Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 823 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында:
      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1. директор;
      2. меңгеруші (басшы);
      3. әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
      4. медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
      5. медициналық бөлімнің меңгерушісі;
      6. дезинфектор;
      7. әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      8. барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      9. барлық мамандықтағы нұсқаушылар;
      10 мейірбикелер;
      11. дәріхана меңгерушісі;
      12. фармацевт;
      13. акушер;
      14. фельдшер;
      15. лаборант;
      16. психолог;
      17. әдіскер;
      18. тәрбиеші;
      19. логопед;
      20. барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      21. мәдени ұйымдастырушы;
      22. музыкалық жетекші;
      23. кітапханашы;
      24. әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңес беруші;
      25. күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
      облысының әкімі С. Кулагин

КЕЛІСІЛДІ:
 
Қостанай облыстық
 
мәслихатының хатшысы
 
______ С. Төкенов