Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.04.2018 № 173 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері

      Ескерту. Мөлшерлемелер жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.03.2017 № 144 (01.04.2017 бастап қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

Р/с

1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0)

Дизель отыны
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі
(маусым – қазан)

10500

9300

2.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі
(қараша – мамыр)

10500

540

3.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

0

0

4.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
(маусым – қазан)

11000

9360

5.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
(қараша – мамыр)

11000

600

6.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

7.

Импорт

4500

540

8.

Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру
(маусым – қазан)

10500

9300

9.

Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша – мамыр)

10500

540

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      V х 0,730

      М = --------------------, мұндағы:

      1000

      М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;

      V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;

      0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      V х 0,769

      М = -------------------, мұндағы:

      1000

      М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;

      V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;

      0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.