      2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері;

      2-2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңдері;

      3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;

      4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күткен уақыт;

      5) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;

      6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;

      7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;

      8) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;

      8-1) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;

      9) бөгденің көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамға, екiншi топтағы жалғызбасты мүгедектігі бар адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтiм жасаған уақыт;

      10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.

      2-1. Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.

      3. Ең төмен зейнетақы мөлшері "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.

      4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.

      5. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 4-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк

      1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ecкepe отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

      Мемлекет осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған, сондай-ақ осы Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылған күннен бастап осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған, инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

      Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ecкepe отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

      2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;

      1-1) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;

      1-2) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;

      3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;

      4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;

      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;

      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;

      8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерiн бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;

      10) зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;

      11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;

      12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

      13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы тұрақты есептілігі;

      14) салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;

      15) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзiнiң зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;

      16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;

      17) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақымен қамсыздандыру саласында:

      1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

      1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;

      2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      3) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-бапты 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, судья терiс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшiн қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекiтедi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-бапты 4-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекітеді;

      5-1) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекiтедi;

      6) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;

      6-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      6-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;

      8) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi

      Орталық атқарушы орган:

      1) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;

      2) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлейдi;

      4) толық маусым iшiндегi жұмысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке жатқызылатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi және бекітеді;

      6) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;

      6-1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;

      6-2) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6-3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      6-4) Мемлекеттік корпорацияның статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6-5) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлейдi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-бапты 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7-3) әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлейді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлейді;

      9-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

      9-2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;

      9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлейді;

      9-5) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      9-6) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-бапты 9-7) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      1-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
      1-2) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      1-3) өздеріне осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      1-4) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      2) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      4-1) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілейді;

      4-2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      6) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      7) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар басталған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік беріледі.

      Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалуға құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша осы зейнетақы төлемдері түрлерінің біреуі тағайындалады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар азаматтар санаттары

      Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:

      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарға;

      2) осы Заңның 11-бабының 13-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 5 нормативтік қаулысын қараңыз.

      3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға төленеді.

      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

      3. Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:

      2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

      Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

      2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

      2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

      2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;

      2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

      3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

      4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:

      1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;

      2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.

      5. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы баптың 13-тармақтарында аталған азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.

      6. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.

      7. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттігі тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьяларына, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi

      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:

      1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;

      2) әскери қызмет;

      3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;

      4) мемлекеттiк қызмет;

      5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;

      6) бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;

      7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланы бағып-күткен уақыт;

      8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;

      9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

      10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты;

      11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар жұмыс істемейтін адамдар мен оларға теңестірілген мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікте болған уақыты;

      12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

      13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

      14) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;

      16) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет;

      17) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі.

      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:

      1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емделуде болған уақыт – әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмдерiн есептеу үшiн белгiленген тәртiппен;

      2) әскери бөлiмдердегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет – екi есе мөлшерде;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс – үш есе мөлшерде;

      4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты – екi есе мөлшерде;

      5) Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумақтарына зорлықпен әкетілген адамдардың, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты – екi есе мөлшерде;

      6) қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған, күзетпен қамауда болған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген, жер аударуда болған, бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған, қоныстандыру-колонияларындағы және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеудегі уақыты – үш есе мөлшерде;

      7) Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шiлде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет – үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлде мен 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет – бiр жарым есе мөлшерде;

      8) алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi инфекциялық аурулар мекемелеріндегi жұмыс – екi есе мөлшерде, сот медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыстар тiзбесi бойынша – бiр жарым есе мөлшерде;

      9) су көлiгiндегi толық навигациялық кезең iшiндегі жұмыс бiр жылғы жұмыс болып есептеледi;

      10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Еңбек өтілін растау

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезең үшін есепке алынады.

      2. Еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не соттың шешiмi негізінде белгіленеді.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен мерзімі

      1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияға беріледі.

      Адамдар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындату үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.

      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

      4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш жасалған күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.

      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық кіріс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

      Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда, орташа айлық кірістің мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кіріске сәйкес белгiленедi.

      3. "Байқоңыр" кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңі үшін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызмет үшін орташа айлық кірістің мөлшерi кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген кіріс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.

      4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.

      Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады.

      5. Алып тасталды - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн кірісті айқындау

      Ескерту. 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған айлар орташа айлық кірістің мөлшерін айқындаған кезде алып тасталады және көрсетілген кезеңнің тура алдындағы немесе одан кейінгі басқа айлармен ауыстырылады.

      3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi.

      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.

      3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті.

      4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау мерзiмдерi

      Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 17.03.2015 № 293-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

20-бап. Мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті

      Ескерту. 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың дерекқорын қалыптастыруды;

      3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды

      9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыруды;

      10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорларын толтыруды және жаңартып отыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;

      11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;

      11-1) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелерi бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара iс-қимыл жасауды;

      12) алып тасталды - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13) алып тасталды - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлерi бойынша ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;

      15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;

      16) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;

      16-1) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруды;

      16-2) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға, біржолғы және өзге де төлемдерге ай сайынғы қажеттілікті, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді орталық атқарушы органға жіберуді;

      16-3) орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарына зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпараттар беруді;

      17) 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық атқарушы органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.

      2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің, осы Заңда көзделген шектеулер ескеріле отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.

      2-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға жасы бойынша зейнетақы төлемдері:

      1) егер жасы бойынша зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген көлемде;

      2) осы Заңның 15-бабына сәйкес есептелген жасы бойынша зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.

      Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.

      Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жасы бойынша зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.

      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.

      4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу

      1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасалған күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.

      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінан уақтылы алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.

      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

      1. Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан зейнетақының артық төленген сомаларын алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiн.

      2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргізіледі.

      3. Төленуге тиiс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.

3-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      24-баптың тақырыбының осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:

      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;

      2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

      3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар;

      4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;

      5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:

      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;

      2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар;

      3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.

      4. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      4-тармақтың 6) тармақшасы 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен.

      6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және (немесе) жастар практикасына жіберген жұмыссыз азаматтар үшін босатылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай мәніндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:

      1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында аталған тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден – кірістер төленген айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрмей;

      2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 5) тармақшасында аталған дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;

      3) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;

      6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;

      7) сақтандыру ұйымы – жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақша 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      8) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-1. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады

      9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.

      10. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылуға жатады.

      Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдардың сомаларын – бұрынғы жұмыскерлер, ал олар қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.

      11. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi.

      Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.

      2. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.

      Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.

      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.

      3. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:

      1) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын аудару фактісі анықталған;

      2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;

      3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер келіп түскен;

      4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімдердің күшін жою немесе оларды жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.

      Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.

      Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.

      4. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшiн өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

      Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салықтық кезеңнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.

      Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын кіріс алатын кіріс болып табылады.

      Кіріс болмаған жағдайда, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың бесінші абзацы 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың алтыншы абзацы 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында аталған бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,0 пайызды құрайды.

      4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi

      5. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жатады.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тарауды 25-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

      Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

      1. Салымшы – жеке тұлғалар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын өзінің табысы есебiнен енгiзедi.

      2. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға құқылы.

      3. Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары болуы мүмкiн.

      4. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеудің мөлшері мен кезеңділігін жеке және заңды тұлға өз бетінше белгілейді.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27-1-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу

      Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызады.

      Ескерту. 27-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      28-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық

      1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Агент мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      4-1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.

      5. Осы баптың 4-1-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдердің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізімдер алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

      Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      29-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер ұсыну

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды, арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.

      Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.

      2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Заңның 24-бабының 2 - 4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.

      3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.

      4. Агент тиісті кезеңде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оларға есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалынған (есепке жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 52-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ
ТӨЛЕМДЕРІ

30-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлеуді ұйымдастыру

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады.

      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында , 32-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асып түссе, осы айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, осы сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.

      Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдардың мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алынған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алу туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кіріс есепке алынады.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024
бастап қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақтың осы редакциясы 01.01.2018 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

      2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының банктік шотына және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға аударады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу, уәкілетті оператордың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банктік көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Ескерту. 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың:

      1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген шарттар басталған кезде;

      2) салымшы 45 жасқа толған кезде осы Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;

      3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

      1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:

      егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;

      егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;

      егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.

      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тарауды 31-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

32-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Ескерту. 32-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

      1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде қырық жасқа толған;

      2) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;

      3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

      1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының үшін емделуіне ақы төлеу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:

      егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;

      егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;

      егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.

      2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерi

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

      1) елу жасқа толған;

      2) мүгедектігі бар адам болып табылатын;

      3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

      2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

      3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзі дербес айқындайды.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

34-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есепке алуға тыйым салынады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауы "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді қамтуға тиіс.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "БЖЗҚ" деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының органдарын, олардың функциялары мен өкілеттіктерін, олардың шешімдерді қалыптастыруы мен қабылдауының тәртібін осы Заң, Қазақстан Республикасының Үкіметі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы және ішкі құжаттары айқындайды.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі кіреді.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;

      2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;

      3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта салымшының (алушының) мүддесін білдіруге;

      4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;

      5) филиалдар мен өкілдіктер ашуға;

      6) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттарға, кастодиандық шарттарға, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаны жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;

      1-1) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған, кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен алушыларға және (немесе) уәкілетті операторға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;

      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақты 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда өткен жыл үшін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;

      4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелерi бойынша Мемлекеттік корпорациямен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға;

      4-2) мыналарға:

      осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпаратты;

      осы Заңның 35-1-бабының 5-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпаратты ақы алмай ұсынуға міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады;

      4-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

      4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауға;

      5-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және көлемде, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашуға;

      5-2) жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей, алдағы жылға есептелген және қолданыста болатын зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін кемінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;

      6) салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;

      9) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;

      9-1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен кезде, беруді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда осы Заңның 35-1-бабында айқындалған тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуға;

      10-1) инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушымен және кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасуға;

      11) салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;

      12) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табысқа кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

      13) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің қарауы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;

      14) өзінің барлық салымшыларына (алушыларына) теңдей жағдайларды қамтамасыз етуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      15) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасуды орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға;

      16) өзінің қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;

      17) ақпарат сақтауға арналған резервтік орталығының болуы;

      18) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, кемінде үш жылда бір рет бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудитін жүргізуге;

      19) ішкі аудит қызметінің болуы;

      20) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшы, жеке тұлға осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға;

      21) салымшы қайтыс болған жағдайда мұрагерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға міндетті.

      10. Салымшылардың (алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

      1) осы Заңда көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

      2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

      3) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада өзінің қызметкерлеріне қаржылай көмекті қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржылай көмек көрсетуге;

      4) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасқан кезде маржалық немесе өзге де қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерін кепiлге беруге;

      4-1) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасқан кезде маржалық немесе өзге де қамтамасыз етуді, сондай-ақ тендерлерге және (немесе) конкурстарға қатысқан кезде қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын қоспағанда, меншікті активтерді кепiлге беруге;

      5) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

      6) қарыз қаражатын тартуға;

      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарын сатып алуды, сондай-ақ қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздармен қарыз беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруды қоспағанда, қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;

      8) кез келген түрдегі кепілгерліктер мен кепілдіктерді беруге;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын не Ұлттық пошта операторымен шарт жасаспаған тұлғаларды осы баптың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға;

      10) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар құруға және оның қызметіне қатысуға тыйым салынады.

      Осы тармақтың талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтері есебінен жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен "репо" операцияларына қолданылмайды.

      Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы

      Ескерту. 35-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және осы Заңға сәйкес өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқаруға қажетті іс-қимылдарды жасауды басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзi таңдап алған сенiм білдірілушінің іс-әрекеті үшiн оны өзі жасағандай жауап бередi.

      2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігіндегі функциялары:

      1) басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.

      3. Инвестициялық декларация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі ескеріле отырып жасалады.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу тәртібі

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасады және зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Заңның 34-бабы 9-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес осындай инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт осы баптың 11-тармағында көрсетілген кастодиан-банктегі шоттарға зейнетақы активтері келіп түскен күннен бастап күшіне енеді.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, кейіннен осы соманы өтеу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары осы инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында болған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшыларға, жеке тұлғаларға аудару үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде меншікті капитал есебінен осы теріс айырманы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтейді.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:

      1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтінішінің болуы;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ кастодиандық шарттың болуы;

      3) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:

      өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайды;

      не

      сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайды;

      4) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келеді.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеуді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасына сәйкес келетін сомада зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаған және (немесе) толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

      7. Инвестициялық портфельді басқарушы өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

      8. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт мынадай жағдайларда:

      1) инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде қадағалап ден қою шараларын қолдану негіздерін жоймаған жағдайда;

      2) инвестициялық портфельді басқарушы осы Заңның 8-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келмеген жағдайда (инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімінен алып тасталған жағдайда);

      3) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында зейнетақы активтері мен олар бойынша міндеттемелердің болмау шартымен, оның бастамасы бойынша;

      4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банк лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған және кастодиан-банк лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде басқа кастодиан-банкпен жаңа кастодиандық шарт жасаспаған жағдайларда бұзылады.

      9. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беру жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады.

      10. Инвестициялық портфельді басқарушыға осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының нормалары қолданылады.

      11. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері таңдауды инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асыратын кастодиан-банктегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шоттарында сақталады және есепке алынады.

      Бір инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды бір кастодиан-банк жүзеге асыруға тиіс.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленеді.

      Ескерту. Заң 35-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

36-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес

      Ескерту. 36-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

37-бап. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшының (алушының)бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарттары

      Ескерту. 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2014 N 156-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлейді.

      2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

      2-1. Алып тасталды – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиандарда шоттар ашуға құқылы.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізеді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабардар етеді.

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері

      1. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылардың:

      1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

      1-1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпарат алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;

      4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;

      4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті беруге;

      4-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өзінің зейнетақы жинақтарын бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтінішті жылына бір реттен жиілетпей ұсынуға;

      4-3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына алғашқы берілгеннен кейін кемінде екі жыл өткен соң) өтініш ұсынуға;

      4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;

      5) өздерінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға:

      1) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-1) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын;

      2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін;

      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.

      3. Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын қайтадан ашу жүзеге асырылмайды.

      Бұл ретте, жеке тұлғаның пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген агент бұрын ашылған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке жатқызылған күннен бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

      4. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.
      5. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.
      6. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

      7. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға;

      2) осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

      8. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:

      1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;

      2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 4-1-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-бап. Салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты

      1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және салымшылардың (алушылардың) құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және өзге де құқықтық қатынастары белгіленеді.

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі мен оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның негізінде жүзеге асырылады.

      4. Салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарнасының сомасы келіп түскен күннен бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп есептеледі.

      5. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.

      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАҒДАЙЫ

41-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асырады және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен ерікті зейнетақы жарналарын тартады.

      2. Қазақстан Республикасының резиденттері-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлері бола алады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді қамтуға тиіс.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "ЕЖЗҚ" деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.

      4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;

      2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;

      3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;

      4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;

      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған, активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға;

      6) уәкiлеттi орган беретін лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      5. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      1) алушыларға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүргізуге;

      2) зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

      3) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген тәртіппен оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсу бойынша айқындалады;

      4) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге;

      5) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;

      7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен аударуға;

      8) уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табыстарға кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Рecпубликасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      6. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына:

      1) салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе инвестициялық декларацияда белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;

      2) осы бапта белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

      3) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

      4) зейнетақы активтерiн иелiктен өтеусiз шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;

      5) өзінің мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың зейнетақы портфелін басқару жөнiндегi қызметпен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн зейнетақы активтерiн пайдалануға;

      6) өзiне тиесiлi активтердi зейнетақы активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);

      7) активтердi кредитке сатуға;

      8) инвестициялық декларацияға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерiнiң есебiнен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;

      9) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және инвестициялық декларацияға сәйкес шығыстардың орнын толтыру мен сыйақы алу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын зейнетақы активтерiн иемденуге;

      10) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі табыстылығы туралы ақпаратты көрсетуге;

      11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

      12) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

      13) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының борыштық бағалы қағаздарды иемденуін қоспағанда, кез келген тәсілмен қарыз беруге тыйым салынады.

      7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

42-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шартқа сәйкес жазбаша нысанда жасалады.

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі және оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

43-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен үлестес емес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады.

      2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.

      3. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      4. Кастодиан-банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және уәкiлеттi органды, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын және мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.

      5. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операцияларды есепке алуды жүргiзедi және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етеді.

      6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.

      7. Кастодиандық шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн күнтізбелік жиырма күн ішінде кастодиан-банкті хабардар ете отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан-банкке беру рәсiмiн аяқтай отырып, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының талабы бойынша бiржақты тәртіппен бұзылады.

      8. Жаңа кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасқан кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы екi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде тиiстi жарияланымдар арқылы өзінің салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.

      9. Кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмге ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, бұрынғы және жаңа кастодиан-банктер арасында бұрынғы кастодиан-банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан-банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.

      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары мен инвестициялық декларациясы

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:

      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды өзгерту және тоқтату тәртiбi;

      2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен шарттары;

      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар (алушылар) алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi;

      4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәртiбi;

      5) салымшыларға (алушыларға) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және кастодиан-банктің акционерлері туралы мәліметтер ұсыну;

      6) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылар (алушылар) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерi қамтылады.

      2. Зейнетақы активтерін инвестициялау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне және инвестициялық декларацияға сәйкес дербес жүзеге асырылады.

      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын және инвестициялық декларацияны, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы бекiтедi.

45-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

      Мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкiлеттi органның қатысуымен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

      Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:

      1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамын, оны қайта ұйымдастырғаннан кейінгі есеп-қисап балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжат қоса беріледі.

      3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      Уәкiлеттi орган ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.

      2. Қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшыларын (алушыларын) алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      3. Қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға құқылы.

      4. Қосылатын ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылған ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен берiлуге тиiс.

      Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту

      Мынадай негiздердiң кез келгенi:

      1) көзделiп отырған қайта ұйымдастырудың салдарынан салымшылар (алушылар) мүдделерiнің бұзылуы;

      2) көзделiп отырған қайта ұйымдастырудың салдарынан Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      3) уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша уәкiлеттi органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартуы жүргізіледі.

      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

47-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын тарату

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры:

      1) уәкiлеттi органның өзі белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылады.

      2. Ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратуды жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

48-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату

      1. Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатын уәкiлеттi орган тиiсiнше ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.

      Өтiнiшхатқа мынадай құжаттар:

      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;

      2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы қорларын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Осы тармақшада көрсетілген құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына және ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерінің және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттарының жоқ екенiн растайтын құжаттарға ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қоюға тиiс.

      2. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган өзінің шешiмiн негiздеуге және бас тартуды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.

      3. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiз бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-1-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту

      Уәкілетті органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) осы Заңның 48-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;

      2) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болуы;

      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражатының жеткіліксіздігі.

      Ескерту. 48-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

49-бап. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату ерекшеліктері

      1. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өтініші негізінде жүзеге асырылады және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы қызмет түрі бойынша барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.

      3. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

7-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

50-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi

      1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi комиссиялық сыйақы шегерiле отырып, зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұл және залалдардың орнын толтыру ретінде түскен қаражатты қамтиды.

      2. Жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерiне құқықтары осы Заңда көзделген заттық құқықтар қатарына жатады.

      3. Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және өзіне зейнетақы активтері осы Заңның 35-бабының 2-тармағына және 35-1-бабына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт негізінде берілген инвестициялық портфельді басқарушылардың борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.

      4. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi тек қана:

      1) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын және инвестициялық декларацияда айқындалатын қаржы құралдарына орналастыруға;

      1-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;

      3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртiппен зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға;

      3-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға;

      5) қате есепке жатқызылған зейнетақы жарналарын және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгiленген жағдайларда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге;

      7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және өзге де шығыстарды төлеуге;

      8) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылған хабарламасы негізінде салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын қайтаруға пайдаланылады.

      5. Алушы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар және осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

      Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тарауды 50-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

50-2-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім

      Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының, 58-бабы 2, 4-тармақтарының және 8-тармағы 2) тармақшасының ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.

      Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).

      Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жазу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.

      Ескерту. 50-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

51-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепке алу және есептiлiк

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:

      1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;

      2) 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражаты бойынша қаржылық пен өзге де есептілікті, бастапқы статистикалық деректерді бөлек-бөлек ұсынады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ меншікті қаражаты мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi бойынша қаржылық пен өзге де есептілікті, бастапқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бөлек-бөлек ұсынады.

      2. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын есепке алу уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен бөлек жүргiзіледi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      51-бапты 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Жеке зейнетақы шотында зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.

      Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      4. Салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізеді.

      5. Зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық табыстың салымшылар (алушылар) есебіне жазылуына бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуда және есептілік жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін құрады, онда:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері және функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;

      2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;

      3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттер;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынуының ішкі рәсімдері;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері қамтылуға тиіс.

      Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

53-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы зейнетақы активтерінің айына 0,01 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

      3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

      4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы:

      1) инвестициялық кірістің 15 пайызынан аспайтын шекте ;

      2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысын өндіріп алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы жыл сайын бекітеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасын осы ұйымның басқарушы органы жыл сайын бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы жылына бiр реттен жиі өзгертiлмейді.

      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

54-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитi

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргiзедi.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:

      1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;

      2) 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаның осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) меншікті қаражаты бойынша үш аудиторлық есеп жасайды.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:

      1) қаржылық есептілік;

      2) зейнетақы активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбiнің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгі тұрғысынан тексеруді қамтиды.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:

      1) басқарушы орган – директорлар кеңесі;

      2) атқарушы орган – басқарма.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, басқарушы органның басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген, уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.

      1-1. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам түсініледі.

      2. Мынадай:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) осы бапта белгіленген:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;

      және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;

      және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;

      және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша;

      және (немесе) экономика және қаржы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда;

      және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;

      және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;

      және (немесе) осы тармақшада санамаланған салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алынған және (немесе) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілген адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала немесе сайлана алмайды).

      Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;

      5) басшы лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала немесе сайлана алмайды).

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сәйкестігін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.

      Басшы қызметкерлер мен басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      3. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшыларының лауазымына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне ғана жетекшілік ететін мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.

      Орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы басшысының лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.

      3-1. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп басқару органы басшысының және мүшелерінің, атқарушы орган басшысының және мүшелерінің, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.

      3-2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидат не бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынуы мүмкін.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі басшы қызметкер лауазымын қайтадан келіспей атқару құқығын береді және мынадай:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидат келісім алынған не басшы қызметкер лауазымынан босатылған (өкілеттіктері тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындалмаған (сайланбаған);

      2) уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.

      4. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органның келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы емес.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын, өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органның келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.

      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктеу жағдайларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндеттерін басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша болмағанда оны алмастыруына) тыйым салынады.

      4-1. Тәуелсіз директор болып табылатын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өзі аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.

      Тәуелсіз директор болып табылатын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының басшысын немесе мүшесін оны сайлағаннан кейін келіскен кезде құжаттар осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде уәкілетті органға келісуге ұсынылуға тиіс.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      4-2. Уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде уәкілетті орган құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган басшы қызметкерлер лауазымдарына осы кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде тоқтата тұрады. Осы мерзім құжаттарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына кандидатты келісуге ұсынған тұлғаға уәжді пайымдаудың жобасы жіберілген күннен бастап уәкілетті органның шешімі уәжді пайымдау пайдаланыла отырып қабылданған күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      5. Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестілеудің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:

      басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;

      басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;

      басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті органның келісу мерзімі ішінде белгіленген уақытта тестілеуге келмеуі;

      3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;

      4) тәуелсіз директор болып табылатын, басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;

      5) құжаттардың тәуелсіз директор болып табылатын, басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын уәкілетті органның келісуінсіз атқарып жүрген, осы баптың 4-1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;

      6) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген деп танылған әрекеттерді жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган мұндай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      7) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың өзіне қатысты уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері екендігі туралы мәліметтердің болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган қаржы ұйымының әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;

      уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндеттерін атқарған адамы және (немесе) трейдері түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан уәкілетті орган алған мәліметтер жатады.

      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органды осы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      8. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер бойынша кері қайтарып алады:

      1) келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін атқарудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оларды шеттеткен немесе жұмыстан шығарылған жағдайда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі;

      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.

      6) басшы қызметкерлердің осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры:

      1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған;

      2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда, басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

56-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жариялаған күнгi шындыққа сай келмейтiн қызметті жарнамалауға тыйым салынады.

      2. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе теріске шығарылуын жариялауды талап етуге құқылы.

      Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда, уәкiлеттi орган жарнамада қамтылған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен оларды нақтылауға құқылы.

      3. Зейнетақы активтерi бойынша табыстылық туралы ақпарат тиiстi инвестициялық табыс алынған кезеңдi көрсетіп қана берілуі мүмкiн.

57-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясы

      1. Зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы және оның қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру зейнетақы жинақтарының құпиясын жария ету болып табылмайды.

      Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде зейнетақы жинақтарының құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы зейнетақы жинақтарының құпиясын жария ету болып табылмайды.

      3. Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

      4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар:

      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олардың жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша;

      2) соттарға – сот ұйғарымының негiзiнде олардың жүргізуіндегі iстер бойынша;

      3) сот орындаушыларына – сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;

      4) мемлекеттік кіріс органдарына – міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) байланысты мәселелер бойынша;

      5) уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;

      6) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;

      7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;

      8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;

      9) Мемлекеттік корпорацияға – салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алу кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуын есептеу үшiн, сондай-ақ салымшының (алушының) өтініші негізінде не оның өкілінің нотариат куәландырған сенімхаты бойынша немесе соттың шешімі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;

      10) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

      11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берілуі мүмкін.

      12) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      5. Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагерлер болып табылатын немесе өсиетте аталған адамдарға жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарымның негізінде беріледі.

      6. Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының бар-жоғы туралы, ондағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша беріледi.

      Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тарауды 57-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

58-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;

      2) жазбаша ескерту шығаруға;

      3) жазбаша келісім жасауға құқылы.

      2. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне арналған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 7-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

      4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабарлауға міндетті.

      6. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

      7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.

      8. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға және оларды өндіріп алуға;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға не одан айыруға;

      3) осы Заңның 55-бабында аталған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері (қызметкерлері) лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы. Осы Заңның 55-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында тиісті басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуды жүргізеді.

      9. Уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге мынадай негіздердің кез келгені бойынша тоқтата тұруға құқылы:

      1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі анықталуы;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі басталуының лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідіруі;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

      4) уәкілетті орган белгілеген нормативтердің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;

      6) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары талаптарының орындалмауы;

      7) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тарту;

      8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде жоймауы;

      9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;

      10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзуы.

      10. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды (алушыларды) тартуға тыйым салуға алып келеді.

      11. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры күнтізбелік он күн ішінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді.

      12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептерін белгіленген мерзімде жоймауы уәкілетті органның лицензиядан айыруына негіз болып табылады.

      13. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Уәкілетті органның көрсетілген шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.

      Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері

      1. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.

      Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.

      2. Сақтандыру ұйымынан төленетін бір айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшерінен) төмен болмауға тиіс.

      Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін сақтандыру ұйымынан төленетін бір айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.

      3. Сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банк шотына сақтандыру төлемдерін аударады.

      Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Сақтандыру ұйымдары жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға ай сайын ұсынады.

      Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

60-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      1. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу тәртібі мен оның үлгiлік нысанын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

      2. Зейнетақы аннуитетi шарты осы Заңның талаптарында айқындалған мерзiмге жасалады.

      3. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар және бір мезгілде сақтандырушылар болып табылатын екі сақтанушы (сақтандырылушы) зейнетақы аннуитеті шартының тарабы бола алады.

      4. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасатын адам сақтандыру ұйымын таңдауда еркін болады.

      5. Зейнетақы аннуитетi шарты жазбаша нысанда жасалады.

      Сақтанушының (сақтанушылардың) немесе салымшының (салымшылардың) сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылған өтініші зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болып табылады.

      Өтінішке сақтанушы (сақтанушылар) немесе салымшы (салымшылар) қол қояды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (мәтін алып тасталды).
      6. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (мәтін алып тасталды).

      7. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді осы Заңның және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырады.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап зейнетақы аннуитетi шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

      9. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда, бірақ оны жасасқан күннен бастап кемінде екі жыл өткен соң, зейнетақы аннуитетi шарты тек сақтанушының (сақтандырылушылардың – зейнетақы аннуитеті екі тұлғамен жасалған жағдайда) бастамасымен ғана не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шығу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға шыққан жағдайда бұзылуы мүмкін.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда, сақтандыру төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын бұзу, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі осы баптың 3-тармағына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шартында белгіленеді.

      Зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде:

      1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандыру ұйымының істі жүргізуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегеріліп, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауға тиіс;

      2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауы керек.

      10. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшының (алушының) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.

      11. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда:

      1) сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі осы баптың 13-тармағына сәйкес айқындалады;

      2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін кезеңдік сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.

      12. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді сақтандыру ұйымы уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге жұмсайтын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемі индекстеу мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.

      13. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:

      ерлер – 55 жасқа;

      әйелдер:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;

      2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;

      2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;

      осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.

      14. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге ол бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге осы Заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.

      15. Сатып алу сомаларын зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты бір сақтандыру ұйымынан екінші сақтандыру ұйымына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушының:

      1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

      2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;

      2-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;

      4) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтанушы:

      1) зейнетақы аннуитетi шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитетi шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осындай шарттың түпнұсқасын және (немесе) зейнетақы аннуитетi шартына қосымша келiсiмді ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

      2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын беруге міндетті.

      3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бiр рет және толық көлемде алады.

      4. Сақтандыру ұйымы:

      1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисаптарымен таныстыруға;

      2) зейнетақы аннуитетi шартын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресiмдеуге;

      3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды жүзеге асыруға;

      4) ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (мәтін алып тасталды).

      5) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде құқықтары бұзылған сақтанушыға немесе сақтандырылушыға мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы, бірақ төленбей қалған соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;

      6) сақтанушы және (немесе) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 15 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;

      7) қайтарылуға жататын ақша сомасын осы Заңның 60-бабының 14-тармағында көзделген өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.

      Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртiбi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мiндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

63-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша Сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисаптарын жүзеге асыру

      Ескерту. 63-бап алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру

      Ескерту. 9-тарау тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 5 нормативтік қаулысын қараңыз.

      1. Мыналар:

      1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;

      2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған;

      3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жыл және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

      2. Мыналар:

      1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;

      2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты шығарылған;

      3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жыл және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған не арнаулы атақтарға немесе сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы немесе сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған, арнаулы атақтарға және сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

      2-1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға, штаттың қысқартылуына байланысты не денсаулық жағдайы салдарынан, не Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кезде арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толуына байланысты жұмыстан шығарылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы жалпы еңбек өтілі жиырма бес және одан көп жыл болған, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құраған кезде туындайды. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      3. Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалу шарттарына сәйкес адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар.

      4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес тағайындалады.

      5. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау, біліктілік сыныбын белгілеу кезiнде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметке қабылданған күннен бастап қызмет өткеру кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      6. Осы баптың 5-тармағында аталған және қайтадан үш жыл қызмет еткен адамдар қызметтен қайта босатылған кезде, қызметтен қайта босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемінің тағайындалуына не еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттыруларды ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта төлетуді таңдауға құқығы бар.

      Осы тармақтың күші осы баптың 5-тармағында көрсетілген, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтар – 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарындағы қызметтен қайтадан шығарылған адамдарға қолданылады.

      7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан кем еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күніне қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

      8. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.

      Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу

      1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардағы жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.

      Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері – ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күніне жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн бір пайызына ұлғайтылады.

      Қызметтен босатылған күніне жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына, 2-1-тармағына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 5 нормативтік қаулысын қараңыз.

      2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.

      3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай жабдықталымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.

      4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.

      5. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебінен белгіленеді.

      6. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері осы баптың 2 – 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.

      7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу

      Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары қайта қарауға жатпайды.

      Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері

      Ескерту. 67-бап алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

68-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру мерзімдері

      1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай жабдықталым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады.

      Өтініш пен қажетті құжаттар тиісті мемлекеттiк органда тіркелген күн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен ерте емес жүзеге асырылады.

      2. Осы Заңның 64-бабының 3-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға өтініш жасаған күннен бастап тағайындалады.

      3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен ерте емес жыл сайынғы индексациялар ескеріле отырып, тағайындалады (қайта басталады).

      4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса алып, жүзеге асырылады.

      5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Заңның 65-бабына сәйкес тағайындалған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.

      Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.

      Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.

      Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты және тәртібі

      Ескерту. 69-бап алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

71-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы болған адамдарға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар

      1. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.

      2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

      3. Осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарында және 64-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуы мүмкін.

      4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау шарттары, тәртiбi және олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.

      Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

72-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

73-бап. Өтпелі ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрады.

      2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен кесте бойынша жүзеге асырылады.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Орталықтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.

      Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге салымшылар (алушылар) алдында зейнетақы активтері бойынша берешегі бар жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылатын күнге дейін оны өтеуге міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруге байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бергенге дейін уәкілетті органға ұсынады.

      Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебінде орындаушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірі және аталған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру аяқталғанға дейін:

      1) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру ұйымдарына аудару;

      2) кестеде айқындалған мерзімдерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды қоспағанда, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына ауыстыру тоқтатылады.

      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияларының қолданысы зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне осы баптың 2-тармағында аталған барлық уәкілетті өкілдер қол қойған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшылармен (алушылармен) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады.

      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салымшылар (алушылар) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыруға;

      2) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға лицензиялардың бланкілерін қайтаруға міндетті.

      7. Жинақтаушы зейнетақы қорлары осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.

      8. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға арналған лицензияның бланкін уәкілетті органға қайтарғаннан кейін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар келіп түскен кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.

      9. Зейнетақы жинақтары осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшыларға осы Заңның 39-бабының 3-тармағында және 40-бабында белгіленген талаптар қолданылмайды.

      10. Жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) тараптардың бірі болып табылатын, жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыруға, жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) қызметін ұйымдастыруға, жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысына, жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) есепке алуы мен есептілігіне, зейнетақы жинақтарының құпиялылығына және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға байланысты құқықтық қатынастар жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) лицензиясының қолданысы тоқтатылған күнге дейін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес реттеледі.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайтын нормалары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары, егер пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген адамдар өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесіне кірген кәсіптер жұмыскерлері болып табылған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарына аударылады.

      Өзге де барлық жағдайларда 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ерікті зейнетақы жарналарына аударылады.

      11. Зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияларының қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатылатын, инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия алмаған жинақтаушы зейнетақы қорлары, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес таратылуға жатады.

      Мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      12. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғанда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оларды толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеледі.

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, жеке зейнетақы шотында қалған, бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатады.

      13. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған, мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайта есептеледі.

      14. 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен қайта есептеледі.

      15. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі нысанында төленеді.


      Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 342-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

74-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 34-баптың 1-тармағын;

      2) осы Заңның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайтын нормаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. 28-баптың 4-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "4. Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек олардың пайдасына өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiн ұсынбаса және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

      Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.".

      2-1. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 39-бабының тақырыбы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері".

      2-2. 25-баптың 4-1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 5 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 5 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.".

      3. Осы Заңның 73-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.