Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 385 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6501 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен

      Республикалық мүлікті тиімді басқару және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      13-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағанда «9764» деген сандар «9755» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағанда «2972» деген сандар «2963» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана 9» деген жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов