Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

      6. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары -  мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
      6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі бекітілсін.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.29. N  1305  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.

      8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлігі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру мәселелерi жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, сондай-ақ экономика мен қоғамның көлiктiк және коммуникациялық қызметтерге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тиiмдi және технологиялық жағынан жаңартылған көлiк-коммуникация кешенiн құру болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi, Қатынас жолдары комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Көлiктiк бақылау комитетi.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлік өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен министрдің бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Министрлiктiң негiзгi функциялары және құқықтары

      10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) көлiк және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларын әзiрлеу;
      заңнамалық кесiмдер, заңнаманы қолдануды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша көлiк-коммуникация кешенi саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау;
      Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша көлiк-коммуникация кешенiндегi техникалық шарттарды және өзге де нормативтердi әзiрлеу және қабылдау;
      табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келiсу;
      мемлекеттiк мұқтаждықтың және экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға қажеттiлiктерiне болжамдар әзiрлеу және оларды уақытында сапалы қамтамасыз ету;
      Үкiметтiң шешiмдерi бойынша көлік-коммуникация кешенiнiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға байланысты функцияларды жүзеге асыру;
      өз құзыретiнiң шегiнде көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың және оның жұмыс iстеуiнiң маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      көлiк және коммуникация саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын салааралық үйлестiру;
      өз құзыретi шегiнде көлiк және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық ұйымдарда және шетелдiк мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникация саласындағы мүдделерiн қорғау;
      көлiк және коммуникация саласында қызметтер рыногын қалыптастыру және бәсекелестiк ортаны дамытуға жәрдемдесу;
      әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға байланысты конкурстар өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру және белгiлеу;
      өз құзыретi шегiнде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      сертификаттық талаптардан рұқсат етiлген уақытша ауытқуларды бекiту;
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.11. N  1017  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.09.22. N  900  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      11. Министрлiктiң негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) көлiк-коммуникация кешенiнiң мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасуға;
      2) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
      3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша көлiк-коммуникация кешенiнiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға;
      5) өзiнiң қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын iрiктеудi және тағайындауды жүзеге асыруға, заңнамаға сәйкес бiрiншi басшылармен келiсiм-шарттар жасасуға;
      6) Министрлiк ведомстволарының олардың мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарының күшiн жоюға және хаттарын қайтаруға;
      7) көлiк-коммуникация кешенiне жатқызылған мәселелер бойынша консультациялар жүргiзу үшiн тиiстi мамандарды тартуға;
      8) көлiк және коммуникациялық қызметтi жүзеге асыратын объектiлердi жекешелендiру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      9) мемлекеттiң көлiк және коммуникация саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етуге құқығы бар.

  3. Министрліктің мүлкі

      12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Министрлiкті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері болады.
      16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      17. Министр осы мақсатта:
      1) вице-министрлердің және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      4) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) Министрлiктiң регламентiн, құрылымын және, ведомстволарды қоспағанда құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекiтедi;
      6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктi бiлдiредi;
      7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      18. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын министр бекiтедi.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

      Ескерту. Тізбе 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.01. N  142  (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан  қараңыз), 4-тармақпен толықтырылды - 2006.05.19. N  428  (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан  қараңыз),өзгерту енгізілді - 2006.08.18.  N 782 , 2006.10.12.  982 , 2006.11.17.  1085  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi:
      1) "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында);
      2) "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында);
      3) "Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында);
      4) "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      5) Семей су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны;
      6) Шығыс-Қазақстан су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны;
      7) Павлодар су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны;
      8) Орал су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны;
      9) Атырау су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны;
      10) Iле су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны;
      11) Балқаш су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны.
      2. Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігіне иеленуге және пайдалануға берiлген акционерлiк қоғамдардың тiзбесi:
      1) алынып тасталды - 2006.10.12.  982  қаулысымен.
      2) "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ;
      3) "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ;
      4) "ҚазАвтоКөлiк" АҚ;
      5) "ҚазЖолҒЗИ" ААҚ;
      6) "Эйр Астана" ЖАҚ;
      7) "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКҚК" АҚ;
      8) "Атырау әуе жолы" ААҚ;
      9) "Kazakhstan Airlines" ААҚ;
      10) "Павлодар әуежайы" АҚ.
      3. "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттік мекемесi.
      4.  алынып тасталды

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетi туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi құзыретiнiң шегiнде автожол секторын дамыту және магистральдық темiр жол салу саласындағы iске асыру және бақылау функцияларын, сондай-ақ үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi автомобиль жолдары желiсiн дамыту және магистральдық темiр жол салу, сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жай-күйде күтiп ұстау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және бақылау болып табылады.
      Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары және мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері болады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.29. N  1305  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң негiзгi функциялары және құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      автомобиль жолдары желiсi мен темiр жол және олардағы құрылыстарды салу, күтiп ұстау және пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылды үйлестiру;
      автомобиль жолдарын дамыту және магистральдық темiр жол құрылысы саласында мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру;
      республикалық бюджет қаражаты және басқа да көздер есебiнен қаржыландырылатын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды салу, қайта жаңарту және жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы талдау;
      мемлекетаралық шарттарды және республикалық бағдарламаларды iске асыру үшiн қаржы қаражатына, материалдық және еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн талдау және негiздеу;
      мемлекетаралық шарттарды, автожолдар секторын дамыту және магистральдық темiр жолдар құрылысы бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ету үшiн қажетті өнiмдердi сатып алу және жеткiзуге арналған жұмыстар мен қызметтердi орындауға тапсырыстарды қалыптастыру және орналастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ұйымдарда жүктелген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
      автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету, олардың техникалық және көлiктiк-пайдаланымдық деңгейiн арттыру, автомобиль жолдары және темiр жол желiсiн дамыту, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
      ұсыныстар әзiрлеу және ақылы автомобиль жолдарын салу мен пайдалану туралы ұсыныстар жөнiнде қорытындылар дайындау, олардың техникалық және пайдаланымдық параметрлерiн келiсу;
      жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;
      жол қызметi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргізу және ведомстволық нормалар мен нормативтердi әзiрлеу;
      жол қызметi саласында кадрларды оқыту және даярлауды ұйымдастыру;
      өз құзыретiнiң шегiнде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауiпсiздiгi және өрт қауiпсiздiгi талаптарын қамтамасыз ету;
      өз құзыретiнiң шегiнде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      өз құзыретiнiң шегiнде реттелетiн саладағы бәсекелестiк ортаны дамытуға ықпал ету.
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау саласындағы функциялар:
      өз құзыретiнiң шегiнде автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаны қамтамасыз ету.
      11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқылы:
      1) жол саласының қызметi мен жұмыс iстеуi, олардың экономиканың басқа салаларымен өзара қатынастарын реттеудiң қағидаттары мен тетiктерiн пысықтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға;
      2) өз құзыретiнiң шегiнде автомобиль жолдары саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi халықаралық шарттарға қол қою үшiн келiссөздер мен дайындық iс-шараларын жүргiзуге;
      3) мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратуға;
      4) автомобиль жолдары саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi ұсынысты енгiзу;
      5) өз құзыретiнiң шегiнде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара мiндеттемелердiң шарттары мен сипатын белгiлеуге;
      6) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      7) автомобиль жолдарын күтiп ұстауға, жөндеу мен салуға және магистральдық темір жол салуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға;
      8) автомобиль жолдары саласындағы ведомстволық нормалар мен нормативтердi бекiтуге.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қордан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
      17. Осы мақсатта төраға:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін және мемлекеттік органдар болып табылмайтын ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларын және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрімен келісім бойынша аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің жарғыларын және аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
      7) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.29. N  1305  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Құқықтық және ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету басқармасы
      Пайдалану, жұмылдыру дайындығы, автомобиль жолдарын дамыту және темiр жол салу басқармасы
      Сыртқы қарыздар және инвестициялық жобалар басқармасы
      Сатып алу және жобалау-сметалық құжаттаманы талдау басқармасы
      Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету және техникалық саясат басқармасы
      Жоспарлау, экономикалық талдау және мониторинг басқармасы
      Қаржыландыру, бухгалтерлiк есеп және есеп беру басқармасы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгі саласындағы iске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндетi жүктер мен жолаушыларды тасымалдаған кезде темiр жол көлiгiн тиiмдi пайдалануға, магистральдық темiр жол желiсiн дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң негiзгi функциялары және құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      өз құзыретi шегiнде мемлекет экономикасы мен халықтың жүктердi және жолаушыларды темiр жолмен тасымалдаудағы қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету;
      темiр жолдарды және олардағы құрылыстарды күтiп ұстау мен пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылды үйлестiру;
      темiр жол көлiгi саласында мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру;
      темiр жол шаруашылығының жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол көлігімен экспорттық бақылауға жататын жүктердi транзиттiк тасымалдаудың мерзiмдерi мен маршруттарын келiсу;
      жүктелген өкiлеттiктер шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
      өз құзыретiнiң шегiнде магистральдық темiр жол желiсiн дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
      темiр жол көлiгiнiң қызметтер рыногын қалыптастыруға қатысу және өз құзыретi шегiнде темiр жол көлiгi саласында бәсекелестiк ортаны дамытуға ықпал ету;
      темiр жол көлiгі объектiлерi мен кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi мәселелердi шешуге қатысу;
      жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мәселелерi бойынша ұсыныстар дайындау;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      темiр жол көлiгiндегi тарифтiк саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      жаңа темiр жолдар салу туралы ұсыныстар жөнiнде қорытындылар дайындау;
      магистральдық және станциялық жолдарға кiрме жолдардың түйiсуiне рұқсаттар беру;
      жаңа темiр жол станцияларына кодтар беру;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiк болып табылатын темiр жолдар бойынша темiр жол қатынасын тоқтату;
      2) бақылау функциялары:
      өз құзыретi шегiнде магистральдық темiр жол желiсiне және бәсекелес кiрме жолы жоқ кiрме жолдардың қызметтерiне кемсiтушiлiксiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыру.
      11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқылы:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi халықаралық шарттарға қол қою үшiн келiссөздер мен дайындық ic-шараларын жүргiзуге;
      2) мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратуға;
      3) темiр жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара мiндеттемелердiң шарттары мен сипатын белгiлеуге;
      5) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгiнiң объектiлерi мен кәсiпорындарын жекешелендiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қордан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
      17. Осы мақсатта төраға:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
      7) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрлiгi
Қатынас жолдары комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Заң және ұйымдастыру жұмысы басқармасы
      Экономикалық және тарифтiк саясат басқармасы
      Темiр жол көлігінiң қызметiн реттеу басқармасы
      Темiр жол көлiгiн дамыту басқармасы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi - Комитет) iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң құзыретi шегiндегi ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттiк саясатты iске асыру және мемлекеттiк басқару, азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметiн, ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiктi бақылау болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттің негiзгi функциялары және құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      ұшу қауiпсiздiгiн және авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      король әулетiнiң адамдарын, мемлекеттер, үкiметтер басшылары мен олар басқаратын делегацияларды тасымалдауға арналған ұшуларды дайындауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi, олардың тiркелгенi туралы тиiстi куәлiктер берудi қамтамасыз ету, әуе жолдары мен әуеайлақтарының тiзiлiмiн әзiрлеу және жүргiзу;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға қарсы iс-қимыл шараларын, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң басқа да шараларын әзiрлеу және ұйымдастыру;
      азаматтық авиациядағы жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс бойынша белгiленген iс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру, мүдделi мемлекеттiк органдармен авиация тасымалдарын орындау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты, оның iшiнде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкiлеттігін жүзеге асыру, Халықаралық авиация туралы конвенцияға мүше мемлекеттердiң авиациялық билiктерi арасындағы ұшу қауiпсiздiгiн қадағалау жөнiндегі және әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын ұстап тұру жөнiндегі функциялар мен мiндеттердi беру туралы келiсiмдердi әзiрлеу және оларға қол қою, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде әуе кеңiстігін пайдалану және азаматтық авиация қызметi саласындағы халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру;
      ұшу қауiпсiздiгі мен авиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтардың есебiн жүргiзу;
      өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
      азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      2) азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды қамтамасыз ететiн функциялар:
      өз құзыретi шегiнде авиация персоналының кәсiби даярлығы деңгейiне қойылатын талаптарды, ұшу құрамын оқытуды инспекциялау бағдарламаларын, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерiнiң жекелеген санаттары үшiн айырым белгiлерiн белгiлеу;
      авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламаларын бекiту;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде азаматтық авиация әуе кемелерiн бастап (алып) жүрудi ұйымдастыру;
      киiм нысанының үлгiлерiн (погонсыз) және айырым белгілерiн, нысандық киiм кию тәртiбiн, олармен қамтамасыз ету нормаларын және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекiту;
      авиациялық персоналдың шетел мемлекеттерi берген куәлiктерiн жарамды деп тану жөнiнде қорытындылар беру;
      азаматтық авиация саласында көрсетiлетiн қызметтердi сертификаттауды ұйымдастыру мен жүргiзу және тиiстi сертификаттар беру;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша әуе жолдарын (оның iшiнде халықаралық) ашу туралы шешiм қабылдау;
      азаматтық және эксперименталдық авиацияның аттестаттауға жататын авиациялық персоналын аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу, тиiстi куәлiктердi беру және олардың мерзiмiн ұзарту;
      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша халықаралық әуе рейстерiн орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыға қатысты уақытша басқаруды енгiзу және уақытша әкiмшiлiк құру;
      азаматтық авиация ұйымдарына авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру;
      азаматтық әуе кемелерiн сертификаттауды жүргізу және олардың түрiне және (немесе) данасына сертификат беру;
      Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығы сертификаттарын берудi, ауыстыруды және олардың қолданылу мерзiмiн ұзартуды, азаматтық әуе кемелерiнiң шетел мемлекеттерi берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын жарамды деп тану жөнiнде қорытындылар берудi жүзеге асыру;
      тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру;
      тұрақты ұшулар кестесiн бекiту;
      iшкi авиабағыттарды бекiту;
      авиабағытты пайдалану шарттарын белгiлеу;
      аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналын аттестаттаудан өткiзу;
      азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кемелерiне Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшулар орындауға рұқсаттар беру;
      авиабағыттарға куәлiктер беру;
      азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығы нормаларын белгiлеу;
      әуеайлақтардың, тiкұшақ айлақтары мен ұшуларды жарық техникалық қамтамасыз ету объектiлерiнiң пайдалануға жарамдылығы нормаларын белгiлеу;
      азаматтық авиация саласындағы сертификаттық талаптарды белгілеу;
      Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегi радиосәулелену құралдарын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту, олардың жарамдылық куәлiктерiн беру;
      азаматтық авиация саласындағы еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғауды, өндiрiс санитариясын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсету тәртiбiн белгiлеу;
      Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлеу;
      әуежай қызметiн жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымдарының жұмыс тәртiбiн белгілеу;
      азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу;
      әуе кемелерiн есептен шығару тәртiбiн бекiту;
      ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы саласында ұшу қауiпсiздiгiн, авиациялық қауiпсiздiктi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлеу;
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы бортсерiктер қызметтерiнiң жұмыс тәртiбiн белгiлеу;
      Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының субъектiлерiн күзгі-қысқы (көктемгi-жазғы) кезеңдегi жұмысқа даярлау ережесiн бекiту;
      әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жүйелерiне тәуелсiз аудит жүргiзу тәртiбiн белгiлеу;
      авиациялық техниканы, әуеайлақ, тiкұшақ айлағы, әуежай, аэронавигация объектiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қолданылатын арнайы жабдықтар мен арнайы көлiктердi техникалық пайдалану және жөндеу тәртiбiн белгiлеу;
      азаматтық авиация ұйымдарында электр қондырғыларын пайдалану тәртiбiн белгiлеу;
      азаматтық авиация ұйымдарында авиаотынмен қамтамасыз ету объектiлерiн пайдалану, жағар-жанармай материалдарының есебiн жүргiзу, есеп беру және жұмсау тәртiбiн белгiлеу;
      кәсiпорындардағы әуе кемелерiнiң, авиақозғалтқыштардың және олардың жиынтықтаушы бұйымдарының ресурстары мен қызмет ету мерзiмдерiн ұзарту тәртiбiн белгiлеу;
      ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының басшы қызметкерлерiн тағайындауға келiсiм беру;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      өз құзыретi шегінде реттелетiн салада бәсекелестiк ортаны дамытуға жәрдем көрсету;
      3) азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметiн бақылауды қамтамасыз ететiн функциялар:
      әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың барлығы үшiн мiндеттi әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды реттейтiн ережелердiң, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуын бақылау;
      әуе кемелерiн пайдаланушылардың және азаматтық авиацияның өзгеде субъектiлерiнiң авиациялық персонал денсаулығының жай-күйi мәселелерi жөнiнде белгіленген талаптар мен нормаларды орындауын бақылау;
      азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын қамтамасыз етудi бақылау;
      ұшу қауiпсiздігі ережелерiнiң, авиациялық қауiпсiздiк ережелерiнiң және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын бақылау;
      халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау;
      әуеайлақ ауданындағы объектiлердiң таңбалануын жүзеге асыруды бақылау;
      әуе кемесi жай-күйiнiң пайдаланушыға берiлген ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясын заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн заңдардың, ережелер мен рәсiмдердiң сақталуын бақылау;
      ұшу қауiпсiздігі мен авиациялық техниканы қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптардың орындалуын қадағалау, авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алуға және оларды тергеуге қатысу, өз құзыретiнiң шегiнде әуе кемелерiн, әуежайларды (әуеайлақтарды) және азаматтық және эксперименталдық авиацияның басқа да ұйымдарын пайдаланушылардың, сондай-ақ авиациялық персоналдың қызметiне инспекторлық тексерулер жүргізу.
       Ескерту.   10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N  1273  қаулыcымен.
      11. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) әуе кеңiстiгiн пайдалану, әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелерi мен азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметiн реттейтiн жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қолданылып жүргендерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) азаматтық авиацияны, оларды iске асырудың ұйымдастырушылық және қаржылық тетiктерін дамыту, азаматтық авиация саласын дамытуға инвестициялар тарту үшiн шарттар мен басымдылықтарды қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) авиациялық техникаға, әуе қозғалысына қызмет көрсету құралдарына қойылатын талаптар мен техникалық шарттар жөнiнде, авиакөлік инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысын салу, оларды пайдалану мен қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, авиациялық қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiндегi еңбектi қорғау нормалары және экологиялық талаптар жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) өз құзыретi шегiнде халықаралық және шетелдiк ұйымдарда мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiруге;
      5) әуе кеңiстiгiн пайдалануды, авиациялық құтқару iс-шараларын ұйымдастыруды, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етудi жүзеге асыруға;
      6) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан қажеттi ақпаратты, құжаттарды, соның iшiнде өз функцияларын орындау үшiн қажеттi қаржылық құжаттарды сұратуға;
      7) халықаралық ұшулар үшiн әуежайлар ашу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      8) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификаттарын берудi, ауыстыруды және қолданылу мерзiмiн ұзартуды, азаматтық әуе кемелерiнiң шетел мемлекеттерi берген ұшу жарамдылығы сертификаттарын жарамды деп тану жөнiнде қорытынды берудi жүзеге асыруға;
      8-1) кәсiптiк дайындықтың талап етiлетiн деңгейiн ұстап тұру үшiн авиация техникасын пайдаланып, Комитеттiң авиация мамандарының жаттығуын ұйымдастыруға;
      9) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнiнде оларды орындау мерзiмін белгілей отырып, нұсқаулар мен инспекторлық ұйғарымдар беруге;
      10) борттық құжаттаманың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін тексеруге;
      11) авиациялық персоналдың куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақ және өзге де құжаттамаларды тексеруге;
      12) авиабағыттарды субсидиялау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      13) азаматтық авиация саласында сертификаттық зерттеуді және инспекторлық тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарына, авиациялық персоналдың қолданылып жүрген куәлiктерi бар, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн экипаж мүшелерiне, бортсерiктерге, инженерлiк-техникалық құрамға және ұшу кезiнде әуе кемесiнiң қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн персоналға ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiлгеннен кейiн халықаралық үлгiдегi сәйкестендiрiлген карточкаларды беруге;
      14) азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн реттейтiн белгiленген нормаларды, ережелердi, стандарттарды және талаптарды бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдауға, азаматтық авиация саласындағы куәлiктердi (сертификаттарды) беруге және олардың қолданылу мерзiмiн тоқтата тұруға;
      15) Қазақстан Республикасының аумағында әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін тиiстi мемлекет берген басқа мемлекеттiң пайдаланушысы сертификатын тануға;
      16) өз құзыретi шегiнде әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн реттейтiн ережелер, нұсқаулықтар және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға құқығы бар.
       Ескерту.   11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N  1273  қаулыcымен.
      12. Комитеттiң ұшуға рұқсаты бар лауазымды адамдары, белгiленген тәртiппен мамандығын көрсете отырып, әуе кемесi экипажының кабинасында болу құқығымен ұшу тапсырмасының "Тексерушiлер" бағанына, ал мұндай рұқсаты жоқтар - "Қызметтiк жолаушылар" бағанына жазу жолымен әуе кемесi эксплуатанттарының келiсiмi бойынша, бос орындар болған кезде жолаушылар салонында болу құқығымен ұшу тапсырмасына енгiзiлуi мүмкiн.
       Ескерту.   12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N  1273  қаулыcымен.

  3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi, оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      18. Осы мақсатта төраға:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi;
      4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) мемлекеттiк органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
      6) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      7) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Авиакомпаниялардың қызметiн реттеу, әуе кеңiстiгін пайдалану, экономика және қаржы басқармасы
      Әуежайлардың қызметiн реттеу, әкiмшілiк-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар басқармасы
      Ұшу қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау басқармасы (Мемавиақадағалау)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң құзыретi шегiнде, әуе көлiгiн қоспағанда, көлiк саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндетi әуе көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрлерiн қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етудi және олардың қызметiн мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде көлiктік қызметтер саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру болып табылады.
      Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң негiзгi функциялары және құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен көлiктегі қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасу;
      қозғалыс қауiпсiздігі талаптарын бұзушылықтарға мемлекеттік статистикалық есептiлiк жүргiзу, қозғалыс қауiпсiздiгiн, жолаушылар мен жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жай-күйiне мониторинг жүргiзу;
      қозғалыс қауiпсiздiгiн, жолаушылар мен жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдауды бұзудың алдын алу;
      Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде темiр жол көлiгіндегі (Қазақстан Республикасының темiр жол көлігі құралдарымен болған) қирауларды, аварияларды және қақтығыстарды тексеру;
      сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланылатын кемелердiң тiзiлiмдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi құралдарының мемлекеттiк тiзiлiмiн және кеме тiзiлiмдерiн жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авиациялықтан басқа, көлiктік қызметтер көрсету саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау;
      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге шетел мемлекеттерiнiң тасымалдаушыларына және шетел мемлекеттерiнiң аумағы бойынша жүрiп өтуге Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына рұқсаттар беру;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуiне арнайы рұқсат беру;
      автомобиль көлiгiнде қауiптi жүктi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы куәлiк беру;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шетел мемлекетiнiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен теңiз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келiсiм беру;
      сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланылатын кемелердi қоспағанда, кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, тиiстi құжаттарды беру;
      кемелердi, порттарды, жағалаулық объектілердi, кеме қатынасы гидроқұрылыстарын, жасанды аралдарды техникалық куәландыруды жүргізуді қамтамасыз ету;
      жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалануына рұқсаттар беру;
      бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердiң автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруды болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда шаралар қабылдау;
      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының айдынында кемелермен болған авариялар мен уақиғаларды тексеру, оларды жiктеу және есепке алу;
      қадағалауындағы кемелерге кемелiк құжаттар мен мемлекеттiк борттық нөмiрлер беру;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелердiң командалық құрамы тұлғаларын дипломдау, сондай-ақ теңiзшi паспорттарын беру;
      кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерге аттестаттау жүргiзу;
      кемелердiң командалық және қатардағы құрамының тұлғаларына оларды тиiстi аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкестiк куәлiктерiн беру;
      шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
      өз құзыретi шегiнде халықаралық ұйымдарда көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру.
      2) бақылау және қадағалау функциялары:
      заңды және жеке тұлғалардың әуе көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрлерiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесiмдерiн, халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және оларды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау;
      авиациялықтан басқа, көлiктiк қызметтер көрсету саласында лицензиялық ережелердiң сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау;
      сауда мақсатында теңiзде жүзуде пайдаланылатын кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды жүзеге асыру;
      теңiз кемелерiне және олардың жiктелуiне техникалық қадағалау жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      лоцмандық қызметтiң және iшкi су көлiгiндегі өзге де қызметтердiң iшкi су жолдарындағы жүзу ережелерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылау;
      өзен және шағын көлемдi кемелердi, шағын көлемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды, порттарды, жағалаулық объектiлердi, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарды жiктеу және оларға техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
      кемелердiң iшкi су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердiң, нормалардың және стандарттардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
      техникалық пайдалану ережесiнiң және кемелердегi қызмет жарғысының ұсақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
      теңiз жолдарының жай-күйiн, лоцмандық қызметтi және өзге де теңiз қызметтерiн мемлекеттiк бақылау;
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуына мемлекеттік бақылау жүргiзу;
      жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалану мерзiмiн мемлекеттiк бақылау;
      Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттік бақылау;
      Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезiнде Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылау;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының жасалуын мемлекеттiк бақылау;
      жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау саласында автокөлiк құралдарын пайдалану кезiнде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерiнiң сақталуын бақылау.
       10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.01. N  142  (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан  қараңыз),  2006.08.17.  N 774  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.
      11. Комитет негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарға құқылы:
      1) көлiк кешенiндегi қызметтi реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      2) жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұрауға;
      3) Комитеттiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
      4) Комитеттiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының Комитеттің белгіленген құзыретi шегiндегi мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарының күшін жоюға, хаттарын қайтарып алуға;
      5) әуе көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрлерiнде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, олардың заңнама ережелерiн сақтауы бөлігiндегi қызметiн тексеруге;
      6) бiлiктілiк талаптарын және лицензиялаудың белгіленген нормалары мен ережелерiн сақтауды тексеруге;
      7) өз құзыреті шегiнде тексерулердiң нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және көліктiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттар мен нормалар талаптарының анықталған бұзылуын жою туралы нұсқамалар енгiзуге;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хаттамалар жасауға, әкiмшілiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыруға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшілiк ұстауды, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды жүзеге асыруға, тұлғаның жеке басына тексерiс және жеке тұлғаның өзiндегi заттарына тексерiс жүргiзуге, көлiк құралдарына, шағын көлемдi кемелерге тексерiс жүргiзуге;
      10) мыналарды:
      құқық бұзушылық жасалған жерде не әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын жеке тұлғаның өзiндегі заттар мен құжаттарды;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектісi болған, заңды тұлғаға тиесілi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды жүзеге асыруға;
      11) жүргiзушiлердi, кеме жүргiзушілердi көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетуге және оларды мастық күйiне медициналық куәландыруға жiберуге;
      12) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесілi аумақтарға, үй-жайларға, тауарларға, өзге де мүлiкке, сондай-ақ тиiстi құжаттарға тексеру жүргiзуге;
      13) өз құзыретi шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болып табылған заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуға;
      14) шетелдiк ұйымдармен өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша сыртқы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      15) Комитеттiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшiн тиiстi мамандарды тартуға;
      16) мемлекеттiк органдарға көлiктiк уақиғалардың, көлiктi пайдалану ережесiнiң бұзылуының алдын алу жөнiндегі шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
      17) кеме жүргiзушiлердi даярлау жөнiнде курстар ұйымдастыруға, оларды аттестаттауды жүзеге асыруға;
      18) аралас (өзен-теңiз), iшкi жүзудегi кемелердiң командалық құрамында дипломдардың, куәлiктердiң және оларға куәландырулардың болуын тексеруге;
      19) кеме қатынасы мен теңiзде жүзудiң қауiпсiздiгi талаптарын бұзғаны үшiн кемелердiң командалық құрамындағы тұлғалардан дипломдарға бақылау талондарын алуға, сот шешiмi бойынша кеме жүргiзушілердi кеменi басқару құқықтарынан айыруға;
      20) жай-күйі қозғалыс қауiпсiздігінiң және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жауап бермейтiн магистралдық темiр жол тораптарының, темiр жолдардың және жылжымалы құрамның пайдаланылуын тоқтата тұруға және тоқтатуға;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарын тоқтатуға;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда автокөлiк құралдарын қарауға.

  3. Комитеттің мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құралады және құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктерден тұрады.
      13. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттің өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген шарттарда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитет және оның аумақтық органдары көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрі бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады. Бұл ретте аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындау және қызметтерден босату Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрімен келiсiм бойынша жүргізiледi;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрі бекiтетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
      4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) Комитеттiң регламентiн және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Комитеттiң аумақтық органдарының ережелерiн, құрылымын және штат кестесiн бекiтедi;
      7) Комитетті мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
      8) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      19. Комитеттiң қызметкерлері (лауазымды тұлғалары) өкіметтің өкiлдерi болып табылады, арнайы куәлiктерi және белгiленген үлгiдегi кеуде белгілерi, қызметтiк униформасы болады, қызметтік міндеттерін атқару кезiнде байланыстың арнайы техникалық құралдарын, арнайы су көлiгін және арнайы автокөлiктi пайдалануға, сондай-ақ Комитеттiң көліктік бақылау посттарында жұмыс жасау кезiнде асатаяқ, ысқырық және тоспа пайдалануға құқылы.
      20. Комитеттiң ұшуға рұқсаты бар қызметкерлерi ұшу тапсырмасына "Тексерушiлер" бағанына мамандығын көрсете отырып, ал мұндай рұқсаты жоқтар - "Қызметтік жолаушылар" бағанына әуе кемесi экипажы кабинасында болу құқығымен жазу арқылы енгізілуі мүмкiн.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Автокөлiкте және автожолдарда бақылау басқармасы
      Темiр жол көлiгінде бақылау басқармасы
      Су көлiгiнде бақылау басқармасы
      Ұйымдастыру-талдау жұмысы және лицензиялау басқармасы
      Ұйымдастыру-қаржы басқармасы
      Заң және кадр қызметi бөлiмi

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Ақмола облыстық басқармасы
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Ақтөбе облыстық басқармасы
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Алматы облыстық басқармасы
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Атырау облыстық басқармасы
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы
      6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Жамбыл облыстық басқармасы
      7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық басқармасы
      8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Қарағанды облыстық басқармасы
      9. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Қызылорда облыстық басқармасы
      10. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Қостанай облыстық басқармасы
      11. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Маңғыстау облыстық басқармасы
      12. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Павлодар облыстық басқармасы
      13. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы
      14. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы
       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.29. N  1305  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар,
Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық
органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. "Ақмола облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      2. "Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      3. "Алматы облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      4. "Атырау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      6. "Жамбыл облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесі
      7. "Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      8. "Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      9. "Қызылорда облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      10. "Қостанай облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      11. "Маңғыстау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      12. "Павлодар облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      13. "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      14. "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      15. "Астана қаласы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
      16. "Алматы қаласы бойынша көлiктік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).
      2. "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысына     
қосымша         

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.17.  1085  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      1. "Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
      2. "Мемлекеттiк авиациялық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).

       

                                    Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                     2005 жылғы 29 желтоқсандағы 
                                          N 1305 қаулысына
                                                  қосымша

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.29. N  1305  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

   Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті
        мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Р/с N

Атауы

Орналасқан жері

1

"Ақмолажолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы

2

"Ақтөбежолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы

3

"Алматыжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

4

"Атыраужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы

5

"Батысжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы

6

"Жамбылжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы

7

"Шығысжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы

8

"Қарағандыжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы

9

"Қызылордажолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы

10

"Қостанайжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы

11

"Маңғыстаужолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы

12

"Павлодаржолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы

13

"Солтүстікжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы

14

"Оңтүстікжолзертханасы" мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 1232 қаулысына     
қосымша        

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат).

      3. "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 74  қаулысының  3-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599  қаулысының  1-тармағы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 221-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 792  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 277-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шiлдедегі N 1027  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 341-құжат).

      8. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 490-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665  қаулысының  2-тармағы және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3, 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 546-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 1863  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 606-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 944  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 324-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6 және 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 388-құжат).

      13. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1596  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 540-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi N 794  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат).

      15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 шiлдедегi N 821  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 254-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 916  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 302-құжат).

      17. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 995  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 329-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1765 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 9 маусымдағы N 541  қаулысы .

      19. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 22 шілдедегi N 724  қаулысымен  бекітiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 319-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 474-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 432  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 222-құжат).

      23. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 671  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 24, 317-құжат).