Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Teмip жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгі комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ю.И.Лавриненкоға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Министр |
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығымен бекітілген |
Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу қағидалары "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрленген.
Қағидалар Ұлттық инфрақұрылым операторы, тасымалдау процесiнiң қатысушылары және темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) арасындағы қатынастарды реттейдi.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді ашу мақсатында (бұдан әрi – станцияларды, разъездерді ашу) тасымалдау процесiнiң қатысушысы Ұлттық инфрақұрылым операторына ашылатын темір жол станциясындағы, разъезіндегі тасымалдаудың қажеттiлiгі негiздемесiмен қоса жазбаша өтiнiш жiбередi.
3. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді жабылу кезiнде (бұдан әрi – станцияларды, разъездерді жабу) тасымалдау процесiнiң қатысушысы Ұлттық инфрақұрылым операторына осы темір жол станциядағы, разъезіндегі тасымалдауға арналған ұсыныстың және жүк, багаж, жүк-багаждың, мөлшерi, жолаушылар ағымының мөлшерi, сондай-ақ болжанып отырған станцияның, разъездің жабылуы әсер етуге мүмкiндiк жасайтын жергiлiктi мағынадағы фактор төмендегіні растайтын құжаттармен қоса жазбаша өтiнiш жiбередi.
4. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдау процесiнiң қатысушының станцияларды, разъездерді ашу немесе жабу жөніндегі өтiнiшiн алған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күндер iшiнде қарайды.
5. Станцияларды, разъездерді ашуға немесе жабуға келiсуден бас тартылу кезiнде Ұлттық инфрақұрылым операторы он күн iшiндe тасымалдау процестiң қатысушы адресiне негiзделген жауабын жiбередi.
6. Темір жол станцияларын, разъездерін ашу немесе жабу туралы лайықты шешімін қабылданған кезде, Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiленген мерзiмде тасымалдау процесi қатысушының өтiнiшiн қарағаннан кейiн оны қарастыру және шешiм қабылдау үшiн барлық қосылатын құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
7. Уәкiлеттi орган он күнтiзбелiк күндер iшiнде Ұлттық инфрақұрылым оператормен келісілген станцияларды, разъездерді ашуға немесе жабуға арналған өтiнiштi қарайды. Темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу туралы лайықты шешiм қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган үш жұмыстық күндер iшiнде темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу туралы бұйрықты Ұлттық инфрақұрылым операторына жiбередi.
8. Мемлекеттік, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды, разъездерді жабуға мүмкiндiгi болмаса уәкiлеттi орган бұл туралы Ұлттық инфрақұрылым операторына хабарлайды. Ұлттық инфрақұрылым операторы уәкiлеттi органнан станцияларды, разъездерді жабуға мүмкiнсiздiгi туралы хабар алғаннан кейiн, тасымалдау процестiң қатысушыларына үш күн iшiнде бұл туралы хабарлайды.
9. Уәкілетті орган Мемлекеттік, әлеуметтік немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды, разъездерді жабу мүмкін еместігі туралы Ұлттық инфрақұрылым операторын хабардар еткен күннен бастап үш ай ішінде осы станцияларды, разъездерді қаржыландыру көзін айқындайды. Уәкілетті орган Мемлекеттік, әлеуметтік және/немесе қорғаныс мәні бар станцияларды, разъездерді қаржыландыру көзін айқындамаған кезде белгіленген мерзімде тасымалдау процесіне қатысушының осы теміржол станциясын жабу, разъезд және/немесе осы теміржол станциясындағы жекелеген операцияларды орындауды тоқтату туралы талабын разъезд Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 29.08.2025 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Ұлттық инфрақұрылым операторы барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн станцияларды, разъездерді ашуға және жабуға уәкiлеттi органның бұйрығын алғаннан кейiн Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымын, мемлекеттер-қатысушылар Достығының темір жол көлiгi бойынша Кеңес Дирекциясын, сондай-ақ Тәуелсiз мемлекеттер достығы және Балтия елдердiң темір жол әкiмшiлiктердi белгiленген тәртiпте хабарлайды.
Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу туралы шешiмi № 4 - тарифтiк басшылықта жарияланады.