Тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етудiң тәртiбi мен шараларын бекiту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 18-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2695

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темiр жол көлiгi туралы" Заңның 14-бабы 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, тараптардың шарттар ережелерiн орындауы және олардың мүдделерiн қорғау мақсатында бұйырамын:
      1. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi, экспедитор (бұдан әрi - шарт тараптары) арасында жасасатын тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етудiң келесi тәртiбi мен шаралары бекiтiлсiн:
      1) өзара мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тараптар таңдаған тәсiлдерi келiсiп отырған тараптармен тасымалды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттың мәтiнiнде жазбаша түрде бекiтiлуi тиiс;
      2) кепіл, банктік кепілдік, Одақтың (Қауымдастықтың) кепіл жарнасы, шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыру шарты, жүктерді алып қалу, айып төлету, кепілпұл және заңнамада немесе шарт тараптарымен көзделген өзге шаралар екі жақты келісім бойынша шарт тараптарының міндеттемелерді қамтамасыз ету шаралары болып табылады.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 222-І  бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгi комитетiмен (М.Ж.Оразбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк  тiркеуден өтуi қамтамасыз етiлсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-Министрi H.T. Байдаулетовқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Министр