Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
      6. Қоса берiлiп отырған:
      1) - 4) Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi  Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары -  мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
      6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi  Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі  Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.29 N 1305 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      7. Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті, Байланыс және ақпараттандыру комитеті, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2012.03.11 N 314 Қаулысымен.
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
      010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414 Қаулысымен.
      9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері:
      1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру саласында және "электрондық үкімет" қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
      6) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
      7) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
      8) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру әрі мемлекеттік реттеу және бақылау;
      9) гендерлік теңдік қағидатын сақтау;
      10) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2012.03.11 N 314 Қаулысымен.
      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) көлік және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, бекітеді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын қалыптастырады және жүргізеді;
      2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді;
      3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      4) келісімдер мен шарттарды жасасу құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда республиканың мүдделерін білдіреді;
      5) Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
      6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды;
      7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қатысады;
      8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
      9) тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекітеді;
      10) қызметтік бірыңғай нысан, нөмірлік төс белгілері, уәкілетті органның лауазымды тұлғалары автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметтік куәліктерінің үлгілерін бекітеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережелерін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеуді бақылау құрылғыларымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақты қалааралық, ішкі облыстық, қалалық, қала маңындағы және елді мекен пункттерін: аудандық немесе облыстық орталықтары бар кенттерді, ауылдарды, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) байланыстыратын - жолаушылар мен багаждың автомобиль тасымалдарына тарифтерді есептеу әдістемесін бекітеді;
      13) меншік нысанына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлейді;
      14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлейді;
      15) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414 Қаулысымен.
      16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындайды;
      17) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
      19) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атауы мен индекстерін бекітеді;
      20) ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;
      21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының дамуын мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асырады;
      22) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық құралдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, құрылыс ғимараттарының, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекітеді;
      23) жолаушылардыбагаждыжүкті, жүкбагажын және почта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесін бекітеді;
      24) жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін белгілейді;
      25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгілейді;
      26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзеттің алып жүруіне жататын жүктердің тізбесін бекітеді;
      27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби айырым белгісімен марапаттау тәртібін бекітеді;
      28) экспедиторлар қызметінің тәртібін белгілейді;
      29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін белгілейді;
      30) локомотивтік тартым қызметін ұсыну тәртібін белгілейді;
      31) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға қойылатын талаптарды белгілейді;
      32) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді;
      33) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді;
      34) кірме жолдардағы жұмыс ережесін бекітеді;
      35) күзет аймағындағы жерлердің өлшемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану ережесін бекітеді;
      36) тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
      37) жұмыс режиміне талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу тәртібін белгілейді;
      38) поездардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби дайындығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды белгілейді;
      39) темір жол көлігі мен жабдықты пайдалану (монтаждау және жөндеу) кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді; 
      40) темір жол көлігі жұмысшылары лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейін анықтау тәртібін белгілейді;
      41) күзетілуге тиіс темір жол көлігі объектілерінің тізбесін бекітеді;
      42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін белгілейді;
      43) халықаралық әуе трассаларын ашу туралы шешім қабылдайды;
      44) аттестаттауға жататын азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персонал лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді;
      45) айырым белгісі бар нысанды киімді киюге құқығы бар азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы лауазымдарының тізбесін бекітеді;
      46) осындай киімді киюге құқылы, азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы үшін айырым белгілері бар нысанды киімді беру тәртібін бекітеді;
      47) азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      48) азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалануды бақылау ережесін бекітеді;
      49) авиабағыттарды пайдалану шарттарын белгілейді;
      50) аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау және аса жеңіл авиацияның авиация персоналын аттестаттауды жүргізу тәртібін бекітеді;
      51) жетекші әуе тасымалдаушысын белгілеу ережесін әзірлейді;
      52) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
      53) авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;
      54) авиациялық персонал қызметінің басшысы мен мамандары лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      55) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәуле шығаратын құралдарын мемлекеттік тіркеу және олардың жарамдылығы куәлігін беру ережесін бекітеді;
      56) өз құзыреті шегінде әуежай қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      57) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      58) әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекітеді;
      59) азаматтық авиация қызметкерлерінің киім нысандары (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерінің нысанды киім кию тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
      60) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізеді және уақытша әкімшілікті қалыптастырады;
      61) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      62) азаматтық және экспериментальдық әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану және қосымша белгілерін салу тәртібін анықтайды;
      63) ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін белгілейді;
      64) азаматтық және экспериментальдық авиация үшін ұшуларға дайындық ережелерін және ұшуға рұқсат алу тәртібін белгілейді;
      65) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының азаматтық кемесінің шетел мемлекетінің әуе кеңістігінде ұшуға сұрау салу және рұқсат алу тәртібін белгілейтін ережелерді бекітеді;
      66) апатқа ұшырап жатқан немесе ұшыраған әуе кемелері туралы хабардар ету үшін жалпы пайдаланымдағы байланыс құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;
      67) әуе кемесінің типіне және ұшудың ауданына байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның әуе кемелері жарақталуы тиіс борттық авариялық-құтқару құралдарының тізбесін анықтайды;
      68) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесін және рұқсат беруден бас тарту үшін негізін белгілейді;
      69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
      70) теңіз портының капитанын тағайындайды және жұмыстан босатады;
      71) Мемлекеттік кеме тізілімі мен кеме кітабының нысандарын бекітеді;
      72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекітеді;
      73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің типтері мен мөлшерінің тізбесін бекітеді;
      74) кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптарды белгілейді;
      75) оны киюге құқығы бар ішкі су көлігі қызметкерлерінің киім нысандарының (погонсыз және айырым белгілерінсіз, нысанды киімді кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларының және лауазымдарының (кәсіптерінің) үлгілерін бекітеді;
      76) порт капитаны туралы ережені бекітеді;
      77) ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын кемелермен болатын көліктік уақиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу ережелерін бекітеді;
      78) кемеде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және порттағы қызметті ұйымдастыруы және реттеу мақсатында порт капитанының кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
      79) кемелердің және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуі, арқандап байлануы және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылғыларды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу түсіру және сақтау тәртібін айқындайды;
      80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      81) техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, салу, жөндеу және пайдалану туралы ережелерді және кемелерге орнатуға арналған материалдар мен бұйымдарды жасау ережелерін бекітеді;
      82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды белгілейді;
      83) ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      84) сатылатын жүктерді және оларға есеп айырысуларды есепке алу тәртібін белгілейді;
      85) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережелерін бекітеді;
      86) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерге кемелердің жүзуі мен тоқтап тұру ережелерін бекітеді;
      87) нысанды киім, нысанды киімді кию тәртібінің және қамтамасыз ету нормаларының нысандары мен айырым белгілерінің үлгілері берілетін теңіз көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді;
      88) кеме атауын беру және өзгерту тәртібін белгілейді;
      89) кемені дараландыру және белгі беру дабылын, сондай-ақ спутниктік байланыстағы кеме станциясының сәйкестендірілген нөмірін беру тәртібін белгілейді;
      90) кеме құжаттарының нысандарын жүргізудің тізбесін, тәртібін белгілейді;
      91) кемелермен болатын авариялық жағдайларды тергеу ережелерін бекітеді;
      92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілейді;
      93) тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілейді;
      94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды растайтын тәртіпті белгілейді;
      95) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi және негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыруды ұйымдастырады;
      96) ақпараттандыру саласында және "электрондық үкiмет" қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамытады;
      97) Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi ретiнде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiреді және қорғайды;
      98) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиiлiктi халықаралық үйлестiруді жүзеге асырады;
      99) Қазақстан Республикасының почта әкiмшiлiгi ретiнде басқа мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың почта әкiмшiлiктерiмен өзара iс-қимылда өз құзыретi шегiнде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiреді және қорғайды;
      100) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында "электрондық үкiметтi" қалыптастыру кезiнде қызметтi салааралық үйлестiреді;
      101) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және бекiтеді;
      102) байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және бекiтеді;
      103) ақпараттандыру және байланыс саласында техникалық регламенттердi әзiрлейді;
      104) электрондық қызметтер нарығының жұмыс iстеуiне жағдай жасайды;
      105) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдiстемесiн әзiрлейді және бекiтеді;
      106) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетуді жүзеге асырады;
      107) "электрондық үкiметті" қалыптастыруды және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi дамытуды, Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнде олардың үйлесiмдiлiгi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз етеді;
      108) куәландырушы орталықтың Үлгi ережесiн әзiрлейді және бекiтеді;
      109) Мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерiн, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желiлерiн пайдалану және олардың өзара әрекет ету ережесiн әзiрлейді және бекiтеді;
      110) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi қалыптастыру және олардың жұмыс iстеу тәртiбiн әзiрлейді және бекiтеді;
      111) ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргiзу тәртiбiн әзiрлейді және бекiтеді;
      112) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiн және телекоммуникацияның бiрыңғай желiсiн құру тұжырымдамасын әзiрлейді және бекiтеді;
      113) пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берiлген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың тiзбесiн әзiрлейді және бекiтеді;
      114) радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу ережесiн әзiрлейді және бекiтеді;
      115) Байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлейді;
      116) қорғау аймақтарының және ондағы жұмыс режимiнiң тәртiбiн әзiрлейді;
      117) почталық ақы төлеу белгiлерiнiң мемлекеттiк топтамасын қалыптастырады;
      118) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне почталық индекстер беруді жүзеге асырады;
      119) почта байланысы қызметтерiн ұсыну қағидаларын әзiрлейді;
      120) почта желiлерiмен жөнелту шектелген нәрселер мен заттардың тiзбесiн әзiрлейді;
      121) почта жөнелтiмдерiндегi почталық штемпельдi қолдану тәртiбiн әзiрлейді;
      122) Ұлттық почта операторы қызметкерлерiнiң нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оларды кию тәртiбiн, олармен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлейді және бекiтеді;
      123) франкировальдi машиналарды қолдануға рұқсат беру тәртiбiн, сондай-ақ оларды пайдалану тәртiбiн әзiрлейді;
      124) депозитке берудi тiркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы тiркеу, беру және сақтау туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн бекiтеді;
      125) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарын әзiрлеуді және бекiтуді жүзеге асырады;
      126) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      127) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;
      128) ақпараттық жүйелердi құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған нормативтік шығындарды әзiрлейді және бекiтеді;
      129) электрондық мемлекеттiк қызметтердiң үлгiлiк регламентiн әзiрлейді;
      130) бюджет қаражаты есебiнен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, оның iшiнде оларға енгiзiлетiн өзгерiстердiң техникалық-экономикалық негiздемесiне, техникалық ерекшелiгiне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргiзеді;
      131) регистратураны айқындайды, Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және бөлу тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      132) ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi "электрондық үкiмет" инфрақұрылымына ықпалдастыру үшiн оларды пайдалануда бiрыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлiк оқиғаларға ден қою жөнiндегi қызметтi үйлестiруді жүзеге асырады;
      133) мемлекеттiк органдардың өз құзыретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi жөнiнде ұсыныстарды әзiрлейді;
      134) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығы қызметiнiң қағидаларын бекiтеді;
      135) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлейді;
      136) Қазақстан Республикасының негiзгi куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдардың куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын анықтайды;
      137) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарайды;
      138) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесiн және әзiрлемелердi ынталандыру және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру тетiгiн жетiлдiруді жүзеге асырады;
      139) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
      140) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414, 2012.03.11 N 314 Қаулыларымен.
      15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) көлік саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) қажет болған жағдайда шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен рұқсаттық құжаттар бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу;
      4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағынан шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының шығуына және шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсаттар беру;
      6) ауыр салмақты және ірі өлшемді көлік құралдарының (шетелдікін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру;
      7) - 8) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414 Қаулысымен.
      9) Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған құқықты куәландыру үшін жүруге қосымша рұқсат беру;
      10) жолаушылар мен багаждың тұрақты қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген бағыттар бойынша қозғалыс кестесін тиісті облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу;
      11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісу;
      12) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру;
      15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу;
      16) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін келісу;
      17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу;
      18) жол органдары немесе концессионерлер пайдаланбайтын халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеу жерлерінің учаскелерін қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беру;
      19) бөлінген белдеуде сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін және басқа да сервис объектілерін, сондай-ақ олардың жарнамаларын орналастыруды келісу;
      20) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
      23) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта жандандыру туралы шешім қабылдау;
      24) темір жол көлігіндегі бірыңғай есепке алу - есеп беру уақытын белгілеу;
      25) темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
      26) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
      27) тұрақты ұшулар кестесін бекіту;
      28) ішкі авиабағыттарды бекіту;
      29) Қазақстан Республикасының аумағында іс-қимыл жасайтын шетелдік авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуді жүзеге асыру;
      30) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатын жою;
      31) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
      32) әуе кемесінің иесіне ұшуларды орындауға оның жарамдылығы туралы тиісті куәлікті (сертификатты) беру;
      33) жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесіне олар зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін үлгі сертификатын беру;
      34) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық шетелдік әуе кемелерінің бір жолғы ұшуына рұқсат беру;
      35) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке алуға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ басқа да пайдалану құқығына рұқсаттар беру;
      36) авиациялық персоналға жататын тұлғаның қажетті білімі мен дағдыларының бар болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына куәлік (сертификат) беру;
      37) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына пайдаланушы сертификатын беру;
      38) азаматтық авиация саласында инспекциялық зерттеу мен инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына, қолданыстағы куәліктері бар авиациялық персоналдың ұшуларын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіскеннен кейін халықаралық үлгідегі сәйкестендіру карточкаларын беру;
      39) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру;
      40) халықаралық қатынастарда және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргізушінің автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілгендігі туралы куәліктер беру;
      41) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414 Қаулысымен.
      42) авиабағыттарға куәліктер беру;
      43) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеуді, оларға құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді жүзеге асыру;
      44) аса жеңіл авиация саласында әуе кемелерін жасаушылардың және тиісті федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен сертификаттауды жүзеге асыру;
      45) пайдаланушы Заң талаптарын және пайдаланушыларды сертификаттау ережесін сақтамаған кезде оған сертификат беруден бас тарту және сертификаттан бас тарту, оның сертификатын тоқтата тұру ;
      46) кемеге сәйкестендіру нөмірін беру;
      47) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
      48) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін әрі аса жеңіл авиация әуе кемелерін пайдаланушылардың сертификатын, үлгі сертификатын, әуеайлақтың жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттарын және дана сертификаттарын беруді жүзеге асыру;
      49) әуежай пайдаланушысының сертификатын беру;
      50) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдік авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуден бас тарту;
      51) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке алуға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беруден бас тарту;
      52) әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын тағайындауды және қызметтен босатуды келісу;
      53) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын мойындау;
      54) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының басшы қызметкерлерін қызметке тағайындауды келісу;
      55) шетел мемлекеті берген пайдаланушы сертификатын мойындау;
      56) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттік борттық нөмірлерін беру;
      57) шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
      58) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына рұқсат беру;
      59) кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу;
      60) кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      61) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына дипломдар беруді, сондай-ақ оларға теңізші паспорттарын беруді жүзеге асыру;
      62) кемеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кемені шетел мемлекетінің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешім қабылдау;
      63) кеменің атауына (немесе атаудан бас тартуға) рұқсат беру;
      64) шетел мемлекетінің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
      65) теңізде жасанды аралдар мен басқа да құрылыстар салуды келісу;
      66) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен теңіз порттарын жобалауды, салуды және қайта жаңартуды келісу;
      67) кеме қозғалысын диспетчерлік реттеуді жүзеге асыру;
      68) Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы учаскелерін қоспағанда, ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу жағдайларын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      69) порттарға кіреберісте, сондай-ақ тұрақ пункттерінде жол жұмыстарын жүргізуді келісу;
      70) уақытша оттарды орнатуды келісу;
      71) жағалаулық белдеуде орналасқан объектілер құрылысының немесе қайта жаңарту жобаларын келісу;
      72) балық аулау мұқтажы үшін, егер мұндай учаскелер кеме қатынасы мақсаттары үшін пайдаланылатын жағдайда, су учаскелерін пайдалануды келісу;
      73) жағалаулық белдеу шегінде орналасқан жер учаскелерін бөлуді және ішкі су жолдарының айдыны учаскелерін бөлуді, оларда үйлер мен құрылыстарды салуды келісу;
      74) ішкі су жолдарында салынатын жасанды құрылыстарды (көпірлер, бөгеттер, айлақтық құрылыстар, каналдар, гидроэнергетика, су үсті және су асты өткелдерінің, байланыс және электр беру желілері, құбырлар, су тартқы және басқа да гидротехникалық құрылыстардың құрылғылары) салу мен пайдалануды және оларды пайдалануға байланысты жұмыстарды, кендік емес құрылыс материалдарының өндірілуін жүргізуді келісу;
      75) ішкі су жолдарында су деңгейін реттейтін құрылыстарды пайдалануды келісу;
      76) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік беру;
      77) теңіз жолдарының навигациялық жағдайы құралдарын қолдану аймағында құрылысты келісу;
      78) халықаралық жүзуді жүзеге асыратын кемелердің техникалық куәландырылуын жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      79) кемелерді сыныптауды, порттарды, кемелерді, жағалаулық объектілерді, кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарды, жасанды аралдарды және басқа да теңіздегі құрылыстарды техникалық куәландыруды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      80) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті аудандарын және міндетті емес аудандарын белгілеу;
      81) кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру, оларды аттестаттауды жүргізу;
      82) ішкі су жолдары мен шлюздердің кеме жүретін жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
      83) темір жол көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды;
      84) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      85) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      86) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде, жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, талап етілетін сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
      87) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      88) автомобиль жолдарының жай-күйін, үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
      89) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      90) халықаралық және облысаралық қатынаста жолаушылардың тұрақты емес автомобиль тасымалы кезінде жолаушылардың тұрақты автомобиль тасымалына рұқсаттың болуын тексеруді және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобильдер тасымалы кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, жолаушылар тізімінің болуын бақылауды жүзеге асыру;
      91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдарын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
      92) шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
      93) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсаттық жүйе талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      94) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын бақылауды жүзеге асыру;
      95) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414 Қаулысымен.
      96) көліктік бақылау посттарында, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар шекарасы шегіндегі немесе басқа елді мекендер пункттеріндегі автомобиль жолдарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылауды жүзеге асыру;
      97) жолаушылар мен жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілердің белгіленген еңбек және демалыс  режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      98) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      99) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; P071372
      100) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
      101) автокөлік құралын жарақтандырудың автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыттың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      102) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      103) жай-күйі қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жауап бермейтін магистральдық желі объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
      104) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктердің тасымалын орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды тасымалдаушылардың орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      105) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      106) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      107) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
      108) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
      109) азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың басты ережелеріне сәйкес әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      110) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
      111) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
      112) азаматтық және экспериментальдық авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
      113) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда, тип сертификатының қолданысын уақытша тоқтатуды жүзеге асыру;
      114) әуе кеңістігін пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
      115) әуе кемесі жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылық сертификатының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      116) Ұшу қауіпсіздігі ережесінің, авиациялық қауіпсіздік ережесінің және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      117) өздерінің құзыреттеріне сәйкес уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, ережелер мен рәсімдердің сақталуын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      118) авиациялық техниканың және оның жердегі қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      119) әуеайлақ (тікұшақайлақ) объектілерінің және ұшу-қону алаңшаларының ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
      120) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбаланудың жүзеге асыруын бақылауды жүзеге асыру;
      121) халықаралық әуе тасымалдарына бақылауды жүзеге асыру;
      122) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      123) азаматтық және экспериментальдық авиация қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      124) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті бақылауды жүзеге асыру;
      125) порттардың, жағалау объектілерінің, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      126) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
      127) ішкі су жолдарында орналасқан кемелердің (соның ішінде шағын өлшемді), салдардың және өзге де жүзбе объектілер мен құрылыстардың кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
      128) кемелермен, соның ішінде шағын өлшемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргізу;
      129) алкогольдік, есірткілік және уыт құмарлы заттармен масаң күйдегі шағын өлшемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан босату және оларды медициналық тексеруге жіберу;
      130) кемелерге, соның ішінде шағын өлшемді кемелер және шағын өлшемді кемелерге арналған база-тұрақтарға техникалық бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
      131) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауға, тергеуге және есепке алуға бақылауды жүзеге асыру;
      132) ішкі су көлігіндегі лоцмандық қызметтің және өзге де қызметтердің ішкі су жолдарында жүзу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      133) теңіз жолдарының, лоцмандық қызметтің және өзге де теңіз қызметтерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      134) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      135) кемелер ішкі су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердің, нормалар мен стандарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      136) кемелерде техникалық пайдалану ережесінің, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      137) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      138) ішкі су көлігіндегі кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын өлшемді), салдар мен өзге де жүзбелі объектілерді ұстауды жүзеге асыру;
      139) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелер (соның ішінде шағын өлшемді) мен өзге де жүзбелі құрылыстардың қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
      140) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз және шағын өлшемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз және шағын өлшемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
      141) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
      142) теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жасауды және оларды сыныптау органдарының сыныптауын бақылауды жүзеге асыру;
      143) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің пайдаланудағы, қысқы тұрақтағы, жөндеудегі, сондай-ақ жасалып жатқан теңіз кемелеріне тексеру жүргізулерін бақылауды жүзеге асыру;
      144) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      145) Қазақстан Республикасының кеме жасайтын және кеме жөндейтін ұйымдарына техникалық бақылау жасауды және куәландыру жүргізуді жүзеге асыру;
      146) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
      147) Мемлекеттік кеме тізілімінің, бербоут-чартер тізілімінің және кеме кітабының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      148) Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдық иелігіндегі тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейінгі қатынастағы тасымалдарды және тіркеп сүйреуді бақылауды жүзеге асыру;
      149) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердің командалық құрамы тұлғаларын дипломдауды бақылауды жүзеге асыру;
      150) теңіз кемелерін және олардың сыныпталуын техникалық бақылауды жүзеге асыру;
      151) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланатын кемелердің мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
      152) теңіз көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      153) тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларын айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізу;
      154) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
      155) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
      156) ішкі су жолдарында ішкі суда жүзудің өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелерінің, жолаушы, серуендеу, спорт және құймалы кемелердің, сал өткелдерінің және қозғағыш түріне, бас қозғалтқыш қуатына және осындай кемелердің, соның ішінде шағын өлшемді флоттың сыйымдылығына қарамастан ішкі су жолдарында пайдаланылатын басқа да жүзбелі объектілердің қауіпсіз пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
      157) ішкі су жолдарындағы табиғат қорғау маңызы бар объектілердің олардың қызмет ету аймағында орналасуын және қызмет етуін бақылауды жүзеге асыру;
      158) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
      159) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
      160) көлік құралдарын мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу тәртібін айқындайды;
      161) көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексеру жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
      162) радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау;
      163) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту;
      164) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау;
      165) телекоммуникация және почта байланысы саласында реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
      166) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру қызметтерінің бағаларын (тарифтерін) реттеу;
      167) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітпейтін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
      168) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифті (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаны бекіту;
      169) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеу әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
      170) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
      171) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;
      172) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
      173) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
      174) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту;
      175) жарғылық капиталына мемлекет және олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
      176) жарғылық капиталына мемлекет және олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
      177) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
      178) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар мен лицензиаттардың тізілімін жүргізу;
      179) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтіне сәйкестігін куәландыру бойынша, сондай-ақ тіркеу куәлігінің сенімділігін растау бойынша байланыс саласындағы лицензиялау;
      180) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
      181) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      182) радиожиілік спектрін пайдалануына, радиобақылау, тексеру жүргізуге қатысты құжаттардың үлгілерін (хаттамалар, нұсқамалар, тексеруді тағайындау туралы актілер) әзірлеу және бекіту;
      183) бөлінетін жиілік жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      184) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;
      185) депозитарий жүргізуді тексеру;
      186) ақпараттандыру саласындағы және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;
      187) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылау;
      188) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру;
      189) жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын радиобақылау және тексеріс жүргізу;
      190) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу;
      191) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
      192) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларының оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;
      193) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін "жалғыз терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру;
      194) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
      195) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      196) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
      197) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      198) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлеу;
      199) Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау мәніне ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      200) ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
      201) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      202) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      203) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің (қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерді қоспағанда) ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
      204) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
      205) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
      206) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу;
      207) электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеуді жүзеге асыру;
      208) лицензиаттың лицензиялық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414, 2010.06.17 № 600, 2010.09.30 № 1009, 2012.03.11 N 314 Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікке басшылық жасауды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болатын Министр жүзеге асырады.
      17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Министр:
      1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      3) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      6) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      19. Министрлік аппаратына басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
      20. Үкіметтің, Министрдің қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды.
      21. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министріне және Министрге есеп береді.
      22. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын көлік және коммуникация саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келісім бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келісім бойынша Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) комитеттердің басшылары етіп тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін Министрмен келісім бойынша шешеді;
      13) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келісім бойынша бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылардың дайындалуын ұйымдастырады;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      23. Жауапты хатшыға жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ол:
      1) орталық атқарушы орган аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданымдағы құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
      24. Жауапты хатшы оған жүктелген міндеттердің орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      25. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.

4. Министрліктің мүлкі

      26. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
      27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 N 314 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 N 379 Қаулысымен.

Мемлекеттік мекемелер

      1. "Кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік кәсіпорындар

      1. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      4. Павлодар республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      5. Орал республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      6. Атырау республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      7. Іле республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      8. Балқаш республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      9. Семей республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
      10. "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.

Акционерлік қоғамдар

      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ.
      2. "ҚазАвтоКөлiк" АҚ.
      3. "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ.
      4. "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ.
      5. "Қазақстан көлік лизингтік компаниясы" АҚ.
      6. "Қазтелерадио" АҚ.
      7. "ҚазАэроЖоба" ҒЗЖІИ" АҚ

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
Қатынас жолдары комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi
туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi
туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.03.05 N 222 Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық
органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 2010.05.13 № 414 Қаулыларымен.

      1. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      2. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      3. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      5. Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      6. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      7. Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.17 1085 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі), 2008.03.05 N 222, 2011.02.28 N 195, 2012.03.30 N 379 Қаулыларымен.

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 N 379 Қаулысымен.
      2. "Мемлекеттiк авиациялық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).
      3. "Қазаэронавигация" әуе жүрісін басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2005 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1305 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.29 N 1305 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),  тақырыбына өзгерту енгізілді - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Р/с
N

Атауы

Орналасқан жері

1

"Ақмолажолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы

2

"Ақтөбежолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы

3

"Алматыжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

4

"Атыраужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы

5

"Батысжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы

6

"Жамбылжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы

7

"Шығысжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы

8

"Қарағандыжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы

9

"Қызылордажолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы

10

"Қостанайжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы

11

"Маңғыстаужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы

12

"Павлодаржолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы

13

"Солтүстікжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы

14

"Оңтүстікжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат).
      3. "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 74 қаулысының 3-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысының 1-тармағы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 221-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 792 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 277-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шiлдедегі N 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 341-құжат).
      8. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 490-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысының 2-тармағы және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3, 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 546-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 1863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 606-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 944 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 324-құжат).
      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6 және 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 388-құжат).
      13. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1596 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 540-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi N 794 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат).
      15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 шiлдедегi N 821 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 254-құжат).
      16. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 916 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 302-құжат).
      17. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 995 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 329-құжат).
      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1765 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 9 маусымдағы N 541 қаулысы.
      19. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 22 шілдедегi N 724 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат).
      20. "Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 319-құжат).
      21. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 474-құжат).
      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 432 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 222-құжат).
      23. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 24, 317-құжат).