Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасы Заңының  68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимiн қолданудың, кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарының тiзбесiндегi:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акцизделуге жататындарды қоспағанда, мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген айырықшалықтар мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзілген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын кәсiби жабдыққа қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі