Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығы. 
 

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 51 қаулысымен  
бекітiлген      

Ірi көлемді және ауыр салмақты жүктерді
Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелеріне, Көлiк құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік және құқықтық актілерiне сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Ереже автокөлік құралының көлемі мен салмағын ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;
      2) ілесіп жүру автомобилі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі – әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;
      3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары);
      4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны – iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
      5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк;
      7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;
      8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;
      9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;
      10) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      11) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
      12) отандық және шетелдiк iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі – автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым;
      13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi;
      14) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      15) Арнайы рұқсат – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты (бұдан әрі – Арнайы рұқсат);
      16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Арнайы рұқсат пен оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6-1. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген ең ауыр салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
      Ескерту. Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi
беру, қарау және келiсу тәртiбi

      8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы:
      1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
      2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
      3) кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
      Шетелдік тасымалдаушы рейске шыққанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының шешімімен бекітіледі.
      Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесiн жергiлiктi атқарушы органдар көрсетеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.
      11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
      12. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:
      1) iрi көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан;
      2) iрi көлемді автокөлік құралының биiктiгi жол бетінен 4,5 метрден асқан;
      3) iрi көлемді автокөлік құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан;
      4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған;
      5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі.
      Тасымалдаудың бағыты темiр жол өтпелерiмен, жолөткелдерiмен, көпiрлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысқан жағдайларда егер:
      1) iрi көлемдi автокөлiк құралының енi 5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi автокөлiк құралының биiктiгi жол бетiнен 4,5 метрден асатын болса;
      3) iрi көлемдi автокөлiк құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса;
      4) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиiстi келісуші ұйымдармен тасымалдауды келiсу жүргiзiледi.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Келісуші ұйым мәлімделген бағытқа келісуді жүргізеді немесе мынадай мерзімдерде:
      1) жергілікті тасымалға бір жұмыс күні ішінде;
      2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында ұсынады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтiнiшінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтiнiшінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешiмiн растайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді және жүрудің басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейін күшейту жұмыстарының қажетті кешенін орындайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.
      17. Уәкілетті органға өтiнiш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәлiметтердi:
      1) ұсынылған ақпараттың толықтығы не нақтылығы;
      2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі.
      Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган немесе кеден органдары, ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал осы Ереженің 12-тармағында көзделген тасымалдау маршрутын келісу талап етілмеген жағдайларда, бір жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17-1. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
      Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) нақтылы болмаса, уәкілетті орган немесе кеден органдары өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында өтініш қабылдамағаны туралы хабарлайды.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.
      21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
      2) бұрын алынған Арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-көлемдік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған;
      3) Арнайы рұқсатты алғаннан кейін жүк жөнелтуші не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  
      23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:
      1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;
      2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері.
      3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі

      25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi органмен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен немесе Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан, автокөлік құралдарын өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде кеден органдары қозғалыс маршрутын белгілегеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі.
      Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не кеден органдары толтырады және мөрмен куәландырады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.
      27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келiсiлген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:
      1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келiсiлген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi;
      2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
      Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      28. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган немесе кеден органдары әкімшілік полицияға Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның немесе кеден органдарының хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      Облыстың, қаланың немесе ауданның әкімшілік полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын хабардар етеді.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      30. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік
құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп
өтуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi

      31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.
      Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi.
      32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.
      33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.
      34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.
      35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiнiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.
      36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.
      Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
      37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
      38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
      Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
      39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
      40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
      41. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
      3) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
      42. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
      3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
      4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;
      5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.
      44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.
      45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.
      46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.
      47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:
      1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
      2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.
      48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.
      49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
      1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
      2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
      3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
      4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
      5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
      6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
      7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
      8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
      9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
      10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
      50. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:
      1) отандық тасымалдаушы – Халыққа қызмет көрсету орталығына, портал арқылы не кеден органдарына;
      2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе кеден органдарына жүгiнуі тиіс.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Ірi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi
тасымалдайтын автокөлік құралдарының техникалық
жай-күйіне және жабдықтарына қойылатын
қосымша талаптар

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекiту құралдары қолданылады.
      52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.
      53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.
      54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
      55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.
      56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
      57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.
      58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа бiреуден) болуы қажет.
      59. Автопоезд үшін оның әрбiр буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.
      60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.
      61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегiндегi күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.
      62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес "Автопоезд" "Iрi көлемдi жүк" немесе "Ұзын өлшемдi көлiк құралы" деген тану белгiлермен белгіленедi.
      63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгіленедi.
      64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бiр немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.
      Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.
      Шамдар тәулiктiң қараңғы кезiндегi немесе жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.

6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдары арқылы жүру тәртiбiн бақылау

      65. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруін бақылауды уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы өзінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      66. Автокөлiк құралының көлемдiк өлшемдерiнің нақты мәндерiн айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегiмен, ал толық салмақ пен біліктік жүктемелер – стационарлық немесе жылжымалы үлгiдегi автомобиль таразыларының, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көмегiмен жүргiзiледi.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      67. Сызықтық өлшеу жабдығы, соның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары мен автомобильдік таразылар жарамды жай-күйде болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткені туралы сертификаты болуы тиіс.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.
      69. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      70. Егер осы Ереже талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      71. Осы Ереже бұзылған жағдайда, уәкілетті орган немесе кеден органдары Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда:
      1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін асыра отырып жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүрген және барлық жол жүру бағыты бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын төлеп, іс жүзінде жүріп өткен жолдың бөлігі үшін келісу жүргізбей осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты тасымалдаушы алғаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын тасымалдаушы төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;
      3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдiк өлшемдердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;
      4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
      5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде жалғастырылады.
      Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзiмі күнтiзбелiк он бес күннен аспауы тиіс;
      6) осы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ірi көлемді және ауыр салмақты 
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне  
1-қосымша            

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары
бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының
жүріп өтуіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ
№ _________

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      автокөлік құралының (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)
бағыты бойынша жүруіне

      1. Көлік құралының өлшемдері:

автокөлік құралының жалпы салмағы, т

жүктің салмағы, т

ұзындығы, м

ені, м

биіктігi

дөңгелек осьтерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м

жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м

      осьтер бойынша жүктеме, т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
      3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. ____________ сағ. бастап __ сағ. дейін (жылы, айы, күні) ___
км/сағ. аспайтын жылдамдықпен ______ жолдарымен жүруге рұқсат етіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

-------------------------- кесу сызығы ------------------------------

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№ __________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі, бағыт
      нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)
      5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа басқа
қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін, жүктеме түрін, оның
көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)
      6. Рұқсат берілді _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
      7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Төлем сомасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                               (жазбаша)
      8. Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан
Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:

      Негізгі тартқыштың жүргізушісі ________________________________
_____________________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., қолы)
      Жүкті шығарып салушы тұлға ____________________________________
_____________________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., қолы)
      9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның
өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Ірі көлемді және
ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің талаптарына

 
      сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

      Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен
толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).

--------------------------- кесу сызығы -----------------------------

Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№ _________

Жүріп өткен үшін алымдар есебі ______________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем сомасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                               (жазбаша)
Жүргізуші ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (Т.А.Ә., қолы, күні)
Рұқсат берген уәкілетті өкіл ________________________________________
_____________________________________________________________________
         (лауазымы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

Ірi көлемді және ауыр салмақты 
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне  
2-қосымша           

Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруiне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              (жазбаша)

      Ескерту: осы бақылау талоны ірi көлемдi және ауыр салмақты
көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруіне
арналған тиісті Арнайы рұқсатқа мiндеттi қосымша болып табылады.

                                                                теңге

1000000

100000

10000

1000

100

10

1

2000000

200000

20000

2000

200

20

2

3000000

300000

30000

3000

300

30

3

4000000

400000

40000

4000

400

40

4

5000000

500000

50000

5000

500

50

5

6000000

600000

60000

6000

600

60

6

7000000

700000

70000

7000

700

70

7

8000000

800000

80000

8000

800

80

8

9000000

900000

90000

9000

900

90

9

Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының жолдары бойынша жүруiне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алынатын алымның сомасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              (жазбаша)
Арнайы рұқсатты алдым _______________________________________________
_____________________________________________________________________
                (тасымалдаушының Т.А.Ә., қолы, күні)

      Ескерту: осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр салмақты
көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруiне
арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбіртегiне мiндеттi қосымша болып
табылады.

Ірi көлемді және ауыр салмақты 
жүктерді Қазақстан Республикасының
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру ережесіне   
3-қосымша            

___________ облысы (қаласы) бойынша
кедендік/көліктік бақылау органының
басшысына                         

Iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының
жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________ мем. нөмірi __________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _______ мем. нөмірi ________
Көлік құралының түрі ________________________________________________
Изотермиялық шанақтың болуы _________________________________________
Әуе немесе оған балама аспаның болуы ________________________________
Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, м




Ені, м




Автокөлік құралының ұзындығы, м




Толық салмағы, т




Тіркеменің толық салмағы, т




АКҚ-ның дөңгелектік өрнегi

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік










Еңістігі










Біліктердің ара қашықтығы, м










Білікке нақты жүктеме, т.с.










Білікке рұқсат етілген жүктеме, т.с.










Асқаны, %










Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы __________________________
Қосымша деректер ____________________________________________________
________________________________________________     ________________
       (тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)               (М.О. қолы)

Өтініштің берілген күнi _____________________________________________

Келісуші органның шешімi ____________________________________________
________________________________________________     ________________
              (лауазымы, Т.А.Ә.)                        (М.О. қолы)

Келісуші органның шешімi ____________________________________________
________________________________________________     ________________
              (лауазымы, Т.А.Ә.)                         (М.О. қолы)