Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы»5»ақпандағы N 42, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы»12 желтоқсандағы N 331, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 290-п Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 наурыздығ Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4555 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрі
             келісті

      200_ жылғы "__" _________

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      келісті

      200_ жылғы»__» _________

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы келісті

      2006 жылғы»24 қазан

            Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2007 жылғы»5»ақпандағы   
N 42 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация    
министрінің          
2006 жылғы»12 желтоқсандағы  
N 331 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты      
әлеуметтік қорғау       
министрінің          
2006 жылғы»14»желтоқсандағы 
N 290-п бұйрығымен бекітілген

  Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші
кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары

      1. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін мынадай шарттарды сақтай отырып тарту мен пайдалану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес жүзеге асырылады:
      1) кеме экипажының құрамына кіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик қызметіне тағайындалуы мүмкін.
      Бұл ретте азаматтығы жоқ адамдар көрсетілген қызметтерге Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған, азаматтығы жоқ тұлға куәлігі болған кезде тартылады;
      2) кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау бос жұмыс орындары бар болғанда және ішкі еңбек нарығында жекелеген мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемедегі жұмысқа сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік болмаған кезде жүзеге асырылады;
      3) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына еңбек ету үшін тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіби дайындығы) мен жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда мақсатында теңізде жүзу саласы мамандарының қызметтеріне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс;
      4) кемеге жұмысқа қабылданатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кәсіби дайындығы мен құзыреттілігінің деңгейі мыналармен:
      жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы танитын білімі туралы құжатының нотариалды расталған аудармасымен немесе білімі туралы құжатпен;
      жұмыс беруші куәландырған қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттармен расталады;
      5) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары:
      денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы;
      шетелдіктер үшін - нақты ұлттық шетелдік төлқұжат, бұл ретте келу және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған мемлекеттердің азаматтары үшін қосымша Қазақстан Республикасының "жұмысқа" деген визасы болуы қажет;
      азаматтығы жоқ адамдар үшін - Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі болуы тиіс.
      2. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшісі, аға механик қызметіне 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін тартылуы мүмкін.