"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Камалиев |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Қағида Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1503-XII қаулысымен ратификацияланған ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына (бұдан әрі - Конвенция) "Әуе кемелерін пайдалану" 6-қосымшасының талаптары мен ережелерін сақтай отырып, ұшуларға дайындалу кезінде азаматтық және эксперименттік авиацияның жердегі қызметтерінің және әуе кемелері экипаждарының қызмет тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің ұшулар қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында авиациялық персоналды және әуе кемелерін дайындау негізгі қағидаттары баяндалған. Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелерінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға беретін пайдаланушы сертификатына (куәлігіне) енгізілетін шетелдік тіркелуі бар әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыруды, қамтамасыз ету мен орындауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауына жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Ұшуға дайындау алдын ала дайындауды және ұшар алдындағы дайындауды көздейді.
5. Ұшуға дайындаудың сапасы, осы Қағиданың 4-бабына сәйкес, әуе кемелері қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етілуімен (бағалануымен) айқындалады.
6. Ұшуға дайындау және осы Қағиданың мақсаттары үшін келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) абсолюттік биіктік - тік бойынша орташа теңіз деңгейінен нүкте немесе нүкте деп қабылданған объекті деңгейіне дейінгі қашықтық;
2) авариялық жариялау - тиісті қызметтер мен ұйымдардың іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мәжбүрлі әуе кемелері және мұндай қызметтер мен ұйымдарға қажетті ықпал көрсету туралы хабардар етулері;
3) авиациялық жұмыстар ауданы - авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшулар оның шегінде орындалатын аудан немесе аймақ;
4) авиациялық метеорологиялық станция (бұдан әрі - АМСА) - халықаралық аэронавигацияда пайдалануға жататын бақылауларды жүргізуге және метеорологиялық шолулар жасауға арналған ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету органының станциясы, қызметі;
5) авионика (борттық электрондық жабдық) - әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған оның электрлік бөлігін қоса алғанда кез-келген электрондық жабдық, соның ішінде радио жабдығы, ұшуды автоматтық басқару жүйесі және аспаптық жабдық;
5-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
6) аса жеңіл ұшу аппараттары - ұшу массасы 750 кг (жеті жүз елу килограммнан) кем әуе кемелері, сондай-ақ аэростаттар, мотодельтапландар, парапландар;
7) аспаптар бойынша ұшу - әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайын және оның орналасқан орнын экипаж толығымен немесе ішінара пилотажды-навигациялық аспаптар бойынша анықтайтын жағдайында орындалатын ұшу;
8) аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты маршруты (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Standard Instrument Departure (бұдан әрі - SID) - әуе кемесінің АҰЕ бойынша ұшып шығуының әуеайлақтан немесе әуеайлақтың белгілі ҰҚЖ-нан әуеайлақ ауданынан шығу нүктесіне дейінгі белгіленген маршруты;
9) аспаптар бойынша келудің стандартты маршруты (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Standard Terminal Arrival (бұдан әрі - STAR) - әуе кемесінің АҰЕ бойынша келуінің әуеайлақ ауданына кіру нүктесінен аспаптар бойынша қонуға бет алудың жарияланған схемасы бойынша ұшу басталатын нүктеге дейінгі белгіленген маршруты;
10) АТИС (ATIS) ақпараты - тұрақты радио жариялау ақпараты, (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Aaerodrome Terminal Information Service (бұдан әрі - ATIS) әуеайлақ ауданындағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық және ұшу ақпаратымен жедел қамтамасыз етуге арналған;
11) ауа-райы болжамы - белгілі сәтте немесе уақыт аралығында белгіленген аймақта және (немесе) әуе кеңістігінің бөлігінде күтілетін метеорологиялық жағдайлардың сипаты;
12) ауыспалы қабат - ауысу биіктігі мен ауысу эшелоны арасындағы әуе кеңістігі. Әуе кемелерінің көлденең ұшу режиміндегі ұшуларына ауыспалы қабатта рұқсат етілмейді;
13) ауысу биіктігі - әуеайлақ ауданында белгіленген барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын берілген эшелонды алу кезінде 760 сынап бағанасының миллиметрі (бұдан әрі - сын.бағ.мм.) немесе 1013,2 гектопаскаль (бұдан әрі - гПа) қысымының мәніне ауыстыру биіктігі;
14) ауысу эшелоны - барометрлік биіктік өлшеу құралының қысым шкаласын 760 сын.бағ.мм. (1013,25 мбар (гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең төмен қысымға ауыстыру үшін белгіленген эшелон. Әуеайлақ, аэроторап ауданындағы немесе ӘҚҚК ауданының бөлігіндегі төменгі қауіпсіз ұшу эшелоны ауысу эшелоны болып табылады;
15) аэронавигациялық отын запасы – ұшу әуеайлағынан (қону алаңынан) межелі әуеайлаққа (қону алаңына) дейін ұшу үшін есептік мөлшерден жоғары, қосалқы әуеайлаққа (қону алаңына) жөнелтумен, бекітілген маршруттан ауытқумен, қарсы жел жылдамдығының күшеюімен және басқа жағдаяттармен туындаған ұшу жоспарының өзгеру жағдайына қажетті отын резерві;
16) аэростат - ауадан (қоршаған ортадан) жеңіл ұшу аппараты, оның көтеру күші тығыздығы ауа тығыздығынан кем оның қабығындағы газдың есебінен құрылады. Аэростаттар:
басқарылатындар (дирижабльдер);
шар түріндегі қабығы бар басқарылмайтындар (еркін қалқитындар) (стратостаттар, радиозондтар, пилот шарлары, секіргіш шарлар, құтқару шарлары);
байламалы (батпырауықтар) болып бөлінеді;
17) аэроторап – оларда ұшуларды ұйымдастыру және орындау әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарымен арнайы келісуді және үйлестіруді талап ететін жақын орналасқан әуеайлақтар;
18) әуеайлақ - әуе кемелерінің келуі, кетуі және осы бет бойынша қозғалуы үшін толық немесе ішінара арналған жер бетінің белгілі учаскесі (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда):
гидроәуеайлақ - әуе кемелерінің келуі, кетуі және осы бет бойынша қозғалуы үшін толық немесе ішінара арналған су бетінің белгілі учаскесі (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда):
база әуеайлағы (базалық әуеайлақ) - әуе кемелерін тұрақты орналастыру және осы мақсаттар үшін қажетті құрылыстар бар әуеайлақ;
таулы әуеайлақ (гидроәуеайлақ) – біркелкі емес рельефі және әуеайлақтың (гидроәуеайлақтың) бақылау нүктесінен (бұдан әрі – АБН) 25 километр (бұдан әрі – км) радиусте 500 метр (бұдан әрі – м) және одан артық салыстырмалы биіктіктері бар жерде орналасқан немесе теңіз деңгейінен 1000 м және одан артық биіктікте орналасқан әуеайлақ (гидроәуеайлақ);
қосалқы әуеайлақ - межелі әуеайлаққа бару немесе оған қону жүргізу мүмкін болмаған немесе орынды болмайтын жағдайда әуе кемесі баратын әуеайлақ;
санатталған әуеайлақ - пайдалануға рұқсат берілген және оның санатына белгіленген минимумдер бойынша қонуға тура бет алуды және қонуды қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен және радио жарық техникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақ;
межелі әуеайлақ - ұшу жоспарында немесе ұшуға тапсырмада межелі қону әуеайлағы ретінде көрсетілген әуеайлақ;
19) әуеайлақ ауданы - әуеайлақтың және оған жанасып жатқан жергілікті жердің үстіндегі, белгіленген көкжиек және тік жазықтың шекаралары шегіндегі әуе кеңістігі;
20) әуеайлақ минимумы - ҰҚЖ-дағы көрінудің, көріну қашықтығының, бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің және тік көрінудің немесе ШҚБ ең төмен рұқсат етілген, олар кезінде осы әуеайлақта әуе кемесінің бұл үлгісінің ұшып көтерілуі мен қонуын орындауға мүмкіндік беретін мәндері;
21) әуеайлақтағы атмосфералық қысым (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы QFE (бұдан әрі - QFE) - ұшу-қону жолағының жұмыс деңгейінің шегіндегі атмосфералық қысымның сынап бағанасы миллиметріндегі (бұдан әрі - сын.бағ.мм.), миллибардағы (бұдан әрі - мбар) немесе гектопаскальдегі (бұдан әрі - гПа) мәні;
22) әуеайлақтық ұшулар шеңбері - ол (немесе оның бөлігі) бойынша ұшудан кейін биіктік алу, қонуға бет алу үшін төмендеу, қонуды күту орындалатын, әуеайлақтың (қону алаңының) үстінен ұшу орындалатын әуеайлақ ауданында белгіленген маршрут;
23) әуе кемесінің минимумы - ҰҚЖ-дағы көрінудің және бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің, тік көрінудің немесе шешім қабылдау биіктігінің ең төмен рұқсат етілген әуе кемесінің бұл үлгісінің ұшып көтерілуі мен қонуын қауіпсіз орындауға мүмкіндік беретін мәндері;
24) әуе кемесі командирінің (пилотының) минимумы - көрінудің, ҰҚЖ-дағы көрінудің және бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің немесе ШҚБ ең төмен рұқсат етілген, олар кезінде пилотқа әуе кемесінің бұл үлгісінде Бейне ұшулар ережесі бойынша ұшып көтерілуді, қонуды және ұшуды орындауға рұқсат берілетін мәндері;
25) әуе кемесінің бортынан бақылау - бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортында жүргізілген бағалау;
26) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы (бұдан әрі - ӘҚҚК) - ұшу ақпараты орталығын немесе әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды жинау, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы.
Ұшуларды жоспарлаудың, үйлестірудің, қамтамасыз етудің, әуе кемелерінің жердегі және ауадағы қамтамасыз етудің кешенді үдерісін, белгіленген ұшулар режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орган;
27) әуе кемесінің қозғалысына қызмет көрсетуді қабылдау-беру шебі - рульдеу маршрутында немесе әуе кеңістігіндегі ұшу траекториясында белгіленген, онда әуе кемесінің қозғалысына тікелей қызмет көрсету бір ӘҚҚК органынан екіншісіне берілетін шеп;
28) әуе кемесінің мұздануы - әуе кемесінің әртүрлі бөліктерінде мұздың түзілуі;
29) әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы - оның шекарасында олардан тыс әуе трассалары мен маршруттары бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ӘҚҚК органының диспетчері жүзеге асыратын белгіленген өлшемдердегі әуе кеңістігі;
30) бағдарды жоғалту - ол кезінде әуе кемесінің экипажы ұшуға тапсырманы орындау мақсатында ұшу бағытын анықтау үшін қажетті дәлдікпен өзінің орналасқан орнын біле алмайтын және анықтай алмайтын жағдай;
31) барометрлік биіктік – бұл барометрлік биіктік өлшеу құралының шкаласында белгіленген атмосфералық қысымның изобаралық бетіне қатысты ұшу биіктігі;
32) бейнелі ұшу - әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайын және оның орналасқан орнын экипаж табиғи көкжиек және жердегі (су үстіндегі) бағдарлар бойынша бейнелі түрде анықтайтын жағдайда орындалатын ұшу;
33) бейнелік метеорологиялық шарттар (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Visual meteorological conditions) - көріну ұзақтығы, бұлттарға дейінгі қашықтық және бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің белгіленген минимумдерге сәйкес келетін немесе олардан асатын шамаларымен белгіленген метеорологиялық жағдайлар;
34) белгіленген маршрут - әуе трассасынан және ЖӘЖ тыс, құзыретті органдармен, мүдделі ведомстволармен және ұйымдармен келісілген және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған маршрут;
35) болжам картасы - белгілі метеорологиялық элементтердің белгіленген сәтке немесе уақыт аралығына белгіленген бет немесе әуе кеңістігінің бөлігі үшін картадағы графикалық суреті;
36) борттан (әуе кемесінен) хабарлама - ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортынан хабарлама, ол орналасқан жері, ұшу барысы және (немесе) метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді хабарлауға қатысты талаптарға сәйкес жасалған;
37) борттық соқтығысуды ескерту жүйесі (бұдан әрі – БСЕЖ) ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Traffic Collision Avoidance System (бұдан әрі – TCAS) - қайталама шолу радиолокаторының (бұдан әрі – ҚШРЛ) қабылдау-жауап беру құралының сигналдарын пайдалануға негізделген борттық жүйе. Жердегі жабдыққа тәуелсіз жұмыс істейді және пилотқа (ұшқышқа) ҚШРЛ қабылдау-жауап беру құралдарымен жабдықталған әуе кемелері туындататын шиеленісті оқиға туралы ақпаратты ұсынады;
38) борттық жабдық - борттық азық-түлік қорларын және бөлшектенетін қосалқы бөлшектерді қоспағанда, әуе кемесінің бортында ұшу уақытында пайдалануға арналған заттар, соның ішінде алғашқы жәрдем құралдары және авариялық-құтқару жабдығы;
39) борттық пилотажды-навигациялық жабдық - өлшеу, есептеу, басқару жүйелерінің және құрылғыларының, сондай-ақ ұшудан қонуға дейін қолмен, автоматтандырылған, жартылай автоматты және автоматты навигацияны қамтамасыз етуге арналған ақпаратты әуе кемесінің бортында көрсету және ақпаратты экипажға беру жүйелерінің жиынтығы;
40) борттық өздігінен жазғыш - ұшу параметрлері және әуе кемесін пайдалану туралы ақпаратты сақтау мақсатында әуе кемесінің бортында орнатылған кез-келген өздігінен жазғыш құрал;
41) брифинг (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – briefing, brief – қысқаша дегеннен) - әуе кемелерінің ұшқыш экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету;
42) брифинг бойынша диспетчері - әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымы диспетчерінің куәлігі бар, тиісті дайындалудан өткен және мамандығына сәйкес жұмысқа рұқсаты бар азаматтық авиация маманы;
43) брифинг бөлмесі - арнайы жабдықталған, онда әуе кемесінің экипажын ұшып шығуға ақпараттық-консультациялық дайындау жүзеге асырылатын үй-жай;
44) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі - құрлық (су) беті мен бұлттардың ең төменгі қабатының төменгі шекарасының арасындағы тік бойынша қашықтық. Бұлттардың төменгі шекарасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда тік көріністі пайдалану қажет;
45) векторлау (радиолокациялық көздеп келтіру) - радиолокаторлар деректерін пайдалану негізінде анықталған бағыттарды көрсету арқылы әуе кемелерін навигациялық көздеп келтіруді қамтамасыз ету;
46) диспетчерлік аймақ (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Сontrol zone) - жер бетінен үстіне белгіленген жоғарғы шекараға дейін таралатын бақыланатын әуе кеңістігі;
47) диспетчерлік рұқсат (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Air traffic control clearance) - диспетчерлік қызмет көрсету органдары ұшу кезеңін белгілеу үшін белгілеген, оларға диспетчерлік рұқсат жататын шарттарға (рульдеуге, ұшып көтерілуге, ұшып кетуге, маршрут бойынша ұшуға, қонуға бет алуға немесе қонуға) сәйкес іс-қимыл жасауға әуе кемесінің экипажына рұқсат;
48) дөңді жер - 25 километр радиусте рельефінің 200-500 метр салыстырмалы асулары бар жергілікті жер;
49) ең аз жабдықтың үлгі тізбесі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Master Minimum Equipment List, (бұдан әрі – MMEL) - әуе кемесін оның жабдықтарының жеке рұқсат етілген істен шығуларымен ұшуда пайдалану ережелерін регламенттейтін пайдаланушылық конструкторлық құжат. Бұл ретте істен шыққан жабдық оның үлгі конструкциясының бөлігі болып табылады және өзіне әуе кемесі құрауыштарының тізбесін қосады, жеке пайдалану жағдайларда олардың уақытша жұмысқа жарамсыздығы (ақаулығы) кезінде әуе кемесінің ұшып шығуына оның ұшу жарамдылығының нормаларында белгіленген қауіпсіздік деңгейін төмендетпей рұқсат беріледі.
Тізбе сондай-ақ ұшуларды істен шығулармен орындау шарттары және мұндай пайдаланудың рұқсат етілген мерзімдері бойынша ӘК ұшуда және техникалық пайдалану саласындағы қосымша рәсімдерді және шектеулерді анықтайды;
50) есептік келу уақыты - әуе кемесінің қону әуеайлағының схемасына келу уақыты;
51) жазық жер - 25 километр радиусте рельефінің 200 метрге дейінгі салыстырмалы асулары бар жергілікті жер;
52) жақындауға диспетчерлік қызмет көрсету (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Approach control service) - әуе кемелерінің әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) келулерімен және ұшып кетулерімен байланысты ұшуларға диспетчерлік қызмет көрсету;
53) жалпы мақсаттағы авиация (бұдан әрі – ЖМА) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншігінде тұрған төлем үшін емес және жалға алу бойынша емес:
жолаушылар, багаж, жүк және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау;
авиациялық жұмыстарды орындау;
іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары;
сұрапыл апаттар жағдайларында халыққа көмек көрсету;
оқыту, спорт, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, техникалық шығармашылықты дамыту;
әуе кемелерін пайдаланушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарында пайдаланылатын азаматтық авиация;
54) желдің ығысуы - жоғары көтерілетін және төмен түсетін ағындарды қоса алғанда жел бағытының және (немесе) жылдамдығының әуе кеңістігіндегі өзгеруі:
желдің әлсіз ығысуы - 30 м биіктікке 2 м/с дейін;
желдің орташа ығысуы - 30 м биіктікке 2-4 м/с;
желдің қатты ығысуы - 30 м биіктікке 4-6 м/с;
желдің өте қатты ығысуы - 30 м биіктікке 6 м/с және одан артық;
55) жергілікті әуе желісі (бұдан әрі - ЖӘЖ) - биіктігі және ені бойынша шектелген және әуе кемелерінің ұшуларын орындауға арналған төменгі әуе кеңістігіндегі дәліз;
56) жердегі авиация персоналы - ұшу немесе қызмет көрсету экипажының біліктілігі жоқ авиация персоналының адамдары;
57) жол жолағы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Track) - әуе кемесінің ұшу траекториясының жер бетіндегі кескіні, оның бағыты оның кез келген нүктесінде әдетте меридиандардың (шынайы, магниттік немесе шартты) солтүстік бағытынан есептелетін бұрыш градустарымен беріледі;
58) ИКАО ІІІ-санатының жабдықталған ҰҚЖ-ға дәл жүйелер бойынша әуе кемесінің қонуға бет алуы және қонуы үшін минимумдері:
ІІІ А-санатының минимумы - қонудың соңғы кезеңінде бейне құралдарды пайдалана отырып, 200 м кем емес (ҰҚЖ бойынша шектеусіз) көріну қашықтығы кезінде қонуға бет алу және қону үшін;
ІІІ В-санатының минимумы - рульдеу кезінде бейне құралдарды пайдалана отырып, 50 м кем емес (ҰҚЖ бойынша шектеусіз) көріну қашықтығы кезінде қонуға бет алу және қону үшін;
ІІІ С-санатының минимумы - аспаптар бойынша қону және рульдеу үшін;
59) кабина экипажының мүшесі - ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын, қауіпсіздік мүддесінде және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында оған әуе кемесінің пайдаланушысы немесе командирі тапсыратын міндеттер атқаратын адам;
60) қайту шебі - әуе кемесі жолының жолағында белгіленген, осы әуе кемесін ұшудағы пайдалану жөніндегі басшылықта белгіленгеннен кем емес отын қалдығымен осы әуе кемесі қосалқы әуеайлақтан (ұшып шығу әуеайлағынан) ұшуды орындай алатын және осы қосалқы әуеайлаққа (ұшып шығу әуеайлағына) қонуды орындай алатын қашықтықтағы шеп;
61) қауіпсіз биіктік - жер (су) бетімен немесе ондағы кедергілермен әуе кемесінің қақтығысуынан кепіл беретін ең төмен рұқсат етілген ұшу биіктігі;
62) кедергілерден ұшып өтудің абсолюттік және салыстырмалы биіктігі - ұшу-қону жолағының тиісті шегінен асуынан жоғары немесе кедергілерден ұшып өтудің тиісті критерийлерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын әуеайлақтың асуынан жоғары ең аз абсолюттік немесе ең аз салыстырмалы биіктік;
63) қолда бар жүгіріс дистанциясы (бұдан әрі - ҚЖД) - ұшып көтерілуді орындайтын әуе кемесінің жүгірісі үшін жеткілікті және жарамды болып табылатын ұшу-қону жолағының ұзындығы;
64) қолда бар үзінді ұшып көтерілу дистанциясы (бұдан әрі - ҚҮҰД) - қолда бар жүгіріс дистанциясының және, егер ол көзделген болса, сақиналы тежелу (қауіпсіздік) жолағы ұзындығының сомасы;
65) қонар алдындағы түзу - қонуға бет алу схемасының төртінші бұрылыстан қону нүктесіне дейінгі қорытынды бөлігі;
66) қону алаңы - әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне және қонуына жарамды жер (су, мұз) учаскесі немесе арнайы дайындалған жасанды алаң;
67) қонуға бейнелі бет алу (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Visual approach) - бейнелі ұшулар ережелерін сақтай отырып, бейнелі бет алудың жарияланған схемасы бойынша ішінара немесе толығымен орындалатын бет алу;
68) қону дистанциясы - әуе кемесі өтетін көлденең бойынша қашықтық:
қонуға бет алу жылдамдығы 15 метр биіктіктен 200 км/сағ және одан артық;
қонуға бет алу жылдамдығы 9 метр биіктіктен 200 км/сағ кем;
69) көріну (көріну қашықтығы) - жарық тағылмаған объектілер (бағдарлар) күндіз және жарық бағдарларды (жарық түсірілген объектілер) түнде көрінетін және танылатын ең үлкен қашықтық;
70) күрделі метеорологиялық жағдайлар (бұдан әрі – КМЖ) - олар кезінде метеорологиялық көріну 2000 м және одан аз және (немесе) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі олардың жалпы саны 2 октаннан артық кезде 200 м және одан төмен құрайтын жағдайлар;
71) күту аймағы - әуеайлақ (аэроторап) ауданының радионавигациялық нүктенің (бұдан әрі - РНН) үстінен әуе кемелерінің әуеайлаққа жақындау және (немесе) қонуға бет алу кезегін күтулері үшін бекітілген белгіленген өлшемдердегі әуе кеңістігі;
72) күту аймағында ұшу схемасы - әуе кемесіне әуе кеңістігінің белгілі бөлігінде келесі рұқсатты күтіп қалуға мүмкіндік беретін алдын ала айқындалған маневр;
73) күту рәсімі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Holding procedure) - әуе кемесіне бұдан әрі рұқсатты күту уақытында белгілі әуе кеңістігінде болуға мүмкіндік беретін ұйғарылған маневрлер;
74) маневр жасау ауданы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Manoeuvring area) – перронды қоспағанда, әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуіне арналған әуеайлақ бөлігі;
75) маркер - кедергілерді немесе шекараны (шепті) белгілеу үшін жер деңгейінің үстінен орнатылатын объекті;
76) маркерленген шеп - әуе трассасына (ұшу маршрутына немесе дәлізіне) перпендикуляр тік кеңістіктегі әуе кеңістігіндегі шеп (нүкте), оның орналасқан орны РНН немесе жеке жетекті радиостанцияны (бұдан әрі - ЖЖРС) немесе маркерлік маякты орнату орнының үстінен бұрыш-қашықтық өлшеу жүйесі бойынша анықталады;
77) мәжбүрлі қону - ұшуды ұшу жоспарына сәйкес орындауға мүмкіндік бермейтін себептер бойынша әуе кемесінің әуеайлақта немесе әуеайлақтан тыс қонуы;
78) міндетті хабарламалар пункті - әуе трассасындағы, ЖӘЖ және әуеайлақтар (әуетораптар) аудандарындағы, әуе кемесінің экипажы оны ұшып өтуі туралы ӘҚҚК органының немесе әуе қозғалысын басқару органының диспетчеріне хабарлауы қажет географиялық нүкте;
79) НОТАМ (NOTAM) - аэронавигациялық жабдықта, қызмет көрсетуде, рәсімдерде жай-күйді немесе өзгерістерді іске қосу туралы немесе оларды уақтылы білу ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды мәнге ие қауіп туралы мәліметтерді кодтау (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Notice to airmen (бұдан әрі - NOTAM);
Қарлы НOTAM (SNOWTAM) - әуеайлақтың жұмыс алаңында қардың, мұздың, батпақтың немесе тұрып қалған судың бар болуымен туындаған, оларды уақтылы білу ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды мәнге ие қауіпті жағдайлардың бар болуы немесе жою туралы арнайы серия мәліметтерін кодтау (бұдан әрі - SNOWTAM);
80) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
81) перрон (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Apron) - құрылық әуежайының әуе кемелерін орналастыруға арналған белгіленген алаңы;
82) пилоты жоқ басқарылмайтын аэростат - пилоты жоқ ауадан жеңіл, күш қондырғысы жоқ, еркін қалықтаудағы әуе кемесі;
83) рульдеу - ұшып көтерілуді және қонуды қоспағанда, әуе кемесінің өзіндік тартымының есебінен әуеайлақ беті бойынша қозғалысы;
84) рұқсаттың қолданылу биіктігі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Clearance limit) - әуе кемесіне берілген диспетчерлік рұқсат оған дейін қолданыста болатын пункт;
85) СИТА ақпараты (француз тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы SITA (бұдан әрі - SITA) - ұшу тапсырмасын (әуе тасымалын) орындау үшін әуе кемесінің экипажына пайдаланушының аэронавигациялық ақпарат ұйымдарымен уағдаластығының негізінде ұсынылатын аэронавигациялық, есептік, жұмыстық ұшу жоспары.
SITA - Халықаралық авиациялық электр байланыс ұйымы (француз тіліндегі бастапқы атауынан – Sociйtй Internationale de Tйlйcommunications Aйronautiques) - авиация саласында телекоммуникациялық және IT қызметтерін ұсынатын швейцар көпұлттық ақпаратты ұйымы;
86) таулы жер - біркелкі емес рельефі және 25 километр радиусте 500 метр және одан артық салыстырмалы асулары бар жергілікті жер, сондай-ақ теңіз деңгейінен биіктігі 2000 метр және одан артық жергілікті жер;
87) тексеруші - әуе кемесінің осы үлгісінде нұсқаушы және (немесе) емтихан ұшуларына рұқсаты бар және оны ұшуда тексеру немесе жаттықтыру мақсатында экипажға енгізілетін командирлік-ұшқыш, инспекторлық немесе нұсқаушы құрамының лауазымды тұлғасы, емтиханшы;
88) тік көріну - жер бетінен одан тігінен төмен жер бетіндегі объектілер көрінетін деңгейге дейінгі ең үлкен қашықтық;
89) тікұшақтың ұшу уақыты - тікұшақтың ұшып көтерілу кезінде жүріс басынан немесе тік ұшып көтерілу кезінде "қадам-газды" алудың басынан қону кезінде жүріс соңына дейінгі немесе тік қону кезінде "қадам-газды" алып тастағанға дейінгі уақыт кезеңі;
90) тік эшелондаудың қысқартылған минимумі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Reduced Vertical Separation Minimum (бұдан әрі – RVSM) - RVSM қолдана отырып ұшуларға рұқсаты әуе кемелерін эшелондау үшін 8850 м және 12500 м эшелондары арасындағы аралықта қолданылатын тік эшелондау аралығы;
91) ұшар алдындағы ақпарат бюллетені (бұдан әрі – ҰАБ) - ұшар алдында дайындалған, аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің (бұдан әрі – ААҚ) маңызды пайдаланушылық мәні бар ескертулерін, хабардар етулерін парағын қосатын ағымдағы ақпарат;
92) ұшу дистанциясы - әуе кемесі старт нүктесінен жерден көтерілу нүктесінде ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты 10 м биіктіктегі нүктеге дейін өтетін көкжиек бойынша қашықтық;
93) ұшу-қону жолағы - құрлық әуеайлағының ұшу жолағының әуе кемелерінің ұшуы және қонуы үшін дайындалған белгілі тікбұрышты учаскесі;
94) ұшу-қону жолағы жабдықталған (бұдан әрі – ҰҚЖ) - төменде тізілген ҰҚЖ үлгілерінің бірі:
дәл емес жүйе және бейне құралдар бойынша әуе кемесін қонуға түзуден бет алу бағытында көздеп келтіруді қамтамасыз ететін қандайда бір бейне емес құралдар түрімен қонуға бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ;
ИКАО І-санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған, ИКАО І-санатының минимумы бойынша қонуға бет алу үшін арналған ILS жүйесімен және бейне құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;
ИКАО ІІ-санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған, ИКАО ІІ-санатының минимумы бойынша қонуға бет алу үшін арналған ILS жүйесімен және бейне құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;
ИКАО ІІІ-санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған, ҰҚЖ жалпы бетіне дейін және бойынан қолданылатын және ИКАО ІІІ-санатының минимумы бойынша қонуға бет алу үшін арналған ILS жүйесімен жабдықталған ҰҚЖ;
95) ҰҚЖ-дағы көріну немесе ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Runway Visibility Range, (бұдан әрі – RVR) - оның шегінде ҰҚЖ осьтік жолағында тұрған әуе кемесінің пилоты ҰҚЖ бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ҰҚЖ шектейтін немесе оның осьтік жолағын белгілейтін оттарды көретін қашықтық;
96) ұшақтың ұшу уақыты - ұшу кезінде ұшақ қозғалысының басынан немесе атқару стартында тоқтаусыз ұшып көтерілу кезінде қозғалтқыштардың жұмыс режимін арттырудың басынан жүрісті аяқтағанға дейінгі уақыт кезеңі;
97) ұшу биіктігі - белгіленген биіктіктен әуе кемесіне дейінгі тік бойынша қашықтық. Есептеу басының деңгейіне тәуелді келесі биіктіктер айырылады:
нақты ұшу биіктігі - әуе кемесінің тікелей астында орналасқан нүктенің деңгейінен;
салыстырмалы ұшу биіктігі - ҰҚЖ шегінің деңгейінен, әуеайлақ деңгейінен, жергілікті жер рельефінің ең жоғары нүктесінен және сол сияқты;
абсолюттік ұшу биіктігі - орташа теңіз деңгейінен;
98) ұшуға тапсырма - пайдаланушымен белгіленген және пайдаланушының Ұшуларды орындау жөніндегі басшылығына (бұдан әрі – ҰОБ) белгіленген нысанда енгізілген, экипаж, әуе кемесі туралы мәліметтері бар, ұшу (ұшулар) маршруты мен мақсатын айқындайтын құжат;
99) ұшу жоспары немесе флайт план (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Flight plan, қысқартылғаны – FPL) - әуе қозғалысына қызмет көрсету органына ұсынылатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтері бар белгіленген нысандағы құжат;
100) ҰҚЖ шегі - әуе кемелерінің қонуы үшін пайдалануы мүмкін ҰҚЖ учаскесінің басы;
101) ұшулар ережелері оларды орындау әдістері бойынша мыналарға бөлінеді:
бейнелі ұшулар ережесі (бұдан әрі – БҰЕ) - экипаждың бейне бақылау жолымен әуе кемелерінің арасында белгіленген аралықтарды ұстана отырып ұшуларды орындауды және бейне бағдар көмегімен белгіленген ұшу маршрутын (схемасын) ұстануды көздейтін ереже;
аспаптар бойынша ұшулар ережесі (бұдан әрі – АҰЕ) - әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының тарабынан бақылау және олар әуе кемелерінің арасында белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз ете отырып, пилотажды-навигациялық аспаптар бойынша ұшуларды орындауды көздейтін ереже;
102) ұшып шығар алдындағы медициналық бақылау - әуе кемесі экипажының мүшелері денсаулығының жай-күйін және жұмысқа қабілеттігін ұшып шығар алдында куәландыру;
103) ұшуда тексеру - ұшқыштар құрамы тұлғаларының ұшуға тапсырманы орындаулары үдерісінде олардың кәсіби дайындалу деңгейін анықтау;
104) ұшудың жұмыс жоспары (навигациялық есеп) - пайдаланушы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларын, берілген маршруттағы және тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылық шектеулерді және күтілетін жағдайларды ескере отырып, ұшуды қауіпсіз орындау үшін жасаған ұшу жоспары немесе навигациялық есебі;
105) ҰПБ - әуе кемелерін жасаушылар басып шығаратын "Әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық" экипаждар мен қызмет көрсету персоналы үшін әуе кемесін пайдалану ережесі атауының қысқартылған аббревиатурасы;
106) ұшу экипажының мүшесі - авиациялық персоналға жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, оған әуе кемесін ұшу уақыты ішінде басқарумен байланысты міндеттер жүктелген адам;
107) ұшу эшелоны - 760 сын.бағ.мм. (1013,25 мбар (гПа) қысымының белгіленген шамасына келтірілген және мұндай басқа беттерден белгіленген қысым аралықтарының шамасына артта қалатын тұрақты атмосфералық қысым беті;
108) халықаралық әуежай - кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуемен тасымалдауды қамтамасыз ететін әуежай;
109) халықаралық әуе трассасы (бұдан әрі - ХӘТ) - халықаралық ұшулар үшін ашық әуе трассасы;
110) шайқалу - турбулентті атмосферада ұшулар кезіндегі әуе кемесінің тәртіпсіз ауытқуы:
біркелкі шайқалу - әуе кемесі орнының және (немесе) абсолюттік биіктігінің біркелкі өзгеруі, алайда сенімді басқару әліде қамтамасыз етіледі, ол жерде акселерометр көрсеткіштері әуе кемесінің ауырлық орталығында 0,5 -:- 1.0g құрайды, ал ұшу және қону кезінде біркелкі шайқалу +0,3 -:- 0,4g құрайды;
қуатты шайқалу - әуе кемесі орнының және (немесе) абсолюттік биіктігінің күрт өзгеруі, ол жерде қысқа аралықтар ішінде әуе кемесі басқаруды елемейді, ауа жылдамдығының мәнді өзгерулері тән болып табылады. Акселерометр көрсеткіштерінің өзгеруі әуе кемесінің ауырлық орталығында 1.0g асады, ал ұшу және қону кезінде қатты шайқалу – артық жүктемені көбейту кезінде + 0,4g асады;
111) шешім қабылдау биіктігі (бұдан әрі – ШҚБ) - ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленген, онда:
егер осы биіктікке жеткенге дейін әуе кемесінің командирі немесе пилот қонуға бет алуды жалғастыру үшін бағдарлармен қажетті бейне байланысты орнатпаған;
әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайы немесе оның қозғалыс параметрлері қауіпсіз қонуды қамтамасыз етпеген жағдайларда екінші айналымға кету маневрін бастау қажет биіктік;
112) шешім қабылдау жылдамдығы - ол кезінде сыни қозғалтқыш істен шыққан жағдайда ұшып көтерілуді қауіпсіз тоқтату да, қауіпсіз жалғастыру да мүмкін болатын ұшақ жүгірісінің ең үлкен жылдамдығы;
113) эшелондау - әуе кемелерін әуе қозғалысын қамтамасыз ететін белгіленген аралықтарға әуе кеңістігінде тік, көлденең немесе бүйір таратуды білдіретін жалпы термин:
бүйірлік эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте қашықтық немесе олардың жол жолақтарының арасындағы бұрыштық ауытқу бойынша тарату;
тік эшелондау - әуе кемелерін биіктігі бойынша белгіленген аралықтарға тарату;
көлденең эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте уақыт және жол жолағының бойынан қашықтық бойынша белгіленген аралықтарға тарату.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ұшуларға алдын ала дайындау
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Ұшуға (ұшуларға) алдын ала дайындау мыналарды көздейді:
1) алдағы ұшудың (ұшулардың) міндетін айқындау;
2) ұшуды (ұшуларды) орындау үшін қажетті құжаттаманы таңдау және жинау;
3) ұшу маршрутын (ауданын), оның географиялық және климаттық ерекшеліктерін зерделеу;
4) межелі әуеайлақты (әуеайлақтарды) және қосалқы әуеайлақтарды (соның ішінде басқа ведомстволардың әуеайлақтарын) аэронавигациялық ақпарат құжаттары бойынша зерделеу;
5) ұшу маршруты бойынша навигациялық құралдардың орналасуын, оларды пайдалану тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
6) ұшу (ұшулар) маршруты (ауданы) бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарының міндетті хабарламалар пункттері арасындағы қызмет көрсетуді қабылдау-беру шептерін және радиобайланыс жүргізу тәртібін зерделеу.
Әуе трассаларында, ЖӘЖ, әуеайлақтар (аэротораптар) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттары үшін міндетті хабарламалар пункттері (бұдан әрі – МХП), ӘҚҚК бақылау нүктелері немесе беру (қабылдау) шептері анықталады:
ӘҚҚК органдарының жауапкершілік аудандары (аймақтары) арасындағы шекараларда;
әуе кемелерінің ұшу бағытын өзгерту, әуе трассалары мен ЖӘЖ қиылысу, әуе трассасына және ЖӘЖ кіру (шығу) нүктелерінде;
бейне түрінде немесе борттық радиолокаторлардың көмегімен танылатын тән бағдарларда;
биіктікті алу немесе төмендеу (эшелонды ауыстыру) нүктелерінде, белгіленген ұшу режимдері бар аймақтарда (аудандарда);
биіктік алу, төмендеу және қонуға бет алу схемаларының, күту аймақтарының тән нүктелерінде.
Ұшуларды орындау және ӘҚҚК жүзеге асыру кезінде міндетті хабарлар белгіленеді, олар:
буксирлеуге, қозғалтқыштарды іске қосуға, алдын ала және атқарушылық стартқа рульдеуге, ұшып көтерілуге (қонуға) дайындығы туралы және оларды орындаулары туралы, қону жүйелерін, қонуға бет алу схемаларын пайдалану, қонудан кейін ҰҚЖ босату және тұраққа рульдеу туралы;
ӘҚҚК аудандарына (аймақтарына) кіру, шығу, міндетті хабарламалар шептерінен нақты және есептік ұшып өту уақыты, схемаларда белгіленген бақылау нүктелерінен ұшып өту, берілген эшелонға көтерілу немесе төмендеуді бастау және жаңадан берілген эшелонда (биіктікте) ұшу туралы;
ұшу метеожағдайлары (қауіпті метеорологиялық құбылыстар), сондай-ақ құстардың (олар бар болған кезде) шоғырланулары мен ұшулары туралы;
әуеайлақ, әуе трассалары, ЖӘЖ бойынша, ұшу маршруттарында және авиациялық жұмыстар аудандарында бар нақты әуе кемесіне қатысты шектеулер туралы әуе кемелері экипаждарының рұқсаттарға және хабарларға сұрау салуларын, ӘҚҚК органдары диспетчерлерінің нұсқауларын және ақпараттарын қосады;
7) әуе кеңістігін және шекара маңы жолағын пайдалануға (шекара маңы аудандарда ұшулар кезінде) тыйым салуларды, шектеулерді оны ұшу картасында ерекшелей отырып зерделеу;
8) әуе кемесінің борттық жүйелерін алдағы ұшудың (ұшулардың) нақты шарттарына қатысты пайдалану ерекшеліктерін зерделеу;
9) алдағы ұшудың (ұшулардың) нақты шарттарына қатысты азаматтық авиация саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұшудың ерекше жағдайларында экипаж мүшелерінің өзара әрекеттесу тәртібін оны орындаудың барлық кезеңдерінде зерделеу.
8. Алдын ала дайындау экипаждың ұшуға (ұшуларға) дайындығын бақылай отырып, ойнап өтімен аяқталады, оны ұшқыштар бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары аға мамандардың қатысуымен өткізеді.
9. Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшуларға дайындау қосымша мыналарды қосады:
1) авиациялық жұмыстың әрбір түрі бойынша ұшуларды ұйымдастыру мен орындауды регламенттейтін арнайы нұсқаулықтар мен басшылықтарды зерделеу;
2) ұшу аудандарын, тән бағдарларды және жергілікті жер рельефін, әсіресе шекара маңы аудандарында егжей-тегжейлі зерделеу;
3) аз және өте аз биіктіктерде ұшулар кезінде бейне бағдарды жүргізу ерекшеліктерін зерделеу;
4) ойда есептеу дағдыларын пысықтау;
5) тыйым салулар мен шектеулерді, ЖӘЖ желісін және жасанды кедергілердің орналасуларын ескере отырып, маршрутты таңдау және салу;
6) экипаждың (пилоттың) ұшулар маршруты бойынша және ауданындағы аэронавигациялық жағдайды және жергілікті жер ерекшеліктерін білуі;
7) алдағы қону ауданын білуі және қону пунктінің ауданындағы тән бағдарларды әуеден қатесіз тани білуі.
2-параграф. Халықаралық ұшуларды орындауға дайындау
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Халықаралық ұшуларға дайындау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) ұсынылатын тәжірибесінің және стандарттарының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі және орындалады.
11. Халықаралық ұшуларды орындауға, келесіні білуге арнайы дайындықтан өткен, әуе кемелерінің экипаждары жіберіледі:
1) Конвенцияны, ИКАО халықаралық стандарттары, ұсынымдары мен рәсімдерін, сондай-ақ олардың әуе кеңістігінде ұшу орындалатын шетел мемлекеттерінің ұшу ережелерін;
2) халықаралық әуе трассалары жөніндегі аэронавигациялық ақпарат жинақтарын, сондай-ақ шетелдік басылымдағы радионавигациялық карталарды және анықтама материалдарды пайдалану тәртібін;
3) кедендік және паспорттық бақылау рәсімдерін, халықаралық рейстердің ұшып шығуын (келуін) рәсімдеумен ұйымдастыруын;
4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының "Әуе қозғалысының құрылымы" Doc.4444 ATM/501, ИКАО құжатына сәйкес ұшу жоспарын (флайт жоспарды), қайталанған ұшу жоспарларын толтыру және ұсыну және ұшар алдындағы аэронавигациялық ақпаратты алу ережелерін;
5) Конвенцияға "Халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамсыздандыру" 3-қосымшасына сәйкес шетел мемлекеттерінде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету тәртібін;
6) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
7) Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісім-шарттарына сәйкес халықаралық әуе қатынасы туралы жолаушылар, багаж, жүк және пошта әуе тасымалдарының қағидаларын;
8) Шетел мемлекеттерінде пайдаланылатын іс-тәжірибеге сәйкес, төмендеуге, қонуға бет алу кезінде және ұшып көтерілгеннен кейін маневрлерді жасау схемаларын.
12. Халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің экипаждарын пайдаланушының және (немесе) ӘҚҚК органының тиісті қызметтері аэронавигациялық құжаттамамен қамтамасыз етеді.
3-параграф. Ұшу карталарын таңдау және дайындау
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Ұшуға тапсырманың сипатына қарай бағыт (ұшу) карталарын таңдау және дайындау жүргізіледі. Аспаптар бойынша ұшу қағидалар бойынша (АҰҚ) ұшуларды орындаған кезде қолданылатын негізгі бағыт (ұшу) карталары радионавигациялық карталар (бұдан әрі - РНК), сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар шығарған карталар болып табылады.
Визуалды аэронавигацияның талаптарын сақтау үшін визуалды ұшулар қағидалары бойынша ұшуларды орындаған кезде визуалды бағдарлау үшін барлық қажетті деректер мамандандырылған картада қамтылмаса 1:1 000 000 масштабты немесе одан ірі (1:500 000, 1:250 000) масштабтағы аэронавигациялық карталар (аэронавигация үшін арнайы жер беті учаскесінің, оның бедерінің және жасанды құрылғыларының шартты белгісі) қолданылады.
Бағыт (ұшу) карталарына мыналар салынуы тиіс:
1) шектеу межесінің сызығы (пеленгтер, азимуттер) қара түспен;
2) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен;
3) берілген жол жолақтары (бұдан әрі – БЖЖ) және БЖЖ айырылыстарында МБП, МБұП және МСП пункттері арасындағы қашықтықтар;
4) тірек меридиандардан өлшенген ортодромдық бағыттық аспаптармен ұшуларды орындаған кезде – ортодромдық магниттік немесе шынайы жол бұрыштары (сәйкесінше – ОМЖБ, ШЖБ) және БЖЖ бойынан ұшу бағытындағы бағыттағышы бар ағымдағы – бастапқы (маршруттың ұзақтығы үлкен учаскелерінде 3-50 шамасына өзгеру кезінде қайталанатын) магниттік жол бұрыштары;
5) локсодромдық бағыттық аспаптармен ұшуларды орындаған кезде – маршрут учаскелері бойынша орташа меридиандардан өлшенген магниттік жол бұрыштары (бұдан әрі – МЖБ); бұл жағдайда маршруттың ұзақтығы үлкен учаскелерінде әрбір 50 – 200 км сайын тән бақылау бағдарлары таңдалады, олардың жанынан МЖБ жаңа мәндері көрсетіледі;
6) басым биіктіктер: жолақта маршрут осінен екі жаққа 50 км-дан; әуеайлақ ауданында – әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі – ӘБН) 50 км радиусте қара түсті тікбұрыштарда;
7) магниттік жіктеу мәндері әуеайлақ ауданында және маршруттың әрбір учаскесінде диаметрі 8 мм шеңберлерде 10-тан кейін;
8) шектеу шекарасының (пеленгтер, азимуттер) сызықтары қара түспен;
9) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Ұшу бағыттарының учаскелерінде таулы әуеайлақтарға әуеайлаққа дейінгі қашықтықты және төменгі қауіпсіз эшелонды көрсетумен белгіленген межелер қойылады. Бағыт (ұшу) карталарындағы пилотажды деректерді өңдеу және индикациялаудың кешенді жүйесімен жабдықтамаған әуе кемелері үшін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Таулы жерде ұшу кезінде қажеттілігі бойынша бағыт (ұшу) картасының бос орнына:
1) АҰЕ бойынша ұшулар үшін кешенді өңдеу және пилотаждық деректерді индикациялау жүйесімен жабдықталмаған әуе кемесі үшін газтурбиналы қозғалтқышы бар ұшақтар үшін төмендеу және биіктікке көтерілу учаскелерінде, ал поршеньді қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін жалпы маршрут бойынша маршрут осінен екі жаққа ені 25 км-дегі жолақта;
2) БҰЕ бойынша ұшулар үшін әуе трассасы енінің шегінде жер рельефінің кескіні салынады.
Ұшу бағытын үздiксiз беруді қамтамасыз ететiн кешенді өңдеу және пилотаждық деректерді индикациялау жүйесімен жабдықталған әуе кемесі үшін бағыт (ұшу) картасында төмендеуді бастаудың белгіленген межесін және жер рельефінің кескінін көрсету талап етілмейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Орындалатын ұшу тапсырмасының сипатына тәуелді ұшу картасына қосымша мыналар салынады:
1) тірек меридианының немесе ұшып шығу (қону) әуеайлағының бойлығын көрсете отырып, әрбір МБП жанындағы тірек меридианнан ОМЖБ немесе ШЖБ; ОМБЖ бастапқы меридианмен қатар, МЖБ оған перпендикуляр, ал ШЖБ жол жолағының бойынан жақшада салынады;
2) ортодромдық жол бұрыштарымен ұшу кезінде гироскоптық бағыт аспаптарын түзету үшін түзетулер (меридиандардың жанынан, ұшу бойынша БҰЖ-дан оң жақтан ыңғайлы қашықтықта шеңберлерде). Маршрут учаскелерінің ОМБЖ (ШЖБ) мәндері, түзетулер шамалары және басқа деректер арнайы кестелерге (палеткаларға) енгізіледі;
3) аэронавигациялық деректер, жердегі радиотехникалық құралдардың шартты белгілері (бұдан әрі – РТҚ) және ұшуды орындау үшін қажетті басқа ақпарат;
4) орталықтары РТҚ орналасқан нүктелердегі азимуттық шеңберлер. Азимуттерді және қашықтықтарды цифрлеу еркін таңдалады, бірақ әуе кемесінің орнын (орын жолағын) анықтаудың қажетті дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс;
5) БҰЖ бойынан МБП және МХП дейін радиолокациялық бағдарларға дейінгі қашықтық.
17. Барынша жоғарғы ұшып көтерілу салмағы 5700 кг төмен ұшақтардың және 3180 кг төмен тікұшақтардың БҰЕ бойынша ұшулары үшін жасанды кедергілер ұшу карталарына бөлшекпен салынады: алымында – салыстырмалы, бөлімінде – абсолюттік асу. Арнайы мақсаттағы карталарды таңдау және дайындау орындалатын ұшу тапсырмасының сипатына тәуелді жүзеге асырылады.
Ұшу картасына әуе трассалары және ЖӘЖ бойынша ұшу режимін шектейтін шектеу пеленгтері, азимуттері және шептері ғана салынады.
18. Ұшу карталарын дайындау кезінде олардың көрнекілігін арттыру үшін:
1) қара түспен – маршрут пункттерін; МХП, БҰЖ, қашықтықтарды, ШЖБ, тірек меридиандарын, биіктіктерді, ҰҚЖ суреттерін, түзетулерді және басқаларын;
2) қызыл түспен – ОМЖБ, ШЖБ, шектеу шептерін, пеленгтерін, азимуттерін, магниттік жіктеулерін, азимуттық шеңберлерді;
3) жасыл түспен - ӘҚҚК аудандарының шекараларын және олардың атауларын;
4) сары түспен – радиолокациялық бағдарларды салу ұсынылады.
Ұшу және радиолокациялық карталарға салынатын шартты белгілер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4-параграф. Іздестіру-құтқару ұшуларын орындауға дайындау
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Экипаждарды іздестіру-құтқару жұмыстарды орындау бойынша ұшуларға дайындау қосымша мыналарды көздейді:
1) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі арнайы нұсқаулықтарды, басшылықтарды зерделеу;
2) іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету аудандарын, тән бағдарларды және жергілікті жер рельефін егжей-тегжейлі зерделеу;
3) бейне бағдарлау жүргізу ерекшеліктерін зерделеу;
4) әртүрлі іздестіру әдістерін зерделеу және бұл мақсаттар үшін борттық және жердегі радиотехникалық құралдарды пайдалану;
5) экипаждың іздестіру ауданындағы навигациялық жағдайды білуі.
20. ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына "Іздестіру және құтқару" 12-қосымшаның талаптарына сәйкес іздестіру-құтқару ұшуларына дайындау келесілерді көздейді:
1) метеомәліметтер және болжамдар, NOTAM хабарлары және басқалары сияқты іздестіру-құтқару операциялары үшін маңызды ақпаратты алу әдістерін зерделеу;
2) суға қонуды жүргізуге мәжбүрлі әуе кемелерін су үсті кемелерінің орналасу ауданына көздеу әдістерін зерделеу;
3) іздестіру-құтқару және басқа әуе кемелерін апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемелеріне көздеу әдістерін зерделеу;
4) жердегі іздестіру-құтқару командаларымен өзара әрекеттесу әдістерін, әуе кемесінің экипажы беретін "әуе – жер" сигналдарын қолдану тәртібін және жердегі іздестіру-құтқару құралдарының экипаждарымен сигналдармен алмасу тәртібін зерделеу.
21. Іздестіру және құтқару бойынша кезекшілікті ұйымдастыру кезінде іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажы нұсқау беру барысында келесіні орындайды:
1) кезекшілікке міндет алады;
2) ұшулар ауданында радиотехникалық құралдарының жұмыс режимін нақтылайды;
3) ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар көздейді;
4) іздестіру және құтқару ауданының шекараларын және кезекшілік уақытына ұшулар жоспарын нақтылайды.
22. Кезекшілікке тұрар алдында іздестіру-құтқару экипажы келесілерді орындайды:
1) іздестіру-құтқару әуе кемесінің кезекші экипажының нұсқаулығын зерделейді;
2) іздестіру және құтқару жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын зерделейді;
3) іздестіру аппаратурасы мен десант жабдығының ақаулығы мен жұмысқа жарамдылығына ерекше назар аудара отырып, іздестіру-құтқару әуе кемесін ұшар алдындағы дайындауды жүргізеді;
4) іздестіру-құтқару әуе кемесінің бортында авариялық-құтқару мүлігінің және жарақтардың бар болуын және жай-күйін тексереді;
5) ауа райының іс жүзіндегі жай-күйін және болжамын зерделейді;
6) байланыс арналарының дұрыстығын тексереді;
7) ұшар алдындағы медициналық бақылаудан өтеді;
8) кезекшілікке тұрғандығы туралы баяндайды.
Іздестіру-құтқару экипаждарының дайындалуын бақылауды ұшқыштар қызметінің басшысы жүзеге асырады.
23. Кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшып шығуға дайындық мерзімдері "Дабыл" командасын алу сәтінен бастап:
1) 30 минут – жазда;
2) 45 минут – қыста, белгіленеді.
3-тарау. Ұшуларға ұшар алдындағы дайындау
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Ұшар алдындағы дайындауды әуе кемесінің командирі нақты аэронавигациялық жағдайды және ұшудың (ұшулардың) метеорологиялық жағдайларын ескере отырып, ұшуға тапсырманың және ұшу (ұшулар) жоспарының негізінде азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің әуе кемесі экипажының жұмыс технологиясының талаптарына сәйкес ұйымдастырады.
25. Ұшар алдындағы дайындауды бастар алдында, ұшу алдындағы медициналық қаралу пунктінде (бұдан әрі - медициналық пункт) әуе кемесінің командирі экипаждың ұшуға тапсырманы орындауға дайындығына, экипаж мүшелерінде авиация персоналының куәліктерінің және бекітілген нысанды киімінің бар болуына көз жеткізеді, бұдан кейін брифинг бойынша диспетчеріне экипаждың ұшар алдындағы дайындауға дайындығы туралы хабарлайды.
26. Базалық әуежайда ұшар алдындағы дайындауға экипаж көзделген (жоспарлы) ұшып шығу уақытына дейін 1 сағаттан кеш емес (оның басы экипаждың медициналық пунктке келу уақыты болып саналады), ал аралық әуеайлақтарда қысқамерзімді тұрақтар кезінде экипаждың брифинг бөлмесіне келу сәтінен бастап кіріседі.
Ұшар алдындағы дайындалу әуе кемесін жөнелтуге 5 минут қалғанда аяқталады және қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсатқа сұрау салумен белгіленеді.
27. Қажет болған кезде, әуе кемесінің командиріне экипаждың ұшар алдындағы дайындалу уақытын арттыруға рұқсат беріледі, бұл туралы ол пайдаланушының тиісті қызметіне және брифинг бойынша диспетчеріне хабарлайды. Бұл ретте экипаждың жұмыс уақыты барлық жағдайларда азаматтық авиация саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген нормативтерден аспайды.
28. Экипаждың барлық мүшелері ұшып шығудан кемінде 2 сағат бұрын медициналық бақылаудан өтеді және денсаулық жағдайы бойынша ұшуды орындау мүмкіндігіне (ұшуға тапсырмада медициналық пункт қызметкерінің белгісі түрінде) медициналық қорытынды алады.
Қандай да болмасын себептер бойынша әуежайларда медициналық байқаудан өту мүмкіншілігі болмаған жағдайда, базалық емес әуежайдан ұшып шығу кезінде, әуе кемесiнiң командирі экипаж мүшелерiнiң ауызша мәлiмдемесi негiзiнде ұшуға дайындығы туралы ұшу тапсырмасына тиiстi жазба жасайды.
29. Экипаждың ұшар алдындағы дайындауының сапасын бақылау әуе кемесінің командиріне жүктеледі.
30. Ұшар алдындағы дайындалу осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген әуе кемелерінің экипаждарын ұшар алдындағы дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес жүргізіледі және келесілерді көздейді:
1) әуе трассасы, ЖӘЖ, ұшу маршруты немесе ауданы бойынша, межелі (негізгі) әуеайлақтағы және қосалқы әуеайлақтардағы метеорологиялық жағдайды зерделеу және аэронавигациялық жағдайды нақтылау;
2) ұшуды орындау үшін қажетті құжаттаманы алу;
3) ұшу биіктіктерінің қауіпсіздіктерін және төменгі қауіпсіз эшелонды (эшелондарды) анықтау;
4) ұшудың жұмыс жоспарын (навигациялық есептеуді) толтыра отырып, алдын ала есептеуді орындау немесе аэронавигациялық ақпарат органдары ұсынған ұшу маршруты бойынша навигациялық есептеуді бақылау;
5) ұшу бағдарламаларын алу және әуе кемесінің навигациялық кешенінен енгізу;
6) болжамды желді және аэронавигациялық отын запасын ескере отырып, ұшып шығу пунктінен межелі әуеайлаққа дейін ұшуға тұтынылатын отын мөлгерін есептеу;
7) қосалқы әуеайлаққа кету (кері қайту) шебін есептеу;
8) әуе кемесінің осы үлгісінің ҰПБ көзделген жұмыстарды әуе кемесінде орындау.
31. Ұшудың жұмыс жоспары (навигациялық есеп) әрбір көзделген ұшуға немесе ұшулар сериясына пайдаланушының ҰОБ сәйкес жасалады. Ұшудың жұмыс жоспарын әуе кемесінің командирі және, бұл ҰОБ көзделген кезде, ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері (ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуде әуе кемесінің командиріне көмектесетін пайдаланушы тағайындаған тұлға) бекітеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).32. Ұшудың жұмыс жоспарына келесі ақпарат енгізіледі:
1) әуе кемесінің үлгісі;
2) рейс нөмірі, ұшу күні, әуе кемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірі;
3) әуе кемесінің экипажы;
4) ұшып шығу және қону әуеайлақтары,
5) бұрылу пункттерін және міндетті хабарландыру пункттерін қоса алғанда, ұшу маршруты, олар арасындағы қашықтық, уақыт және қосалқы әуеайлақтарға ұшуды қоса алғанда, маршруттағы берілген жол бұрыштары;
6) жоспарланған іс жүзіндегі және крейсерлік жылдамдық және жалпы ұшу уақыты, көрсетілген пункттерді қиып өтудің есептік және іс жүзіндегі уақыты;
7) ұшудың ең аз қауіпсіз биіктіктері (эшелондары), ұшудың жоспарланған биіктіктері (эшелондары);
8) отынды, ұшуда отын шығысын бақылау жазбалары бойынша есептеу;
9) қосалқы, межелі, ұшып шығу және маршруттағы әуеайлақтар;
10) ұшуда өзгертілген ұшулар жоспарын есептеу;
11) метеорологиялық ақпарат;
12) пайдаланушы ҰОБ белгілеген қосымша ақпарат;
13) егер жоғарыда тізілгеннің кез келгеніндегі ақпарат әуе кемесінің экипажына қол жетімді басқа құжатта болса, ол ұшудың жұмыс жоспарында келтірілмеуі мүмкін.
Ұшулардың жұмыс жоспарының бір данасы пайдаланушының өкіліне беріледі немесе, бұл мүмкін болмаса, ұшып шығу пунктінде сақтауға тапсырылады.
33. Әуе кемесінің командирі брифингте келесі ақпаратты нақтылайды:
1) әуе кемесі туралы мәліметтер, оның тіркеу нөмірі, конструкция массасы, орталықтандыру, техникалық дайындығы және тұрақ нөмірі;
2) ұшып шығу уақыты (ұшу жоспары өзгертілген жағдайда);
3) ұшу маршрутындағы және қону әуеайлақтарындағы өзгерістер;
4) қосалқы әуеайлақтар, негізгі және қосалқы әуеайлақтардың техникалық дайындығы;
5) аэронавигациялық запасты ескере отырып, отынның қажет етілетін мөлшері;
6) шекті және көзделетін коммерциялық жүктеме;
7) ұшып көтерілудің және қону әуеайлақтарының нақты шарттары үшін әуе кемесінің рұқсат етілетін ұшып көтерілу массасы;
8) ұшу режимі жөніндегі ақпарат.
34. Экипаж құрамында болған жағдайда, брифинг бөлмесінде алдағы ұшу бойынша қажетті ақпаратты алғаннан кейін, бортинженер немесе бортмеханик әуе кемесіне оны дайындау үшін барады.
Әуе кемесінің командирі, екінші пилот және штурман метеорологиялық қамтамасыз ету пунктінде немесе брифинг бөлмесінде азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен анықталған кезеңге метеорологиялық жағдайлармен, трасса бойынша жел режимімен, ұшып шығу әуеайлағындағы, қону пункттеріндегі және қосалқы әуеайлақтардағы іс жүзіндегі және болжанатын ауа райымен танысады. Қосалқы әуеайлақ өзгерген жағдайда әуе кемесінің командирі әуе кемесіне қосымша отын құю туралы шешім қабылдайды немесе ӘҚҚК органдарымен қосымша аралық қонуды келіседі.
35. Ұшуды дайындау және орындау үшін, пайдаланушының немесе пайдаланушымен уағдаластық бойынша басқа авиациялық ұйымның аэронавигациялық қызметтері экипаж мүшелеріне: штурманға, екінші пилотқа, әуе кемесінің командиріне немесе борт радистіне бақылау даналарымен салыстырылған, ұшу карталары бар аэронавигациялық деректер жинақтары мен регламенттерін қоса алғандағы, қаражат пен жабдық заттарын береді.
2-параграф. Брифинг бөлмесіндегі ұшар алдындағы дайындалу
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Әуе кемесінің командирі:
1) экипаждың штурмандық дайындалуын ұйымдастырады және өткізеді;
2) экипаж мүшелерінен алдағы ұшу үшін ұшу және ақпараттық құжаттардың бар болуы туралы баяндамалар қабылдайды;
3) экипаж мүшелерімен бірге аэронавигациялық жағдайды, рульдеу, ұшып шығу, биіктікке көтерілу және әуеайлақ ауданынан шығу схемасын нақтылайды;
4) ұшуды орындаумен байланысты барлық ескертулермен және шектеулермен аэронавигациялық деректер жинақтары мен регламенттері және ескертулер парағы бойынша танысады;
5) ұшып көтерілудің әрбір нақты жағдайы, ұшып көтерілу кезіндегі жылдамдық, ұшу дистанциясының ұзындығы үшін әуе кемесінің ең жоғары ұшып көтерілу массасын есептеу дұрыстығына көз жеткізеді;
6) жергілікті жердің сипатына сай, авариялық қону үшін алаңдардың бар болуына, тәулік мезгіліне және метеожағдайларға қарай авариялық жағдай пайда болу жағдайларындағы, соның ішінде ұшып көтерілуден кейін жедел қону жағдайларына экипаждың нақты іс-әрекеттерін айқындайды;
7) брифинг бойынша диспетчеріне Халықаралық азаматтық авиация ұйымының "Әуе қозғалысының құрылымы" Doc.4444 ATM/501, ИКАО құжатына сәйкес толтырылған флайт жоспарды (ұшу жоспарын) ұсынады.
37. Екінші пилот:
1) ұшып шығудың нақты жағдайы үшін әуе кемесінің ең үлкен ұшып көтерілу массасын, шекті коммерциялық жүктелуді есептейді, рұқсат етілген массаны ұшудың навигациялық есебін (жұмыс жоспарын) салыстырады. Өзгерістер туралы брифинг бойынша диспетчеріне хабарлайды;
2) ҰҚЖ жай-күйін және ілініс коэффициентін және әуе кемесінің ҰПБ сәйкес басқа деректерді ескере отырып, ұшып көтерілудегі жылдамдықты, ұшу дистанциясының ұзындығын анықтайды. Алынған мәндерді әуе кемесінің командиріне және штурманға (ол экипажда болған кезде) навигациялық есепке (ұшудың жұмыс жоспарына) енгізу үшін хабарлайды;
3) экипаж мүшелерімен бірге навигациялық жағдаймен нақтылайды, ұшуды орындаумен байланысты барлық ескертулермен және шектеулермен танысады;
4) экипажда штурман болмаған кезде, егер олар болса, ұшудың навигациялық есебіне немесе ұшудың жұмыс жоспарына, соның ішінде SITA арналары бойынша өзгерістер енгізеді;
5) маршрут бойынша қауіпсіз биіктіктерді, кету (кері қайту) шептерін және бұл кезде қажетті отын мөлшерін есептейді;
6) әуе кемесінің командирімен бірге, ұшудың навигациялық есебін жүргізеді.
38. Екінші пилот, экипаж құрамында бар жағдайда - штурман:
1) әуе кемесінің командиріне қажетті ұшу құжаттамасының бар болуы туралы баяндайды;
2) экипажбен бірге ұшуды орындаумен байланысты ескертулермен және шектеулермен танысады;
3) ұшудың толық навигациялық есебін орындайды (аэронавигациялық ақпарат қызметтерінен ұшудың навигациялық есебі немесе жұмыс жоспары болмаған кезде) немесе штурмандық борттық журналды толтыра отырып, аэронавигациялық ақпарат қызметтері ұсынған ұшудың навигациялық элементтерінің дұрыстығын бақылайды;
4) ұшудың қауіпсіз биіктіктерін және төменгі эшелондарын, ал таулы жерде маршрут учаскелері бойынша АҰЕ және БҰЕ бойынша ұшулар үшін есептейді, ал төменгі эшелоннан төмен ұшулар кезінде төменгі эшелоннан төмен ұшудың қауіпсіз биіктігін және әуеайлақ ауданында қауіпсіз ұшу биіктігін қосымша есептейді;
5) кету (кері қайту) шептерін және бұл кезде қажет отын мөлшерін есептейді;
6) жеке сағатының көрсеткіштерін бақылау сағатының көрсеткіштерімен салыстырады және әуе кемесінің командиріне навигациялық дайындалуды аяқтау туралы хабарлайды.
39. Штурман ұшар алдындағы дайындалу үдерісінде:
1) қауіпті метеорологиялық құбылыстары бар аймақтардың ұшу маршруты бойынша орналасуына, навигациялық құралдардың, қону жүйелерінің жұмыс тәртібіне және әуе кеңістігін пайдалану бойынша шектеулердің бар болуына ерекше назар бөле отырып, метеорологиялық және навигациялық жағдайды зерделейді;
2) әуе трассалары бойынша бақылау данасымен салыстырылған ұшу карталарын аэронавигациялық ақпарат жинақтарын алады;
3) ұшып көтерілу, қону және қосалқы әуеайлақтардың ауданында ұшу үшін ең аз қауіпсіз биіктікті аэронавигациялық ақпарат деректері бойынша нақтылайды;
4) аэронавигациялық немесе радионавигациялық карталардың деректері бойынша маршрут бойынша төменгі қауіпсіз эшелондарды, ал таулы жерде төмендеуге маршрут учаскелері бойынша есептейді немесе нақтылайды. Төменгі эшелоннан төмен ұшулар кезінде әуеайлақ ауданында ұшудың қауіпсіз биіктігін есептейді;
5) аэронавигациялық ақпарат қызметтерінен ұшудың жұмыс жоспарының немесе SITA ақпаратының басылымы болмаған кезде ұшудың жұмыс жоспарын жасайды – аэронавигациялық запасты ескере отырып, жел болжамын және отынның тұтынылатын мөлшерін ескеріп, ұшудың навигациялық элементтерін маршрут учаскелері бойынша есептейді;
6) қосалқы әуеайлаққа кету (кері қайту) шебін және кету (кері қайту) шебінен отынның тұтынылатын мөлшерін есептейді;
7) жеке және борттық сағаттардың көрсеткіштерін бақылау сағатының көрсеткіштерімен салыстырады;
8) ұшып шығар алдында әуе кемесінің ҰПБ көзделген жұмыстарды орындайды және әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
Экипаж құрамында штурман болмаған кезде ұшар алдындағы дайындалу үдерісінде оның міндеттерін екінші пилот орындайды.
40. Екінші пилот, экипаж құрамында бар жағдайда - штурман әуе кемесінің командиріне ұшу үшін қажетті құжаттаманың бар болуы және оған енгізілген өзгерістер туралы баяндайды. Экипажбен бірге алдағы ұшумен байланысты шектеулермен және ескертулермен, навигациялық жағдаймен танысады, радиобайланыс жүргізу схемасын нақтылайды.
41. АМСА-да әуе кемесінің командирі, екінші пилот, штурман ұшып шығу, қону және қосалқы әуеайлақтардағы болжамдар және іс жүзіндегі ауарайы туралы ақпаратты нақтылайды. Барийлік жүйелердің, қарсы бөлімдердің, ағынды ағымдардың, тропоүзілістердің сипаттамасын қосатын ауызша консультация алады. Әуеайлақ ауданында қауіпті метеорологиялық құбылыстардың бар болуын метеорологиялық радиолокатордың деректері бойынша нақтылайды, трассаға қауіпсіз шығу мүмкіндігін бағалайды.
Ескертпе: Экипажды метеорологиялық дайындау көлемі мен мазмұны азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.
42. Әуе кемесінің командирі немесе пайдаланушының тағайындалған өкілі (ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері) брифинг бөлмесінде дайындықты аяқтаған соң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін ұшу жоспарын ӘҚҚК органының брифинг диспетчеріне ұсынады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-параграф. Ұшар алдындағы "брифинг" үлгісі бойынша ақпараттық консультациялық қызмет көрсету
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Әуе кемелерінің экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету әуе кемелері экипаждарының ұшып шығуға өздігінен дайындалуын көздейді.
44. Әуеайлақтық метеорологиялық орган пайдаланушы және экипаждың ұшу мүшелеріне метеорологиялық құжаттаманы уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді. Метеорологиялық құжат әуеайлақтың метеорологиялық органның кеңсесінде немесе брифинг бөлмесінде әуе кемесінің экипажына (пайдаланушыға немесе оның өкіліне) беріледі. Сұрау салу бойынша ұшу экипажының мүшелеріне және (немесе) өзге қызметкерлеріне өндірістік ұшуларға байланысты консультация беріледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).45. Ұшар алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету кезінде транзиттік рейстердің экипаждары ұшар алдындағы ақпарат пакеттерімен қамтамасыз етіледі.
46. Брифинг бойынша диспетчер мынадай функцияларды орындайды:
1) аэронавигациялық ақпарат қызметінен ұшу ақпаратының бюллетенін, NOTAM және SNOTAM алады;
2) ұшуларға тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпаратты стендке уақтылы қояды;
3) әуе кемелерінің экипаждарына аэронавигациялық жағдайға қатысы бар анықтамалық материалдарды береді;
4) әуе кемелерінің экипаждары (пайдаланушыға немесе оның өкіліне) үшін ұшар алдындағы ақпарат пакетін тәуліктік ұшулар жоспарына сәйкес қалыптастырады, оларға: метеорологиялық құжаттама, флайт жоспарлар бланкілері, ұшу ақпаратының бюллетені, NOTAM, SNOTAM және ұшудың (ұшулардың) навигациялық жоспары кіреді береді;
5) флайт-жоспарды (ұшу немесе ұшулар жоспарын" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес тиісті мекенжайларға жібереді;
6) әуежайдың тәуліктік ұшулар жоспарының көшірмесіне ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетуді өткізу туралы белгі жасайды;
7) тәуліктік ұшулар жоспарына енгізілмеген рейстерге өтінімдер келіп түскен кезде олар үшін ұшар алдындағы ақпарат пакеттерін дайындайды;
8) аэронавигациялық ақпарат қызметтерінен әуе кемелерінің экипаждарынан берілген өтінімдердің негізінде ұшу ақпаратының бюллетень дерін сұратады;
9) метеорологиялық қамтамасыз ету органдарының қызметтеріне әуе кемелерінің экипаждарынан (пайдаланушыдан немесе оның өкілінен) берілген өтінімдердің негізінде метеорологиялық құжаттаманы дайындауға өтінім береді;
10) әуе кемелерінің экипаждарынан флайт-жоспарды дұрыс толтыруды талап етеді.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).47. Брифинг бойынша диспетчер мыналарды:
1) әуежайдың тәуліктік ұшу жоспарына және берілген флайт жоспарға сәйкес әуежайдан ұшып шығатын әуе кемелерінің экипаждары үшін ұшар алдындағы ақпарат пакетін уақтылы және толық ұсынуды;
2) ұшуларға тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпаратты уақтылы жеткізуді;
3) брифинг бөлмесінде тұрған құжаттардың сақталуын;
4) әуе кемелерінің экипаждарына (пайдаланушыға немесе оның өкіліне) сапалы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді және өзінің лауазымдық нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).48. Аэронавигациялық ақпарат қызметтері немесе NOTAM - офистері ұшу ақпаратының бюллетендерін және әуеайлақтары мен әуе трассалары бойынша тыйым салулар мен шектеулер туралы ескертулер парақтарын тиісті түрде және дұрыс дайындауды және беруді қамтамасыз етеді және бақылайды.
48-1. Аралық әуежайларда әуе кемелерінің экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультативтік қызмет көрсеткен кезде ұшу алдындағы дайындық уақытын қысқарту мақсатында пайдаланушы немесе оның өкіліне метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын бортқа жеткізуге рұқсат береді.
Пайдаланушы немесе оның тағайындалған өкілі әуе кемесінің экипажын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 наурыздағы ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын толық көлемде дер кезінде қамтамасыз етуді және оны жеткізуді ұйымдастырады, оларға: флайт-жоспар, ұшар алдындағы ақпарат бюллетені, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) және ұшудың навигациялық жоспары кіреді.
Ескерту. 3-параграф 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.12.2018 № 908 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1-параграф. Ұшу экипажы мүшелерін, егер пайдаланушы осы мақсат үшiн ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердi пайдалануды алдын ала көздесе, ұшар алдында дайындаудың ерекшелігі
Ескерту. 3-1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 3-бөлім 3-1 параграфпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
48-2. Егер пайдаланушының ұшақтарында пайдалану-бақылау және ұшу - диспетчерлiк қамтамасыз ету шараларынуәкілетті ұйымға бекіткен жағдайда, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді пайдалана отырып, ұшу экипажының мүшелерін ұшар алдында дайындау жүргізіледі.
Бұл жағдайда ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер және әуе кемесінің командирі ұшар алдындағы дайындық жүргізу сапасына және ұшуға басшылық жасауға жауап береді.
Ескерту. 48-2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48-3. Пайдаланушының ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері мынадай функцияларды орындайды:
1) ұшуға дайындаған кезде әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдармен, әуеайлақтық метеорологиялық органдармен және радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану қызметімен байланысты қамтамасыз етеді (РТЖжәнеБПҚЕҚ);
2) ұшып шығатын әуеайлақтың әуеайлақтық метеорологиялық органымен немесе пайдаланушының метеорологиялық қамтамасыз ету органымен (бар болған жағдайда) консультация өткізеді және алдағы ұшуға қатысты метеорологиялық ақпарат алады және ұшып шығатын, қонатын және қосалқы әуеайлақтың нақты және болжамды ауа райына, ұшу бағыттары мен іргелес аудандарының ауа райына талдау жүргізеді;
3) ұшуларды жүзеге асыру жоспарына қатысты ақпаратты пайдаланушының тиiстi бөлiмдерiне жібереді;
4) ұшып шығатын әуеайлақтың брифинг бойынша диспетчерiнен (аэронавигациялық ақпараттар қызметі) немесе аэронавигациялық қамтамасыз ету және ұшуларды жоспарлау бойынша қызметтерді көрсететін мамандандырылған компаниялардан ұшар алдындағы ақпарат бюллетенін, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасын, ұшуға салынған тыйымдар және қойылған шектеулер туралы ақпаратты алады;
5) ұшар алдындағы ақпарат бюллетеніне, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасына талдау жасайды, қосалқы әуеайлаққа кететін уақыты асырылған бағытпен (бұдан әрі - ЕДТО) қосалқы әуеайлаққа дейін 60 минуттан асатын ұзақтықпен, турбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуына арналған қосалқы әуеайлақты және қауіпсіз, үнемді бағытты және ұшу бейінін таңдайды;
6) ұшулардың қауіпсіз орындалуы үшін отынның санын есептейді;
7) аэронавигациялық қамтамасыз ету және ұшуларды жоспарлау бойынша қызмет көрсететiн компаниялардан негізгі және қосалқы әуеайлақтар, ұшар алдындағы бюллетень, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасы, ең төмен деңгейдегі жабдықтар (MEL) тiзiмдерiн, әуе кемесінің барынша ықтимал ұшу және отырғызу салмағы туралы ақпаратты, ұшу бағыттарына арналған метеорологиялық жағдай ескерілген ұшудың жұмыс жоспарын алады және өздігінен әзірлейді және осы жоспарды әуе кемесінің командиріне қарауға бередi;
8) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығуға, шудың төмендеуін пайдалануда қабылдайтын бағыттық құралдарға, аэронавигациялық құрал-жабдықтарға, әуеайлақтық құралдар мен жабдықтарға, ӘҚҚК және байланыс қағидаларына, ұшар алдындағы бюллетеньге, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасына, ұшу-қону жолағының жағдайына, iздестiру және құтқару құралдарына, сондай-ақ ұшуға ықпалын тигiзе алатын ақпарат пен ұйғарымға қатысты барлық соңғы ақпараттар мен деректерді дайындайды;
9) егер ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті жағдай орын алса рейсті кешіктіреді немесе болдырмайды;
10) әуеайлақтық метеорологиялық органда (консультация қажет болса) метеорологиялық консультация берген кезде әуе кеменің командирімен бірге қатысады;
11) алған метеорологиялық ақпаратты әуе кемесінiң командиріне бередi және қажет болатын бағыттарға, абсолюттi биiктiктерге және жол сызықтарына қатысты, сонымен қатар қандай қосалқы әуежайлар түрлi әуежайлар үшiн жарамды деп саналатынына қатысты консультациялар береді;
12) оған бағытты таңдауда ықпалын тигiзетiн факторларға назар аудара отырып, дайындалған бағыттарға жасалған талдауды және ұшудың жұмыс жоспарын көрсетедi;
13) әуе кемесінің командирі мақұлдаған ұшудың жұмыс жоспарын алады;
14) әуе кемесінің командирі қол қойғаннан кейін ұшудың жұмыс жоспарына қол қояды;
15) әуе кемесінің командирін осы Қағидалардың 8) тармақшасында көрсетілген ұшу бағыттарына қатысты барлық соңғы ақпараттармен, сонымен қатар метеорологиялық құжаттармен, ұшудың (ұшулардың) навигациялық жоспарымен және тыйым салынған және шектеу қойылған ұшулар туралы ақпараттармен уақтылы қамтамасыз етеді;
16) әуе кемесінің командирі қол қойғаннан кейін ӘҚҚК ұшу жоспарын (флайт-жоспар) әзірлейді;
17) ұшып шығатын әуеайлақтың брифинг бойынша диспетчеріне ӘҚҚК ұшу жоспарын (флайт-жоспар) береді;
18) байланыс арналары арқылы әуе кемесінiң командирін ұшу барысында қажет болатын ұшу жоспарындағы кез-келген өзгерістерге, ұшқанда ұшулардың қауiпсiздiгіне қатысты ақпаратпен қамтамасыз етедi.
4-параграф. Әуе кемесіндегі ұшар алдындағы дайындау
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
49. Ұшуға дайындау кезінде, бортинженер немесе бортмеханик, экипаж құрамында болған жағдайда:
1) әуе кемесін ұшып шығуға дайындайтын авиатехниктен техникалық жарамдылық және онда орындалған жұмыстар туралы ақпарат, кеме құжаттарын, борттық журналда наряд картасында жазбалары бар ресімделген техникалық құжаттаманы, әуе кемесінің кілтін алады;
2) ҰПБ, әуе кемесінің осы үлгісін ұшар алдындағы дайындауды ұйымдастыру және технологиясы жөніндегі нұсқаулықта көзделген әуе кемесін ұшар алдындағы қарауды және тексеруді жүргізеді;
3) борттық журналдың мазмұнымен және әуе кемесінің жеке ерекшеліктерімен танысады, техникалық қызмет көрсету туралы, ұшуда анықталған ақауларды және (немесе) істен шығуларды жою туралы жазбаларды тексереді;
4) жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі – ЖЖМ) іс жүзіндегі құйылуын есептік құйылуымен салыстырады;
5) жолаушылар салонының мүлігін және буфет жабдығын қабылдау туралы бортсеріктің баяндамасынан кейін борттық журналға әуе кемесін қабылдау туралы қол қояды;
6) әуе кемесі командирінің келуі бойынша оған әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы баяндайды;
7) тиеуді (жүкті, багажды, поштаны) тиеуді аяқтау бойынша авариялық және жүк люктерінің жабылуын тексереді, ұшуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізуге наряд картаға қол қояды;
8) жолаушылар отырғаннан кейін қадалар, тығындар, тетік қысқыштар, жерге қосулар алып тасталғанына және бортта тұрғанына көз жеткізеді. Трапты алып тастауға команда береді немесе борттық трапты алып тастайды, фюзеляждың барлық есіктерін жабады, экипаж кабинасының есігін ішкі құлыпқа салады;
9) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
50. Әуе кемесінің командирі әуе кемесіне келуі бойынша:
1) бортинженерден (бортмеханиктен) немесе жердегі авиация персоналынан әуе кемесінің ұшуға дайындығы, құйылған отынның мөлшері, борттық журналда көрсетілген пайдалану ерекшеліктері туралы, сондай-ақ алдынғы ұшуда немесе ұшар алдындағы қарау уақытында анықталған ақаулар және оларды жою туралы баяндама қабылдайды;
2) екінші пилоттан, аға бортсеріктен (бортсеріктен) орталықтандыру кестелерінің, тасымалдау құжаттарының бар болуы туралы, жолаушылардың, жүктің, багаждың, поштаның іс жүзіндегі саны, ұшу массасы және әуе кемесінің орталықтандыруы туралы баяндама қабылдайды;
3) әуе кемесін қарауды жүргізеді және кабинадағы өзінің жұмыс орнын ҰПБ сәйкес дайындайды, экипаж мүшелерін әуе кемесінің жеке ерекшеліктерімен таныстырады;
4) жалпы ұшар алдындағы дайындауды аяқтағаннан кейін және экипаж мүшелері жұмыс орындарына отырғаннан кейін старт алдындағы дайындауды экипаждың жұмыс технологиясына сәйкес жүргізеді;
5) старт алдындағы дайындауды аяқтағаннан кейін "Қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат сұратылсын" командасын береді немесе қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосуға рұқсат сұрайды.
51. Екінші пилот:
1) ҰРБ сәйкес әуе кемесін қарауды орындайды;
2) тасымалдау құжаттарын және әуе кемесінің орталықтандыру кестесін алады;
3) орталықтандыруды есептеу дұрыстығын тексереді;
4) багаж үй-жайларын қарауды жүргізеді; жүкті іс жүзіндегі орналастыруды және оның бекітілуін тексереді;
5) бортсеріктерге жолаушыларды әуе кемесінде орталықтандыру кестесіне сәйкес орналастыру тәртібі туралы нұсқау береді;
6) тасымалдау құжаттарына және орталықтандыру кестесіне қол қояды;
7) салондарды қарауды жүргізеді және өзінің жұмыс орнын дайындайды;
8) ұшып көтерілу параметрлерін есептеуді нақтылайды;
9) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
52. Штурман, экипаж құрамында болған жағдайда:
1) әуе кемесін қарауды жүргізеді және өзінің жұмыс орнын ҰПБ сәйкес дайындайды;
2) түзетілер кестесінің бар болуын және олардың орнатылған жабдыққа сәйкестігін тексереді;
3) борттық журналда көрсетілген навигациялық және радиолокациялық жабдықтың ақауларын жоюды тексереді;
4) жұмыс орнындағы жабдықты ҰПБ сәйкес тексереді және оны жұмысқа дайындайды;
5) әуе кемесінің іс жүзіндегі массасы мен орталықтандыруының өзгеруі кезіндегі есептік деректерді нақтылайды;
6) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды;
7) әуе кемесін қарауды жүргізеді және өзінің жұмыс орнын ҰПБ сәйкес дайындайды;
8) әуе кемесінің радио және электр жабдығының ақауларын жоюды тексереді;
9) жұмыс орнындағы жабдықты ҰПБ сәйкес ұшуға дайындайды;
10) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
53. Бортсеріктер:
1) жолаушылар салондардың жолаушыларды қабылдауға дайындығын тексереді, бөгде заттардың немесе қалдырылған заттардың жоқ болуына көз жеткізеді;
2) тұрмыстық жабдықтың, оттегі аспаптарының, өрт сөндіргіштердің бар болуын және жай-күйін, дәретханаларда судың, химиялық сұйықтықтардың бар болуын тексереді;
3) ұшақтың сөйлесу құрылғысының (бұдан әрі – ҰСҚ) - әуе кемесінің экипаж мүшелері арасындағы ішкі телефон байланысына, ұшқыштар экипажымен телефон байланысына арналған жабдықтың жұмысын, магнитофонның жұмысын тексереді;
4) багаж-жүк бөлімшелерінің және асхана буфетінің жай-күйін тексереді;
5) тұрмыстық ауысым мүкәммалын, борттық азық-түлікті және басқа жолаушыларға қызмет көрсету құралдарын, сондай-ақ жүкті, поштаны, багажды қабылдайды;
6) салон мен дәретхананы құралдарымен толық жарақтайды, траптың орнатылуын тексереді;
7) әуе кемесінің авариялық-құтқару жабдығын тексереді.
54. Аға бортсерік (бортсерік) борттық журналға тұрмыстық және авариялық-құтқару жабдығын қабылдау туралы қол қояды, әуе кемесінің командиріне немесе бортинженерге жолаушыларды қабылдауға дайындық туралы баяндайды. Жолаушыларды отырғызуды аяқтау бойынша әуе кемесінің командиріне "Бортсеріктер бригадасы және жолаушылар ұшуға дайын" деп баяндайды. Әуе кемесінің командирінен ішкі сигнал беруді қолдану тәртібі туралы нұсқау алады.
55. Әуе кемесінің командирі ұшар алдындағы дайындаудың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді.
56. Аралық әуежайда ұшар алдындағы дайындау кезінде экипаж бастапқы әуежай үшін әзірленген технологияны басшылыққа алады, бұл ретте мыналарды ескереді:
1) экипаж мүшелерін медициналық бақылау жүргізілмейді;
2) экипаж әуе кемесін сырттан қарауды ғана жүргізеді.
4-тарау. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) дайындау
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) әуе кемелерін қабылдауға, шығаруға және қызмет етуге дайындау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына және ИКАО ұсынылған практикасы мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
58. Әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды, қону алаңын пайдаланудың барлық кезеңінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сертификаттық талаптарға сәйкестігі үшін жауапты әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушы болып табылады.
59. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) күнделікті ұшуларға дайындығын әуеайлақты пайдаланушының (азаматтық авиация мекемесінің) әуеайлақ қызметі қамтамасыз етеді. Әуеайлақ қызметінің міндеті ұшу алаңдарын әуе кемелерінің қауіпсіз және тұрақты ұшуын қамтамасыз ететіндей жағдайда тұрақты түрде ұстап тұру болып табылады.
60. Әуеайлақ қызметі:
1) ұшу алаңын соның ішінде радиомаяктық жүйелер аймақтарын ұшуларға мезгілді және сапалы дайындауды;
2) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) ұшу алаңы элементтерінің параметрлерін өлшеуді, тексеруді және жай-күйін бағалауды;
3) ұшу алаңын, ұшып-қону жолағын, рульдеу және магистральді жолдарды, су бұрғыш, дренаждық жүйелерді, әуежайдың ішкі жолдарымен бекет маңы алаңдарын ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді;
4) ұшу басшысының рұқсатымен ұшу алаңында жұмыстарды орындауды;
5) ұшу алаңында өзге қызметтер жүргізетін жұмыстарды келісуді;
6) техникалық қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындауды,
қамтамасыз етеді.
61. Әуеайлақтың ұшуға дайындығын анықтайтын тұлғалар (жердегі ғимараттарды пайдалану бөлімінің бастығы, егер әуеайлақты қамтамасыз ету аталған бөлімнің міндетіне кіретін болса), аға (ауысым) инженері, әуеайлақ қызметінің шебері, немесе азаматтық авиация мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен ұшу алаңын ұшуға дайындауға жауапты басқа тұлға:
1) ұшу алаңына тұрақты түрде пайдалануға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз етеді;
2) ұшу алаңын әуе кемелерінің ұшуларына дайындығын және жай-күйін тексереді;
3) жөндеу және құрылыс жұмыстары, ұшу алаңындағы жөндеу және құрылыс туралы журналға дер кезінде жазып отырады;
4) құрылыс және басқа да жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) әуе кемелерін қабылдауға, шығаруға дайындығын жеке өзі тексереді;
5) жұмыс өндірісі және ұшу алаңының жай-күйі туралы әуеайлақтағы ӘҚҚК органына хабарлайды.
62. Әуеайлақ қызметінің қызметкерлері кезекшілікке түскен кезде және кезекшілік кезінде:
1) әуе кемелерінің ұшуларына ұшу алаңының дайындығын тексереді және бақылау жүргізеді;
2) арнайы құралмен жабдықталған, арнайы бөлінген автокөлікті пайдалана отырып ЖҰҚЖ ұстасу коэфициенті мәндерін анықтайды;
3) ұшу алаңының жай-күйі туралы журналға бақылау нәтижелерін белгілейді;
4) ұшу алаңының жай-күйі туралы әуеайлақтағы ӘҚҚК органына хабарлайды.
63. Жасанды жамылғылы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) дайындауға:
1) грунтпен кернеле күшейтіліп ЖҰҚЖ шеттеріне таяп орналасқан ұшу алаңының грунттық бөліктеріне жақын орналасқан жамылғылар бетінің жай-күйін тексеру;
2) жасанды жамылғылардың тегістігін тексеру және бетіндегі жіберілуге болмайтын кемшіліктерді анықтау;
3) жасанды жамылғыларды балшықтан, тастан және басқа да заттардан тазарту;
4) ұшу алаңынан бөгде заттарды алып тастау;
5) жарық беру өлшеміне және лак-бояу материалдарының көнеруіне байланысты жасанды жамылғылардың белгілерін көктем-жаз және күз-қыс маусымдарында жаңарту;
6) жіктерді, жарықтарды бітеу;
7) су жыралы-дренаждық құрылғылардың өткізу қабілетін қамтамасыз ету;
8) ұшу алаңы грунттық бөлігінің тегістігі мен бірдей беріктігін, шөп қалыңдығының белгіленген биіктігі мен сапасын қамтамасыз ету,
кіреді.
64. Жасанды жамылғылар бетінің күнделікті тексеру нәтижелері бойынша олардың ұшуға жарамдылығы туралы баға беріледі, ол ұшу алаңының жай-күйі туралы журналында бекітіледі.
65. Ұшу алаңының жай-күйі туралы журналға жазу ауысымға түсу кезінде, ұшу алаңы бетінің жай-күйі өзгергенде, ұшу алаңын әуе кемелерінің ұшуларына дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейін жасалады.
5-тарау. Азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
66. Осы тарау Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын айқындайды.
67. Осы тараудың талаптары тұрақты ұшуларды дайындауға, қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілеріне таралады.
68. Технологиялық рәсімдерді әуе кемесін жөнелтуге дайындаудың, авиакомпания, әуежай және әуежайда әуе кемесін дайындауға әрекет етуші қызметтер аралығында келісілген, технологиялық кестесіне сәйкес орындау уақытылығы мен сапасын тікелей орындаушы қамтамасыз етеді.
69. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында жедел ауысымдар диспетчері (аға диспетчері) барлық өндірістік буындардың технологиялық рәсімдерді орындау жөніндегі қызметін әуе кемесін жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес басқару жеделдігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
70. Әуе кемесінің командирі алынған тапсырмаға сәйкес экипажды дайындау уақытылығын және ұшуды орындауды қамтамасыз етеді.
71. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында қызмет (ауысым) басшысы қызметтің (ауысымның) технологиялық рәсімдерді әуе кемесін жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес орындауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
72. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында жедел ауысым басшысы:
1) жөнелтуге дайындау, ұшуларды жердегі қамтамасыз ету кешенін жұмысқа дайындау кезінде барлық қызметтердің жедел ауысымдарының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді;
2) кідірістердің алдын алу, кідірістер уақытын ең көп қысқарту, жолаушылар және әуе кемесін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежай, авиакомпаниялар үшін әуе кемелерін жөнелту кідірістерінің кері салдарларын азайту бойынша шаралар қабылдауды;
3) кідірістер себептерін анықтау объективтігін, оларды ресімдеу мен есебін жүргізу дұрыстығын, ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептілікті ұсынудың шынайылығы мен уақытылығын жедел сменада,
қамтамасыз етеді.
73. Авиакомпания өкілі әуе кемесін дайындаудың технологиялық кестесінде көзделген рәсімдерді орындау уақытылығын, әуе кемелерінің қозғалысы туралы табельге сәйкес ұсынылатын ақпараттың уақытылығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.
74. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында диспетчерлік қызметтің басшысы ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді басқару жеделдігін, ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтердің өзара әрекеттесуін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу сапалылығын, кідірістер себептерін анықтау объективтігін, ұшулардың тұрақтылығы бойынша есеп жүргізу мен есептіліктің шынайылығын қамтамасыз етеді.
75. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайлардың, авиакомпаниялардың және басқа ұйымдардың басшылары осы Қағиданың 5-тарауының орындалуын қамтамасыз етеді.
76. Ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар азаматтық авиация ұйымының тиісті ережелерінде және лауазымдық нұсқаулықтарында бекітіледі.
2-параграф. Ұшулардың тұрақтылығын бағалау
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
77. Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығы рейстерді жөнелтудің тұрақтылығы бойынша бағаланады.
78. Егер әуе кемесінің орнынан қозғалуы (әуе кемесінің турағынан) буксирленуі немесе әуе кемесінің өз қуатымен рульденуі кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген уақыттан кешікпей жүргізілген жағдайда рейсті жөнелту тұрақты болып есептеледі.
79. Жөнелту кезінде рульдеуді қамтамасыз етуге уақыт бойынша белгіленген аралықтар әуе кемелерінің барлық үлгілері үшін - 15 минут.
80. Кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген рейсті жөнелту уақыты жолаушыларға және азаматтық авиация ұйымдарының диспетчерлік қызметтері үшін бірыңғай болып табылады.
81. Әуе кемелері жөнелтулерінің тұрақтылығы, тұрақты жөнелтілген рейстердің кестеде көзделген рейстердің жөнелтулерінің жалпы санына қатынасы ретінде, пайыздармен анықталады.
3-параграф. Ұшулар тұрақтылығының есебін жүргізу қағидаттары
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
82. алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
83. Кестеде көзделмеген әуе кемелері әуежайларға қонған кезде оларды осы әуежайлардан жөнелту тұрақтылығы ескерілмейді.
84. Әуе кемелерін жөнелтуді кідірту осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген Ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің сыныптағышына (кодтағышына) сәйкес, әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайға, авиакомпанияға және басқа ұйымдарға жатады.
85. Рейс:
1) коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан рейсті болдырмау;
2) коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан немесе минимумнен төмен метеожағдайларға байланысты әуе кемесінің аралық әуежайдан ұшып өтуі кезінде,
жоспарланғандар санынан алып тасталады.
86. Әуе кемесін ауыстырған кезде жөнелту тұрақтылығы кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі.
87. Егер әуе кемесінің жөнелтуі есептегі уақыттан кешігіп жүргізілсе, бірақ маршрут бойынша қону нүктесіне әуе кемесі кестеде бекітілген уақыт бойынша келген жағдайда рейстің орындалуы тұрақты болып есептеледі.
88. Әуе кемесін сыйымдылығы аз екі немесе бірнеше әуе кемелерімен ауыстырған кезде бірінші әуе кемесін жөнелту кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі, ал келесі әуе кемелерін жөнелту флайт жоспарлар бойынша ескеріледі.
89. Екі әуе кемесін сыйымдылығы үлкен бір кемемен ауыстырған кезде жөнелту тұрақтылығы бірінші әуе кемесін жөнелту кестесіне сәйкес ескеріледі, екіншісін жөнелту коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан жоспардан алып тасталады.
90. Әуе кемесінің ұшып шығуын келесі тәулікке ауыстырған кезде оны жөнелту тұрақтылығы әуе кемесін кесте (ұшулар жоспары) бойынша бастапқы жөнелту көзделген тәуліктегі кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі. Оны кідіртудің ұзақтығы бірінші көзделген жөнелту мерзімінде дейінгі кестеде (ұшулар жоспарында) көрсетілген уақыттан келесі тәулікте ескеріледі және іс жүзіндегі жөнелту уақыты бойынша нақтыланады.
91. Әуе кемесін жөнелтуді әрбір кідірту бойынша осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген, ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себебін анықтаған кезде негізгі құжат болып табылатын әуе кемесін жөнелту кідірісіне акті жасалады.
92. Олардың кінәсі бойынша рейсті жөнелту кідірісі болған жағдайда, әуежай, авиакомпания, және әуежайдағы басқа да қызметтер өкілдерімен кідірістер актілері визаландырылады.
93. Әуежайда авиакомпания өкілі болмаған жағдайда, авиакомпаниялардың кінәсі бойынша кідірістер актілеріне экипаж мүшесі виза қояды, актінің көшірмесі талап бойынша авиакомпанияға беріледі.
94. Ауарайы жағдайлары бойынша кідіріс актілеріне нақты себептерді көрсете отырып жасалады. Метеожағдайлар бойынша жаппай кідірістер кезінде барлық кідірістерге бір актіні жасауға рұқсат беріледі.
95. Әуе кемесінің кеш келуінен кідірістерге актілер жасалмайды, кідірістер журналда ескеріледі. Әуе кемесінің кеш келуінің себептері ұшып шығу туралы алынған хабарлар немесе экипаждың баяндамасы бойынша анықталады. Әуе кемесінің кестеде (ұшулар жоспарына) белгіленген уақыттан кеш келуі кеш келу деп есептеледі.
96. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідірту актілерін әуежайдың диспетчерлік қызметі, азаматтық авиация кәсіпорнының немесе ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі - ӨДҚ, немесе әуеайлақтық-диспетчерлік қызметі - ӘДҚ осындай оқиға болғаннан кейін жасайды.
Әуежай қызметінің (ауысымының) басшысы тартылған қызметтер мен ұйымдардың өкілдерімен бірге кідіріс себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
97. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідірту актілері 2 данада жасалады, оларға қатысатын тараптардың өкілдері виза қоюлары тиіс. Кідіріс актісі қуыным ұсыну үшін құжаттық негіз болып табылады.
98. Кідірістер себептері және кінәлі тарап осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің сыныптағышына (кодтағышына) сәйкес айқындалады.
99. Егер жөнелтуді кідірту бірнеше себеп бойынша болса, онда актіде кідірістің әрбір себебі бойынша іс жүзіндегі уақыт көрсетіледі.
100. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідіртудің есебін жүргізу тәуліктік ұшулар жоспарына, ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтардың күнделікті есеп журналында немесе электрондық түрде жүргізіледі.
4-параграф. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептер жасау
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
101. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептілікті жүргізу:
1) авиакомпанияларда ұшулардың қамтамасыз ету қызметіне немесе авиакомпанияның өз шешімі бойынша басқа қызметке;
2) әуежайларда әуежайдың өндірістік диспетчерлік қызметіне жүктеледі.
Есептілік талдау түрінде ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдыққа және жылына осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша жүргізіледі.
102. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша ресми есептілік құжаттар:
авиакомпанияның (Қазақстан Республикасында тіркелген) кестені орындау туралы есебі және оған түсіндірме жазба;
Қазақстан Республикасы әуежайының әуе кемесінің тиесілігіне тәуелсіз жөнелтулердің тұрақтылығы туралы есебі,
есептер нысандары болып табылады.
103. алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-параграф. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша құжаттама
Ескерту. 5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 441 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
104. Азаматтық авиация ұйымдарында және кәсіпорындарында (авиакомпанияларда, әуежайларда, жердегі қызмет көрсету ұйымында) ұшулардың тұрақтылығы бойынша келесі құжаттар жүргізіледі:
1) тәуліктік ұшулар жоспары;
2) рейсті жөнелтуді кідірту актісі.
105. Тәуліктік ұшулар жоспарының нысандарын және жүргізу (толтыру) тәртібін азаматтық авиация ұйымдары ішкі регламенттерді және нормативтерді ескеріп, автоматталған деректерді өңдеу жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, өздігінен әзірлейді.
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларына 1-қосымша |
Радионавигациялық және ұшу карталарындағы
шартты белгілер
- мемлекеттік шекара
- ӘҚҚК ауданының (ӘҚҚКА) шекарасы
1. Радиолокациялық карталарда
- әуеайлақ (ҰҚЖ бағытын көрсете отырып) міндетті
хабарлама пункті (соның ішінде МБП)
- ЖЖРС бар
- ЖЖРС жоқ
- міндетті хабарлама пункті болып табылмайтын
бақылау бағдары (соның ішінде МБП)
- жердегі РСБН маягы
- радио жариялау станциясы (РЖС)
- автоматты радиопеленгатор (АРП)
- әуеайлақ ауданындағы магниттік жіктеулер
- МЖБ және қашықтық көрсетілген белгіленген жол жолағы
- әуе трассасының (біржақты қозғалысы
бар маршрут) учаскесі
- МЖБ және қашықтық көрсетілген
түзетілген маршрут
- БҰЖ-ға дейінгі қашықтық және МБП-ға
дейінгі қашықтық көрсетілген бақылау
бағдарының траверзі
- МБП-ға дейінгі қашықтық көрсетілген ӘҚБ
аудандарының шекарасындағы міндетті
хабарлама пункті
- әуеайлақтағы (ӘҚҚК пунктіндегі) жердегі
радиолокациялық станция (РЛС)
- шектеу пеленгі (азимуті)
- қону әуеайлағына дейінгі қашықтық және
төменгі қауіпсіз ұшу эшелоны көрсетілген
төмендеуді бастау шебі (ТБШ)
2. Ұшу карталарында
- ұшу картасындағы әуеайлақ (ҰҚЖ бағыты
көрсете отырып)
- ұшу картасындағы маршруттың бұрылу пункті
(соның ішінде МХП)
- ұшу картасында учаскедегі ШЖБ,
ОМБЖ, маршруттың қашықтығын және
ӘҚБА (МХП) шекарасымен қиылысу
нүктесін көрсете отырып,
белгіленген жол жолағы
- ұшу картасындағы азимуттық шеңбер
- маршруттың осы учаскесі үшін ең жоғары және
белгіленген есеп жолағының шегінде орналасқан
рельефтің абсолюттік биіктігінің белгіленуі
- байланыс желісі
- ЭБЖ (35 – тіреулер биіктігі)
3. Жай-күйі жолақтары
- мұнай құбыры
- газ құбыры
- бағдардан әуе кемесіне пеленг
жолағы (анықтау уақыты)
- РНН-нен әуе кемесіне радиопеленг
жолағы (уақыт 8.36)
- тең биіктіктер жолағы (уақыт 14.06)
4. Әуе кемесінің орындарын белгілеулер
- бейне анықталды (уақыт 12.15)
- есептеумен және жол салумен анықталды (соның
ішінде навигациялық есептеу құрылғыларының
көмегімен)
- навигациялық құралдар көмегімен
алынған жай-күй жолағын салумен
анықталды
- жерден хабарланған (соның ішінде
экипаждың сұратуы бойынша)
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларына 2-қосымша |
Әуе кемелерінің экипаждарын ұшар алдындағы дайындаудың технологиялық кестесі
Экипаж құрамы | Меди цина лық пунк т | Брифинг | АМСА | Брифинг бөлмесі | АМСА | Брифинг | ӘК-не өткел | ӘК-нде | Старт алдындағы тексеру | Қозғалтқ ыштарды іске қосу |
Экипаж 4 адам | Уақыт минуттермен | |||||||||
ӘК командирі | 3 | 2 | 2 | 17 | 4 | 2 | 3 | 20 | 5 | |
Екінші пилот | 5 | 2 | 17 | 4 | 3 | 22 | 5 | |||
Штурман | 1 | 2 | 17 | 4 | 3 | 22 | 5 | |||
Бортинженер | 2 | 2 | 3-өткел | Әуе кемесінде 46 | ||||||
Экипаж 3 адам | Уақыт минуттермен | |||||||||
ӘК командирі | 3 | 2 | 2 | 17 | 4 | 2 | 3 | 20 | 5 | |
Екінші пилот | 5 | 2 | 17 | 4 | 3 | 20 | 5 | |||
Бортинженер | 2 | 2 | 3-өткел | Әуе кемесінде 46 | 5 | |||||
Экипаж 2 адам | Уақыт минуттермен | |||||||||
Командир ВС | 3 | 2 | 2 | 17 | 4 | 2 | 3 | 20 | 2 | 5 |
Второй пилот | 5 | 2 | 17 | 4 | 3 | 20 | 5 | |||
Экипаж 1 адам | Уақыт минуттермен | |||||||||
Командир ВС | 3 | 2 | 2 | 17 | 4 | 2 | 3 | 20 | 2 | 5 |
Ұшар алдындағы дайындауды аяқтағанға дейінгі уақыт қалдығы, минуттермен | ||||||||||
60 | 53 | 36 | 27 | 5 | 0 |
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларына 3-қосымша |
Ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің
сыныптағышы (кодтағышы)
2 цифрлі кодтар Two-digital codes | Кідіріс себептерінің сипаты Reason description for delay |
Кідірістер себептерінің стандартты кодтары STANDARD CODES OF REASONS FOR DELAY | |
Авиакомпанияның ішкі кодтары AIRLINE INTERNAL CODES | |
00-05 | Әрбір авиакомпания жеке талаптарына сәйкес арнайы кодтар әзірлеу үшін бұл кодтар осылай таза (бос) қалдырылған These codes are left blank so that each airline may develop codes specifically to meet their own individual requirements |
Себептердің басқа кодтары OTHERS CODES FOR DELAY | |
06 | "меншікті авиакомпания қызметінің нәтижесінде гейттердің, тұрақ орындарының болмауы" "no gate\stand availability due to own airline activity" |
09 | "кесте бойынша жердегі уақыт" қызмет көрсету технологиясымен көзделген уақыттан аз" "scheduled Ground Time" less than "Declared Minimum Ground Time" |
Жолаушыларға қызмет көрсету және багаж өңдеу PASSENGER AND BAGGAGE | |
11 | тіркеуді аяқтаудың шекті мерзімінен кейін жүзеге асырылған "кеш тіркеу" "late check-in", acceptance after deadline |
12 | тіркеу аймағында жолаушылардың шоғырлануынан "кеш тіркеу" "late check-in", congestion in check-in area |
13 | "тіркеудегі қателік", жолаушылар, багаж "Check-in error", passenger and baggage |
14 | "қайта салу", авиабилеттерді сатудағы қателік "oversales", booking errors |
15 | "жолаушыларды отырғызу" жолаушылар тізімінің сәйкес келмеуі, салыстыру/нақтылау және тіркелген жолаушының келмеуі "boarding", discrepancies and paging, missing checked-in passenger |
16 | "коммерциялық жұртшылық – жолаушылардың дайындығы, VIP тұлғаларды күту, пресса, қалып қойған жеке заттарды жеткізу""commercial publicity/passenger convenience, VIP, press, ground meals and missing personal items" |
17 | "борттағы азық-түлікке тапсырыс беру", жеткізушіге берілген кеш немесе дұрыс емес тапсырыс "catering order", late or incorrect order given to supplier |
18 | "багажды өңдеу", сұрыптау "baggage processing", sorting |
19 | Жолаушыларды қосымша отырғызу, жүктерді қосымша тиеу Boarding passenger, loading cargo |
Жүк және пошта CARGO AND MAIL | |
21 | "құжаттама", толтырудағы қателік "documentation", errors |
22 | "ӘК бортында жүкті кеш орналастыру" "late positioning" |
23 | "жүкті кеш қабылдау" "late acceptance" |
24 | "орама талаптарға жауап бермейді" "inadequate packing" |
25 | "қайта сату", жүк сыйымдылығын сатудағы қателік "oversales", booking errors |
26 | "жүкті қоймада кеш дайындау" "late preparation in warehouse" |
ТОШТА, тек қана MAIL only | |
27 | "құжаттама, орама" "documentation, packing" |
28 | "кеш орналастыру" "late positioning" |
29 | "кеш қабылдау" "late acceptance" |
Әуе кемесі және перронда қызмет көрсету AIRCRAFR AND RAMP HANDLING | |
31 | "ӘК-ке құжаттама кеш жеткізілді, дұрыс емес", салмақ және орталықтандыру, бас декларация, жолаушылар манифесті "aircraft documentation late/inaccurate", weight and balance, general declaration, passenger manifest |
32 | габаритті емес/ауыр, арнайы жүкті "тиеу/түсіру", персоналдың, жүкшілердің жетіспеу "loading/unloading", bulky, special load, lack of loading staff |
32а | жолаушылар салонының жүгін "тиеу/түсіру" "loading/unloading" cabin load |
33 | "тиеу құралдары", мысалы тиегіштің және контейнерлердің жетіспеуі немесе істен шығуы, персоналдың жетіспеуі "loading equipment", lack of or breakdown, e.g. container pallet loader, lack of staff |
34 | "қызмет көрсету құралдары", жетіспеуі немесе істен шығуы, персоналдың жетіспеу, мысалы траптар "servicing equipment", lack of or breakdown, lack of staff, e/g/steps |
35 | "әуе кемесін жинастыру" "aircraft cleaning" |
36 | "отын құю/төгу", авиаотын жеткізу "fuelling/defuelling", fuel supplier |
37 | "борттағы азық-түлік", кеш жеткізу немесе тиеу "catering", late delivery or loading |
38 | "ЖТҚ" (жүктерді тиеу құралдары), жетіспеуі немесе пайдаланушылық жарамдығы "ULD", lack of or serviceability |
39 | "техникалық құралдар", жетіспеуі немесе істен шығуы, персоналдың жетіспеу, мысалы буксирлеу кезінде "technical equipment", lack of or breakdown, lack of staff, e.g. push-back |
ӘК техникалық құралдары және жабдығы TECHNICAL AND AIRCRAFT EQUIPMENT | |
41 | "ӘК ақаулығы" "aircraft defects" |
42 | "жоспарлы техникалық қызмет көрсету", ӘК кеш беру "scheduled maintenance", late release |
43 | "вжоспардан тыс техникалық қызмет көрсету", арнайы "чектер" және/немесе нормалы жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден жоғары қосымша жұмыстар "non-scheduled maintenance", special checks and/or additional works beyond normal maintenance schedule |
44 | "запас бөлшектер және техникалық қызмет көрсету құралдары", жетіспеу немесе сыну "spares and maintenance equipment", lack of or breakdown |
45 | басқа әуежайға тасымалдау үшін "ӘК-ке жерде талап етілетін запас агрегаттар" "AOG spares", to be carried to another station |
46 | "ӘК ауыстыру", техникалық себептер бойынша "aircraft change", for technical reasons |
47 | "резервтік ӘК", жоспарланған резервтік ӘК жетіспеуі, техникалық себептер бойынша "standby aircraft", lack of planned standby aircraft for technical reasons |
48 | "жолаушылар салонының конфигурациясын/нұсқасын жоспарлы түзету" "scheduled cabin configuration/version adjustments" |
Әуе кемесінің зақымдалуы DAMAGE TO AIRCRAFT | |
51 | "ұшуды орындау үдерісінде зақымдалу", құстармен немесе ҰҚЖ оттарымен қақтығысу, турбулентті ортаға түсу, терең қону немесе аса жүктемелермен қону, рульдеу кезінде қақтығысу "damage during flight operations", bird or lighting strike, turbulence heavy or overweight landing, collision during taxing |
52 | "жерде қызмет көрсету кезінде қақтығысу", тиеу/түсіру уақытында (рульдеу кезіндегі жағдайларды қоспағанда) қақтығысу, зақымдалу, ластану, буксирлеу, қысылтаяң ауарайы жағдайлары "damage during ground operations", collisions (other than during taxing), loading/off-loading damage, contaminations, towing, extreme weather conditions |
Деректерді электрондық өңдеу/автоматталған құралдардың істен шығуы EPD/AUTOMATED EQUIPMENT FAILURE | |
55 | "жөнелтулерді бақылау" "departure control system" |
56 | "жүктерді/құжаттаманы дайындау" "cargo preparation/documentation" |
57 | "Флайт жоспарлар" "flight plans" |
Ұшуларды орындау және экипаждармен қамтамасыз ету FLIGHT OPERATIONS AND CREWING | |
61 | "флайт жоспарлар", кеш жасау (беру) немесе оны өзгерту, ұшу құжаттамасы "flight plan", late completion or change of, flight documentation |
62 | "ұшуларды орындау шарттары", авиаотын, шекті жүктемені өзгерту/ауыстыру "operational requirements", fuel, load alternation |
63 | ауысым немесе резерв (ұшқыш немесе толық) экипаждарын қоспағанда "экипаждың бортқа кеш келуі немесе жөнелту рәсімдерінен кеш өту" "late crew boarding or departure procedures", other than connection and standby (flight deck or entire crew) |
64 | "ұшқыш экипаждың толық құрамда болмауы", ауру, резервтікті күту, рейске лимиттелген уақыт, экипаждың ас ішуі, уақыты өткен виза, экипаждың денсаулығы туралы құжаттар "flight deck crew shortage", sickness, awaiting standby, flight time limitations, crew meals, valid visa, health documents |
65 | ұшуларды орындау талаптарына кірмейтін "ұшқыш экипажының ерекше талаптары" "flight deck crew special request", not within operational requirements |
66 | ауысым немесе резерв бортсеріктерін қоспағанда "бортсеріктердің бортқа кеш келуі немесе жөнелту рәсімдерінен кеш өтуі "late cabin crew boarding or departure procedures", other than connection and standby |
67 | "бортсеріктердің толық құрамда болмауы", ауру, резервтікті күту, рейске лимиттелген уақыт, ас ішу, уақыты өткен виза, денсаулық туралы құжаттар "cabin crew shortage", sickness, awaiting standby, flight time limitations, crew meals, valid visa, health documents |
68 | "бортсеріктердің қателігі немесе бортсеріктердің ерекше талаптары, ұшуларды орындау талаптарына кірмейтіндер "cabin crew error or special request", not within operational requirements |
69 | "ӘКК қауіпсіздікке тексеру жүргізу туралы талабы", бірегей жағдайларда "captain request for security check", extraordinary |
Ауарайы жағдайлары WEATHER | |
71 | "жөнелту пунктінде" "departure station" |
72 | "межелі пунктте" "destination station" |
73 | "маршрут бойынша немесе қосалқы әуеайлақта" "en-route or alternate" |
74 | "ӘК мұздануға қарсы өңдеу", техникалық өңдеу құралдарының жарамсыздығын алып тастағанда, мұзды және/немесе қарды алып тастау, қырау түзілуінің алдын алу "de-icing of aircraft", removal of ice and/or snow, frost prevention excluding unserviceability of equipment |
75 | "әуежай объектілерінде қардан, мұздан, судан және құмнан тазарту" "removal of snow, ice, water and sand from airport" |
76 | "жердегі қызмет көрсету қолайсыз ауарайы жағдайлары бойынша кідіртілді" "ground handling impaired by adverse weather conditions" |
ӘҚБ қызметтерінің тарабынан шектеулер AIR TRAFFIC FLOW MANAGEMENT (ATFM) RESTRICTIONS | |
81 | "маршрут бойынша әуе қозғалысын бақылау қызметтерінің ресми тыйым салуының/аса жүктелуінің негізінде ӘҚБ тарабынан", тыйым салуының / аса жүктелуінің стандартты проблемалары "ATFM due to ATC in rout demand/capacity", standard demand/capacity problems |
82 | "маршруттағы персоналдан/жабдықтан ӘҚБ қызметі", ереуіл қозғалысының себебі бойынша көлемдерді қысқарту персоналдың немесе жетіспейтін жабдықтың жетіспеуі көрші аймақтарда көлемдерді төмендетудің бірегей талаптары "ATFM do to ATC staff/ equipment in route", reduced capacity by industrial action or staff shortage or equipment failure, extraordinary demand due to capacity reduction in neighboring area |
83 | "межелі әуежайдағы себептер бойынша ӘҚБ тарабынан", әртүрлі кедергілер, ереуіл қозғалыстар, персоналдың жетіспеуі, саяси толқыныстар, шуыл бойынша шектеулер, түнгі коменданттық сағат, арнайы рейстер салдарынан әуежай немесе ҰҚЖ жабылған "ATFM due to restriction at destination airport", airport and/or runway closed due to obstruction, industrial action, staff shortage, political unrest, noise abatement, night curfew, special flights |
84 | "межелі әуежайдағы ауарайы жағдайы бойынша ӘҚБ тарабынан" "ATFM due to weather at destination airport" |
Әуежай және мемлекеттік уәкілетті органдар AIRPORT AND GOVERMENTAL AUTHORITIES | |
85 | "міндетті қауіпсіздік шаралары" "mandatory security" |
86 | "иммиграция (паспорттық бақылау), кеден, санитарлық карантиндік қызметтер" "immigration, customs, health" |
87 | "әуежайдың шектеулі мүмкіндіктері", ӘК тұрақ орындары, перронда ӘК шоғырлануы, жарықтандыру, отырғызу пункттерінің жетіспеуі "airport facilities", parking stands, ramp congestion, lighting, buildings, gate limitation. |
88 | "межелі порт бойынша шектеулер", әртүрлі кедергілер, ереуіл қозғалыстар, персоналдың жетіспеуі, саяси толқыныстар, шуыл бойынша шектеулер, түнгі коменданттық сағат, арнайы рейстер салдарынан әуежай немесе ҰҚЖ жабылған "restrictions at airport of destination", airport and/or runway closed due to obstruction, industrial action, staff shortage, political unrest, noise abatement, night curfew, special flights |
89 | "ӘҚБ қызметтерінің тарабынан енгізілген шектеулермен/шектеулерсіз жөнелту әуежайындағы шектеулер" аэронавигация, іске қосу, буксирлеу, қызметтерін, әртүрлі кедергілер, ауарайы (шектеулерді енгізу ӘҚБ тарабынан реттелетін жағдайларда ғана, басқа жағдайларда 71 (WO) кодына сілтеме), ереуіл қозғалыстар, персоналдың жетіспеуі, саяси толқыныстар, шуыл бойынша шектеулер, түнгі коменданттық сағат, арнайы рейстер салдарынан әуежай немесе ҰҚЖ жабылуын қоса алғанда "restrictions at airport departure with or without ATFM restrictions", including Air Traffic Services, start-up and pushback, airport and runway closed due to obstruction or weather (restriction due to weather in case of ATFM regulation only, else refer to code 71 WO)), industrial action, staff shortage, political unrest, noise abatement, night curfew, special flights" |
Басқа себептердің кері салдарлары REACTIONARY | |
91 | "тиеуді түйістіру", басқа рейстен тиеуді күту "load connection", awaiting load from another flight |
92 | жолаушыларды және багажды "тіркеудегі қателік себебі бойынша" "through check-in error", passenger and baggage |
93 | "ӘК ауыстыру", басқа рейстен немесе рейстің басқа секторынан ӘК кеш келуі "aircraft rotation", late arrival of aircraft from another flight or previous sector |
94 | "бортсеріктерді ауыстыру", басқа рейстен бортсеріктерді күту "cabin crew rotation", awaiting cabin crew from another flight |
95 | "экипажды ауыстыру", экипажды (ұшқыш және жалпы экипажды) басқа рейстен күту "crew rotation", awaiting crew from another flight (flight deck or entire crew) |
96 | "ұшуларды орындауды бақылау", маршрутты өзгерту, рейстерді болдырмау, біріктіру, техникалыққа жатпайтын себептер бойынша ӘК ауыстыру "operations control", rerouting, diversion, consolidation/ aircraft change for reasons other than technical |
әртүрлі себептер MISCELLANEOUS | |
97 | "меншікті авиакомпаниядағы ереуіл қозғалыстары" "industrial action with own airline" |
98 | "меншікті авиакомпаниядан тыс ереуіл қозғалыстары", ӘҚБ қызметтерін қоспағанда "industrial action outside own airline", excluding A.T.C. |
99 | Бұл код ол бос болған және кідіріс себебі жоғарыда көрсетілген кодтарға жатқыза алмайтын жағдайда ғана пайдаланылады This code shall be used only when it is clear that a reason cannot be matched to a code above. |
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Әуе кемесін жөнелту кідірісіне акті
THE REPORT FOR DELAY ON DEPARTURE OF AIRCRAFT
Әуежай күні
AIRPORT __________________________ DATE_____________________________
Рейс нөмірі ӘК нөмірі Авиакомпания
FLIGHT NUMBER______AIRCRAFT REG__________ AIRLINE___________________
Кесте бойынша жөнелту уақыты
SCHEDULED TIME OF DEPARTURE ____________________________ (UTC)
Іс жүзіндегі жөнелту уақыты
ACTUAL TIME OF DEPARTURE ________________________________ (UTC)
Кідіріс ұзақтығы Кідіріс себебінің коды
DURATION OF DELAY ________________ REASONS CODE FOR DELAY___________
Кідіріс себебінің сипаты
DESCRIPTION REASONS OF DELAY________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кідіріске жол берген қызмет
DEPARTAMENT COMMITS A DELAY
____________________________________________________________________
(лауазымы, қолы) (POSITION, SIGNATURE)
Авиакомпания (экипаж өкілі)
REPRESENTATIVE OF AIRLINE (CREW)
_____________________________________________________________________
(лауазымы, қолы) (POSITION, SIGNATURE)
Әуежай өкілі
REPRESENTATIVE OF AIRPORT
____________________________________________________________________
(лауазымы, қолы) (POSITION, SIGNATURE)
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
"______________________" әуежайынан әуе кемелері қозғалысының тұрақтылығына
___________ жылғы (айға, тоқсанға, жартыжылдыққа, жылына)
ТАЛДАУ
№ 1 кесте. Жөнелтулердің жалпы саны және әуе кемелер қозғалысының тұрақтылығы
өткен жыл | ағымдағы жыл | + | өсу | |||||
іс жүзіндег і турақты рейс | тұрақты, кесте бойынша жіберілге н рейс | тұрақтылық %-ы | іс жүзіндегі тұрақтырейс | тұрақты, кесте бойынша жіберілге н рейс | тұрақтыл ық %-ы | - | төмендеу | |
Халықаралық | ||||||||
ҚР | ||||||||
Жиыны: | ||||||||
Барлығы: |
Кестеге түсіндірме
№ 2 кесте. Қазақстан Республикасы бойынша рейстердің кідірістері
барлығы | жеке құрамның кінәсі бойынша | |||
өткен жыл | ағымдағы жыл | өткен жыл | ағымдағы жыл | |
Әуежай қызметтері | ||||
ӘҚҚК органының қызметі | ||||
Авиакомпаниялар | ||||
Өзгелер | ||||
Барлығы |
Кестеге түсіндірме
№ 3 кесте. Халықаралық кесте бойынша рейстердің кідірістері
барлығы | жеке құрамның кінәсі бойынша | |||
өткен жыл | ағымдағы жыл | өткен жыл | ағымдағы жыл | |
Әуежай қызметтері | ||||
ӘҚҚК органының қызметі | ||||
Өзгелер, соның ішінде: | ||||
Шекаралық бақылау қызметі (ШБҚ) | ||||
Шетел әуежайлары | ||||
Авиакомпаниялар |
Кестеге түсіндірме
№ 4 кесте. Қызметтерге тәуелді емес кідірістер
барлығы | халықаралық | ҚР бойынша | ||||
өткен жыл | ағымдағы жыл | өткен жыл | ағымдағы жыл | өткен жыл | ағымдағы жыл | |
Ауа-райы жағдайлары | ||||||
Самолеттің кеш келуі (СКК) | ||||||
Ауа-райы жағдайлары бойынша СКК |
Кестеге түсіндірме
Тұжырымдар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Рейстер кідірістерінің негізгі себептері мыналар болып табылды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________