Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 8 шілдедегі
№ 781 қаулысымен 
бекiтiлген 

Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелерге кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Кеме журналын беру және жүргізу тәртібі

      2. Кеме журналы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Кеме журналы кеменің тоқтаусыз пайдалану кезеңі көрсетілген кеме құжаты болып табылады.
      4. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі.
      5. Кемені тұраққа жауапты сақтауға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы кемеде қалады, бірақ оны толтыру кемеде экипаж болмайтын уақытқа тоқтатылады.
      6. Кеме журналындағы барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.
      7. Кеме журналын вахта бастығы (капитанның вахтадағы көмекшісі) жүргізеді.
      8. Мәтінді енгізген вахта бастығы оны өзгертеді және толықтырады, ал капитан – тек толықтырады.
      9. Кеме журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде анық және ұқыпты түрде көк немесе қара түсті пастамен (немесе сиямен) жазылады.
      10. Кеме журналы оқиға болған сәтте немесе одан кейін вахта үдерісінде толтырылады. Жүрдек кемелердің ішкі су жолдарында жүзуі кезінде кеме журналы аялдамада толтырылады.
      11. Кеме журналының уақыты кеме сағаты бойынша 0 ден 24 сағатқа дейін 1 минут аралықпен жазылады. Сағаттар минуттардан нүктемен бөлінеді.
      12. Әр тәуліктің жазбасы кеме журналының жаңа бетіне жазылады. Тәулік соңына дейін толтырылмаған кестелер, бағандар және жолдар "Z" белгісімен сызылады.
      13. Навигациялық сипаттағы жазбалардың көлемін, навигациялық картадағы төсеммен және тіркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бірге кеме бағытын қалпына келтіруге болатынын ескере отырып капитан белгілейді. Сонымен бірге, картадағы төсем, картаны қайталап пайдаланғанға дейін сақталады, ал өздігінен жазу таспалары – курсограмма, реверсограмма, эхограмма – екі жыл бойы сақталады.
      14. Кеме орны вахталық жүру кезегі соңында, сондай-ақ, капитанның немесе вахта бастығының пікірі бойынша қажетті барлық жағдайларда кеме журналында тіркеледі.
      15. Жүзудің ерекше шарттары бар ауданға жақындаған кезде қалыпты іс-шаралардың орындалуы тіркелмейді.
      16. Вахта бастығы өз жазбаларына лауазымын көрсете отырып қол қояды. Қол қойғаннан кейін вахта бастығы өзінің тегін көрсетеді.
      17. Капитан кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әр беттің соңына қолын қойып куәландырады. Кемеге қатер төнген жағдайда кеме капитаны кеме журналын сақтап қалуға барлық қажетті шараларды қолданады.
      18. Толтырылған кеме журналдары жалпы негізде қызметтік құжаттармен бірге екі жыл сақталады да, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.
      19. Кеме журналын жүргізу қағидасы капитан мен вахта бастығының кеме журналына, кемеге қатысты және олардың пікірінше кеменің, кеме иесінің, жолаушылардың мүдделерін және жүкті қорғау үшін маңызы бар қандай да болмасын жазбаны енгізу құқығын шектемейді.
      Басқа тұлғалардың кеме журналындағы осы жайлы қандай да болмасын жазбалары мен талаптары жоққа шығарылады.
      20. Күні (күні, айы, жылы) кеме журналы айналымының әрбір сол жақ бетінде жазылады. Күнінен оңға қарай апта күні көрсетіледі, сонымен қатар кеме уақытын санау жүйесі (журналға ең алғаш жазба және өзгерту жазылғанда).
      21. Екінші жолда кеме тұрағының орны (рейд, порт, жағалау атауы), ал жүзіп жүрген кемеде – жүзу ауданы (өзен, канал, су қоймасының, көл, теңіз, олардың шығанағының немесе бөлігінің атауы) көрсетіледі. Бұдан әрі жолда сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі көрсетілуі мүмкін.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Кеме журналында кеменің тәулік бойғы жұмысы; гидрометеорологиялық деректер; жүзіп өткен қашықтық; навигациялық ахуалдың жай-күйі, оқиғалар мен іс-қимылдар; бас қозғалтқыштардың жұмысы; көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Кеменің тәулік бойғы жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
      1) рейс нөмірі (ол өзгерген кезде жазылып отырады);
      2) іс жүзіндегі дәйектілікпен кеме аялдамаларының пункттері;
      3) кеменің осы аялдама пунктіне жүзіп келген уақыты;
      4) осы пункттен жүзіп кеткен уақыты;
      5) жолаушылар саны (экипажды есепке алу немесе жағалау деректері бойынша), осы аялдама пунктінен жөнелтiлген сәттегi кемедегi жүктiң саны мен атауы;
      6) осы жөнелту пунктінен жөнелтілген сәттегi кеменiң (құрамның) ең үлкен шөгуі көрсетіледі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      25. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27. Гидрометеорологиялық деректер туралы мәліметтерді толтыру кезінде мыналар көрсетіледі:
      1) ауа райы мен теңіз (су тоғаны) жай-күйі туралы деректер;
      2) желдің нақты бағыты (100 аралықпен градуспен) және оның секундына метр жылдамдығы;
      3) толқындану бағыты (толқындану келетiн бағыт) 100 аралықпен және баллмен көрсетiлген теңiз бетiнiң (көл, су қоймасы) жай-күйі. Өзенде және порт суларында тиiсiнше «өзен», «порт» деп жазылады;
      4) егер су бетiнде мұз болса, онда «М» белгiсi және мұздың тығыздығы баллмен жазылады;
      5) ауа райының жағдайы шартты белгiмен (А-ашық, Б-бұлтты, Тү-түтiн, Тк-түнек, Т-тұман, Ж-жаңбыр, Қ-қар, Бұ-бұршақ, Н-найзағай) және көрiну ұзақтығы километрмен жазылады;
      6) миллиметрмен атмосфералық қысым және сыртқы ауаның температурасы.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      30. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      31. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      32. Өткен қашықтықтар туралы мәліметтерді толтыру кезінде кеменің тұтастай тәулік iшiнде өткен арақашықтығы (километрмен) көрсетіледі.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Навигациялық ахуалдың жай-күйі, оқиғалар мен іс-қимылдар туралы мәліметтерді толтыру кезінде навигациялық ахуалдың жалпы тәулік ішіндегі жай-күйі туралы деректер жазылады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      34. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35. Мұздарда жүзген кезде мұзға кіруі және одан шығуы, мұздың сипаты мен тығыздығы, алынған өкімдер мен метеожағдай жазылады.
      Кемеде көлік оқиғасы болған жағдайда: көлік оқиғасының орны, мән-жайы және сипаты, оның салдары, кеме мен механизмдердің көлік оқиғасынан кейінгі жағдайы; экипаждың көлік оқиғасын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі іс-әрекеті толық жазылады. Басқа кемемен соқтығысқан кезде, сондай-ақ жақындасу жағдайы, бұрылып кету үшін алдын ала жасаған маневрлері, соқтығысқан кеменің атауы және тіркелген пункті, шыққан және баратын пункті, оның зақымдану сипаты жазылады. Кеме мұздан зақымданған кезде – мұз жағдайының сипаты қосымша жазылады.
      Дабыл (жаттығу) кезінде оның түрі, жариялану уақыты мен аяқталуы жазылады.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      36. Бас қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде бас қозғалтқыштар іске қосылған және тоқтататылған сәттер, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі. Қозғалтқыштардың қысқа уақытқа тоқтатылуы тіркелмейді.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      37. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      38. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      39. Бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
      1) кеменің бас қозғалтқыштарының бақылау аспаптарының көрсетулері, бүтін сағатқа еселенген жазбалар төрт сағаттан сиретпей орындалады;
      2) қозғалтқыштардың айналу жиiлiгi (айн./мин);
      3) майдың сүзгіге дейiнгi қысымы (аспаптарды бөлiктеу бiрлiктерінде);
      4) майдың сүзгіден кейiнгi қысымы (аспаптарды бөлiктеу бiрлiктерінде);
      5) майдың қозғалтқыштан кейінгі температурасы (оС-та);
      6) судың шығудағы температурасы (оС-та);
      7) шығатын газдардың температурасы (жалпы) (оС-та) жазылады.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      40. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      41. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      42. Көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде көмекші қозғалтқыштар іске қосылған және тоқтатылған жағдайлар, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      43. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      44. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      45. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Кеме рөлін беру және жүргізу тәртібі

      46. Кеме рөлі (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) – кеме капитаны жасайтын кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      47. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      48. Кеме рөлі мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) кеме туралы (атауы, тіркелу орны және тіркелу нөмірі, түрі және мақсаты, кеме иесі, кеменің шақыру сигналы);
      2) экипаж мүшелері туралы (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы, кемедегі лауазымы, атағы және диплом нөмірі, теңізші паспортының немесе тұлғаның азаматтығын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы және нөмірі).
      49. Кеме рөліне кеме экипажының құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ:
      1) жүзу тәжірибесінен өту үшін осы кемеге жіберілген оқу орындарының курсанттары (оқушылар);
      2) кемеде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген кеме иесінің өкілдері енгізіледі.
      Кеме рөлінде көрсетілген, халықаралық тасымалды жүзеге асырушы кемеге іссапарға жіберілген оқу орындарының курсанттары мен тұлғалардың кемедегі лауазымдарын кеме экипаждарын жинақтауға құқығы бар кеме иесі белгілейді.
      50. Кеме рөлін кеме капитаны кеме портқа кіргенде немесе порттан шыққанда порт капитанына, шекаралық бақылау органдарына ұсынады.
      51. Кеме экипажында өзгерістер болмаған жағдайда, кесте бойынша жұмыс істеп тұрған кеме бір портқа отыз күн ішінде кемінде бір-ақ рет кірсе, портқа әрбір кірген сайын кеме рөлін ұсыну талап етілмейді.
      52. Кеме портқа келгенде ұсынылған кеме рөлін, оған өзгерістер енгізілген немесе өзгерістердің жоқтығы көрсетілген жағдайда, кеменің порттан шығуы кезінде ұсынуға рұқсат етіледі.
      53. Кеме рөлі кемеде:
      1) кеме Қазақстан портына келгенде немесе Қазақстан портынан кеткенде – мемлекеттік немесе орыс тілінде;
      2) кеме шетел портына келгенде немесе шетел портынан кеткенде – мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады.
      54. Кеме рөліндегі жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (сиямен) анық және ұқыпты жазылады. Қарындашпен жазуға рұқсат етілмейді.
      55. Кеме рөлі былайша толтырылатын мәліметтерді қамтиды:
      1) «тегі, аты және әкесінің аты», «туған күні мен жері», «азаматтығы» – теңізшінің жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатта келтірілген деректер бойынша;
      2) «лауазымы» – халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде – кемедегі қызметтік жағдайы туралы теңізшінің жеке куәлігіндегі жазбаға сәйкес.
      Басқа кемелерде – кеме иесінің тұлғаны кеме экипажының мүшесі етіп тағайындау туралы бұйрығына (өкіміне) сәйкес;
      3) «атағы және диплом нөмірі» – біліктілігін растайтын дипломда көрсетілген деректер бойынша;
      4) «теңізшінің жеке куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы мен нөмірі» – теңізшінің жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын тиісті құжатта көрсетілген деректер бойынша толтырылады.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      56. Кеме экипажының құрамында өзгеріс болмағанда, «Өзгерістер жоқ» деген жазу жазылады, ол күні көрсетіле отырып, кеме капитанының қолымен және кеме мөрімен куәландырылады.
      Кеме экипажының құрамы өзгерген жағдайда кеме рөліне өзгерістер мынадай тәртіп бойынша енгізіледі:
      1) кеме экипажының шығып кеткен мүшесінің тегі жазылған жол сызылады;
      2) кеме экипажы жаңа мүшесінің тегі жазылған жол кеме экипажы шығып қалған мүшесінің нөмірімен белгіленеді.     
      Экипаж мүшесі ауыстырусыз шыққан жағдайда, экипаж мүшесі (Т.А.Ә.) кемеден ауыстырусыз шығарылғаны жайлы жазылып, шығып қалған экипаж мүшесінің тегі жазылған жол сызылып тасталады.
      Кеме рөліне енгізілген өзгерістерге кеме капитаны күнін көрсетіп қол қояды және кеме мөрімен куәландырады.
      Қазақстан портынан шетелге жүзу кемесі шығар алдында кеме рөліне өзгерістер енгізілген жағдайда, осы өзгерістерді кеме иесі немесе порт капитаны куәландырады.

4. Радиожурналды беру және жүргізу тәртібі

      57. Радиожурнал ҚТ диапазонындағы радиобайланысқа қатысты мәліметтер тіркелетін құжат болып табылады.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      58. Кеменің иесі кемеге радиожурналды кеме капитанына қолхатпен береді.
      59. Радиожурналдың барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады.
      60. Кеме иесі кемеге радиожурналдың тек бір данасын ғана береді.
      61. Радиожурналды жаңасына ауыстыру оны толық пайдаланған кезде ғана жүргізіледі. Радиожурнал кеме бортында оған соңғы жазба енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде сақталады, сонан соң кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.
      62. Радиожурнал вахта бастығының рубкасында сақталады.
      63. Радиожурналды жүргізу кеменің радиооператоры, ал штат кестесі бойынша кеменің радиооператоры жоқ болса, вахта бастығы жүзеге асырады. Радиожурналдағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.
      64. Кеме капитаны өткен тәуліктерде радиожурналдың жүргізілуін тексереді және радиожурналдың мазмұнын келіп түскен және берілген хабарлардың соңында қол қою арқылы куәландырады. 

5. Машина журналын жүргізу тәртібі

      65. Машина журналы көмекші және күш беретін қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармай жұмсалуын және бар екендігін көрсетеді.
      66. Машина журналы, машиналық үй-жайда вахта атқарусыз пайдаланылатын кемелерді қоспағанда, механикалық қозғалтқышы бар кемелерде жүргізіледі.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      67. Машина журналының барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады. Машина журналын кеме иесі кеме капитанына қолхатпен береді.
      68. Механиктің вахтадағы көмекшісі барлық вахтаның бастығы болып табылады және машина журналында жазба жүргізеді.
      Механиктен және оның көмекшілерінен басқа, кеме экипажының мүшелері мен кемеге отырған адамдарға, олардың лауазымдық дәрежесіне және кемеге келу мақсатына қарамастан, машина журналына қандай да бір жазбалар немесе түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді.
      69. Вахта уақытында вахта механигі механизмдерді пайдалану мен жұмысы туралы барлық мәліметтерді жазады, ал жұмыс арасындағы үзілістерде және вахта аяқталғаннан кейін журналға вахта туралы қажетті мәліметтерді енгізеді және онда лауазымын және тегін көрсете отырып, өз қолын қояды.
      70. Машина журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.
      71. Жазғанды өшіруге, жолдардың арасына және одан тыс қыстырып жазуға, сондай-ақ кейіннен жазу үшін орын қалдыруға рұқсат етілмейді.
      72. Машина журналындағы мәтінді тек негізгі мәтінді жазған адам және кеменің капитаны-механигі түзете және (немесе) толықтыра алады. Қате жазылған мәтін жеңіл оқылатындай етіп жіңішке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Соңғы жақшадан кейін капитан-механик түзетулерді және (немесе) толықтыруларды қолымен және (немесе) «түзетілгені рас» деген мәтінмен куәландырады.
      73. Машина журналындағы жазбаларды кеме механигі тексереді, әрбір оң беті оның қолымен куәландырылады. Журналды жүргізу бойынша барлық ескертулерді механик өзінің көмекшілеріне ауызша хабарлайды. Вахта механигі жазбаларды парақтың соңында өз қолымен куәландырады.
      74. Толтырылған машина журналы кемеде 2 жыл сақталады, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.
      75. Машина журналында қалыпты параметрлерден ауытқу кезіндегі мәліметтер тіркеледі.
      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      76. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      77. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      78. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      79. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      80. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      81. Мәліметтер екіұдай түсінік бермейтін мағынада қысқа әрі түсінікті етіп жазылады.
      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      82. Әрбір вахтаның жазбасы жаңа жолдан басталады және оларды бекітетін қол қоюды қоса алғанда, қандай да бір жол қалдырусыз жүргізіледі.
      83. Кеме уақыты түн ортасынан – 0 сағаттан 24 сағатқа дейін саналады. Уақыт мезеті төрт таңбалы санмен жазылады және сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады. Оң жақ бетіндегі кез келген жазба 1 минутқа дейінгі дәлдікпен кеме сағаты бойынша уақыт мезетінен басталады.
      84. Беттің тақырыбында бірінші жолға апта күнінің атауы, күні, айы және жылы, екінші жолға – рейдтің, айлақтың немесе жүзу ауданының атауы жазылады.
      85. Тәуліктің басында 00.00 мезетке кеменің орны, жай-күйі іс-әрекеті туралы мәліметтер жазылады.
      86. Вахтаның басында вахтаға шыққан және кемеде жұмыс істейтін адамның аты-жөні, ал қажет кезде – кеменің тоқтауы және іс-әрекеті туралы қосымша мәліметтер жазылады.
      87. Вахтаның соңында кеменің орны, жағдайы, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер толық жазылады. Барлық жағдайларда да жазба «Ерекше белгілер» деген тақырыпшамен аяқталады, одан кейін бас қозғалтқыштар мен механизмдердің ерекше назар аудару қажет жұмысы жөнінде ескертулер немесе егер ерекше ескертулер жоқ болса «Ескертусіз» сөзі жазылады.
      88. Барлық экипаждың немесе оның едәуір бөлігінің қатысуымен қауырт жұмыс кезінде оның тағайындалуы мен аяқталуы туралы мәліметтер жазылады.
      89. Бас қозғалтқыштар мен көмекші механизмдердің режимі, егер олар белгіленген нормаларға сәйкес келмесе, және басқа жағдайларда қажет болғанда, себебі көрсетіле отырып жазылады. 

6. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын беру және жүргізу тәртібі 

      90. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) кемені тексерулердің барлығын тіркейтін құжат болып табылады.
      91. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын кеме иесі кеме капитанына қол қойғызып береді.
      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      92. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабының барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады.
      93. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын жаңасына ауыстыруға тек аумақтық бөлімше оны толық пайдаланғаннан соң ғана рұқсат етіледі, бұл ретте пайдаланылған кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы кеме иесінде қалады. Егер аумақтық бөлімшенің пайдаланылған кітаптағы талаптары орындалмаған болса, онда олар жаңа кітапқа ауыстырылып жазылады.
      94. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы вахта бастығының рубкасында сақталады және аумақтық бөлімшенің өкілдерінің алғашқы талабы бойынша беріледі.
      95. Кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкері кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесін, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкері анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде кеме капитаны кеме иесіне хабарлайды.
      Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептері көрсетіле отырып жазба жасалады.
      Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.
      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      96. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабына енгізілген ұсыныстар мен ұйғарымдар, егер олар техникалық пайдалану ережесіне қайшы келмесе, белгіленген мерзімде орындалуға жатады.
      97. Кеменің капитаны кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын жүйелі түрде тексереді және ескертулерді белгіленген мерзімде жою жөніндегі шараларды қабылдайды, ол жайында әрбір жазбаның қарсысында кемшіліктерді жою күнін көрсете отырып белгілеу жүргізеді.
      98. Кеме иесі кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын тексереді және ондағы белгіленген кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды. 

7. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібі 

      99. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті аумақтық бөлімшелер кеме иесі экипаждың бекітілген штат кестесін ұсынғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде үш жыл мерзімге береді.
      100. Кеме экипажы құрамының Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкестігі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен куәландырылады.
      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8. Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгiн және кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлікті беру тәртібі

      101. Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгiн және кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлікті ішкі суларда және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерін куәландыру кезінде Кеме қатынасының тiркелiмін береді.
      102. Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi Кеме қатынасы тiркелiмінің негізгі құжаты болып табылады және:
      1) кеменің негізгі техникалық көрсеткіштерін және оның элементтері туралы мәліметтерді;
      2) куәлік берілгеннен соң кеменің негізгі техникалық көрсеткіштерінің және оның элементтерінің өзгерістері туралы мәліметтерді;
      3) кемені есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді қамтиды.
      103. Кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлігінде кемедегі экологиялық қауіпсіздік жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      104. Барлық куәліктер жыл сайын расталып, 5 жыл мерзімге беріледі. 

9. Өзге де кеме құжаттарын беру тәртібі

      105. Кеме куәлігі кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
      Кеме куәлігінің нысаны және оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен регламенттеледі.
      106. Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлігі кеменің Жалға алынған шетел кемелері тіркеліміне енгізілгенін растайды.
      Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлігінің нысаны және беру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілетін Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен регламенттеледі.
      107. Кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса) радиожиілікті спектрді қолдануды растайды.
      Кеме станциясының рұқсатының нысаны және беру тәртібі Жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сонымен қатар азаматтық қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiнiң есебiн жүргiзу ережелерімен регламенттеледі.
      108. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының нысаны және беру тәртібі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу қағидасымен регламенттеледі.
      109. Санитарлық паспорттың нысаны және оны беру тәртібі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Санитариялық паспорт беру, оны есепке алу және жүргiзу қағидасымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 8 шілдедегі
№ 781 қаулысымен  
     бекiтiлген     

      Ескерту. Кеме құжаттарының нысандары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).