Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтыр

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 214-V ҚРЗ

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат саны лимитінің шегінде «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің ережесін бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсімов