Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 61-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      205-2, 206, 206-1, және 708-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «205-2-бап. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыру
      206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымына  байланысты құжаттарды табыс етпеу
      206-1-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу»;
      «708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату»;
      мынадай мазмұндағы 710-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі»;
      2) 48-баптың бірінші бөлігінде:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының;»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналары сомасының;»;
      3) 68-баптың ескертулері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертулер.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi – бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
      Мүліктік емес сипаттағы зиян келтірген құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны көрсетілген негіздер бойынша жауаптылықтан босату туралы мәселені шешкен кезде қол сұғу объектісін, құқық бұзушылықты жасаудың нақты мән-жайларын негізге алу керек.»;
      4) 88-бапта:
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы «немесе оның лауазымды адамдарының» деген сөздер алып тасталсын;
      алтыншы және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуі, ұстамауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуі (аудармауы);»;
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      «Ескерту. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
      5) 88-1-бапта:
      екінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы «немесе оның лауазымды адамдарының» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «әлеуметтiк аударымдарды төлемеуі (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы);»;
      «дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      «Ескерту. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
      6) 166-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға – жеті, дара кәсiпкерлерге – жүз жиырма бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      7) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға және қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу дәйексіз қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелді себепсіз табыс етпеу;»;
      «қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –»;
      8) 205-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органында тiркелу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелу есебі туралы, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелу есебі туралы салықтық өтініш берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      екінші және 2-1-бөліктер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-2-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсiпкерлерге – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – есепке қойылмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
      9) 205-1-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға – сегіз, дара кәсiпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дара кәсiпкердiң патент алу үшін есеп-қисап беру мерзiмiн бұзуы –
      дара кәсіпкерлерге ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
      10) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «205-2-бап. Салық органының салық есептілігін табыс етуді
                  тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде
                  қызметті жүзеге асыру
      1. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы –
      дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта немесе iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      11) 206-бапта:
      тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк
                салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу
      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі –
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он бес, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуді білдіретін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      төртінші және жетінші бөліктер алып тасталсын;
      12) 206-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «206-1-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті,
                  сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде
                  бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды
                  табыс етпеу
      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы –
      дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау –
      дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
      дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      13) 206-2-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      14) 207-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      15) 208-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсiпкерлерге – жиырма бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      16) 208-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға – он бес, дара кәсiпкерлерге – отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
      17) 209-бапта:
      төртінші бөліктің екінші абзацындағы «қырық бес тәулiкке дейiнгi» деген сөздер «қырық бес тәулік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертулердің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
      Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасын есепке ала отырып айқындалады.»;
      18) 210-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      19) 211-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсiпкерлерге отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының бір жүз жиырма пайызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      20) 215-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      21) 218-1-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –
      орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз пайызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді табыс етпеуі және оларды орындамауы –
      жеке тұлғаларға – елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Салық органдарын мынадай жағдайларда:
      әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
      әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
      жеке тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға – бір жүз, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      22) 358-бапта:
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «бiрiншi, екiншi және үшiншi» деген сөздер «бiрiншi және екiншi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 570-баптағы «88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 570-1-баптың бірінші бөлігіндегі «205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «205 (бірінші және 2-2-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 580-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) осы Кодекстің 710-1-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгенін растайтын құжаттардың болуы.»;
      26) 584-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп салық қызметінің органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электрондық тәсілмен жіберген хабарлама (хабардар ету) да танылады.»;
      27) 638-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде – тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша – тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн, ал осы Кодекстің 710-1-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда осы Кодекстің осы бабында белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.»;
      28) 639-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1, 1-2 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi квитанция берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-2. Салық қызметінің органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде, егер тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса және қолданылған жазаға келiссе, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлесе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.»;
      29) 657-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық міндеттемесінің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттемелердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiлуi мүмкiн.»;
      30) 708-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа,
                жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу
                туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.»;
      31) 709-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.»;
      32) мынадай мазмұндағы 710-1-баппен толықтырылсын:
      «710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін
                  орындау тәртібі
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сонымен қатар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді қамтиды.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; 2012 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 49-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;»;
      2) 50-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы және 51-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын.
      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан», «кеден одағында», «кеден одағы» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 37-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;
      43-баптың, 6-тараудың және 48-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;
      «6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi. Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi»;
      «48-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті     төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;
      мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі»;
      52-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық  міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданысын тоқтату»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың, 60-1, 60-2, 60-3 және 111-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «7-1-тарау. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
      60-1-бап. Жалпы ережелер
      60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары және  оларды жасау жөніндегі талаптар
      60-3-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері»;
      «111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер»;
      127, 128-тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс
      128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс»;
      мынадай мазмұндағы 151-7, 151-8, 151-9 және 151-10-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «151-7-бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      151-8-бап. Қызметін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының  аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      151-10-бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы  экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу»;
      мынадай мазмұндағы 172-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар»;
      мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2, 180-3 және 196-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «180-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері  үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
      180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
      180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс»;
      «196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері»;
      221-1, 227-1, 244-2 және 244-3-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «221-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған мүлiктi өткiзуден түсетiн табысын айқындау тәртiбi»;
      «227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып  табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі»;
      «244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін  тауарларға салық салу
      244-3-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының  аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері»;
      мынадай мазмұндағы 253-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулері»;
      266-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «266-бап. Қосылған құн салығын есептеу»;
      мынадай мазмұндағы 427-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «427-1-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және  қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуды тану ерекшеліктері
      429, 431, 433, 435, 441, 599, 602, 605 және 606-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «429-бап. Қолдану шарттары»;
      «431-бап. Қолдану тәртібі»;
      «433-бап. Қолдану шарттары»;
      «435-бап. Қолдану тәртібі»;
      «441-бап. Қолдану тәртібі»;
      «599-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу»;
      «602-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару»;
      «605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
      606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу»;
      3) 12-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады;»;
      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «35) салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;»;
      мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «45-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылады;»;
      4) 14-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметті тоқтатуына (осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда), заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;»;
      7) тармақшадағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) салық органдарын мынадай жағдайларда:
      әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
      әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етуге міндетті.
      Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      5) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
      Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) бересі сомасы;
      2) есептелген өсімпұлдар;
      3) айыппұлдар сомасы.»;
      6) 37-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      «14. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 37-1-бабына сәйкес таратылатын резидент заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігі белгіленген резидент заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
      7) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
      «37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген
                 санаттарының салық міндеттемесін орындау
                 ерекшеліктері
      1. Осы бап бір мезгілде мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетін:
      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
      2) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімін қолданбайтын (қолданбаған);
      3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;
      4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.
      Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз заңды тұлғаларға да қолданылады.
      2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
      3) таратудың салық есептілігін;
      4) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
      Таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
      3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:
      1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
      2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының сұратуын алған күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұратуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жібереді.
      Салық органының осы тармақта көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге жатады.
      6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.
      Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
      Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
      Салық қызметі органы таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
      7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
      Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
      8. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
      9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
      10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
      2) салықтардың, төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
      4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
      11. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
      1) тарату балансын;
      2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.
      Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
      12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
      13. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органға осы Кодекстің 598-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жібереді.»;
      8) 41-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда – дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;»;
      9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің
               жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау
               ерекшеліктері
      1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды қолданатын, бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылмайтын;
      3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.
      Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге қатысты да қолданылады.
      2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
      3) таратудың салық есептілігін;
      4) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда – дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;
      5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;
      6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
      Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
      3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтылататын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
      2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
      6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
      7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.
      Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
      Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара кәсіпкерге тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
      Салық қызметі органы дара кәсіпкерге почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
      8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
      Дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
      9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
      10. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
      Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      11. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
      4) айыппұлдардың төленген сомасы осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
      12. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
      2) ішкі істер органдарының дара кәсіпкер мөрінің (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын;
      3) тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
      Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, қорытынды алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
      13. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жою шартымен салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
      14. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс ету күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
      15. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің тіркелу есебінен шығарылғанын растайтын құжат береді немесе тіркелу есебінен шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, одан жазбаша түрде бас тартады. Осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген ережелердің сақталмауы тіркелу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
      10) 46-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
      3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоративтік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
      «6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық қызметінің органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табысты түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасын қайта қарауға, есептеуге немесе есепке жазуға құқылы.»;
      «10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс.»;
      11) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті
                төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi
                салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi.
                Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi»;
      12) 47-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ осы тарауда белгіленген мерзімдерден аспайтын мерзімге ауыстыру салықтар, бюджетке төленетін басқа да төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
      Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы Кодекстің 51-2-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылған салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі.»;
      «4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-1, 51-2-баптарында өзгеше белгiленбесе, салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
      13) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «48-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті
               төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі
               салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы
               шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджеттерге толық көлемінде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркелу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.
      3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қабылдайды.
      Егер салық төлеуші орналасқан жері бойынша жоғары тұрған салық органында тіркелген болса, онда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді тікелей көрсетілген салық органы қабылдайды.»;
      14) 49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.»;
      15) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.»;
      16) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
      «51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада
                 көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа
                 да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың
                 есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық
                 міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
      1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті, салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына табыс етеді. Өтінішке:
      салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау графигі;
      кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растау қоса беріледі.
      Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларының қалған бөлігін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті табыс етуге құқылы.
      2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, егер жиынтығында мұндай сомалар:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
      орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 153000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
      ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300000 еселенген мөлшерінен кем болмаса, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сай келетін салық төлеушілерге:
      салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың  1-тармағында көзделген өтініш беру күніне дейінгі кезең бес жылдан аз болса;
      салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылғы түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен болса, қолданылмайды.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде табыс етілген кезде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалады.
      4. Егер салық төлеуші (салық агенті) өзіне қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтінішті беру мерзімін өткізіп алса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына өтініш және қолдаухат табыс етуге құқылы.
      Осы тармақтың ережелері ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
      Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:
      осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын;
      осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.
      5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
      6. Салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің:
      1) салық төлеушімен келісілген, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
      2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      7. Салық қызметі органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын осындай шешім қолданылатын мерзім ішінде бекітілген графикке сәйкес ай сайын тең үлестермен төлеуді жүргізуге міндетті.
      8. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      9. Салық төлеуші (салық агенті) осы тараудың ережелерін сақтамаған және (немесе) шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылданады.»;
      17) 52-баптың тақырыбы мен 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті
               төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөнiндегi
               салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту
               туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату»;
      «2. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:
      1) салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;
      2) салық төлеуші салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда;
      3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде мұндай салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық қызметі органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.»;
      18) 56-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға, осы тарауға және осы Кодекстің 7-1-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнаулы салық режімі қолданылатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салықтық есепке алу саясаты, осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;»;
      19) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есепке жазу әдісі – есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.»;
      20) 58-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табыстар пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режіміндегі салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.»;
      21) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды қоспағанда, осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін табыс етуге міндетті.»;
      22) 60-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      23) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
      «7-1-тарау. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен
                  қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне
                  сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және
                  қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара
                  кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізу
                  ерекшеліктері
      60-1-бап. Жалпы ережелер
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) активтер – дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;
      2) бастапқы eceпкe алу құжаттары – салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжат жүзіндегі растамасы;
      3) биологиялық актив – ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;
      4) капитал – дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiн қалатын үлес;
      5) материалдық емес актив – физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беруге арналған, сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;
      6) мiндеттеме – дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;
      7) негізгі қаражат – материалдық активтер, олар:
      тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беруге арналған;
      бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;
      8) табыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;
      9) тауар-материалдық қорлар – сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер.
      60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен
                оларды жасау жөніндегі талаптар
      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
      2. Салық тіркеліміндегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
      60-3-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
      1. Дара кәсіпкерлер шетелдік валютамен жасалған операцияларды операция жасалған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағам айырмашылығы салық салу мақсатында ескерілмейді.
      2. Салықтық есепке алуда тауар-материалдық қорлар (бұдан әрі – қорлар) оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде оларды дара кәсіпкер құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
      Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
      Сатып алуға арналған шығындар импорт баждарын, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.
      Қорларды қайта өңдеу шығындары шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеумен тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
      Салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны қорлардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша айқындалады.
      Дара кәсіпкер салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны қорлардың кезең басындағы өзіндік құны мен кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.
      Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салық тіркелімдерінде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өздері әзірлейді.
      Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.
      Дара кәсіпкердің қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беруі салықтық есепке алу мақсаттары үшін қорлардың шығып қалуы болып табылмайды.
      Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартқан жағдайда, акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.
      Мыналар:
      1) актив ретінде тануды, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізген, өтемсіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде және басқа да мақсаттарда пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде кемшіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бұзылған, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған және өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде тануды тоқтату;
      2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.»;
      24) алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
      25) 65-баптың 2-тармағы үшінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты есептен шығарылуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;»;
      26) алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
      27) 67-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
      1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;»;
      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.»;
      28) 69-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40 – 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салықтық есептілікті кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 – 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы «қате берілген» деген сөздер «табыс етілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:
      1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
      29) 70-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;
      5-тармақтың 3) тармақшасындағы «бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.» деген сөздер «бөлігінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
      5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін – алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
      6) ағымдағы салық кезеңінде 20 желтоқсаннан кейін – алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
      7) резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»;
      30) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушіде осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні алдыңғы он екі айлық кезеңдегі мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзу фактісі болған жағдайда қабылданады.»;
      31) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 76-бабында белгіленген тәртіппен тіркелу есебінің орны бойынша салық органына береді.»;
      32) 74-баптың 678 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.
      7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есеп-қисабын салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.
      8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент құнының есеп-қисабы табыс етілген кезде салық төлеуші осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.
      9. Салық төлеуші салықтық өтінішті немесе осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген патент құнының есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеушінің қызметі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталған күннен бастап қайта басталған болып танылады.»;
      33) 77-бапта:
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы «шот фактуралары;» деген сөздер «шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) табыстарды есепке алу;
      2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу;
      3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша;
      4) мыналар:
      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
      жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
      34) 78-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:»;
      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг берушінің мүлікті лизинг алушыға өткізуі ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер - лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады.»;
      бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың мақсаттарында:»;
      4-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:»;
      3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы өзгерген лизингтік мәмілелер;
      3-1) қайта құру арқылы оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші өзгерген лизингтік мәмілелер;»;
      35) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер табыстардың бірнеше баптарында сол бір табыстар көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
      Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес анықтау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бір рет есепке алынады.»;
      36) 87-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құн өсімінен түсетін табыс:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
      2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
      3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:
      бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;
      бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мыналардан:
      осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
      осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);
      салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 – 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
      амортизациялық аударымдардан басқа, егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтық құны болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
      4-2. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны деп мұндай активтердің шығып қалған күнгі қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны танылады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ іс жүзінде енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.»;
      9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы баптың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын арттыруға жататын шығындарды ескере отырып осы активтердің өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады.»;
      37) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетін табыс
      1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.
      Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
      2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:
      1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
      2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
      3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;
      4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
      сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
      сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.»;
      38) 90-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
      3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;
      4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.»;
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.»;
      2-тармақта:
      алтыншы абзацтағы «алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды;» деген сөздер «алынған;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы «банк басқаға берген» деген сөздер «банк басқаға берген жағдайларда провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды;» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда – банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күнгі осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарының құны мен борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құнының арасындағы теріс айырма бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы – осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.
      Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.».
      39) 91-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.»;
      40) 92-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.»;
      41) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар
               сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi
               іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен
               түсетін табыс
      Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
      Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады.»;
      42) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.»;
      43) 96-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.»;
      44) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «алып тасталуға жатады» деген сөздер алып тасталып, 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) банкті қайта құрылымдаудың сот бекіткен жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген банктің міндеттемелерін кредитордың есептен шығаруынан түсетін табыстар алып тасталуға жатады.
      Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылады;
      14-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алған, талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.
      Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.»;
      45) 100-баптың 16-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1. Жарнамалау мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай тауарды беру жүзеге асырылған салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылуға жатады.»;
      46) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «102-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
      1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
      1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау бойынша;
      2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге де басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша, өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.
      Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:
      1) осы Кодекстің 101-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге;
      2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыруға;
      3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге;
      4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) ресімдеуге арналған шығыстар да жатады.
      2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.
      Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.
      3. Мыналар:
      1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсатын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
      2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шараның шығыстар сметасы;
      3) жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, жүргізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;
      4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
      4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.»;
      47) 103-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      Осы баптың мақсаты үшін мыналар:
      1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
      2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлемақы сыйақылар болып танылады.
      Сыйақы сомасы:
      1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде шығыс деп танылған сыйақы сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;
      2) есепті салық кезеңінде шығыс деп танылған сыйақы сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде төленген, осы тармаққа сәйкес танылған сыйақы мөлшерінде айқындалады.»;
      48) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.
      Осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:
      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;
      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;
      3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;
      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.»;
      49) 106-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезінде кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құны өздеріне қарсы провизиялар (резервтер) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.
      Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:
      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;
      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;
      3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру шығыстарының сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.
      Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
      Бұл ретте қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
      Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтердi) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.»;
      мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-2. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы оң айырма сомасын шегеруге құқығы бар.
      Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалған күтілетін ысырап мөлшері мен осы баптың 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      1-3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
      1) қаржы лизингін;
      2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезінде кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құны өзіне қарсы провизиялар (резервтер) құрылатын активтің мөлшерін азайтады.
      Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
      50) 110-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналардың:
      тіркелген активтердің;
      преференциялар объектілерінің;
      амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;
      2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді;
      3) осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, салық салынуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады.»;
      51) 111-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қою бонусы мен коммерциялық табу бонусының сомасы, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:
      1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 11-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар жатады. Осындай шығындарға осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағына сәйкес осы активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осындай активтер бойынша осы Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілген кейінгі шығыстар;
      2) басқа да шығыстар жатады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда осы тармақшада көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына жататын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттарына орай шегерімдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.
      Көрсетілген тәртіп, егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы осы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады.
      Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық балансы шегерілуге жатады.
      Осы баптың және осы Кодекстің 111-1-бабының мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру:
      1) барлауға арналған, сондай-ақ қорлары бекітілмеген пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын;
      2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісілген болса, осы келісімшарттар жасалғаннан кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын білдіреді.
      1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағымының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға іс жүзінде жүргізілген шығыстар мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:
      1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады;
      2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
      Бұл ретте коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жүргізілген өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырудан алынған табыстарының сомасына азайтылады.»;
      52) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
      «111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң
                  жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды
                  өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар
                  бойынша шегерімдер
      1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде жүргізген жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындауға арналған шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Мұндай шығыстардың тізбесі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
             С1 + С2
      S = ------------ * V3, мұнда:
             V1 + V2

      S – амортизациялық аударымдар сомасы;
      C1 –амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны;
      C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар;
      V1 – уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;
      V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі;
      V3 – салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
      2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны болып 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығыстар сомасы танылады.
      2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
      амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны қосу ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар, алу салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
      2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі болып танылады.
      2009 жылдан кейінгі келесі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
      уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі
      қосу
      салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемдері аяқталған уран қорларының нақты көлемі,
      алу
      салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
      Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңінде шегерімге жатады.»;
      53) 116-баптың 2-тармағында:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) мыналарды:
      осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;
      осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша ескеруге орай амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;»;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер.»;
      54) 118-бапта:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны салықтарды есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысу күніне, құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған арнаулы салық режімінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.
      Осы тармақтың ережелерін осы баптың 11-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер қолданбайды.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде салық кезеңдерінің кез келгенінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны осындай ауысу күніне тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, арнаулы салық режімінде қолданылған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
      Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:
      негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;
      негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;
      негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады.
      Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
      Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
      Бұл ретте активтің нарықтық құны жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
      Амортизацияны есептеу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнын,
      техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына
      көбейту
      осындай салық төлеушінің активті толық пайдаланған жылының санына
      көбейту керек.
      Бұл ретте амортизацияны есептеу сомасы активті сатып алу сомасынан аспауға тиіс.»;
      55) 122-баптың 2-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.» деген сөздер «активтерге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.»;
      56) 126127128129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «126-бап. Жалпы ережелер
      1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:
      1) хеджирлеу мақсатында;
      2) базалық активті жеткізу мақсатында;
      3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
      2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына және 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.
      3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралын салықтық есепке алу осы Кодекстің 129 және 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127 және 128-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы
      алу
      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы
      алу
      туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар.
      127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын
               қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс
      1. Ол бойынша табыс осы Кодекстің 128-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
      Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, олардың мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күніне, олардың сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.
      2. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
      3. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төленуге жататын (төленген) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
      128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы
               бойынша табыс
      1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
      Салықтық есепке алу мақсаты үшін осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы тармақта көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
       129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу
                ерекшеліктері
      1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
      2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.
      3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
      4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.
      130-бап. Салықтық есепке алудың базалық активті беру жолымен
               орындалған кездегі ерекшеліктері
      1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шеккен) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан түскен түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсатында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.»;
      57) 133-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері:
      жеке тұлғаның өзін оқыту аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара өтеуі жағдайын қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен оны оқыту аяқталған күннен бастап үш ай ішінде еңбек шарты жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Осындай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері жеке тұлға өтемеген оқыту шығыстарының сомасы мөлшерінде қолданылмайды;
      жеке тұлғаның еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара өтеуі жағдайын қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен, мұндай тұлғамен еңбек шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін еңбек шартының бұзылуы жағдайында қолданылмайды. Осындай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері жеке тұлға өтемеген оқыту шығыстарының сомасы мөлшерінде қолданылмайды;
      жер қойнауын пайдаланушының оқытудың осындай шығыстарына қатысты осы Кодекстің 112-бабының ережелерін қолдануы жағдайында қолданылмайды;»;
      2-тармақтың 6) тармақшасында:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      58) 134-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Осы баптың ережелері:
      1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
      2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.»;
      59) 135-1-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
      жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
      мынадай:
      қосымша білім беру;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
      мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
      негізгі мектеп;
      жоғары мектеп;
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;»;
      3) тармақшаның төртінші абзацындағы «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
      осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк және депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстарын ескере отырып, жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
      медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
      қосымша білім беруді;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
      мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
      негізгі мектеп;
      жоғары мектеп;
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
      ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:
      iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
      осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құраса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.
      Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және жұмсалған, құрылтайшыдан түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
      5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе:
      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады;
      осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ол ғылым саласындағы мынадай:
      ғылыми-техникалық;
      инновациялық;
      іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады.
      Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
      Егер ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
      медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
      қосымша білім беруді;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
      мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
      негізгі мектеп;
      жоғары мектеп;
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
      осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса оларға осы тармақша қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) егер ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
      тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді көрсетсе:
      кітапханалық қорды уақытша пайдалануға берсе, оның ішінде электрондық түрде берсе;
      ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етілімдер мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе;
      жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек қана мынадай ұйымдарға:
      осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
      өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымдарға ғана көрсетсе, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.»;
      60) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.
      Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады.
      Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
      Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 137-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
      Хеджирлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес есепке алынады.»;
      61) 137-бапта:
      3-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша  табыстар есебінен өтеледі.
      Егер осындай залалдар туындаған кезеңде оларды өтеу мүмкін болмаса, онда осы залалдар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым осы Кодексте оның 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша алған кәсіпкерлік қызметтен залал келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.»;
      62) 139-баптың 3-тармағындағы «бюджетке төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының», «бюджетiне төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының» деген сөздер «есептелген корпоративтiк табыс салығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      63) 143-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мыналарға:
      үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.»;
      64) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ауыл шаруашылығы өнімін, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.»;
      65) 150-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
      1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында салық органы болған кезде заңды тұлға онда орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе, ондай салық органы болмаған кезде арнайы экономикалық аймақтың аумағы заңды тұлғаның орналасқан жері болып табылады;
      2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылса;
      3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
      4) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
      өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
      тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса;
      5) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
      өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері  болып табылса;
      тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол осы баптың қолданылу мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн заңды тұлға:
      1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелсе;
      2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылса;
      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
      4) мынадай шарттар сақталған жағдайда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
      өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
      тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бірлесіп бекітеді.
      Осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      66) 151-1151-2151-3151-4151-5 және 151-6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «151-1-бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық
                  аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық
                  салу
      1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
      2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      3) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
      4) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
      5) машиналар мен жабдықтарды жасау;
      6) металлургия өнеркәсiбi;
      7) электр жабдығын, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдық жасау;
      8) жарық берушi аспаптарға арналған шыны компоненттерiн өндiру;
      9) тамақ өнiмiн өндiру;
      10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндiру;
      11) жиһаз жасау;
      12) автокөлiк құралдарын, трейлерлер мен жартылай тiркемелердi жасау;
      13) темiр жол локомотивтерi мен жылжымалы құрамды жасау;
      14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
      15) негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттарды өндiру;
      16) электрондық бөлшектер жасау;
      17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және пайдалануға беру;
      18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептердi, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кiтапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерiн салу және пайдалануға беру.
      2. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
      Егер осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 17) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
      151-2-бап. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия
                 технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында
                 жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
      1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
      2) мұнай-химия өнiмдерiн өндiру;
      3) еркін экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі еркін экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.
      2. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
      Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
      151-3-бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық
                 аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық
                 салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
      1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
      2) терi бұйымдарын өндiру;
      3) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
      6) металлургия өнеркәсiбi;
      7) дайын металл бұйымдарын жасау;
      8) машиналар мен жабдықтарды жасау;
      9) мұнай-химия өнiмдерiн өндiру;
      10) қойма шаруашылығы және қосалқы көлiк қызметi.
      2. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
      151-4-бап. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы
                 экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын
                 ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
      1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
      2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
      3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
      4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
      5) мәтiндердi өңдеуге арналған машиналарды, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;
      6) электр- және радио-элементтердi, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;
      7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы бiлiм беру қызметi;
      9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
      10) еркін экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі еркін экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.
      2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
      1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
      2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
      3) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.
      3. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
      Егер осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
      5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:
      жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі – заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;
      корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;
      корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын қызметкерлердің – Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің табысы түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.
      6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:
      1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;
      2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
      7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.
      151-5-бап. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының
                 аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
      1) киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
      2) трикотаж бұйымдарын шығару;
      3) тоқыма материалдарынан тiгiлетiн киiм шығару;
      4) жiбек маталар мен солардың негiзiнде жасалатын бұйымдар шығару;
      5) мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығару;
      6) кiлемдер, кiлем бұйымдары мен гобелендер шығару;
      7) мақта целлюлозасы мен одан туынды өнiмдер шығару;
      8) мақта шикiзатынан жоғары сапалы қағаз шығару;
      9) терi бұйымдарын шығару.
      2. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
      151-6-бап. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының
                 аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      1) туристік қызметтер көрсету;
      2) мынадай талаптарды сақтаған:
      салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;
      салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.
      2. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
      67) мынадай мазмұндағы 151-7, 151-8, 151-9 және 151-10-баптармен толықтырылсын:
      «151-7-бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының
                  аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      1) металлургия өнеркәсібі;
      2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
      3) металлургия өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықты жасау;
      4) автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелерді жасау;
      5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;
      6) электр жабдықтарын жасау;
      7) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндіру.
      2. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
      151-8-бап. Қызметін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы
                 экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын
                 ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
      2) тамақ өнімдерін өндіру;
      3) тері және оған жататын өнім өндіру;
      4) тоқыма бұйымдарын жасау;
      5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
      6) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
      7) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
      8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдық жасау;
      9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, мұражайлар ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу.
      2. Қызметін «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 8) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
       3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
      Егер осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
      151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының
                 аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      2) мұнай-химия өнімдерін өндіру.
      2. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
      151-10-бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы
                  экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын
                  ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;
      4) химиялық өндіріс үшін машиналар мен жабдық жасау;
      5) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетіні туралы қорытындысы болған кезде осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісі негізінде қолданысқа беру.
      2. Қызметiн «Тараз химиялық паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында 1) – 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
      жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
      мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
      3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
      Егер осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
      68) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді.
      Осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.»;
      69) 155-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;»;
      19) және 20) тармақшалар «өткізу» деген сөздерден кейін «(заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру)» деген сөздермен толықтырылсын;
      21)22)24) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
      22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;»;
      «24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;»;
      «26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;»;
      70) 156-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақшада:
      бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      13) тармақшада:
      жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін – мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;
      «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына – мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуінің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды;»;
      15) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      24) тармақшаның сегізінші және тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
      қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады;»;
      мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «27-1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;
      27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;
      27-3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер;»;
      28) және 41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;»;
      «41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
      осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;»;
      мынадай мазмұндағы 42) тармақшамен толықтырылсын:
      «42) осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
      жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардың шегінде оқытылатын тұлғаның тұруына іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
      қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқуды, біліктілігін арттыруды немесе қайта даярлауды аяқтағаннан кейін қайтар жолына арналған жолақыға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
      дербес білім беру ұйымының мыналардың шегінде:
      оқытылатын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінде;
      оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінде жеке тұлғаға төлеуге белгілеген ақша сомасы.
      Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған, осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау мақсатында алған өтеусіз көмек есебінен және соның шегінде жүзеге асырылса, осы тармақшаның ережелері қолданылады.»;
      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға берген өтінішінің;»;
      71) 162-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.»;
      72) 163-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:
      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;
      2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;
      3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары қызметкерлердің жұмыс беруші есепке жазған, салық салынуға жататын табыстары болып табылады.»;
      73) 164 және 165-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы
      Қызметкердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы табысы мыналар болып табылады:
      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;
      2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
      3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Қызметкер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
      4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң қызметкерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi.
      165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы
      Қызметкердiң салық салынуға жататын материалдық пайда түріндегі табысы:
      1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
      2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
      3) қызметкермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
      4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде – қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.»;
      74) 168-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:
      жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;
      берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
      борышты кешіру;
      мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;
      репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.»;
      75) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар
      1. Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салынуға жататын табыс – төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.
      Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.
      2. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі есепке жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
      3. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.»;
      76) 177-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттың табысы мүліктік табыс болып табылмайды.»;
      77) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «180-бап. Мүліктік табыс
      1. Жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:
      1) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-1-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
      2) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-2-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
      3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға жалға беруден алған табысы;
      4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-3-бабында көрсетілген өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.
      2. Жеке тұлғаның шетел валютасымен алған (алуына жататын) мүліктік табысы мүлікті өткізу бойынша мәміле жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен қайта есептеледі.»;
      78) мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2 және 180-3-баптармен толықтырылсын:
      «180-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері
                  үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара
                  кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен
                  түсетін табыс
      1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
      1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
      2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      5) инвестициялық алтынды;
      6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлікті қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
      7) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
      8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
      2. Егер осы баптың 3 – 7-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұдан бұрын ол бойынша осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      6. Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген, өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
      3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
      8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасына көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс:
      1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – оны өткізу бағасы (құны) мен сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
      2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
      180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері
                 үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара
                 кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық
                 капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен
                 түсетін табыс
      1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
      1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
      2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      5) инвестициялық алтынды;
      6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
      7) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
      8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
      2. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін табыс осы баптың 3 – 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.
      3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
      Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
      3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.
      8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін табыс:
      1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
      2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.
      9. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
      180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық
                 режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді
                 өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
      1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады:
      1) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, негізгі құралдар;
      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
      3) орнатылмаған жабдық;
      4) материалдық емес активтер;
      5) биологиялық активтер;
      6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
      7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.
      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
      Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
      6. Мынадай жағдайларда:
      1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде;
      2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде;
      3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
      4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады.»;
      79) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
      80) 184-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған медиаторлардың табыстары.»;
      81) 191-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
      82) 192-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
      Осы бөлімнің мақсатында:
      сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
      банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
      орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады;»;
      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстары.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
      осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
      осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарларда болған мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
      осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;
      күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
      күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуге тиіс.»;
      83) 193-бапта:
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.
      Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
      Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;»;
      3) тармақшада:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төлейтіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын дивидендтер төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      7) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      15) тармақшаның үшінші абзацындағы «табыстар салық салуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі табыстар;
      17) банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген міндеттемелерін резидент емес кешірген жағдайларда, осындай міндеттемелер бойынша шегерімге жатқызылған, есепке жазылған және төленбеген сыйақылар түріндегі табыстар салық салынуға жатпайды.
      Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылмайды.»;
      84) мынадай мазмұндағы 196-1-баппен толықтырылсын:
      «196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері
      Табыс салығын осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес есептейтін резидент еместер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді.»;
      85) 197-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша «резидент еместің» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасындағы көздерден» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.»;
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.
      Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
      Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:
      1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;
      2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
      Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.
      Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
      1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;
      2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде – дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
      Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.
      Табыс салығын осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептейтін резидент еместер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 196-1 және 205-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
      Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетін табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.»;
      86) 198-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.»;
      87) 200-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.»;
      88) 200-1-баптың 1-тармағында:
      4) тармақшада:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын дивидендтер төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      8) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткізу күні жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
      осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент емес жеке тұлға алған материалдық пайда.»;
      89) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық
                салу мақсатында резидент емес заңды тұлғаның басқару
                және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызу
                әдiстерi
      1. Егер Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелері резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі – резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берген болса, мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:
      1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;
      2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.
      Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде іс жүзінде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары осы Кодекстің осы бабының және 209 – 211-баптарының мақсаттары үшін резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары болып танылады.
      Бұл ретте мыналар:
      қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген резидент емес заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі немесе резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 100 – 111, 111-1, 112–122-баптарына сәйкес шегерімге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);
      резидент емес заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);
      резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізілуге жатпайды.
      2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар – ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.
      3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің біреуін ғана қолданады.
      Резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі резидент емес заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның қосымшасында көрсетіледі.
      4. Резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме халықаралық шарттың талаптары сақталған және өзінде мынадай растайтын құжаттар:
      1) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      3) резидент емес заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, резидент емес заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызады.
      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын:
      шығыстардың түрлері бойынша резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын көрсете отырып таратып жазу;
       5) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне қарай мынадай деректер:
      1) тұтастай алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
      2) тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;
      3) тұтастай алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс.
      Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілде жасалса, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
      5. Осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.
      6. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге қабылдамайды.»;
      90) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады.»;
      91) 211-баптың 12 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Резидент емес заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығындарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.
      2. Егер резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей шегілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 208-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.»;
      «4) Мыналар:
      1) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
      2) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
      3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де шеккен бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салық тіркелімдері растайтын құжаттар болып табылады.
      Салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі.»;
      92) 212-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы баптың 3-тармағына сәйкес салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
      93) 212-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің (табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
      94) 212-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
      95) 219-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.
      Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.
      Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.
      Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
      5. Егер осы тармақта немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қойылған қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
      Егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылады.»;
      96) 221-1-баптың тақырыбы, 1-тармағы2-тармағының бірінші абзацы, 34 және 5-тармақтары «Қазақстан» деген сөздің алдынан «Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің» деген сөздермен толықтырылып, «табысты», «табыс» деген сөздер тиісінше «табысын», «табысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      97) 223-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
      Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы  міндетті.»;
      98) 224-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың мақсаты үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:»;
      99) 225-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.»;
      100) 227-1-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып
                  табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде
                  резидентке төленетін табыстар бойынша салық
                  агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ
                  төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару
                  тәртібі
      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстар резидентке – табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төленген кезде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
      1) мыналар:
      депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
      депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
      депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;
      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі болған кезде салық агентінің мұндай табыстарға осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның табысына осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей табыс етіледі.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін, егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған болса, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым жасайды.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі:
      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым;
      клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алу арқылы клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
      бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түрінде табыс алған кезең үшін салық агентіне:
      1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
      2) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің;
      3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.»;
      101) 230-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізілу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымы Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
      102) 231-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз беру;»;
      103) 235-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.»;
      «4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда  тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.»;
      104) 237-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мына жағдайларда:
      тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
      тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.»;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:
      1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;
      2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;»;
      105) 238-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.
      Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:

      Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),

      мұнда:
      Қ та – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;
      ҚҚС са – тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
      М пқ – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;
      Тн – есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;
      ҚҚС % – қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.»;
      3-1101214 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:
      кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
      кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.»;
      «10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
      1) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген мөлшері негізінде;
      2) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы негізінде;
      3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын, қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
      «12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
      «14. Сенім білдірілген тұлға сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген тұлғаның салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
      «18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша  айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде, әкелінген тауардың экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігіндегі көлеміне пропорционалды айқындалады.»;
      106) 239-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кері импорттың кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;
      107) 241-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленедi.»;
      6-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.» деген сөздер «болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызметтердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, ол бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.»;
      108) 243-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде;
      тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға толық декларацияның көшiрмесi;»;
      109) 244-2-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін
                  тауарларға салық салу»;
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін, арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
      110) 244-3-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «244-3-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының
                  аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
                  ерекшеліктері»;
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толығымен тұтынылатын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
      111) 248-бапта:
      10) тармақшада:
      «әуежай» деген сөздің алдынан «вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтерін;» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Вагондар (контейнерлер) операторы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесінің қатысушысы ретінде көрсетілген ол ұсынатын мынадай қызметтер:
      1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісіп алу;
      2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
      3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;»;
      22) тармақшадағы «көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «көрсетуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
      112) 249-баптың 1-тармағында:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышында (бұдан әрі – Сыныптауыш) көзделген, тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды;
      2) Сыныптауышта көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) тек тұрғын емес үй-жайдан тұратын тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін өткізуді немесе жалға беруді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
      113) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер
      Қосылған құн салығынан:
      1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.»;
      114) 253-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электрондық түрде беруі жөніндегі;»;
      115) мынадай мазмұндағы 253-1-баппен толықтырылсын:
      «253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру
                  саласындағы қызмет көрсетулері
      Дербес білім беру ұйымдары іске асыратын, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулері қосылған құн салығынан босатылады.»;
      116) 254-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) медициналық (ветеринариялық) қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиялары бойынша медициналық (ветеринариялық) қызметтер көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
      117) 256-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:»;
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;
      3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
      Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;
      қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
      жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
      қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;»;
      2-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген, әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
      «3.3. Тұрғын үй құрылысын жүргізетін қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау комиссиясы тұрғын үйді пайдалануға қабылдаған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мынадай формула:

       ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ бойынша айқындалатын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы,

      мұнда:
      ҚҚСте - тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      ҚҚСтғ - тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
      Sте – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
      Sтғ – тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.»;
      118) 257-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «Қосылған» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «сатып алынатын» деген сөздер «ескерілген (ескерілетін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      119) 258-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағының 1) – 3) және 7) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету:
      1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша – түзету жүзеге асырылған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін сол күнгі тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына қолдану жолымен айқындалатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде;
      2) сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша – көрсетілген активтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін олардың түзетілу күнгі қайта бағалау мен құнсыздану ескерілмеген баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) – 3) және 7) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жекелеген активтерге жатады.
      Егер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тек қосылған құн салығы қамтылған бағалар бойынша және қосылған құн салығы мөлшерлемесінің бірдей мөлшері бойынша сатып алынған болса, онда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
      Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құнына қолдану арқылы есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады.
      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

       Қ топ 1, 2,… n = (Қ б х У топ 1, 2,… n),

      мұнда:
      Қ топ 1, 2,… n – қосылған құн салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны;
      Қ б – жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құны;
      У топ 1, 2, … n – жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының үлес салмағы.
      Тауарлардың әрбір тобы қосылған құн салығының қолданылған мөлшерлемесіне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бойынша жеке қалыптасады.
      4-2. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.»;
      120) 263-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып дербес айқындайды.
      1-2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жазып беріледі.
      Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар:
      шот-фактураның нысаны;
      шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
      шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
      түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшелігі;
      шот-фактураларды сақтау тәртібі;
      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі көрсетіледі.
      Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      электрондық түрде жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
      электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің дәйектілігі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуіне жауаптылықта болады.»;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.»;
      5-тармақта:
      2)2-1)5) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шот-фактураның жазып берiлген күні. Шот-фактура электрондық түрде жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;
      2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы.»;
      «5) қосылған құн салығын төлеуші – өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі;»;
      «10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.
      Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші немесе алушы заңды тұлға болып табылса, осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның деректемелері көрсетілуге тиіс.
      Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген болса, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің алушы болса:
      осы тармақтың 2-1), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;
      осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында құрылымдық бөлімшесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын қосылған құн салығын төлеуші – заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.»;
      7-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
      қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтізбелік бес күннен;
      электрондық түрде жазып берілген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтізбелік жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызметтер көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсетуін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.»;
      8-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушылардың көріп-танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салық төлеуші жазып берген шот-фактураны оның шешімі бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.
      Осы тармақтың ережелері электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларға қолданылмайды.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) – 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.»;
      1012 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазып беретін шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.»;
      «12. Шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны және қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
      13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушыға беріледі.»;
      14-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:»;
      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:
      1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;
      2) әуе көлігінде берілетін электрондық билетті қоспағанда, жолаушы тасымалдау жол жүру билетімен ресімделген;
      3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;
      4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;
      5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
      6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.
      16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адам арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.
      Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:
      жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты
      немесе
      жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураларды жазып беру:
      1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – айналым жасалған күні және одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар, қызмет көрсетуді беруші айналым жасалған күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
      2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда – тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету өткiзілген орын бойынша жүзеге асырылады.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмау орын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша – қосымша шот-фактураны жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) қамтылуға тиiс;
      2) мүлiктi қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.»;
      121) 264-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
      Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
      Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақының экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшеріне қосылатын сомасы шот-фактурада бөлек жолмен жазып көрсетілуге тиіс.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі данада жазып бередi.
      Шот-фактураның бірінші данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.
      Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедиторда тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарттың шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер,  сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.
      Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады.
      Құжатта мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
      1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;
      2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;
      4) егер тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
      5) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны бөлек көрсетіледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.»;
      122) 265-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi жазып бередi және қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растайды.»;
      123) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
      Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есепке жазылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Бұл ретте:
      1) оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
      2) теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болып табылады.»;
      124) 267-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізуге құқылы.»;
      2-тармақтың он төртінші абзацындағы «ұйымдар» деген сөз «заңды тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылып, бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бап қолданылған кезде:
      1) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
      2) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 66-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының сомасынан асып кетуі 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережелерін күнтізбелік жылға кіретін барлық салық кезеңіне қолдануға міндетті.»;
      125) 270-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште де, электрондық түрде де жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
      Егер қосылған құн салығын төлеуші:
      салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана жазып берген жағдайда, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;
      салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана алған жағдайда, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді.»;
      126) 271-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.»;
      127) 273-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.»;
      128) 274-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;»;
      129) 276-6-баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмесі) негізінде;»;
      үшінші абзацтағы «күн айқындалады.» деген сөздер «күн;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «халықаралық почта жөнелтілімдері бойынша тауарларды жөнелту кезінде – Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында почта штемпелі қойылған күн айқындалады.»;
      130) 276-8-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаттары негізінде айқындалады.
      Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
      Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
      Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Салық қызметi органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
      Бұл ретте салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өз бетінше түзетеді.»;
      131) 276-11-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операциялар бойынша өздері алған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
      2-тармақтың 7) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
      132) 276-13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.»;
      133) 276-15-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мынадай:
      1) осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) – 6), 6-1), 7) – 13) тармақшаларында көзделген тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақта көрсетiлген Кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
      2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      134) 276-19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.»;
      135) 276-20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.
      Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.»;
      136) 276-21-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеуші осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты салық органына:
      1) тауарлар экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша;
      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ұсынуға міндетті.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлар экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жұмыстарын орындаған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште ұсынбаған кезде, тауарлар экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетуді өткізу бойынша айналымға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға және өткізу бойынша айналым жасау күніне келетін салық кезеңі үшін төлеу мерзімі бойынша бюджетке төлем жасауға жатады.»;
      137) 276-22-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілген;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару мынадай әдістердің бірімен:
      1) тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы қате ұсынылған өтініш салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алынып тасталатын алып тастау әдісімен;
      2) тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтару жолымен жүргізетін ауыстыру әдісімен жүргізіледі.
      Осы тармақтың мақсаты үшін тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмесе, қате табыс етілген деп саналады.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      138) 276-23-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара қайтару жүзеге асырылған жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште осындай тауарлар бойынша мәліметтерді көрсету жүргізілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және осындай тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық органдарына ұсынылмайды.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.
      3. Осы баптың мақсаты үшін экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша қайтаруға жататын импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтер қамтылған құжат Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебі бойынша қайтаруды растау болып табылады.»;
      139) 280-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасында:
      2-бағанның тақырыбындағы «ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1, 3, 4, 5, 10, және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

                                                                 »;
      «

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт
750 теңге/литр

                                                                »;
      «

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/литр

                                                                »;
      «

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт
75 теңге/литр

                                                                 »;
      «

10.

2204,
2205,
2206
00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

                                                                »;
      «

11.

2204,
2205,
2206
00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

                                                                  »;
      140) 290-бапта:
      бірінші бөліктегі «Егер» деген сөз «1. Егер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
      Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.
      Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.»;
      141) 310-бапта:
      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;»;
      «3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген, оның ішінде бастапқы өңдеуден (байытудан) ғана өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмен емес болып айқындалады.
      Өндірілген, оның ішінде бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты кейіннен өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.
      Осы бөлімнің мақсаты үшін шахта, кеніш, карьер, ұсату зауыты (қондырғысы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.»;
      142) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «312-бап. Жалпы ережелер
      Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.»;
      143) 314-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:
      1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
      2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде айқындайды.
      Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.»;
      144) алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
      145) 317-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.»;
      146) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «319-бап. Салық салу объектісі
      1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
      2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
      1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
      2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      3. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
      1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу сәтінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
      2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
      4. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
      1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
      2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
      5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
      Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары – алынатын пайдалы қазбалар қорларын білдіреді.»;
      147) 320-бапта:
      бірінші бөлік және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
      Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондондағы металдар биржасында немесе Лондондағы қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.»;
      148) 323-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;
      3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.»;
      149) 339-баптың кестесінде:
      1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.

Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi

Хром кенi (концентраты)

16,2

Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)

2,5

Темір кенi (концентраты, шекемтастар)

2,8

Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)

18,5

                                                                  »;
      150) 355-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.» деген сөздер «тұлғалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.»;
      151) 358-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы «салық төлейді» деген сөздер «салықты есептейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      152) 359-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
      4. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк салықты осы Кодекстiң 151-4-бабының 5-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.»;
      153) 365-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      3-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысына және (немесе) оның мүшелерiне жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:»;
      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысы және (немесе) оның мүшелерi:»;
      154) 367-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы баптың мақсаты үшін:»;
      155) 368-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.»;
      156) 373-бапта:
      2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы «біреуі» деген сөзден кейін «, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» деген сөздермен толықтырылсын;
      157) 381-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер
                учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық
                мөлшерлемелері
      Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

1

2

3

4


Қалалар:



1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Астана

19,30

0,96

3.

Ақтау

9,65

0,58

4.

Ақтөбе

6,75

0,58

5.

Атырау

8,20

0,58

6.

Қарағанды

9,65

0,58

7.

Қызылорда

8,68

0,58

8.

Көкшетау

5,79

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Павлодар

9,65

0,58

11.

Петропавл

5,79

0,58

12.

Талдықорған

9,17

0,58

13.

Тараз

9,17

0,58

14.

Орал

5,79

0,58

15.

Өскемен

9,65

0,58

16.

Шымкент

9,17

0,58

17.

Алматы облысы:





18.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

19.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

20.

Ақмола облысы:





21.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

22.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

23.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

24.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

25.

Кенттер

0,96

0,13

26.

Селолар (ауылдар)

0,48

0,09

      Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.»;
      158) 382-бапта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.»;
      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.»;
      159) 384-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
      2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.»;
      160) 391-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;
      161) 393-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады.
      Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.»;
      162) 394-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      163) 396-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;
      164) 397-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
      Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған құны салық базасы болып табылады.
      Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.»;
      «4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға жұмсалған шығындардың, сондай-ақ реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады.
      Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте салық салу объектісінің осы активке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны салық базасы болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 406-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салық базасы осы бапта көзделген тәртіппен айқындалады.»;
      165) 398-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
      166) 399-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен енгізеді.»;
      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және оны төлейді.
      8. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын төлейді.»;
      167) 402-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны тапсыруға міндетті.
      Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация тапсыруға міндетті.»;
      168) 403-баптың 2-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.»;
      169) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «405-бап. Салық салу объектісі
      Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
      170) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «406-бап. Салық базасы
      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.

      Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қ б x S x К функц х К айм.
      Осы тармақтың мақсаты үшін:
      Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
      Қ б – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,
      S – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,
      К физ - физикалық тозу коэффициенті,
      К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
      К айм – аймаққа бөлу коэффициенті,
      К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
      2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының ұлттық валютамен көрсетілетін бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Базалық құн, теңгемен

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

30000

2.

Астана

30000

3.

Ақтау

18000

4.

Ақтөбе

18000

5.

Атырау

18000

6.

Қарағанды

18000

7.

Қызылорда

18000

8.

Көкшетау

18000

9.

Қостанай

18000

10.

Павлодар

18000

11.

Петропавл

18000

12.

Талдықорған

18000

13.

Тараз

18000

14.

Орал

18000

15.

Өскемен

18000

16.

Шымкент

18000

17.

Облыстық маңызы бар қалалар

12000

18.

Аудандық маңызы бар қалалар

6000

19.

Кенттер

4200

20.

Селолар (ауылдар)

2700

      Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес белгіленеді.
      3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.

      Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мұндай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қ б x S x K айм.
      Осы тармақтың мақсаты үшін:
      Қ - салық салу мақсаты үшін құн,
      Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
      тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,
      гараж бойынша - 15 пайыз,
      S – тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,
      К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,
      К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,
      К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.
      4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

      К физ = 1 - Т физ, мұнда:
      Т физ – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
      Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т физ = (Т физ - Т п.б) х Н аморт/100, мұнда:
      Т баз - салық есепке жазылған жыл,
      Т п.б – салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл,
      Н аморт - амортизация нормасы.
      Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады: 

Р/с №

Күрделілік тобы

Үйдің сипаттамасы

Н аморт, %

Қызмет ету мерзімі

1

2

3

4

5

1.

1

Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар;
қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар;

0,7

143

2.

2

Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темірбетонды, бетонды немесе ағаш ғимараттар;
ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар

0,8

125

3.

3

Қабырғалары жеңілдетіліп кірпіштен қаланған, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар;
ірі блокты немесе жеңілдетіліп кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар

1,0

100

4.

4

Қабырғалары аралас, кесілген немесе бөрене ағаштан салынған ғимараттар

2,0

50

5.

5

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан құйылған, кесектен соғылған ғимараттар

3,3

30

6.

6

Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар

6,6

15

      Егер тастан қаланған немесе негізгі панельден салынған тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан - 65 пайыздан асса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады.
      5. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мынадай формула бойынша есептеледі:

      К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
      К қаб – тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,
      К бұр – тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын ескеретін коэффициент,
      К қ. мат - қабырғалар материалын ескеретін коэффициент,
      К жайл – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент,
      К жылу - жылыту түрін ескеретін коэффициент.
      Қабаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:

Р/с №

Қабат

К қабат

1

2

3

1.

Бірінші

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй

1,00

3.

Соңғы

0,9

      Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.
      Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады: 

Р/с №

Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскесінде орналасуы

К бұр

1

2

3

1.

Бұрыштағы пәтер

0,95

2.

Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй

1,0

      Қабырғалар материалына қарай мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады: 

Р/с

Қабырға материалы

Коэффициент

1

2

3

1.

Кірпіштен

1,1

2.

Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған

1,0

3.

Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темірбетонды панелден

1,0

5.

Темірбетонды панельдерден кiрпiшпен қапталған

1,05

6.

Кесек-балшықтан соғылған

0,5

7.

Кесектен соғылған, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған

0,6

8.

Монолитты шлакты-бетонды

0,7

9.

Темірбетонды блоктардан

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған

0,75

12.

Кесiлген ағаштан

0,85

13.

Шпалдан

0,75

14.

Шпалдан, кiрпiшпен қапталған

0,95

15.

Қамыс-қаңқалы

0,6

16.

Өзгелері

1,0

      Тұрғын жайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.
      Адамдардың тұруы (тұрмыстық), онда болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
      Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:

Р/с №

Жылыту түрі

К жылу

1

2

3

1.

Орталықтан жылыту

1,0

2.

Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту

0,98

3.

Қатты отынды пайдаланып, сумен жергiлiктi жылыту

0,95

4.

Пешпен жылыту

0,9

      6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.
      Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекітеді.
      7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

      К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:
      ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;
      алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.
      8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық базасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
      9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.
      10. Салық қызметі органдары пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:

      Қ = Қб х S х 2, мұнда:
      Қ – салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
      Қб – осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,
      S – аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.»;
      171) 409-баптың 1257 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
      1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілер;
      2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығында иеленудің немесе пайдаланудың нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей жүргізеді.
      Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.
      2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
      Бұл ретте меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.»;
      «5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.»;
      «7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
      1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
      2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық  салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің  1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
      8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге  тиіс.
      Салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) салықтың жылдық сомасын бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.»;
      172) 426-бапта:
      234 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.
      3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:
      1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар;
      2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама) - бір салық салу режімінен өзге салық салу режіміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады.
      4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
      1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау;
      2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау;
      3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және  2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі.
      5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.»;
      7-тармақ алып тасталсын;
      173) 427-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «427-бап. Жалпы ережелер
      1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.
      2. Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта көрсетілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
      3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
      4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:
      1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
      2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
      3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
      4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
      5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
      6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;
      7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;
      8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда);
      9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;
      10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.
      5. Заңды тұлғалар осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеуді және ол бойынша осы Кодекстің 4 және 5-бөлімдеріне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық есептілігін тапсыруды жүзеге асырады.
      6. Дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар:
      1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарында белгіленген тәртіппен мүліктік табыстың;
      2) осы Кодекстің 184-бабында белгіленген тәртіппен өзге де табыстардың;
      3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын табыстардың;
      4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
      Бұл ретте осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және салық есептілігін табыс ету тиісті табыс түрі үшін осы Кодекстің 20 және 21-тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:
      1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін – осындай берілген мүліктің құны;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу;
      3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өзіне берілген, дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.
      8. Осы тараудың мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
      Осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстар:
      1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
      2) мәміле шарттары өзгертілген;
      3) бағалар өзгерген, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақылар;
      4) баға шегерістері, сату шегерістері;
      5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
      6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаған қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
      Осы тармақшада көзделген табысты түзету:
      1) салық төлеуші – дебитор таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне салық төлеуші – кредитор талап қоймаған;
      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
      Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
      Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.
      Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына қарай түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын табыс түзетуге жатады деп танылған салық кезеңінде жүргізіледі.
      9. Егер бір ғана табыс табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.
      Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
      10. Осы тараудың мақсатында егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.»;
      174) мынадай мазмұндағы 427-1-баппен толықтырылсын:
      «427-1-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және
                  қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне
                  сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық
                  есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара
                  кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуды
                  тану ерекшеліктері
      1. Осы баптың ережелерін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде де айқындалады.
      3. Тауарларды өткізуден түсетін табыс төменде аталған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде:
      1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
      2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
      3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
      4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсуі ықтимал болса;
      5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, танылады.
      4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.
      5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
      1) кредит берушінің салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы;
      2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредит беруші талап етпеген міндеттемелер;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
      4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
      Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы:
      1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған;
      2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
      Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:
      1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредит беруші міндеттемені есептен шығарған;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына таратудың салықтық есептілігі тапсырылған;
      3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қою мерзімі өткен;
      4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есептілік кезеңде танылады.
      6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстандағы қолданыстағы бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды.
      7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер деп таныған салық кезеңінде танылады.
      8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетуі басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетуіне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.
      9. Салық кезеңі үшін алуға жататын (алынған) табыс есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып танылады.
      10. Талап ету құқығын беруден түсетін табыс:
      1) талап ету құқығын сатып алатын дара кәсіпкер үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы берілген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс сатып алынған талапты борышкер өтеген салық кезеңінің табысы болып табылады;
      2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс беру жүргізілген салық кезеңінің табысы болып табылады.
      11. Заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылатын дара кәсіпкер осы Кодекстің 80-бабының ережелерін ескере отырып, салық есебін жүргізеді.
      12. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салық кезеңінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс болып табылады.
      Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлік алынған салық кезеңінде  танылады.
      Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
      Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
      Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.
      13. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі табыс мұндай өтем алынған салық кезеңінде танылады.
      Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің табысы мұндай есепке жатқызу жүргізілген салық кезеңінде танылады.»;
      175) 428-бапта:
      3-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың.»;
      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің.
      Осы тармақшаның мақсаты үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) ұғынылады, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін басқа тараптың тапсыруы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.
      7) коммерциялық емес ұйымдардың;
      8) дивидендтер, сыйақылар, роялти түрінде алынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.»;
      4-тармақта:
      11) тармақшадағы «қолданылмайды» деген сөз «қолдануға құқығы жоқ» деген сөздермен ауыстырылып, бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн:»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарының мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті табысы:
      1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
      2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізуге және жарғылық капиталға беруге байланысты туындайтын, осы Кодекстің 180-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі табыстардан;
      3) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын табыстан тұрады.
      6. Осы Кодекстің 433-бабының мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті табысы:
      1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
      2) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын жылдық жиынтық табыстан тұрады.»;
      176) 429431 және 432-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «429-бап. Қолдану шарттары
      Патент негізінде арнаулы салық режімін осы Кодекстің 428-бабы   және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін:
      1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
      2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
      3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.»;
      «431-бап. Қолдану тәртібі
      1. Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) ұсынады.
      Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
      1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;
      2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін;
      3) кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
      Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн болып табылады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін есеп-қисап тапсырылған айдан кейінгі айдың бірінші күні патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану мерзімі басталатын күн және патенттің қолданылу мерзімінің басталатын күні болып табылады.
      2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.
      Патент құны осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
      Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.
      Патент құны банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда электрондық түрде тапсырылған есеп-қисапқа төлем құжатының деректемелері сауалында көрсетілген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.
      Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс етіледі.
      Электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылған есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салық және төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді.
      Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты тапсырғаннан кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.
      Дара кәсіпкерлер қажет болған кезде есеп-қисап табыс етілген салық органында қағаз жеткізгіште электрондық патентті алуға құқылы.
      Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізінде арнаулы салық режімі бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
      Патент негізінде арнаулы салық режімін:
      1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
      2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады.
      3. Патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруы үшін осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салық өтінішін орналасқан жері бойынша салық органына тапсырады.
      4. Патенттің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкерлер патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етедi.
      Бұл ретте:
      1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күн салық төлеушi таңдаған жалпыға бірдей белгiленген тәртiпті немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастайтын күн болып табылады.
      5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, оның ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.
      Бұл ретте:
      1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні салық төлеушi таңдаған жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      6. Патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкерлер шарттармен сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне көшу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.
      Бұл ретте:
      1) мұндай шарттар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) мұндай шарттар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      7. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 429-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі фактiсiн анықталған кезде, мұндай салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Камералдық бақылау барысында осындай сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейін салық төлеушіге осы Кодекстің 607 және 608-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді.
      Бұл ретте:
      1) мұндай сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдындағы болып табылатын айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) мұндай сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
      432-бап. Патент құнын есептеу
      1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.
      Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
      1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;
      2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
      Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
      Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
      2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
      Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
      Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
      3. Егер осы Кодекстің 431-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы.
      Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық зерттеп тексеруден кейін осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
      5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.».
      177) 433-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «433-бап. Қолдану шарттары»;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:»;
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;»;
      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.»;
      178) 434 және 435-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «434-бап. Салық кезеңі
      Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.
      435-бап. Қолдану тәртібі
      «1. Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
      Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны:
      1) жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының бірінші күніне дейін;
      3) патент негізінде арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:
      патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      өзге жағдайларда – патенттің қолданылу немесе салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.
      2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні:
      1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;
      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;
      3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
      4) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:
      осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен кейінгі күн;
      осы Кодекстің 431-бабының 5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
      осы Кодекстің 431-бабының 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні болып табылады.
      3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, оның ішінде салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
      Бұл ретте:
      1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
      4. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер шарттарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге салық режіміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
      Бұл ретте:
      1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
      5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
      Бұл ретте:
      1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
      179) 436-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.»;
      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
      180) 439-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;
      2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;
      3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.»;
      181) 441-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «441-бап. Қолдану тәртібі
      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.
      Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін таңдауды осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
      Бұл ретте:
      жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;
      салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режімін қолдануды бастау күні болып табылады.
      2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.
      Бұл ретте:
      1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайларда дара кәсіпкерлер сәйкессiздiк шарттары туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
      Бұл ретте:
      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
      4. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген шарттарға сәйкессіздік фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiбередi.
      Бұл ретте:
      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
      182) 442-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен қызметтің көрсетілген түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы Кодекстің 441-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушінің жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.»;
      183) 443-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «443-бап. Салық салу объектісі
      Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
      Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.»;
      184) 444-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын жер учаскесін жер пайдалану құқығында иеленудің нақты кезеңі үшін есептейді.
      Жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалау құны жер учаскесін бағалау құнын он екіге бөлу және жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен айқындалады.
      Шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін иеленудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.
      Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
      Жалға берушінің бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.»;
      185) 448-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
      ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі);
      оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі;
      жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
      Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режімін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы режімді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режім кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданады.
      Арнаулы салық режімі корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
      Арнаулы салық режімі:
      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:
      жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу;
      толық тізбекті (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
      2) селолық тұтыну кооперативтерінің:
      шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өткізу;
      шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеушілер осы арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.»;
      186) 450 және 451-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «450-бап. Қолдану шарттары
      1. Арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режімiн қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.
      Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.
      Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режімiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.
      Бұл ретте:
      1) жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер үшін – әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні;
      2) жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
      2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеушi қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны ұсынуға міндеттi.
      Бұл ретте:
      1) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама тапсырылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
      3. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, салық төлеушi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына ұсынады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
      Бұл ретте:
      1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
      4. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде осы салық төлеушіні жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
      Бұл ретте, сәйкес келмеу фактiсi камералдық бақылау барысында анықталған жағдайда, салық органдары салық төлеушiге жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен жою туралы хабарлама жiбередi.
      Бұл ретте:
      1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
      2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануды бастау күні болып табылады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушiнiң жалпыға бірдей белгіленген тәртіп немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастаған күннен бері алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
      451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін
               пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі
      1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік  құралдары салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.
      2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
      3. Осы бапты қолдану кезінде бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында:
      1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып түсуi) болмаған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
      2) есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсуі болған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсу сомасынан асып түсуі 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
      187) 455-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін;»;
      188) 456-баптың кестесінде:
      4, 4.1. және 4.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

4.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін

-

4.1.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарылып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін:

-

                                                               »:
      «

4.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,5

                                                                »;
      189) 457-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
      190) 458-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымдардың төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды тапсырмағанын растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;
      191) 459-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе,» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақшадағы «жүруi;» деген сөз «жүруi үшiн өндiрiп алынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе,» деген сөздер алып тасталсын;
      192) 461-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының жол берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есеп-қисапты, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргiзiледi;»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      193) 462-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін бюджетке төленеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүру фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факті анықталған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
      2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаты алынғанға дейін рұқсат құжаты алынған жер бойынша бюджетке төленеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.»;
      7-тармақ алып тасталсын;
      194) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «463-бап. Жалпы ережелер
      Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті  (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.»;
      195) 467-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      96) 472-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - өздерінің орналасқан жері бойынша және жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша тиiстi құжаттарды лицензиарға бергенге дейiн бюджетке төленедi.»;
      «4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымның сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, лицензиар берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.»;
      197) 476-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін рұқсатты  (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.»;
      198) 478-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша орналасқан салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      199) 483-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.»;
      200) 493-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      201) 495-бапта:
      4-тармақ кестесінің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

3

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24

                                                             »;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Осы бапта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.»;
      202) 496-баптың 23 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
      3. Рұқсат құжаты осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
      Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:
      1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
      2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.»;
      203) 498-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.
      Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:
      1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
      2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.»;
      204) 507-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша оның мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оның төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.»;
      205) 508-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.»;
      206) 511-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде, не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған, табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе аталған төлемді растайтын бақылау-касса машинасы, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу жолымен жүргiзiледi.»;
      207) 513-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      208) 515-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.
      Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.»;
      209) 524-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көлiк саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтер ұсынады.»;
      210) 527-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы төлемақы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.»;
      6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.»;
      211) 528-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.»;
      212) 529-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше орналасқан жер бойынша салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      213) 530-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Р/с №

Жолдардың санаты

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кiреберiстер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

                                                                  »;
      214) 531-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
      5. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.»;
      215) 532-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «532-бап. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
      Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.
      2. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша салық органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы ақпарат ұсынады.»;
      216) 536-баптың 20) тармақшасының бірінші абзацындағы «қолдың растығын» деген сөздер «қолдардың түпнұсқалығын» деген сөздермен ауыстырылсын:
      217) 542-баптың 10) тармақшасындағы «бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.»;
      218) 556-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отынға, биоотынға және мазутқа бақылау;»;
      219) 557-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;
      6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;»;
      220) 558-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;»;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салықтық зерттеп тексеруді жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіздеме, осы Кодекстің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге  қатысты қолданылмайды.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салық органы салық төлеушінің орналасқан жерінің болуын (болмауын) растау туралы хабарламаны салық төлеушіге жіберген күннен кейінгі күннен кешіктірмей, мұндай салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), салықтық тексеру актісін жүргізу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы:
      осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады
      немесе
      жазбаша түсіндірме ұсынуға осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алуды жүргізеді.»;
      221) 561-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
      Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (өткізген) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;
      «5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;»;
      222) 562-бапта:
      1-1-тармақтың 3) тармақшасындағы «инкорпорация елiндегi» деген сөздер «бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:»;
      мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
      «5-2. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығы немесе жер салығы салынатын объектiсi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай:
      1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
      2) мұндай нөмірі бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
      223) 564-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер жеке тұлғада Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерi болмаған жағдайда, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) осы Кодекстің 562-бабының 5-2-тармағында көрсетілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;»;
      224) 566-бапта:
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер;
      2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтінішті ұсыну мерзімі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес салықтық өтінішті ұсынған кезде қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, мұндай куәлік дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде ауыстыруға жатады.
      Бұл ретте салықтық өтініш осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар қоса берілместен ұсынылады.»;
      3-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дара кәсіпкер - Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын құжаттар;
      2) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат – түпнұсқасын көрсете отырып, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.»
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуді, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Егер:
      1) дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса;
      2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;
      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болмаса, салық органдары дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуден бас тартады.
      5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.»;
      225) 568-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге де жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мынадай құжаттардың бірі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады:
      жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат немесе меншік құқығында орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғаның жазбаша келісімі.»;
      226) 569-баптың 3-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;»;
      4) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы):»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);»;
      5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);»;
      227) 571-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жазбаша түсіндірме табыс ету үшін осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған; »;
      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы баптың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;»;
      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы баптың 4-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;»;
      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалы, өкілдігі арқылы резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;»;
      3) тармақшадағы «бастап жүргізеді.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шығарылған күннен бастап жүргізеді.»;
      228) 573-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:»;
      229) 577-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де қалданылады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      230) 578-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер болмаған жағдайда салық органына мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
      3. Концессия шарты бойынша бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығы тоқтаған заңды тұлға егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық өтініштің негізінде мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығарылады.
      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтініштің негізінде:
      заңды тұлға осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойған;
      заңды тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бір салық органында құрылымдық бөлімшені тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған жағдайда шығарылады.
      Бұл ретте заңды тұлға құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімді жойған жағдайда, салықтық өтінішке мұндай шешімнің көшірмесі қоса беріледі.
      Егер мұндай заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеу есебінен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережелері барлық салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша құқықтар тоқтатылған жағдайда, заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      231) 579-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша;
      2) ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
      3. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
      жеке табыс салығы бойынша;
      ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынбаған жағдайда немесе соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.»;
      232) 580-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға таратылу сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
      Таратылу сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.»;
      233) 581-бапта:
      6) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарындағы ақшасы жеткілікті болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдері де осындай тәртіппен салық органдарының нұсқамасы алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей орындалуға міндетті.»;
      12) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның;»;
      234) 582-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;»;
      235) 587-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:
      1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,
      2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,
      3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.
      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.
      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;
      2) жоғары тұрған салық қызметі органына – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.»;
      236) 590-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті
                төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен
                әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген
                сомаларын есепке алу
      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, мемлекеттік уәкілетті органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
      2. Осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қосылған құн салығын төлеуші қолданған жағдайда қосылған құн салығын төлеушінің дербес шотындағы салық есептілігі деректерінің негізінде:
      1) есептелген сома ретінде – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы (осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қолданбай);
      2) кемітілген сома ретінде – осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кеміту сомасы есепке алынуға жатады.»;
      237) 599600 және 602-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «599-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың
                артық төленген сомаларын есепке жатқызу
      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін - есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.
      2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасы болып табылады.
      Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға жататын, төленген салық сомасы да салықтың артық төленген сомасы болып табылады.
      3. Осы Кодекстің осы бабының және 600 және 602-баптарының мақсатында:
      1) жер учаскелерін, жер бетіндегі көздерден алынатын су ресурстарын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлемақы – төлемақы болып табылады;
      2) аукциондардан алынатын алым – алым болып табылады.
      4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептеулі тұратын салық органы ұлттық валютада жүргізеді.
      5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын, осы баптың 13 – 16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.
      6. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға акциздің артық төленген сомаларын салықтың, төлемақының осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу, салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.
      7. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, ол ұсынылған күнге дейін артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.
      8. Есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:
      1) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
      2) өтінішсіз – жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
      9. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген, олардың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызуды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
      10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомаларын есепке жатқызу жүргізілген күні есепке жатқызуға салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
      11. Салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлдарды;
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды - өтеу есебіне;
      2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
      салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
      салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
      салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
      егер осы баптың 13 және 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді – төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.
      12. Өсімпұлдардың бюджетке артық төленген сомасы мынадай тәртіппен:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересіні;
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
      2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
      салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
      салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
      салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
      егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
      13. Есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде заңды тұлға салығының, төлемақысының, алымының артық төленген сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
      3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      14. Есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде заңды тұлға өсімпұлдарының артық төленген сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
      3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      15. Есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салығының, төлемақысының, алымының артық төленген сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
      3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
      6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      16. Есепке жатқызуға берген салықтық өтініш негізінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өсімпұлдарының артық төленген сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
      1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
      3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын;
      4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын; 6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
      600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының
               есепке жазылған салық сомасынан асып түсуін есепке
               жатқызу
      Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
      «602-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың
                артық төленген сомасын қайтару
      1. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
      2. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, алым, төлемақы, өсімпұл бойынша жеке шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
      3. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
      5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына жүргізіледі.
      Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
      Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
      Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
      Салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
      6. Салық төлеушінің есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.
      7. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, олардың артық төленген сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
      8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебінен салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын қайтарған күні салық төлеушінің қайтаруға салықтық өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.»;
      238) 603-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
      Салық органы салық берешегi болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырмай-ақ  орын алған салық берешегiн өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.
      Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтінішін тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
      Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.»;
      239) 605 және 606-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен
                қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
                туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар
                бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын,
                сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
      1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
      Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.
      2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
      606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
               төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу
      Осы Кодекстің 599, 601-602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.»;
      240) 607-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабының 7-тармағында және 43-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
      241) 608-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізу күні осындай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
      «1-3. Салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) – 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.»;
      242) 609-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:
      1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;
      2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қаралатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты қолданылмайды.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      243) 611-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.»;
      244) 614-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      245) 615-баптың 347 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банк шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
      4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.»;
      «7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.»;
      «9. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.»;
      246) 616-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.»;
      247) 623-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп және (немесе) аталған келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратын сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторингіне жатқызылады және осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан, iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгізiледi.»;
      248) 624-бапта:
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2 – 5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.»;
      249) 625-бапта:
      4-тармақта:
      бірінші абзацтағы «салық бақылауын» деген сөздер «салықтық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылып, 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;»;
      «2) осы Кодекстiң 274-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің критерийлерін және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      250) 627-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мыналар:
      нұсқамада көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдары тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;
      мынадай:
      салық органдарында тiркеу есебiне қою;
      бақылау-кассалық машиналардың болуы;
      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
      акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер кезiнде - нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;
      салықтық тексерудiң басқа түрлерi кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасында:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тақырыптық тексеру - мыналар:
      салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;
      мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi;
      банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;
      трансферттiк баға белгiлеу;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
      соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау;
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп сот таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша салық мiндеттемелерiн анықтау мәселелерi бойынша;
      салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;
      халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;
      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
      төленген табыс салығын резидент еместiң салықтық өтiнiшiнің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару;
      осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералды бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындалмауы;
      салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;
      төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместiң салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiн қарау;
      салық органдарында тiркеу есебiне қою;
      бақылау-кассалық машиналардың болуы;
      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
      акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;
      бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтау;
      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;
      касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық қызметi органы жүргiзетiн тексеру.
      Мынадай:
      салық органдарында тiркеу есебiне қою;
      бақылау-кассалық машиналардың болуы;
      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
      акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектілерi бiрлестiктерiнiң өкiлдерi осындай бiрлестiктермен келiсiм бойынша тартылуы мүмкiн.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын пайдаланған жағдайда, бақылау-касса машинасының болуы және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілмейді.»;
      9-тармақтың 2) тармақшасында:
      бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде:
      салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша;
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер бойынша;
      салық төлеушi (салық агентi) бұрын тексерiлген салық кезеңiне қосымша салық есептiлiгiн осындай қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердiң дәйектілігін тексеру мақсатында ұсынылған жағдайда;
      салық қызметi органының бұрын жiберiлген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келiп түспеген жауап алынған жағдайда;
      осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi (салық агентi) орындамаған жағдайда;
      резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
      резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;
      дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
      салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты;
      жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша;
      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дәйектілігін растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары негiзiнде;
      резидент еместiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшi негiзiнде;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметi органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелерi бойынша;
      соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;
      сот кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жүзеге асырылған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;
      салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне шағымын - осы шағымда көрсетiлген мәселелер бойынша;
      резидент еместiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiне байланысты;
      олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесi бойынша;
      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселелерi бойынша;
      салық органдарында тiркеу есебiне қою мәселелерi бойынша;
      бақылау-касса машиналарының болуы мәселелерi бойынша;
     төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелері бойынша;
      акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша;
      бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау мәселелерi бойынша;
      акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн лицензиялау қағидаларын және оларды өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау мәселелерi бойынша;
      касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша;
      уәкілетті органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.»;
      «Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
      251) 629-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау мәселелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерулер;»;
      252) 632-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ көрсетiлген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер:
      салық органдарында тiркеу есебiне қою;
      бақылау-касса машиналарының болуы;
      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
      акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
      3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мынадай:
      салық органдарында тiркеу есебiне қою;
      бақылау-кассалық машиналардың болуы;
      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
      акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
      253) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 74-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
      4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға  ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға  лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
      254) 635-бапта:
      4-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру тағайындау және (немесе) салық қызметі органына мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы сауал жіберу туралы шешім «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтық айқындалған тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.
      Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі – салық төлеуші (салық агенті) қосылған құн салығы бойынша ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.» деген сөздер «расталмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      «қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;
      үстеме тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде:
      өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;
      өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық қызметі органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.»;
      255) 638-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.»;
      256) 645-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
      Осы тармақтың ережесi:
      1) жеке нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
      2) мыналардың:
      шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі шеңберінде қызметін патент негізінде жүзеге асыратын;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
      3) уәкілетті органмен келісе отырып, көлік саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша билеттер беретін қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау жөніндегі халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
      Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілер жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
      Бұл ретте бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану  бойынша міндет 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайды.
      Салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режімде беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі ережелер аумағында көлік, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның деректері бойынша жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолма-қол ақша арқылы сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь  өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
      Аумағында жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат көлік, коммуникациялар, байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті органның сайтында орналастырылуға жатады.»;
      257) 649-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:»;
      258) 650-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, фискалдық есепті алған сәтте кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуге тиіс.
      Осы Кодекстің 649-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кассаның ағымдағы жай-күйі туралы фискалдық есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны есептеуді салық төлеуші (оның лауазымды адамы) салық қызметі органының тексеруші адамының қатысуымен жүргізеді.»;
      259) 667-бапта:
      3-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.»;
      «Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.»;
      260) 677-бапта:
      3-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп деп таниды.»;
      «Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органның қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.».
      5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      32-бапта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
      Қолданылу мерзімі тоқтатылғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестаты жарамсыз деп есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты аттестаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, маман қолданылу мерзімі аяқталуынан екі ай бұрын қолданыстағы аттестатты қоса бере отырып, осы баптың 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жаңасын тіркеген сәттен бастап қолданыстағы аттестат жарамсыз болады.»;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш беруші табыс еткен толық емес немесе дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, аттестаттың күші жойылады.
      10. Біліктілік аттестатының күшін жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайтадан берілген өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган күшін жою туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы үшінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      13-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      2) 11-1-баптың 14-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      3) 20-баптың 13-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      4) 40-баптың 12-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      5) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «43-бап. Провизиялар (резервтер)
      1. Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты залалдарды жабу үшін банктер қалыптастыратын міндетті резерв динамикалық резерв болып табылады.
      Банктер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және шарттарда динамикалық резервті қалыптастыруға міндетті.
      Динамикалық резерв жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейін құрылады. Егер динамикалық резервтің нақты мөлшері салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейтін ең төмен мөлшерден мөлшерден аз болса, банктер жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуге (төлеуге) құқылы емес.
      2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылаудың тиiстi деңгейін және оның сенімдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.»;
      6) 44-баптың 5-тармағының үшінші абзацы, 45-баптың 7-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      7) 50-баптың 6-тармағының д) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемесін орындаудың ерекшелігі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;»;
      8) 60-баптың 7-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;».
      7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 22-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
      2) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есепке жазылған) сомалары жөнiнде мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
      Декларацияның нысанын және оны жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
      8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
      9-бапта:
      1-тармақтың екінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;»;
      «заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;»;
      3-тармақтың екінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің орналасқан жерін көрсете отырып, декларация тапсырады;»;
      «заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;».
      9. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 15-1-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;»;
      2) 32-баптың 14-тармағында:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иемденген кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;»;
      2) тармақшадағы «банк холдингтері» деген сөздерден кейін «немесе банктер» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 34-баптың 13-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      4) 44-баптың 6-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      5) 48-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы бесінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      9-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      6) 62-баптың 9-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болу шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.».
      10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы алып тасталсын.
      11. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
      1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттiк бюджет қаражаты, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебiнен немесе концессиялық шарттар негiзiнде салынуы мүмкiн, бұл ретте автомобиль жолы ақылы жүрудi ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаларға пайдалануға берiлуi мүмкiн.
      Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына алынады.»;
      2) 5-1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) I санатты автомобиль жолдары және ІІ санатты автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері салынған;
      2) қазіргі бар І санатты автомобиль жолдары мен ІІ санатты автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері реконструкцияланған жағдайда қабылдануы мүмкiн.».
      12. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат):
      18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, төлеушi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есепке жазылған әлеуметтiк аударымдар жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
      Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
      13. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 8) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын, кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;»;
      «13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі – халықаралық стандарттар) және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (бұдан әрі – шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт) – Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;»;
      2) 2-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:
      1) патент, оңайлатылған декларация негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімдерін қолданатын;
      2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;
      3) табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген шарттардың біріне сәйкес келмеген кезде дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асыруға міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған дара кәсіпкер мұндай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап мұндай есепті жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.
      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар қаржылық есептілік жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Есептік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша:
      1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға немесе шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасауға құқылы;
      2) осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.»;
      3) 6-баптың 2-тармағындағы «ұлттық стандарттарға» деген сөздерден кейін «, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 7-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді.»;
      5) 14-баптағы «халықаралық стандарттарға» деген сөздерден кейін «, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 15-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.
      Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне оның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
      Бұқаралық мүдде ұйымының қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.»;
      7) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
      Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары қорынан оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ немесе орыс тілдерінде жариялаған халықаралық стандарттарға және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.»;
      8) 20-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «халықаралық стандарттардың» деген сөздерден кейін «, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарттың» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 21-бапта:
      4-тармақтың 1) тармақшасындағы «халықаралық стандарттар» деген сөздерден кейін «, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;»;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      10) 22-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
      14. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      1) 3-баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатпайтын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындау;
      5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргiзу;»;
      2) 9-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендiру нөмiрiн ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру алгоритміне сәйкес дұрыс көрсетiлуiн бақылауға мiндеттi.».
      15. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 5-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «қосылған құн салығы мен акциздерді есепке алмай,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 37-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.».
      16. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 11-2-бап алып тасталсын;
      3) алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
      4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
      «17-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 201-бабының 1-тармағын қолдану мақсатында 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған шетел валютасындағы табыстарды 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін төлеген кезде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыстарды төлеу күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептеледі деп белгіленсін.»;
      5) 19-1-бап алып тасталсын;
      6) алып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7) 25-бапта:
      5-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасаған күнгі жағдай бойынша валюта түсімдерінің түсуі туралы тиісті сұрау салуды жібереді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Салықтық тексеру аяқталған күні олар бойынша:
      1) өнім берушімен өзара есеп айырысудың дәйектілігін растау үшін үстеме тексеру жүргізуге берілген сұрау салуға жауаптар алынбаған;
      2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша үстеме тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;
      3) бұрын жiберiлген сұрау салулар бойынша салық қызметі органы алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дәйектілігі расталмаған;
      4) қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;
      5) үстеме тексеру жүргізу мүмкіндігінің болмауына байланысты, оның ішінде:
      орналасқан жері бойынша өнім берушінің болмауы;
      өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi.
      Бұл ретте салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы салық қызметі органына сұрау салуды жіберу туралы шешім «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтықтар айқындалған, тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.
      Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі – бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.»;
      8) 32-1-бап алып тасталсын;
      9) 47-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 39, 40, 561, 562, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер тиісінше «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын;»;
      10) 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8 – 12-тармақтарының »;
      11) 49-баптың 1) тармақшасының жиырма екінші және алпыс алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:»;
      «Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.»;
      12) 49-1-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есепке жазыла отырып, төленуге тиіс.».
      17. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 61) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «61) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;»;
      2) 111-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді.
      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданылуы тоқтатылмаған, жер қойнауын пайдаланушы тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорының қаражаты есебінен пайдаланған сомаға азайтылады.
      Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің кезеңділігі туралы шарттар келісімшартта белгіленеді.».
      18. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендiк реттеу және салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 71-құжат):
      1) 1-баптың 34-тармағы алып тасталсын;
      2) 2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «, 34-тармағын» деген сөздер алып тасталсын.
      19. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      7-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) көзделгендер жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;».
      20. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      16-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың түпнұсқалығы;»;
      4) тармақша алып тасталсын.
      21. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):
      1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зияткерлік мектептер мынадай білім беру деңгейлері:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
      2) негізгі мектеп;
      3) жоғары мектеп;
      4) орта білімнен кейінгі білім беру;
      5) жоғары білім беру;
      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
      7) қосымша білім беру бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.
      Зияткерлік мектептер өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
      Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологияларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.»;
      2) 10-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім беру бағдарламалары осы Заңда белгіленген білім беру деңгейлері бойынша Зияткерлік мектептерде іске асырылады.».
      22. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-бапта:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:»;
      мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі үшін кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайтыны белгіленсін.
      Біріктірілген көрсеткішті және ең жоғарғы арақатынас мөлшерін айқындау тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Осы бап кредит (қарыз), кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мына шарттар сақталған кезде:
      кешірілген кредит (қарыз) сомасы мөлшерін және тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептік көрсеткіштен аспаған кезде;
      салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілген кезде қолданылады.
      Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің (қарыздың) кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті (қарызды) қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.»;
      3) 7-бапта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:»;
      алтыншы абзацтағы «оң айырма сомасы танылады.» деген сөздер «оң айырма сомасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші-оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      «5) осы Кодекстің 106-бабының 1 және 1-3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші мынадай тәртіппен есептейтін:
      уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған, бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар (резервтер),
      минус
      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардан (резервтерден) асып кету сомасы танылады.»;
      4) 8-бапта:
      бірінші абзацтағы «2013» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта:
      «тауарда» деген сөздің алдынан «жүкқұжатын қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «мұндай құжаттарда» деген сөздер «декларация мен жүкқұжатта» деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 24, 196-құжат):
      1) 1-баптың 26-тармағында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мынадай мазмұндағы 58, 60, 61, 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-баптармен толықтырылсын:»;
      алтыншы – он екінші, жиырма бірінші – жиырма алтыншы абзацтар алып тасталсын;
      2) 2-баптың 9-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 10-тармағының 3), 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
      Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтеріне еншілес банкті құруға немесе сатып алуға не банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсатты банк холдингі тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ тиісті өтінішті ұсынған кезден бастап отыз жұмыс күні
ішінде уәкілетті орган береді.
      Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 11) тармақшасының жетінші – жетпіс екінші абзацтарында, 17) тармақшасының отыз үшінші – жетпіс тоғызыншы абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
      Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтеріне еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе сатып алуға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға рұқсатты сақтандыру холдингі тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ тиісті өтінішті ұсынған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.».
      24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 11-құжат):
      1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «жүктің кедендік декларациясы» және «жүктің толық кедендік декларациясы» деген сөздер тиісінше «тауарларға декларацияның көшірмесі» және «тауарларға толық декларацияның көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;».
      25. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әртүрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      2-бап «3-тармағын,» деген сөздерден кейін «2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-тармағының 1) тармақшасын,» деген сөздермен толықтырылсын.
      26. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 10, 77-құжат):
      1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы4) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы, жетінші абзацтары және 5) тармақшасы алып тасталсын.
      27. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1-баптың 7-тармағының 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары және 5) тармақшасы алып тасталсын.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       2-бап.
      1. 2013 жылғы 1 шілдеге дейін салық органдарының осы бапта айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға (есептiк тiркеуден шығарылуға, қызметін тоқтатуға) жататын заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және дара кәсіпкерлердің түпкілікті тiзбесiн қалыптастыруға міндеттілігі белгіленсін.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тiзбеге мыналар:
      1) резидент заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      2) филиалдар, өкілдіктер ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
      3) Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнде олар туралы ақпарат жоқ резидент заңды тұлғалар, резидент заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      4) дара кәсіпкерлер енгізілуге жатады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
      1) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін, бірақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген талап ету мерзімінен кешіктірмей:
      салық есептілігiн ұсынбаған;
      экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
      егер төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, банк шоттары бойынша төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
      2) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:
      қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiнде тұрмаған;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық есептілігiн тапсыруды тоқтата тұрмаған;
      аталған салықтарды жеке тұлғаларға салу объектiлерiн қоспағанда, меншiк құқығында мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектiлерi жоқ.
      Осы тармақта айқындалған шарттар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген субъектілерге қолданылмайды.
      4. Салық қызметі органдары:
      1) 2013 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей осы баптың 3-тармағының шарттарына сай келетін субъектілердің бастапқы тiзбесiн қалыптастырады;
      2) 2013 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей мынадай мәліметтерді көрсете отырып, қалыптастырылған субъектілер тiзбесін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады:
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      сәйкестендiру нөмiрi (ол бар болса);
      субъектінің тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болса) не атауын;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, заңды тұлға басшының, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі басшысының сәйкестендiру нөмiрi (ол бар болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) (мұндай мәліметтер болған кезінде);
      субъектінің орналасқан (келген) жері бойынша салық органының атауын;
      кредиторлардың және (немесе) субъектіні мәжбүрлеп таратқан (есептiк тiркеуден шығарған, ол қызметін тоқтатқан) жағдайда, құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайы;
      3) 2013 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қалыптастырылған субъектілер тiзбесiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін мәліметтер алу үшін:
      осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы – банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
      мүлкінің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоқ екендігі туралы – уәкілетті мемлекеттік органдарға;
      Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде бар-жоқ екендігі туралы - әділет органдарына сұрау салу жібереді.
      5. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер салық қызметі органдарына 2013 жылғы 1 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуға жатады.
      6. Кредиторлардың және (немесе) өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (наразылықтарын) қойып отырған наразылықтардың заңдылығын растайтын құжаттармен бірге салық қызметі органдары 2013 жылғы 1 мамырға дейін қабылдайды.
      7. Салық қызметі органдары осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін 2013 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей мәжбүрлеп таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесін қалыптастырады.
      8. Салық қызметі органдары осы баптың 7-тармағында көрсетілген тізбеге енгізілген субъектілерге қатысты 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мәжбүрлеп тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін сотқа талап арыздар береді.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

       3-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кез келген салық кезеңдерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу тәртібін қолданған қосылған құн салығын төлеушілер 2013 жылдың ішінде 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге келетін барлық салық кезеңдеріне қолданылатын мұндай тәртіпті қолданбау туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданбау туралы қабылданған шешім туралы қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына еркін нысанда жасалған және басшының қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған өтініш табыс етеді.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданбау туралы шешім қабылдаған қосылған құн салығын төлеушіге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы қолданылмайды.

       4-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағының 21)22) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «21) бiр жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында болатын, осы Кодекстiң 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бау-бақша, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
      22) егер жер учаскесiн және (немесе) жер үлесiн сатып алуға және иелiктен айыруға арналған құқық белгiлейтiн құжаттарды жасау күндерi арасындағы кезең бiр жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстiң 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi;».

       5-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 180-бабы 2-тармағының 2)3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;
      3) егер жер учаскесiн және (немесе) жер үлесiн сатып алуға және иелiктен айыруға арналған құқық белгiлейтiн құжаттарды жасау күндерi арасындағы кезең бiр жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;
      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлмеген мақсаттар үшін берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;»

       6-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 339-бабы кестесінің 1-жолы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «

1.

Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi

Хром кенi (концентраты)

16,2

Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)

2,5

Темір кенi (концентраты, шекемтастар)

2,8

Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)

17,5

                                                                   ».

       7-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 264-бабы 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «Шот-фактураның бiрiншi данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа берiледi.».

       8-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі үшін кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс болып танылмайды деп белгіленсін.
      Біріктірілген көрсеткішті айқындау тәртібін және ең жоғарғы арақатынас мөлшерін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Осы бап кредит (қарыз), кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
      кешірілген кредит (қарыз) сомасы мөлшері мен тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын есептік көрсеткіштен аспағанда;
      салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілгенде қолданылады.
      Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен – кредиттің (қарыздың) кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті (қарызды) қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.
      Осы баптың ережелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген кредиттерге қолданылады.

      9-бап. Осы Заң:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 10) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 41) тармақшасын51) тармақшасының екінші – он алтыншы абзацтарын, 52), 53)55) тармақшаларын70) тармақшасының жиырма төртінші – жиырма жетінші, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтарын, 127)141) тармақшаларын, 153) тармақшасының төртінші – сегізінші абзацтарын, 158)198)200)211)216)228) тармақшаларын249) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 254) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын, 22-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
      2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 207)212) тармақшаларын;
      3) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 104) тармақшасының екінші – тоғызыншы абзацтарын, 105) тармақшасының жиырма екінші абзацын, 106)108) тармақшаларын,  250) тармақшасының жетпіс бесінші абзацын;
      4) 2010 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
      5) 2010 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 242) тармақшасының алтыншы абзацын, 244) тармақшасын;
      6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағының 2) тармақшасын24-тармағын;
      7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 5)109)110) тармақшаларын139) тармақшасының он бірінші абзацын, 165)209) тармақшаларын210) тармақшасының бесінші – сегізінші абзацтарын, 239) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 247) тармақшасын248) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 251) тармақшасын, 16-тармағының 8)10) тармақшаларын11) тармақшасының екінші абзацын, 22-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
      8) 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1)4)6) және 8) тармақшаларын9 және 23-тармақтарын;
      9) 2012 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацын;
      10) 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 220) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 241) тармақшасын;
      11) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы – он бірінші абзацтарын,  11)– 17)24) тармақшаларын38) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 66) тармақшасының алпыс бірінші, алпыс үшінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен сегізінші абзацтарын, 67) тармақшасының қырық бесінші – елу сегізінші абзацтарын, 70) тармақшасының сегізінші – он бесінші абзацтарын, 112) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 118) тармақшасының екінші және үшінші, 142)143) тармақшаларын156) тармақшасының бесінші абзацын, 160)161)166)168) тармақшаларын176) тармақшасының алтыншы және он сегізінші абзацтарын, 177) тармақшасының алтыншы – тоғызыншы абзацтарын, 178) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 201) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 213) тармақшасын242) тармақшасының екінші – бесінші абзацтарын, 243) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 250) тармақшасының қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын, 255) тармақшасын15-тармағын, 16-тармағының 3) тармақшасын, 17-тармағының 1) тармақшасын;
      12) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 21)103) тармақшаларын120) тармақшасының екінші – он алтыншы, жиырма бірінші, отызыншы – отыз үшінші, қырық жетінші – қырық тоғызыншы, елу үшінші – елу бесінші абзацтарын, 121) тармақшасының сегізінші – жиырмасыншы абзацтарын, 122) және 125) тармақшаларын;
      13) алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
      14) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 83) тармақшасының жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын;
      15) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
      15-1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 49) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын;
      16) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының он алтыншы – он сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.НАЗАРБАЕВ