Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 20 желтоқсан N 1863.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының P940298_ U973614_ кадр әлеуетін нығайту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін талдамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі ретіндегі оның мәртебесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан

 

стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына

1,75 көтеріңкі коэффициенті белгіленсін.

     2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан

стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің еңбегіне 1,75 көтеріңкі

коэффициентін қолдана отырып, ақы төлеу шығыстарын қаржыландыру институтты

ұстауға 2001 жылға және келесі жылдарға арналған республикалық бюджетте

көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

     3. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.