Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 шілде N 794. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизель отынын (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1 қарашаға дейiн тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының

тыйым салу енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б