Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 234-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
      «ұйымын,» деген сөзден кейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қайта құру» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен толықтырылсын;
      «сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «заңнамада» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
      «(қайта сақтандыру) ұйымын,» деген сөздерден кейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «тарату,» деген сөз «тарату Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сақтандыру қызметі» деген сөздер «сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «заңнамада» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
      1) 825-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерін сақтандырудың әрбір түрі бойынша әзірлейді және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
      4-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      5-тармақ алып тасталсын;

      2) 826-бапта:
      1-тармақтың 13) тармақшасы «салық төлеушiнiң» деген сөздердің алдынан «сақтандыру шартында сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетілген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық еместігі үшiн сақтандырушы жауапты болады.»;

      3) 828-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанында жасалған болса, сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға және ережелердің көшірмесін беруге;»;

      4) 841-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «күшiне енгiзiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.» деген сөздер «күшіне енген;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен беретін сақтандыру полисіне енгізілген талаптар мен мәліметтер өзгертілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады.».

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат, № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар, № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрi күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 173-бапта:
      тақырыптағы және мәтіндегі «Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың», «заңдарда», «заң» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының», «Қазақстан Республикасының заңнамасында», «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1-бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi» деген сөздер «төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Актуарийдің Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы шектеулі ықпал ету шараларын уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздер «бес жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-бөлікте:
      бірінші абзацтағы «заңнамалық актiсiн» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi» деген сөздер «екі жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-2-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-2. Актуарийдің Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұза отырып, өз қызметін жүзеге асыруы -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      он бесінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы «қорға» деген сөз «ұйымға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде», «жүзден екi жүз елуге дейiнгi» деген сөздер тиісінше «елу», «екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «17. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгіленген тәртіппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған бөлімшесінің орналасқан жерінің өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      2) 175-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерінде», «екi жүзден бес жүзге дейiнгi» деген сөздер тиісінше «елу», «бес жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде», «елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде», «екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде» және «бес жүзден мыңға дейiнгi» деген сөздер тиісінше «жиырма», «бір жүз», «төрт жүз» және «бір мың айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 548-баптың үшінші бөлігіндегі «айып мөлшері он» деген сөздер «айыппұл мөлшері жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 550-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары

      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      мемлекеттік еңбек инспекторлары;
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары құқылы.»;

      5) 567-1-баптың бірінші бөлігіндегі «175-бабында» деген сөздер «173 (1-1, 4-1-бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175» деген сөздермен ауыстырылып, «көзделген» деген сөздің алдынан «баптарында» деген сөзбен толықтырылсын.

      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрi күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 23-баптың 2-тармағында:
      14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;»;
      «21) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;»;

      2) 317-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;»;

      3) 323-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.».

      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы жүз тоқсан жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi»;
      390-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілікті табыс етудің ерекшелiктерi»;

      2) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «объектілер туралы ақпарат қамтылған» деген сөздерден кейін «бухгалтерлік және салық есептерін автоматтандыруға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күнге дейін жүргізіледі.»;

      4) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтың, төлемақының түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күнге дейін жүргізіледі.»;

      5) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық міндеттемелерін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
      1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

      6) 40-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Таратудың салық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күнге дейін жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «6-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық міндеттемелерін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
      6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

      7) 43-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;
      4) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
      Осы бап қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзім ішінде не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап патент және (немесе) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін үздіксіз пайдаланатын дара кәсіпкерлерге қолданылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасалады. Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар көрсетіледі. Анықталған бұзушылықтар туралы деректер көрсетілген қорытындының негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушіге осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен жіберіледі.
      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою;»;

      8) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) осы Кодекстің 120-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, тіркелген активтердің әрбір кіші тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
      10) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретін құрылымдық бөлімшелер бойынша:
      осындай құрылымдық бөлімшелерді сәйкестендіру үшін шот-фактураларды нөмірлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлімшелердің әрқайсысының коды;
      шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.»;

      9) 65-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ережелерінде салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделген, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
      5) тармақшадағы «осы тармақта» деген сөздер «осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 68-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден кейін «және өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «69-бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті салық төлеушінің (салық агентінің) тіркелу есебінің орны бойынша салық органына және (немесе) уәкілетті салық органына табыс етеді.
      Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген салықтық өтініші негізінде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салық қызметі органының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінен кері қайтарып алуына жатады.
      Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негізінде табыс етілетін салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігін табыс етуге міндетті.
      Салықтық өтініште көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:
      1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан кері қайтарылатын салық есептілігі жойылатын жою әдісімен;
      2) бұрын табыс етілген салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) мәлімдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгізілетін өзгерту әдісімен жүргізіледі.
      2. Жою әдісімен мынадай:
      1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;
      2) осы Кодекстің 68-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші табыс еткен салық есептілігін;
      3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен салық есептілігін;
      4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.
      Салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркелу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарылатын салық есептілігі бойынша салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
      Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу мұндай хабарламаны орындау үшін көзделген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      3. Өзгерту әдісімен мынадай:
      1) валютаның коды көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және (немесе) күні көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
      3) резидент мәртебесі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген салық есептілігін;
      4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтару жүргізіледі.
      Салық есептілігін өзгерту әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарылатын салық есептілігі бойынша салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
      4. Егер салық өлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті табыс етпесе, салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгіленген мерзімде жібереді. Хабарлама осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындалуға жатады.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;
      2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің қате берілген салық есептілігін кері қайтарып алуына жол берілмейді.
      6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;

      12) 70-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы «жүргізу кезеңінде» деген сөздерден кейін «(ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 73-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтінішті табыс еткеннен кейін басталса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтінішті табыс еткен күнге дейін жүргізіледі.»;
      2-тармақ «салық органы» деген сөздерден кейін «уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі, оны ұзарту ескеріле отырып, осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.»;

      15) 76-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден кейін «және өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «лизинг нысаналары лизинг шарты бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) күннен кешіктірілмей мынадай:»;

      17) 88-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:
      осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есептен шығарылған;
      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тарату балансын бекіткен күні төленуге жататын міндеттемелердің сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.»;

      18) 96-бапта:
      бірінші бөліктегі «Салық» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өтеусіз» деген сөздер «Өтеусіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «талаптарына сәйкес» деген сөздерден кейін «бухгалтерлік есеп деректері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 97-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «тұлғалар» деген сөз «тараптар» деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 102-баптың 2-тармағындағы «, өкілдік шығыстардың сомасы есептелмей,» деген сөздер алып тасталсын;

      21) 106-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «тұлғалардың» деген сөз «тараптардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «тұлғалардың» деген сөз «тараптардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 107-баптың 2-тармағындағы «шартты депозиттік арнайы» деген сөздер «арнайы депозиттік» деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 120-баптың 2-тармағындағы «шекті» деген сөз «осы тармақта белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 122-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлік «көрсетілгендерін» деген сөзден кейін «сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын осы Кодекстің 87-бабының 3-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесі шығыстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «шегерімге жол беріледi» деген сөздер «осы тармақтың ережелері қолданылады» деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 133-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезінде:
      мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады;
      агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.
      Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкін құрайтын заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкін құрайтын заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.
      Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезінде өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.»;

      26) 134-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
      Осы тармақтың мақсаты үшін:
      ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;
      тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;
      үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
      Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.»;

      27) 137-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлік «өзгеше белгіленбесе,» деген сөздерден кейін «осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түсетін табыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі «он жылға дейiнгi мерзiмге алға» деген сөздер «, қоса алғанда келесі он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
      4-2. Агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.»;
      5-тармақтағы «3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «он жылға дейiнгi мерзiмге алға» деген сөздер «, қоса алғанда келесі он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 141-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақшасындағы «кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге құқылы» деген сөздер «кезеңі ішінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының және 135-баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетін салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны ішінде теңдей үлестермен төленеді.
      Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары ішінде теңдей үлестермен төленеді.
      Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің түзетілген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айларына тең бөлінеді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемесе, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.»;
      7-тармақтағы «Алдыңғы» деген сөз «Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген міндеттілік қолданылатын, алдыңғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Салық төлеушілер есепті салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есепті салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негізге ала отырып жасалады және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айлары үшін табыс етіледі.»;
      10-тармақ алып тасталсын;

      29) 142-баптың 2-тармағында:
      «ағымдағы» деген сөз «әр» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «ай сайын» деген сөздер «әрбір ай үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 143-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшадағы «резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің» деген сөздер «осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, резидент еместің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;»;

      31) 147-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Резидент еместердiң осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 1)–8), 10)–29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.»;

      32) 155-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшаның бірінші абзацы «қызметтiк» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;»;
      7) тармақшадағы «қызметкер жұмыс берушімен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен)» деген сөздер «қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде» деген сөздер «мұндай жұмыстың әрбір тәулігі үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) сақтандырудың міндетті түрін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жұмыс берушімен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;»;
      19) тармақшадағы «бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында» деген сөздер «меншік құқығында бір жыл және меншік құқығын тіркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақшадағы «кезінен» деген сөз «күнінен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
      «28) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде қызметкердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда.»;

      33) 156-бапта:
      1-тармақта:
      24) тармақшада:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы қызметкердің қызметтік іссапарын ресімдемей жасалған жұмыс берушiнiң шығыстары:
      оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстары мөлшерінде;»;
      үшінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуға жұмсалған нақты шығыстары жатады;»;
      жетінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатында басқа жерге жіберген кезде жұмыс берушінің осы қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;»;
      35) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:
      жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің сомасын көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға өтінішінің;
      растайтын құжаттар көшірмелерінің негізінде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.»;

      34) мынадай мазмұндағы 161-1-баппен толықтырылсын:
      «161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау
                  және төлеу ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.
      Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі.
      2. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 161, 163-167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
      3. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.»;

      35) 162-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтік салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.»;

      36) 163-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;

      37) 168-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      38) 180-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы «он екі айдан» деген сөздер «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;»;
      3) тармақшадағы «он екі айдан» деген сөздер «бір жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы «он екі айдан» деген сөздер «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құны болмаған жағдайда:
      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік үшін – мүлікті өткізу құны мен мүліктік бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсімі болып табылады. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
      2) осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген мүлік үшін – осындай мүлікті өткізу құны құнның өсімі болып табылады.»;

      39) 236-баптың 2-тармағы 4) тармақшасы төртінші бөлігінің он бірінші абзацы «контейнерлерді» деген сөзден кейін «жалға және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 237-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Бұрын экспорт режимінде әкетілген тауарларды кері импорт режимінде әкелген жағдайда:
      1) кезең-кезеңдік немесе уақытша декларациялау рәсімін қолданбастан, тауарды экспорт режимінде әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесіп өткен күн;
      2) кезең-кезеңдік немесе уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт режимінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүктің кедендік декларациясы ресімделген күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;

      41) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
      «18. Бұрын экспорт режимінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауарды кері импорт режимінде әкелген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігінде әкелінген тауар көлеміне барабар айқындалады.»;

      42) 239-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бұрын экспорт режимінде әкетілген тауарды кері импорт режимінде әкелуді қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;

      43) 256-баптың 2-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацы «сәйкестендіру нөмiрi» деген сөздерден кейін «және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірі» деген сөздермен толықтырылсын;

      44) 263-бапта:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Бұрын жазып берілген шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, оларды беруші қателерді түзету мақсатында бұрын жазып берілген шот-фактураның күшін жояды және ол мынадай талаптарға:
      1) бұрынғы нөмірлері мен жазып берілген күні көрсетіле отырып, осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігіне;
      2) шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактураны түзету күнінің көрсетілуіне;
      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының түзетілген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірінің болуына:
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрімен куәландырылуының болуына;
      мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жіберуіне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиіс түзетілген шот-фактура жазып береді.
      Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
      Осы тармақты қолдану мақсатында бұрын жазып берілген шот-фактурадағы:
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және (немесе) сатып алушының сәйкестендіру нөмірін;
      берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірін өзгерту және (немесе) толықтыру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыру болып танылмайды.»;
      15-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қолма-қол есеп айырысу арқылы өткізген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегі берілген;»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Осы баптың 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтініш білдіруге құқылы, ал оларды беруші осы баптың ережелерін ескере отырып, бұл талапты орындауға міндетті.
      Бұл ретте шот-фактура жазып беру:
      1) осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген жері бойынша;
      2) осы баптың 15-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, айналым жасалған күннен ерте емес және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін бес күннен кешіктірілмей, көрсетілетін қызметтерді берушінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Егер көрсетілетін қызметтерді алушы осы тармақшада көрсетілген мерзімде шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтініш білдірмеген болса, онда ол көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметтерді берушіге осы талаппен өтініш білдіруге құқылы. Бұл ретте, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны жазып беру күнімен бірге айналым жасалған күні қолданыста болған ставка бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналымның жасалған күнін көрсетеді.
      Тауарларды экспорт режимінде әкеткен жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.»;

      45) 281-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «643» деген цифрлар «653» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      46) 286-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «643» деген цифрлар «653» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      47) 293-баптың 1-тармағындағы «салық салу объектісінің» деген сөздер «ол төленетін объектінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «300-бап. Төлеушілер

      Мыналар:
      1) осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын;
      2) көмірді экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;

      49) 307-баптың 4-тармағындағы «осы бөлімде белгіленген салықтар мен арнаулы төлемдер» деген сөздер «пайдалы қазбаларды өндіру салығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «313-бап. Төлеушiлер

      Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады.»;

      51) 314-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «өндіруге» деген сөз «барлауға» деген сөзбен ауыстырылсын;

      52) 327-баптың 2-тармағында:
      «күннен бастап, ал» деген сөздерден кейін «2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісім жасалмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қосымша келісім» деген сөздер «құпиялылық туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 328329 және 355-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «328-бап. Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап мынадай тәртіппен төлейді:
      1) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді.
      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өндіруге кіріскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
      егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы 2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді 2010 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей төлейді;
      2) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен, бірақ он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейді.
      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өндіруге кіріскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
      егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен, бірақ он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейді.
      2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.

      329-бап. Салық декларациясы

      1. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өндіруге кіріскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
      2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді.
      2. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келісім жасалған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өндіруге кіріскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша:
      егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке қайтарылмаған тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.»;

      «355-бап. Төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) дара кәсiпкерлер;
      2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
      3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
      2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
      Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады.
      3. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін төленуге жататын әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Осы бапта белгіленген тәртіппен әлеуметтік салық төлеушілер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.»;

      54) 360-баптың 1-тармағындағы «есептi тоқсаннан» деген сөздер «салық кезеңінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      55) 361-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «361-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу
                ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттік мекемелер есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
      2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
      3. Төлеуші осы Кодекстің 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептеуді осы Кодекстің 359 және 360-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
      4. Төлеуші жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 364-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.»;

      56) 364-бапта:
      1-тармақтағы «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеушілер» деген сөздер «Төлеушілер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.»;

      57) 365-бапта:
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.»;

      58) 368-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Заңды тұлғалар салық кезеңінің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
      1) көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      2) салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
      тоқтатылған жағдайда – салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап мұндай көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
      Заңды тұлғалар салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын табыс етпейді. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.»;

      59) 369-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.»;
      2-тармақтағы «Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк» деген сөздер «Көлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.»;

      60) 373-бапта:
      3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
      тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
      6) жеке тұратын зейнеткерлер:
      тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;»;
      4-тармақта:
      «3)-7)» деген цифрлар «2)-7)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      61) 389-баптың 5 және 6-тармақтарының екінші бөліктері:
      «3-тармағының» деген сөздерден кейін «2),» деген цифрмен толықтырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      62) 390 және 391-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің
                және салық есептілігін табыс етудің ерекшелiктерi

      1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
      2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
      3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.
      4. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның ішінде жекеше нотариустар, адвокаттар, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жер учаскелерін қоспағанда, меншік құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелері бойынша патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен жер салығын есептейді, төлейді және жер салығы бойынша салық есептілігін табыс етеді.
      Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғалардың салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелеріне қолданылмайды.

      391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу
               мерзiмдерi

      1. Жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.
      Осы тармақтың ережелері:
      дара кәсіпкерлерге;
      салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, меншік құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелері бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларға, оның ішінде жекеше нотариустарға, адвокаттарға қолданылмайды.
      2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
      3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
      4. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      6. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен есептейді. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленуге жатады.»;

      63) 393-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушілер (патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда) декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
      Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер декларацияны салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын және декларацияны табыс етпейді.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері дара кәсiпкерлерге (патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлерді қоспағанда) және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
      4-тармақ:
      «3-тармағының» деген сөздерден кейін «2),» деген цифрмен толықтырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      64) 394-баптың 4-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.»;

      65) 397-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін демонтаждау және жою жөніндегі міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай міндеттемелерді бағалау салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
      3-тармақта:
      «3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      66) 398-баптың 4-тармағы «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      67) 399-баптың 5-тармағында:
      «3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      68) 401-баптың 2-тармағында:
      «3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      69) 402-баптың 1 және 2-тармақтарының үшінші бөліктерінде:
      «3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «пайдалануға» деген сөзден кейін «, сенімгерлікпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

      70) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның ішінде жекеше нотариустар, адвокаттар (осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда) меншік құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды қолдана отырып, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 57-тарауында белгіленген мүлік салығын тәртіппен есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
      Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, мұндай тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
      Осы баптың ережелері салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;

      71) 428-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Арнаулы салық режимі мынадай қызмет түрлеріне:
      1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;
      2) акцизделетiн өнiмдi сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
      3) мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
      4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;
      5) жер қойнауын пайдалануға;
      6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
      7) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
      8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
      9) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметке;
      10) қаржы және сақтандыру қызметіне қолданылмайды.»;

      72) 484-баптың 5-тармағындағы «15» деген цифрлар «25» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      73) 528-баптың 1-тармағындағы «плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде», «сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде» деген сөздер алып тасталсын;

      74) 530-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «екі есе» деген сөздер «екі еседен асырмай» деген сөздермен ауыстырылсын;

      75) 562-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Кодекстің 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті мәртебесін иеленген резидент емес жеке тұлға мұндай мәртебені иеленген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге тиіс. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай жеке тұлға өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішін береді.»;

      76) 581-баптың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);»;

      77) 584-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы Кодекстің 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кері қайтарып алынған салық есептілігін қабылдаған күн осы Кодекстің 69-бабының 1-тармағына сәйкес табыс етілген салық есептілігінің табыс етілген күні болып табылады.»;
      5-тармақта:
      5) тармақша «көрсетілмесе,» деген сөзден кейін «немесе дұрыс көрсетілмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшадағы «және оны куәландыруға» деген сөздер алып тасталсын;

      78) 591-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есепке жазылған соманы есепке алу салықтық тексерудің аяқталған күні көрсетіле отырып және осы Кодекстің 93 және 94-баптарында белгіленген тәртіппен шағым беру мерзімдері ескеріле отырып жеке шотта жүргізіледі.
      Салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 3-тармағында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келіскені туралы өтінішті табыс еткен кезде, есепке жазылған сомаларын есепке алу осындай өтінішті табыс еткен күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотында жүргізіледі.»;

      79) 596-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл
                төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға тиіс.»;

      80) 598-баптың 4-тармағындағы «оны ауыстыратын тұлғаның» деген сөздер «оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      81) 608-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

      1. Хабарлама салық төлеушiге (салық агентіне) өзiнің қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
      Бұл ретте, төменде тізбеленген тәсілдердің біреуімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
      1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – салық төлеушінің (салық агентінің) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап;
      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде – салық қызметі органы хабарламаны жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
      3. Салық төлеуші осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келісу туралы өтінішті табыс етеді.
      Бұл ретте, салық төлеуші тарату салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламалармен келіскені туралы өтінішті салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.
      4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады.
      5. Салық органдары осы Кодекстің 607-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай салық төлеушіге осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді.
      6. Осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.»;

      82) 627-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қарсы тексеру - салық қызметі органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық қызметі органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді.
      Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
      Тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сауал салуы бойынша жүргізілетін тексеру де қарсы тексеру деп танылады;»;

      83) 629-баптың 5-тармағында:
      4) тармақшаның екінші бөлігіндегі «3)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерудің салықтық тексеру мерзіміне кірмейді.»;

      84) 632-баптың 5-тармағы «тексеруді жүргізетін тұлғалар» деген сөздерден кейін «саны өзгертілген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

      85) 635-бапта:
      6-тармақтың төртінші бөлігіндегі «мониторинг бойынша есептілік» деген сөздер «салық есептілігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Салықтық тексеру аяқталған күнге:
      өнім берушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сауал салуға жауаптар алынбаған;
      тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;
      бұрын жіберілген сауал салу бойынша уәкілетті орган алған жауаптар негізінде мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте, салықтық тексеру актісінде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негіздемесі көрсетіледі.»;

      86) 667-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық қызметінің жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуге тиіс.
      Салық қызметі органына шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:
      1) өзі келу тәртібімен – салық қызметі органдары шағымды алған күн;
      2) почтамен – почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады.»;

      87) 668-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық төлеушiнің (салық агентінің) шағымға қол қойған күнi;».

      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
      1) 2-1-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Ұлттық басқарушы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігінде «Ұлттық басқарушы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы» деген сөздермен ауыстырылып, «лауазымды адамдары» деген сөздерден кейін «ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің, сондай-ақ 2-тармағының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаттары үшін ескерілмейді.»;

      2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы

      1. Банктің жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиіс. Бұл талап, акциялары:
      1) банк кредиторлары арасында орналастырылатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу жолымен төленетін банктерге;
      2) банктің жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспекті негізінде бағалы қағаздарды банктің жай акцияларына айырбастау кезінде қолданылмайды.
      3. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
      4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу процент және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
      5. Банктің меншік капиталын және инвестицияларын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
      Банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.
      6. Банктің меншік капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
      Уәкілетті органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып, банк активтерінің құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
      Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бiрақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;

      3) 34-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Қарыз алушының (клиенттің) өзі және жасалатын мәміле туралы мәліметтерді, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпаратты кредиттік бюролардың деректер базасына беруіне жазбаша келісімінің болуы банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының банктік қарыз шартын жасасудың, лизинг операцияларын, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асырудың, вексельдерді есепке алудың, банктің кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер шығаруының міндетті талабы болып табылады.»;

      4) 40-баптың 6-1-тармағындағы «Банктің акционері» деген сөздер «Осы баптың мақсаттары үшін банктің акционері» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 50-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «берілген қарыздар» деген сөздер «банктік қарыз, лизинг операцияларын, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат):
      11-бап мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына және қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітімі (мүгедектігі) бойынша статистикалық деректерді жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей табыс етуге міндетті.».

      8. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат):
      9-1-бап «мүлiк кепiлiн» деген сөздерден кейін «, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын» деген сөздермен толықтырылсын.

      9. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
      1) 1-бапта:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы «Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «өзге де заң актілерінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
      2) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;
      3) бақылау – бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай:
      бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;
      4) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      5) еншілес ұйым – өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      7) заңды тұлғаның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      8) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе, бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      9) қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) қайта сақтанушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
      12) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      13) ортақ сақтандыру – бір мезгілде бірнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      14) өздігінен ұстап қалу – жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болады;
      15) пруденциялық нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшін міндетті нормативтер;
      16) сақтандыру агенті – берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      17) сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      18) сақтандыру ережелері – сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
      19) сақтандыру қызметінің субъектілері – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
      20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;
      21) сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
      22) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
      23) сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері;
      24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.»;

      3) 4-баптың 2-тармағындағы «уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде не» деген сөздер «уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты,» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-баптың 5-тармағындағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      5) 9-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

      6) 10-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) сақтандыру омбудсманы;»;

      7) 11-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
      «3-1) Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушысы (ірі қатысушылары) болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.»;
      4-тармақта:
      «кепiлдiк беретiн қор», «кепiлдiк беретiн қорға» деген сөздер тиісінше «кепiлдiк беретiн ұйым», «кепiлдiк беретiн ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қордың» деген сөз «Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-1-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;

      9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;

      10) 18-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарында айқындалады.
      Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген іс-әрекеттерді өзі жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.
      Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Сақтандырушының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жасалатын сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері:
      жеке тұлға үшін – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он процентінен;
      заңды тұлға үшін – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он бес процентінен аспауға тиіс.»;

      11) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық
               мәртебесi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.»;

      12) 37-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде осы ұйымның акционері ретінде міндетті қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзінді көшірмені;»;
      12) тармақшадағы «құжаттарды табыс етеді.» деген сөздер «құжаттарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (ірі қатысушылары) бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.»;
      екінші бөлік «жазылған талаптар» деген сөздерден кейін «, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде осы ұйымның акционері ретінде міндетті қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзінді көшірмені;»;
      4) тармақшадағы «көшірмесін табыс етеді.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (ірі қатысушылары) бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.»;

      13) 40-бапта:
      3-тармақтағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Актуарий уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсімен бекітілген актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруға міндетті.»;

      14) 43-баптың 22) тармақшасы «белгілейді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ сақтандыру полисінің бірыңғай нысанын әзірлейді» деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 54-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзған;»;
      2-тармақтың бірінші сөйлемі «шарттарын ұзартуды» деген сөздерден кейін «және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін арттыруды көздейтін өзгертуді» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;»;

      17) 59-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.» деген сөздер «асырмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) актуарий уәкiлеттi орган белгілеген мерзімде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсімен бекітілген актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.».

      10. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) міндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандырылуға жатады.»;

      2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеме иесі кеме экипажының мүшелері еңбек (қызметтiк) міндеттерiн орындаған кезде оларды Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.».

      11. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат):
      1) кіріспе «шарттарын» деген сөздерден кейін «және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету принциптерін» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент-банк – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде қызмет көрсететін банк немесе ұйым;
      2) жәбірленуші – өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген тұлға;
      3) зиянды өтеу резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебінен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін ғана пайдаланылатын ақша сомасы;
      4) кепілдік төлемі – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
      5) кредитор – мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);
      6) қатысу шарты – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;
      7) қосымша жарна – осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі түріндегі ақша сомасы;
      8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы – өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;
      9) меншікті капитал – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві;
      10) міндетті жарналар – осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы;
      11) міндетті сақтандыру – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі;
      12) міндетті сақтандыру шарты – Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;
      13) өтемақы төлемдері – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы;
      14) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдірген сақтандыру ұйымы;
      15) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
      16) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан және оның акционері болып табылатын сақтандыру ұйымы;
      17) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері – осы Заңда көзделген жағдайларда өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;
      18) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – міндетті жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепілдік, өтемақы төлемдерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін және жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды және (немесе) осы Заңда көзделген жағдайларда жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;
      19) төтенше жарналар – осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы;
      20) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      21) шартты міндеттемелер – қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері.»;

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін
              мемлекеттік реттеу және бақылау

      1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті орган Қорға және оның лауазымды адамдарына осы заңда көзделген тәртіппен шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.»;

      4) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
      «3-1-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған, Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін және әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңмен көзделген уәкілетті органның өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган Қорға мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
      1) орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым береді;
      2) жазбаша келісім жасайды.
      2. Анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау және анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды одан әрі болғызбау туралы Қорға нұсқау беру жазбаша ұйғарым болып табылады.
      Қор жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімде оны орындау жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті органның жазбаша ұйғарымына сотта дау айту оның орындалуын тоқтатпайды.
      3. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттілігі мен бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы уәкілетті орган мен Қор арасында жасалатын келісім жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім екі тарапта болып жатқан бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған кезден бастап екі айдан аса уақыт керек деген шешімге келген жағдайда жасалады.
      4. Уәкілетті орган Қорға осы бапта белгіленген шектеулі ықпал ету шараларының кез келгенін, бұдан бұрын да оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, қолдануға құқылы.
      5. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымдарының және олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері Қордың қаржылық жай-күйін нашарлатқан деп белгілесе, онда қатысушы-сақтандыру ұйымдарына да қолданылуы мүмкін.

      3-2-бап. Санкциялар

      Уәкілетті орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді мынадай негіздердің бірі бойынша кері қайтарып алумен бір мезгілде қолданады:
      1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамау;
      2) Қор активтерін инвестициялау тәртібі мен мөлшерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзу;
      3) кепілдік және өтемақы төлемдерін, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
      4) уәкілетті органға қатарынан екі күнтізбелік ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептілікті (қаржы есептілігін қоса алғанда) табыс етпеу;
      5) бухгалтерлік есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметті жүзеге асыруы жөніндегі операцияларды тиісті дәрежеде көрсетпеуіне, сондай-ақ есептің өзге де міндетті нысандарын жүргізуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) анықтау;
      6) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген дұрыс емес мәліметтер мен есептіліктің табыс етілуін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) белгілеу;
      7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгілі болған фактілері туралы уәкілетті органды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) хабардар етпеу;
      8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға (уәкілетті органды қоспағанда) жария ету немесе беру;
      9) Қордың жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебінде көрсетілген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймауы.»;

      5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      1. Уәкілетті орган:
      1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін, оның ішінде кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      2) барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшін стандартты болып табылатын қатысу шартының талаптарын айқындайды;
      3) Қор активтерін инвестициялау тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
      4) Қор есептiлiгiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, оны табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      5) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсаттарды береді және беруден бас тартады, сондай-ақ осындай рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды;
      6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгілейді;
      7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуіне жататын, Қордың директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келіседі;
      8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді және оны кері қайтарып алады, сондай-ақ келісімді беру және кері қайтарып алу тәртібін және Қордың басшы қызметкерлеріне біліктілік талаптарын белгілейді;
      9) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қолданады;
      10) Қор жарғысына енгізілетін өзгерістерді және толықтыруларды келіседі;
      11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті органның мынадай:
      1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;
      2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне Қорға тиесілі барлық активтердің он және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қатысуы;
      3) Қор міндеттемелерін оның өз капиталы мөлшерінің он және одан да көп процентін құрайтын сомаға ұлғайту;
      4) Қордың өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
      5) ірі мәмілелерді және Қордың жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесінің шешімдеріне вето қою құқығы болады.
      3. Акционерлердің жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесінде қабылданатын шешімдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен келісуге жатады.
      4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.»;

      6) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары

      1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
      Қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
      2. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      3. Қордың әрбір акционері акцияларының саны Қордың орналастырылған акциялары жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
      4. Қор қызметіне жалпы басшылық жасауды тоғыз адамнан тұратын директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      Қордың директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығы бар уәкiлеттi органның өкiлi кіреді.
      5. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.»;

      7) 6-бапта:
      1) тармақшадағы «төтенше жарналарының, сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналардың ставкаларын,» деген сөздер «қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген міндетті шартты міндеттемелерді,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1) тармақша алып тасталсын;

      8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Қор акцияларына қатысу тәртібі және оларды сатып алу
              талаптары

      1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін осы Заңда көзделген тәртіппен Қор акцияларын сатып алуға, сондай-ақ қатысу шартын жасасуға міндетті.
      2. Өтініш беруші Қордың акцияларын сатып алу және қатысу шартын жасасу үшін Қорға нотариаттық куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      2) статистикалық карточканың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі.
      3. Қордың өтініш берушісі акцияларды сатып алған кезден бастап ол міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейін өтініш беруші Қор шешімін айқындауға және Қорға тиесілі акцияларға дауыс беруге құқылы емес.
      4. Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және міндетті сақтандыру шарттарының қолданысын тоқтатқан жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қор акционерлеріне сату жолымен иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қор акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған баға бойынша акцияларды сатып алуға міндетті.
      5. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіc.»;

      9) 12-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндетті жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы - сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
      Қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
      Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.»;

      10) 15-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 17-2-бапта:
      1-тармақта:
      «не қатысушы-сақтандыру ұйымына» деген сөздер алып тасталсын;
      «беруге құқылы» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы «құжаттың көшірмесі» деген сөздер «құжат» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі;»;
      5) тармақшадағы «құжаттың көшірмесі» деген сөздер «құжат» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «не қатысушы-сақтандыру ұйымы» деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерде (айлық есептік көрсеткішпен) жүзеге асырылады:
      1) өміріне зиян келтірілген жағдайда – 250;
      2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда – 150;
      3) жерлеуге жұмсалатын шығыстарға – 15.»;
      8-тармақтағы «төлемдерді тікелей Қор немесе агент-банк арқылы, сондай-ақ жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда қатысушы-сақтандыру ұйымы жүзеге асырады» деген сөздер «төлемдер тікелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «басталған болса, бас тартуға құқылы.» деген сөздер «басталған болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.»;
      екінші бөліктегі «жеті» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
      Ақпаратты берудің тәртібі, көлемі және мерзімдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің актісімен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгіленеді.
      Қор алған мәліметтер жария етуге жатпайды.»;

      12) 17-4-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу міндеттемелері қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
      Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемесі оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
      Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.»;

      13) 18-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және төтенше» деген сөздер «, төтенше және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 6) тармақшасындағы «және төтенше» деген сөздер «, төтенше және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес өздері жүргізетін операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.»;

      14) 19-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзіне тиесілі Қор акцияларын иеліктен шығаруды жүргізуге;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қосымша жарналарды төлеуге міндетті.»;

      15) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру

      1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген Қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкін.
      3. Қордың таратылуы кезінде қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтеріне қатысу үлесіне барабар мөлшерде бөліп беріледі.
      4. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырыла алады.
      Осы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің болуы Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтініш беру үшін негіз болып табылады.
      5. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мына құжаттар:
      1) Қор акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастырудың ойластырылған шарттары, нысандары, тәртібі және мерзімдері жазылған құжаттар қоса берілуге тиіс.
      6. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішті уәкілетті орган оны қабылданған күнінен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
      7. Қорды таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дәлелді шешім шығарады, ол жөнінде Қорды хабардар етеді.
      8. Қайта ұйымдастырылатын Қор уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын, кемінде екі мерзімді баспа басылымдарында тиісті хабарландыру жариялауға міндетті.»;

      16) 24-бап алып тасталсын.

      12. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат):
      мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi
                сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейін оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.».

      13. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
      мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi
                сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейін оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.».

      14. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 17, 81-құжат):
      8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін:
      1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға;
      2) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.».

      15. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 17, 81-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      2) «бонус-малус» жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеген кезде осы жүйе бойынша тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
      3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға;
      4) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
      5) кешендi шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
      6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
      7) көлік құралын пайдалану – көлік құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
      8) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
      9) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
      10) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
      11) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
      12) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      13) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      15) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
      16) сақтандырылушы – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
      17) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
      18) стандартты шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
      19) тікелей реттеу – көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі.»;

      2) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мынадай көлік құралдары:

      1) ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлік құралы;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінген, сондай-ақ ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.»;

      3) 8-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға;»;
      3) тармақшадағы «агенттерінің болуы міндетті» деген сөздер «агенттерінің болуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға міндетті.»;
      4-тармақ алып тасталсын;

      4) 8-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1. Деректер базасы»;
      1-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым:
      1) ақпарат жеткізушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
      2) ақпарат жеткізушілерден сақтандыру есептерін қалыптастыратын толық және шынайы ақпаратты талап етуге;
      3) ақпарат жеткізуші берген ақпаратты, оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат жеткізушінің, сақтандыру есебін алушының, деректер базасы субъектісінің деректері пайдаланылатын ақпараттық жүйенің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, оны деректер базасында пайдаланбастан қайтаруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      4-2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым:
      1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
      2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін ұсынуға;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептеріндегі ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
      4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері салдарынан деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ақпарат жеткізушілер ұсынған ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат болса, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап, бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және деректер базасының субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін ұсынуға міндетті.
      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкессіздігі фактісін ақпарат жеткізушінің растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және деректер базасының субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін ұсыну мерзімінің есептелуі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым ақпарат жеткізушіден тиісті ақпаратты осы баптың 7-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде алған кезден бастап жүзеге асырылады;
      5) деректер базасы субъектісінің өтініші бойынша, оған деректер базасының субъектісі дау айтып отырған ақпаратты берген ақпарат жеткізуші туралы мәліметтер ұсынуға;
      6) егер сақтандыру есебін ұсыну туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар бұзыла отырып жасалса, оны ұсынудан бас тартуға;
      7) сақтандыру есептерін ұсыну туралы сауал салуды есепке алу мен ұсынылған сақтандыру есептерін есепке алуды жүргізуге;
      8) ақпарат жеткізушіге, тиісті негіздер болған жағдайда, қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен жүгінуге;
      9) ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
      10) осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат жеткізушілерге деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруға қатысуда және оған қол жеткізуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
      11) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамаcында көзделген өзінің функцияларын іске асыру мақсатында сұратқан ақпаратты, оның ішінде:
      осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат жеткізушілердің, берілуі осы Заңмен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен талап етілетін ақпаратты бермегені, уақтылы бермегені не толық көлемде бермегені туралы ақпаратты;
      осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат жеткізушілермен осы Заңның 19-бабының талаптарын бұза отырып есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері туралы ақпаратты беруге;
      12) уәкілетті органның деректер базасына қол жеткізуіне жағдай жасауға;
      13) субъект өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған деректер базасынан міндетіне көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша мәліметтерді деректер базасына енгізу кіретін сақтандырушының (ақпарат берушінің) сақтанушымен жасасқан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтердің бар екендігі туралы ақпаратты беруге;
      14) жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар не жоқ екендігі туралы мәліметтерді жазбаша түрде беруге;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.»;
      7-тармақтың 6) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) осы баптың 4-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға үш жұмыс күн ішінде ақпаратты беруге міндетті.»;
      8-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы « мемлекеттік органдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.» деген сөздер «мемлекеттік органдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды қараған кезде сақтандыру омбудсманы;
      7) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 830-бабының 5-тармағында аталған тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «10-1. Деректер базасының субъектісі:
      1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;
      2) сақтандыру шартын жасасқан кезде осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының деректер базасынан алған сақтандыру есебінің көшірмесін өзіне беруді талап етуге;
      3) ақпаратты жеткізуші туралы мәліметтерді ала отырып, сақтандыру есебіндегі ақпаратпен келіспейтінін мәлімдеуге;
      4) ақпаратты жеткізушіге және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен жүгінуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      10-2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат жеткізушілердің, олардың деректер базасын құруға және қорғауға қатысу жөніндегі ақпарат жеткізушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде орындауы үшін міндетті.»;

      5) 8-2-бапта:
      тақырыпта «ұсынылатын ақпарат» деген сөздер кейін «берілетін ақпарат және оны табыс ету мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сақтандырушылар осы Заңда және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде өздерімен сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары), әрбір жасалған сақтандыру шарты, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық жөніндегі төлемдер бойынша) туралы ақпарат ұсынады.
      Сақтандырушы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға табыс ететін сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтер осы Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген сақтанушының өтінішінде көрсетілген сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.»;
      3-тармақ «пайдалана отырып,» деген сөздерден кейін «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын;

      6) мынадай мазмұндағы 8-3-баппен толықтырылсын:
      «8-3-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін
                алу туралы шарттың міндетті талаптары

      Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта:
      1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтер;
      2) осы Заңға сәйкес келетін шарттың нысанасы туралы нұсқау;
      3) деректер базасын қалыптастыруға арналған ақпараттың түрлері, көлемі, оны берудің мерзімдері (кезеңділігі), тәртібі;
      4) сақтандыру есептеріндегі ақпараттың түрлері, мерзімдері (кезеңділігі), көлемі және сақтандыру есептерін алу тәртібі;
      5) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері;
      6) деректер базасынан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібі;
      7) шарттың қолданылу мерзімі, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан кезде оны өзгертудің, бұзудың негіздері мен тәртібі, сондай-ақ, шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыппұлының мөлшері;
      8) ақпарат жеткізушінің деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтау туралы міндеттемесі;
      9) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтау туралы міндеттемесі;
      10) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптар болуға тиіс.
      Шартты орындаудан біржақты бас тарту сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтарған, сондай-ақ одан айрылған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте, сақтандыру ұйымы қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін деректер базасына осы бапта көзделген ақпаратты беруге міндетті.
      Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпарат жеткізушілермен ақпаратты беру туралы шарт жасасқан кезде ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын деректер базасын және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын құру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асыру міндеттілігі туралы талап міндетті түрде енгізілуге жатады.»;

      7) 9-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      «сақтандыру жағдайының» деген сөздер «көлік оқиғасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай сөздермен толықтырылсын:
      «, бұл ретте сақтандырушы өтінішті қабылдаудан бас тартуға құқылы емес»;

      8) 10-бапта:
      5-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес беріледі және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бірегей нөмір болады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші негіз болып табылады. Өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
      Жоғалған сақтандыру полисі телнұсқа берілгеннен кейін жарамсыз деп есептеледі және ол бойынша сақтандыру төлемі жүргізілмейді.
      Сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның телнұсқасын ресімдеу кезінде іс жүргізуге жұмсалған сақтандырушының шығынын сақтанушы (сақтандырылушы) тиісті өтініш берілген күні Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.»;
      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
      «9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жеке тұлға біржолғы төлеммен жүргізеді.
      10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын оларды мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау өткізілетін жерлерде және ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде жасауға тыйым салынады.»;

      9) 11-баптың 4 және 6-тармақтары алып тасталсын;

      10) 12-баптың 4 және 6-тармақтары алып тасталсын;

      11) 13-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы «денсаулығына және өмiріне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн» деген сөздер «оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:
      1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;
      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);
      3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлік құралының мемлекеттік тіркелуінің алдындағы мерзімге, бірақ кемінде күнтізбелік бес күнге;
      4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда уақытша кірген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол беріледі.»;
      5-тармақ алып тасталсын;

      12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін
               міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
      3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтарып алуға құқығы бар:
      ССБ = СС*n / N, мұнда:
      ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      СС - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап өтініш берілген күнді қоса алғанда, оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейінгі мерзім (күнмен);
      N - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жасалған мерзімі (күнмен).
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтанушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:

Рет №

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебімен)

1

2

3

1

15 күнге дейін, қоса алғанда

15

2

16 күннен 1 айға дейін, қоса алғанда

20

3

1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда

30

4

2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда

40

5

3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда

50

6

4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда

60

7

5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда

70

8

6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда

75

9

7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда

80

10

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда

85

11

9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда

90

12

10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда

95

13

11 айдан жоғары

100

                                                             »;

      13) 16-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан міндетіне сақтанушы жөніндегі мәліметтерді деректер базасына енгізу кіретін сақтандырушының сақтанушымен жасасқан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтердің деректер базасында бар екендігі туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;»;
      3) тармақшадағы «денсаулығына және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына өтініш жасауға;»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілген әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (көлік құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы өтінішке енгізу үшін қажетті мәлiметтердi және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;»;
      3) тармақшаның бірінші сөйлемі «бұл туралы» деген сөздерден кейін «көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы «олардың талабы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      14) 17-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтінішін алған күнінен бастап жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар екендігі туралы жазбаша мәліметті беруге;»;
      6) тармақша «мерзімде» деген сөзден кейін «және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сақтанушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, жетіспейтін құжаттар туралы оны кідірiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;»;

      15) 18-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы «денсаулығына және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) кез келген медициналық мекеменің қызметін пайдалануға;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіргеніне кінәлі адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен аталған адамның сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар екендігі туралы мәліметтерді растау жөнінде жазбаша өтініш жасауға;
      4-2) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіргеніне кінәлі адамның сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар не жоқ екендігі туралы мәліметтерді беру жөнінде жазбаша өтініш жасауға;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына өтініш жасауға;»;

      16) 3-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
      «18-1-бап. Тәуелсіз сарапшыны аккредиттеу ережесі

      1. Өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі;
      3) өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі - дара кәсіпкер үшін;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және құрылтай құжаттарының көшірмесі;
      5) өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
      6) растайтын құжаттар (мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі) қоса беріліп, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша мүлікті бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің штатта бар екендігі туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін).
      2. Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгерту күнінен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердің тізімін ұсынады.
      3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
      4. Аккредиттеу туралы куәлік қолданылу мерзімі шектелместен беріледі.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы уәкілетті органда аккредиттеуден өту үшін бас тартуға негіз болып табылады.
      6. Уәкілетті орган мынадай:
      1) аккредиттеуге табыс етілген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;
      2) бағалаудың уақтылы жүргізілмеуінің және (немесе) пайда алушыға және сақтандырушыға бағалау туралы есептің уақтылы жіберілмеуінің екі және одан да көп фактісі анықталған;
      3) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған;
      4) бүлінген мүлікті бағалау кезінде уәкілетті орган бекіткен әдістеме сақталмаған;
      5) тәуелсіз сарапшы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылса не оның лауазымды тұлғаларымен немесе осы сақтандырушының аффилиирленген тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған;
      6) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының және осы Заңның талаптары бұзылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
      7. Аккредиттеу туралы куәлік мынадай:
      1) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
      2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, дара кәсіпкер банкрот болған;
      3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш ұсынылған;
      4) уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұруының себептері жойылмаған;
      5) аккредиттеу туралы куәлік бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұрған жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады.
      Осы баптың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тұлғада тәуелсіз сарапшының аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы тұлға екі жыл ішінде аккредиттеуден өту мақсатында уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.»;

      17) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесі) осы баптың 3-10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады.
      Осы Заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді.
      2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
      3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10.

Ақтөбе облысы

1,35

11.

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12.

Қызылорда облысы

1,09

13.

Атырау облысы

2,69

14.

Маңғыстау облысы

1,15

15.

Алматы

2,96

16.

Астана

2,2

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.
      5. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайларға тіркеу аумағы бойынша 2,96 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
      Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
      6. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет №

Көлік құралының түрі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу

Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері

1

2

3

4

1

Жеңіл автомобильдер

«В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер

2,09

2

Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,26

3

Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,45

4

Жүк автомобильдері

«С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері

3,98

5

Троллейбустар, трамвайлар

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6

Мотокөлік

«А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары

1,00

7

Тіркемелер (жартылай тіркемелер)

«Е» - көлік құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары

1,00

      7. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Жасы және жүргізу стажы

Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,10

2.

25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,05

4.

25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,00

      8. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерінде белгіленеді.
      9. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Көлік құралының пайдаланылу мерзімі

Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

7 жылға дейін, қоса алғанда

1,00

2.

7 жылдан жоғары

1,10

      10. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сынып беріле отырып, «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Сақтандыру мерзімі басталғандағы сынып

Коэффициент мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерілген, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып

0 сақтандыру жағдайы

1 сақтандыру жағдайы

2 сақтандыру жағдайы

3 сақтандыру жағдайы

4 және одан көп сақтандыру жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сыныбы

2,30

1

М

М

М

М

1-сыныбы

1,55

2

М

М

М

М

2-сыныбы

1,40

3

1

М

М

М

3-сыныбы

1,00

4

1

М

М

М

4-сыныбы

0,95

5

2

1

М

М

5-сыныбы

0,90

6

3

1

М

М

6-сыныбы

0,85

7

4

2

М

М

7-сыныбы

0,80

8

4

2

М

М

8-сыныбы

0,75

9

5

2

М

М

9-сыныбы

0,70

10

5

2

1

М

10-сыныбы

0,65

11

6

3

1

М

11-сыныбы

0,60

12

6

3

1

М

12-сыныбы

0,55

13

6

3

1

М

13-сыныбы

0,50

13

7

3

1

М

      Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін «бонус-малус» жүйесі бойынша сыныптың есебі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
      11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебі сақтандырушының «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін негіз болып табылады.
      Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасу кезінде осы баптың 10-тармағында келтірілген кестеге сәйкес төмендетілген коэффициентті қолданады.
      Сақтандырушы бұл туралы деректер базасын қалыптастырып, жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды және уәкілетті органды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
      12. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.
      13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершілігі осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      14. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты он екі айдан аз мерзімге жасалған кезде көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйлықақысының мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
      СС = ЖСС*n/N, мұнда:
      СС - он екі айдан аз мерзімге жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      ЖСС – жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу мерзімі (күнмен);
      N – 365 күн (кібісе жылы 366 күн).
      15. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең болып белгіленеді.
      16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледі және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуіне жатады.»;

      18) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның
               мөлшерiн айқындау

      1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
      2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
      3. Мүлiктiң бүлінуі кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi бүлінген мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн болған, есептелген амортизациясы (тозуы) шегеріле отырып айқындалады.
      Бүлінген мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
      4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны негiзге алынып айқындалады.
      Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса ол жойылған болып есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
      5. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша бағалау жүргізуге берілген өтініштің негізінде бағалайды.
      Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды тәуелсіз сарапшы бағалау стандарттарын ескере отырып, уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүзеге асырады.
      Бағалаудың нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
      6. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді дербес пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы көтереді.
      Тәуелсіз сарапшының бағалау жүргізу шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда тәуелсіз сарапшы өтініш берушіге тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу проценті мөлшерінде өтіп кеткен әр күн үшін тұрақсыздық айыппұлын төлейді.
      Тәуелсіз сарапшы, егер ол осы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болса не оның лауазымды адамдарына немесе осы сақтандырушы ұйымдарының – аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағыныстылық байланыста болса, сақтандырушының өтініші бойынша бағалауды жүзеге асыруға құқылы емес.
      7. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өтініш берген кезде сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша бағалауды ұйымдастыруға сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері табыс еткен өтініш негізінде мүлікке келтірілген зиян мөлшерінің аталған тұлғалар таңдаған тәуелсіз сарапшыда бағалануын он жұмыс күні ішінде өз есебінен ұйымдастырады.
      Бүлінген мүлікті бағалауды ұйымдастыру мынадай:
      1) тәуелсіз сарапшылардың сақтандырушы берген тізбесіне және олардың орналасқан орны, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес пайда алушының немесе оның өкілінің тәуелсіз сарапшыны таңдауы;
      2) пайда алушымен және тәуелсіз сарапшымен келісім бойынша бағалауды жүргізу орнын айқындау;
      3) бүлінген мүлікті тексеріп-қарау;
      4) тәуелсіз сарапшының бүлінген мүлікке бағалау жүргізуі;
      5) пайда алушыға танысу үшін бағалау жөніндегі есепті беру кезеңдерін қамтиды.
      Мүлкіне зиян келтiрiлген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға бағалау ұйымдастыруға өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жағдайда болса, сол жағдайда осы мүлікті сақтауға және сақтандырушының бүлінген мүлікті тексеріп-қарауына, сондай-ақ тәуелсіз сарапшының келтірілген зиянға бағалау жүргізуіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
      Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.
      Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
      8. Егер сақтандырушы келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді дербес пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметке жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.
      9. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;

      19) 22-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандары уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;

      20) 24-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы сегізінші абзацының екінші сөйлемінде:
      «Бұл ретте сақтандыру» деген сөздер «Сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «2» деген цифр «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеу шығыстарын өтейдi.»;

      21) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, алу тәртібін көрсетіп, жазбаша нысанда қояды.»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисінің көшірмесі не бар болған кезде көрсетілген сақтандыру полисі бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі) мәліметтердің бірі;»;
      4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-2) осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, бағалауды ұйымдастыруға арналған өтініш;»;
      5) тармақша «келтiрiлген зиянның» деген сөздердің алдынан «осы Заңның 22-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда» деген сөздермен толықтырылып, «, олар болған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      22) 26-баптың 1-тармағындағы «жеті» деген сөз «он бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

      23) 26-1-баптың 1-тармағында:
      «өтініш жасайды» деген сөздер «өтініші жасауға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Зиян келтірілген мүліктің меншік иесі болып табылмайтын жәбірленуші осы Заңда көзделген тәртіппен өз кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына жүгінеді.»;

      24) 28-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «оны жүргiзу» деген сөздер «көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 29-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы «сақтанушының» деген сөз «пайда алушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақшадағы «6-тармағының» деген сөз «7-тармағы үшінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын;

      26) 30-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мынадай:
      1) сақтандырушылар арасында көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;
      2) сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
      1) сақтандыру омбудсманының құрылымын және штатын (офисін) бекітеді;
      2) сақтандыру омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібі;
      3) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.»;

      27) 30-3-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандырушының» деген сөздер «дауға қатысатын тараптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сақтандыру омбудсманының сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешімі міндетті болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешімі сақтанушы (пайда алушы) оны қабылдаған жағдайда сақтандырушы үшін міндетті болады.
      Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандыру омбудсманының шешімін орындау міндетті болып табылмайды.»;

      28) 30-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде дауды шешу және шешімдерді қабылдау бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Жүктелген функцияларды тиісінше атқару мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандырушылардың жарналары есебінен қаржыландырылады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесімен келісім  бойынша құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқылы.
      3. Сақтандыру омбудсманы дауды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
      Сақтандыру омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      4. Осы Заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өзара қарым-қатынастарды реттеуді сақтандыру омбудсманы тегін жүзеге асырады.
      5. Сақтандыру омбудсманы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.»;

      29) мынадай мазмұндағы 32-баппен толықтырылсын:
      «32-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті
               сақтандырудың халықаралық жүйелері

      Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлік құралдары иелері үшінші тұлғаларға келтірген зиянды өтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдары иелерінің жүріп-тұру режимін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелерінде Қазақстан Республикасының қатысуына жол беріледі.».

      16. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; № 17, 81-құжат):
      7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1-бап. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін
                міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін:
      1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға;
      2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын жариялап отыруға міндетті.
      3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
      4. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.».

      17. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент – жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингтің құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
      2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) – бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      3) егiстiң толық жойылуы – егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетін жағдай;
      4) егістің ішінара жойылуы – егіске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары, бір гектардан өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудегі бағалау кірісі немесе іс жүзіндегі кіріс міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде белгіленген бір гектарға жұмсалатын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндіру шығындары нормативінің мөлшерінен кем болатын жағдай;
      5) қолайсыз табиғат құбылысы – нәтижесінде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi – құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi – бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);
      6) қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеу актісі (бұдан әрі – зерттеу актісі) – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген нысан бойынша осы Заңда талаптар көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
      7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс – өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егістің жойылған алаңдарын айқындау әдістемесіне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
      8) өсiмдiк шаруашылығы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi – жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
      9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi – міндетті сақтандыру шарты) – осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
      10) өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі – қоғам) – өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
      11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi – ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
      12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
      13) сақтандыру жағдайы – басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
      14) сақтандыру сомасы – мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      15) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      16) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      17) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
      18) сақтанушы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
      19) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату;
      20) шығындар нормативi – өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.»;

      2) 4-1-баптың 6) тармақшасындағы «қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 5-бапта:
      2-тармақта:
      6) тармақша «агенттің» деген сөзден кейін «қоғамның» деген сөзбен толықтырылып, «оның» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;»;
      8) тармақшадағы «және агенттен» деген сөздер «, агенттен және қоғамнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы «және агенттiң» деген сөздер «, агенттің және қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға қоғамдардың атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, оның тізілімін ұсынады.»;
      3-тармақтың 2) тармақшасы «құжаттарды» деген сөзден кейін «өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 5-1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 5-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.»;

      6) 6-бап «сақтандыру жағдайларына» деген сөздерден кейін «зерттеу актісінде тіркелген» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ғылыми негiзделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының» деген сөздер «шығындардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 8-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктегі «артық» деген сөз «кем» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлік «мынадай» деген сөзден кейін «ең төмен және» деген сөздермен толықтырылсын;
      1)-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):

Рет

Облыстардың атауы

Сақтандыру тарифi %-пен

ең төменгі

ең жоғарғы

1.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан

1,78

3,48

2.

Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан

3,17

5,83

3.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан

5,21

9,15

      2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 2,01%, ең жоғары – 3,44%;
      3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 5,76%, ең жоғары – 8,39%;
      4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 0,92%, ең жоғары – 1,33%.»;

      9) 9-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Комиссия сақтандырушы мәлімдеген егіс алаңын өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен апатқа ұшыраған егіс алаңын анықтау әдісі бойынша зерттейді және зерттеу нәтижелері бойынша өсімдік шаруашылығындағы өнімнің апатқа ұшырау деңгейін анықтайды: толық немесе ішінара.»;
      төртінші бөлікте:
      «тиiстi зерттеу актiсiн» деген сөздер «зерттеу актісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «(бұдан әрi - зерттеу актiсi)» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Комиссия мүшелерінің үштен екі бөлігінің қолдары болған кезде зерттеу актісі қабылданған болып есептеледі.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      10) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.»;

      11) 12-баптың 2-тармағында:
      екінші бөлік «депозиттерге» деген сөзден кейін «және мемлекеттік бағалы қағаздарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі «депозиттерге» деген сөз «Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі «депозиттерге» деген сөз «Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 13-баптың 1-тармағындағы «сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi» деген сөздер «осы баптың 2-тармағында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «сақтанушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, кідірiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге;»;

      14) 16-баптың 2-тармағының төртінші абзацындағы «жетi» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мазмұнына қойылатын талаптар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін сақтанушының өтініші міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.».

      18. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат):
      20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ақпарат беру туралы және кредиттік есептерді алу туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар;».

      19. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат):
      мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершілігін
                міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, объектілер иелерінің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берілмейді.».

      20. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы»;

      2) бүкіл мәтін бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиісінше «қызметкерді жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан», «қызметкерді жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) – сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
      2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
      3) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiк – қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
      4) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi – қызметкердiң еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;
      5) кәсiптiк тәуекел сыныбы – өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
      6) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешені;
      7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
      8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезінде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);
      9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      11) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмірді сақтандыру» саласында аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;
      13) сақтанушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.»;

      4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

      1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердің қызметкері еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейді.
      2. Жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкерді міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетінен босатпайды.»;

      5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде
              оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
              объектісі мен субъектілері

      1. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi зардап шеккен қызметкердің кінәсі болған не болмаған кезде, оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өлiміне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүлiктiк мүддесi болып табылады.
      2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру субъектілері: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.»;

      6) 6-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.»;

      7) 7-бап алып тасталсын;

      8) 8-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.»;

      9) 9-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша «төлемдерiн» деген сөзден кейін «және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеуді» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша «қабылданған жағдайда» деген сөздерден кейін «, өтінішті және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемі бойынша әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аннуитет сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердің немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға міндетті.»;

      10) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.»;

      11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде болған кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
      Зардап шегуші қызметкерге кәсiптiк ауруының табылуы салдарынан кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгілеген жағдайда, сақтандыру төлемiн кәсіптік ауру белгілі болған мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.»;

      12) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемі (сақтандыру төлемдері) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерінің сомасына азайтылады.»;

      13) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      «16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары

      Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгілеуге не оның өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға кезіндегі мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 322-бабының 2-тармағында көзделген.»;

      14) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
      «17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту

      Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылуы кезеңінде сақтанушының кінәсінен болса, сақтандырушы жұмыс берушінің қызметкерлерінің жалпы санына қарай үстемеақы коэффициентін қолдану арқылы осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақының мөлшерін мынадай мөлшерлерде:
      1) зардап шегуші қызметкерлер саны екіден бес процентке дейін болғанда 1,10 мөлшерінде;
      2) зардап шегуші қызметкерлер саны алтыдан он бес процентке дейін болғанда 1,30 мөлшерінде;
      3) зардап шегуші қызметкерлер саны он бестен және одан да көп процент болғанда 1,50 мөлшерінде ұлғайтуға міндетті.
      Бұл ретте, осы тармақта белгіленген шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылу кезеңінде болған екі немесе одан да көп қызметкердің қатысуымен сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталған кезде жүзеге асырылады.
      Осы тармақта көзделген үстемеақы коэффициенттері сақтандыру жағдайына ұшыраған персоналдың сол санаттары мен кәсіптік тәуекел сыныбы бойынша сақтандыру тарифіне қолданылады.
      Үстемеақы коэффициентін қолдану тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;

      15) 18-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «келтiрiлген зиян» деген сөздерден кейін «қызметкердiң уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Зиянның мөлшерін анықтау тәртібі.
               Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
               шарты бойынша сақтандыру төлемдері

      1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесінің белгіленуіне байланысты жалақыдан (кірістен) айрылуына қатысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
      Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
      Қызметкердің бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне теңдей мерзім ішінде қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
      Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебі бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
      Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемін алуға құқығы болады.
      Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер есебінің тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      Өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегуші қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртіппен аннуитет шарты жасалады.
      2. Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің мөлшері мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштермен) белгіленеді:
      1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейін болып белгіленген кезде - 500;
      2) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейін болып белгіленген кезде - 1000;
      3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейін болып белгіленген кезде - 1500;
      4) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейін болып белгіленген кезде - 2000.
      Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемін жәбірленуші қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленгенін растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде бір мезгілде жүргізеді.
      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) кезінде жүзеге асырылмайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегуші қызметкер сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
      3. Зардап шегуші қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.
      4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебінен айырмасы төленеді.
      5. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.»;

      17) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
      «19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті
                 сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін
                 жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:
      1) қызметкердің кемінде бір жыл мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;
      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.
      Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі, сондай-ақ қызметкердің қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
      «Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.
      2. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерін осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.»;

      18) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін - қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетіп, сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
      2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айрылу дәрежесін белгілеген жағдайда:
      сақтандыру шартының көшірмесі;
      жазатайым оқиға туралы акт;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірін немесе жәбірленуші қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі;
      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
      кәсіптік аурудың болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      жұмыс беруші куәландырған, жәбірленуші қызметкер жұмыс істеген, бірақ он екі айдан аспайтын кезеңдегі жалақысының мөлшерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
      сақтандыру шартының көшірмесі;
      жазатайым оқиға туралы акт;
      қызметкердің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
      қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
      пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірін немесе пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жұмыс беруші куәландырған, қайтыс болған қызметкер жұмыс істеген, бірақ он екі айдан аспайтын кезеңдегі жалақысының мөлшерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
      Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
      Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.
      Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
      5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариаттық куәландырылған сенiмхаты бойынша денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға тiкелей төленуi мүмкiн.
      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.»;

      19) 21-бап алып тасталсын;

      20) 22-бап «жағдайларда» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнің 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 23-бапта:
      1-тармақта:
      «7» деген цифр «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
      «бір жыл және одан астам мерзімге» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.»;
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
      5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.».

      21. «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, № 27-құжат):
      мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың
                ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның міндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.».

      22. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
      1) 6-баптың 4-тармағының он бірінші абзацындағы «қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.» деген сөздер «қызметтi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «кредиттiк бюролардың қызметін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.»;

      2) аталған Заңға қосымшаның 15-тармағының 2) тармақшасындағы «қызметкердің еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруы кезінде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
      1) 2-баптың 3-тармағында:
      «Сақтандыру қызметi туралы» және «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздер «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 4-баптың 4-тармағындағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғам» деген сөздер «Қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 5-бапта:
      тақырыптағы «қызметi лицензиялануға жатпайтын» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) қоғамның активтерін инвестициялаудың тәртібі мен көлемін белгілейді.»;

      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Қоғамның атауы

      1. Қоғамның атауында «өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздер болуға тиiс.
      2. Егер қоғам өзара сақтандырудың бір ғана түрін жүзеге асыратын болса, онда оның атауында сақтандырудың осы түрі көрсетілуге тиіс.
      3. Қоғамның атауында кез келген тiлде толық не қысқартылған түрде «ұлттық», «мемлекеттiк», «орталық», «бюджеттiк», «республикалық» деген сөздер болмауға тиiс.
      4. Қоғам өзінің тұрақты жұмыс істейтін оқшауланған бөлімшесі орналасқан жерін өзгерткен кезде бұл туралы уәкілетті органға он бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.»;

      5) 7-баптың тақырыбындағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамды» деген сөздер «Қоғамды» деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 8-бапта:
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамның құрылтай шартында:»;
      3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 9-баптың 1-тармағындағы «екеуден» деген сөз «екі жүз елуден» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату

      Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

      9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыру талаптары

      1. Өзара сақтандыру қызметі лицензиялауға жатпайды.
      2. Қоғам:
      1) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша;
      2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру түрлері бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.»;

      10) 14-бапта:
      тақырыптағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «лицензиясыз» деген сөз алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өзара сақтандыру жүзеге асырылатын жалпы шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 825-1-бабының талаптарына сәйкес келетін өзара сақтандыру ережесінде айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Өзара сақтандыру ережесі қоғам мүшелігіне кіруге тілек білдірген адамдарға таныстыру үшін ұсынылуға тиіс.»;

      11) 15-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қоғам осы Заңда көзделген тең құқықтарды қоғамның барлық мүшелеріне беруге міндетті.»;

      12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салу

      Қоғамның өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруіне, сондай-ақ делдалдық қызметті немесе қайта сақтандыруға арналған тәуекелдерді қабылдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.»;

      13) 21-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      14) 23-бапта:
      2-тармақтағы «Қызметi уәкiлеттi органның лицензиялауына жатпайтын қоғам» деген сөздер «Қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;

      15) 24-бапта:
      тақырыптағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен және жағдайларда» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, оны есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

      24. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      32-баптың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін» деген сөздер «оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптағы «2010 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2010 жылғы 1 наурыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «құжаттары бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.» деген сөздер «құжаттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.»;

      3) мынадай мазмұндағы 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын:
      «15-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейінгі салық кезеңдерінде туындаған залалдарға қолданылады деп белгіленсін.
      2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған залалдар 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 124-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерге ауыстырылады.
      Бұл ретте, хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған залалдар келесі үш жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және туынды қаржы құралдары бойынша түсетін табыстар есебiнен өтеледі.»;

      «16-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 143-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін, осындай сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзінен салық салуға жатпайды;
      2) сыйақы есептелген күні қор биржасының ресми тізімінде болмаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы осындай сыйақы төленетін күні белгіленген ставка бойынша төлем көзінен салық салуға жатады деп белгіленсін.»;

      4) 18-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жер қойнауын пайдаланушы бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, өндірген минералды шикізатты (пайдалы қазбаны) кейіннен одан әрі қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын белгілеу мақсатында рентабельділік деңгейі тұтастай заңды тұлға бойынша айқындалады.
      Бұл ретте, рентабельділікті есептеу үшін заңды тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғадан өңдеу үшін алынған және (немесе) сатып алынған минералды шикізатты қайта өңдеуді қоса алғанда, минералды шикізатты (пайдалы қазбаны) өндіруге және қайта өңдеуге тікелей байланысты кірістері мен шығындары қызметтің өзге түрлері бойынша кірістер мен шығындар ескерілместен, бөлек салықтық есепке алудың деректері негізінде есептеледі.»;
      төртінші бөлік «бір бөлігін),» деген сөздерден кейін «пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын белгілеу тәртібін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 22-бапта:
      бірінші абзацтағы «2015» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ережелерінде салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделетін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
      5) тармақшадағы «осы тармақта» деген сөздер «осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 23-бапта:
      «2015» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «қосу
      өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау мақсатында қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу түрінде мемлекеттік бюджеттен алуға жататын (алынған) қаражат,»;

      7) 25-бапта:
      10-тармақтағы «және мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы бұрын жіберілген сұрату салуға уәкілетті орган алған жауаптар негізінде» деген сөздер «бұрын жіберілген сауал салу бойынша уәкілетті орган алған жауаптар негізінде мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі «жойған кезде» деген сөздерден кейін «немесе мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылатын тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал салу бойынша өздерінің өзара есеп айырысулары бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақта:
      екінші бөліктегі «13» деген цифрлар «12» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік «тексеруге жатады» деген сөздерден кейін «және (немесе) уәкілетті органға ірі салық төлеушілердің мониторингі бойынша есептіліктің негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растауы туралы сауал жібереді» деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «32-бап. Салық төлеушінің жеке шотындағы есепте бар және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтық құқық бұзушылықтары үшін 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімінің өтіп кетуіне байланысты орындалуы мүмкін емес төленбеген айыппұлдың сомасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органы шешімінің негізінде есептен шығаруға жатқызылады деп белгіленсін.»;

      9) 48-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2009 жылғы 1 шілдеге дейін 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының:
      274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушілер үшін;
      274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданатын және өткізу бойынша айналымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектілер салуды жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін;»;
      4) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының;»;

      10) 49-баптың 1) тармақшасында:
      жиырма екінші абзацтағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса,» деген сөздер «Осы Кодексті 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодексті 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін импортталған берілетін мүлік осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарлар тізбесіне кірсе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алпыс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкеткеннен басқа әкелінетін тауарларына қатысты қолданылады.»;
      алпыс төртінші абзацтағы «еркін айналысқа» деген сөздер «еркін айналыс үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алпыс алтыншы абзацтағы «6-тармағында» деген сөздер «5-1 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алпыс жетінші абзацтағы «тауарларды әкелу күнінен бастап талап қоюдың өткен мерзімінің» деген сөздер «тауарларды еркін айналыс үшін шығарған күннен бастап бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алпыс сегізінші және алпыс тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «5-1. Әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.
      Осы тармақтың ережесі өзінің өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде әкелінген, импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізген кезде де қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы жетпіс бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережесі өзінің өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде әкелінген, импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берген кезде де қолданылады.»;

      11) мынадай мазмұндағы 52 және 53-баптармен толықтырылсын:
      «52-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу айналымдары салықтан босатылатын объектілердің құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге 2009 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым аралығындағы кезең үшін қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелерді орындау бөлігінде салықтық тексеру (қарсы тексеруді қоспағанда) жүргізілмейді.
      53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшінші абзацының және 52-бабының ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 260-бабының 2-1-тармағы күшіне енгенге дейін өткізу айналымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектілердің құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған қосылған құн салығын төлеушілерге қолданылады.».

      26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат):
      2-бапта:
      «Заң» деген сөзден кейін «, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1)–3) тармақшаларын және» деген сөздермен толықтырылсын;
      «1)–16)» деген цифрлар «4)–16)» деген цифрлармен ауыстырылсын.

      27. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 18, 84-құжат):
      2-бап «Осы Заңның» деген сөздерден кейін «2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 70-тармағының 1) тармақшасын, осы Заңның» деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасын3) тармақшасын10-тармағын, 15-тармағы 11) тармақшасының екінші абзацын, 20-тармағының 1)2) тармақшаларын3) тармақшасының бірінші-он төртінші, он алтыншы абзацтарын, 4)5)7)11)13) тармақшаларын16) тармақшасының екінші және он тоғызыншы абзацтарын, 17)–20) тармақшаларын24-тармағын;

      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 3)6)8)10)12)25)27) тармақшаларын, 28) тармақшасының бесінші – сегізінші, он бірінші – он үшінші, 29)32)33)35)38)40)49)54)56)59) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші – жетінші, 80)83)84) тармақшаларын85) тармақшасының үшінші–сегізінші абзацтарын, 8-тармағын, 25-тармағының 1)3)4) тармақшаларын5) тармақшасының төртінші–бесінші абзацтарын, 7)9)11) тармақшаларын26-тармағын27-тармағын;

      3) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болатын 1-баптың 5-тармағының 50) – 52) тармақшаларын53) тармақшасының екінші – он жетінші абзацтарын, 74) тармақшасын;

      4) 2009 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) және 4) тармақшаларын;

      5) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 1)2)7)11)26) тармақшаларын, 28) тармақшасының екінші – төртінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші абзацтарын, 30)31)34)39) тармақшаларын53) тармақшасының он сегізінші – жиырма сегізінші абзацтарын, 55)57)58)60) – 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының сегізінші – оныншы абзацтарын, 64)– 73)75) – 79)81)82) тармақшаларын85) тармақшасының екінші абзацын, 86)87) тармақшаларын, 15-тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацын, 25-тармағының 2) тармақшасын5) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарын, 6)8) тармақшаларын;

      6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 20-тармағының 14) тармақшасын;

      7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9) тармақшасын, 9-тармағының 17) тармақшасын, 20-тармағы 3) тармақшасының он бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 20-тармағының 17) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      3. Сақтандыру ұйымдары тиісті лицензиялары болған ретте қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде жасасуға құқылы.
      Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде тиісті лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен соң «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын және қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың және қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бұрын жасалған шарттарының қолданылу мерзімін ұзартуды қоса алғанда, оларды жасауға, өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
      Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың бұрын жасалған шарттары бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру ұйымы олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

      4. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай ішінде өз қызметін осы Заңның 9-тармағы 7) тармақшасы үшінші абзацының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      5. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 12-тармағы төртінші абзацының, 13-тармағы төртінші абзацының, 14-тармағы төртінші және бесінші абзацтарының, 15-тармағы 3) тармақшасы төртінші абзацының, 16-тармағы бесінші және алтыншы абзацтарының, 17-тармағы 5) тармақшасы екінші абзацының, 19-тармағы төртінші абзацының, 20-тармағы 6) тармақшасы екінші абзацының, 21-тармағы төртінші абзацының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      6. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған өзара сақтандыру қоғамдары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев