"Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қаңтар N 74

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ақпарат және сынақ орталығы) құрылсын.
      2. Ақпарат және сынақ орталығы штат санының лимиті 8 бірлікте белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ақпарат және сынақ орталығының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі үшін көзделген қаржының есебінен белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

 

агенттігі (келісім бойынша) Ақпарат және сынақ орталығының жарғысы мен

құрылымын бекітсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындаған өзге де шараларды

қабылдасын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.