Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 344-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3931.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 285-І бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2970 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2005 жылғы 10 қарашадағы
N 344-І бұйрығымен
бекітілген

Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2009.07.07 N 309 бұйрығымен; өзгерту енгізілді - 2010.24.09 N 431 бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - 01.07.2013 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2022 № 709 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

N р/с

Жүктің атауы

ҮЖН бойынша жүктің коды

Ескерту

1

2

3

4

1.

Ет және тағамдық қосымша тамақ өнімдері

02010000-ден 02100000 қоса алғанда

Барлық атаулар

2.

Сүт өнімдері; құс жұмыртқалары; табиғи бал; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген жануар тектестерден алынған тағамдық азық-түліктер

04050000, 04060000

Барлық атаулар

3.

Көкөністер және кейбір жеуге жарайтын тамыр тұқымдар мен түйнек тұқымдар

07010000-ден 07140000 қоса алғанда

Барлық атаулар

4.

Жеміс-жидектер мен жеуге жарайтын жаңғақтар; цитрустық жемістердің немесе қауындардың қабықтары

08010000-ден 08140000 қоса алғанда

Барлық атаулар

5.

Кофе, шай, мате немесе парагвай шайы және дәмдеуіштер

09010000-ден 09100000 қоса алғанда

Барлық атаулар

6.

Бидай және меслин

10010000

Барлық атаулар

7.

Қара бидай

10020000

Барлық атаулар

8.

Арпа

10030000

Барлық атаулар

9.

Сұлы

10040000

Барлық атаулар

10.

Жүгері

10050000

Барлық атаулар

11.

Күріш

10060000

Барлық атаулар

12.

Ұнтақтау-жармалық өнеркәсіп өнімдері; үгітілген ашытқы; крахмал; инулин; бидай желімтегі

11010000-ден 11090000 қоса алғанда

Барлық атаулар

13.

Жармаланған немесе жармаланбаған соялық бұршақтар

12010000

Барлық атаулар

14.

Зәйтүн тұқымдары мен жемістері, ұрықтар, жемістер және басқа дәндер, дәрілік өсімдіктер және техникалық мақсатқа арналған өсімдіктер; сабан және мал жемі

12010000-ден 12140000 қоса алғанда

Барлық атаулар

15.

Мақта линті

14042000

Барлық атаулар

16.

Малдан немесе өсімдіктен алынған майлар және олардың бөлшектеніп алынған өнімдері; дайын тамақ майлары; малдан немесе өсімдіктен алынған балауыздар

15010000-ден 15210000 қоса алғанда

Барлық атаулар

17.

Еттен, балықтан немесе шаян тәрізділерден, моллюскалар немесе басқа су омыртқасыздарынан жасалған дайын тағамдық азық-түліктер

16010000, 16020000, 16030000

Барлық атаулар

18.

Қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер

17010000-ден 17040000 қоса алғанда

Барлық атаулар

19.

Какао және одан жасалған өнімдер

18010000-ден 18060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

20.

Астық дәндерінен, ұннан, крахмалдан немесе сүттен жасалған дайын азық-түліктер; ұннан жасалған кондитерлік өнімдер

19010000, 19020000, 19040000, 19050000

Барлық атаулар

21.

Көкөністерді, жемістерді, жаңғақтарды немесе өсімдіктердің басқа бөлшектерін өңдеуден алынған өнімдер

20010000-ден 20090000 қоса алғанда

Барлық атаулар

22.

Әр түрлі тағамдық өнімдер

21010000-ден 21060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

23.

Алкогольдік немесе алкогольсіз сусындар және сіркесу

22010000-ден 22090000 қоса алғанда

Барлық атаулар

24.

Азық-түлік өндірісінің қалдықтары; малға арналған дайын азықтар

23010000-ден 23090000 қоса алғанда

Барлық атаулар

25.

Темекі және темекінің өнеркәсіптік алмастырғыштары

24010000-ден 24030000 қоса алғанда

Барлық атаулар

26.

Сублимирлендірілген, тұндырылған және коллоидтік күкірттен басқа күкірттің барлық түрі

25030000

Барлық атаулар

27.

Мәрмәр, травертин немесе әктік туф, экаусин және ескерткіштер немесе құрылысқа арналған үлес салмағы 2.5 немесе одан жоғары басқа әктастар мен алебастр, ірі ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, кесілген не кесілмеген, немесе басқа әдіспен блоктарға бөлінген немесе тікбұрышты түрдегі (төртбұрышты қоса) тақталар

25150000

Барлық атаулар

28.

Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 709 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

29.

Портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, суперсульфаттық цемент және соған ұқсас гидравликалық боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер түріндегі цементтер

25230000

Барлық атаулар

30.

Талшықтас

25240000

Барлық атаулар

30-1.

Біріктірілмеген күйдірілген пириттен басқа, темір және кендер концентраттары

26011100

Темір кенінің шекемтастары

31.

Кен және концентраттар

26170000

Барлық атаулар

32.

Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар

27012000 тен 27090000 дейін

27110000 тен 27490000 дейін

Барлық атауы

33.

Хлор

28011000

Барлық атаулар

34.

Сутек, инертті газдар және басқа металл еместер

28040000

Барлық атаулар

34-1.

Сутегі хлориді (тұз қышқылы)

28061000

Барлық атаулар

34-2.

Күкірт қышқылы

28070000

Барлық атаулар

35.

Хлороформ

29031300

Барлық атаулар

36.

Ациклдық спирттер және олардың галогенирленген, сульфирленген, нитрленген немесе нитрозирленген туындылары

29050000, 29060000

Барлық атаулар

37.

Фармацевтикалық өнім

30010000-ден 30060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

38.

Тыңайтқыштар

31020000-ден 31050000 қоса алғанда

Барлық атаулар

39.

Эфирлік майлар және резиноидтер; парфюмерлік, косметикалық немесе жуынатын құралдар

33010000-ден 33070000 қоса алғанда

Барлық атаулар

40.

Сабын; құрамында сабыны бар немесе жоқ кесек, тілім немесе қалыптау өнімдері пішіндегі сабын ретінде қолданылатын сырттай белсенді органикалық заттар мен құралдар; құрамында сабыны бар немесе жоқ сұйықтық немесе крем түріндегі және жекелеп сату үшін оралған теріні жууға арналған сырттай белсенді органикалық заттар мен құралдар; сабын немесе жуу құралы жағылған және сіңірілген қағаз, киіз, мақта және жұқа киіз немесе маталық емес материалдар

34010000

Барлық атаулар

41.

Сырттай белсенді органикалық заттар (сабыннан басқа); құрамында сабыны бар немесе жоқ сырттай белсенді құралдар (3401 - орындағы құралдардан басқа), жуу құралдары (қосымша жуу құралдарын қоса алғанда) және тазалау құралдары

34020000

Барлық атаулар

42.

3604 - орындағы пиротехникалық өнімдерден басқа сіріңкелер

36050000

Барлық атаулар

43.

Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар

39010000-ден 39260000 қоса алғанда

Барлық атаулар

44.

Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

40010000-ден 40170000 қоса алғанда

Барлық атаулар

45.

Өңделмеген терілер (табиғи теріден басқа) және иленген тері

41010000-ден 41150000 қоса алғанда, 43010000, 43020000

Барлық атаулар

46.

Табиғи және жасанды тері; олардан жасалған бұйымдар

43010000-ден 43040000 қоса алғанда

Барлық атаулар

47.

Былғарыдан жасалған бұйымдар; қайыс-ершік бұйымдары және жегу әбзелдері; жолдық керек-жарақтар, әйел сөмкелері және соларға ұқсас тауарлар; мал ішектерінен жасалған бұйымдар (жібектің фибрионынан жасалған талшықтан басқа)

42010000-ден 42050000 қоса алғанда

Барлық атаулар

48.

Сүрек және одан жасалған бұйымдар; ағаш көмір

44010000-ден 44210000 қоса алғанда

Барлық атаулар

49.

Қағаз және картон; қағаз массасынан, қағаздан немесе картоннан жасалған бұйымдар

48010000-ден 48230000 қоса алғанда

Барлық атаулар

50.

Жібек; жүн, жануарлардың жіңішке және қалың қылдары; ат қылынан жасалған иірімжіп және мата

50070000, 51060000-ден 51130000 қоса алғанда, 52050000-ден 52080000 қоса алғанда, 52120000, 53060000-ден 53110000 қоса алғанда, 54070000, 54080000, 55090000-ден 55160000 қоса алғанда, 58010000, 58020000, 58030000, 58060000, 58090000, 59010000-ден 59110000 қоса алғанда

Барлық атаулар

51.

Мақта

52010000, 52020000, 52030000

Барлық атаулар

52.

Кілемдер және басқа едендік тоқыма жабындар

57010000-ден 57050000 қоса алғанда

Барлық атаулар

53.

Машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма бұйымдары

60010000-ден 60060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

54.

Киім заттары және машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма киіміне бұйымдар

61010000-ден 61170000 қоса алғанда

Барлық атаулар

55.

Киім заттары және машинамен немесе қолмен тоқылған тоқымадан басқа киім бұйымдары

62010000-ден 62170000 қоса алғанда, 63020000, 65010000-ден 65050000 қоса алғанда

Барлық атаулар

56.

Басқа дайын тоқыма бұйымдары; жиынтықтар; қолданыста болған киім мен тоқыма бұйымдары; ескі-құсқы

63010000, 63050000-ден 63070000 қоса алғанда,

94040000

Барлық атаулар

57.

Аяқ киім, балтыршалар және ұқсас бұйымдар; олардың бөлшектері

64010000-ден 64060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

58.

Тас, гипс, цемент, асбестен жасалған бұйымдар, слюдалар немесе осыған ұқсас материалдар

68010000-ден 68159990 қоса алғанда

Барлық атаулар

59.

Керамикалық бұйымдар

69010000-ден 69140000 қоса алғанда

Барлық атаулар

60.

Шыны және одан жасалған бұйымдар

70010000-ден 70200000 қоса алғанда


Барлық атаулар

61.

Табиғи немесе өсірілген інжу, бағалы немесе жартылай бағалы тастар, бағалы металдар, металдар, бағалы металдар жалатылған және олардан жасалған бұйымдар; әшекейлер, тиындар

71010000-ден 71180000 қоса алғанда

Барлық атаулар

62.

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металл құймалары (шихта құймалар)

72040000

Барлық атаулар

63.

Қара металдар

72010000-ден 72290000 қоса алғанда

Барлық атаулар

64.

Қара металдардан жасалған бұйымдар

73010000-ден 73260000 қоса алғанда

Барлық атаулар

65.

Мыс және одан жасалған бұйымдар

74010000-ден 74190000 қоса алғанда

Барлық атаулар

66.

Никель және одан жасалған бұйымдар

75010000-ден 75080000 қоса алғанда

Барлық атаулар

67.

Алюминий және одан жасалған бұйымдар

76010000-ден 76160000 қоса алғанда

Барлық атаулар

68.

Қорғасын және одан жасалған бұйымдар

78010000-ден 78060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

69.

Мырыш және одан жасалған бұйымдар

79010000-ден 79070000 қоса алғанда

Барлық атаулар

70.

Қалайы және одан жасалған бұйымдар

80010000-ден 80070000 қоса алғанда

Барлық атаулар

71.

Басқа бағалы емес металдар; металл-керамика; олардан жасалған бұйымдар

81000000-ден 81120000 қоса алғанда

Барлық атаулар

72.

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық және механикалық құрылғылар; олардың бөлшектері

84010000-ден 84850000 қоса алғанда

Барлық атаулар

73.

Электр машиналары және жабдық, олардың бөлшектері; дыбыс жазушы және дыбыс жаңғыртушы аспаптар, теледидарлық бейнені және дыбыс жазу мен жаңғыртуға арналған аспаптар, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

85010000-ден 85480000 қоса алғанда

Барлық атаулар

74.

Теміржолдық немесе трамвайлық жылжымалы құрамнан басқа жерүсті көлік құралдары және олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

87010000-ден 87019090 қоса алғанда, 87020000-ден 87090000 қоса алғанда, 8711000-ден 87160000 қоса алғанда

Барлық атаулар

75.

Ұшу аппараттары, ғарыштық аппараттар және олардың бөлшектері

88010000-ден 88030000 қоса алғанда

Барлық атаулар

76.

Кемелер, қайықтар және жүзбелі конструкциялар

89000000-ден 89080000 қоса алғанда

Барлық атаулар

77.

Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, прецизиондық, медициналық және хирургиялық құралдар мен аспаптар; сағаттың барлық түрлері; музыкалық құралдар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

90010000-ден 91140000 қоса алғанда

Барлық атаулар

78.

Музыкалық құралдар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

92010000-ден 92090000 қоса алғанда

Барлық атаулар

79.

Қару, оқ-дәрі; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

93010000-ден 93070000 қоса алғанда

Барлық атаулар

80.

Жиһаз, төсек-орын жабдықтары, матрастар, матрастық негіздер, диван жастықтары және жиһаздың соған ұқсас толтырылған бұйымдары; басқа жерде аталмаған және енгізілмеген шамдар және жарықтандыру жабдықтары; жарықты маңдайшалар, аты мен атауы немесе мекен-жайы бар жарықты кестешелер және соған ұқсас бұйымдар; құрастырмалы құрылыс конструкциялары

94010000-ден 94060000 қоса алғанда

Барлық атаулар

81.

Ойыншықтар, ойындар және спорттық мүкәммал, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

95010000-ден 95080000 қоса алғанда

Барлық атаулар

82.

Үй заттары

99010000

Барлық атаулар

83.

Гуманитарлық көмек жүктері


Осы тізбеде көрсетілген жүктердің барлық атауы

84.

Шетелдік мемлекеттердің елшіліктері мен тұрақты өкілдіктерінің атына жіберілген және олар жөнелткен жүктер


Осы тізбеде көрсетілген жүктердің барлық атауы