Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
      5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
      6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
      10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің миссиясы көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру және жүргізу болып табылады.
      15. Министрліктің міндеттері:
      1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыруда салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) көлік және оның өміршеңдік циклі үдерістерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
      6) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
      7) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
      8) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру әрі мемлекеттік реттеу және бақылау;
      9) гендерлік теңдік қағидатын сақтау;
      10) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
      16. Министрліктің функциялары.
      Орталық аппараттың функциялары:
      1) көліктің барлық түрлерін және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын қалыптастыру және жүргізу;
      2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтаждығына болжамдар әзірлеу;
      3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      4) келісімдер мен шарттар жасау құқығымен көлiк және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республиканың мүдделерiн бiлдiру;
      5) көлік және коммуникация саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды жүзеге асыру;
      6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
      7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, көлік және коммуникация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысу;
      8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
      9) тікелей аралас тасымалдар туралы қағидаларды бекіту;
      10) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн бекіту;
      11) Жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлеу;
      12) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекіту;
      13) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын әзірлеу;
      14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу;
      15) байланыс желiлерiн салу, пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалар басшылыққа алатын ұлттық қауiпсiздiкті сақтау талаптарын бекіту;
      16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындау;
      17) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
      18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
      19) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектронды құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
      20) қолда бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшiн техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілеу;
      21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
      22) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекіту;
      23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
      24) жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін әзірлеу;
      25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын айқындау;
      26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін бекіту;
      27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау тәртібін бекіту;
      28) экспедиторлар қызметін ұсыну тәртібін айқындау;
      29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін айқындау;
      30) локомотивтік тартқыш қызметін ұсыну тәртібін айқындау;
      31) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
      32) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекіту;
      33) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекіту;
      34) Кірме жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту;
      35) Күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын бекіту;
      36) Тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
      37) жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу тәртібін айқындау;
      38) пойыздардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды айқындау;
      39) жолаушылар пойыздарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
      40) лауазымдар (кәсіптер) тiзбесiн, лауазымға (кәсіпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсіби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсіпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн белгілеу;
      41) тасымалдаушының және магистральдық темiр жол желiсi операторының қарамағындағы күзетілуге тиіс темір жол көлігі объектілерінің тізбесін бекіту;
      42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін айқындау;
      43) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша әуе трассаларының және жергілікті әуе желілерінің тізбесін бекіту;
      44) азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;
      45) Азаматтық авиацияның авиация персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын бекіту;
      46) Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидаларын бекіту;
      47) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту;
      48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту;
      49) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуемен тасымалдауларды жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлудi конкурстық негiзде жүргiзу;
      50) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      51) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын бекіту;
      52) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту;
      53) азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптарды бекіту;
      54) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілер персоналы санының үлгі нормативтерін бекіту;
      55) әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге біліктілік талаптарын бекіту;
      56) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілердің шикізат пен материалдар шығындарының, техникалық шығындарының үлгі нормаларын бекіту;
      57) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
      58) Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын бекіту;
      59) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекіту;
      60) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша халықаралық ұшуларға қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкімшілікті қалыптастыру;
      61) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбелерін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      62) азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тiркелетін танылым және қосымша белгілерін салу қағидаларын және көрсетілген белгілердің сипаттамасын бекіту;
      63) Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      64) Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындық қағидаларын бекіту;
      65) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекіту;
      66) азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту;
      67) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекіту;
      68) Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту;
      69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      70) теңіз портының капитанын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату;
      71) Мемлекеттік кеме тізілімінің, Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын бекіту;
      72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту;
      73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемдерінің тізбесін бекіту;
      74) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды әзірлеу;
      75) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртібін бекіту;
      76) ішкі су жолдары мен шлюздердің кеме жүретін жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
      77) Ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болатын көліктік оқиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу қағидаларын әзірлеу;
      78) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешім қабылдау;
      79) кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін әзірлеу;
      80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
      81) кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын бекіту;
      82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды әзірлеу;
      83) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
      84) сатылатын жүктерді есепке алу және олар үшін есеп айырысу тәртібін әзірлеу;
      85) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидаларын әзірлеу;
      86) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидаларын әзірлеу;
      87) нысанды киім (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киім (погонсыз) киiп жүру тәртібін бекіту;
      88) кеме атауын беру және өзгерту тәртібін белгілеу;
      89) белгі беру дабылын және спутниктік байланыстағы кеме станциясының сәйкестендіру нөмірін беру тәртібін айқындау;
      90) Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      91) Кемелермен болған апаттық жағдайларды тергеу қағидаларын әзірлеу;
      92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілеу;
      93) тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілеу;
      94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру тәртібін бекіту;
      95) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру, оның жұмыс істеу сапасын, қолжетімділігін және орнықтылығын арттыру;
      96) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      97) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
      98) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру;
      99) Қазақстан Республикасының пошта әкімшілігі ретінде басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың пошта әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасауда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктері шегінде пошта байланысы саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
      100) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      101) ақпараттандыру саласында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
      102) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
      103) ақпараттандыру саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
      104) электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасау;
      105) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
      106) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
      107) «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамытуды, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      108) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеу және бекіту;
      109) Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      110) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      111) ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      112) телекоммуникацияның бірыңғай желісін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау;
      113) пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берілген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін бекіту;
      114) Радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      115) Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу;
      116) қорғау аймақтарын белгілеу және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлеу;
      117) пошталық ақы төлеу белгілерінің мемлекеттік топтамасын қалыптастыру;
      118) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының өндірістік объектілеріне пошталық индекстер беруді жүзеге асыру;
      119) Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу;
      120) пошта желілерімен жөнелту шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу;
      121) пошта жөнелтімдеріндегі пошталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлеу;
      122) Ұлттық пошта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін, олармен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
      123) франкирлеу машиналарын қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін айқындау;
      124) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
      125) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жарты жылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру;
      126) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      127) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асыру;
      128) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған нормативтік шығындарды әзірлеу және бекіту;
      129) электрондық мемлекеттік қызметтердің үлгі регламентін әзірлеу;
      130) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
      131) тіркеу орындарын айқындау, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      132) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
      133) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
      134) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлеу;
      135) Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу;
      136) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      137) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
      138) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;
      139) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
      140) Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекiту;
      141) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын бекіту;
      142) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекiту;
      143) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
      144) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізу;
      145) Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде олардың Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы куәлік беру;
      146) Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
      147) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
      148) пойыздардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      149) Жүк және жолаушылар вагондары мен тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;
      150) Темір жол өтпелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
      151) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;
      152) жолаушыларды, багажды, жүк багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
      153) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
      154) пойыздар қозғалысына байланысты терминдерді бекіту;
      155) авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      156) авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарын авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту;
      157) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асыру;
      158) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында өкілдік етуін жүзеге асыру;
      159) азаматтық авиация саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
      160) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйымдарды азаматтық авиация саласында сертификаттауға, инспекциялық тексеруге тартудың тәртібі мен шарттарын айқындайтын қағидаларды бекіту;
      161) Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидаларын бекіту;
      162) әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
      163) Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердiң iшкi су жолдарымен жүзу жағдайларын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      164) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидаларын бекіту;
      165) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын бекіту;
      166) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидаларын бекіту;
      167) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағидаларды бекіту;
      168) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды бекіту;
      169) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидаларын бекіту;
      170) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
      171) кемелердің, порттардың, жағалаудағы объектiлердiң, кеме жүзетін гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңіздегі басқа да құрылыстардың куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету;
      172) Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
      173) теңiз жолдарының навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақтағы құрылысты келісу;
      174) кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамының танылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      175) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;
      176) Теңiз кемелерiн сыныптау және жасау қағидаларын бекіту;
      177) Теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы қағидаларды бекіту;
      178) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу;
      179) Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын бекіту;
      180) кемелерді лоцмандық алып өтудің мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлеу және мұндай аудандар туралы ақпаратты теңіз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей етіп жеткiзу;
      181) Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      182) байланыс қызметтерi нарығының жұмыс iстеуi үшiн өз құзыретi шегiнде жағдайлар жасау;
      183) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
      184) пошта ақысы мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерiн және шығарылу көлемiн бекiту;
      185) байланыс саласындағы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу;
      186) Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу қағидаларын бекiту;
      187) радиожиiлiк спектрiн перспективалы пайдаланудың жоспарларын бекіту;
      188) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығына рұқсат беру құжаттарын беру;
      189) бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, радиожиiлiк спектрiн пайдалануға берiлген рұқсатты алып қою тәртібін бекіту;
      190) нөмiрлеудiң бөлінген және резервтік ресурстарының тiзiлiмiн жүргізу;
      191) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін айқындау;
      192) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтер нарықтарында басым жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметтеріне бағаларды реттеу;
      193) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу;
      194) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
      195) мемлекеттік техникалық қызметтің жұмысын үйлестіру;
      196) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      197) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      198) телерадио хабарларын тарату саласында нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын, телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту;
      199) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын әзірлеу;
      200) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      201) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекіту;
      202) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
      203) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
      204) теңіз порты акваториясының шекараларын айқындау;
      205) көлік және коммуникация кешенінде кадрлар қажеттігін айқындау;
      206) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу;
      4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық, облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;
      6) ауыр салмақты және ірі өлшемді көлік құралдарының (шетелдікін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;
      7) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      8) магистральдық байланыс желілерін басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншiгiндегi байланыс желiлерiнің қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүріп өтуге қосымша рұқсат беру;
      10) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының келісімі бойынша жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық тұрақты автомобиль тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiту;
      11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісуді жүзеге асыру;
      12) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кiруiн тіркеу;
      13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;
      14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру;
      15) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу;
      16) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін келісу;
      17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу;
      18) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруды келісу;
      19) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
      20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      21) мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
      22) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылдау;
      23) темір жол көлігінде пайдаланылатын бірыңғай есепке алу-есеп беру уақытын белгілеу;
      24) жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
      25) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
      26) тұрақты ұшулар кестесін бекіту;
      27) сертификаттауды және үлгілік сертификатын беруді жүзеге асыру;
      28) халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарын беру;
      29) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру;
      30) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
      31) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттауды және оның жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
      32) сериялық өндіріске арналған жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесі зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін оған үлгі сертификатын беру;
      33) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (бір жолғы) ұшуына рұқсат беру;
      34) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асыру;
      35) авиациялық персоналға жататын тұлғаның қажетті білімі мен дағдыларының болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына авиация персоналының куәлігін беру, қайтарып алу, мұндай куәліктің қолданысын тоқтата тұру;
      36) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру;
      37) құзыретті орган әуе кемесін ұшуға жарамды деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда әуе кемесінің ұшуына рұқсат беру;
      38) ішкі әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға келісу;
      39) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiктi беру;
      40) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;
      41) халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру;
      42) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      43) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына сертификаттауды жүзеге асыру;
      44) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар беруден бас тарту, қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтата тұру;
      45) шетел мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлiгін не тиісті куәлікті бере отырып, жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлігін тану;
      46) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
      47) сертификаттауды және азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
      48) азаматтық әуе кемелерiмен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;
      49) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат ету;
      50) егер әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқу белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, мұндай ауытқуларға келісу;
      51) авиация персоналына жататын тұлғалардың «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      52) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану;
      53) тасымалдаушылардың магистральды темiржол желiсiнiң қызмет көрсетулерiне кемсiтусіз қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
      54) шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына келісу;
      55) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерді не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiк пен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
      56) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру;
      57) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша хаттамалар толтыру, iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      58) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасау және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда, оларды жою туралы ұйғарымдар енгiзу;
      59) кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) мемлекеттiк тiркеу және тиiстi құжаттар беру;
      60) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беруді жүзеге асыру;
      61) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа да тұлғалардың бәсекелес кiрме жолдары жоқ кiрме жолдардың қызметтеріне кемсiтусіз қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
      62) кемелердiң сыныпталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      63) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
      64) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру;
      65) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлігінде қызметін тексеру;
      66) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;
      67) авариялық жағдайларды және көлік оқиғаларын, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
      68) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беру;
      69) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру;
      70) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;
      71) бербоут-чартер шартымен жалға алынған шет мемлекеттің кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру;
      72) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
      73) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
      74) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
      75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бланк өнімін өткізу қызметтері үшін бюджет кірісіне түсетін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
      76) шағын кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
      77) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
      78) көліктің жұмыс істеу тәртібін, олардың бұзушылықтарын анықтауды және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      79) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      80) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      81) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде сапаны талап ететін жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      82) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
      83) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеу, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беру;
      84) автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      85) халықаралық және облысаралық қатынаста жолаушылардың тұрақты автомобиль тасымалына рұқсаттың болуын тексеруді және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобильдер тасымалы кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушылар тізімінің болуын бақылауды жүзеге асыру;
      86) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
      87) шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
      88) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      89) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      90) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
      91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      92) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және тынығу режимiн сақтауы, оның iшiнде тахографтармен жабдықталуға тиіс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тасымал түрлерiн жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
      93) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
      94) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      95) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      96) автокөлік құралын жарақтандырудың, автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      97) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекеттер тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      98) қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі жауап бермейтін магистральдық темір жол объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
      99) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
      100) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      101) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      102) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
      103) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
      104) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелермен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      105) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      106) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      107) азаматтық, эксперименттік авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және азаматтық және эксперименттік авиацияның өзге де қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      108) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүзеге асыру;
      109) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      110) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      111) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру;
      112) басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      113) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      114) әуеайлақ (тікұшақ айлақ) объектілерінің, қону алаңқайларының күтіп-ұсталуын және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 1)-7)9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметінің сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      115) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      116) халықаралық әуе тасымалдарын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      117) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      118) азаматтық әуе кемесі данасы конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру;
      119) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндiруі мүмкін қызметті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      120) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      121) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асыру;
      122) ішкі су жолдарында орналасқан кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдардың және өзге де жүзу объектілері мен құрылыстардың кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
      123) кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын тергеуді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу;
      124) алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан мас күйдегі шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық тексеруге жіберу;
      125) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;
      126) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тергеуді және есепке алуды бақылауды жүзеге асыру;
      127) жеке және заңды тұлғалардың ішкi су жолдарында жүзу қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      128) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      129) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      130) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
      131) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      132) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      133) кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;
      134) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу құрылыстарының қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
      135) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз кемелерінде және шағын көлемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
      136) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
      137) шетелдік сыныптау қоғамдарының немесе Кеме қатынасы тіркелімінің теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуді және олардың сыныпталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      138) қысқы тұрақта тұратын, пайдаланудағы теңіз кемелеріне уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің байқау жүргізуін бақылауды жүзеге асыру;
      139) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру;
      141) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
      142) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
      143) Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы, сондай-ақ тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейінгі қатынастағы тасымалдарды және тіркеп сүйреуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      144) ішкi су көлiгiн, соның iшiнде шағын көлемді флотты пайдалану қауiпсiздiгін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      145) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылауды жүзеге асыру;
      146) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру;
      147) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнiндегі шараларды қабылдау;
      148) өз құзыретінің шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарымдар енгізу;
      149) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
      150) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      151) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) бекіту;
      152) азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру;
      153) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
      154) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
      155) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      156) міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
      157) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
      158) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту;
      159) телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі аясындағы табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау;
      160) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеу;
      161) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды шарттық негізде беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
      162) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
      163) телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметтері саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифті (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту;
      164) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
      165) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
      166) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;
      167) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
      168) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
      169) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
      170) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
      171) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
      172) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
      173) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
      174) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
      175) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      176) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын әзірлеу және бекіту;
      177) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      178) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
      179) депозитарий жүргізуді тексеру;
      180) ақпараттандыру саласындағы және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;
      181) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау;
      182) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингісін жүзеге асыру;
      183) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргiзу;
      184) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу;
      185) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
      186) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларын техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;
      187) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;
      188) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
      189) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      190) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
      191) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
      192) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу;
      193) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау мәніне ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      194) ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
      195) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      196) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      197) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
      198) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
      199) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
      200) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану;
      201) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электронды ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;
      202) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      203) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде беру;
      204) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың мемлекеттік стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      205) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      206) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      207) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), бірлесе пайдалану және бірлесіп орналасу әуеайлақтарын есепке алуды жүзеге асыру;
      208) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулер ұйымдастыру жөніндегі сертификатын беру;
      209) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру;
      210) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру;
      211) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларын келісу;
      212) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу;
      213) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
      214) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыру, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      215) тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;
      216) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
      217) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөнiндегi iс-шараларға қатысу;
      218) үкiметтiк байланыс желiлерiн қоспағанда, байланыс құрылыстары, телекоммуникация желiлерi құрылысының жоспарларын келiсуге және пайдалану үшін қабылдауға қатысу;
      219) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
      220) пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
      221) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Министрліктің:
      1) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға;
      2) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нұсқаулар беруге және нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін актілердің күшін тоқтатуға немесе оларды өзгерту туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
      5) өз құзыреті шегінде сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін сараптама және консультациялар өткізу үшін тартуға;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікке иелік етуді және пайдалануды жүзеге асыруға;
      7) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуға;
      8) мемлекеттік кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта құру, тарату және атауын өзгерту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      9) өз құзыреті шегінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа мекеме ұйымдарында және шетелдік мемлекеттерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
      10) өз құзыреті шегінде көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу үшін әзірлеуге;
      11) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Министрліктің міндеттеріне:
      1) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ресми сұрау салу жағдайында өз құзыреті шеңберінде және заңнаманың шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
      3) Министрлік қызметкерлерінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
      4) мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы басшылыққа немесе құқық қорғау органдарының назарына жеткізу;
      5) Министрліктің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау жатады.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі жүзеге асырады.
      19. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің өкілеттігі:
      1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
      2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      3) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік ету;
      5) өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Министр өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің мүлкі

      24. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін
қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

Мемлекеттік кәсіпорындар

      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдар комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Семей су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Павлодар су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Орал су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Атырау су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Іле су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Балқаш су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Акционерлік қоғамдар

      1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.
      2. «ҚазАвтоКөлік» акционерлік қоғамы.
      3. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.
      4. «Қорқыт ата әуежайы» акционерлік қоғамы.
      5. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы.
      6. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.
      7. «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      2. «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      14. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
      15. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      16. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      17. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      18. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      19. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      20. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      21. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      22. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      23. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      24. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      25. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      26. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      27. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      28. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      29. «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Ақтөбе қаласында.
      30. «Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Павлодар қаласында.
      31. «Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Талдықорған қаласында.
      32. «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Атырау қаласында.
      33. «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Шымкент қаласында.
      34. «Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Көкшетау қаласында.
      35. «Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі – Қарағанды қаласында.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік
мекемелердің
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақмолажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақтөбежолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Алматыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Атыраужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Батысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жамбылжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Шығысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қарағандыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қызылордажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қостанайжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстаужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Павлодаржолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Солтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      14. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Оңтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      15. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
Қатынас жолдары комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi
туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi
туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық
органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2005 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1305 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат).
      3. "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 74 қаулысының 3-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысының 1-тармағы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 221-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 792 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 277-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шiлдедегі N 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 341-құжат).
      8. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 490-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысының 2-тармағы және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3, 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 546-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 1863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 606-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 944 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 324-құжат).
      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6 және 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 388-құжат).
      13. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1596 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 540-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi N 794 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат).
      15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 шiлдедегi N 821 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 254-құжат).
      16. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 916 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 302-құжат).
      17. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 995 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 329-құжат).
      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1765 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 9 маусымдағы N 541 қаулысы.
      19. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 22 шілдедегi N 724 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат).
      20. "Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 319-құжат).
      21. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 474-құжат).
      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 432 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 222-құжат).
      23. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 24, 317-құжат).