РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20,
121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
мазмұнында 283-баптың тақырыбындағы «асырау үшін төленетін соманың арттырылуы» деген сөздер «асырап-бағуға төленетін сомаларды ұлғайту» деген сөздермен ауыстырылып, 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Азаматты асырап-бағуға төленетiн сомаларды
ұлғайту
Азаматты тiкелей асырап-бағуға ақшалай мiндеттеме бойынша төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өмiр бойы асырап-бағу шарты бойынша өтеу және басқалары) инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 845-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«845-1-бап. Исламдық сақтандыру»;
2) 567-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы лизингі шартының елеулі талаптары «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
3) 818-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.»;
4) 824-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында айқындалады.
Қайта сақтандыру шарты осы Кодексте сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Исламдық қайта сақтандыру шарты осы Кодексте исламдық сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Бұл ретте, негiзгi сақтандыру шарты (исламдық сақтандыру шарты) бойынша сақтандырушы қайта сақтандыру шартында (исламдық қайта сақтандыру шартында) сақтанушы болып есептеледі.»;
5) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтандырушының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы мөлшері, оны төлеу шарттары мен тәртібі (исламдық сақтандыру шарты жасалған кезде);»;
6) 40-тарау мынадай мазмұндағы 845-1-баппен толықтырылсын:
«845-1-бап. Исламдық сақтандыру
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған сақтандыру шарты (осы Кодекстің 803-бабы) исламдық сақтандыру шарты болып табылады.
2. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын инвестициялау нәтижесінде алынған кірістерді сақтандырушы исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қалыптастыратын исламдық сақтандыру қорына аударуға тиіс.
3. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша алған сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ исламдық сақтандыру қорын құрайтын өзге де мүлік сақтандырушыға меншік құқығымен тиесілі болмайды.
4. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға және жасалған исламдық сақтандыру шартына сәйкес исламдық сақтандыру қорының қаражаты есебінен исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алуға құқылы.
5. Исламдық сақтандыруды жүзеге асырудың, исламдық сақтандыру қорын қалыптастырудың, есепке алудың, пайдаланудың және бөлудің, исламдық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері және олардың қызмет ету шарттары осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.»;
7) 937-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.»;
8) 938-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
9) мазмұнында 943-баптың тақырыбындағы «зиян өтемінің көбейтілуі» деген сөздер «зиянды өтеуді ұлғайту» деген сөздермен ауыстырылып, 943-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«943-бап. Күнкөрiс құнының артуына байланысты зиянды
өтеуді ұлғайту
Азаматтарға денсаулығының зақымдануына немесе жәбiрленушiнің қайтыс болуына байланысты төленетiн зиянды өтеу сомалары инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.»;
10) 944-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәбiрленушiнiң еңбекке қабiлеттілігiнiң төмендеуiне немесе қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргiзiледi.
Жәбірленушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне, бірақ оның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуінен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Дәлелдi себептер болған кезде сот зиян келтiрушiнiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, өтеттіруге құқығы бар азаматтың талап етуі бойынша оған тиесiлi төлемдердi бiржолғы, бiрақ үш жылдан аспайтындай етіп тағайындауы мүмкiн.»;
11) 945-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың өтеуі жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек жүзеге асырылады, олардың мөлшерлері инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.».
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 3, 13-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) өрескел абайсыздық – қызметкердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуына ықпал ететін әрекеттері;»;
2) 164-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына
келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің
материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.
3. Қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды жұмыс берушілердің өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Қызметкерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiмен байланысты зиян келтірілген кезде жұмыс беруші қызметкерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған, әрбір оқиға бойынша жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды.».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат):
1) 43-1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.»;
2) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңдері бойынша өзгертуге жатпайды.
Қосылған құн салығын төлеуші таңдаған, осы Кодекстің
260-бабының 4-тармағында және (немесе) 262-бабының 5-1-тармағында көзделген қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін белгіленген салық кезеңіне қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңдері бойынша өзгертуге жатпайды.»;
3) 90-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацындағы «еншілес ұйымына берген жағдайда борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды;» деген сөздер «еншілес ұйымына;» деген сөздермен ауыстырылып және 8) тармақшадағы «азайтқан жағдайлар» деген сөздер «азайтқан жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;»;
2-1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.»;
төртінші бөлікте:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;»;
4) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«талап ету құқығын басқаға беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүдделерін білдіретін немесе осындай банктің мүдделерінде мүлікті басқару үшін шет мемлекеттің соты тағайындайтын тұлға арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ережелер өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.»;
4) 91-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.»;
5) 106-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері:
өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің;
өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
«1-4. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.»;
6) 143-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) резидент банкке, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;»;
7) 193-баптың 5-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.»;
8) 200-1-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.»;
9) 250-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ислам банктерінің мүлікті беруі:
1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;
2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкі алуға жататын кіріс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.»;
10) 260-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосылған құн салығын төлеушіде:
салық салынатын айналымдар;
осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар;
басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, осы баптың 3-тармағын қолданатын қосылған құн салығын төлеуші, осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың пропорционалды әдісін қолдануға құқылы.»;
11) 262-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.»;
12) 396-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;»;
13) 397-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.»;
14) 398-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру щеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша, осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.»;
15) 399-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 398-бабының 9-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын әрбір объект бойынша:
салық салу объектілері сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 397-бабының 1-тармағына сәйкес;
салық салу объектілері сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 397-бабының 1-1-тармағына сәйкес жеке айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.»;
16) 581-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті органның интернет-ресурсында ол туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге және осы банкте ашылған банк шоты бар, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы тармақшаның ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде сатып алушы банк берген банк шоттарының орнына бас банк банк шоттарын және қайта ұйымдастыру шеңберінде біріктірілген жағдайда банк берген банк шоттарының орнына құқықтық мирасқор банк ашатын банк шоттарын ашу кезінде қолданылмайды.
Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
230-баптың үшінші бөлігіндегі «, облыстық және аудандық» деген сөздер «және облыстық» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат;
№ 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат):
8-бап:
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық көрсетілетін қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;».
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 3-баптың 5-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.»;
2) 5-1-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ақшаны бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен, екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруды;»;
3) 6-бапта:
1) тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекітілген өкілеттіктері шегінде жүргізетін қызметті (операцияларды) қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»;
4) 8-бапта:
3-тармақта:
1) тармақшада:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдарды;»;
мынадай мазмұндағы сегізінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«лизинг қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды;»;
«осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды;»;
2) тармақшаның сегізінші абзацындағы «резиденті емес – заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ олардың акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды.» деген сөздер «бейрезиденті – заңды тұлғаларды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларға қолданылмайды.»;
8-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін облигацияларды;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз мүлкін сатумен айналысуға құқылы.»;
5) 11-2-баптың 4-тармағында:
2) тармақшадағы «жылжымайтын мүлікті» деген сөздер «жылжымалы және жылжымайтын мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қабылдаған жағдайда» деген сөздер «қабылдаған не олар кепілге өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
6) 15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге қолданылмайды.»;
7) 16-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы
2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;»;
8) 17-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімді бақылау немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушы банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген, пайдаланған және (немесе) оған билік еткен жағдайда инвестициялық портфельді басқарушыға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
9) 29-бап мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының талаптары осы Заңның
61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу нәтижесінде, сондай-ақ егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкке басқа банкті біріктіру нысанында оны қайта ұйымдастырған кезде банктің филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді ашуына және (немесе) жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайда орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын ұлғайтуға байланысты оған қолданылмайды.»;
10) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
11) 34-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Осы баптың 4, 5, 8 – 11-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер мен кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ ислам банктерінің осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларына қолданылады.»;
12) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
Банктердiң, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердiң еншілес ұйымдарының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның кредит шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.»;
13) 40-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз қарыздар (бланкілік қарыздар) бере алмайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.»;
3-1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банк меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның эмитациялаған бағалы қағаздарын сатып алуға әкеп соғатын мәмілені жасаса алмайды.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, мұндай мәмілелердің үлгілік шарттарын банктің директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талаптардың құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 3-1-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға әкеп соғатын, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.»;
14) 48-баптың 1-тармағының л-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«л-1) банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат беру;»;
15) 48-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, банкке келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға, сондай-ақ осы Заңның 61-2-бабында көзделген банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;»;
16) 50-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 4 – 8-тармақтарында көзделген ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған банктердің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8) және 8-1) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар, оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3 және 61-4-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;»;
«8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты заңды тұлғаға, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктiң еншілес ұйымына осы кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алатын активтерді тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;»;
17) 52-5-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке және заңды тұлғаларды:
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыру;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен қаржыландыру;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі өз ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер өздерінің ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын иемденеді, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлік басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлік басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, көлік құралдарын және өзге де жылжымалы мүлікті тіркеуді қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншіктің қатысушыларының есебін жүргізеді.»;
18) 52-6-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен кіріс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болған жағдайда, ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бір бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозит шығынды болған кезде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде кіріс болмаған кезде) сыйақы алу құқығын жоғалтады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ислам банкінің тартылған ақшаны инвестициялық депозит туралы шартта айқындалған деңгейде кіріс алынуы мүмкін активтерге орналастыруын көздейтін жағдайды қоспағанда, инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша кірістің және (немесе) ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.»;
19) 52-8-бапта:
тақырып және 1-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«52-8-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы
шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы
сауда делдалы ретінде жеке және заңды
тұлғаларды қаржыландыру
1. Ислам банктері ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі – коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауарды сатып алу кезінде ислам банкі сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті.»;
20) 4-1-тарау мынадай мазмұндағы 52-12-баппен толықтырылсын:
«52-12-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату
шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы
сауда делдалы ретінде жеке және заңды
тұлғаларды ислам банкінің қатысуымен исламдық
қаржыландыру
1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды исламдық қаржыландыруға осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 52-8-бабының ережелері қолданылады.
Осы баптың мақсаттары үшін ислам банкінен тауарды сатып алатын және оны кейіннен үшінші тұлғаға сататын жеке немесе заңды тұлға банктің клиенті деп аталады.
2. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды исламдық қаржыландыру деп мынадай талаптар сақтала отырып, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша жүзеге асырылатын мәміле танылады:
1) ислам банкі және банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шарттың тараптары болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартта банктің клиенті тауарды кейіннен сатуды жүзеге асыратын үшінші тұлға (осы баптың мақсаттары үшін – үшінші тарап) көрсетіледі;
2) коммерциялық кредит туралы шарт бойынша банк клиентінің тауарды сатып алуы, сондай-ақ банк клиентінің тауарды үшінші тарапқа кейіннен сатуы ислам банкінің қатысуымен жүргізіледі;
3) коммерциялық кредит банктің клиенті ислам банкінен сатып алған тауарды банк клиентінің үшінші тарапқа өткізуі шарттарымен беріледі. Бұл ретте, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша өткізілген тауарға меншік құқығы коммерциялық кредит туралы шарт жасалғаннан кейін дереу үшінші тарапқа өтеді, үшінші тараптың тауардың ақысын төлеуі тауар мен осы тауардың құжаттары оған берілгеннен кейін кідіртілместен, мұндай тауарды ислам банкінің тауар берушіден сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі;
4) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде халықаралық тауар биржаларында өткізілетін және ислам банкі халықаралық тауар биржаларында не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі биржадан тыс нарықта сатып алатын тауар айқындалады. Ислам банкі және банктің клиенті сол бір тауарды коммерциялық кредит туралы бірнеше шарт бойынша бір мезгілде сатуды жүзеге асыруға құқылы емес;
5) банктің клиенті коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген тауарды ислам банкінің үстемеақысын есептеместен, осындай шартта көрсетілген көлемде және баға бойынша үшінші тарапқа кейіннен сатуды жүзеге асырады;
6) тауарды ислам банкіне сатуды жүзеге асыратын тауарды сатушы тауарды кейіннен сату жүргізілетін үшінші тарап бола алмайды;
7) ислам банкі, банктің клиенті және үшінші тарап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды.
3. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін тауар биржасы халықаралық тауар биржасы деп танылады:
тауар биржасы тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес егемен рейтингі бар мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырады;
тауар биржасында жасалған биржалық мәмілелердің көлемі мен саны жөніндегі ақпарат Дүниежүзілік биржалар федерациясының интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық есептерде жарияланады.
Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, мұндай банк операциясы коммерциялық кредит беру туралы шарт ресімделе отырып, сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды ислам банкінің қатысуымен және үшінші тараптың қатысуымен исламдық қаржыландыру деп танылмайды.»;
21) 60-1-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Біріктірілетін банктің кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелері бірігу жүзеге асырылатын банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген банк шоттарын жүргізуді бірігу жүзеге асырылатын банк жүзеге асырады.
4. Біріктірілетін банк бірігу жүзеге асырылатын банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, біріктірілетін банкте ашылған олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың біріктірілетін банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтарымен бірге беруге құқылы.
5. Бірігу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банк шоттарының деректемелерінің (оның ішінде, біріктірілетін банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу мерзімінің шеңберіндегі қажетті мерзімде депозиторлардың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың біріктірілетін банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын біріктірілетін банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Мұндай нұсқауларды орындау біріктірілетін банктің корреспонденттік шоты пайдаланыла отырып жүргізіледі. Бірігу жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
6. Қайта ұйымдастыру рәсімінің шеңберінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді бірігу жүзеге асырылатын банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
7. Банкті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу шеңберіндегі қажетті мерзім аяқталғаннан кейін:
1) бірігу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банк шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банк шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтарының берілгені туралы хабардар етеді;
2) депозиторлардың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар банк шоттарына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жаңа жеке сәйкестендіру кодтары беріледі.
Бұл ретте:
бірігу жүзеге асырылатын банк депозитордың банк шотына талапты (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банк шоттарына ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банк шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды бірігу жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) бірігу жүзеге асырылатын банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес банк шотына берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, осындай банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
депозитордың бірігу жүзеге асырылатын банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) бірігу жүзеге асырылатын банк олардың біріктірілетін банкке келіп түскен күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен бірігу жүзеге асырылатын банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді бірігу жүзеге асырылатын банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және бірігу жүзеге асырылатын банк пен депозиторлар арасындағы келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Бірігу жүзеге асырылатын банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, талаптарды, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтарды орындау бойынша, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.»;
22) 61-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-2-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа
банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі
операция
1. Банк кредиторлары мен депозиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) (бұдан әрі – сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны банк, консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) жүргізуі мүмкін.
Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және міндеттемелерді толық мөлшерде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру арқылы бас банк пен осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақта көзделген операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияларды уәкілетті органмен келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Банк, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі, уақытша басқарушысы) банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Хабарландыру осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Осы тармақтың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады.
Банк активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісуі ретінде қаралады.
Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде міндеттермелерді беруге қарсы депозиторлардың қарсылықтары болған кезде мұндай депозитор банктің міндеттемелерді беруіне жазбаша бас тартумен күнтізбелік он күннен кешіктірмей банкке жүгінуге міндетті. Депозитор бас тартуға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес ресімделген, депозитті қолма-қол ақшамен беру туралы немесе оның сомасын басқа банкке аудару туралы нұсқауды қоса береді.
Консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқарушысының), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) активтер мен міндеттемелерді беруі банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімінсіз жүзеге асырылады.
Банк шоттарына банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар, депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері депозиторлардың міндеттемелерді беру бойынша қарсылықтарының болуына қарамастан сатып алушы банкке беріледі.
5. Кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген ағымдағы және жинақ шоттарын жүргізуді сатып алушы банк жүзеге асырады.
6. Банк сатып алушы банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, банкте ашылған олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы.
7. Сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары деректемелерінің (оның ішінде банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өтпелі кезең ішінде депозиторлардың сатып алушы банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып осындай нұсқауларды орындаудың ерекшеліктері банк пен сатып алушы банктің келісімі бойынша айқындалады.
8. Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін:
1) сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банк шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтарының берілгені туралы хабардар етеді;
2) депозиторлардың сатып алушы банкке берілген, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар банк шоттарына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жаңа жеке сәйкестендіру кодтары беріледі.
Бұл ретте:
сатып алушы банк депозитордың банк шотына талаптар (банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банк шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың сатып алушы банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, орындалмаған талаптарды сатып алушы банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес- сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын депозитордың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес банк шотына берілген тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, сатып алушы банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
депозитордың сатып алушы банкке берілген банк шотына бұрын қойылған, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы банк олардың банкке келіп түскен күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен сатып алушы банк ашқан депозиторлардың жаңа банк шоттарынан орындайды;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді сатып алушы банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және сатып алушы банк пен депозиторлар арасындағы келісімдердің шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Сатып алушы банк осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына қызмет көрсетуді банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, талаптарды, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтарды орындау бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.
9. Осы баптың 6 және 7-тармақтарының ережелері банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізген кезде қолданылмайды.
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың
1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізген кезде сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары бойынша осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен, осындай депозиторларға жаңа банк шоттарын ашады, жеке сәйкестендіру кодтарын береді және осы баптың 8-тармағында көзделген, депозиторлардың банк шоттарына қойылған талаптарды, оның ішінде банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) орындайды.
10. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтар (талаптар) түрінде банк активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.
Банк борышкерді (борышкерлерді) хабардар ету мақсатында осы баптың 3-тармағында көрсетілген, банк құқықтарының (талаптарының) бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Борышкер құқықтарды (талаптарды) берген банкке өзінің міндеттемелерінің бір бөлігін немесе оларды толық мөлшерде орындаған жағдайда, осы орындау тиісті кредитор үшін орындалған деп танылады.
11. Банк активтері мен міндеттемелерін беру шартқа тапсыру актісін қоса бере отырып, активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Тапсыру актісінде берілетін активтер, берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар және міндеттемелер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мiндеттемедегi тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады.
12. Осы Заңның 61-4-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде банк активтерін сатып алушы банкке беру осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
13. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді берген банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы.
14. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады.
15. Қайта құрылымдау процесіндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру осы Заңның 6-1-тарауының ережелеріне сәйкес қайта құрылымдау жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.»;
23) мынадай мазмұндағы 61-4-баппен толықтырылсын:
«61-4-бап. Еншілес банктен бас банкке активтер мен
міндеттемелерді беру және бас банктен еншілес
банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір
бөлігін не оларды толық мөлшерде беру арқылы
бас банк пен осы Заңға сәйкес өзіне қатысты
қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк
арасында активтер мен міндеттемелерді бір
мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу
ерекшеліктері
1. Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және салымдарды орналастыру мен ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде бір мезгілде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде бір мезгілде беру жөніндегі операция бір шарттың шеңберінде уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.
2. Осы баптың мақсаттары үшін еншілес банк деп осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, бас банкке активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде және салымдарды орналастыру мен ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде беретін және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде қабылдайтын еншілес банк түсініледі.
3. Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бас немесе еншілес банктің жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттарына жаңа кредиторды, кепіл ұстаушыны көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етпейді.
Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілгердің және өзге де тұлғалардың басқаға беруге келісімі талап етілмейді. Бұл ретте, жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін елеулі маңызы жоқ деп танылады.
4. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты (тапсыру актісі қоса беріле отырып) сатып алушы банк берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар өткен, бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредитор туралы мәліметтерді құқықтық кадастрға, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізу мақсатында уәкілетті тіркеуші органға (ұйымға) береді.
Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредиторға үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан тіркелген ауыртпалықтар, тыйым салулар, мүлікке иелік етуге қатысты өзге де шектеулер бар мүлікке құқықтардың өтуі үшін де негіз болып табылады.
5. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасалған күннен бастап осы Заңның 30-бабында көзделген банк операциялары мен өзге де операциялар және қызмет түрлері бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және онда құқықтары (талаптары) берілген банктің барлық құқықтары мен міндеттері болады.
6. Акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде еншілес банктің активтерін бас банкке беру, осы баптың 1-тармағында көрсетілген келісімнен басқа, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, уәкілетті органнның қосымша рұқсаттарын, келісімдерін немесе хабарламаларын бас банктің алуын талап етпейді.
7. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операция жүзеге асырылғаннан кейін банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензия еншілес банктің уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрдегі өтінішіне байланысты өз қолданысын тоқтатады.
8. Банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға:
өз атауында «банк» деген сөзді сақтап қалуға құқылы;
осы бапта көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілген, бас банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы;
өзіне берілген құқықтар (талаптар) бойынша кредитор (қарыз беруші) деп танылады және банктік қарыз шарттарында белгіленген, өзінде қалған құқықтар (талаптар) бойынша кредитордың (банктің, қарыз берушінің) құқықтары мен міндеттерін сақтап қалады;
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құрады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейінгі өтпелі кезеңде бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға уәкілетті органның лицензиясынсыз банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруына, оның ішінде депозиторлардың бас банкке берілген банк шоттары бойынша еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып жүзеге асыруына байланысты аударым операциялары;
2) бас банктің корреспонденттік шотын ашу және жүргізу;
3) депозиттерді қабылдау, ұлттық басқарушы холдингтің, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банк шоттарын ашу және жүргізу;
4) осы баптың 8-тармағына сәйкес банктік қарыз шарттарында белгіленген, өзіне берілген және өзінде қалған құқықтар (талаптар) бойынша қарыз операциялары.».
8. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат):
9-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4 бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді.».
9. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
3-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
2) 16-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
2-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір балаға – 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.».
10. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалдары берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде, тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалдары өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.
Үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтардың, тыйым салулардың, мүлікке иелік етуге өзге де шектеулердің болуы, жаңа кепіл ұстаушы бұл жөнінде хабардар етілген жағдайда, мәміле бойынша талаптарды басқаға беруді мемлекеттік тіркеу үшін кедергі болып табылмайды.».
11. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ислам лизингі – осы Заңның 2-1-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ислам банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және банктер болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын лизингтің бір түрі.»;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне өтуі
Ислам лизингі шартын қоспағанда, лизинг шартында лизинг алушының күні бұрын айқындалған баға бойынша лизинг нысанасын меншікке сатып алу құқығы не міндеттемесі көзделуі мүмкін.»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Ислам лизингін жүзеге асырудың ерекшеліктері
24-1-бап. Ислам лизингін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Ислам лизингі бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар исламдық қаржыландыру қағидаттарын, сондай-ақ осы бапта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары:
1) лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу;
2) лизинг берушінің ислам лизингіне жататын ақшаны инвестициялаудан түскен пайыздар түрінде сыйақы алуына тыйым салу болып табылады.
Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшы (бұдан әрі – сыртқы тәуелсіз сарапшылар) лизинг беруші мен лизинг алушының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
3. Лизинг алушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің
1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін лизинг нысанасын пайдалануына немесе оны қосалқы лизингке беруіне жол берілмейді.
4. Лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ислам лизингі шарты бойынша лизинг берушінің алдындағы міндеттемелерді ол орындағаннан кейін жеке келісім негізінде өтеді.
5. Лизинг нысанасы лизинг алушыға берілгеннен кейін лизинг алушы лизинг төлемдерін төлеуді жүргізеді.
6. Лизинг алушының міндеттемелерді ішінара немесе толық көлемде орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша қайырымдылық көмекке жіберуі мүмкін.
7. Ислам банкі болып табылмайтын лизинг беруші өзге де қызмет бойынша кірістер мен шығыстардан ислам лизингі бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді.
24-2-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі
кеңестің қызметі
1. Ислам лизингі мәмілелерінің сәйкестігін айқындау үшін лизинг беруші міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда, лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай, ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды лизинг берушінің директорлар кеңесі айқындайды.
3. Лизинг берушінің ислам лизингін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындысы болған кезде лизинг берушінің директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.
4. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және оның мүшелеріне қойылатын талаптар лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен ережеде айқындалады.
5. Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және оларға қойылатын талаптар лизинг берушінің директорлар кеңесі бекіткен ережеде айқындалады.
24-3-бап. Ислам лизингі шарты
1. Ислам лизингі шартында мынадай елеулі талаптар қамтылуға тиіс:
1) шарт нысанасы;
2) лизинг нысанасын пайдалану мақсатын және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес лизинг нысанасын лизинг алушының нысаналы пайдалануын сақтау міндеттемесін көрсету;
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға беру шарттары мен мерзімі;
4) лизинг төлемдерінің тіркелген мөлшері мен мерзімділігі;
5) лизинг нысанасының тіркелген құны;
6) лизинг нысанасының берілуіне байланысты лизинг алушы өтеуге жататын лизинг беруші шығыстарының толық тізбесі мен мөлшері;
7) шарттың қолданылу мерзімі.
2. Ислам лизингі шартында лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделмейді. Лизинг нысанасына меншік құқығы жеке келісім негізінде лизинг алушыға өтуі мүмкін.
3. Лизинг берушінің меншігінде емес лизинг нысанасына ислам лизингі шарты жасалған жағдайда, ислам лизингі шартында сол уақыт ішінде лизинг берушіге лизинг нысанасын құру немесе оны меншігіне сатып алу құқығы берілетін мерзім көзделеді.
4. Лизинг беруші ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келмейтін мүлікті берген жағдайда, лизинг алушының ислам лизингі шартын орындаудан бас тартуға немесе ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келетін мүлікті лизингке беруді талап етуге құқығы бар.
5. Ислам лизингі шарты бойынша лизинг төлемдеріне тараптардың өзара келісуі бойынша лизинг берушінің сақтандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары және өзге де шығыстар қосылуы мүмкін.
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ ислам лизингі нысанасын монтаждау және жинау кезінде жол берілген жаңсақтықтарға байланысты мерзімінен бұрын қирау жағдайын қоспағанда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген мүліктер мен тәуекелдердің сақталуына жауапты болады.
7. Лизинг нысанасы жойылған, жоғалған, бүлінген, ұрланған немесе лизинг алушы жауап бермейтін мән-жайларға орай лизинг нысанасы өзінің функцияларын жоғалтқан жағдайда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы міндеттемелерден босатылады және оның ислам лизингі шартын бұзуға құқығы бар.
24-4-бап. Ислам лизингі операцияларын исламдық
қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп
тану салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле бойынша кіріс қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.».
12. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;»;
2) 4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру – сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.»;
3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен;
2) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру түрлерімен біріктіріле алмайды.»;
4) 11-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы – жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде, мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заңда немесе» деген сөздер алып тасталсын;
5) 11-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде директорлар кеңесі бекітеді.»;
6) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Исламдық сақтандыру ұйымын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сақтанушы исламдық сақтандыру шартын жасасқан кезде исламдық сақтандыру ұйымынан сақтандыру қағидаларының осы Заңның 6-1-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындысын сұратуға құқылы.»;
8) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. «Жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
«3-1. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық» және «өмірді сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
«4-1. Тек қана исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде «исламдық» және «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
9) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін ғана).»;
10) 26-бап мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Бас банктің сақтандыру холдингі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде акцияларын еншілес банк берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуына уәкілетті органның келісімі бас банктің осы акцияларға меншік құқығы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі.»;
11) 32-баптың 6-тармағының 9) тармақшасындағы «, зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
Исламдық сақтандыру қағидаттары:
1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;
2) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген, пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;
3) темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу болып табылады.
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты шығындар үшін, мұндай шығындар оның кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.
5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.
6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
сыйақысы
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алуға құқылы.
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі
кеңестің қызметі
1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
қызметіне қойылатын талаптар
1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін, осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа, кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге де кіріс алуға құқылы емес.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.
36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру
қағидаттарына сәйкес емес деп танудың
салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай шарт бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерге қоса:
1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.»;
13) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
11) тармақшадағы «немесе осы Заңда» деген сөздер алып тасталсын;
11-1) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
3) тармақшадағы «немесе осы Заңда» деген сөздер алып тасталсын;
3-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.»;
14) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтанушының келісімін алу жөніндегі осы баптың 1-тармағының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.
Сақтандыру портфелі берілгенге дейін сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
15) 46-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.»;
16) 48-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, сақтандыру холдингінің болуы жөніндегі талап дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне, тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
17) 54-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде болуы көзделген, сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған;»;
18) 79-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет қатысатын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі коммерциялық емес ұйым болып табылады.»;
2, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 4) тармақшасындағы «есептеу болып табылады.» деген сөздер «есептеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.»;
19) 80-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.»;
20) 81-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.»;
21) 85-бап алып тасталсын.
13. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
212-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншік құқығын мемлекеттік тіркегеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде тіркеледі.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның пайдасына құқықтарды (талаптарды) берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылысын:
«Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.».
14. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен не ұлттық басқарушы холдингтен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабына сәйкес, өздері бұрын сатып алған өз акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.».
15. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
1) 1-баптың 3-1) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері;»;
«16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы;»;
2) 4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың акционері болып табылады. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары да Қордың акционерлері бола алады. Қор акцияларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде елу пайызын плюс бір акцияны құрауға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционерінің акциялар саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс.
4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.»;
«9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және
Қор акцияларын сатып алу шарттары
1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қордың акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.
4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
4) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және өз капиталы жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қарыз беруге құқылы, бұл қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.»;
5) 17-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде осы Заңның 17-2-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын, жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.»;
6) 17-2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерлерде (айлық есептік көрсеткіштермен) жүзеге асырылады:
1) өміріне зиян келтірілген кезде – 1000;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген кезде – 500;
3) жерлеуге жұмсалған шығыстар – 100.»;
7) 22-бапта:
2-тармақтағы «немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер алып тасталсын;
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар алып тасталсын.
16. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж. № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
17. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
18. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.».
19. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
8-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға» деген сөздер «көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен қатысу шартын жасасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «кіруге;» деген сөз «кіруге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын.
20. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 53) тармақшасы «нысанында құрылған,» деген сөздерден кейін «дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы уәкілетті органға тиесілі,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 30-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарын, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асырған кезде облигациялар шығарылымын жою туралы эмитент органының шешімі болғанда;»;
3) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (біржақты мәмілені тіркеген жағдайда – мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрығы негізінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен мәмілелері тіркелген жағдайда, оны тіркеуші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде жүзеге асырады.»;
4) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (номиналды ұстаушы) кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды көрсете отырып, осы мәмілені тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтерді қамтитын (қамтыған), кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының бұйрықтары негізінде, ал «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2 және 61-4-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған жағдайда – ауыртпалықты алып тастаусыз кепіл ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырады;»;
5) 45-бап мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері (бұдан әрі осы бапта – активтер) сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асырады.
9. Осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптары активтерге қатысты бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жоғарыда көрсетілген түрлерін жүзеге асырған кезде, осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамға қолданылмайды.
Осы баптың 8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам активтерге қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті осы акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына және активтерді сенімгерлік басқару жөніндегі инвестициялық декларацияларға сәйкес жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылмайтын клиенттермен брокерлік қызметтерді көрсету туралы және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттар жасалған жағдайда, осы баптың
8-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асырады.»;
6) 67-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шарт бірігу шарты болып табылады, оның талаптары бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады. Эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шарттың талаптарын көрсетілген шартқа тұтастай бірігу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7) 72-1-бап мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Бас банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде еншілес банк акцияларын берген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуына уәкілетті органның келісімі бас банктің осы акцияларға меншік құқығы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің (номиналды ұстау) жүйесінде тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.»;
8) 84-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының «алтын акциясының» иесі сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының шешімдеріне вето қоюға құқығы бар уәкілетті орган болып табылады.».
21. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржылық ұйым – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген заңды тұлға;».
22. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат):
7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.».
23. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
5-2-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
24. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.»;
«3-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мына құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.».
25. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 4-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік «бұл ретте» деген сөздерден кейін «, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 5-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «1. Уәкiлеттi» деген сөздер «Уәкiлеттi» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.» деген сөздер «көлемдері туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.»;
5) 8-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған» деген сөздер алып тасталсын;
6) 19-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;»;
7) 30-1-бапта:
1 және 2-тармақтардағы «өзінің пайдасына» деген сөздер «борышкер тұлғаның өтініші бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4-3) және 4-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);
4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);».
26. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
27. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
36-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті органға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы ұсынылған құжаттар алынған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қаралады. Ұсынылған құжаттар осы баптың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi.
Құжаттар ұсынылмаған немесе оларда осы баптың 2-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатудан бас тартады.».
28. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағындағы «зардап шеккен қызметкердің кінәсі болған не болмаған кезде,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-1-баптың 1-тармағындағы «, облыстық және аудандық» деген сөздер «және облыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасындағы «персоналдың санаттары мен» деген сөздер алып тасталсын;
4) 11-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн қамтуға тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;»;
5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгіленген жағдайда, сақтандыру төлемiн қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Бұл ретте, мыналар:
жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;
кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.»;
6) 17-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) қызметкерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісуі бойынша негізгі шарттың қолданылуы кезеңіне қосымша келісім жасасу арқылы сақтандыру шартына өзгерістер (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгеруі сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейін қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды түрде есептеледі.
2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған төмендегiдей сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
Кәсіптік тәуекел сыныбы |
Сақтандыру тарифі |
1 |
0,12 % |
2 |
0,29 % |
3 |
0,48 % |
4 |
0,49 % |
5 |
0,52 % |
6 |
0,53 % |
7 |
0,54 % |
8 |
0,65 % |
9 |
0,56 % |
10 |
0,88 % |
11 |
0,75 % |
12 |
0,76 % |
13 |
1,29 % |
14 |
1,55 % |
15 |
1,13 % |
16 |
1,17 % |
17 |
1,21 % |
18 |
2,43 % |
19 |
1,75 % |
20 |
2,05 % |
21 |
2,54 % |
22 |
2,96 % |
»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер осы баптың 1, 2-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс. Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.»;
5-тармақтағы «персоналдың санаттары мен» деген сөздер алып тасталсын;
7) 17-1 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту
1. Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінен болса, онда осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.
2. Түзету коэффициенті қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннің алдындағы соңғы бес жылдың ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері мынадай мөлшерлерде қолданылады:
Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны |
Қызметкерлердің жалпы саны |
|||||
100-ге дейін |
101-ден 500-ге дейін |
501-ден 1000-ға дейін |
1001-ден 10000-ға дейін |
10001-ден 20000-ға дейін |
20000-нан астам |
|
2-ден 9-ға дейін |
3 |
2 |
1,75 |
1 |
1 |
1 |
10-нан 19-ға дейін |
3,4 |
3,2 |
3 |
2,5 |
1,25 |
1,1 |
20-дан 49-ға дейін |
3,8 |
3,3 |
3,2 |
2,75 |
2,4 |
1,25 |
50-ден 99-ға дейін |
4 |
3,5 |
3,3 |
3 |
3,1 |
1,5 |
100-ден 199-ға дейін |
3,6 |
3,5 |
3,4 |
3 |
2 |
|
200-ден 299-ға дейін |
4 |
3,75 |
3,5 |
3,2 |
3 |
|
300 және одан астам |
4 |
3,8 |
3,6 |
3,5 |
3. Егер сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, онда түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс беруші мен оның филиалы (филиалдары) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептелінеді.
4. Зардап шеккен қызметкерлер санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны есепке алынады.
5. Түзету коэффициентін қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
«19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердi
жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты
бойынша сақтандыру төлемдерi
1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.
Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.
Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.
Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2. Сақтандырушы қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiн сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті дәрежесі бойынша жүзеге асырады.
3. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.
5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.»;
8) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;
емдеу ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қызметкердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс шеккен шығыстары туралы қорытындысының көшірмесі;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң жалпы еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;
кәсiптiк аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа да құжаттарды талап етіп алдыруына жол берiлмейдi.»;
5-тармақ алып тасталсын;
9) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.»;
10) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негiз болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.».
29. «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж.,№ 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
4-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
30. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат):
11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) уәкiлеттi орган берген, қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
2) уәкілетті орган берген, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам қаржы орталығына қатысушылар болып табылады.».
31. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат):
1) 15-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;»;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Кепілдік берілген өтем
Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға кепілдік берілген депозиттер бойынша депозит бойынша қалдық сомасында, ол бойынша есебіне жазылған сыйақысыз, бірақ:
ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозит бойынша он миллион теңгеден;
шетел валютасындағы кепілдік берілген депозит бойынша бес миллион теңгеден аспайтын кепілдік берілген өтемді төлейді.
Қатысушы банкте депозитордың түрі мен валюта бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.»;
3) 19-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
32. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 21-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады;»;
2) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде кепілдің туындауын және өзгеруін тіркеуге өтінішті осындай тіркеуге кепіл берушінің келісімінсіз, құқықтар (талаптар) берілген кепіл ұстаушы береді.»;
3) 31-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «хабарламаларды тіркеу кезінде қолданылмайды.» деген сөздер «хабарламаларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартта (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартта) ықтимал ауыртпалықтардың болуы туралы тиісті нұсқау болған кезде үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан осы Заңның 5-бабының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген ауыртпалықтар тіркелген жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді тіркеу кезінде қолданылмайды.»;
4) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредитордың әмбебап құқықтық мирасқорлық нәтижесінде басқа тұлғаға өткен міндеттеме бойынша құқықтары борышкердің, оның ішінде кепіл беруші болып табылатын борышкердің келісімінсіз тіркелуге жатады.».
33. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 112-құжат):
2-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «дейінгі мерзімде;» деген сөздер «дейінгі мерзімде тіркелуге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын.
34. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат):
1) 36-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген жағдайда, құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жасалған операция туралы хабардар етіледі.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талабы құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты тиісінше хабардар етілген кезде, осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қолданылмайды.»;
2) 37-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірме қоса беріле отырып) қоса тіркеледі.».
35. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 23-24, 125-құжат):
2-бапта:
1-тармақтың жетінші абзацындағы «он екінші абзацын;» деген сөздер «он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, сегізінші абзацы алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Заң қолданысқа енгізілген күні уәкілетті органның лицензиясы бар кредиттік бюролар мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде, сондай-ақ кредиттік бюроға кредиттік тарихтың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптарға мемлекет қатысатын кредиттік бюроның сәйкестігі туралы «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалған актіні ол алған күннен бастап күнтізбелік 190 күн ішінде кредиттік тарихтың дерекқорын мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде (қабылдау-тапсыру актісі негізінде) беруге міндетті.».
36. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
11-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген кезде ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме қоса беріле отырып);
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының талаптары қолданылмайды.».
37. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 13, 91-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 7) тармақшасының елу жетінші абзацында және 49-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 7) тармақшасының елу жетінші абзацында және 49-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздеріне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.».
38. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
60-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сақтандыру ұйымының астанада, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда филиалдары болуға міндетті.».
39. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы
16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
1) 1-қосымшада:
57-жолдың 3-бағанында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Коммерциялық кредитті:
1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;
2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру.»;
мынадай мазмұндағы 58-1, 59-1, 63-1 және 64-1-жолдармен толықтырылсын:
«
58-1. |
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия |
1. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру. |
Иеліктен шығарылмайтын; |
»;
«
59-1. |
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия |
1. Өмірді сақтандыру. |
Иеліктен шығарылмайтын; конкурстың рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; |
»;
«
63-1. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия |
1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. |
Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; |
»;
«
64-1. |
Исламдық қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия |
Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
2) 2-қосымшадағы 252 және 254-жолдар алып тасталсын.
40. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 67-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
2) 2-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының жетінші абзацын, 19) және 20) тармақшаларын;».
41. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.».
2-бап.
1. Осы Заң:
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 8) тармақшасын;
2014 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 6) тармақшасын;
2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 9), 14), 21) тармақшаларын және 31-тармағының 1) тармақшасын;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының сегізінші – оныншы абзацтарын, 10) тармақшасын, 16) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 22) және 23) тармақшаларын, 8-тармағын, 12-тармағының 10) және 14) тармақшаларын, 20-тармағының 4) және 7) тармақшаларын, 21-тармағын, 25-тармағының 6) тармақшасын және 37-тармағының үшінші абзацын;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 13, 24, 34 және 36-тармақтарын;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын, осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 16) тармақшаларын;
2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 37-тармағының төртінші абзацын;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 12), 13), 14), 15) тармақшаларын, 6-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 25-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 25-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру түрінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ислам банктері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
3. 2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға 2017 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру дерекқорын (қабылдау-тапсыру актісі негізінде) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға 2017 жылғы 30 шілдеден кешіктірмей өтеусіз негізде беруге міндетті.
2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, уәкілетті орган жоғарыда аталған заңды тұлғаларға және оның лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 5-тармағында көзделген дерекқорды басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісін 2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей алуға міндетті.
4. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға және осы ұйымда тіркелуге міндетті.
5. Осы Заңның қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бөлігіндегі нормалары осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) жағдайларына қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев