Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдары кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 84-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3507. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн және "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдары кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мынадай бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi ереженi бекiту туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-I (1027-нөмiрмен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2001 жылғы 10 шiлдедегi N 217-I және 2004 жылғы 9 ақпандағы N 52-I бұйрықтарымен енгiзiлген өзгерiстерiмен тiркелген);
      2) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-I бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 10 шiлдедегi N 217-I (1618-нөмiрмен тiркелген, төмендегi басылымда жарияланған: "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенi", 2001 жыл, N 34, 506-бет);
      3) "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-I бұйрығына (1027-нөмiрмен тiркелген) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 52-I (2721-нөмiрмен тiркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Автомобиль көлiгi басқармасы (Ш.Қ.Маханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi Е.Ж.Қошановқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған сәтiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2005 жылғы 17 ақпандағы  
N 84-І бұйрығымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль
тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру
жүйесін қолдану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін орындау тәртібі мен шарттарын айқындайды: 
      автобустар;
      жүк автомобильдері (олардың тіркемені қосқанда рұқсат етілетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тіркемені қосқанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
      мамандандырылған автомобильдер (белгілі бір жүк түрін тасымалдауға арналған);
      арнайы автомобильдер (әр түрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған).

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын және сериясы, реттік нөмірі және қорғану дәрежесі бар құжат (қазақстандық немесе шетелдік рұқсат, үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат, тіркеу талоны);
      2) қазақстандық рұқсат - оның негізінде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (аумағынан кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит жүзеге асырылатын рұқсат беру құжаты;
      3) шетелдік рұқсат - халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қазақстандық автокөлік құралдарының тиісті шетел мемлекетінің аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаты;
      4) тіркеу талоны - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында тіркелу мемлекетімен рұқсат берусіз жүйе қолданылатын шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына келу (аумағынан кету), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаты;
      5) арнайы рұқсат - қазақстандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын беретін рұқсат беру құжаты;
      6) транзиттік жүріп өту (транзит) - шығу және бару пункттері осы мемлекеттің аумағынан тысқары орналасқан мемлекеттің аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі;
      7) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдау - автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын екі мемлекет арасында жолаушыларды, багажды мен жүктерді тасымалдау;
      8) жолсапар - автокөлік құралдарының шығу пунктінен бару пунктіне жүруі және шығу пунктіне кері оралуы;
      9) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындау рұқсаты - тасымалдаушының үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды жүзеге асыруға құқығын растайтын рұқсат беру құжаты;
      10) тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалдары - автобустарды, шағын автобустар пайдалану арқылы, алдын ала келісілген сапар маршруттары, белгіленген бастапқы және соңғы пункттері, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері бар қозғалыс кестелері бойынша тасымалдаушылар жүзеге асыратын тасымалдар;
      11) рейс - автокөлік құралдарының шығу пунктінен бару пунктіне дейін жүріп өтуі;
      12) тұрақты емес жолаушылар мен багаж тасымалдары - автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы, тасымалдаудың бастапқы және соңғы пункттері арасында жолаушыларды аралық пункттерде отырғызбастан тасымалдаушылар жүзеге асыратын бір жолғы (тұрақты емес) сипаттағы тасымалдар. Бұл ретте жолаушылар тобын өзгермейтін қызметкерлер құрамы, не басқа мемлекеттегі бару пунктіне дейін және бос автокөлік құралы қайтуымен, не осы топ шығу пунктіне қайтуымен жеткізеді.

      3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуіне рұқсат жүйесін "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрі - Келісімдер), "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүруін реттемейтін кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысында және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық кесімдерінде айқындалады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуіне рұқсат беру жүйесі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібін реттейді, оған мыналар кіреді:
      халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қазақстандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі;
      халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасуды жүзеге асыратын, соның ішінде үшінші елдерге (елдерден) тасымалдау кезінде шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (аумағынан кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті;
      ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі.

      5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту құқығын куәландыру үшін мынадай тиісті рұқсаттық құжаты қолданылады:
      халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасуды жүзеге асыратын қазақстандық автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағынан шығу кезінде - тиісті шетелдік рұқсаттар. Егер шетел мемлекеттерінің ішкі заңнамасында олардың аумағы арқылы жүріп өтуіне шетелдік құзыретті органдардың қосымша рұқсат беруі көзделген болса, немесе егер келу жүзеге асырылатын мемлекетпен арада Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласында рұқсат берусіз жүйе қолданылатын болса, қазақстандық тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан кету құқығын растайтын шетелдік рұқсаттары болуы міндетті емес;
      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (аумағынан кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті кезінде - қазақстандық рұқсат;
      тіркелу мемлекетімен арада Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласында рұқсат берусіз жүйе қолданылатын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (аумағынан кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті, соның ішінде үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауы кезінде - тіркеу талоны;
      үшінші елдерге (елдерден) жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (аумағынан кетуі) кезінде - үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға рұқсат;
      ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі кезінде - арнайы рұқсат. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тиісті рұқсат беру құжаттарына қосымша арнайы рұқсат беріледі.

      6. Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты автомобиль көлігі мен тасымалдауға арнайы рұқсат беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен белгіленген тәртіп ретінде іске асырылады.

      7. Әрбір автокөлік құралына жеке рұқсат беру құжаты беріледі.

      8. Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат беру жүйесінің талаптарын орындауға Мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық басқармалары (бұдан әрі - Басқармалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау постыларында іске асырады.

  2. Квотаны айқындау және рұқсат бланкілерін
алмасуды жүзеге асыру тәртібі

      9. Жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) қазақстандық тасымалдаушылардан осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша, елдер мен орындалатын тасымалдау түрі көрсетілген шетелдік рұқсаттардың қажетті санын алу туралы өтінім қабылдайды.

      10. Комитет ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген жинақты нысан бойынша, келесі жылға шетелдік рұқсаттардың қажетті санын айқындау және бланкілермен алмасу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 9 айы ішінде берілген түрлері және елдері бойынша шетелдік рұқсаттар бланкілерінің саны туралы, сондай-ақ ағымдағы жылдың қалған кезеңінде және келесі жылға шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілік туралы түрлер мәліметтер жолдайды.

      11. Қазақстандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға мұқтажы туралы қорытындыланған деректер бойынша Министрлік шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсаттар бланкілерін алмасу квотасын келіседі.

      12. Комитет шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарына қазақстандық рұқсаттар бланкілерін, соның ішінде үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға рұқсаттарды да беруді және қазақстандық тасымалдаушылар үшін шетелдік рұқсаттарды да шетелдік құзыретті органдармен жүргізілген келіссөздердің хаттамаларында немесе Министрліктің тапсырмасында ескерілген мөлшерде алуды жүзеге асырады.

      13. Ағымдағы жылға келісілген квоталардан тыс шетелдік рұқсаттардың қосымша көлемін алу қажет болған жағдайда, Министрлік тасымалдаушылардан негізделген ұсыныс алған кезде белгіленген тәртіппен тиісті шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен айырбас квотасын ұлғайтуды қосымша келісуді жүргізеді.

      14. Жүргізілген айырбас нәтижесі бойынша Министрлік тоқсан сайын айырбас квотасы қазақстандық тасымалдаушылардың мұқтажынан кем түсетін шетелдік рұқсаттардың, соның ішінде үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсаттардың (бұдан әрі - тапшы шетелдік рұқсаттар) тізбесін, сондай-ақ айырбас квотасы қазақстандық тасымалдаушылардың мұқтажын қанағаттандырған шетелдік рұқсаттардың (бұдан әрі - тапшы емес шетелдік рұқсаттар) тізбесін айқындайды.

      15. Халықаралық қатынаста тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалдарына берілетін шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды ресімдеу мен беруді Басқармалар жүзеге асырады.

      16. Шетелдік рұқсаттарды беруді заңды тұлғалар үшін - сенімхат болған жағдайда немесе жеке тұлғалар үшін - тұлғаны куәландыратын құжат болған жағдайда жүкқұжаттар (нақты белгіленген шетелдік рұқсат нөмірлері мен сериялары) бойынша, халықаралық қатынаста жүк және жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шығуы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша алым сомасы төленгеннен кейін Басқармалар жүзеге асырады.

  3. Қазақстандық тасымалдаушыларға тапшы
шетелдік рұқсаттарды үлестіру тәртібі

      17. Тапшы шетелдік рұқсаттарды үлестіруді тоқсан сайын немесе тапшы шетелдік рұқсаттарды қосымша алмасу фактісі бойынша жүргізеді және құрамы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілетін Министрліктің, Комитеттің және Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары қауымдастығының өкілдерінен тұратын комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұсынысы бойынша Комитет жүзеге асырады.

      18. Тапшы шетелдік рұқсаттар тізбесіне сәйкес Министрлік тапшы шетелдік рұқсаттардың әрбір түрі бойынша кемінде 5% көлемінде резерв айқындайды, оны Комитет жыл ішінде айлар бойынша біркелкі бөледі және Комитетке жоспардағы халықаралық автомобиль тасымалын растайтын құжаттарды ұсынған тасымалдаушыларға мынадай иерархия бойынша береді:
      1) ізгіліктік жүктерді тасымалдау;
      2) Қазақстан Республикасында өндірілетін жүктерді экспорттық тасымалдау;
      3) басқа көлік түрлерінің тасымалдаушыларымен бірлесіп орындалатын тасымалдаулар;
      4) тез бүлінетін өнімдерді автомобильмен тасымалдау.

      19. Комитет тасымалдаушыға үш күннен аспайтын мерзім ішінде резервтен тапшы шетелдік рұқсат беру туралы тиісті шешім қабылдайды.

      20. Комитет тапшы шетелдік рұқсаттарды резервтен беруден мынадай жағдайларда бас тарта алады:
      1) ағымдағы жылға арналған резервті ай сайын үлестіруге сәйкес резервте ағымдағы айға арналған тапшы шетелдік рұқсаттар болмаған жағдайда;
      2) осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген иерархияға сәйкес мәні жоғарырақ автомобиль тасымалдарының жоспарланып отырғанын растайтын құжаттар ұсынған басқа тасымалдаушылардан өтінім болған жағдайда;
      3) осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген, жоспарланып отырған автомобиль тасымалдарын растайтын құжаттар сенімсіз болған жағдайда;
      4) тасымалдаушыда халықаралық жолаушылар мен багаждың автомобиль тасымалын жүзеге асыру құқығына арналған лицензия және ұсынылған автокөлік құралдарына арналған есеп құжаттары болмаған жағдайда;
      5) осының алдындағы алты ай ішінде тапшы шетелдік рұқсаттарды алғаннан кейін үш ай ішінде оларды пайдаланбау фактілері орын алған жағдайда;
      6) пайдаланылған шетелдік рұқсаттарды белгіленген мерзімдерде тапсырмаған жағдайда.

      21. Резервтен тыс қалған тапшы шетелдік рұқсаттар бойынша Комитет комиссияның ұсынысы бойынша келесі тоқсанға дейін 10 күннен кешіктірмей осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес тасымалдаушылар бойынша тапшы шетелдік рұқсаттар өкімдемесін жасау тәртібіне сәйкес осының алдындағы жылы берілген өтінімдер мен аталған түрдегі пайдаланылған рұқсаттарды есепке ала отырып, тасымалдаушылар бойынша жақын арадағы екі тоқсанға арналған тоқсан сайынғы өкімдемені жасайды.

      22. Комитет комиссияның ұсынысы бойынша есепті тоқсан ішінде талап етілмеген тапшы шетелдік рұқсаттарды басқа тасымалдаушылар арасында келесі тоқсанға қайта үлестіруі мүмкін.

      23. Егер жыл ішінде қосымша айырбас нәтижесі бойынша тапшы шетелдік рұқсаттар саны қазақстандық тасымалдаушылардың мұқтажын қанағаттандырған жағдайда, Министрлік рұқсаттардың аталған түрін тапшы шетелдік рұқсаттар тізбесінен алып тастайды.

  4. Шетелдік рұқсаттарды қазақстандық
тасымалдаушыларға беру тәртібі

      24. Қазақстандық тасымалдаушыларға арналған шетелдік рұқсаттарды Комитет бекітілген өкімдемелерге сәйкес Басқармалар бойынша үлестіреді.

      25. Тасымалдаушыларға тапшы емес шетелдік рұқсаттарды үлестіруді, ресімдеуді және беруді Басқармалар тасымалдаушылардың, соның ішінде ағымдағы жылға жылдық өтінім бермеген тасымалдаушылардың өтінімдері бойынша, Комитет Төрағасы бекіткен Басқармалар бойынша өкімдемеге сәйкес жүзеге асырады.

      26. Тасымалдаушыларға тапшы шетелдік рұқсаттарды, ресімдеуді және беруді Басқармалар тапшы шетелдік рұқсаттардың тоқсандық өкімдемесі бойынша немесе тапшы шетелдік рұқсаттарды резервтен бөліп беру туралы Комитеттің шешімі бойынша жүзеге асырады.

      27. Министрліктен бекітілген тәртіптемеге сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, бір күнтізбелік жыл қолдану мерзіміне берілетін тұрақты халықаралық жолаушылар мен багаждың тасымалдарына шетелдік рұқсаттарды қазақстандық тасымалдаушыларға Комитет жеке папкаға ресімделген мынадай құжаттар болған жағдайда береді:
      1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шартты;
      2) заңды тұлғаның немесе өз қызметін заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын кәсіпкердің мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін;
      3) жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшірмелерін;
      4) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмесін;
      5) әрбір бірлікке арналған техникалық паспорттардың және алдыңғы тоқсан үшін мемлекеттік техникалық тексеруден өткені туралы куәліктердің көшірмелері қоса берілген, маршрутта пайдалануға көзделетін жылжымалы құрам туралы мағлұматтарды (автобустардың саны және үлгісі (класы) (көрсетілген автокөлік құралдарының жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының басқа маршруттарында жұмыс істемейтіндігі туралы облыстың жергілікті атқарушы органдары растаған);
      6) барлық маршрут бойы диспетчерлік ілесу мен телефон немесе басқа байланыстың болуы туралы, сондай-ақ автобустардың қозғалыстары маршрутта техникалық себептер бойынша тоқтаған жағдайда, оларды ауыстыру мүмкіндігінің болуы туралы мағлұматтарды;
      7) жылжымалы құрамды автокөлік құралдарын техникалық пайдалану Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 67-I бұйрығымен (тіркелген N 2760) бекітілген Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде күтіп ұстау, автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді, сондай-ақ жүргізушілерді кезеңді (ауысым алдындағы) медициналық тексеруді орындау бойынша жұмыстардың қажетті кешенін жүргізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      8) маршрут бойынша автобустардың жөнелтілу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері бойынша қашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелерін;
      9) автовокзалдарды (автобекеттерді), мемлекеттік шекара арқылы өткізу автомобиль пункттерін, автобустар қозғалысының қауіпті учаскелері мен жылдамдық режимі көрсетілген маршрут схемасын;
      10) осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушылар тіркелген мемлекеттердің ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттері бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтерді;
      11) автобус жүргізушілерінің ауысым уақыты мен орны көрсетілген барлық тұрақты маршрут бойындағы еңбек және демалыс режимінің кестесі қоса берілген өтінімді ұсынады.

      28. Шетелдік рұқсат алу үшін негіз халықаралық жолаушылар, багаж және жүктердің автомобиль тасымалын жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қазақстандық тасымалдаушының өтінімі болып табылады.

      29. Берілген шетелдік рұқсаттар басқа тасымалдаушыға берілмейді.

      30. Отандық тасымалдаушы пайдаланған шетелдік рұқсаттар іссапар аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде, ал пайдаланылмағаны - олардың қолданылу мерзімдері аяқталған соң 10 күннен кешіктірмей олар берілген жер бойынша Басқармаға міндетті түрде тапсыруға жатады.

      31. Басқармалар мынадай жағдайларда шетелдік рұқсатты беруден бас тартуы мүмкін:
      1) халықаралық жолаушылар, багаж бен жүктердің автомобиль тасымалын жүзеге асыру құқығына берілген лицензия және оларға автокөлік құралдарын ұсынуға арналған есепке алатын құжаттар болмаған жағдайда;
      2) пайдаланылған шетелдік рұқсаттарды белгіленген мерзімдерде тапсырмаған жағдайда;
      3) осының алдындағы алты ай ішінде тапшы шетелдік рұқсаттарды алғаннан кейін үш ай ішінде оларды пайдаланбау фактілері орын алған жағдайда;
      4) тасымалдаушы үлестірілгеннен тыс тапшы шетелдік рұқсаттар сұратқан жағдайда;
      5) Басқармада шетелдік рұқсаттар болмаған жағдайда.

      32. Тасымалдаушыға шетелдік рұқсат берілген кезде бланктің тиісті бағандарына міндетті түрде тасымалдаушының атауы мен оның толық мекен-жайы жазылады.
      Басқарма шетелдік рұқсаттардың деректемелерін толтыру Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасындағы рұқсат беру жүйесі туралы тиісті Хаттамамен қабылданған тілде, мөр (мөртабан) басу және рұқсат берген тұлға қол қоюмен жүргізіледі.
      Басқарманың шетелдік құжаттардағы түзетулері Басқарма мөр (мөртабан) басу және түзету енгізген тұлға қол қоюмен расталады.

      33. Рұқсаттар беру кезінде осы Ереженің талаптарының сақталуы үшін жауапкершілік Басқармалардың басшыларына жүктеледі.

  5. Қазақстандық рұқсаттарды шетелдік
тасымалдаушыларға беру тәртібі

      34. Қазақстандық рұқсаттарды және үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған қазақстандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға тиісті жылға айырбасталған рұқсаттар ішінен олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары береді.

      35. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдарды жүзеге асырушы шетелдік тасымалдаушыда қазақстандық рұқсат болмаған жағдайда, ол тиісті рұқсатты көліктік бақылау органдарынан сұратады, рұқсат оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау постыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.

      36. Қазақстандық рұқсаттар, егер халықаралық шарттарда басқаша ескерілмеген болса, келесі жылдың 31 қаңтарына дейін күшінде болады.

      37. Қазақстандық рұқсат және үшінші елдерге (елдерден), соның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайларында тасымалдауды іске асыруға арналған рұқсат бір жолсапар үшін күшінде болады.

      38. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік рейстен кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, қосымша қазақстандық рұқсат болуға қажет, соның негізінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу, не егер үшінші елдерге (елдерден) тасымалдау жоспарланып отырған жағдайда, үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсат жүзеге асырылатын болады.

      39. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған қосымша қазақстандық рұқсат болуы қажет.

      40. Бару пункті аумағынан Қазақстан Республикасына жолаушылар, багаж және жүк тасымалданған мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің аумағында орналасқан жағдайда, үшінші елдерге (елдерден) кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына Қазақстан Республикасының аумағынан жолшыбай жүк артылған жағдайда, тасымалдаушы үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған қосымша қазақстандық рұқсат болуын қамтамасыз етеді, соның негізінде осы тасымалдау жүзеге асырылатын болады.

      41. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан транзитпен автокөлік құралдарын, соның ішінде жүгі бар айдап өту, аумағында айдап өту жүзеге асырылатын шетел мемлекетімен Жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау үшін келісімде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған автокөлік құралдарын, соның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын, айдап өту кезінде рұқсат құжаттары талап етілмейді.

      42. Тіркеу талондары мемлекетімен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласында рұқсат беру жүйесі қолданылатын шетелдік тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау постыларында беріледі.

      43. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарына көліктік бақылау органдары "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келу және болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығу ережесі қағидалары мен жүкке берілетін ілеспе құжаттарды басшылыққа ала отырып және негізінен республикалық мәні бар жолдармен жүру маршрутын айқындай отырып, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мерзімін (30 күннен аспайды), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын жазады.
      Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу (аумағынан кету) мерзімдері тура да кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

      44. Бос шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі Жолаушылар мен жүктің халықаралық тасымалдары үшін Келісімде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Z000038

      45. Егер Келісімдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункт арасында шетелдік автокөлік құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейді.

  6. Рұқсат беру құжаттарының бланкілерін
дайындау және беру

      46. Рұқсат беру құжаттарының бланкілері қатаң есептік бланкілер болып табылады.

      47. Отандық рұқсаттардың, тіркеу талондарының, үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсаттардың бланкілерінің нысандарын Комитет әзірлейді және бекітеді, олар баспаханалық тәсілмен дайындалады, реттік нөмірі және кемінде үш қорғану дәрежесі.

      48. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес рұқсат беру құжатының бланкісінде бланкінің беттік жағында орналасатын мынадай деректемелер болуы тиіс:
      1) жүзеге асыру құқығы рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрі;
      2) рұқсат беру құжаты бланкісінің сериясы мен нөмірі;
      3) рұқсат етілетін жолсапар саны;
      4) рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі;
      5) рұқсаттың құжатының бланкісі берілетін тасымалдаушының деректемелері;
      6) рұқсат беру құжатының бланкісі берілген орын және күні;
      7) қойылған қол мен рұқсат беру құжатының бланкісін берген құзыретті органның мөрі;
      8) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру маршруты;
      9) жылжымалы құрам туралы деректер;
      тасымалданатын жүк туралы деректер;
      10) автокөлік құралының жүксіз жарақталған салмағы;
      11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың белгілері мен мөріне арналған орын;
      12) рұқсат беру құжатының бланкісін пайдалану бойынша негізгі ұйғарымдар.

      49. Қазақстандық рұқсаттардың бланкілері жекелеген жағдайларда Министрлік пен шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен арадағы өзара келісім бойынша біркелкілендірілуі немесе олардың түрініңөзгертілуі мүмкін.

      50. Бланкілерді заңды тұлғаларға беру сенімхат болған кезде жүкқұжаттар бойынша, жеке тұлғаларға - жеке басын куәландыратын құжат болған кезде жүкқұжаттар бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүріп өту үшін алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      51. Есептіден кейінгі 5 күнге дейін ай сайын Басқармалар Комитетке түрлері мен елдер бойынша берілген рұқсаттар бланкілердің берілген саны туралы ақпарат, сондай-ақ автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынған және республикалық бюджетке аударылған алым сомалары туралы аумақтық салық Комитеттерімен салыстыру актісін ұсынады.

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Көлік және коммуникация
                                               министрінің
                                        2005 жылғы 17 ақпандағы
                                           N 84-І бұйрығымен
                                               бекітілген
                                        Қазақстан Республикасында
                                          халықаралық автомобиль
                                        тасымалдары кезінде рұқсат
                                           беру жүйесін қолдану
                                            ережесіне 1-қосымша

       Орындалатын тасымалдау елдері мен олардың түрлері
        бойынша қазақстандық тасымалдаушылардан шетелдік
       рұқсаттардың қажет саны туралы өтінім беру нысаны

Қазақстандық
тасымалдаушының атауы


Тасымалдаушының мекен-жайы


Лицензия нөмірі және
берілген күні және есептік
құжаттар саны


Лицензия алынған Көліктік
бақылау басқармасы


Бланкілерін
келесі жылы
пайдалану
жоспарланып
отырған
мемлекет

Блан-
кілер
түрі

Жалпы
қажет-
тілік,
дана

Соның ішінде
тоқсандар бойынша

I
тоқсан

ІI
тоқсан

IІІ
тоқсан

IV
тоқсан

1

2

3

4

5

6

7








                                           Қазақстан Республикасы
                                         Көлік және коммуникация
                                               министрінің
                                        2005 жылғы 17 ақпандағы
                                           N 84-І бұйрығымен
                                               бекітілген
                                        Қазақстан Республикасында
                                          халықаралық автомобиль
                                        тасымалдары кезінде рұқсат
                                           беру жүйесін қолдану
                                            ережесіне 2-қосымша

          Ағымдағы жылы берілген шетелдік рұқсаттар
        бланкілерінің түрлері мен елдер бойынша саны
     туралы, сондай-ақ келесі жылға шетелдік рұқсаттарға
      қажеттілік туралы деректер берудің жиынтық нысаны

Келесі жылы
бланкілерін
пайдалану
жоспарланып
отырған
мемлекеттер

Блан-
кілер
түрі

Қазақ-
стандық
тасымал-
даушының
атауы

Лицензияның
нөмірі мен
берілген
күні және
есептік
құжаттар
саны

Ағымдағы жылдың
9 айы ішінде
пайдаланылған
бланкілер
саны, дана

1

2

3

4

5











Мемлекеттер мен бланк түрлері бойынша барлығы 


  кестенің жалғасы

Ағымдағы жылдың
қазан-желтоқсан
айындағы қажет-
тілік, дана

Келесі жылға
жалпы қажет-
тілік, дана

Соның ішінде
тоқсандар бойынша

I
тоқсан

ІI
тоқсан

IІІ
тоқсан

IV
тоқсан

6

7

8

9

10

11



















                                           Қазақстан Республикасы
                                         Көлік және коммуникация
                                               министрінің
                                        2005 жылғы 17 ақпандағы
                                           N 84-І бұйрығымен
                                               бекітілген
                                        Қазақстан Республикасында
                                          халықаралық автомобиль
                                        тасымалдары кезінде рұқсат
                                           беру жүйесін қолдану
                                            ережесіне 3-қосымша

          Тапшы шетелдік рұқсаттардың өкімдемесін
            тасымалдаушылар бойынша жасау тәртібі

      Резервтен тыс қалған тапшы шетелдік рұқсаттар тасымалдаушылар 
арасында, берілген өтінімдерді есепке ала отырып, бірақ мынадай
есептелгеннен артық емес мөлшерде үлестіріледі:
      К = К пайд х К үлест Кжалп. пайд
      мұндағы
      Кпайд - тасымалдаушы осының алдындағы жылы пайдаланған аталған
түрдегі шетелдік рұқсаттар саны. Егер осының алдындағы жылы
тасымалдаушы аталған түрдегі шетелдік рұқсаттарды пайдаланбаған
болса, онда К пайд = 1;
      К үлест - ағымдағы жылы үлестірілетін аталған түрдегі тапшы
шетелдік рұқсаттар саны;
      К жалп. пайд - қазақстандық тасымалдаушылар осының алдыңғы жылы
пайдаланған аталған түрдегі шетелдік рұқсаттардың жалпы саны.
      Тапшы шетелдік рұқсаттарды үлестіру нәтижесі мынадай кестеге
енгізіледі:

  ________________ аумағы арқылы   ____________________________
тасымалдауға арналған тапшы шетелдік рұқсаттарды үлестіру
бойынша деректер.
  Ағымдағы жылға үлестірілетін аталған түрдегі тапшы шетелдік
рұқсаттардың жалпы саны ____________ дана (резервке бөлінген
рұқсаттарды есепке алмағанда)
  Осының алдындағы жылы қазақстандық тасымалдаушылар пайдаланған
аталған түрдегі шетелдік рұқсаттардың жалпы саны ____________
дана.

Тасы-
малдау-
шының
атауы,
мекен-
жайы

Халықаралық
тасымалдауға
лицензия
берген
Көліктік
бақылау
басқармасы

Осының
алдындағы
жылы пай-
даланылған
аталған
түрдегі
шетелдік
рұқсаттар
саны

Ағымдағы
жылға
өтінім
берілген
аталған
түрдегі 
рұқсаттар
саны

Формула
бойынша
есептелген
аталған
түрдегі
рұқсаттар
саны

1

2

3

4

5











Барлығы




   кестенің жалғасы

________________ аумағы арқылы   ____________________________
тасымалдауға арналған тапшы шетелдік рұқсаттарды үлестіру
бойынша деректер.
  Ағымдағы жылға үлестірілетін аталған түрдегі тапшы шетелдік
рұқсаттардың жалпы саны ____________ дана (резервке бөлінген
рұқсаттарды есепке алмағанда)
  Осының алдындағы жылы қазақстандық тасымалдаушылар пайдаланған
аталған түрдегі шетелдік рұқсаттардың жалпы саны ____________
дана.

Ағымдағы жылға
бөлінген рұқсаттар
саны, барлығы

Соның ішінде тоқсандар бойынша

I тоқсан

ІI тоқсан

IІІ тоқсан

IV тоқсан

6

7

8

9

10