Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевтың "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі