Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің мәселелері <*> ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.03. N 1665 қаулысымен. ~P001665

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 ақпан N 151.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Уәкілетті органға

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға және 2000 жылға

арналған республикалық бюджетте көлденең шығындарға арналған қаражатының

есебінен Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға 7250 (жеті мың екі жүз

елу) мың теңге бөлсін."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.