Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әуе кемелерiне мемлекеттiк және тiркеу айырым және қосымша белгiлерiн салу ережесiн бекiту және қолданысқа енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 19 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3160. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 499 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүліктік жалға беру ережесiнде:
      мемлекеттік тілдегi мәтінде 3-тармақтың 2) тармақшасындағы "жағдайларын қоспағанда, тендерлік негiзде жүргiзiледi." деген сөздердiң алдынан ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер өткiзетiн мүлiктiк жалға алу жөнiндегi қызметтердi сатып алуға арналған конкурстарға қатысу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі