Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 393-V ҚРЗ

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас инспекторының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 15-4/203 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу шараларын енгізе отырып ветеринарлық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3647 санымен тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінде 2013 жылдың 19 қыркүйегінде № 55 санда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім аппаратының бас маманы Баймешов А.М. жүктеймін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі Н.С. Ізтлеуов