Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 432 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.04.02 № 81-ө бұйрығымен.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
      1. "Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанды шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпанындағы N 68-п  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2779 тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанды шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа:
      32 тармақтағы екінші абзацта "аудан" деген сөзі "аудандық" деген сөзімен ауыстырылсын;
      5 тараудың атауындағы "Қатысушылардың" деген сөз "Қатысушылар" деген сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.

       Министрдің
      міндетін атқарушы