Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 164-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) мазмұнындағы 136140 және 362-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау»;
      «140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару»;
      «362-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау»;
      2) 40-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстің 4243-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне сәйкес келетін айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебінен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.»;
      3) 136 және 140-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын
                күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі
                міндеттерді орындамау

      1. Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы, –
      бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Кәмелетке толған, еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша өзінің еңбекке жарамсыз ата-анасын күтіп-бағуға қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы –
      бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

      «140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын)
                күтіп-бағудан жалтару

      Еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, –
      бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»;
      4) 357-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Соттың үкімі немесе қаулысы бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасыру немесе иеленіп алу, сол сияқты соттың мүлікті тәркілеуді тағайындау туралы заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару –
      бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 362-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «362-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот
                актісін және атқарушылық құжатты орындамау

      1. Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, –
      бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Билік өкілі, мемлекеттік қызметші, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметшісі, сол сияқты мемлекеттік мекеменің, коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметшісі жасаған дәл сол әрекеттер, –
      бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, өндіріп алу қылмыс жасалу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру –
      төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзу, сол сияқты әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатында қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерінен өз бетімен кетіп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жеріне демалыс және мереке күндерін есептемегенде бес тәулік ішінде бармауы –
      бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар):
      1) 161-баптың он бірінші бөлігіндегі «, ал соттың атқарушысы – мүлік тізімін жасайды» деген сөздер «жасайды, ал сот орындаушысы тыйым салу туралы қаулы шығарады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 169-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық қуыным толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот азаматтық қуыным бөлігінде үкімді ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілейді және оны үкімде көрсетеді. Сот үкімі азаматтық қуыным бөлігінде ерікті түрде орындау үшін берілген мерзімде орындалмаған жағдайда, сот азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен үкімді азаматтық қуыным бөлігінде мәжбүрлеп орындатуға жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
      3) 171-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «талап», «талапты» деген сөздер тиісінше «қуыным», «қуынымды» деген сөздермен, «атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 192-баптың екінші бөлігі «361-бабында,» деген сөздерден кейін «362-бабында (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 285-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «362-баптарында» деген сөздер «362 (төртінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) мазмұнындағы 23-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-бап. Айыппұл төлеуден жалтару»;
      2) 23-бапта:
      тақырыбындағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
      1-тармақтағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақтағы «қасақана», «мемлекеттік» деген сөздер алып тасталсын.
      4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат):
       740-баптың 1-тармағы «туралы заңнамасында» деген сөздердің алдынан «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
      5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат):
      1) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «161-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды
                орындау

      Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды сот тиісті органдар мен ұйымдарға орындау үшін жібереді.
      Органдар мен ұйымдар ұйғарым келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарымды жіберген сотты орындау нәтижелері жөнінде хабардар етеді.
      Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүліктің тізбесі болмаған жағдайда соттың ұйғарымын орындау үшін сот орындаушысына жіберілуге тиіс.»;
      2) 236-баптың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.
      Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына жіберген немесе егер өндіріп алушыға сот шешімінің орындалуы туралы хабарланғанға дейін атқарушылық құжат оған берілген жағдайда, борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.»;
      3) 240-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған немесе бұйрық шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізу бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың өтініші бойынша оны орындау тәсілін немесе тәртібін өзгерте алады.
      Сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша сот қаулысын орындауды кейінге қалдыра алады немесе мерзімін ұзарта алады, сондай-ақ бітімгершілік келісімді бекіте алады.»;
      4) 446-баптың үшінші бөлігі «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
      6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
       79-6524526527 және 528-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару»;
      «524-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау»;
      «526-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің ауысқандығы туралы сот орындаушысына хабарламау
      527-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
      528-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергі келтіру»;
      мазмұны мынадай мазмұндағы 551-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган»;
      2) 79-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын)
                 күтіп-бағудан жалтару

      Еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы –
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
      3) 521-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «521-бап. Прокурорға, тергеушіге және анықтау органына,
                сот орындаушысына, сот приставына келмеу

      Прокурорға, тергеушіге, анықтау органына айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақ беруден бас тарту немесе көрінеу жалған айғақтар беру –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 522-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
      екінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
      5) 524-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «524-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот
                актісін және атқарушылық құжатты орындамау

      Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 525-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның ішінде оларға белгілеген мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес табысынан ұстап қалу ісін жүргізу және өндіріп алынған соманы өндіріп алушыға салып жіберу туралы, борышкердің өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасы мен мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөніндегі қаулыларын және заңды талаптарын дәлелсіз себептермен орындамауы –»;
      7) 526527 және 528-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «526-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып
                табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты
                жерінің ауысқандығы туралы сот орындаушысына
                хабарламау

      Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргізетін адамның дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзімде төлем төлейтін адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, сот орындаушысына және алимент алатын адамға хабарламауы, –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      527-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту

      Атқарушылық құжатты жоғалту –
      айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе: Осы бап бойынша өндіріп алушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

      528-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды
               орындауға кедергі келтіру

       Жеке тұлғалардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының мүлікке өндіріп алуды қолдану іс-әрекеттерін (тізімдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жасауына кедергі келтіруі немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
      8) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «520 – 537-1-баптарында» деген сөздер «520 – 524, 528 – 537-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) мынадай мазмұндағы 551-2-баппен толықтырылсын:

      «551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз
                  ету саласындағы уәкілетті орган

      1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 525 – 527-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы көрсетілген істерді қарауды атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының (аумақтық органдар) басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады.»;
      10) 630-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «, 524 (461 – 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;»;
      11) 636-баптың бірінші бөлігінде:
      1) тармақшаның екінші абзацындағы «524 (461 – 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы «(513 – 531-баптар)» деген сөздер «(513 – 524, 528 – 531-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 708-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе айыппұлды жалақысынан немесе басқа да себептер бойынша өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, қаулы шығарған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.»;
      13) 709-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін сот орындаушысына жібереді.»;
      14) 709-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.
      Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушысына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.».
      7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-ІІ, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 465-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы» деген сөздер «атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 467-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
      3) 615-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 622-баптың үшінші бөлігі «туралы заңнамасында» деген сөздердің алдынан «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
      8. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
       169-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «айлық жалақының ең төменгі» деген сөздер «орташа айлық жалақының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21 – 22, 124-құжат; 2013 ж., № 10–11, 56-құжат):
      11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «бар болса» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.
      10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат):
       51-баптың тақырыбындағы «арест» деген сөз «тыйым» деген сөзбен ауыстырылсын және 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке» деген сөздер алып тасталып, «Атқарушылық іс жүргізу органдары, жеке сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.
      11. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
      7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. «Ақша төлемі және аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Инкассолық өкім берілген кезде пайдаланылатын
               құжаттар

      Ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алып қоюға инкассолық өкім атқарушылық құжаттардың негізінде беріледі.».
      13. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      1) 1-баптың 13) тармақшасындағы «заңдарына», «органдар» деген сөздер тиісінше «заңнамасына», «органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың 3-тармағының 13) тармақшасындағы «оқиғаларын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «оқиғаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын;
      «14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;
      15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
      14. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      14-баптың 4-тармағы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
      15. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат):
      4-баптың 1-тармағы 40) тармақшасының екінші абзацы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
      16. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат):
      24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және сот санкция берген қаулысы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
      17. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын, атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлды және шығыстарды өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату;
      2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі;
      3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;
      4) жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
      5) мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
      6) сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;
      7) сот орындаушысының қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;
      8) толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;
      9) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      10) электрондық аукцион – аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтың тәсілі, онда тыйым салынған және мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.»;
      2) 4-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу
              және сот орындаушыларының мәртебесі туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
      3) 6-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу
              және сот орындаушыларының мәртебесі туралы
              заңнамасының қолданылу тәртібі»;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау ішкі істер органдары және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.»;
      5) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «қаулылары.» деген сөз «қаулылары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
      10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы.»;
      6) 10-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аумақтық бөлімнің атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;»
      4-тармақтың бірінші бөлігі «басшысының» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысының» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.»;
      8) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.»;
      9) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
      Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
      Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
      10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мирасқорлық

      1. Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
      2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.»;
      11) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), олардың тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысу жағдайларынан басқа, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер мүдделері өкілдік берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылса, ол адам өкіл бола алмайды.»;
      12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен
               өзара іс-қимылы

      Ішкі істер органдары өздеріне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысының өміріне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайда сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылады.»;
      13) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер ұйым (заңды тұлға) әрекет етпеген және (немесе) басқару органы аппаратының қызметкерлері орнында болмаған жағдайда, ұйымның (заңды тұлғаның) шақыру қағазы немесе хабарламасы тікелей бірінші басшыға немесе бірінші басшының міндетін уақытша атқарушы адамға тапсырылады. Олар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама бас бухгалтерге (бухгалтерге) тапсырылады. Заңды тұлғаның басқару органы болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама заңды тұлға құрылтайшыларының біріне тапсырылады.»;
      2-тармақ «әкесінің атын» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың
               ауысуы

      Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептеледі.»;
      15) 30-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Адресат, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көрсетілген адамдар шақыру қағазын немесе хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оларды жеткізуші адам оларға тиісті белгі қояды, одан кейін шақыру қағазы немесе хабарлама аумақтық органға (аумақтық органның бөліміне) немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылады.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) шақыру қағазы немесе хабарлама онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне тапсырылса не соңғылары оларды алудан бас тартса, хабарланды деп есептеледі.»;
      16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негіздері

      Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.»;
      17) 32-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;»;
      7) тармақшадағы «өзге де міндеттемелерді» деген сөздер «өзге де іс-әрекеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.»;
      18) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды
               тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін
               атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын
               уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата
               тұру

      1. Борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның лауазымды адамы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
      Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
      2. Көрсетілген қаулының көшірмелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін және борышкерге мәлімет үшін жіберіледі.
      3. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкін.
      Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.»;
      19) 34-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      «34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы
               құқықтарды беру және олардың қолданылуы
               саласындағы уақытша шектеулер

      1. Борышкер:
      1) жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
      2) заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
      3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда –
      сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.»;
      20) 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «35-бап. Борышкердің өзінің мүліктік жағдайы туралы
               ақпарат беруі

      1. Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Ақпарат беру нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      2. Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті.
      3. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылық құжатты орындамау болып табылады.

      36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі

      1. Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
      Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,
      Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
      2. Көрсетілген мәліметтер:
      1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
      2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;
      3) көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.
      3. Борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздемелер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде жүргізіледі.
      Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде сот орындаушысы уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алып тастауға негіз болып табылатын тиісті ақпарат жібереді.»;
      21) 37-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды. Жеке сот орындаушысына өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдар жібереді.
      4. Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл туралы қаулы шығарады.
      Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады.
      Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, сондай-ақ борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, ол анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.»;
      22) 38-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:»;
      7) тармақшадағы «болса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
      9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 709-1-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.»;
      23) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.»;
      24) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның
               тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды
               индекстеу

      Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
      Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.»;
      25) 41-бап алып тасталсын;
      26) 42-бапта:
      бірінші бөлікте:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;»;
      4) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) тармақшалармен және 13) тармақшадағы «еткен жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс» деген сөздер «еткен;» деген сөзбен ауыстырылып, 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);
      11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;»;
      «14) егер сот борышкерге қатысты іздеу жариялаған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды.»;
      27) 43-бап алып тасталсын;
      28) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «44-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

      Атқарушылық іс жүргізу:
      1) осы Заңның 42-бабының 1)2)3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (борышкер) банкрот деп жарияланғанға дейін;
      2) осы Заңның 42-бабының 5)7) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
      3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда – қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;
      4) осы Заңның 42-бабының 10) тармақшасында көзделген жағдайда – қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
      5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда – бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
      6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;
      7) осы Заңның 42-бабының 11–2) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;
      8) осы Заңның 42-бабының 12) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушыдан өтініш келіп түскенге дейін;
      9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;
      10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
      29) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
      Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта жаңғыртылады.»;
      30) 47-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) құқықтық мирасқоры болмаған кезде өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның конкурстық басқарушысына, оңалтуды басқарушысына, тарату комиссиясына орындау үшін жіберілсе;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;»
      «8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.
      Сонымен бір мезгілде орындауды қамтамасыз ету шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана жойылуға тиіс. Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.»;
      31) 48-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық мирасқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы туралы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген, сондай-ақ сауда-саттық жарияланған атқарушылық құжат, егер өндіріп алушы орындалуы бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе, өндіріп алушыға өтініші бойынша қайтарып алады.»;
      32) 50-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      2-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      33) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «51-бап. Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсіндіру

      Атқарушылық құжат немесе оны орындау тәртібі түсініксіз болған жағдайда, оны орындау үшін алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндіріп алушы немесе борышкер атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімді немесе өзге актіні түсіндіру үшін сотқа немесе атқарушылық құжатты берген органға жүгінуге құқылы.»;
      34) 52-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
      Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат тіркелген жері не оның органының (құрылтайшысының) нақты орналасқан жері, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
      Атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жерде сот орындаушысы аудио-, фото-, бейнетіркеуді пайдалана алады, алынған материал кейіннен атқарушылық іс жүргізуге тігіле отырып, бұл туралы іс жүргізу құжатында белгі жасалады.»;
      3-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «– аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын.
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса:
      1) мемлекеттік сот орындаушысы бұл туралы дереу қаулы шығарады және оны шығарған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық құжат пен атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарының көшірмелерін борышкердің жаңа тұрғылықты жері немесе нақты тұратын жері, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жері бойынша мемлекеттік сот орындаушысына жіберіп, бұл туралы өндіріп алушыға хабарлайды. Атқарушылық құжаттың көшірмесі атқарушылық іс жүргізуде қалады;
      2) жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтаруға не онымен келісу бойынша тіркелген жері бойынша борышкердің жылжымайтын мүлкін және (немесе) орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің аумақтық округінен тыс жерге шыға отырып, атқарушылық іс-әрекеттер жасауға құқылы.»;
      35) 54-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, маман атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе өзге де мән-жайлар, атап айтқанда, тараптардың, олардың өкілдерінің бейтараптығына күмән туғызатын туыстық қатынастары орын алса, олар атқарушылық іс жүргізуге қатыса алмайды және одан бас тартуға тиіс.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлік «басшысы» деген сөзден кейін «— аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      36) 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады. Сот орындаушысы өндіріп алушының немесе бір кезектегі өндіріп алушылардың және борышкердің жазбаша келісуімен осы Заңның 68-бабына сәйкес мүлікті алдын ала бағалап, оны өткізбей, сол қалпында беруге құқылы.»;
      37) 57-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Борышкерде кепілге салынбаған мүлкі жеткіліксіз болған кезде борышкердің мүлкіне кепіл құқығы жоқ өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті және ипотекалық тұрғын үй қарызы міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүлікке өндіріп алу сот ұйғарымы негізінде талаптары кепіл ұстаушының талабынан басым болатын, кепіл ұстаушылар болып табылмайтын өндіріп алушылардың мүдделеріне қолданылуы мүмкін. Өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану туралы сот ұйғарымы кепіл ұстаушыны, өндіріп алушыны және борышкерді сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында шығарылады. Мүлікті өткізу кепілге салынған мүлікті өткізу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда талаптар осы Заңның 110-112-баптарында белгіленген кезектілік тәртібімен өткізілген мүліктің құнынан қанағаттандырылады.»;
      38) 58-бапта:
      2-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Инкассолық өкім берілген банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша өндіріп алу борышкердің теңгедегі не төлем жасалған күні Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған валютаның нарықтық айырбас бағамы қолданыла отырып, шетелдік валютадағы банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Осы тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімді сақтау және орындау ол толық орындалғанға дейін борышкердің банктік шоттарына ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.»;
      39) 62-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда соттың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте, сот орындаушысы өндіріп алуды борышкердің мүлкіне қолданудың кезектілік қағидаларын қолданбауға құқылы.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салу туралы сот орындаушысының қаулысында тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Борышкердің банктік шотындағы ақшасына атқарушылық санкцияны, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті сомада тыйым салынады.
      Егер инкассолық өкім негізінде ақшаны өндіріп алу толық көлемде жүргізілген жағдайда, инкассолық өкім орындалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұдан бұрын салынған тыйым алып тасталды деп есептеледі, ал тыйым салу туралы қаулы оның бастамашысына қайтарылуға тиіс.»;
      40) 63-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.»;
      41) 67-баптың 1-тармағында:
      2) және 4) тармақшалар «әкесінің аты», «әкелерінің аттары» деген сөздерден кейін тиісінше «(ол болған жағдайда)», «(олар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;»;
      7) тармақша «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      42) 68-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Борышкердің мүлкін бағалауды сот орындаушысы уәкілетті орган бекіткен борышкердің мүлкін бағалау әдістемесіне сәйкес оның нарықтық құны мен нақты тозуын ескере отырып жүргізеді. Бұл ретте өндіріп алушы мен борышкер арасында қол жеткізілген бағалау туралы келісім ескерілуі мүмкін.
      Егер жекелеген заттарды бағалау қиындық тудырса не борышкер немесе өндіріп алушы сот орындаушысының жүргізген бағалауына қарсылық білдірсе, сот орындаушысы мүлік құнын анықтау үшін маман тағайындайды. Маманның бағалауына келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарабы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен танысқан (көшірмесін, хабарламасын алған) кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде оған дауласуға құқылы.
      Жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сот орындаушысы қайта бағалауды тағайындайды, бұл ретте, қайта бағалау жөніндегі маманға ақы төлеуді атқарушылық іс жүргізудің бағалаумен келіспеген тарабы жүргізеді.
      Валюталық құндылықтар, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар, антиквариат, кескіндеме және мүсін өнері туындылары, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік міндетті түрде мамандардың қатысуымен бағаланады.»;
      43) 72-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірінші кезекте борышкердің іс жүргізуге тікелей қатысы жоқ мүлкі, оның ішінде бағалы қағаздары, валюталық құндылықтары, қымбат бағалы металдары мен асыл тастары, зергерлік бұйымдары, көлік құралдары өткізіледі;»;
      44) 74-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді. Аукцион нысанындағы сауда-саттықты жеке сот орындаушысы – дербес, ал мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы жүргізеді.
      Аукцион нысанындағы сауда-саттық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион арқылы жүргізілуі мүмкін.
      2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды.
      Мынадай:
      жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі;
      құны үш жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізіледі.
      Электрондық аукционда мемлекеттік тіркелуге жататын және (немесе) құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік өткізіледі.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы атқарушылық іс-әрекеттерді, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мүлікті сауда-саттыққа шығару бойынша жүзеге асырмауына негіз болып табылмайды. Мүлікке салынған тыйым борышкер мен сатып алушының сатып алу-сату шартына қол қойғаннан және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізгеннен кейін ғана алынады.»;
      45) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:

      «74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті
                 есепке алуы

      Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тыйым салынған мүліктің есепке алынуын қамтамасыз етеді.»;
      46) 77-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу, осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілген мүлікті қоспағанда, аукцион нысанындағы сауда-саттықта, оның ішінде электрондық аукцион арқылы, сондай-ақ комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.
      3. Тез бұзылатын мүлікті, оған тыйым салынып, тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша дереу сатуға тапсырады.»;
      5-тармақтағы «, ал оған бұрын салынған тыйым алып тасталады» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ «ол» деген сөзден кейін «сот орындаушысының қаулысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы «Сот» деген сөз «Мемлекеттік сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Жеке сот орындаушысы жылжымайтын мүлікті оның тіркелген жері бойынша өткізеді, ал өзге мүлікті оның орналасқан жері бойынша өткізеді.»;
      47) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Борышкердің мүлкін өткізуге беруді мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.
      Жеке сот орындаушысы комиссиялық сауданы жүзеге асыратын ұйымдармен шарттарды дербес жасайды.»;
      48) 79-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Борышкердің мүлкі аукционда өткізілетін кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын, ресми хабарларды жариялауға құқығы бар мерзімді баспасөз басылымдарында аукцион өткізілгенге дейін кемінде он күннен кешіктірмей, қазақ және орыс тілдерінде алдағы аукцион туралы хабарлайды. Кепілге салынған мүліктің аукцион нысанындағы сауда-саттықта сатылатын уақыты мен орны туралы сот орындаушысы кепіл ұстаушыға хабарлайды.
      2. Борышкердің мүлкі аукционда өткізілген кезде мемлекеттік сот орындаушысы мүлік тізімін – аумақтық органның интернет-ресурсында, ал жеке сот орындаушысы – жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының интернет-ресурсында жариялайды.»;
      49) 80 және 81-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «80-бап. Аукцион өткізудің жалпы шарттары

      1) Аукционға қатысуға тілек білдіруші адамдар аукционға қатысуға өтінім және өздерінің оған қатысуына кедергілердің жоқ екендігі туралы қолхат беруге және өндіріп алушыны қоспағанда, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна салуға міндетті. Аукционды ұйымдастырушының не жеке сот орындаушысының аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауы аукцион басталғанға дейін бір тәулік бұрын аяқталады. Аукционда ұтқан адам енгізген сома сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Аукционның қалған қатысушылары енгізген кепілдік жарна оларға аукцион аяқталғаннан кейін бес күн ішінде қайтарылады.
      2) Аукционға сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), борышкер сатып алушы ретінде қатыса алмайды.

      81-бап. Аукцион өткізудің тәртібі

      1. Аукцион басталар алдында қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе жеке сот орындаушысына жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжаттарды не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкілдің сенімхатын ұсынады. Аталған құжаттардың көшірмелері атқарушылық іс жүргізу материалдарына тігіліп қойылады.
      2. Аукцион басталғанда сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы оны өткізу қағидаларын, сатылатын мүліктің атауын, бастапқы бағасын және мүліктің бастапқы бағасының бір пайызынан кем болмайтын бағаны өзгерту қадамын жариялайды.
      Бұдан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы аукционға қатысушылардан мүліктің бастапқы бағасына қарағанда көбірек құн төлеуге кімнің дайын екендігін анықтайды.
      3. Аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген мүліктің бағалау құнынан басталады. Сатып алу бағасын ұлғайту қатысушының өзіне берілген тіркеу нөмірі бар карточканы көтеруі және бастапқы құнын бір қадамға немесе бірнеше қадамға ұлғайту туралы хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
      4. Мүліктің құнын әрбір ұлғайтудан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мүлік құнының ұлғайтылғаны туралы хабарлайды және аукционды өткізу хаттамасына бағаны көтерген қатысушының деректерін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді, одан кейін басқа қатысушыдан (қатысушылардан) бағаны соңғы көтерген қатысушыға қарағанда көбірек құн төлеуге кімнің дайын екендігін анықтайды.
      5. Аукциондағы зат қатысушылардың бірі ұсынған және сауда-саттықты ұйымдастырушы үш рет қатарынан жариялаған соңғы баға бойынша сатылды деп есептеледі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны үшінші рет жариялағанға дейін аукционға басқа қатысушылардан оны көтеруге ұсыныстар түспесе, ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.
      6. Сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарнаны есепке жатқыза отырып, өзі сатып алған мүлік үшін толық соманы енгізуге міндетті. Сатып алушы бүкіл сатып алу сомасын белгіленген мерзімде енгізбеген кезде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарна оған қайтарылмайды және мемлекет кірісіне немесе жеке сот орындаушысының кірісіне түседі. Егер сатып алушының аукционға қатысуға құқығы болмағаны анықталған жағдайда да кепілдік жарна қайтарылмайды.
      Өндіріп алушы сауда-саттық жеңімпазы болып жарияланған кезде және егер мүлік сатып алынған сома борыш сомасынан асып кетсе, өндіріп алушы борыш сомасы мен сатылған мүліктің құны арасындағы айырманы енгізеді.
      7. Егер аукционда мүлікті сатып алушы осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде сатып алу бағасын енгізбеген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін ең жоғары баға ұсынған аукционның келесі қатысушысына мүлікті жеңімпаз ұсынған бағадан бір қадам төмендетілген баға бойынша оның сатып алуы туралы өтініш беру құқығы туралы хабарлайды. Аукционның аталған қатысушысы мұндай өтінішті хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыға беруге құқылы. Сатып алу бағасын аукционның аталған қатысушысы сауда-саттықты ұйымдастырушының, жеке сот орындаушысының хабарламасын алғаннан кейін бес күн ішінде енгізеді.
      8. Егер сатылған мүліктен түскен түсім өндіріп алушының талаптарын қанағаттандыру, мәжбүрлеп орындату, атқарушылық санкциясы бойынша шығыстарды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті сомаға жететін болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционды тоқтатады.»;
      50) 82-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аукционды ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мынадай мәліметтерді:»;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мүлікті сауда-саттыққа қоятын сот орындаушысының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      3) мүлікке тыйым салынған атқарушылық құжатты және тыйым салу туралы қаулыны;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) сауда-саттықты ұйымдастырушының, сот орындаушысының, мүлікті сатып алушының, сатып алушыдан кейін екінші бағаны ұсынған аукционға қатысушының, сондай-ақ егер олар қатысып отырған болса, өндіріп алушы мен борышкердің қойылған қолдарын қамтитын аукцион өткізу хаттамасын жасайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аукцион өткізу хаттамасының бір данасы сауда-саттық жеңімпазына тапсырылады, хаттаманың екінші данасы іс жүргізуінде атқарушылық құжат жатқан сот орындаушысында қалады.»;
      51) 83-баптың бірінші бөлігіндегі «аукциондағы мүлікті сатып алушымен» деген сөздер «сот орындаушысы мен аукциондағы мүлікті сатып алушы арасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      52) 84-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе не аукционға екеуден аз сатып алушы келсе;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер аукцион өткізілмесе, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна оны енгізген адамдарға қайтарылады.»;
      53) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «85-бап. Аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдары

      1. Аукцион өткізілмеді деп жарияланған жағдайда өндіріп алушыға мүлікті бастапқы құны бойынша өзінде қалдыру, ал одан бас тартқан жағдайда қайталама сауда-саттықтарға қатысу құқығы беріледі.
      2. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлігінің құнынан атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және мүліктің берілген құнына мөлшерлес жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.
      3. Аукцион өткізілмеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзінде қалдырудан бас тартқан жағдайларда сот орындаушысы осы Заңда белгіленген қағидаларды сақтай отырып, қайталама аукцион тағайындайды. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың біреуінің аукционға шығарылған мүлік құнының бастапқы бағалауының елу пайызынан төмен болмауға тиісті жарияланған бағамен мүлікті сатып алуға келіскен кезіне дейін жарияланған қадаммен төмендетіледі.
      4. Егер аукционшы қатысушының нөмірін қайталаған кезеңде басқа қатысушы (қатысушылар) нөмірін көтерген жағдайда, осы лот бойынша сауда-саттықты жалғастыру бағаны көтеру жағына көше отырып жүзеге асырылады.
      5. Қайталама аукцион өтпеді деп жарияланған жағдайда мүлік өндіріп алушыға оның бастапқы құнының (бағалауының) жиырма пайызына азайтылған баға бойынша ұсынылады. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде борышкердің басқа мүлкі болмаған жағдайда сот орындаушысы оны қайта бағалау және одан әрі өткізу жөнінде шаралар қолданады.»;
      54) 86-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану үшін сот орындаушысы өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы шығарады, онда дебитордың ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі көрсетіледі.
      Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы дебиторға және атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
      5. Сот орындаушысының қаулысы дебиторды қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ақша енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемені орындауға міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешектің туындауына негіз болған құқықтық қатынастарды өзгертуге тыйым салады.»;
      55) 87-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың дебиторлық берешегін анықтау үшін сот орындаушысы борышкерден, борышкердің контрагенті болып табылатын заңды тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан қажетті бухгалтерлік құжаттаманы талап етуге құқылы.»;
      «3. Борышкер, салық органдары, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.»;
      56) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.»;
      57) 99-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.»;
      3-тармақтағы «тұрған өңірдегі (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      58) 100-баптағы «азаматтар және ұйымдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «адамдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      59) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «102-бап. Жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылау

      Сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.»;
      60) 106-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот орындаушысы борышкерді үйден шығару уақыты туралы хабардар етеді. Үйден шығару уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі болып табылмайды. Борышкер болмаған кезде атқарушылық іс-әрекеттер аудио-, фото-, бейнетіркеу қолданыла отырып жүргізіледі.»;
      61) 11-тараудың тақырыбындағы «өндіріп алушылар арасында» деген сөздер алып тасталсын;
      62) 108-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, содан соң орындау жөніндегі шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.
      Жеке сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар бойынша сомалар өтеледі, содан соң жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар және орындау жөніндегі шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.
      Барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.»;
      63) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «109-бап. Өндіріп алуға қосу

      Бір борышкерге қатысты қозғалған бірнеше атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ ортақ өндіріп алу бойынша бірнеше борышкерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізуді сот орындаушысы өндіріп алуға қосуы мүмкін.»;
      64) 114-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.»;
      65) 117-бап алып тасталсын;
      66) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу
                мөлшерін айқындау қағидалары

      1. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізіледі және өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының үштен жиырма бес пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.
      2. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
      3. Жеке сот орындаушысы өзінің көрсеткен қызметтерінің ақысы үшін соманы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мөлшерде және тәртіппен ғана өндіріп алуға құқылы. Жеке сот орындаушысына өзінің қызмет ақысы сомасының белгіленген мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.
      4. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Өндіріп алушы жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер осы тұлғаларға атқарушылық іс-әрекеттер жасалған кезде қолданылады.»;
      67) 119-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «белгіленген тарифтерге сәйкес айқындалған» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мемлекеттік органдар;»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы бапта көзделген аванс беру шарттары осы Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде реттеледі.»;
      68) 120-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер орындау барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілмесе, орындау жөніндегі шығыстар, өндіріп алушы енгізген аванстық жарналар өтелмесе, жеке сот орындаушысы осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген қаулыларды шығарып, оны борышкерге жібереді.
      2. Егер атқарушылық құжат ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейін орындалса, оны орындау борышкерді орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      69) 122-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «қажет болған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
      70) 123-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Борышкерлерден өндіріп алынған, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотында, жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарында сақталатын талап етілмеген ақшалай қаражат және мүдделі тұлғаларға арналған басқа да сома, оның ішінде шығыстарды өтеу бойынша аванстық сома қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарына аударылған кезден бастап бес жыл өткеннен кейін аумақтық органның ұсынуы бойынша сот актісі негізінде республикалық бюджетке аударылады.»;
      71) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«13-тарау. Атқарушылық санкциясы. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық»;

      72) 124-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса;»;
      73) 125-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «125-бап. Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны
                үшін жауаптылығы және оның салдары»;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Борышкер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттың талаптарын уақтылы орындамаған жағдайда, сот орындаушысы борышкерден атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін өндіріп алу сомасының немесе берілуге жататын мүлік құнының 0,1 пайызы мөлшерінде өндіріп алушының кірісіне өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған кезден бастап сотқа жүгінеді.»;
      74) 126-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) басқа сот орындаушыларында атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтауға;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге;»;
      7) тармақшадағы «кез келген меншік нысанындағы» деген сөздер алып тасталсын;
      8) тармақша «қатысушыларына» деген сөзден кейін «және өзге де адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) егер атқарушылық құжатты орындау процесінде осындай қажеттілік туындаса, басқа аумақтық органның және (немесе) бөлімнің мемлекеттік сот орындаушыларына (жеке сот орындаушысын қоспағанда) жекелеген атқарушылық іс-әрекеттер жасауды тапсыруға;»;
      18) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 4) тармақшасы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      75) 128 және 129-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын
                орындамағаны үшін жауаптылық

      1. Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
      2. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      129-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі

      1. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесін:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган;
      2) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
      3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлімдері (аумақтық бөлімдер) құрайды.
      2. Уәкілетті органның өкілеттігі және қызметінің тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрі бекітетін ережеде айқындалады.
      Уәкілетті органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдерінің өкілеттігі және қызметінің тәртібі осы Заңда және уәкілетті орган бекітетін ережеде айқындалады.»;
      76) 131-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      77) 137-баптың 2-тармағы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      78) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері

      1. Жеке сот орындаушысы орындауға, мемлекеттен немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардан өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.
      2. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттардың үлесін (алименттер, жалақы өндіріп алу және басқа да өндіріп алу) уәкілетті орган белгілейді және белгіленгеннен төмен болмауға тиіс.
      3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардың, табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілердің қатысуымен атқарушылық құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.
      4. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалған тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу бөлігіндегі ережелері қолданылмайды.»;
      79) 16-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы»;

      80) 140-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысының лицензиясын алған, осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалады.»;
      2-тармақта:
      «кезеңдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан артық кезеңдік өндіріп алу бойынша берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын;» деген сөздер «мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан» деген сөздер «орындаушысының лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтағы «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келісімі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өзінің атынан және өзінің жауаптылығымен атқарады. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      81) 141-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «орналасуға конкурс өткізеді;» деген сөздер «конкурс өткізеді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган емтихан өткізу рәсімін, біліктілік емтиханының емтихан сұрақтарын бекітеді.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Біліктілік комиссиясының ережесін уәкілетті орган бекітеді.»;
      82) 142-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «142-бап. Жеке сот орындаушысының лицензиясы»;

      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта:
      «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың» деген сөздер «Жеке сот орындаушысы лицензияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келісуімен» деген сөздер алып тасталсын;
      «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тұрақты судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар не теріс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында кемінде үш жыл жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;
      83) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын
                тоқтата тұру

      1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру тәртіптік комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
      2. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:
      1) жеке сот орындаушысы қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылғанда;
      2) жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
      3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
      4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және 77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;
      5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
      6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
      3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
      4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
      5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.
      6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына жіберіледі.»;
      84) 144-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;»;
      2) тармақшадағы «лицензияның» деген сөз «жеке сот орындаушысы лицензиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;»;
      6) тармақшадағы «болмаған жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «деп таныған жағдайларда тоқтатылады.» деген сөздер «деп таныған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;
      6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;
      7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
      8) жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған жағдайларда тоқтатылады.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі «тапсырмасы бойынша» деген сөздерден кейін «жеке сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі «жеке сот орындаушысының орнын басқан» деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтағы «ол тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана өз еркімен лауазымынан босатылуы» деген сөздер «атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      85) 145-бапта:
      2-тармақта:
      «лицензиясы» деген сөз «жеке сот орындаушысының лицензиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтағы «лауазымына орналасу» деген сөздер «лауазымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      86) 146-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      87) 148-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «жеке сот орындаушысы қызметіне тағайындалғаннан» деген сөздер «уәкілетті органда есептік тіркелгеннен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға;
      5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға уақтылы және тиісінше ақпарат ұсынуға;
      5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;»;
      7) тармақшадағы «кәсіби әдеп» деген сөздер «Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жылдың ішінде атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша оқудан (біліктілігін арттырудан) өтуге, кейіннен үш жылда бір рет өтіп тұруға;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға өзінің қызметі туралы ақпарат береді, оның нысаны мен мерзімін уәкілетті орган бекітеді.»;
      88) 151-бап алып тасталсын;
      89) 152-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесіп» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Жеке сот орындаушысы осы Заңның 153-бабының 1-тармағында айқындалған өзінің жұмыс орнынан тыс жерде, осы Заңның 161-бабының 2-тармағына сәйкес өзі мүшесі болып табылатын жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы шегінен тыс жерде атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде, ол атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жер бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасын хабардар етуге міндетті.»;
      90) 153-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері мен жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
      3. Жеке сот орындаушыларының ортақ кеңсесі болуы мүмкін. Ортақ кеңсені күтіп ұстаған жағдайда әрбір жеке сот орындаушысы өзінің өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады және оларды жасағаны үшін жеке жауаптылықта болады.»;
      91) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі,
                 мөртабандары және бланкілері

      Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты мен әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының, атқарушылық округтің атаулары, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәліктің және жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы ұйымдастырады.»;
      92) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.»;
      93) 16-тараудың 4-параграфы алып тасталсын;
      94) 161-баптың 1-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      95) 162-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшадағы «лауазымына» деген сөз «лицензиясын алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқудан (біліктілігін арттырудан) өткізеді, оның нәтижелері бойынша растайтын құжат береді;»;
      «6-1) өзінің интернет-ресурсында борышкердің аукционда өткізілетін мүлкінің тізімін жариялайды;
      6-2) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау үшін кандидаттарға арналған ұсынысты енгізеді;»;
      7) тармақшадағы «кәсіби әдепті» деген сөздер «Жеке сот
орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;
      11) тармақшадағы «, кері қайтарып алу» деген сөздер алып тасталсын;
      12) тармақшадағы «жағдайлары» деген сөз алып тасталып, «сақтандыру» деген сөзден кейін «туралы, жеке сот орындаушыларын қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тарту жағдайлары туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      96) 165-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;»;
      9) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;»;
      97) 167 және 168-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «167-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;
      2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
      3) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастырады;
      4) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындайды;
      5) республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;
      6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
      7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
      8) осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
      9) осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;
      10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;
      11) мыналарды:
      жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
      тәртіптік комиссия туралы ережені;
      біліктілік емтихандары туралы ережені;
      біліктілік комиссиясы туралы ережені;
      жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
      жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс өткізу тәртібін;
      жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
      жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
      іс қағаздарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      168-бап. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау
               жөніндегі аумақтық органның құзыреті

      1. Аумақтық орган:
      1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
      3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
      4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Аумақтық орган жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып:
      1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
      2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын жинақтап қорытады;
      3) осы Заңның 148-бабының 2-тармағына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
      4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдарын қарайды;
      5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді.
      3. Аумақтық орган өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының жалпы жиналысының, басқармасының және басқа да органдарының отырыстарына қатысуға құқылы.»;
      98) 169-бапта:
      1-тармақтағы «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ алып тасталсын;
      99) 170-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.
      «1) лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, белгіленген мөлшерлемеден асырып сыйақылар алуы, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға ақпаратты ұсынбауы, тиісінше немесе уақтылы ұсынбауы;»;
      100) 171-баптың 1-тармағындағы «орган мен аумақтық органның» деген сөздер «немесе аумақтық орган басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      101) 172-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы;»
      102) 173 және 174-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

      Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      174-бап. Өтпелі ережелер

      1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы құрылғанға дейін оның нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бөлігіндегі функцияларын уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Осы Заңның 34-бабы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жыл бойы алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарға ғана қолданылады.
      3. Осы Заңның 74-бабының 1 және 2-тармақтары, 77-бабының 2- тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын, одан кейін бұл нормалар мынадай редакцияда қолданылатын болады деп белгіленсін:
      «1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттыққа жүргізеді.
      2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды. Жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі.».
      «2. Осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілгенді қоспағанда, борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта сату жолымен, сондай-ақ, комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.».
      4. Осы Заңның 8-тарауы 2-параграфының ережелері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық аукцион өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады деп белгіленсін.
      18. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.».
      19. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат):
      211-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады.».
       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев