Жол саласының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қазан N 1527. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен. 3-тармақтың 2) тармақшасының және 4-1-тармақтың қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен.(P041414).

      Қолданушылар назарына!
      Бұл қаулының күші ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен жойылған. ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен 3-тармақтың 2) тармақшасының және 4-1-тармақтың қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесiн таратуды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын соларға қатысты жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болуға;";

      2) "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 227 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 83-құжат):

      1-тармақта "1-қосымшаға сәйкес көлiк-коммуникациялар кешенi жүйесiнде, негiзiнде 674 адам санының лимитiмен" деген сөздер "1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау болып белгiленсiн.";

      көрсетiлген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртіппен:

      "Қазақавтожол" РМК-ның алдындағы 2000 жылдың қаңтар-сәуiрiндегі автомобиль жолдарын ұстау және басқару жөнiндегі орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн құралған берешектi республикалық бюджетте "Жол жүйесiн республикалық деңгейде пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаржы есебiнен өтеудi;

      Қазақстан Республикасының Үкiметiне екi айлық мерзiмде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының тiзбесiн әзiрлеудi және енгізудi;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.05. N 1809 қаулысымен , 2003.03.07. N 226 қаулысымен.
      4-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.09.2022 № 670 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық мемлекеттiк органдарын қаржыландыруды көздесiн.

      6. Осы қаулы, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 4-тармақты қоспағанда, 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 14 қазандағы
N 1527 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының
Тізбесі

      ____________________________________________________________________

      N Атауы Орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      1 Ақмола автомобиль жолдарының Көкшетау қаласы

      облыстық басқармасы

      ____________________________________________________________________

      2 Ақтөбе автомобиль жолдарының Ақтөбе қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      3 Алматы автомобиль жолдарының Алматы қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      4 Атырау автомобиль жолдарының Атырау қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      5 Шығыс Қазақстан автомобиль Өскемен қаласы

      жолдарының облыстық

      басқармасы

      ____________________________________________________________________

      6 Жамбыл автомобиль жолдарының Тараз қаласы

      облыстық басқармасы

      ____________________________________________________________________

      7 Батыс Қазақстан автомобиль Орал қаласы

      жолдарының облыстық

      басқармасы

      ____________________________________________________________________


      8 Қарағанды автомобиль жолдарының Қарағанды қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      9 Қызылорда автомобиль жолдарының Қызылорда қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      10 Қостанай автомобиль жолдарының Қостанай қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      11 Маңғыстау автомобиль жолдарының Ақтау қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      12 Павлодар автомобиль жолдарының Павлодар қаласы

      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

      13 Солтүстік Қазақстан автомобиль Петропавл қаласы

      жолдарының облыстық

      басқармасы

      ____________________________________________________________________

      14 Оңтүстік Қазақстан автомобиль Шымкент қаласы

      жолдарының облыстық

      басқармасы

      ____________________________________________________________________