Техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану ережесі мен Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 334 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4497 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 707 бұйрығымен
 

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 962 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 472-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiнде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөнiндегi қызметтерге сертификаты бар ұйымдар берген, әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын құжаттың түпнұсқасы.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі