Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы  24 ақпандағы N 130, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 08-1/64, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 50-І, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 52-ө Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3508. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

     1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

     жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
     1-тармақ "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін "және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;

     11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
     "16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
     Президенті